Пайдаланудын өкілеттік құқығы - затты пайдалануға құқықты қамтамасыз ететін меншік құқығы субъектісінің өкілеттілігі


МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР КУРСОВАя
ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ
1. МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ МЕН МАЗМҰНЫ
2. АЗАМАТТЫҚ КОДЕКС БОЙЫНША МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ ЗАҢДАРДЫҢ ДАМУЫ 11
4. МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНА ЖӘНЕ ӨЗГЕ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРҒА ИЕ БОЛУ НЕГІЗДЕРІ 13
5. МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТОҚТАТЫЛУЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 27
КІРІСПЕ
Меншік қай қоғамның да сан қырлы өзекті мәселесі болып келді. Сондықтан да меншік құқығын құқық институты ретінде қараған кезде оны меншіктен шығатын экономикалық, категория деп түсіну керек.
Меншік дегеніміздің өзі материалдық игіліктерді - табиғаттың өнімдері мен еңбекті - меншіктену әрі иеленуді білдіреді. Ол тарихи қоғамның ішкі айқындауы арқылы пайда болады. 1
Сонымен, меншік затты иелену, меншіктену екен, оның өзі заттың пайдалы қасиеттеріне орай жүзеге асады, демек, оны меншіктенген соң өндіріс барысында пайдаланып, оған билік етіледі. 3 Меншіктің экономикалық катынасы құқық нормаларымен реттеліп, меншік құқығына айналады. 41
1. МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ МЕН МАЗМҰНЫ
Әлемдік құқықтану доктринасң мен отандық заң ғылымы меншік құқығын объективті жағдайдағы меншік құқығы және субъективті жағдайдағы меншік құқығы деп бөледі. 52
Материалдық игіліктерді иелену, пайдалану және билік етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін азаматтық құқық нормалары жөнінде (кодекс, зандар мен басқа да заңдық, нормативтік кұжаттар) әңгіме болғанда - шын мәнінде объективтік мағынадағы меншік құқығы, яғни меншіктің құқық институтын құрайтын нормалардын, жиынтығы екенін көреміз (мысалы, АК-тін Ш-276-баптары) . Меншік құқығының объективті нормалары негізінде нақтылы меншік иесі өз қалауы бойынша өзіне тиесілі мүлікті пайдалануына және оған билік етуге құқылы екендігін, яғни сату-сатып алу, жалға беру және тағы басқа белгілі зандық фактілерді жүзеге асыра алатындығын әңгіме еткенімізде меншік құқығынын субъективті жағына тап боламыз (АК-тін 188-бабы) .
Азаматтық кодекстің 188-бабында меншік құқығына мынадай анықтама берілген: "Меншік кұқығы дегеніміз - субъектінің зан, құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзінетиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы". Бұл анықтама мейлінше дәл әрі ғылыми жағынан толық берілген. Өйткені, субъектіге "тиесілі" де-ген сөзбен шектеліп қалмай, мүліктеріне өз калауынша иеле-ну, пайдалану және билік ету құқығын береді. Меншік құқығына анықтаманы субъектінін, мүлікке заңға сәйкес билік етуі, оны өзінің қалауынша1 пайдалануы деп түсіну керек. Яғни субъектінің затқа үстемдік етуі зандастырылған және оған толык құқылы. 2 Осындай үстемдіккеқол жеткізу арқылы меншік иесі заттың табиғат берген касиеттерінің бәрін пайдаланып, оны өзгертуге, өндеуге, билік етуге, тіпті бөтен біреуге беруге, жойып жіберуінетолық құқы бар. Затка заң арқылы үстемдікті тану заң құжаттарында көрсетілген шекте жүзеге асады, ейткені, затқа үстемдікті шектеу меншік иесінің еркіндігіне белгілі бір дәрежеде ыкпалын тигізеді, демек, затқа меншік иесінін билігі шексіз болуы мүмкін емес. Сондықтан да Азаматтық кодекстің 188-бабындағы меншік құқығын шектеу мұндай құқықтын, шексіз еместігін көрсетеді, сол себепті де тұлғаның өз иелігіндегі затты иелену, пайдалану және билік ету құқығы заң арқылы айқындалады. Меншік иесінің еркіндігін шектеу меншік иесінің өз өкілеттігін жүзеге асыруы баска тұлғалар мен мем-лекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауға тиіс міндеттен туындайды. Мұндай құқықты немесе занды мүддені бұзу басқа түрлерде де кездесуі мүмкін, айталық, меншік иесі өзінің монополиялық немесе басым жағдайларын пайдаланып, нарықта көрер кәзге қиянатқа жол беруі мүмкін (АК 11-бабының 3-тармағы) . Міне, осындай теріс пиғылды әрекеттерге жол бермеу үшін де осындай талап заңға енгізілді. Меншік иесі ез құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілуі мүмкін зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті (АК-тін 188-бабының 4-тармағы) .
Азаматтық кодекстің 188-бабында қаралған меншік құқығының иелену, пайдалану және билік ету тәрізді құрамдас бөліктерінен басқа оны заңмен қорғау да ескерілген. Мұндай құқық өзгенін кұқығына тәуелді емес, меншік иесі өзінің мүлкін сақтауға, қорғауға, өзге адамдардың сырттан әрекет етпеуіне тыйым салуына хақысы бар. Егер осындай құкықтары бұзылып жатса, онда ол затты қайтарып алуға, қалпына келтіруге, келген залалдын орнын толтыруға құқылы.
Азаматтық кодекстің 188-бабы 5-тармағына сәйкес меншік құқығының мерзімі шексіз болады. Мүлікке меншік құқығы Азаматтык кодексте көзделген негіздер бойынша ғана ыктиярсыз тоқтатылуы мүмкін.
Меншік кұкығының мазмұнын меншік иесіне тиесілі ие-лену, пайдалану және билік ету тәрізді өкілеттіктер құрайды. '
Триада (jus utendi, jus fruendi jus abutendi), меншік иссінің өкілет-тіктерінін сипаттамасы болып табылады, рим құқығының ортағасырлык заңгерлерің еңбектерінде оны кездестіре аласыз, ал шын мәнінде римдік жеке құқықменшік иесі өкілеттіктерінің тұтастай тізімін бере алған жоқ. Қазіргі ағылшын-саксон құқығы меншік иесінің 11 өкілеттігін қарастырады: 1) иелсиу құқығы, яши игілікке нақгы физикалық бақылау қуқығы; 2) пандаға асыру құқығы, яғни өзіне пайдлы касиеттерін алудың және оиы мейлінше өзінің игілігіие жұмсау; 3) басқару кұқығы немесе шешім қабылдау кұқығы, игілікті кім, қалай пайдаға асыруды қамтамасыз ету туралы; 4) кіріс түсіруге құқық, яғни мүлікті пайдалану нәтижесінде пайда түсіру; 5) егемсидік күқығы, немесе алу, беру, түтыну, өзгерту күқыгы; 6) қауіпсіздікке байланысты құқық, яғни игілікті сырттан болатын қауіп-қатерден, тиер залалдан қорғау; 7) мүлікті мұрагсрлікке беру құқығы; 8) иелігіндегі мүлікке мерзімге шектеусіз қожалық ету; 9) сыртқы ортаға зиян тигізу арқылы пайдалануға тыйым салу; 10) қарыз төлеуден алынатын мүлікке жауапкершілік құқығы; 11) өкілетгіктті қалпына келтіруді қамтамасыз етуді жүзеге асыратын жағдайлар мсн институтгардың болуына ықпал ететііі құқық.
Бұл екілеттіктердің әрқайсысы меншік құқығының қажетті элементтері больш табылады. Меншік иесі аталғандардын қай-қайсысын да үшінші бір тұлғаға бере алады, тіпті үш өкілеттіктің бәрін де беріп жіберіп, өзі меншік иесі болып қала береді. Мысалы, ол заттарын теміржол, әуежай және қонақ үйдің зат сақтайтын жеріне тапсырып, өз қарауындағы затты күзетшінің игілігіне береді.
Кейде заң талаптарына сәйкес меншік иесінен несие берушінің талабын қанағаттандыру үшін мүлкі ықтиярсыз алынуы мүмкін, овда меншік иесі әлгі үш өкілеттіктен де айрылады. Бірақ ол мұндай жағдайда меншік иесі болып қала" береді. Қарызын өтегеннен кейін мүлкін сатқаннан қалған қаржы алуға құқылы, сөйтіп, затгарын кері қайтарғаннан соң оның пайдалану және билік ету екілеттігі қалпына келтіріледі.
Иелену құыгы мүлікті нақты иелену мүмкіндігін заң жағынан толықтай қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Ол меншік иесіне затқа іс жүзінде үстемдік етуге мүмкіндік беріп, затты пайдалану үшін маңызды алғышарт жасайды,
Заң иеленуді занды, заңсыз, адал ниетті және арам ниетті деп бөледі. Егер мүлікті иелену занды негізде жасалса, онда ол занды иелену болып табылады. Яғни құқық негізінде меншік құқығы жүзеге асырылуы тиіс. Затты (мүлікті) заңсыз иелену, егер оны зорлықпен немесе заңнан жасырын жасалса, немесе заңсыз иеленуші затты кездейсоқ иеленіп, оны қайтару жөніндегі талапты құлағына ілмесе, бұл да құқық бүзу деп есептеледі. Сондай-ақ иеленуші иеленген затының заңсыз екендігін білсе, білуге тиісті болса, онда ол арам ниетті иеленуші делінген. Қарсы жақ өзінің талабын дәлелдемейінше, затиеленуші адал алушы қатарына жатады (АК-тің 261-бабы) . Ал, керісінше, егер де мүлік оны иеліктен айыруға күқығы бол-маған адамнантегін алынып, алушы мұны білмесе жөне білуге тиіс болмаса (адал алушы), мүлікті меншік иесі немесе меншік иесі мүлікті иеленуге берген адам жоғалтқан не мұның екеуінен де ұрланған, не олардың иеленуінен бүрын бұлардың еркінен тыс өзге жолмен шығып қалған ретте ғана меншік иесі бұл мүлікті алушыдан талап етіп алдыруға құқылы.
Азаматтық кодекстің 188-бабында иеленудің әр түрі туралы айтылмаған, тек аталған баптың 3-тармағында ғана бөтеннің затына құкық ретінде иеленудің жасалу жолы мен тәуелділігі көрсетіледі. Сонымен бірге занда ерекше негіз бар "Иелену мерзіміне" жол беріледі (АК-тің 20-бабы) . 1 Иеленудің мұндай 1 Иелену көнелігі қазақтардың әдет-ғүрып күкықтары бойыпша 50 жыл мерзімімен шектеледі: ''Елу жылда ел жаңа".
Бұл иеленудің зандық салдары болады, яғни иеленуші мүлікке меншік құқығын алғанга дейін оны басқалардан корғауға құқылы (АК-тің 240-бабы, 2-тар-маш), ал екінші жағынан, осы багсгың нормалары негізінде өзінін иелігіңдегі затты меншіктенуге құқық алады. Сонымен, иеленудің мерзіміне мынадай белгілер төн: а) ол иелік ететін мүліккенакда үстещік егеді; ө) осы тулғаның затка адал, ашык жөне үздіксіз түрде нақты устемдік етуі. Демек, иеленудің мерзімі иелену құқығынан меншік құқышның кұрамдас бір бөлігі ретінде ерекшеленеді. Оған қоса бұл ивлену түрі затгы иелену құқығнан да ерекшеленеді, сонымен бір мезгілде затты иелену құқыған өзгеге бергенімен, меншік иесі болып қала береді (мысалы, кепілдік шарты бойынша) .
Пайдаланудың өкілеттік дегеніміз - мүліктен оның пайдалы табиғи қасиетгерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудыңзаң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайша кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарывда болуы мүмкін (АК-гін 188-бабы 2-тармағы) .
Пайдаланудың өкілетгік құқығынан жай пайдалануды ажырата білу керек. Пайдаланудын өкілеттік құқығы - затты пайдалануға құқықты қамтамасыз ететін меншік құқығы субъектісінің өкілеттілігі. Пайдалану - осы құқыкты жүзеге асыру болып табылады, яғни затта накты пайдаланып немесе оны қашан кіріс алғанша тұтыну.
Меншік иесі өзінін пайдаланудың өкілетгік құқығын қалай жүзеге асыруды өзі шешеді. Бірақ та, Конституцияның 6-бабын бұрмаламауы тиіс, яғни меншікті пайдалану қоғамдык. игілікке қарсы келмеуі керек. Демек, қоғамдык манызы бар объектіні пайдаланғавда, меншік иесі тек өзінің ғана емес, қоғамның да мүддесін ойлауына тура келеді. Мысалы, қазак өнерінің көрнекті шығармаларын, айталық мұрагф меншік иесі ретіңде бұл дірмеуге міндетті. Меншік иесі басқа тұлғаға өзінін пайдалану құқығын беруіне хақылы (мысалы, жалға. арендаға беру. т. б. ) . Пайдалануға өкілетті қалған тұлға оның өзі үшін пайдалана бастайды (мысалы, зат пайдалану, өнім алу) . Мұндай жағдайда меншік иесі өзінің өкілетгігіне сөйкес табысты жанама жолмен тусіреді, айталык, затты пайдаланудан түскен кірісті иеленеді, немесе белгілі бір пайызды еншілеиді.
Заң негізінде немесе басқа да құқылық құжаттарға орай меншік иесі өкілетгігінен айрылуы не құқығы шектелуі мүмкін. Мәселен, тұрғын үйді не оның бір бөлігін түрғын жай мақсатынан тыс пайдалану жағдайы заң арқылы жүзеге асады ("Түрғын үй катынастары туралы" Заңның 4-бабы) .
Билік ету құығы дегеніміз - мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудін заңмен қамтамасыз етілуі (АК-тің 188-бабы 2-тармағы1) .
Билік етудің екілеттігі меншік құқығынын. объектілеріне қатысты мәмілелер жасауға екілетті. Мысалы, меншік иесі өзінің меншік құқығын өзгеге беріп, кепілдік құқық жасап, жалға беруді жүзеге асырса, онда ол билік кұқығын жүзеге аоырғаны болып табылады. Билік ету құқығы арқылы мәмілелер жасалған кезде меншік иесінің құқығы өзгеге толықтай не жекеле-ген түрде өтеді (мысалы, арендаторға иелік ету және пайдала-ну қүқьіқтары беріледі) . Бшіік етудің екілеттігін жузеге асырудың манызды түрі меншік иесінің мүлікті өз иелігінен шығарып, басқа адамдарға беруі болып табылады.
Нарықта өз орнын табу үшін меншік иесіне билік ету қажет. Әдетте тауарлар ауыстыру үшін өндіріледі. Ауыстыру кезінде меншік иесінің кұқығы сатушыдан сатып алушыға ауысады. Сондықтан да сатушы тауардың меншік иесі ретінде меншік құқығын езгертуге мүмкіндік алуы тиіс. Билік ету құқығын жүзеге асыру максаты меншіктің әр түрлі түрлеріне сәйкес келеді.
Әдетте меншік иесі езінің билік өкілеттігін қалай да жүзеге асыруға міндетті деген ереже жоқ. Шешімді қалай қабылдайды, қалай билік етеді - оны бір өзі шешеді. Дей тұрғанмен, ол бұл арада занды бүрмалауға жол беругетиіс емес. Әрине, кейбір жағдайда меншік иесі өзінің билік ету құқығын қоғам мүдделі болғанда жүзеге асыруға міндетті. Заң мен баска да құқыктық негіздерге орай меншік иесінің билік ету құқығы алынуы не тоқтатылуы мүмкін. Белгілі бір жағдайларда билік ету құқығы тек мемлекеттін келісімімен жүзеге асады. Мысалы, әрекет ету кабілеті шектеулі адамдармен билік ету құқығын асыру үшін келісім жасаған кезде занды екілінін, рұқсаты талап етіледі.
Билік ету құқығы затқа меншік иесі болып табылмайтын тұлға арқылы да жүзеге асады. Бұл заңның арнайы нұсқауымен болады, немесе меншік иесімен жасалған келісім-шарт негізінде (мысалы, теміржол жүкті иесіне беруге мүмкіндік болмаған жағдайда басқа тұлғаға тапсырады) болады.
1 Орыс кұқықтанушысы А. П. Куницын нағызмағыналы құқық деп билік ету құқығын атаңды, яғни нәрсенің мәнін өзгертіп, қайта құру, өзгеге сыйлық не тегін тұтынуга беруді аңғарттщы. Куницын А. П. Условное право. О прявах производных - Русская философия собственности. ХҮІІІ-ХХ век, 67-бет.
Меншік иесі өз меншігінің игілігін1 көріп кана қоймай (мүлкін пайдаланудан пайда тауып, тұтыну кажеттілігін қана-ғаттандыру), меншігіндегі мүлікті күтіп ұстау ауыртпалығы да жүктеледі. Айталық, күрделі жөндеу жүргізіп, сақтандыру шараларын жүзеге асырады және т. б. Егер занда каралмаған болса, өзіне түсетін ауыртпалықты үшінші біреуге жүктеуіне болмайды. Егер мүлік занды түрде үшінші жақтарда болса, олардың өзгенің мүлкін күтіп ұстауға жұмсалған шығындарын, егер шартта өзгеше кезделмесе, меншік иесіне өтуге тиіс. Мысалы, оған қараусыз кеткен малды ұстап, баққанға кеткен шығынды айтуға болады.
Шартпен басқа да . Мүлікті бас-қа біреуге уақытша пайдалануға берген кезде оны күтіп-сақтау пайдаланушыға жүктеледі. Күтімсіз және заңсыз ұстаған адамға мүлікті күтіп ұстауға жұмсалған шығындары етелмейді (АК-тің 189-бабы) .
Ауыршалық жағдайы деп заттардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бұл іну қаупін айтады. Иеліктен айрылған заттардың кездейсок жойылу немесекездейсоқ бұл іну қаупі, егер заң құжаттарында неімесе шартта ол өзгеше белгіленбесе, сатып алушыда меншік құқығы пайда болуымен бір мезгілде соған көшеді. Мүліктің бұл інуі не жойылуына байланысты қауіп басқа мезгілде заң немесе шарт негізівде сол мүлікті алушы-ның мойнына жүктеледі. Мысалы, шарт жасаушылар ондай қауіптішартжасау кезінде алдын-ала ескереді (сатьш алу-сату), яғни зат берілмей түрып, сатып алушыға меншік құқығы ауыс-пай тұрғанда мәселенің басы ашылуы тиіс.
Екінші бір жағдай мерзімінің өтіп кетуіне байланысты. Мәселен, егер иеліктен айырушы адам заттарды беру мерзімінің өткізіліп жіберілуіне кінәлі болса немесе сатып алушы оларды қабылдау мерзімінің еткізіліп жіберілуіне кінәлі болса, кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бұл іну қаупін мерзімін өткізіп жіберген тарап көтереді (АК-тің 190-бабы 2-тармағы) .
2. АЗАМАТТЫҚ КОДЕКС БОЙЫНША МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабында: "Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады, " - деп жазылған.
1 "Игілік" пен "ауыртпалық" тіркесінің өзі, -дейді КЛ. Суханов, - нағыз меншік иесін сипатгайды және осы екі элементтің біреуінің болмауы иеленушіні шын мәніндегі қожайын етуге мүмкіндік бермейді". Суханов Е. А. "Лекции о праве собственности", 10-бет.
Азаматтық кодекс меншіктің екі нысанда - жеке (191-бап) және мемлекеттік (192-бап) екендігін тәртіптейді.
Конституцияда меншікті екі нысанға бөліп қарау олардың мемлекетке меншік құқығының субъектісі ретіндегі қатынасының белгісіне орайластырылған. Осыған орай жеке меншік мемлекеттік емес меншік болып саналады. Егер меншік құқығының субъектісі мемлекет болса (тікелей немесе тиісті мемлекетгік оргавдар арқылы), онда әңгіме мемлекеттік меншік жөнінде болады. Ал субъект мемлекеттік емес занды тұлға немесе азаматтар деп танылса, онда жеке меншік деп есептедінеді. Сонымен, меншікке субъектілер: мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліністер, заңды тұлғалар мен азаматтар бола алады. Заң меншікті түрлерге де бөледі. Азаматтық кодекске сәйкес мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдык болып екіге бөлінеді (192-бап) .
Конституцияның 87-бабында коммуналдық меншікті басқару жергілікті атқару органдарьшың қарауына жатады делінген. Мемлекет екілеттігін жүзеге асыра отырып, қарауындағы мүліктерді өзінін, органдары мен мемлекеттік занды тұлғалары арқылы басқарады. Қазақстан Республикасы азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарға осы қатьшастардың өзге қатысушыларымен тең негіздерде кіреді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік екімет билігі мен басқа органдары өздерінің осы органдардың мәртебесін ай-қындайтын зан, құжаттарында, ережелерде және өзге де құжаттарда белгіленетін құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының атынан өз әрекеттері арқылы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді алып, оларды жүзеге асырады, сотта өкілдік ете алады.
Заңдарда кезделген реттер мен тәртіп бойынша Қазақстан Республикасыньщ арнайы тапсырмасымен оның атынан өзге де мемлекеттік органдар, занды тұлғалар мен азаматтар өкілдік ете алады (АК-тің Ш-бабының 1 және 2 тармақтары) .
Азаматтық кодекстің 191-бабына сәйкес жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес занды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде керінеді. Сөйтіп, ұжымдық меншік пен азаматтардың меншігі "жеке меншік" деген терминнін. аясына бірігеді. Оларды біріктіру мемлекеттен бөліп арқылы бұл меншікпен жұмысты ыңғайлы ұйымдастыруға байланысты, мәселен, салық саясатын жүргізуге, немесе мемлекеттік әкімшілік аппараттың женсіз араласуынан қорғайды. 1
Мемлекеттік емес занды тұлғалар мен азаматтар өздеріне қарасты барлық мүліктің меншік иесі болып табылады. Мысалы, акционерлік қоғамның акциясының белгілі бір белігі мемлекетке тиесілі болғанымен, оны мемлекеттік меншік деп айтуға келмейді, себебі ол жеке меншік болып кала береді.
Азаматтардың жеке меншік категориясы жеке дара өзіндік меншік ұғымына сайкеледі. Сонымен бірге, біздің пікірімізше ол азаматтардың меншігіне деген жеке дара (езіндік) (тұтыну-шылық) және жеке меншік ішкі дифференциациясы болуы қажет.
Меншік иесінің құқығын жүзеге асыру, яғни оның иелік етуі, пайдалану және билік етуі мүліктің мүддесі мен мақсатына орай заңға сәйкес шектелуі мүмкін. Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңынын, 40-бабында меншік иесінің үй-жайды, ортақ мүлікке қауіп төндіретін не-месе оны нашарлататын жұмыстар жүргізумен байланысты өзгертуіне, соның ішінде қайта жоспарлауына және қайта жабдықтауына тыйым салынады.
Жеке меншіктің ерекше түріне кондоминиум меншігі де жатады. Кондоминиум үжымдық меніпік түрінде керіне тұрса да ("Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 31-бабы 1-тар-мағы) біздің Азаматтық кодексте үжымдық меншік ұғымы жок екендігін ескерте кеткен жен. Үй-жай меншік иелерінің әрқай-сысы өзіне бөлек (жеке-дара) менпіік құқығы бойынша тиесілі үй-жайды өз калауы бойынша иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқылы.
Үйдін бөлек (өзіндік) меншікке жатпайтын бөліктері (кіре беріс, баспалдақ, лифтілер, тебелер, шатырлар, подвалдар пәтерден тыс не үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, жер учаскесі, оның ішінде көріктендіру элементтері және ортақтасып пайдаланатын басқа да мүліктер) үй-жай меншігі иелеріне ортақ меншік құқығы бойынша тиесілі болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz