Бұрынғы кеңестік жүйеде қылмыстың ұғымы алғаш рет 1919 жылы РСФСР - дың
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Қылмыстың ұғымы 3
Қылмыстың басқа құқық бұзушылықтан және бейморальдық жат қылықтардан
(әкімшілік, азаматтық бұзушылықтар) айырмашылығы. 16
Қылмыс санаттары 21
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер 25
Кіріспе
Бүгінгі таңда біздің мемлекет тәуелсіздік туын ұстап, егемен ел болды.
Сондықтан кез келген тәуелсіз мемлекет сияқты біздің мемлекеттің өз
мемлекеттік рәміздері, дербес территориясы мен шекарасы, мемлекеттік заң
шығарушы және атқарушы орандарының болуы міндетті.
Уақыт ағымына сәйкес ғылымының адамзат үшін ауадай қажет екені бәріне
мәлім болып отыр. Ғылымның арқасында адамзат көптеген жетістіктерге жетіп
отыр.
Мысалы, адамзаттың ғарыш кеңістігін игеруге бағытталған әрекеттері -
уақыт өте келе оның жердің тартылыс күшінен тәуелсіз болуға мүмкіндігі бар
екендігін байқап отырмыз. Сондықтан болашақтағы адамзаттың мүмкіндіктері
шексіз. Яғни, ғылыми–техникалық прогресс біздің планетаны, адамзатты үлкен
өзгеріске алып келуі ықтимал.
Ойлап, қарасақ адамның айналасы, қоршаған ортасы мен күнделікті
өмірінің бәрі ғылыммен байланысты. Ғылым әлеуметтік–экономикалық, саяси,
қоғамдық және құқықтық қатынастарды, азаматтардың арасындағы
қарым–қатынастарды зерттеп, талқылайды, реттейді десек те болады.
Менің осы курстық жұмысым да ғылымның бір түрі – қылмыстық құқық
пәнінің қылмыстың ұғымы деген тақырыбына арналады.
Кез келген ғылым сияқты қылмыстық құқық та уақыт өте келе дамып,
өзгеріп және жетіліп отырады. Мысалы, 1919 жылғы РСФСР–дың Қылмыстық құқық
жөніндегі басшылық негіздерінде (5-бап); Қылмыстық құқықпен қорғалатын
қоғамдық қатынастар тәртібін бұзушылық қылмыс деп танылады деген қарапайым
ғана қылмыстың ұғымы берілсе, ал РСФСР –дың 1922 жылғы Қылмыс кодексінде
Қылмыс дегеніміз кез келген қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік
деген ұғыммен тұжырымдалады.
Ал, 1997 жылы өзіміздің тәуелсіз Қазақстанның Қылмыстық кодексі
қабылданды. Осы кодексте өмірімізде, қоғамда орын алған елеулі
әлеуметтік–экономикалық, саяси өзгерістерге сәйкес қылмыстың жаңа ұғымы
берілген. Онда Жазалау қатерімен тиым салынған айыпты қоғамға қауіпті
әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс деп танылады делінген (9-бап).
Бұл жерде әрекет дегеніміз адамның қылмыстық заң тиым салған
нәрселерді істеуі, яғни әрекет деген белгілі бір нақты қадам жасау, ал
әрекетсіздік деген адамның заң, нормативтік актілер, жарықтар, бұйрықтар
бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы болып табылады.
Өзімнің курстық жұмысымда мен нақты қылмыстың ұғымын және белгілерін
қарастырып, қылмыстың тарихына біраз шолу жасап, оның дамуын және де
санаттарын, дәрежелерін көрсетіп өттім.
Қылмыстың ұғымы
Қылмыстық құқықтағы негізгі мәселелердің бірі қылмыстың ұғымын анықтау
болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының
қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы
мәселеде қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу
– қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қылмыс әр
уақытта да белгілі бір іс-әрекеттің (әрекет немесе әрекетсіздікнің)
көрінісі болып табылады.
Заң шығарушы осындай тұжырымдарға сүйене отырып, қылмыстың әр уақытта
да адамның нақты іс-әрекетінің, мінез–құлқының сыртқа шыққан көрінісі
екендігін атап көрсетеді.
Адамның құқыққа қайшы мінез–құлқы белсенді әрекет күйінде немесе
әрекетсіздік күйінде болуы мүмкін.

нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегеніміз адамның заң нормативтік
актілер, нұсқаулар немесе арнаулы жарлықтар, бұйрықтар бойынша өзіне
жүктеген міндетін орындамауы болып табылады. Яғни, мысал келтіретін болсам;
белгілі бір тұлға түнде көшеде келе жатты дейік, кенет ол жолдың бойындағы
арық жағасында бір адамның жатқанын көреді, едәуір назар аударып, оның өте
ауыр қалде жатқанын көреді. Осы жағдайды ол көріп, біле тұра сол адамға
алғашқы медициналық немесе басқа да көмек көрсетпей, жедел жәрдем немесе
басқа да қызмет түрлерін уақытында шақырмаса – ол әрекетсіздік болып
табылады. Сондықтан ол міндетті түрде жауапқа тартылады.
Адамның қылмысқа қайшы немесе оған қайшы емес мінез–құлқы оның ойлау
жүйелері арқылы, содан соң белгілі бір іс-әрекеттер арқылы көрініс береді.
Ондай нақты іс-әрекеттер арқылы көрініс таппаған, жүзеге аспаған
ойлар, пікірлер соншалықты қатерлі болғанына қарамастан, қылмыс болып
табылмайды. Белгілі бір іс-әрекет арқылы жүзеге асырылмаған адамның
ниет–мақсаттары қоғамға қауіп туғызбайтындықтан қылмыстық құқық реттеу
саласына жатпайды. Қылмыстық құқық ғылымында бұл мәселе туралы бірауыздан
осылай тұжырым жасалған.
Қылмыс құқылық құбылыс ретінде осы құбылыстың мәнді жақтарын
бейнелейтін белгілі бір белгілермен сипатталады. Қолданылып жүрген
қылмыстық заңға сәйкес қылмыстың түсінігі заңның өзінде көрсетіледі.
Бұрынғы кеңестік жүйеде қылмыстың ұғымы алғаш рет 1919 жылы РСФСР-дың
Қылмыстық құқық жөніндегі негіздерінде (5-бап);Қылмыстық құқықпен
қорғалатын қоғамдық қатынастар тәртібін бұзушылық қылмыс деп танылады
делінген.
РСФСР – дың 1922 жылғы Қылмыс кодексінде Қылмыс дегеніміз кез келген
қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік деген ұғыммен тұжырымдалады.
1924 жылғы КСРО және одақтас республикалардың қылмыстық заңдарының
негізгі бастамаларында қылмыс туралы ұғымға арналған бап болған жоқ.
1926 жылғы РСФСР Қылмыстық кодексінде қылмыс дегеніміз қоғамға
қауіпті іс-әрекет деп көрсетіледі (1-бап). Бұл жерде кеңестік құрылысқа
немесе құқық тәртібіне бағытталған әрекет немесе әрекетсіздік қоғамға
қауіпті деп жарияланды.
КСРО және одақтас республикалардың 1958 жылғы қылмыстық заңдардың
негізінде Қылмыстық заңда көзделген, оның саяси және экономикалық
жүйелеріне, социалистік меншігіне, адамдардың жеке басына, саяси, еңбек,
мүліктік және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қиянат жасайтын
қоғамдық қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), сондай–ақ
социалистік құқық тәртібіне қиянат жасайтын қылмыстық заңда көзделген
қоғамдық қауіпті іс-әрекет қылмыс деп табылады делінген.
Тура осындай анықтама бұрынғы Одаққа кірген барлық республикалардың,
оның ішінде 1959 жылы 22 шілдеде қабылданған Қазақ КСР Қылмыстық кодексінде
де (7-бап) берілді.
Кеңес Одағының құрамында болуы біздің мемлекетке көп септігін тигізді.
Осыдан 2 ғасырдай бұрын дала елі болған қазақ халқы уақыт ағымының
әсерімен цивилизацияға басын бұрды.
Біртіндеп елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік, тұрмыстық жағдайы
жақсарды. Білімге, өнерге, ғылымға үлкен көніл бөлінді. Соның арқасында
ғылыми–техникалық прогреске бет түзедік. Ал құқықтық жағдайды алатын болсақ
біздің қазіргі таңдағы құқықтың бастауы сонау кеңес заманынан орын алады.
Бүгін біздің ел тәуелсіздікке қол жеткізіп, аңсаған егемендігін алды.
Сондықтан ол әрбір тәуелсіз мемлекет сияқты өз заңдарының юрисдикциясына
ие.
Біздің құқықтық мемлекет болып, адамның құқықтары мен бостандықтарының
ең бірінші орында болуы сол кезден бері қалыптасудың, дамудың нәтижесі.
1997 жылы жаңа Қылмыстық кодекс қабылданды. Осы кодексте өмірімізде,
қоғамда орын алған елеулі әлеуметтік–экономикалық, саяси өзгерістерге
сәйкес қылмыстың жаңа ұғымы берілген. Онда жазалау қатерімен тиым салынған
айыпты қоғамға қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп
танылады делінген (9 бап).
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес қылмыстың
қылмыстық құқыққа қайшылық, қоғамға қауіптілік, кінәлілік, жазаланушылық
сияқты белгілері бар.
Қылмыстың белгілері
Қылмыстық құқыққа қайшылық Қоғамға қауіптілік
Кінәлілік Жазаланушылық
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің тиісті
баптарының диспозицияларында жекеленген қылмыс құрамдары арнаулы
көрсетілген. Қылмыстық құқықта қылмыстың осы нақты құрамдарына қарсы іс-
әрекет істеуді құқыққа қайшылық деп атау қалыптасқан.
1960 жылға дейінгі қолданған Қылмыстық кодекстерде ұқсастығы бойынша
яғни, қылмыстық нормасында әдейі көрсетілмеген іс-әрекеттерге де сонда
көрсетілген соған ұқсас, жақын нормаларда жол берілген еді. Мұның өзі заңды
бұзуға және осы мәселеде бейберекетсіздікке кетушілікке әкеліп соқтырды.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жаңа Конституциясының, осыған орай
жаңа Қылмыстық кодексте қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол
берілмейді делінген.
Адамның қылмыстық құқылық норма тиым салған іс-әрекеттерді істеуін
қылмыстық құқыққа қайшылық деп атаймыз. Адамның қылмыстық заң тиым
салмаған, осы заңда көрсетілмеген іс-әрекеттерді істеуін қылмыс қатарына
жатқызуға болмайды.
Тек заң шығарушы ғана белгілі бір іс-әрекетті қылмыс қатарына
жатқызуға мүмкіндік беретін оның мәнді белгілерін анықтайды. Қылмыстық
құқыққа қайшылықтың міндетті белгісі болып осы заңда көрсетілген іс-
әрекетті істеген жағдайда нақты нормада көрсетілген қылмыстық құқықтық
санкция белгілеген жазаның белгілі бір түрінің тағайындалуы болып табылады.
Іс-әрекеттің қылмыстық құқыққа қайшылығын белгілеген тиісті заңның
жарияланған уақытынан бастап ондай іс-әрекеттер қылмыс қатарына жатады.
Мұндай ретте мемлекет осындай іс-әрекеттермен қылмыстық құқылық норма
арқылы күрес жүргізуге мүмкіндік алады. Керісінше, белгіленгін тәртіппен
күші жойылған қылмыстық құқылық норма қылмыс қатарынан шығарылады. Ондай іс-
әрекеттер қылмыс деп саналмайды. Мысалы; елімізде нарықтық қатынастардың
дамуына байланысты қылмыстық кодекстен алыпсатарлық деген қылмыс құрамы
қатарынан алынып тасталды. Кеңес заманында алыпсатарлық (спекуляция)
қоғамға қауіпті, қылмыс болып танылған болса, қазір ол мүлдем құқық
бұзушылық болып саналмайды.
Бұрын қылмыс қатарында жоқ жалған банкроттық, табысты жасыру, салық
төлемегені үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін көптеген жаңа нормалар
пайда болды.
Қылмыстың негізгі сапалық белгісі оның қоғамға қауіптілігі болып
табылады. Бұл белгілі қылмыстың материалдық мәнін білдірумен бірге не
себепті осы немесе басқадай іс-әрекеттер қылмыс болып табылатынын
түсіндіреді. Қоғамға қауіптілік белгісінің болуының өзі іс-әрекеттердің
қоғамдық қатынастарға зиян келтіруін немесе зиян келтіру қаупін туғызатынын
білдіреді. Қоғамға қауіптілік – қылмыстың объективтік белгісі, Ол заң
шығарушының санасына және еркіне байланыссыз қоғамдық қатынастарға зиян
келтіреді және өзінің ішкі мәні жөнінен қоғамның бірқалыпты өмір сүру
шарттарына қайшы болады. Заң шығарушының міндеті сол кезеңде, дәуірде,
қоғамның өмір сүру жағдайларын дұрыс бағалап, осыған байланысты іс-
әрекеттің қайсысының қылмыс қатарына жататыны туралы шешім қабылдау болып
табылады.
Қылмыстық кодекстің 2-ші бабында қоғамға қауіптіліктің сипаттамасы
қылмыстық заңда көзделген адам мен азаматтың құқықтарына, бостандықтары мен
заңды мүдделеріне, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамдық
тәртіп пен қауіпсіздікке, табиғи ортаға т.б. қиянат жасап қол сұғатын
қылмыс объектілерін тізбектеп көрсету арқылы берілген. Бірақ қоғамға
қауіптілік қылмыс қол сұғатын объектілерді көрсету арқылы ғана
тұжырымдалмайды. Бұл қылмыстың қоғамға қауіптілігін сипаттайтын мәнді
жақтарының бірі ғана.
Қоғамға қауіптілік қоғамға зиянды іс-әрекеттің өзінің тікелей
ерекшелігіне, оны істеу уақыты, орны, тәсілі, жағдайына байланысты болуы
мүмкін.
Мысалы; тиісті рұқсат етілмеген немесе тиым салынған жерлерде (ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар, төтенше экологиялық аймақтар) не тиым салынған
құстар мен аңдарға қатысты аң ауланса, ол заңсыз болып табылады (228-бап, 1-
бөл.). Төтенше жағдайлар кезінде тиым салынған ереуілге басшылық жасау,
кәсіпорынның, ұйымның жұмысына кедергі келтіру қылмыс болып табылады (336-
бап). Іс-әрекет арқылы келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиян қоғамға
қауіптіліктің көлемін айқындайтын негізі белгі болып табылады. Кейбір іс-
әрекеттер әрекет немесе әрекетсіздіктің істеген уақыттан бастап, өзінің
қандай зиян келтіргеніне қарамастан, қоғамға қауіпті болады. Басқалары
қылмыстық заңда көрсетілген зардаптар болған жағдайда ғана қоғамға
қауіптілік сипатына ие болады. Іс-әрекеттің қоғамға қауіпті және қылмыс
қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін зардаптың сипаттамасын заң шығарушы әр
түрлі етіп бейнелеуі мүмкін. Кейбір реттерде қылмыстың зардабы қылмыстық
заңның өзінде дәлме–дәл көрсетіледі. Мысалы, денеге жарақат салу,
материалдық залал келтіру, ауыр зардаптың болуы т.б.
Келтірілген дене жарақатының ауырлығына орай денсаулыққа қасақана
орташа ауырлықтағы зиян келтіру (104-бап), денсаулыққа қасақана жеңіл зиян
(105-бап) болып бөлінеді. Басқа жағдайларда, зардаптың әртүрлі болып
келетіндігін ескеріп, заң шығарушы оның бәрін нақтылап жатпайды, оларды
зиян келтіру (142-бап ), ірі мөлшер (175-бап ), ауыр зардап келтіру (181-
бап) 3-бөлігі, б тармағы т.б деп жалпылама береді. Мұндай жағдайларда
зардаптың осы көрсетілген мөлшерін анықтау нақты жағдайларды орындаған
фактіге байланысты шешіледі – қылмыстың қоғамға қауіптілігі қылмыстық ниет
және мақсат сияқты оның белгілеріне де байланысты. Мысалы, қылмыстық іс
қозғау мақсатымен қылмыс істейді деп жалған хабарлау. Егер мұндай
пайдақорлық мақсатпен істесе хабарлау әрекеті күшейтілген қылмыс түрі болып
табылады. Кейбір реттерде қоғамға қауіптілік іс-әрекетті істеген адамның
ерекшелігіне де байланысты анықталады. Қайсыбір іс-әрекеттер оны істеген
адамның жәбірленушімен ерекше қатынаста болуына байланысты қылмыс деп
танылады. Мысалы, айыптының материалдық жөнімен немесе басқа реттен тәуелді
адамға қатал қарауы, қудалауы немесе қорлауы салдарынан жәбірленушінің өзін-
өзі өлтіру халіне жеткізілуі (102-бап). Кейбір субъектінің ерекше жағдайы
қылмыстың қоғамға зияндылығын үдетеді.
Мысалы: жауапты мемлекеттік қызметтегі лауазымды адамның пара алуы (
311-бап, 3-бөлігі).
Қылмыстық құқық ғылымы қоғамға қауіптіліктің сапалық және сандық
жақтарын бөліп қарайды. Қылмыстық кодекстің 52 бабында жаза тағайындаудың
жалпы негіздерін анықтай отырып, сот жазаны тағайындауда істелген қылмыстың
сипаты және қоғамға қауіптілік дәрежесін есепке алу қажеттілігін көрсетеді.
Мұның өзі қылмыстың сипаты қылмыстың сапалық, ал дәрежесін – сандық
сипаттамасы деп түсінуді білдіреді. Сипатына қарай қоғамға қауіптілік
экономикалық және зорлық қылмыстары, қасақана және абайсыздық, жеке адамға,
меншікке қарсы қылмыстар болып бөлінеді. Қоғамға қауіптілік сипаты
қылмыстық объектісі бойынша анықталады. Объектілерінің тізбегі қылмыстық
кодекстің 2-ші бабында көрсетілген, қылмыстық кодекстің ерекше бөлімі
топтық объектілері бойынша тарауларға бөлінеді, яғни, Қылмыстық кодекстің
ерекше бөлімінің жүйелері топтық объектілерінің маңыздылығына қарай
рет–ретімен орналасқан. Қоғамға қауіптілік сипатының тағы бір көрсеткіші
келтірілген зиян болып табылады. Материалдық, моральдық зиян күш қолдану,
қорқыту арқылы келтіреді. Келтірілген сипатына қарай мүліктік,
ұйымдастырушылық, жалпыға қауіпті және зорлықпен жасалатын қылмыстар деп
бөлінеді. Қоғамға қауіптілік сипаты одан әрі кінәнің нысандары арқылы
анықталады. Қасақаналықпен жасалатын қылмыстардың абайсыздықпен істелетін
қылмыстарға қарағанда қоғамға қауіптілік сипаты едәуір ауыр. Мысалы, кісіні
ауырлататын жағдайда қасақана өлтіргені үшін 10 жылдан 20 жылға дейінгі
мерзімге бас бостандығынан айыруға, не мүлкін тәркілеу арқылы немесе өлім
жазасына не мүлкін тәркілеу арқылы немесе онсыз өмір бойы бас бостандығынан
айыруға жазаланады (96-бап, 2-бөл), ал абайсызда кісі өлтіру (101-бап, 1-
бөлігі) 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Кінәнің нысандарын анықтау қылмыстық қоғамға қауіптілігінің сипатын осылай
белгілеуде маңызды роль атқарады. Қылмыстық қоғамға қауіптілігінің сандық
жағын анықтағанда көптеген факторларды еске алу қажет. Мұндай ретте
келтірілген зардаптың ауырлығын (аса көп мөлшерде, көп, едәуір мөлшерде)
қылмыстық істің ерекшеліктеріне (аяқталған немесе аяқталмаған қылмыс)
қылмысты жеке немесе бірлесіп қатысу арқылы істеу, қылмыс істегенде қандай
тәсілдер қолданылады, кінәнің сиаптын (ниет, мақсат) қылмыстық
субъектісінің ерекшелігіне, іс-әрекеттің істелу уақытына, жағдайына баса
назар аудару керек. Мысалы, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің (103-
бап) денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы (104-бап ) немесе жеңіл (105-
бап) дәрежеде қасақана зиян келтірудің қоғамға қауіптілік дәрежесі едәуір
жоғарғы. Қарақшылықтың (179 – 2) ұрлықтан (175-бап) дәрежесі жағынан
қоғамға қауіптілігі жоғарғы. Өйткені шабуыл жасап, қарақшылық жасап
тонағанда бөтеннің мүлкін иемдену мақсатымен қауіпті тәсіл шабуылға ұшырған
адамның өміріне немесе денсаулығына күш жұмсаумен ұштастырылады.
Қылмыстық қоғамға қауіптілік дәрежесі қылмыстық заңда көрсетілген
санкция бойынша да анықталады. Мәні жөнінен екі қылмыстың қоғамға
қауіптілік дәрежесін анықтау, сол қылмыста берілген белгіленген
санкцияларды салыстыру қажет.
Ауырлық жаза белгіленген қылмыс түрінің қоғамға қауіптілігі дәрежесі
де жоғарғы болып табылады.
Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі бойынша қоғамға қауіптілік
сипаты бірдей қылмыстарды бір–бірінен ажыратуға болады.
Қылмыстық белгілерінің бірі – қоғамға қауіптілік, бұл белгінің түрісіз
қылмыстық құрамы болмайды. Қоғамға қауіптіліктің негізгі неде? Ол заңда
белгіленген нормалары қарсы әрекет немесе әрекетсіздік жасай отырып
тұлғаның қоғамға белгілі бір дәрежеде әсер етуімен зиянды зардаптарын
тигізуі.
Қылмыстың тағы бір белгісі кінә болып табылады.
Яғни, бұл жерде әрекетсіздік арқылы кінәлі түрде қасақаналық немесе
абайсыздықпен қол сұғушылық туралы әңгіме болып тұр.
Қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегені үшін,яғни
қылмыстық заңда көрсетілген, қоғамға қауіпті іс - әрекетті қасақана немесе
абайсыздықпен істеген адам ғана тартылады.
Кінәсіз қылмыстық жауаптылық туралы сөз болуы мүмкін емес. Яғни,
қылмыс істеді деп бұл іске қатысты жоқ, жазықсыз адамды қылмыстық заңда
көрсетілген реттермен сәйкес жауапқа тартуға болмайды. Қандай да болмасын
қатысы бар немесе қылмыс істеген тұлға жасалған тергеу көмегімен анықталуы
керек. Яғни, қылмыстың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz