Некені жарамсыз деп тану



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

I. Кіріспе: Отбасы түсінігіне толық
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..3

II. Негізгі бөлім:

1. Неке түсінігі. а) некеге
тұру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

ә) некені
бұзу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7

б) некені жарамсыз деп тану ... ... ... ... ... ... ... ... .10

2. Неке және отбасы қатынастарын мемлекеттік құқықтық
реттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .12

3. Шетелдіктердің қатысуымен болатын неке қатынастары:

а) некеге
тұру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

ә) некені жарамсыз деп тану ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

б) некені
бұзу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22

III.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 24

КІРІСПЕ
Әлемдік деңгейде шешуін таба алмай отырған, ұлттымыздың көкейтесті
мәселелерінің бірі отбасы тұтастығы екені рас. Қазақ ұлты үшін жанұядағы
бірлік, татулық ешбір байлыққа сатып алмас береке екені әркім мойындауы
тиіс.
Отбасы дегеніміз-некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе
балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және
мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы
қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы.
Отбасылық құқықты заңгерлердің басым көпшілігі құқықтың дербес саласы
деп таниды. [1]Отбасылық құқықтың негізгі бастауы Қазақстан Республикасының
1998 жылғы 17 желтоқсандағы "Неке және отбасы туралы" Заңы болып табылады.

Неке-отбасылық заңдылықтар:

некеге отырудың шарттары мен тәртібін, некені тоқтату және оны жарамсыз
деп тануды белгілейді;
азаматтық құқықтар мен міндеттерді, отбасы мүшелері: ерлі-зайыптылар,
ата- аналар және балалар ( бала асырап алушылар және асырап алынған
балалар), ал неке-отбасылық заңдылықтармен қарастырылған жағдайларда басқа
туысқандар және басқа тұлғалар арасындағы мүліктік емес қатынастарды
реттейді;
отбасына ата-аналарынның қорғанышысыз қалған балаларды орналастырудың
нысандары мен тәртібін анықтайды;
азаматтық хал актілерін тіркеу және заңдылықтармен белгіленген тәртіппен
ақылы қызмет көрсету тәртібін реттейді.
Отбасылық құқық азаматтық құқықпен тығыз байланысты: отбасылық
құқықпен реттелмеген отбасы мүшелері арасындағы мүліктік және жеке мүліктік
емес қатынастарда азаматтық заңдылықтар қолданылады.
Отбасылық құқық мынадай бөлімдерден тұрады: жалпы ережелер,
неке, отбасы, қамқоршы және қорғаншылық, отбасы мүшелерінің алименттік
қытынастары, азаматтық хал актілері, шетелдік азаматтарға және азаматтығы
жоқ тұлғаларға неке отбасылық заңдылықтар нормаларын қолдану.
Қазақстан Республикасының неке-отбасылық заңдылықтары мынадай
қағидаттарға негізделеді:
1) еркек пен әйелдің некелік одағының еркендігі;
2) отбасында ерлі-зайыптылар құқықтарының теңдігі;
3) отбасы ісіне басқа біреулердің орынсыз араласуына жол бермеу;
4) отбасы ішіндегі мәселелерді екіжақты келісім бойынша шешу;
5) балаларды отбасында тәрбиелеу, олардың дамуына жағдай жасау, көңіл
бөлу;
6) кәмелетке жасы толмағандардың және жұмысқа жарамсыздардың құқықтары
мен мүдделерін қорғау;
7) отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруды, осы
құқықтарды соттық қорғау мүмкіндігін қамтамасыз ету;
8) отбасылық барлық мүшелерінің салауатты өмір салтын қалаптастыру.

Некеге тұру

[2]Неке дегеніміз-ерлізайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік
емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда
белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында
жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ.
Некеге тұратын адамдардың тікелей қатысуымен неке мемлекеттік
азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылады. Тек мемлекеттік
азаматтық хал актілерін жазу (АХАЖ) органдарында отырылған неке ғана заңды
танылады. Некеге отырған кезде отбасылық қатынастарда азаматтардың
құқықтарын әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тілдік немесе діни нанымы
белгілері бойынша кез келген шектеуге тыйым салынады. Неке-құқықтық
қатынастарда азаматтардың құқықтары тек заң негізінде және тек отбасы
мүшелері және басқа азаматтардың денсаулығын, қадір-қасиетін, құқықтары мен
заңды мүдделерін қорғауға қажетті көлемде ғана шектеледі. Азаматтар неке-
құқықтық қатынастардан шығатын өздеріне тиесілі құқықтарды қалауы бойынша,
оның ішінде, егер заңмен басқадай белгіленбесе, осы құқықтарды қорғау
құқықтарын пайдаланады. Неке-отбасылық құқықтарды жүзеге асыру және
міндеттерді орындау отбасының басқа мүшелері және құқықтың басқа
субъектілерінің құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделерін бұзуға тиіс
емес. Неке-отбасылық құқықтар, осы құқықтарды тағайындауға қайшы келетін
жағдайлардан басқа жерлерде, заңмен қорғалады.
Некеге отырудың шарттары: некеге отыратын еркек пен әйелдің екі
жақты келісімі және олардың неке жасына толуы болып табылады. Неке жасы
еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жастан бастап белгіленген. Дәлелді
себептер болған жағдайда АХАЖ органдары неке жасын екі жылға дейін
төмендете алады. Барлық жағдайда неке жасын төмендету тек некеге
отырушылардың келісімімен және ата-аналардың не қорғаншылардың келісімімен
мүмкін болады.

Некеге отыруға мынадай жағдайларда жол берілмейді:

1) біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың арасында;
2) тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың (ата-
аналар мен балалар, атасы, әжесі және немерелерінің), ата-аналары бір және
ата-анасы бөлек, әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілілер мен апалы-
сіңілердің (аға-қарындастардың) арасында;
3) ұл (қыз) асырап алушылар мен сол асырап алынған ұл (қыз) арасында;
4) біреуін болса да сот психикалық ауру немесе ақылесі кемдігінің
салдарынан әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдар арасында.
Некеге отыратын тұлғалар медициналық, сондайақ медициналық-
генетикалық және денсаулық сақтау мәселелері бойынша кеңес алып,
тексерістен өте алады. Мұндай тексерістер некеге отыруға ниет білдірген
тұлғалардың екі жақты келісімі бойынша ғана жүргізіледі. Некеге
отырушыларды тексеру қорытындылары медициналық құпия болып табылады және
тексерістен өтуші некеге отыруға ниет қылған тұлғаға оның келісімімен
хабарлануы мүмкін. Сонымен некеге тұру тәртібі мынадай жолмен жүзеге
асырылады:
Некеге тұратын адамдардың тікелей қатысуымен неке мемлекеттік азаматтық
хал актілерін жазу органдарында қиылады. Некеге тұрғысы келетін адамдардың
біреуі азаматтық хал актілерін жазу органына келе алмайтын аса ерекше
жағдайларда неке мұндай адамның тұратын жері бойынша қиылуы мүмкін. Неке
қию кезінде өкіл жіберуге жол берілмейді.
Некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу
органына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі.
Дәлелді себептер болған жағдайда неке қиюға, сондай-ақ осы мерзімді
ұзартуға, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуға рұқсат етуі мүмкін.
Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүктілік, бала тууы, бір тараптың өміріне
тікелей қауіп төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) неке өтініш берілген
күні қиылуы мүмкін.
Неке қиюды мемлекеттік тіркеу азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу
үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Азаматтық хал актілерін жазу органдарының некені тіркеуден бас тартуына
некеге тұруға тілек білдіруші адамдар не олардың біреуі сотқа шағым жасай
алады.

Некені бұзу

Қазақстан Республикасының Конституциясында "Әркімнің өз құқықтары мен
бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар" ( 2бөлім, 13бап)
Азаматтық іс жүргізу Кодексіне (8бап) сәйкес [3]"Әрбір адам бұзылған немесе
даулы құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау
үшін сотқа жүгінуге құқылы". Қазақстан Республикасының Неке және отбасы
туралы заңында "Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің де
өтініші бойынша, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған жұбайдың
қорғаншысының өтініші бойынша оны бұзу жолымен тоқтатылуы мүмкін" анық
көрсетелген.

Некені бұзу ісіне қатысушылар:

Ерлі-зайыптылар. Қазіргі өмір тәжірибесінде ерлі-зайыптылардың сотқа
өтініші берілуі кең таралған. Тәртіпке сәйкес ерлі-зайыптылардың біреуінің
өтініші бойынша, процесте ол талап қоюшы, ал екінші жұбайы немесе зайыбы
жауапкер болып табылады.
Қорғаншы. Неке және отбасы туралы заңда әрекет қабілетсіз деп
таныған жұбайдың қорғаншысының өтініші бойынша әрекет қабілеттілігі жоқ деп
тану-жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің
мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азаматты сот тануы
мүмкін. Соған байланысты оған қорғаншылық белгіленеді. Қорғаншы
қамқоршылығындағы адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен
қорғалатын мүдделерін сотта қорғайды.
Прокурор және өзге де тұлғалар. Некені жарамсыз деп тануға өзге де
тұлғалардың қатысуы туралы осы уақытқа дейін даулы мәселе болып табылады.
Дау нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар, прокурор,
мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар және
жекеленген азаматтар іске қатысушы тұлғалар болып табылады. Осы сұраққа
байланысты көптеген ғалымдар пікірінше ерлі-зайыптылардың некесін жарамсыз
деп тануға мемлекеттің, қоғамның, ұйымдардың және жекеленген азаматтардың
құқығы жоқ. Осыдан келе "Әркімнің жеке өміріне, өзіне және отбасына қол
сұғылмауына-қорғалуына құқығы бар". Азаматтық сот ісін жүргізуде заңдардың
дәлме-дәл және бір үлгіде қолданылуына жоғары қадағалау жүргізу ісін
мемлекет атынан Қазақстан Республикасының Бас прокуроры тікелей өзі және
өзіне бағынатын прокурорлар арқылы жүзеге асырады. Азаматтардың құқықтарын,
бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау туралы, егер адам дәлелді
себептермен өзі сотқа жүгіне алмаса, тек мүдделі адамның өтінішімен ғана
прокурор талап қоя алады. Әрекет қабілетсіз азаматтың мүддесін қорғау үшін
прокурор мүдделі адамның өтінішіне қарамастан талап қоя алады.
Неке ерлі-зайыптылардың бірінің өлімі немесе соттың ерлі-
зайыптылардың біреуі қаза болуы немесе хабарсыз жоғалып кетті деп
жариялануы салдарынан тоқтатылады. (Егер азаматтың тұрғылықты жерінде ол
туралы бір жыл бойы деректер болмаса, мүдделі адамдардың арызы бойынша сот
оны хабар-ошарсыз кетті деп тануы мүмкін) Неке ерлі-зайыптылардың бірінің
өтініші бойынша, сондай-ақ сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамның
қорғаншысының өтініші бойынша оны бұзу жолымен тоқтатылуы мүмкін. Әйелдің
келісімінсіз оның аяғы ауыр кезінде және баланың бірінші жылғы кезеңінде
некені бұзу мүмкін емес.
Некені бұзу тәртібі екі жолмен көрініс табады: біріншісі Азаматтық хал
актілерінде жазу органдарында некені бұзу және екіншісі Некені сот
тәртібімен бұзу.
АХАЖ органдарында некені бұзу ортақ кәмелетке толмаған балалары және
бір-біріне мүліктік және басқа да айып-шағымдары жоқ ерлі-зайыптыларда
кәмелетке толмаған балалардың болу-болмауына қарамай, неке АХАЖ
органдарында ерлі-зайыптылардың бірінің өтініші бойынша, егер екінші адам:
1) сотпен хабарсыз кеткен деп танылса;
2) сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылса;
3) қылмыс жасағаны үшін үш жылдан ортақ мерзімге сотталса бұзылады.
Басқа жағдайларда кәмелетке жасы толмаған балалар болған кезде,
неке сот тәртібімен бұзылады, сондайақ сот тәртібі:
а) ерлі-зайыптылардың бірінің келісімі болмаған жағдайда;
ә) егер ерлі-зайыптылардың біреуі қарсылығы жоқтығына қарамастан,
өзінің әрекетімен не әрекетсіздігімен некені бұзудан жалтарған болса;
б) ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген мүліктік арыз-шағымдары болса
қолданылады.
Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері АХАЖ органдарында
некені мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап пайда болады. Ерлі-
зайыптылар бірдей құқықтарды пайдаланады және бірдей міндеттерді орындайды.
Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қызмет түрін, кәсіпті, тұрғылықты жерді
таңдауда ерікті. Аналық, әкелік, балаларға білім, тәрбие беру және
отбасылық өмірдің басқа да мәселелерін ерлі-зайыптылар бірлесіп шешеді.
Ерлі-зайыптылар отбасының қарым-қатынастарын өзара құрмет және көмек
негізінде құруға, отбасының амандығы, денсаулығы, өз балаларының дамуы үшін
жанжақты ықпал етуге міндетті.

Некені жарамсыз деп тану

Жалған немесе мәжбүрлеп жасалған неке жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Егер некеге тұрушы адамдардың біреуі екіншісінен құрылған отбасы
мүшелеріне, жеке басының және қоғамның қауіпсіздігіне нақты қатер
төндіретін ауруы бар екенін жасырса, соңғысы сотқа некені жарамсыз деп тану
туралы талаппен жүгінуге құқылы. Некені жарамсыз деп тануды сот жүргізеді.
Сот некені жарамсыз деп тану тралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен
бастап үш күн ішінде соттың осы шешімінен некеге тұру мемлекеттік тіркелген
жердегі азаматтық хал актілерін жазу органына көшірме жіберуге міндетті.
Некенің жарамсыздығы оның қиылған күнінен бастап танылады.

Некені жарамсыз деп танудың салдары:

1. Некені жарамсыз деп танылған адамдар бірлесіп сатып алған мүліктің
құқықтық режимі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің үлестік меншік
туралы ережелерімен реттеледі. Ерлі-зайыптылар жасасқан неке шарты жарамсыз
деп танылады.
2. Некені жарамсыз деп тану мұндай некеде туған немесе неке жарамсыз
деп танылған күннен бастап екі жүз жетпіс күн ішінде туған балалардың
құқығына нұқсан келтірмейді.
3. Некені жарамсыз деп тану туралы шешім шығарған кезде сот некені
жарамсыз деп тану үшін негізге алынған мән-жайлардан некеге тұру кезінде
бейхабар болған жұбайдың (адал ниетті жұбай) екінші жұбайдан асырауға
қаражат алу құқығын тануға құқылы, ал некені жарамсыз деп таныған кезге
дейін бірлесіп сатып алынған мүлікті бөлуге қатысты Кодексте белгіленген
ережелерді қолдануға, сондай-ақ неке шартын толық немесе ішінара жарамды
деп тануға құқылы. Адал ниетті жұбай азаматтық заңдарда көзделген ережелер
бойынша өзіне келтірілген материалдық және моральдық зиянды өтеуді талап
етуге құқылы.
4. Адал ниетті жұбай некені жарамсыз деп таныған кезде өзі неке қиюды
мемлекеттік тіркеу кезінде таңдаған тегін сақтап қалуға құқылы.

Некені жарамсыздығын болғызбайтын мән-жайлар

1. Егер некені жарамсыз деп тану туралы іс қаралатын сәтке заңға орай
оның қиылуына кедергі жасаған мән-жайлар болмаса, некені жарамсыз деп
тануға болмайды.
2. Егер кәмелетке толмаған жұбайдың мүдделері қажет етсе, сондай-ақ
оның некені жарамсыз деп тануға келесімі болмаған жағдайда сот неке жасына
толмаған адаммен қиылған некені жарамсыз деп тану туралы талап-арыздан бас
тартады.
3. Егер мұндай некені тіркеткен адамдар істі сот қарағанға дейін іс
жүзінде отбасын құрса, сот некені жалған деп тани алмайды.
4. Ерлі-зайыптылардың арасында заңмен тыйым салынған туыстық дәрежесі
болған не некені тіркеу кезінде ерлі-зайыптылардың біреуі басқа бұзылмаған
некеде тұрған жағдайларды қоспағанда, некені ол бұзылғаннан кейін жарамсыз
деп тануға болмайды.

Некені жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы бар адамдар

1. Некені жарамсыз деп тану туралы талап қоюға:
а) егер неке жасына толмаған адаммен неке қиылса, кәмелетке толмаған
жұбайы, оның ата-анасы (оларды ауыстыратын адамдар), қорғаншы және қамқоршы
орган немесе прокурор құқылы. Кәмелетке толмаған жұбай он сегіз жасқа
толғаннан кейін некені жарамсыз деп тануды талап етуге тек оның өзі ғана
құқылы;
ә) егер некеге тұруға ерлі-зайыптылардың бірінің ерікті келісімі
болмаған жағдайда: мәжбүр ету, алдау, қателесу немесе өзінің жай-күйінің
салдарынан некеге тұруды мемлекеттік тіркеу кезінде өзінің әрекеттерінің
маңызын түсінбей және өзін-өзі билей алмауы себепті неке қиылған болса,
некеге тұру арқылы құқығы бұзылған жұбай, сондай-ақ прокурор;
б) некені қиюға кедергі келтіретін мән-жайлардың бар екенін білмеген
жұбай, әрекетке қабілетсіз деп танылған жұбайдың қорғаншысы, оның алдындағы
бұзылмаған неке бойынша жұбайы, талаптарды бұза отырып қиылған неке арқылы
құқықтары бұзылған басқа да адамдар, сондай-ақ қорғаншы және қамқоршы орган
мен прокурор;
в) жалған некеге тұру жағдайында прокурор, сондай-ақ некенің жалғандығы
туралы білмеген жұбайы;
2. Неке жасына толмаған адаммен, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп
таныған адаммен қиылған некені жарамсыз деп тану туралы істі қарау кезінде
іске қатысуға қорғаншы және қамқоршы орган тартылады.

Неке және отбасы қатынастарындағы мемлекеттің құқықтық реттелуі

Неке және отбасы қатынасын реттеуде мемлекет аумағында көптеген
нормативтік актілер бар. Сондықтан да, біздің мемлекет неке және отбасы
мәселелеріне үлкен көңіл бөлген. Қазақстан Республикасының ата заңында (ҚР
Конституциясы 1 бап) "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат
қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары" Мұнда
әлеуметтік мемлекет мағынасы- неке мен отбасы, ана мен әке және бала
мемлекеттің қарауында болады деп түсінеміз. Қазақстан Республикасы
Конституцияға сәйкес отбасына әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік
сақтандыру, жалақы мен зейнетақының мөлшеріне кепілдік береді. Барлық
заңдар, Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар
жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне
қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми түрде жариялау оларды
қолданудың міндетті шарты болып табылады. Неке және отбасы қатынастары
туралы халықаралық шарттарда да көрініс тапқан. Екеуін атап өтейік,
біріншісі "Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт" Пактте
деп көрсетілген:
Отбасы қоғамның негізгі бөлігі және мемлекет пен қоғам атынан қорғалуға
тиіс.
Неке жасына жеткен ер адам мен әйел адам некеге тұруға және отбасы құруға
құқығы бар.
Ерлі-зайыптылардың еркін келісімінсіз некеге тұрғызу, мұндай неке жарамсыз
деп танылады.
Мемлекет атынан ерлі-зайыптыларға некеге тұру немесе некені бұзу кезінде
тең құқықтар мен міндеттер көрсетілуі керек. Некені бұзу кезінде балалар
толық қорғалуы керек.
Екінші халықаралық пакт мемлекеттер арасындағы "Экономикалық,
әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы" 1966 жыл 16 желтоқсан. Пакттің 10
бабында мемлекет:
[4]Отбасы қоғамның негізгі бөлігі, толық қорғалуға және қамқорлық етуге,
кәмелетке толмаған балаларды біліммен қамтамасыз ету керек. Неке ерлі-
зайыптылардың еркімен жасалуы керек.
Әйел адамның баланы туғанға дейін және туу кезінде ерекше қорғалуы керек,
осы период кезінде жұмысшы әйелге демалыс және әлеуметтік көмек көрсетілуі
керек.
Балалар мен кәмелет жасқа дейінгі балалардың тегіне, жасына, ұлтына,
нәсіліне қарамастан әлеуметтік және экономикалық көмек көрсетілуі керек.
Сонымен қатар, әркімге тамақ, киім-кешек және үйі болу керек.
Әркімнің әлеуметтік өмір деңгейі жақсы көрсеткіш көрсетілуі керек.
Пактке қатысушы мемлекеттер ашаршылыққа жол бермеу үшін өзара
келісімдерге келу керек. Мысалы, азық-түлік өндірістерін күшейту және
арнайы ғылыми техникалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Некенің жармасыздығы
Неке шартының тәртібі
Некенің жарамсыздығы
Отбасы құқығы бойынша неке түсінігі
Неке - отбасы қатынастарының құқықтық табиғаты
Неке және отбасы құқығы
Отбасы құқығы туралы
Отбасы құқығы: ұғымы, негіздері мен принциптері
Отбасы құқығы. Ұғымы, негіздері мен принциптері туралы ақпарат
Неке шартының түсінігі және маңызды шарттары
Пәндер