Мемлекеттің Конституциялық құқықтарға қарсы қылмыстар
Мазмұны
КІРІСПЕ 2
1. Мемлекеттің Конституциялық құрылысы мен құқықтары 4
2. Мемлекеттің Конституциялық құқықтарға қарсы қылмыстар 14
3. Мемлекеттік Конституциялық жүйесіне қарсы қылмыстар 20
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26
КІРІСПЕ
Конституциялық құрылыс мемлекеттің құқыққа бағынуын қамтамасыз ететін
және оны конституциялық мемлекет ретінде сипаттайтын мемлекетті ұйымдастыру
әдісі ұғынылады. Конституцияның 1-бабында Қазақстан Республикасы
демократиялық мемлекет деп белгіленген. Бұл Қазақстан Республикасының
Конституциясында мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы ретінде халықтың
айқындалғанын білдіреді. Халықтық билік республикалық референдум және еркін
сайлау жолымен, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға
беру жолымен жүргізіледі. Республикадағы конституциялық құрылысына негіз
қалаған қағидаттар бекітілген: бұқаралық билік, мемлекеттік өмірдің барынша
маңызды мәселелерін демократиялық жолмен шешу, біртұтастық, мемлекеттік
егемендік, биліктерді бөлу қағидаты, құқықтық үстемдігі. Демократия тек
мемлекеттік билік органдарын халықтың құрғанынан ғана емес, сонымен бірге
жергілікті өзін-өзі басқару органдары жұмысына қатысуынан да көрінеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясында егемендік конституциялық құрылыстың
бір негізі ретінде атап өтіледі. Егемендік — мемлекеттің өзіндік басты
ерекшеліктерінің бірі. Қазақстан Республикасының егемендігін қамтамасыз
етуде айрықша рөлге 1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі
қабылдаған "Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы" декларациясы ие
болған. Декларацияда Қазақстан егемендігінің саяси, экономикалық және
құқықтық кепілдіктері бекітілген. Егемендіктің экономикалық негізін жер мен
оның байлықтары, сулар, ормандар, өсімдіктер дүниесі, жануарлар әлемі
табиғат және шикізат ресурстары, шаруашылық ресурстары, ғылыми-техникалық
және мәдени мүмкіндіктер құрайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясында Конституциялық Кеңеске
арналған бөлім бар. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде
ескі қылмыстық кодекстегі мемлекеттік қылмыстар деген ұғым мемлекеттің
конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар деген жаңа
ұғыммен алмастырылған. Бұл тұрғыдағы қылмыстардың топтық объектісі
мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне байланысты қоғамдық
қатынастарды қорғау болып табылады. Қылмыстық кодекстегі жаңартылып,
жетілдіріліп берілген бұл қылмыстық құқықтық нормалар Қазақстан
Республикасының 1996 жылғы 30 тамызда қабылдаған Конституциясында
көрсетілген, баянды етілген конституциялық құрылысты, қоғамнын ішкі, сыртқы
қауіпсіздігін, саяси, экономикалық жүйесін қорғау болып табылады. Тікелей
объектісіне байланысты бұл тарауға енген қылмыстар мынадай түрлерге
бөлінеді:
Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар:
мемлекеттік опасыздық, шпиондық жатады.
Қазақстан Республикасының саяси жүйесіне қарсы қылмыстар: мемлекет
немесе қоғам қайраткерлерінің өміріне қастандық жасау; өкіметті күшпен
басып алу немесе өкіметті күшпен ұстап тұру; қарулы бүлік. Қазақстан
Республикасының конституциялық құрылысын күшпен құлатуға немесе бұзуға
шақыру. Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мен қорғаныс
қабілетіне қарсы қылмыстар: диверсия мемлекет құпиясын сақтауға қол сұғатын
қылмыстар: мемлекеттік құпияны жария ету; мемлекеттік құпиясы бар
құжаттарды жоғалту.
1. Мемлекеттің Конституциялық құрылысы мен құқықтары
Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің басты міндеттерінің бірі өз
азаматтарының бостандықтары мен заңды құқықтарын барынша қорғау болып
табылады. Қазақстан мемлекеті адам құқықтары жөніндегі халықаралық
нормаларды толық қуаттай отырып, оны бұлжытпай жүзеге асыруға толық
кепілдік береді. Оның айғағы азаматтардың саяси, еңбек, әлеуметтік және
басқа да құқықтарының Қазақстан Республикасының Конституциясында толық, жан-
жақты көрініс табуы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында ең қымбат қазына
адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп белгіленген.
Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен
бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен
бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады,
олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық
актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады делінген
Конституцияның 1, 2-тармағында[1].
"Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып,
міндеттер атқарады". Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын
жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға,
конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс .
Конституцияның ІІ-бөлімі адам және азамат, оның құқығы, бостандығы мен
міндеттеріне тікелей арналған. Заңға сәйкес республиканың кез келген
азаматының нәсіліне, ұлтына, тіліне, әлеуметтік тегіне, дінге көзқарасына
тағы басқа да белгілеріне қарамастан құқықтар мен бостандықтар теңдігіне
кепілдік беріледі. Конституцияда адам және азаматтық туралы арнайы тарау
бар[2].
Конституцияда жария етілген азаматтардың осындай құқықтары мен
бостандықтарын қорғауды қылмыстық заң өзінің басты міндеттерінің бірі деп
санайды. Азаматтық құқық пен бостандыққа, саяси құқықтар мен
бостандықтарға, экономикалық және әлеуметтік құқықтарға Қазақстан
Республикасы Конституциясында ерекше мән беріледі.
Азаматтардың саяси, әлеуметгік және басқа да құқықтарына қарсы
қылмыстық жауаптылық нормалары Қылмыстық кодекстің төртінші тарауында
көрсетілген. Бұл қылмыстық заң нормалары азаматтардың конституциялық осы
құқықтары мен бостандықтарын қорғауда аса маңызды роль атқарады. Айтылып
отырған қылмыстың топтық объектісі болып азаматтардың конституциялық
құқықтары мен бостандықтары саналады.

кепілдік береді. Оньң айғағы азаматтардың саяси, еңбек, әлеуметтік және

Конституцияның 1, 2-тармағында. Яғни "Республиканың азаматы өзінің
азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады" (Конституцияның
12-бабының 3-тармағы). Адамның және азаматтың өз құқықтары мен
бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын
бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан
келтірмеуге тиіс (5-тармақ)[3].

кепілдік беріледі (14-баптың 2-тармағы). Конституцияда адам және азаматтық
туралы арнайы тарау бар. Азаматтық құқық пен бостандыққа; саяси құқықтар
мен бостандықтарға; экономикалық және әлеуметтік құқықтарға Қазақстан
Республикасы Конституциясында ерекше мән беріледі. Конституцияда жария
етілген азаматтардың осындай құқықтары мен бостандықтарын қорғауды
қылмыстық заң өзінің басты міндеттерінің бірі деп санайды (1-бап).

Қылмыстардың осы тобы қылмыстың тікелей объектісіне сәйкес және
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының мәніне қарай, мынадай негізгі
топтарға бөлінеді:
Саяси құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар: азаматтардың тең
құқықтылығын бұзу; сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау
комиссияларының жұмысына кедергі жасау; сайлау құжаттарын, референдум
құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды қате есептеу; журналистің заңды
кәсіптік қызметіне кедергі келтіру; жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру
өткізуге, пикет жасауға немесе оларға қатысуға кедергі жасау; ереуілге
қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу; қоғамдық
бірлестіктердің қызметіне кедергі жасау.
Адамның және азаматтың әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен
бостандықтарына қарсы қылмыстар: еңбек туралы заңдарды бұзу, еңбекті қорғау
ережелерін бұзу. Жеке құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар: жеке
өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу; хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта,
телеграф хабарларының немесе өзге хабарлар құпиясын заңсыз бұзу; дәрігерлік
құпияны жария ету; тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу; азаматқа ақпарат
беруден бас тарту; ар-ұждан және діни наным бостандығы құқығын жүзеге
асыруға кедергі жасау.
Қылмыстың тікелей объектісі Қазақстан Республикасының Конституциясының
14-бабының 1-тармағында көрсетілген тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және
мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына,
нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар
бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды деген қағида болып табылады[4].
Қылмыстың қосымша тікелей объектісі адамдардың денсаулығы немесе
бостандығы болуы мүмкін. Қылмыстың жәбірленушісі конституциялық тең
құқықтылығы заңсыз бұзылған Қазақстан Республикасының азаматтары сондай-ақ
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Конституцияда, Заңдарда және
халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ
адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды
пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады (12-баптың 4-тармағы). Қылмыс
объективтік жағынан адамның (азаматтың) құқықтары мен бостандықтарын тегі,
әлеуметтік, лауазымдық немесе мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі,
дінге көзқарасы, сенімі, тұрғылықты жері, қоғамдық бірлестіктерге
қатыстылығы себептермен немесе өзге кез келген жағдайлар бойынша тікелей
немесе жанама шектеу арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілген құқықтар мен
бостандықтарды тікелей шектеу деп азаматтың (адамның) конституциялық
құқықтары мен бостандықтарын ашық түрде оның белгілі бір ұлтқа, дінге,
нәсілге жататындығына немесе басқадай белгілеріне байланысты бұзу (жұмысқа
алуға кедергі қою, қоғамдық көлікті ұлтына, тіліне байланысты пайдалануға
кедергі жасау, тұрғын үй беруден шектеу, белгілі бір аумақта көрсетілген
белгілерге байланысты тұруға тыйым салу т.б. әрекеттер жатады). Көрсетілген
белгілер бойынша жанама түрде шектеуге азаматтардың жалақысын кеміту,
мамандығы немесе тиісті кәсібі бойынша еңбек етуіне жол бермеу, көрсетілген
белгілер бойынша оларды үнемі мінеу, сынау, олардың өз ойларын, пікірлерін
айтуына жол бермеу немесе басқадай түрдегі әртүрлі кемсітулер жатады.
Субъективтік жағынан алғанда аталған қылмыс тек тікелей қасақаналықпен
істеледі. Кінәлі адам азаматтық (адамның) конституциялық тең құқықтарын
бұзатынын сезеді және де заңда (141-баптың 1-тармағы) көрсетілген белгілер
бойынша оны жүзеге асыруды тілейді. Қылмыстық ниет адамның құқығын ұлтына,
тіліне, дініне немесе басқадай белгілеріне байланысты олардың
конституциялық тең құқықтылығын бұзу болып табылады. Қылмыстың субъектісі
16-ға толған кез келген адам. Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып
немесе қоғамдық бірлестіктің жетекшісі осы әрекеттерді жасаса, онда олар
осы қылмыстың ауырлататын түрі бойынша жауаптылыққа тартылады (ҚК-тің 141-
бабының 2-тармағы). Көрсетілген ауырлататын қылмыс құрамының субъектісі —
арнаулы (лауазымды адам немесе қоғамдық бірлестіктің жетекшісі). Олардың
түсінігі ҚК-тің 228 және 307-баптарының ескертулерінде берілген[5].
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Парламенттің мәжіліс
депутаттарын, Президентті, жергілікті өкілді органдар депутаттарын сайлау
жалпыға бірдей, тең төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы
өткізіледі. Сайлауға, сайлануға, республикалық референдумға тек қана сот іс-
әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас
бостандығынан айыру орындарында отырғандар ғана қатыспайды. Сайлауда дауыс
жасырын беріледі. Республика Конституциясы бойынша сайлаушылардың өз еркін
білдіруіне бақылау жасауға жол берілмейді[6]. Мұндай әрекеттер заң бойынша,
оның ішінде қылмыстық құқықтық нормалар арқылы да жазаланады.
Қылмыстың тікелей объектісі азаматтардың сайлау құқығын дұрыс жүзеге
асыруын немесе сайлау комиссиясының жұмысына кедергісіз қатысуын реттейтін
қоғамдық қатынастар.
Қылмыс объективтік жағынан алғанда сайлаушының өзінің сайлау құқығын
немесе референдумға қатысу құқығын еркін жүзеге асыруына кедергі жасау,
сондай-ақ сайлау комиссияларының немесе референдум жүргізу жөніндегі
комиссияның жұмысына заңсыз араласу және дауыс беруге, кандидаттарды
тіркеуге, дауыстарды санауға және сайлаудағы немесе референдумдағы дауыс
беру нәтижелерін анықтауға байланысты міндеттерін атқаруына кедергі жасау
арқылы жүзеге асырылады. Мысалы: сайлаушыларды сайлауға, референдумға
қатысуға жібермеу, сайлау өтетін орынды жасыру, тұрғындарға сайлау немесе
референдум туралы ойдан шығарылған мәліметтер таратып, оларды өткізу
жөніндегі комиссиялардың қызметіне түрлі кедергілер жасау, депутаттыққа
кандидаттарды ұсынуға жол бермеу, дауыс беруге, оның нәтижелерін анықтауға
әртүрлі кедергі келтіріп, ақпарат құралдарына ол жөнінде жалған мәліметтер
беруге тырысу.
Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол сайлау құқығын жүзеге асыруға
немесе сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтіру әрекеттерін жасаған
уақыттан бастап, өзінің оларға қойған мақсатының жүзеге асқанына немесе
аспағанына қарамастан аяқталған деп табылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тек тікелей қасқаналықпен істеледі.
Қылмыстық ниет сан алуан болуы мүмкін, оның осы қылмысты саралауға
әсері болмайды.
Қылмыстық кодекстің 146-бабының 1-тармағындағы әрекеттер:
а) сатып алумен, алдаумен, күш қолданып не оны қолданамын деп
қорқытумен сабақтасса;
б) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаса;
в) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан
топпен жасалса — онда ол осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (146-
баптың 2-тармағы).
Сайлаушыға сайлауға немесе референдумға қатыспауға, сайлау немесе
референдум комиссиясы мүшесіне немесе өзге де адамдарға сайлау
комиссиясының жұмысына кедергі келтіруге байланысты мүліктік немесе
басқадай сыйақы беру немесе соны беремін деп уәде беру сатып алу деп
танылады.
Объективтік жағынан қылмыс сайлау құжаттарын немесе референдум
құжаттарын бұрмалау, бюллетеньге жалған жазбалар немесе қол қойылған
парақтар енгізу, дауыстарды көпе-көрінеу қате есептеу, не сайлаудың
нәтижелерін немесе референдум қорытындыларын көпе-көрінеу дұрыс айқындамау,
не дауыс беру құпиясын бұзу, егер осы әрекеттерді Қазақстан Республикасы
Президентіне кандидаттың сенімді өкілі немесе депутаттыққа кандидаттың
сенімді өкілі, сол сияқты бастамашы топтың немесе сайлау комиссиясының
немесе референдум жүргізу жөніндегі комиссияның мүшесі жасауы арқылы жүзеге
асырылады.
Сайлау немесе референдум құжаттарына жалғандық жасау: сайлау
бюллетендеріне, дауыс беру куәлігіне, сайлаушылардың тізімдеріне, сайлау
хаттамаларына және басқа да құжаттарға теріс өзгерістер енгізу немесе
оларды басқаша жазу, оларға түзетулер енгізіп, қайта жасау, қолдарды жалған
түрде қою, оларға басқа мерзімдерді көрсету арқылы жүзеге асырылады. Сайлау
және референдум туралы заңдарға сәйкес сайлау құжаттарына дауыс беру
куәлігі, сайлау бюллетендері, дауыс берудің қорытындысы туралы хаттама,
сайлаушылардың тізімдері, сайланғаны туралы куәлік, әрбір кандидатқа
арналған іс қағаздары саналады. Дауысты көпе-көрінеу қате есептеу деп
дауысқа түскен кандидаттар үшін берілген сайлаушылардың дауыс беру санын
қасақана көбейту немесе азайту әрекеттері саналады.
Сайлаудың нәтижелерін немесе референдум қорытындыларын көпе-көрінеу
дұрыс айқындамау шындыққа сай келмейтін жағдайда кандидатты сайланды немесе
сайланбады, сайлау немесе референдум өткізілді немесе өткізілмей қалды деп
ресми түрде жариялаулар жатады.
Дауыс беру құпиялығын бұзуға: сайлаушының дауыс беру бюллетенін
арнаулы бөлмеде толтыруына кедергі жасау; сайлауды, референдумды арнаулы
жабдықталмаған кабиналарда өткізу; дауыс берушіні анықтау үшін сайлау
бюллетеніне белгі қою; тағы сол сияқты сайлауды өткізу заңына қайшы
әрекеттер жатады. Қылмыс құрамы формальдық. Осы жоғарыда көрсетілген
әрекеттердің біреуін істеу қылмыстың аяқталғанын білдіреді.
Аталған қылмыс субъективтік жағынан алғанда тек тікелей қасақаналықпен
жасалады. Кінәлі адам, қылмыстық кодекстің 147-бабының 1-бөлігінде
көрсетілген заңсыз әрекеттердің кез келгенін заңсыз жасайтынын сезеді және
соларды жүзеге асыруды тілейді.
Қылмыстың субъектісі арнаулы — Қазақстан Республикасы Президентіне
кандидаттың сенімді өкілі немесе депутаттыққа кандидаттың сенімді екілі,
бастамашы топтың, сайлау комиссиясының немесе референдум өткізу
комиссиясының жасы 16-ға толған мүшелері.
Журналистің заңды кәсіптік қызметіне кедергі келтіру Қылмыстың тікелей
объектісі — сөз бен шығармашылық еркіндігі, қосымша тікелей объект —
журналистің заңды құқықтары мен мүдделері. Қазақстан Республикасының
Конституциясының 20-бабының 2-тармағына сәйкес әркімнің заң жүзінде тыйым
салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар
делінген. Баспасөз және бұқаралық ақпарат туралы заңға сәйкес журналистің
заңды кәсіптік қызметіне кедергі келтірулер үшін заңдылық, оның ішінде
қылмыстық жауаптылық көзделгені көрсетілген.
Осы қылмыстың заты болып — ақпарат мәліметтері жатады. Қылмыстың
жәбірленушісі заңды кәсіби қызмет атқаратын кез келген бұқаралық ақпарат
құралдарында қызмет істейтін журналист.
Объективтік жағынан қылмыс журналистің заңды кәсіптік қызметіне оны
ақпарат таратуға не оны таратудан бас тартуға мәжбүрлеу арқылы кедергі
жасау арқылы жүзеге асырылады. Бұл жерде қылмыстың мәжбүрлеу тәсілін
қолдану арқылы іске асырылатындығы көрсетіліп отыр. Мәжбүрлеуге журналистке
немесе оның жақындарына мүліктік зиян келтіремін, олар жөнінде қолайсыз
мәліметтер таратамын деген бопсалау әрекеттері жатады. Кінәлі адам осындай
мәжбүрлеу амалдарын қолдана отырып журналистің шындыққа сай ақпаратгы
таратуына кедергі келтіреді. Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол осы
мәжбүрлеу әрекеті істелген сәттен бастап, одан нәтиже болғанына немесе
болмағанына қарамастан аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан
тек тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам журналисті ақпаратты
таратуға немесе таратпауға мәжбүрлеп отырғанын сезеді және соны жүзеге
асыруды тілейді. Мәжбүрлеу мақсаты — заңның өзінде ақпаратты таратуға
немесе таратудан бас тартуға мәжбүрлеу деп көрсетілген.
Қылмыс құрамы формальдық және ол баптың диспозициясында көрсетілген
кез келген әрекеттердің біреуін істеген сәттен бастап аяқталған деп
танылады. Жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткізуге, пикет жасауға немесе
оларға қатысуға заңсыз кедергі жасалса ғана қылмыс құрамы орын алады.
Мүндай әрекеттерді заңсыз жүзеге асырғанда оларға кедергі келтіру заңға
сыйымды, қоғамға пайдалы іс-әрекет деп саналады.
Жиналыс, митинг, шеру өткізу, пикет жасаудың тәртібі арнаулы құқықтық-
нормативтік актімен реттеледі.
Қылмыс субъективтік жағынан тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі.
Қылмыстың мақсаты — жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткізуді, пикет
жасауды заңсыз тоқтату, болдырмау немесе осындай
Қылмыстың істелу тәсілі — күш көрсету немесе оны қолданамын деп
қорқыту арқылы ереуілге қатысуға немесе заңды ереуілге қатысудан бас
тартқызуға мәжбүрлеу болып табылады. Мәжбүрлеудің түсінігі ҚК-тің 151-
бабында толық беріледі. Мұндай мәжбүрлеу лауазым адамы немесе жай
адамдардың тарапынан орын алуы мүмкін. Ереуіл өткізу арнаулы нормативтік-
құқықтық актімен реттеледі. Яғни ҚК-тің 153-бабы бланкеттік диспозицияға
негізделген. Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол заңның
диспозициясында көрсетілген әрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап
аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен
істеледі. Қылмыстың мақсаты — заңсыз ереуілге қатысуға немесе заңды
ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қоғамдық бірлестіктер
заң алдында бірдей. Қоғамдық бірлестіктер ісіне мемлекеттің және мемлекет
ісіне қоғамдық бірлестіктердің заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге
мемлекеттік органдардың қызметін жүктеуге, қоғамдық бірлестіктерді
мемлекеттік қаржыландыруға жол берілмейді (5-баптың, 2-тармағы)[7].
Қазақстан Республикасында қоғамдық бірлестіктердің қызметі арнаулы заң —
қоғамдық бірлестіктер туралы заңмен реттеледі. Қоғамдық бірлестіктердің
қызметін реттейтін қоғамдық қатынастар осы қылмыстың тікелей объектісі
болып табылады.
Қылмыс объективтік жағынан алғанда қоғамдық бірлестіктердің занды
қызметіне лауазымды адамның өзінің қызмет бабын пайдаланып кедергі жасауы,
сондай-ақ осы бірлестіктердің заңды қызметіне олардың құқықтары мен заңды
мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соғатын лауазымды адамның өзінің қызмет
бабын пайдалана отырып араласуы арқылы жүзеге асырылады. Яғни көрсетілген
қылмыс екі түрлі тәсілмен:
1) лауазымды адамның өзінің қызмет бабын пайдаланып осы
бірлестіктердің қызметіне кедергі жасауы (олардың жарғысын бекітпеу,
заңды қызметіне шек қою, қоғамдық бірлестіктердің қызметін заңсыз
тоқтатып қою);
2) лауазымды адамның осы бірлестіктердің заңды қызметіне заңсыз
араласуы (қоғамдық бірлестіктерге заңсыз нұсқаулар беру, олардың
қызметін бақылауға алу т.б.) арқылы жүзеге асырылады.
Қылмыс құрамы материалдық. Лауазымды адамдардың осындай заңсыз
әрекеттерінен қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен заңды мүдделерін
елеулі түрде бұзу орын алады. Елеулі түрде бұзудың түсінігін ҚК-тің 307-
бабына талдау жасағанда толық береміз.
ҚК-тің 150-бабындағы құрам лауазым адамының өкілеттілігін теріс
пайдаланудың (307-бап) арнаулы түрі болып табылады. Қылмыс субъективтік
жағынан тікелей қасақаналықпен және әртүрлі ниеттермен (пайдакүнемдік,
қараниеттік, кек алу, қызғаныш т.с.с) істеледі.
Конституцияның 18-бабының 1-тармағына сәйкес азаматтың жеке өміріне
қол сұғуға болмайды. Азаматтардың хат-хабар жазуы, телефонмен сөйлесуі,
телеграф арқылы хабарлауы олардың жеке өмірлік құқықтары болып табылады
және мұндай хабарлаудың құпиялылығы сақталады (18-баптың 2-тармағы).
Байланыс мекемелері азаматтардың осындай құқықтарын мүлтіксіз қорғауға
міндетті. Азаматтардың хат-хабар жазысу, телефонмен сөйлесу, телеграф
арқылы хабарласу құпиясын бұзған адамдар тәртіпке, әкімшілік немесе
қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Тек қана бір жағдайда Қазақстан
Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 235-237-баптарында
көрсетілген негіздер бойынша ғана хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта-
телеграф жөнелтілімдерін немесе өзге хабарларды тұтқындау, оларды тексеру
мен алу, жол жөнекей ұстау, тыңдау мен жазу әрекеттері жүзеге асырылады.
Бұл әрекеттерді жүзеге асыру тергеуші мен прокурордың құзыретіне жатады.
Басқа негіздермен мұндай әрекеттерді жүзеге асыруға ешкім де құқылы емес,
мұндай ретте кінәлі адам ҚК-тің 143-бабы бойынша жауапқа тартылады.
2. Мемлекеттің Конституциялық құқықтарға қарсы қылмыстар
Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу (141-бап). Қылмыстың тікелей
объектісі Қазақстан Республикасының Конституциясының 14-бабының 1-
тармағында көрсетілген тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік
жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына,
тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша
ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды деген қағида болып табылады[8].
Қылмыстың қосымша тікелей объектісі адамдардың денсаулығы немесе бостандығы
болуы мүмкін. Қылмыстың жәбірленушісі конституциялық тең құқықтылығы заңсыз
бұзылған Қазақстан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz