ҚЫЛМЫСТЫҢ ЗАТЫ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 1
1 ҚЫЛМЫСТЫҢ ЗАТЫ 3
2 ҚЫЛМЫСТЫҢ ҰҒЫМЫ 4
3 ҚОҒАМҒА ҚАУІПТІ ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІ 6
4 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАРДАПТЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ 10
5 ҚЫЛМЫСТЫҢ – ҚОҒАМҒА ҚАУІПТІЛІГІ 12
6 ҚОҒАМҒА ҚАУІПТІЛІКТІҢ САПАЛЫҚ ЖӘНЕ САНДЫҚ ЖАҚТАРЫ 15
7 ҚОҒАМҒА ҚАУІПТІЛІКТІҢ САНКЦИЯ БОЙЫНША АНЫҚТАЛУЫ 17
ҚОРЫТЫНДЫ 18
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 18

КІРІСПЕ

Қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі адам, қоғам, мемлекет
мүддесін қорғау болып табылады. Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінде ескі
кодекске қарағанда көптеген қылмыстық құқықтық түсініктердің
институттардың жаңа ұғымы берілген. Осындай ерекшеліктерге баса мән
беріле отырып, олардың мазмұны түбегейлі ашып көрсетілген. Жалпы алғанда,
осы Қылмыстық құқықтың мақсаты адамдарға қылмыстық заң
қылмыстық құқықтың жалпы ережелері мен принцептері, оның негізгі
ұғымдары мен институттары, қылмыстық заңдардың міндеттері жөнінде,
қылмыстық заңның мезгілге, және кеңістікке қарай қолданылуы, қылмыстың
түсінігі және іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын
жоятын мән-жайлар туралы, қылмыс істеудің сатылары және оны істеуден өз
еркімен бас тарту, қылмысқа қатысу және оған жанасушылық,
қылмыстық жазаның түсінігі, оның жүйелері мен түрлері, қылмыстық жазаны
орындау туралы толық түсінік беру болып табылады. Қылмыс қоғамға
қауіпті болғандықтан заңгерлер жеке адамдардың әрекетінде немесе
әрекетсіздігінде қылмыстың нақты құрамының барын анықтауды, қылмысты
дұрыс саралаудың, іс-әрекетте құқыққа қайшы және қоғамға зиянды мән
жайлардың бар немесе жоқ екендігін дұрыс белгілеуді. Кінәліге жаза
тағайындауды қолданып жүрген қылмыстық заңға сәйкес қолдануды. Бұл жерде
іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің мәнін және дәрежесін, кінәлінің жеке
тұлғасын, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән жайларды ескере
отырып қолдануды, сол сияқты адамды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан
босатудың заңда көрсетілген негіздері мен шарттарын нақты, терең
түсіндіріп үйрету тиіс. Мен осы курстық жұмысты әзірлеу барысында
өзімнің алдыма қойған мақсатым, қылмыстың түсінігін ашу, белгілерін
сипаттау, қоғамға қауіптілігін дәлелдеу.

1 ҚЫЛМЫСТЫҢ ЗАТЫ

Қылмыстың қоғамға қауіптілігін білу үшін, ең алдымен қылмыстың затын
білуіміз керек. Қылмыстың заты қылмыс құрамының факультативті белгісі
болып табылады. Дегенмен де, қылмыстың объектісінен оның затын ажырата
білген жөн. Өйткені біршама қылмыстар оның затына, бұйымына әсер етумен
байланысты болады. Қылмыстың затына әсер ету арқылы қылмыскер оны
бүлдіру, жоюы немесе оның жағдайын өзгертуі мүмкін. Мысалы, диверсия
жасағанда әр түрлі құрылыстар, кәсіпорындар жойылуы мүмкін, ұрлықта зат
меншік иесінің иелігінен қылмыскердің иелігіне өтуі мүмкін. Қылмыс жасау
барысында қылмыскердің тікелей әсер етуіне тап болатын материалдық
заттар, бұйымдар қылмыстың заты болып танылады. Қылмыстың затын оның
объектісі қоғамдық қатынастар, ал қылмыстың заты сыртқы дүниедегі
материалдық нәрселер, қылмыскер соған әсер ету арқылы тиісті объектіге
қол сұғуды жүзеге асырады, яғни қоғамдық қатынастарды бұзады. Мысалы,
біреудің көлігін ұрлауда қылмыстың заты болып, көліктің өзі болады, ал
объектісі болып соған меншіктік құқығы саналады.

2 ҚЫЛМЫСТЫҢ ҰҒЫМЫ

Қылмыстық құқықтағы негізгі мәселелердің бірі қылмыстың ұғымын анықтау
болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының
қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы
мәселеде қылмыстық құқықтық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды
реттеу – қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Қылмыс әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттің көрінісі болып табылады.
Заң шығарушы осындай тұжырымдарға келе отырып, қылмыстың әр уақытта да
адамның нақты іс әрекетінің, мінез құлқының сыртқа шыққан көрінісі екенін
атап көрсетеді.
Адамның құқыққа қайшы мінез құлқы белсенді әрекет күйінде немесе
әрекетсіздік күйде болуы мүмкін. Бұл жерде әрекет дегеніміз адамның
қылмыстық заң тыйым салған әр-түрлі нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік
дегеніміз адамның заң, нормативтік актілер, нұсқаулар немесе арнаулы
жарлықтар, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы болып
табылады. Адамның қылмысқа қайшы немесе оған қайшы емес мінез құлқы оның
ойлау жүйелері арқылы, содан соң белгілі іс-әрекеттер арқылы көрініс
береді. Ондай нақты іс-әрекеттер арқылы көрініс таппаған жүзеге аспаған
ойлар, пікірлер соншалықты қатерлі болғанына қарамастан, қылмыс болып
табылмайды. Белгілі бір іс-әрекет арқылы жүзеге асырылмаған адамның ниет
мақсаттары қоғамға қауіп туғызбайтындықтан қылмыстық құқық реттеу
саласына жатпайды. Қылмыстық құқық ғылымында бұл мәселе туралы бір
ауыздан осылай тұжырым жасалған.
Қылмыс құқық құбылыс ретінде осы құбылыстың мәнді жақтарын
бейнелейтін белгілі бір белгілермен сипатталады. Қолданылып жүрген
қылмыстық заңға сәйкес қылмыстың түсінігі заңның өзінде көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің тиісті
баптарының диспозицияларында жекеленген қылмыс құрамдары арнаулы
көрсетілген. Қылмыстық құқықта қылмыстың осы нақты құрамдарына осы қарсы
іс-әрекет істеуді құқыққа қайшылық деп атау қалыптасқан. 1960 жылға
дейінгі қолданылған Қылмыстық кодекстерде ұқсастығы бойынша яғни,
қылмыстық заң нормасында әдейі көрсетілмеген іс-әрекеттерге де сонда
көрсетілген соған ұқсас, жақын нормаларды қолдануға жол берілген еді.
Мұның өзі заңды бұзуға және осы мәселеде бейберекетсіздікке кетушілікке
әкеліп соқтырды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жаңа
Конституциясында, осыған орай жаңа Қылмыстық кодексте қылмыстық заңды
ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді делінген. Адамның қылмыстық
құқылық норма тиым салған іс-әрекеттерді істеуін қылмыстық құқыққа
қайшылық деп атаймыз. Адамның қылмыстық заң тиым салмаған, осы заңда
көрсетілмеген іс-әрекеттерді істеуін қылмыс қатарына жатқызуға болмайды.
Тек заң шығарушы ғана белгілі бір іс әрекетті қылмыс қатарына жатқызуға
мүмкіндік беретін оның мәнді белгілерін анықтайды. Қылмыстық құқыққа
қайшылықтың міндетті белгісі болып осы заңда көрсетілген іс-әрекетті
істеген жағдайда нақты нормада көрсетілген қылмыстық құқылық санкция
белгілеген жазаның белгілі бір түрінің тағайындалуы болып табылады. Іс-
әрекетттің қылмыстық құқыққа қайшылығын белгілеген тиісті заңның
жарияланған уақытынан бастап ондай іс-әрекеттер қылмыс қатарына жатады.
Мұндай ретте мемлекет осындай іс-әрекеттермен қылмыстық құқылық
нормалар арқылы күрес жүргізуге мүмкіндік алады. Керісінше, белгіленген
тәртіппен күші жойылған қылмыстық құқылық норма қылмыс қатарына
шығарылады. Ондай іс-әрекеттер қылмыс деп саналмайды. Мысалы: елімізде
нарықтық қатынастардың дамуына байланысты Қылмыстық кодекстен
алыпсатарлық деген қылмыс құрамы қатарынан алынып тасталды. Бұрын қылмыс
қатарында жоқ жалған банкроттық, табысты жасыру, салық төлемегені үшін
қылмыстық жауаптылықты белгілейтін көптеген жаңа нормалар пайда болды.

3 ҚОҒАМҒА ҚАУІПТІ ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІ

Іс-әрекет кез келген қылмыстың объективтік жағының қажетті белгісі
болып табылады.
Қоғамға қауіпті іс-әрекет бұл адамның құқыққа қайшы, саналады,
белсенді немесе енжар түрде қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін мінез-
құлқының сыртқы көрінісі болып табылады.
Кез келген қылмыстық іс-әрекет объективтік тұрғыдан алғанда қоғамға
қауіпті. Оның қауіптілігі құқық қорғайтын қоғамдық қатынастарға қиянатпен
қол сұғу арқылы немесе қол сұғу қаупін туғызу арқылы көрінеді. Іс-
әрекеттің қоғамға қауіптілігінің дәрежесін ең алдымен келтірілген зиянның
мөлшері, қол сұғылатын объектінің құндылығы арқылы анықталады.
Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің міндетті белгілерінің бірі оның
құқықа қайшылығы болып табылады. Мұндай белгінің болуы азаматтарды заңсыз
қылмыстық жауапқа тартуға жол бермеуінің кепілі болады және
заңдылықтың қатаң сақталуын қамтамасыз етеді.
Адамның өзінің еркіне байланысты емес, одан тыс жағдайда
тойтарылмайтын күштер (күш қолдану мен қорқыту) арқылы қоғамға зиянды
залал келтірілсе, онда қылмыстық-құқылық іс-әрекеттер іс-әрекеттер туралы
сөз болуы мүмкін емес.
Тойтарылмайтын күш, күш қолдану және қорқытып зорлаудың түсінігі
қылмыстық заңда көрсетілмеген.
Тойтарылмайтын күшке – табиғат апатының, хайуанаттар, есі ауысқан
адамдар мен дүлей күштің әсерінен адамның өз ойы, еркі арқылы белгілі
бір іс әрекетті істеу мүмкіндігінен айырылуы жатады. Мысалы: дәрігер
ауру адамға аяқ астынан су тасқыны болып кетуіне байланысты, дер кезінде
барып көмек бере алмайды. Сондай-ақ, ормандағы өртті сөндіру мақсатымен
орман ағашын кесу арқылы өрттің жолын бөгеу де қылмыс болып саналмайды.
Бір адамның екінші бір адамға күш қолдану нәтижесінде оның мүлдем өз
еркінен тыс жағдайда қауіпті іс-әрекетті істеуі қылмыс болып табылмайды.
Мысалы: таяқ жеп, жан тәсілім алдында аман қалған, қол аяғы байланған
күзетшіні қылмыскерге қарсыласпадың деп кінәлаудың реті жоқ. Аталған
жағдайлардағы тойтарылмайтын күш немесе күш қолдану арқылы мәжбүр ету
қылмыстық жауаптылықты жоятын жағдайлар деп есептелінеді.
Белгілі бір іс-әрекетті істеу немесе істемеу күш қолданамын,
материалдық немесе моральдық зиян келтіремін деп қорқытып мәжбүрлеу
арқылы да жүзеге асырылады. Кейбір реттерде қорқыту арқылы мәжбүрлеу
адамның еркін бірден тойтарып, жоққа шығармайды. Мұндай күйге ұшыраған
адам өз қалауы, еркі бойынша әрекет істеу мүмкіндігіне біршама ие болады.
Сондықтан да мұндай күйдге душар болғандар шын мәніндегі аса (мәжбүрлік)
жағдайында болмаса, әдетте қылмыстық жауапқа тартылады. Мысалы: кассир
сейфтегі өзіне тікелей мылтық көздеп тұрған бандитке беруге мәжбүр
болады. Бұл жерде адам өмірі ақшадан қымбат. Кассир аса қажеттілік
жағдайында яғни, нақты қорқыту салдарынан өз еріне байланысты емес іс-
әрекетті істеуге мәжбүр болып отыр. Кейбір жағдайларда басқа адамның
гипнозы арқылы адам өз еркінен тыс іс-әрекеттерге жол беруі мүмкін.
Сондықтан да мұндайда адам еркінен тыс істелген іс-әрекеттің қылмыстық-
құқылық мәні болмайды. Өйткені, гипноз қорқытып, мәжбүрлеудің ерекше
нысаны, бұған душар болғандар өзінің қоғамға қауіпті, заңға қайшы іс-
әрекетін өз еркінен, сана сезімінен тысқары жағдайда істейді. Қоғамға
қауіпті іс-әрекет екі түрлі нысанда жүзеге асырылады. Оның біріншісі,
әрекет – мінез-құлқының белсенді нысаны, екіншісі, әрекетсіздік – мінез
құлқының енжарлық нысаны.
Қылмыстық заңда көрсетілген қылмыстардың басым көпшілігі әрекет
нысанында жүзеге асырылады. Ал кейбір жекеленген қылмыстар белсенді
әрекет үйінде де немесе әрекетсіздік (енжарлық) күйде де естілуі
мүмкін. Қылмыстық құқықтық әрекеткөп жағдайларда адамдарға, жануарларға
немесе басқа да материалдық игіліктерге күш қолдану нысанымен әсер
ету арқылы жүзеге асырылады. Мысалы: Жеке адамдарға қарсы қылмыстарды
(кісі өлтіру, денеге жарақат салу, жыныстық қылмыстар, бас
бостандығынан айыру) т.б. меншікке қарсы қылмыстар (ұрлық, тонау,
қарақшылық), террорлық акт, бандитизм, тағы басқалар. Қылмыстық-құқылық
әрекет жазбаша түрде де істеледі. Мысалы: Қызметтік жалғандық жасауды
алайық. Бұл қылмыстың объективтік жағы лауазымды адамның мемлекеттік
қызметшінің пайда қорлық немесе өзге жеке мүдделілікпен ресми құжатты
өзгертіп қолдан жасаған құжаттар беруі болып табылады. (314-бап) немесе
құқықтар беретін немесе міндеттерден босататын куәлікті немесе өзге
де ресми құжатты қолдан жасау, дайындау немесе сату (325-бап).
Адамдардың өзіне жүктелген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс заты мен қылмыс құралының айырмашылығы
Қылмыстың заты бойынша квалификациялау
Қылмыстық құқық объектісінің түрлері
Қылмыс объектісінің түрлері
Қылмыс заты
Қылмыс жайында
Қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілері
Қылмыс құрамының ұғымы
Қылмыс құрамы, қылмыс құрамының белгілері
Қылмыстық құқытағы маңызы
Пәндер