Мемлекет нысанының түсінігі, оның құрылымы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 2
1-тарау. Мемлекет нысанының түсінігі, оның құрылымы 4
2. Басқару нысаны, оның түсінігі, түрлері 7
3. Мемлекеттік құрылым 11
4. Саяси режим 13
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 26
КІРІСПЕ
Соңғы он бес жыл ішінде біздің республикамыздың мемлекеттік саясатында
және мемлекеттік құрылымында елеулі өзгерістер болуда. Бұл өзгерістердің
негізгі себептерінің бірі – тоталитарлық жүйенің апатқа ұшырауы, КСРО-ның
күйреуі және оның сынықтарында жаңа егеменді мемлекеттердің пайда болуы.
Қазіргі ыдыраған мемлекет пен құқықтың дамуында күрделі процестер, қазіргі
заманның азаматтық қоғамының талаптарына сәйкес келетін жаңа тәуелсіз
мемлекеттерде мемлекеттік және құқықтық жүйенің қалыптасуы жүріп жатыр. Бұл
даму адамдардың өмірінде, олардың материалдық, адамгершіліктік және
психологиялық күйлерінде елеулі бейнеленетін және ұзақ, ондаған жылдар бойы
тоталитарлық жүйенің жасаған негативтік зардаптарының кенет ашылуы
салдарынан қоғамның өте қатал экономикалық және әлеуметтік дағдарысты
басынан өткізуіне байланысты неғұрлым қиындай түсті. Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Назарбаев 1994 жылы маусым айының тоғызыншы
жұлдызында Жоғарғы Кеңестің мәжілісінде сөйлеген сөзінде былай деді: ірі
мемлекет күйрегеннен кейін айнала бастаған жалпыға бірдей дағдарыстың
тығыздалған серіппесі желісінен үзілді және бізге, бұрыңғы одақ
республикаларына өткір проблемалар дауылын төндірді. Тек қазір ғана біз
бұрынғы империяның шикізаттық отары ретінде бір жақты даму зардаптарының
барлық ауыртпалығын толық мөлшерді сезіне бастадық[1].
Осыдан он төрт жыл бұрын Қазақстан алғаш рет өзінің шынайы дербестігін
алды, маркстік-лениндік теориядан және идеологиядан алшақтады, адам құқығы
мен бостандығының артықшылығын мойындады және нағыз демократиялық қоғам мен
құқықтық мемлекет құруға бағыт алды. Мұндай жағдайда Президенттік басқару
формасы туралы мәселе ерекше қаралды. Президенттік институт әлдеқашан пайда
болғанмен (жаңа тарихта мұндай басқарудың алғашқы бастауы 1787-жылғы
Конституциямен құрылған Америка Президентурасы болды), біздің республикамыз
үшін, сондай-ақ ТМД-ның қалған республикалары үшінде басқарудың бұл формасы
жаңа, зерттеліп дайындалмаған болып табылады, өйткені Президенттік институт
билікті бөлу қағидасын мойындауды ұйғарады, ал КСРО-да ол ұзақ жылдар
бойы теріске шығарылып келді. Міне содан бері қарай біздің таңдаған
жолымыздың дұрыстығы айқын көрініс тауып отыр.
Қазақстан қазір екпінді түрде халықаралық беделге ие болып келе жатқан
тұрақты, батыл және өзіне сенімді мемлекет ретінде барлық дүние жүзілік
бірлестіктер мойындайтын даңғыл жолға шықты.
1-тарау. Мемлекет нысанының түсінігі, оның құрылымы
Мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі
байқалады. Мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани
мазмұнына байланысты. Демократиялы мемлекеттер туралы айтатын болсақ, олар
тек қана республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс
мемлекеттер көбіне монархия болатыны жақсы мәлім. Қытай, Үндістан, Египет
(Мысыр), Англия, АҚШ мемлекеттерінің философтары Аристотель, Монтескье,
Локк, Вашингтон, де Голль мемлекеттің нысанына көп көңіл бөлген.
Мемлекеттің мазмұны оның нысанынан бөлінбейді, олар бір-бірімен тығыз
байланыста дамиды.
Тәуелсіз Қазақстанда екі жылдан кейін, 1993 жылғы Конституциясының
орнына екінші 1995 жылғы Конституция алынды. Бұл соңғы Конституция
мемлекеттің сыртқы нысанын өзгертіп, Қазақстанда президенттік республиканың
саяси жүйесі құрылды.
Мемлекеттің тарихи даму процесінде оның нысанына бірнеше жағдайлар
әсер етеді. Бірінші жағдайға географиялық, климат, тарихи факторлар жатады.
Егер мемлекет континентте қалыптасса немесе оның шекарасы теңізге, мұхитқа
шықса, бұл екі жағдайда екі мемлекеттің нысаны екі түрлі болады. Аралда
орналасқан мемлекеттердің континенттік мемлекеттермен салыстырғанда
демократиялық режимдері күштілеу екені байқалады. Шығыс мемлекеттерде
бірінші ірі цивилизациялардың дамуы ұлы өзендермен байланысты болды:
Қытайда - Хуанхэ, Египетте - Ніл, Вавилонда - Тигр және Евфрат, Үндістанда
- Ганг. Шығыс мемлекеттерде - монархия, Еуропада - шектелген монархия
немесе республика құрылған. Ежелгі демократиялық республикалар Жерорта
теңізінің жағасында орналасқан мемлекеттерде болғаны жақсы белгілі.
Қазақстанның географиялық жағдайы, екі - Ресей және Қытай сияқты ірі
мемлекеттермен көршілес болуы, теңізге қашықтығы және ашық жолдың жоқтығы
мемлекеттің дамуына едәуір нұқсан келтіріп отыр.
Мемлекет нысаны дегеніміз – басқару нысанына және саяси (мемлекеттік)
режиміне сәйкес мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы, мемлекет формасы сол
мемлекеттің қалыптасуы мен дамуының нақты тарихи жағдайына байланысты
болады, оған мемлекеттік тарихи типі мен мәні әсерін тигізеді. Мысалы
феодалдық типтегі мемлекетке басқарудың монархиялық формасы сәйкес келді,
ал буржуазиялыққа республикалық. Мемлекет формасы көп жағдайда елдегі саяси
күштерге байланысты дамиды. Мысалы: буржуазиялық революциялар (Англиядағы)
буржуазия мен феодалдық келісімге келуіне әкелді, соның нәтижесінде
конституциялық монархия пайда болды. Мемлекет формасына мемлекеттің ұлттық
құрамы, тарихи дәстүрлер, мемлекеттің территориялық көлемі, басқа да
факторларға әсер етуі мүмкін.
Мемлекет формасы мына мәселелерге жауап береді: мемлекеттік билік
қандай принципке сүйеніп, қандай территориялық негізге құралған,
мемлекеттің ең жоғарғы билік органдарының құрылысы, олардың арасындағы және
халықпен өзара байланыстылығы.[2]
Мемлекет формасы ретінде мемлекеттік басқару формасына, мемлекеттік
құрылысына және саяси режимге байланысты мемлекеттік билік ұйымдарының
құрылуы түсіндіріледі.
Мемлекет басқару формасы мен саяси өкіметтің негізгі институттарының
құрылысына қарай да әр түрлі болады.
Мемлекеттің белгілері оның алғышарттарындағы көріністерден тарихи
процестер барысында мемлекеттің нысанына айналады.
Мемлекеттік нысаны (формасы) дегеніміз адамдар арасындағы, адамдар мен
мемлекет арасындағы, мемлекет пен адамдар арасындағы оларды басқару
процесінде (саяси режим) өзара саяси қарым-қатынасына айқындайтын (басқару
нысаны) және мемлекеттік әкімшілік аумақтық бөлінуін аймақтық құрылым
ұйымдастыра алатын мемлекеттік құрылымы болып табылады.
Қысқаша тұжырымдайтын болсақ, мемлекет нысаны – бұл қоғамның басқару,
мемлекеттік құрылым және саяси режим нысандарынан құралған құрылымдық
ұйымдастырылуы.
№ 1 кесте
2. Басқару нысаны, оның түсінігі, түрлері
Басқару нысаны – бұл мемлекеттік биліктің жоғары органдарының
өкілеттіктерінің өзара қатынасы, олардың құрамы мен құрылу тәртібі. Басқару
нысаны жоғары билікті жалғыз адамның немесе сайланбалы алқалық органның
жүзеге асыруына байланысты ерекшеленеді. Осыған сәйкес, басқарудың негізгі
түрлері болып монархия мен республика болып табылады.
Басқаша айтар болсақ, мемлекеттің басқару нысаны оның жоғары, орталық
және жергілікті органдарының құрылуы, олардың қарым-қатынастары қандай
принциппен қалыптасты, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген
сұрақтарға жауап береді.
Монархия — жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бұл билік
мұрагерлікпен беріледі. Монархияның белгісі: мемлекетті басқаратын адамның
билігі оған әкесінің немесе басқа туысқандарының қолынан көшуі, тиюі.
Сондықтан оның билігі — мұралық билік. Тақтың көшуінің екі әдісі бар: шығыс
және кейбір Еуропа мемлекеттерінде тақ тек ер адамдарға беріледі. Ал
көпшілік Еуропа мемлекеттерінде еркек адамдарға да, әйел адамдарға да
беріле береді (Ресей, Дания, Англия). Монархияның озбырлық жолмен де көшуі
мүмкін; Наполеон, Каролингтердің тұқымдары, Чандрагупта, Вильгельм
Оранский. Соңғы Англияда мемлекеттік төңкеріс ұқсас даңқты революциясынан
кейін заңды патшаның қолынан билікті алғаны белгілі. Монархияның көшуінің
үшінші түрі бар, монарх бірнеше ақсүйектердің тұқымдарынан сайланды
(Малайзия). Тарихта екі монарх болған мемлекеттік басқару формасы да
кездескен (Спарта). Тоталитарлық жүйеде Коммунистік партияның басшысының
билігі монархтың билігінен де күшті болды. Сонымен, монархтың билігі көбіне
мұрагерлік билікке жатады, ол өзінің қызметіне құдайдан басқа ешкімнің
алдында жауапты емес, ол мемлекеттің басшысы, құқықтың қайнар көзі, оның
атынан сот, мемлекеттің атқару функциялары жүзеге асырылады, ол әскерді
басқарады, мемлекеттің атынан шарт құрады. Монархтың бірнеше жоғары аттары
мен титулдары болады, оны асырау, мемлекеттің міндеті. Мысалы, Англияның
короліне 1660 жылдан бастап цивилдік қағазбен парламент мұқтажына керек
ақшаны беретін болды. Корольдердің сарайлары киімдері, әскерлері
мемлекеттің міндетінде болды. Корольді асырау мемлекетке өте ауыр болса да,
көп мемлекеттер корольден және монархиядан басын тартқысы келмейді. Қазіргі
Англияның королі — Елизаветаның мұра жалғастыратын балаларының абыройы өте
күшті болмады, екі баласы және қызы некесін бұзып ажырасып кетті. Бірақ
1997 жылы Англияның азаматтарынан "Король Англияға керек пе?" деп
сұрастырғанда, 66 проценті "монархия да, король де сақталсын" деп жауап
берді.
Монархия екіге бөлінеді: шексіз және шектелген монархиялар. Шексіз
монархия — монархтың билігін басқа мемлекеттік орган шектемейді, жоғарыда
айтылған биліктің бәрі соның қолында. Бірақ шексіз монархияның да бірнеше
түрлері бар. Ең бірінші шексіз монархия — Шығыс деспотиясы (Египет,
Вавилон, Қытай, Жапония). Монархтың қолында өте күшті экономикалық
функциялары жиналған, ал бұл билік осы айтқан мемлекеттердің географиялық
және ерекше экономикалық жағдайларымен байланысты. Мысалы, Египет
мемлекетінде номдардың бәрін фараон біріктіріп, Ніл өзенінде суару
жұмыстарын басқаратын. Монархтың осындай қиын экономикалық қызметі өте
күшті биліктің қажет екенін туғызды. Сондықтан, фараондардың биліктері
шексіз болатын: ол Ра құдайдың тұқымы, таққа отырған кезден оған пирамида
салады, ол экономикалық, қаржы, заң шығару, діни, сот, әскери қызметтерін
басқарған. Тарихта кездескен шексіз монархияның екінші түрлері көне
дәуірдегі мемлекеттерде болған. Оған Рим империясы жатады. Бұл шексіз
монархия республиканың орнына келді. Императордың да билігі өте күшті,
бірақ оны күшейтетін жағдайлар саяси факторлерге байланысты болған. Орта
ғасырларда шексіз монархия феодализмнің соңғы кезінде пайда болды. Ең күшті
феодалдық шексіз монархияларға Людовик ХІV, Петр Бірінші, Екатерина Екінші,
Елизавета Бірінші, Фридрих II, Әдемі Сулейман монархиялары жатады. Людовик
ХІV мемлекетті 55 жыл басқарды (1661-1715). Оның "мемлекет дегенмен" — сөзі
бүкіл Еуропаға мәлім болған. Версаль сарайын салдырды, қаржыны өзі жұмсады,
заңды өзі шығарды, парламентті жинамай мемлекетті, әскерді де, сотты да өзі
басқарды. Ол өмір бойы көрші мемлекеттермен соғысып, сыртқы саясатын толық
өзі жүргізді. Бірақ феодализмнің шексіз монархияларының мемлекетке істеген
жақсылықтары да көп еді. Қазіргі жаңа ғасырда шексіз монархиялар өте сирек
кездеседі (Бруней, Оман).
Монархиялардың көбі шектелген монархияларға жатады. Бұл монархияда
монарх билігі басқа бір органмен немесе заңмен шектеледі. Шектелген
монархия шығыс мемлекеттерінде кездеседі, мысалы, Үндістан. Үндістанның
патшасы екінші кастаға жататын - критерийлерге, ол брахмандардың айтқан
ақылдарын және олар құрған Кеңесін сыйлауға тиісті. Патша брахмандардың
жеке меншігіне тиісуге құқығы жоқ, оларды өлім жазасына кесе алмайды, заң
шығару немесе сот функцияларын олардың Кеңесі қатыспаса атқара алмайды.
Орта ғасырларда Еуропа мемлекеттерінде сословиелік-өкілдік монархиялар
пайда болды. Еуропа қоғамында үш сословие қалыптасқан болатын: шіркеу
қызметкерлері, дворяндар және қала тұрғындары, басқаша айтқанда -
буржуазия. Осы сословиелер өздерінің мүдделерін қорғайтын сословиелік
органды құратын, ол Парламент, Кортес, Бас штаттар деп аталатын. Бұл
органдар қалыптасқан кезде салық жинауға келісімін беретін, одан кейін
қызметін күшейтіп, заң шығару ұсынысты қолына алды, кейін заң шығару
билігін өзіне қаратты. Жапония мемлекетінде императордың билігін сегун
деген әскери қызметкерлер шектеген болатын, бұл басқару форма "сегунат" деп
аталды.
Жаңа кезеңдерде шектелген монархия конституциялық монархия деп
аталады. Оның екі түрі бар: дуалистік және парламенттік монархия. Дуалистік
монархияда мемлекетті басқарған екі топтың күші тең, буржуазиялық
революциялар өткеннен кейін, оның бірінші кезеңінде бұрынғы корольдер
биліктерінің жартысынан айырылды, оған біріншіден заң шығару билігі жатады.
Мысалы, Франция мемлекетінде 1791 жылғы Конституция бойынша король заң
шығару билігін жоғалтты, ол Ұлттық жиналыстың қолына көшті. Бірақ оның
қолында қалған билігі әлі күшті еді: ол әскерді өзі басқарды, осыны
пайдаланып өзінің халқына қарсы шықты, сот қызметкерлерін, министрлерді
және атқару билікті өзіне бағындырды, шығарған заңдарға тыйым салды және
парламентті таратуға құқығы болды. Сонымен, мемлекеттік билік екіге
бөлінді: парламент буржуазияның мүдделерін қорғады, ал король феодалдардың.
Бірақ тарихи процесс объективтік түрінде парламента жеңіске жеткізді де,
дуалистік монархия парламенттік монархияға айналды. Парламенттік монархия
бірінші Англияда құрылды. Даңқты революциядан кейін Құқық туралы Билль
деген (1689ж.) конституциялық заңда осы мемлекеттік басқару нысаны пайда
болды. Казір Еуропа мемлекеттерінің көбі осыған жатады: Бельгия, Норвегия,
Швеция, Дания. Бұл мемлекеттерде монарх мемлекеттің басшысы. Ол
парламенттің келісімінсіз көп мәселелерді шеше алмайды. Парламенттің
төменгі палатасына көп орын алған саяси партия өзінің өкіметін құрады. Сол
партияның басшысы Премьер-министр болып тағайындалады. Премьер-министр
кабинетін өзі құрастырады, король оған тек келісім береді. Кабинет
корольдің алдында емес, парламенттің алдында жауапты. 1997 жылы Англияда
консервативтік партия сайлауда лейбористерден жеңіліп, 18 жыл Англияны
басқарғаннан кейін оппозицияға кетті. Парламент корольдің мұқтажына керек
ақшаны бөледі, оның жеке өміріне де қатысады. Бірақ көп мемлекеттер
монархтың құқықтарын шектесе де, бұл ескілік немесе керек емес мемлекеттің
элементі деп санамайды. Монарх — мемлекеттің көркі, тұрақтылығы, сәні,
ертеден келе жатқан әдет-ғұрыптары. Сондықтан, кейбір мемлекеттер жойылған
монархияларды қайтадан орнына қалыптастырғаны мәлім (Испания 1975, Англия).
Қазіргі Ресей, Грузия, Болгария, Румыния мемлекеттерінің патша тұқымдары
тірі, халықтың арасында монархияны қалпына келтіру деген пікірді білдірген
адамдар және саяси партиялар да бар. Сонымен, монарх топтардың, саяси
партиялардың арасындағы арбитрі және тұрақты саяси режимінің кепілдігі
болып көрінеді. Монархтың өмірін реттейтін әдет-ғұрыптардың көбін халық
жақсы көреді: парламенттің бірінші сессиясын ашу процедурасы, мемлекетке
келген қонақтарды қарсы алу, мемлекеттің атынан мерекелерімен құттықтау,
монарх сарайларының өмірін реттейтін әдеттер.
3. Мемлекеттік құрылым
Мемлекеттік құрылым нысаны – бұл мемлекеттің аумақтық құрылымы, оның
құрамдас бөліктерінің және осы бөліктердің әрбірінің мемлекетпен қарым-
қатынасының сипаты. Барлық мемлекеттер өздерінің мемлекеттік құрылымы
бойынша жай және күрделі болып екіге бөлінеді.
Жай немесе біртұтас мемлекет – бұл өз ішінде бөлінбейтін тұтас
мемлекет, оның өз ішінде дербес мемлекеттік құрылымдар болмайды, бұл
мемлекетте жоғары органдардың біртұтас жүйесі, заңнаманың ортақ жүйесі,
ортақ сот жүйесі, ортақ азаматтығы мен салықтардың бір каналды жүйесі
болады.
Күрделі мемлекет – бұл белгілі бір дәрежедегі дербестікке ие жекелеген
мемлекеттік құрылымдардан құралған мемлекет. Күрделі мемлекеттерге
империялар, федерациялар, конфедерациялар, достастықтар мен одақтастықтар
жатады.
Империялар күштеу арқылы құрылатын күрделі мемлекеттер, бұларда
құрамдас бөліктердің жоғары билікке бағыныстылық деңгейі әртүрлі болған.
Империялардың басты ерекшелігі – олардың құрамдас бөліктерінің ешқашан
ортақ мемлекеттік-құқықтық мәртебесі болмаған.
Конфедерация империяға қарағанда ерікті негізде құрылады. Бұл нақты
бір тарихи кезең шегінде белгілі бір мақсаттарға жету үшін құрылған
мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерацияны құраған егеменді мемлекеттер
халықаралық-құқықтық қатынастар субъектісі болып қала береді, оларда өз
азаматтығы, билік, басқару және сот әділдігі органдарының жүйесі болады.
Федерация – бұл күрделі, одақтас мемлекет, оның бөліктері мемлекеттік
құрылымдар болып табылады және және белгілі бір дәрежеде мемлекеттік
егемендікке ие болады; федерацияда жоғарғы федералдық органдар мен
федералдық заңнамамен қатар федерация субъектілерінің жоғарғы органдары мен
заңнамасы да болады; федерацияда салықтың екіканалды жүйесі пайдаланылады,
оның белгілерінің бірі болып қосазаматтық табылады. Федерациялар аумақтық
немесе ұлттық-мемлекеттік қағида бойынша құрылуы мүмкін.
Достастық – бұл ортақ белгілермен, біртектіліктің белгілі бір
деңгейімен сипатталатын мемлекеттердің ұйымдастырушылық бірлестігі. Оларды
біріктіретін белгілер экономикаға, құқыққа, тілге, мәдениетке, дінге
қатысты болуы мүмкін. Достастықтың мүшелері – бұл толығымен тәуелсіз,
егеменді мемлекеттер, халықаралық қатынастардың субъектілері.
Одақтастық – бұл қоғамды мемлекеттік ұйымдастырудағы ауыспалы нысан.
Одақтастықтың негізінде көп жағдайда мемлекетаралық шарт болады. Ол
одақтастыққа кіретін мемлекеттердің интеграциялық байланыстарын күшейте
түседі және оларды конфедеративтік бірлестікке қарай итермелейді.
4. Саяси режим
Бұндай мемлекет нысанында негізінен белгіленгені ол әлде құқықтың
әдіспен билікті жүзеге асыруы немесе керісінше азамат бостандығының,
құқықтарының, билікті жүргізуге қатысудан, саяси партия, меншік нысанына
қатынасының бұзылуы, аластатылуы. Саяси режим негізінен әрқашан саяси-
құқықтық режим. Себебі: саяси режим анықтамасы әрқашан қандай құқықтың
немесе құқыққа қарсы нысан жақтарымен байланысты болып келеді.
Мемлекет өз территориясындағы елді әртүрлі режимде басқарады. Бұл
режимдер көп ғасырлық тарихы бар елдерде қолданылады. Оның негізгі түрлері
ол: Демократиялық режим және Антидемократиялық режим.
Демократия — грек тіліндегі халық билігі деген ұғымнан шыққан сөз.
Демократиялық режимде мемлекеттің жоғарғы органы халық мандатына ие болады,
билік демократиялық және құқықтық әдіспен халық мүддесіне сәйкес құрылады.
Адам және азамат құқығы мен еркіндігі жан-жақты қорғалады және кепілдік
беріледі, заң қоғамның барлық саласында үстемдік етеді. Осы сөздің тамыры
айтып тұрғандай, халық өзін-өзі басқаратын қоғам құру, яғни қазіргі
қалыптасқан бұл құрылым, халық өзін басқаратын бір адамды сайлап алып, оған
сенім білдіріп, басқарту. Сондықтан демократиялық елде халыққа қажетті
заңдарды шығару сол елдің сенім білдіріп өздері сайлаған депутаттары арқылы
келісіліп, жүзеге асады. Сол халық сенім артып сайлаған депутаттары арқылы
заңдар шығарылып, соған халық бірдей бағынады. Бұл демократиялық қоғамда
халықтар өздері сайлаған президентінің, депутаттарының билігін, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz