МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ 3
1. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ 5
2. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ 6
3. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ 8
4. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ 12
5. МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДЫ МЕМЛЕКЕТ ИЕЛІГІНЕН АЛУ ЖӘНЕ
ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ 15
6. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ 21
7. ОРАЛЫМДЫ БАСҚАРУ ҚҰҚЫҒЫ 28
ҚОРЫТЫНДЫ 33
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 34

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы заң-құқық ұлттық жүйесінің жылдам қалыптасуы,
Қазақстан қоғамының қалыпты қозғалысы мен үнемі жаңарып отыруы соңғы уақыт
шеңберінде болып жатқан оң өзгерістерді басқаша көзқарастар тұрғысынан
зерделеп, бағамдап алу міндетін алға тартады.
Заңгерлік мамандықты таңдап алған біздер үшін бұл міндет аса қомақты
да күрделі. Біздің таңдап алған тақырыбымыз азаматтық құқықтық
қатынастардың негізгісі деуге де болады. Себебі қазіргі нарық заманында
меншік құқығының ауқымы кеңіп, оның сан алуан түрлілігі қоғамымыздың
дамуына оң ықпал етіп отыр. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардың бастапқы
кезеңінде жекешелендірудің белең алғанын соның негізінде меншік түрлері
көбейді. Қазақстан қазіргі кезде әлемдік нарықтық қатынастарға белсене
араласатын тәуелсіз мемлекет болғандықтан халықаралық қатынастарды
реттейтін заңнамалар мен актілерді бекітуде. Мұның бәрі құқықтың сан алуан
салаларындағы өзгерістерді туғызуда. Сондықтан менің курстық жұмысымның
тақырыбы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақ халқының тарихы өте күрделі кезеңдерді басынан кешкені белгілі.
Соған байланысты қазақ халқының тәуелсіз мемлекет болу кезеңдерінде біршама
заңдардың қабылданғанын білеміз. Мысалы XVІ ғасырдың бірінші ширегінде
Қасым хан (1511-1520 жж.) тұсында Қасым ханның қасқа жолы атты акті
қабылданса, Есім хан билік еткен кезде (1598-1628 жж.) Есім ханның ескі
жолы аталған заң қабылданған еді. Ал бізге тарихтар қойнауынан хат жолымен
жеткені Тәуке ханның (1680-171 жж.) Жеті жарғысы аталған жинақ болып
отыр. Оның маңызы туралы, ондағы мүліктік және мүліктік емес құқық
объектілері туралы сөз қозғау өз алдына бөлек зерттеуді талап етеді. әңгіме
біздің алып отырған тақырыбымыздың бастауы сонау ықылым заманнан бері келе
жатқан өзекті мәселелердің бірі.
Меншік құқығы қазақтардың әдеттегі құқығының ажырамас бөлшегі екенін
осы Жеті жарғы баптарынан көреміз.
Академик С.3. Зиманов қазақтардың әдеттегі құқығында меншік құқығының
басымдылығы, мүліктік жауапкершіліктің жоғары болғандығын атап көрсеткен
еді[1]. Алысқа ұзамай-ақ ауыз екі сөз тіркестерінде қолданылып жүрген
айыптың бірі тоғыз құн төлеу туралы еске сала кетсек те жеткілікті.
Ал енді мәселенің түп төркіні меншік құқығының анықтамасы мен
мазмұнына көшейін.

1. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ

Мемлекеттік меншік Конституциямен (6-бап), Азаматтык кодекспен (192-
бап) меншіктің бір түрі ретінде бекітілген.
Азаматтық кодексте азаматтық-кұқықтық қатынастардағы барлық
катысушылардың тендігі көзделген.
Азаматтықкодекстің 111—114-баптарынасәйкес мемлекет азаматтық-құқықтық
қатынаста өзіндік егемендік иммунитетін көрсетпейді, қайта азаматтық
зандармен реттелетін қатынас-тарға осы катынастардың өзге қатысушыларымен
тен негіздерде қатынасады. Мысалы, мемлекетке және әкімшілік-аумақтық
бөліністерге заңды тұлғалардың азаматтық зандармен реттелетін катынастарға
қатысуын анықтайтын нормалар, егер заң құжаттарынан өзге норма туындамайтын
болса, қолданы-лады (АК-тін, 114-бабы) және азаматтық-құқықтық дауларды
Қазақстан Республикасыньщ қатысуымен соттар шешеді (АК-тің 111-бабы 3-
тармағы).
Мемлекеттік меншік катынасы тендікті жариялай отырып, бірак белгілі
бір ерекшеліктерге ие: а) мемлекет егеменді биліктің иесі, ол осыған орай
заңдар қабылдап, әкімшілік актілерін шығарады; ә) мемлекет занды тұлға
болып табылмай-ды, сондықтан да оның атынан өкімет билігі мен басқару орган-
дары әрекет етеді, олар әздерінің құзыреті іиегінде, белгіленген заңдар мен
ережелер шенберінде қимылдайды; б) мемлекеттік меншіктің аумағы зор, ол кез
келген мүлікті, оның ішінде ай-налымнан алынған немесе шектелгеңдерін де
иелене алады; в) мүлікті меншікке алуда әртүрлі тәсілдер қолданады,
айталык, салық, баж салығы, жинау жәнет.б. бар; г) мемлекеттік меншік
негізівде әлеуметтік міндетгер жүзеге асады, яғни тұрғындар-ды күнкеріске
қажеттілікпен қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік меншік құқығын объективтік мағынада Қазақ-стан
Республикасы атынан мемлекетке жататын материалдық игіліктерді бекітетін
және корғайтын қүқықтык нормалардың жиынтығы деп түсіну керек және де ол
мемлекеттік мүлікті иеленуге, пайдалануға және билік етуге байланысты
тәртіп жүйесін бекітеді.
Мемлекеттік меншік қүқығы субъективтік мағынада мүлікті иелену,
пайдалану және билік ету жөнінде мемлекеттін, өкілеттігіне жататын
құқықтардан түрады, мемлекет оның Қазақстан халқының мүддесі жолында өз
қалауы бойынша жүзеге асырады.

2. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ

Мемлекеттік меншік құкығының субъектісі мемлекет бо-лып табылады.
Мемлекеттік меншікті басқару және меншік иесінің қүқыктық өкілеттігін
жүзеге асыру мемлекеттік билік органдары аркылы жүзеге асады. Занда
көрсетілген немесе Қазақстан Республикасы тапсырмасы болған ретте оның
атынан басқа мемлекеттік органдар, занды түлғалар мен азаматтар әрекет
етеді. Конституцияның 66-бабы, 4)-тармакшасына сәйкес ҚР Үкіметіне
мемлекеттік меншікті басқаруды ұйым-дастыру жүктелген. Қазақстан
Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар 1995 жылы 18-
желтоқсанда қабылданған "Қазақстан Республикасыньщ Үкіметі туралы"
Жарлығының 9-бабы 8-тармағына сәйкес Үкімет мемлекеттік меншікті басқаруды
үйымдастырады, оны пайдалану жөніндегі шараларды жасап әрі жүзеге асырады,
Қазақстан Республика-сы аумағында мемлекеттік меншіктің қүкығын қорғауды
қам-тамасыз етеді. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы ҮКіметіне мемлекеттік
меншік қүқығының субъектісі ретіндегі міндеті жүктелген. Демек, Үкімет
мемлекеттік мүлікке қатысты кез келген әрекетті жасай алады, ҚР Үкіметіне
конституциялық бекітілген ©кілеттігіне орай өзіне мемлекетгік меншікті
басқа-руды ұйымдастыру тапсырылғандықтан, оны өзі немесе өкілетті органдары
арқылы жүзеге асырады, яғни осыған орай мемле-кеттік меншікті иелену,
пайдалану жөне билік ету мәселелерін шешеді.
"Мемлекеттік кәсіпорындар туралы" Жарлықтың 1-бабы негізінде
мемлекеттік кәсіпорындар мынадай түрге бөлінеді: а) республикалық
меншіктегі — республикалық мемлекеттік кәсіпорындар; ә) коммуналдық
меншіктегі — коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар. Республикалық
мемлекеттік кәсіпорындарға байланысты мемлекеттік меншік субъектісі
министрліктер, мемлекеттік комитеттер, ведомстволар, министрліктердің
бірқатар департаменттері және басқа өкілетті органдар, оған өкілдік ете
алатын әкімдер болып есептеледі. 1996 жылы 25 маусымда Үкімет қаулысымен
бекітілген рес-публикалық Мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі бекітілген
еді, ал коммуналдық мемлекеттік көсіпорындардың тізбесін "Мемлекеттік
кәсіпорындар туралы" Жарлықтың 2-бабына сәйкес жергілікті әкімдер бекітеді.
Жоғарыда айтып еткеніміздей, занда көзделген немесе мемлекеттің арнайы
тапсырмасымен мемлекет атынан басқа мемлекеттік органдар, завды түлғалар
мен азаматтар әрекет ете алады. Мысалы, Қазақстан Республикасының 1997
жылғы 21 қаңтардағы "Банкроттық туралы" Заңының 105-бабы 8-тар-мағында:
"Мемлекеттік кәсіпорындардың, сондай-ак жарғы-лық капиталындағы мемлекеттің
үлесі 50 пайыздан астам бо-латын шаруашылық серіктестіктерінің төлем
кабілетсіздігін оңалтуды жүргізуге уәкілдік берілген органдарға (ұйымдарға)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік мүлік иесінің кұкықтарын
беруі мүмкін деп көрсетілген.

3. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ

Мемлекеттік меншік объектілеріне мыналар жатады: 1) қозғалмалы және
қозғалмайтын заттар; 2) ақша, шетелдік валюта; 3) бағалы қағаздар; 4)
міндеттемелік және басқалай зат-тық қүқықтар мен міндеттер.
Қазіргі заң мемлекеттік занды тұлғалардың мүлкін айыру-да қор
женіндегі бұрынғы дәрежелеуді сақтаған (АК-тің 200-бабы). Коғамдык өнім
экономикалық түрде бөлінеді, ол қоғамдық өнімнің құрамындағы кажетті бөліну
мен мақсатты бөлінуге негізделеді.1
Бүгінгі тавда мүлікті қор бойынша дәрежелеу экономика-лык жағынан
кұнды әрі кәсіпорынның бухгалтерлік есебін, мүлік есептеуге жүргізуге
оңтайлы келеді. Әрине, мүліктерді негізгі қорға, айналым қаржысы, шикізат,
дайын өнім тәрізді қорларға бөлу белгілі бір практикалық мәнге ие, өйткені
олар-дың әрқайсысының өзіне тән күкылық тәртібі бар. Бірақ та ендігі жерде
жалпы азаматтық занда занды түлғанын, кай қор-ды, қандай көлемде және
қандай мақсатта құратынын оның тек өзі шешетіндігі айқындалған. Қазіргі
қолданылып жүрген зан,-дар нормаларында мүлікті мақсатты пайдаланудан бас
тарту принципі бекітілген, демек, қорлар бойынша мүлікті шектеу енді жоқ
(АК-тің 44-бабы).
Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік меншік республика-лық мемлекеттік
меншік және коммуналдық мемлекеттік меншік болып бөлінеді. Азаіматтық
кодекстің 192-бабының 2-тармағына сәйкес республикалық мемлекеттік
меншіктің объектісіне жататындар: республикалық меншік республика-
лыққазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттік рес-публикалық завды
тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұра-ды. Бүрынғы Азаматтық кодексте
болмаған "қазына" деген үғым пайда болды. Қазақстан Республикасының
мемлекеттік қазынасына республикалық бюджет қаражаты, алтын-валюта қоры
және алмас қоры, мемлекеттік меншіктің 193-бабында аталған объектілері
(жер, оның қойнауы, су, жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар) және
мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік
жатады.
Қазақстан Республикасьшың "Бюджет жүйесі туралы" 1999-жылғы 1-
сәуірдегі Заңына сәйкес республикалык бюджет Қазақстан Республикасынын,
Заңымен бекітілген түсімдермен бюджет тагшіылығын каржыландыру (профицитті
пайдалану) есебінен калыптастырылатын және өзіне Қазақстан Республи-касы,
Конституция мен заң актілері арқылы жүктелген міндет-терді жүзеге асыру
үшін Қазақстан Республикасынын. Үкіметі белгілейтін Республикалық бюджет
бағдарламаларын каржы-ландыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры —
Казақ-стан Республикасының Үкіметі әзірлейтін және республика-лық бюджеттен
қаржыландыратын жалпымемлекеттік маңы-зы бар бағдарламалардан тұрады.
Бюджет тиісті қаржы жылы-на арналған Үкімет кабылдаған Қазақстан
Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспары-ның
негізінде Қазақстан Ресггубликасы Презвдентінің Қазак,-стан халқына жыл
сайынғы жолдауын ескере отырып калып-тастырылады.
Республикалык бюджетке түсетін түсіңдер: 1) республика-лық бюджеттің
кірістері (арнайы экономикалық аймактардың қаржы қорларына (бюджеттеріне)
есептелетін сомадан басқа), олар мыналардан тұрады: а) салықтардан,
адамдардан және басқа да міндетті төлемдерден алынатын түсімдер; ә) салық-
тық емес түсімдер; б) кагшталмен жүргізілетін операциялар-дан алынатын
кірістер; 2) алынған ресми трансферттер (грант-тар); 3) республикалық
бюджеттен бүрын берілген несие бой-ынша негізгі борышты өтеу (Заңның 7-
бабы).
Азаматтық кодекстің 192-бабы 2-тармағына сәйкес мемле-кеттік қазынаны
алтын-валюта қоры және алмас қоры қүрай-ды. Қазақстан Республикасы
Президентінің 1995 жылы 30 нау-рызда қабылдаған "Қазақстан Республикасының
Үлттық банкі туралы" және 1995 жылғы 20 шілдедегі "Бағалы металдар мен
бағалы тастарға байланысты мемлекеттік қатынастарды реттеу туралы"
Жарлықтары езгерістер енгізілгеннен кейін оны "ал-тын-валютақоры және
бағалы металдар мен бағалы тастардын үкіметтік резерві" деп атайды.
Қазақстан Республикасы Үлттық банкісінің алтьш-валюта қоры
қазақстандықтеңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін
кұрылып, пайда-ланылады. Және де ол шетелде сақталатын алтын, шетелдік
валюта, мәнет, банк кдржысынан және Қазақстан Республи-касы Үлттык
банкісінде сақталатын валюталық құндылыктар-дан тұрады. Сондай-ақ
халықаралық танылған кез келген ак-тив қорлары; аударылатын вексельдер, жай
және казыналық вексельдер (шет мемлекеттер мен халықаралық каржы мекемелері
арқылы шығарылып, кепілдендірілген), басқа да сыртқы активтер (кірістер),
қорлардың сатып алу күнын сак-тау да алтын-валюта корына жатады.
Алтын-валютақорын несиеретінде беруге болмайды, Қазақ-стан
Республикасының Презвденті шешімдерінде қаралған реттерден басқа жағдайда
Қазақстан Республикасы резиденті болсын, болмасын кепілдік және басқа
міндеттілікті ұсынуға да жол берілмейді.
Алтын-валюта қорын толықтыруды Қазақстан Республика-сы Үлттық банкісі
жұргізеді (Жарлықтың 58-бабы).
Бағалы металдар мен бағалы тастардың үкіметтік крры ба-ғалы металл,
оның ішінде алтыннан және бағалы тастардан, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы Үкіметінің республика-лық бюджетте қаралған қаржыға сатып
алған зергерлік бұйым-дарынан, тәркіленген немесе караусыз қалған, кейін
мемлекет меншігіне өткізілген мүліктерден, табылған көмбеден, тарихи және
мәдени ескерткіштерге қазба жұмыстарын жүргізген кез-де табылған бағалы
металдар мен бағалы тастардан, бұйымдар-дан құралады.
Мемлекеттік (бюджеттік) қор Мемлекеттік күзетте сақта-лады. Бұл қорға
тапсырылған құндылықтарды беру, есептеу, сату және оған өткізу Қазақстан
Республикасы Үкіметінің шешімімен жүзеге асады (Жарлықтың 11-бабы).
Қазынаға сондай-ақ мынадай мемлекеттік меншік объекті-лері де жатады:
жер, оның қойнауы, су, есімдіктер мен жану-арлардүниесі, басқа
датабиғиресурстар (ҚР АК-тің 193-бабы). Жер, сондай-ақ занда белгіленген
негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін (Қазақстан
Респуб-ликасының Конституциясы 6-бабы, 3-тармағы).
Занда тек мемлекет қана меншік иесі болатын мүліктердің тізбесі толык
камтылмаған.
Табиғи ресурстарға меншік қүқығын жүзеге асыру ерекшеліктері былайша
ерекшеленеді: а) табиғи ресурстарды пайдалану езге мүліктерді пайдаланудан
айтарлықтай ерекше-ліктерге ие; сондықтан да ол белгілі бір мақсатпен
қолданыла-ды, бүл орайда табиғатқа залалы тимеуі тиіс; ә) аталған ресур-
старды үнемі бақылап отыру, сол үшін арнайы жүйе-монито-ринг қарастырылған;
б) табиғат объектілеріне жасалған залал белгілі бір уақыт өткен соң
көрінеді; в) арнайы екілеттігі бар бақылаудын түтастай жүйелері болады
(жерді, орманды бақы-лайтын органдар т.б.); г) тиісті мемлекеттік
органдардың таби-ғат объектілерін пайдаланушылар қызметіне араласу құкығы
ескерілген.1
Қазіргі заң республикалық кәсіпорындарға мүлікке шар-уашылық жүргізу
құқығын, ал қазыналык кәсіпорындарға,1 мемлекетгік мекемелерге оралымды
басқару құқығын бекіткен.
Азаматтықкодекстің 192-бабы 3-тармағына сәйкес комму-налдық меншік
жергілікті қазынадан және заң құжаттарына сәйкес коммуналдық завды
түлғаларға бекітіліп берілген мүліктен түрады.
Жергілікті бюджет қаражаты мемлекеттік занды тұлғалар-ға бекітіліп
берілмеген өзге де коммуналдық мүлік жрргілікті қазынаны құрайды.
Конституцияның 87-бабындажергілікті аткарушы органдар-дың қарауьша
коммуналдық меншікті басқару да енеді делінген. Бұл меншіктің жаңа түрі
пайда болды деген сөз емес.
Коммуналдык меншіктің ерекшелігі оның қызметінің жергілікті
мәселелерге арналып, белгілі мақсатқа жұмылды-рылатындығымен ерекшеленеді.

4. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

Мемлекет Азаматтық кодекстің 192-бабы негізінде мемле-кеттік мүліктің
біртұтас меншік иесі болып табылады. Оның иелену, пайдалану және билік ету
тәрізді қүкықтық өкілеттік-теріне ешкім де ешқашан шек қоя алмайды. Яғни
мемлекет өзі үшін заң шығарып, мемлекеттік мүлікті пайдалану тәртібін
айқындап отырады.
Қазақстан Республикасы азаматтық күқықтың субъектісі ретівде
мемлекеттік меншікті езінің органдары арқылы басқа-рады, солардьщ ішінде
мемлекеттік занды түлғалар арқылы да басқарады.
Мемлекеттің иелену қщыгы дегеніміз, карамағындағы заң-мен қорғалатын
мемлекеттік мүліктерді мемлекеттік органдар-ға немесе кейбір бөліктерін
кәсіпорындар мен мекемелердің шаруашылық жүргізу және оралымды басқару
күқықтарына беруге қарамастан өзінің кұзыретінде қала береді.2
1 Батыстыңэкономикалықжәнезанәдебиетт ерінде көсіпорынды йртүрлі
факторлардың бірлігі ретінде кдрайды: өндіріс, табиғи ресурс, епбек жәие
к;і-питал. Көсіпорынды азаматтық және сауда қүқықтарыныц субъектілері деи
қарайтын елдер онша көптеемес. Мысалы, Лихтенштейн — Латын Америкасы-ньщ
бірқатар елдерінін зандары, айталық, Коста-Риканы айтуға болады. Батыс
елдерінің зандары кәсіпорынды негізінде құқықтың дербес субъектісі ретінде
қарамайды, "ал қараса, текжекекәсіпорнымен шектеледі". (Кулааш М.И. Пред-
принимательство и право: опытЗапада. М.,: Дело. 1992,45-бет).
1 А.В.Венедиктов иеленуді затка үстемдік ету, яғни, "затты уыста
үстау" деп түсінді. Сондықган да ол мемлекет мүліктерін тікелей өзі емес,
өз органда-ры арқылы иеленеді деді. ВенедиктовА.В. "Государственная
сощшлистическая собственность)". М-Л., 1948, 340-341-беттер.
Мемлекет өзінің кәсіпорындарында, қазыналық кәсіпорын-дар мен
мекемелергемүлікті иелену кұкығын бергенімен, мем-лекет меншік иесі ретінде
бұл мүліктерге иелену кұкығын сақ-тайды. Өйткені, мемлекеттік заңды
тұлғалардың құқыктык өкілеттікті иеленуі мемлекет иелігін жоққа шығармайды,
ол көлемі бойынша да, мақсаты бойынша да бір-біріне сай келмейді.
Мемлекеттік занды тұлғалардың иелену құқығы мемлекеттік иелену құкығымен
салыстырғанда, онын бір белшегі, тұтас нәрсенің бір бөлігіндей ғана болады.
Мемле-кеттік кәсіпорын, казыналық кәсіпорын және мекемелер са-лалық
мүліктік кешен ретінде мемлекеттік меншіктің объектісі болып табылады,
демек оның иелігінде болады. ("Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Жарлықтың 12-
бабы).
Пайдалаку қщыгы дегеніміз, мемлекеттік мүліктен мемле-кет пен жалпы
қоғам мүддесі үшін пайданың бәрін алуға бай-ланысты мемлекетгің езіне тән
мүмкіндігі болып табылады.
Мемлекеттің билік ету қщыгы мемлекеттік мүлікті иелену мен пайдалану,
мүлікті бөлу, ұтымды қүқықтык әдістерді ай-қындау, сол арқылы мемлекеттік
меншікті басқаруды ез дәрежесінде жүзеге асыру тәртібін белгілеуінен
тұрады. Мемлекеттің билік ету кұқығы жаңа нормаларды шығару, олар-ды
өзгерту мен тоқтату, сондай-ақ оралымды қызмет процесінде өндірістің
каржылары мен өнімдерін ұйымдастыру жөніндегі әкімшілік актілердің кемегін
пайдалана отырып жүзеге асы-рады.
Мемлекеттік биліктің билік етуге байланысты қатынаста-ры Азаматтық
кодекстен басқа да көптеген заң актілерімен рет-теледі. Мысалы,
"Жекешелендіру туралы" Жарлықтың 16-бабы негізінде жекешелендіруге жататын
кәсіпорын занды тәртіпке сай акционерлік қоғамға айналуы мүмкін, бұл орайда
кейіннен сатып алу құқығы сенімділік басқаруға немесе жалға беріледі.

5. МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДЫ МЕМЛЕКЕТ ИЕЛІГІНЕН АЛУ ЖӘНЕ
ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ

Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру — мемлекет-тік мүліктерді
қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы меншікті үйымдастыру шаралары
жөніндегі жүйенін күрделі мәселесі болып есептеледі.
Ғылыми әдебиетте және тәжірибеде "мемлекет иелігінен алу" және
"жекешелендіру" синоним ретінде колданылғаны-мен, шын мәнінде олар бір-
біріне дөп келе бермейді.
1991 жылы 1-маусымдағы КСРО-нын. "Мемлекет иелігінен алу мен
жекешелендірудің бастапқы негіздері туралы" заңы мен 1991 жылғы 22
маусымдағы Қазақ КСР-інің "Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру
туралы"1 Заңы меншікті ре-формалаудың екі жолын карастырған болатын:
мемлекет иелігінен алу немесе "мемлекеттік кәсіпорындарды меншіктің басқа
түріндегі (мемлекеттік емес) кәсіпорындарға айналды-ру" және жекешелендіру
жолымен — мемлекеттік мүлікті аза-маттар мен заңды түлғалардың меншігіне
алуы (1-бап).
Заң әдебиеттеріне сүйенсек, мемлекет иелігінен алу дегені-міз,
мемлекеттік кәсіпорындарды, басқа шаруашылЫк және тұтыну кұрылымдарын
әкімшілдік-әміршілік әрекет ыкдалы-нан шығарудағы нормативті реттелген
процесс болып шыға-ды.1 Сол арқылы мемлекеттік басқару органдарының жекеше-
лендіру мен монополиясыздандыру кезінде бегде әрекеттері?ю тосқауыл
койылады. Ал жекешелендіру дегеніміз, мемлекеттік меншікті жеке, занды
түлғалардың және шетелдік занды тұлға-ларының мемлекеттің келісімі арқылы
заң бойынша жүзеге асуы ("Жекешелендіру туралы" Жарлықтың 1-бабы).
Қазақстан Республикасындағы қазіргі зандарда "жекеше-лендіру" деген
бір ғана термин колданылады.
Қазақстан Рсепубликасында жекешелендіру сатылы негізде өтуде.
Қазақстандағы бірінші сатыда мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру
салдары: кәсіпорындар еңбек ұжымдары-на кейін сатып алу құқығымен жалға
берілді, сейтіп ол үжым-дык кәсіпорынға айналды; кейбір жағдаңда еңбек
ұжымдары мемлекеттік мүлікті тегін сатып алу мүмкіндігін иеленді;
түрғындарға жекешелендіруге жекешелендіру купондары ар-қылы тарту жүзеге
асты (бірақ қалай істеу тәртібі болмады; аукцион, конкурс және баскд арқылы
сату т.б.)-
Сонымен мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру негізі-нен
мемлекеттік кәсіпорындарды жалға берумен ұжымдық кәсіпорындарға
айналдыруымен немесе еңбек ұжымдарының меншігіне беруімен шектелді. Қазақ
КСР-інің "Жалға беру туралы" 1990 жылғы 22-ақпандағы Заңы соның бір мысалы
бола алады. Бұл завда мемлекетгік кәсіпорындарды жалға беру үлкен орын
алды. Мысалы, кәсіпорындарды жалға беру (аренда) еңбек ұжымының жалға
берілетін мүлікті сатып алу арқылы кейін ұжымдық кәсіпорынға айналуға себеп
болды.
Қазақ КСР-інің "Мемлекет иелігінен алу және жекеше-лендіру туралы"
Заңының 25-бабына сәйкес еңбек ұжымы ең алдымен кәсіпорынды сатып алу
құқығын алды, мемлекеттік кәсіпорынға жататын құрал-жабдықтың бір бөлігін
сатып алу үшін пайдалануына мүмкіндік ашылды: еңбек ұжымы алатын мүліктің
тек 50 процент құнын төлеу жеңілдігіне ие болды, сондай-ақ өндірістік және
әлеуметтік инфракұрылымдардың объектілерін меншігіне тегін алу құқығын
иеленді; кәсіпорын сауда жасап, түсірген пайдасының бір белігіне салық
төлеуден босату тәрізді жеңілдіктерді еншіледі.1
Алайда мемлекет меншігін еңбек ұжымдарының меншігіне беру экономикалық
проблемаларды шеіпе қойған жоқ, өйткені, жұмыскерлер бұрынғысынша істі
басқарудан тыс қала берді де өзінің күнделікті кірісіне көп онша ықыласты
болған жоқ, сайып келгенде жеке адам тап осы әдістен кайыр көре алмады да,
кәсіпорынның болашағына бас ауыртып жатпады. Соның салдарынан келіп ақыры
"Жалға беру туралы", "Мемлекет иелі-гінен алу жәнежекешелендіру туралы"
бүрынғы Зандар күшін жойды.
1993 жылы 5-наурызда Қазақстан Республикасы Президен-тінің Жарлығымен
"Қазақстан Республикасындағы м&млекет иелігінен алу мен жекешелендірудің
Үлттық бағдарламасы" 1993-1995 жылдарға арналып бекітілді (бұл 2-ші кезең).
Оньщ ерекшеліктері мынадай еді: мемлекетгік секторды акционер-лендіру;
дербес жобалар бойынша жекешелендіру; шағын жек.ешелендіру;
агроөнеркәсіптік кешенінде жекешелендіру.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорындарды
акционерлік қоғамдарға айналдыру жөніндегі үйымдастыру шаралары туралы"
Жарлығы негізінде еңбек ұжымының қызметкерлері 10 пайызға дейінгі акцияны
тегін алу құқығын алды. Жаппай жекешелендіру объектілері бой-ынша
акциялардың келемінде 51 пайызы купондық аукцион-дық инвестициялық
жекешелендіру корларына тұрғындардың жекешелендіру инвестициялық
купондарына сатылуы тиіс; акциялардың қалған бөлігі (39 пайызы) кор
биржалары, аук-циондар, конкурстар аркылы ақшаға сатылады; кәсіпорын
баспайызының номиналдық қүнын алу мүмкіндігіне ие болды.1
Жекешелендіру туралы заңның одан әрі дамуы Қазақстан Республикасы
Президентінің 1995 жылғы 23-желтоқсандағы заң күші бар "Жекешелендіру
туралы" Жарлығы аясында жүзе-ге асты. Айта кетелік, бүл Жарлық 1996 жылдын
1-қаңтары-нан бастап күшіне еніп, Қазақстан Республикасындағы
жекешелендірудін, шын мәніндегі үшінші кезецін бастады. Жарлықнормаларын
жүзеге асыру үшін Қазақстан Республи-касының Үкіметі 1996 жылы 7-ақпанда
қаулы қабылдап, Мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1996-1998 жылдарға
арналған бағдарламасын бекітті, ал қазір Үкіметтің 1999 жылы 1 мамырда
қабылдаған қаулысымен 1999-2000 жылдар (4 ке-зең) жекешелендірудің жаңа
бағдарламасы жүріп жатыр.
"Жекешелендіру туралы" Презвденттің заң күші бар Жар-лығы
жекешелендірудің неғұрлым маңызды белгілерін айқын-дап берді: 1)
жекешелендірілген мүліктің мемлекеттік және коммуналдык меншікке
жататындығы; 2) жекешелендірілетін объектіні сатып алушының жеке мешпіктің
субъектісіне катыс-тылығы. "Жекешелендіру туралы" заңға сәйкес басқа да
белгілердің болу мүмкіндігі.
"Жекешелендіру туралы" Жарлыққа сәйкес жекешелендіру мынадай түрлерде
жүзеге асырылады: 1) сауда-саттықта сату (аукциондеңдер);
2)тікелейбәсірелісату (Жарлықгың 12-бабы).
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін Қазақстан
Республикасының мемлекеттік қауіпсіздігіне, айналадағы та-биғи ортаны
қорғауға, сыртқы экономикалық ахуалына байла-нысты ерекше жағдайларда
тендер жабық болуы мүмкін. Оны өткізутәртібін Қазақстан Республикасьшың
Үкіметі белгілейді (Жарлықтың 13-бабы). Жарлықта жекешелендірудін, негізгі
принциптері аталған: жекешелендіруді жүргізген кезде негізгі принциптер
жариялық, бәсекелестік, қүқықтық сабақтастық, лауазым иелерінің
жекешелендіруді жүргізудің зандылығына жауапкершілігі және сатуға
шығарылатын объектілер туралы берілген мағлұматтардың растығы болып
табылады (Жарлық-тың 4-бабы).[2]
"Жекешелендіру туралы" Жарлықтың 2-бабына сәйкес са-тып алушы
дегеніміз, жекешелендіру барысында мүлікті сатып алатын жеке тұлға
мемлекеттік емес занды тұлға немесе шетелдік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғат объектілеріне меншік құқығы
Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқықтары
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының дәрістері
Жерге меншік құқығы
Мемлекеттік меншік құқығы жайлы
Өнеркәсіптік және жеке меншік объектілер
Табиғат объектілеріне меншік құқығы талаптары
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Меншік және меншік құқығы
Азаматтардың меншік құқығы
Пәндер