Құқық - қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеу жүйесінде
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
I-ТАРАУ. НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ТҮСІНІГІ,ТҮРЛЕРІ
1.1 Нормативтік-құқықтық актілерді жүйеге келтірудің түсінігі мен
мазмұны
1.2 Нормативтік актілердің заңды күшінің уақыты, кеңістігі және
адамдарды қамтуы
1.3 Нормативтік актілердің түрлері
1.4 Әлеуметтік нормалардың түрлері
1.5 Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді
II - Т А Р А У. Қ Р Қ Ұ Қ Ы Қ Ш Ы Ғ А Р М А Ш Ы Л Ы Қ
2.1 Қазақстан Республикасының құқық шығармашылық қызметі
2.2 Құқық-қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеу жүйесінде
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Қоғамның объективті даму процесіне сәйкес нормативтік актілер сан
жағынан да, сапа жағынан да күрделі дамып, кейбір нормалардың бір - біріне
қайшы келуі де, немесе қайталануы да, кемшіліктері де молаяды. Осы саналуан
нормативтік актілерден өздеріне керектерін тауып алып, пайдалану, жеке және
заңды тұлғаларға өте қиын мәселе. Сондықтан мемлекет қабылдаған нормативтік
актілер жіктеліп, топтастырып отырылады, оның әртүрлі әдіс - тәсілдері
болады.
XX ғасырдың екінші жартысында халықаралық қатынастарда ұлттық заң
жүйесіне әсерін тигізіп, ықпал ететіндей халықаралық - құқықтық құжаттар
әзірлеуге айқын бетбұрыс бара - бара күш алып, тұрақты құбылысқа айналып
келеді. Аталған бағыттың сипаты белгісі ұлттық заңдарды
демократияландыруға, гуманитарландыруға, интернационалдандыруға,
мемлекеттік - саяси құрылымды жетілдіруге ықпал ету болып табылады.
Әрине, халықаралық - құқықтық нормалар ұлттық заңдардың және
мемлекеттік құрылыстың барлық салаларын қамти алмайды. Басқару мен
мемлекеттік құрылым нысандары әр халық өзі таңдайды және мұндай таңдауға
халықаралық құқық ықпал ете алмайды.
Сонымен бірге халықаралық құқық нормаларының ұлттық заңға әсері
туралы да айтуға болады. Осы ретте халықаралық құқық нормаларының өзінен
өзі пайда болмағанын, әр түрлі елдердің мемлекеттік - құқықтық құрылыс
жөніндегі заңдарынан мейлінше өміршендерін бойына жинақтағанын атап
көрсеткен жөн. Енді ол нормалар жекелеген елдер халықтарының еркін
білдіретін сипатта емес, алдыңғы қатарлы халықаралық қоғамдастық арқылы
халықтардың жинақталған еркін білдіретін жаңа сапада жекелеген
мемлекеттерге қайтып оралады.
Тәуелсіздік алып, дербес мемлекет ретінде құрылған күнінен бастап
Қазақстан заңдары халықаралық құқық нормаларын ескере отырып қалыптаса
бастады. Бұл бағыт Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конститутциясында
барынша сабақтастықпен көрініс тапты.
Халықаралық құқық нормалары өзін - өзі тану құқығына тек саяси
құқықты ғана емес, сондай - ақ экономикалық құқықты да жатқызады.
Аталған пактте азаматтық және саяси құқықтар туралы мынандай қағида бар:
Өздерінің алдарына қойған мақсаттарына жету үшін барлық халықтар өзара
тиімділік принципіне негізделген халықаралық
экономикалық ынтымақтастықтан және халықаралық құқықтан
туындайтын міндеттемелеріне қандай да бір нұқсан келтірмейтіндей жағдайда
өзінің табиғи байлықтары мен ресурстарына еркін билік жүргізе алады (1 -
бап).
Халықаралық құқықтың нақты мемлекеттің құрылымдық және басқару
проблемаларына араласпайтыны белгілі. Сонымен бірге мемлекет
қызметін ұйымдастыруда халықаралық құқық нормаларына сүйенетін бірқатар
мәселелер бар.Оның қатарына бірінші мемлекетті демократияландыру
проблемасы жатады. Халықаралық құқық нормалары мемлекеттік биліктің
демократиялық тұрғыда ұйымдастырылуын қолдайды. Осы нормалар Қазақстан
Республикасы Конститутциясында жүйелі қолданылады.
Халықаралық құқық мемлекеттің заң шығару қызметінің барынша елеулі
сәттеріне айрықша назар аударады. Әр түрлі пакттерде заңдардың кері күшін
белгілеуге жол берілмейтіндігі атап көрсетілген. Адам құқының жалпыға
бірдей Декларациясында: Қайсы бір іс -әрекеті немесе әрекетсіздігі
негізінде жасаған қылмысы үшін, оны жасаған кезде ұлттық заң бойынша да,
сондай-ақ халықаралық құқық бойынша да қылмыс құрамы болмаса, ешкім
сотталмауы тиіс. Сондай- ақ қылмыс жасалған кезде қолданылуы мүмкін болса
да, барынша ауыр жаза қолданылмайды деп жазылған. ҚР Конститутциясының 77-
бабында: Жауапкершілік белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа
міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері
күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік
заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады делінген.
Аталған нормалардан мынандай жәйттер назар аудартады. Әдетте,
Конституцияда заңның кері күші көрсетілмейді. Алайда, ҚР Конституциясында
мұндай құқықтық норма бар, ол адам құқығын қорғаудың жүйелілігінің жемісі.
Оның үстіне халықаралық құқық нормаларына қарағанда ҚР Конститутциясы
нормаларының ауқымы кең. Халықаралық құқық нормалары тек қылмыстарға
қатысты болса, ҚР Конститутциясы нормалары құқық бұзушылықтың барлық
түрлерін: мүліктік, еңбек, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықты
қамтиды. Заңның кері күшіне тыйым салуды барлық жағдайға орнықтыру немесе
жауаптылықты күшейту - мейлінше, мархабатты шара.
Адам құқығы саласында ҚР Конституциясының толықтай халықаралық
құқықтың жалпыға танылған нормаларынан бастау алатыны баршаға белгілі. Адам
қоғамның даму процесінде бір - бірімен байланысты миллиондаған қарым -
қатынастар қалыптасып, жаңарып, ескіріп жатады. Бұл объективті
диалектикалық процес. Осы процесті реттеп - басқару барысында қоғамдағы
құқық бірнеше салаға, жүйеге бөлініп жатады. Қоғамдық қатынастардың
объективтік даму процесіне сәйкес құқықтың құрылымы да, жүйелері де
ескіріп, жаңарып, дамып отырады.
Сондықтан құқық нормативтік актілердің тек жиынтығы ғана емес. Ол
қоғамның, әр саласына сәйкес объективтік, диалектикалық даму процесі арқылы
қалыптасатын әлеуметтік көп салалы, көп жүйелі құбылыс. Бұл күрделі құқық
процесі сала - салаға, жүйе - жүйеге бөлінумен шектелмейді. Сонымен бірге
қоғамның салалық - жүйелік дамуын, олардың өзара байланысын, қатынасын
реттеп - басқарып отырады. Нормативтік актілердің ескіргенін жаңартып,
кемшіліктерін толықтырып құқықтық нормаларды қоғамның , объективтік
процесіне сәйкес дамытып, олардың орындалуын тездетіп, жақсартады. Бұл
процестің байланысында, қатынасында алшақтыққа және қайшылыққа құқықтың
құрылымы, жүйелері жол бермеуге тиіс.
1.1 Нормативтік - құқықтық актілерді жүйеге келтірудің түсінігі
мен мазмұны.
Қоғамдағы құқықтың ең күрделі негізін құрайтын нормативтік құқықтық
актілер. Бұл жүйеге қоғамдағы қатынастарды реттеп басқарып отыратын
нормативтік актілердің басым көпшілігі кіреді. Құқықтың басқа негіздері
әдеп- ғұрып, мораль, діни т.б. нормалар жалпы мемлекеттік қатынастарды
реттеп, басқара алмайды, тек нормативтік актілерге қосымша күш ретінде
жұмыс атқарады.
Нормативтік актілер қоғамның, жеке адамдардың мүдде -мақсатын іске
асыратын экономикалық, саяси, әлеуметтік, ұлттық, халықаралық қатынастарды
реттеп, басқарады.
Дүние жүзінің заң ғылымы құқықтың негіздерін құқықтық нормалардың
мазмұнымен тығыз байланыста реттеп, дамытады. Адам қоғамның тарихи
диалектикалық процесінде нормативтік актілер бірте -бірте, эволюциялық
жолмен құқықтың ең күрделі, ең шешуші негізіне айналады. Көне дәуірде
нормативтік актілер тек мемлекеттік қатынастарды реттеп, басқарып отырды.
Қоғамның басқа салаларындағы қатынастарды әлеуметтік нормалардың басқа
салаларындағы қатынастарды әлеуметтік нормалардың басқа түрлері (мораль,
әдет - ғұрып, дәстүр, діни т.б. оларға төменде жеке тоқталамыз) реттеп -
басқарып отырды. Кейін нормативтік актілер сол салалардағы қатынастарды
бірте - бірте өзі реттеп, басқаруға көшті. Қазіргі әлемдегі барлық
мемлекеттерде құқықтық нормалар қатынастарды реттеп, басқарудың басым
түріне айналып отыр.
Өйткені қоғамда мемлекеттік билікті іске асыруда, демократияны
дамытуда, құқықтық мемлекетті қалыптастыруда нормативтік актілер ең шешуші
рөл атқарады.
Нормативтік - құқықтық актілердің мазмұнының сипаттамасы:
1) Бұл актілерді мемлекеттік билік өкілеттілігі бар органдар
қабылдайды. Қабылдаудың заңды тәртібі болады. Оны орындау міндетті.
2) Бұл процесте қабылданған нормативтік актілерден көруге болады.
3) Нормативтік актілердің мазмұны құқықтық нормалармен сәйкес,
дәлме-дәл болуға тиісті. Өйткені мемлекеттік органдар акті - деген атпен
әртүрлі мағынада құжаттар шығарып жатады.
4) Нормативтік актілердің заңды бөлу үшін міндетті түрде тиісті
нысанында шығарылады. Онда барлық реквизиттері көрсетілуі қажет.
5) Нормативтік актілердің өмірге келуі, дамуы, өзгеруі, жаңаруы
объективтік процесс. Оның негізінде себептері: қоғамның экономикалық
базисының өзгеруі, соған сәйкес қоғамның саяси, әлеуметтік, мәдени, таптық,
мүдде - мақсаттарының өзгеруі.
Бұл объективтік өзгерістер өмірге субъективтік өзгерістерді
қалыптастырады:
мемлекеттік билік дамып, жаңарады;
мемлекет пен құқықтың функциялары өзгеріп, нормативтік актілерді дамытады;
құқықтық қатынастар прогрестік өзгерісте болады;
рухани сана - сезім, білім дамиды.
Қоғамдағы осы объективтік және субъективтік өзгерістерді реттеп
-басқару үшін нормативтік актілер үнемі үзіліссіз даму процесінде болады.
Бұл процестің сапасы дамуын қамтамасыз ету үшін:
құқықтық шығармашылықтың сапасын жақсарту;
лауазымды тұлғалардың кәсіпқойлығын, білімін, тәжірибесін көтеру;
- мемлекеттік органдардың қызметінің сапасын жақсарту.
Сонымен нормативтік - құқықтық актілер - ресми заңды нормативті мемлекеттік
күші бар нормалар.
Нормативтік актілер мемлекеттік билікті, саясатты орындайтын,
қоғамның халықтың мүдде - мақсатын іс жүзіне асыратын ең сенімді, шешуші
құрал. Оның құқықтың басқа негіздерінен ерекшелік белгі -нышандары:
нормативтік актілер мемлекеттің өкілетті органдарының бекіткен немесе жалпы
халықтық референдумда қабылданған нормалар;
нормативтік актілердің мемлекеттік күші бар құжаттар, ерікті орындалмаса
оны еріксіз орындату мемлекеттік органның міндеті;
нормативтік актілер ресми түрде: заң, қаулы, жарлық, ереже т.б. болып
шығады, олардың заңды нысандары болады;
- нормативтік актілер жалпы қоғамдық, күрделі қатынастарды
реттеп - басқарады.

адамдарды қамтуы.
Қоғамдағы санқырлы қарым - қатынастарды реттеп, басқаратын
нормативтік актілерді заң жүйесі деп атайды. Бұл ресми заң күші бар
құқықтық нормалардың қызметін үш түрге бөледі: нормативтік актілердің
уақыты, нормативтік актілердің кеңістігі, нормативтік актілердің адамдарды
қамтуы. Әр нормативтік актінің мазмұнында осы үш қызметтің қайсысы бар
екенін білуге болады, яғни норманың қанша уақытқа заңды күші болатын,
қандай өлкелерге қолдануға болады, қандай мамандағы адамдарды қамтиды? Міне
осы сұрақтарға жауапты норманың өзі береді. Өйткені норманың өзінде іс-
әрекеттің шеңбері, кеңістігі және қандай қызметтегі мамандығы, жұмыстағы
адамдарға тиісті шығарылады, толық көрсетіледі.
Нормативтік актілердің заңды күшінің басталуы мен аяқталуын, оның
қоғамдық толық қамти ма немесе бірнеше өкілдерге ғана қатысты ма және
адамдардың қаншасы қаматуын халық жақсы білуі қажет. Оның маңызы өте зор.
Сонымен осы үш мәселеге жеке -жеке тоқталық:
Нормативтік актілердің заңды күшінің уақыты - бұл мәселені төрт топқа
бөліп қарастыруға болады:
норманың заңды күшінің басталу уақыты;
аяқталу уақыты;
заңның кері күші;
жойылған норманың күші кейбір жағдайда сақталуы.
Норманың заңды күшінің басталу уақыты: қабылдаған немесе ақпаратта
басылған күннен, норманың өзінде көрсетілген күннен басталады. Кейбір
нормаларда басталу уақыты бірнеше түрге бөлінеді: заңның әр бөлімі немесе
әр бабы уақытта басталуы мүмкін, бұл заңның өзінде көрсетілуі тиіс. Кейбір
нормада заңды күшінің басталуы бір уақиғамен байланысты болады, бұл да
көрсетіледі.
Норманың заңды күшінің аяқталуы: уақыты бітсе, жаңа заң қабылданса,
заңды күші жойылса, заңды өмірге әкелген оқиға - себептер жойылса.
Заңның кері күші - өмірде болған бір оқиғадан кейін қабылданып,
күшіне енген заңның сол іске қолданылуы. Әлемдегі мемлекеттердің тәжірибесі
бойынша заңның кері күші болмайды. Заңның кері күші болады, егерде сол жаңа
заңның өзінде анық көрсетілсе. Қылмыстық құқықта, қылмыстық жауапкершілікті
жеңілдету немесе оны анықтау үшін заңның кері күші қолданылады.
Жойылған норманың заңды күшінің сақталуы - жаңа нормаға сәйкес
қатынасты реттеп бір жолға қойғанша біраз уақыт болады. Осы кезде ескі заң
жойылса да өмірде қолданылып жатады. Жаңа заң жергілікті басқару органдарға
жетпесе ескі заңға сәйкес мәселе қарала береді - тек жауапкершілік
жеңілдейтін болса.
Нормативтік актілердің заңды күшінің кеңістігі- мемлекеттің жоғарғы
басқару органдарының заңдары, нормалары қоғамның барлық территориясына
заңды күші болады, оны орындау барлық жеке және заңды тұлғаларға міндетті.
Кейбір заңдар бір өлкеге немесе бірнеше өлкеге сәйкес қабылданады. Мұндай
заңның күші сол өлкелерде ғана болады. Облыстық, аудандық қалалық басқару
органдарының қабылданған нормаларының заңды күші өз әкімшілік -
территориясында ғана болады. Экстерритроиялық мәселесі халықаралық құқық
арқылы қаралады.
Нормативтік актілердің заңды күшінің адамдарды қамтуы. Мемлекеттің
құқықтық нормалары толық өз елінің азамматтарын, шет елдердің азаматтарын
осы елде тұратын қамтиды. Бәріде өздері тұрған мемлекеттің заңдарын,
тәртібін орындауға міндетті. Егерде заңдылықты, заңды бұзса жауапкершілікке
тартылады. Мемлекеттің кейбір заңдары барлық азамматарды қамтымауы мүмкін
(зейнеткерлер, студенттер, дәрігерлер, шахтерлер т.б.).
Министрліктердің, ведомостволардың нормативтік актілері тек өз
жүйесіндегі азаматтарды қамтиды.
Сонымен адамдарды қамтуы нормативтік актірелде өзінде көрсетілуге
тиіс: норма кімдерді, қандай территорияны, өлкені, облысты қамтиды, қандай
мамандарға қолданылады? Басқа елдердің азамматары да өзіміздің азаматтармен
тең құқықты. Тек олар сайлауға қатыса және сайлана алмайды, әскер қатарына
шақырылмайды. Елшілік органдарында қызмет атқаратын азаматтар халықаралық
құқық арқылы жауап береді.
1.3 Нормативтік актілердің түрлері.
Нормативтік актілердің түрлері:
заңды күшіне қарай нормативтік актілер екі топқа бөлінеді: заңды және заңға
тәуелді нормалар. Мемлекеттің дәрежесі жоғарылаған сайын нормативтік
актілердің де заңды күші жоғарылай береді.
нормативтік актілердің мазмұнына қарай бірнеше түрге бөледі: өндірістік,
шаруашылық, әлеуметтік, мәдени т.б. қоғамның салаларына сәйкес;
нормативтік актілердің іс әрекетінің шеңбріне қарай үш түрі болады:
қоғамдық іс - әрекеттер, шектеулі іс - әрекеттер, төтенше іс - әрекеттер;
субъектілеріне қарай (нормаларды қабылдаған мемлекеттік органдар)
нормативтік актілер үш топқа бөлінеді: заңды шығарушы органдардың актісі,
заңды орындайтын органдардың актілері, сот жүйесінің актілері.
Заң - қазіргі заманда мемлекеттің ең жоғарғы нормативтік актісі. Ол
қоғамдағы ең күрделі, маңызды мәселелерді, қатынастарды қамтиды. Заң
қоғамдағы барлық нормалардың Атасы - деуге болады. Заңның белгі -
нышандары:
заң парламентте немесе жалпы халықтық референдумда қабылданады;
заң күрделі, маңызды мәселелер бойынша қабылданады;
заң арнаулы процедура арқылы қабылданады (ол төрт - бес кезеңнен өтуге
тиісті);
заңды ешқандай орган тексере, өзгерте алмайды;
заң қоғамдағы нормалардың кіндігі, атасы.
Заңның үстемдігі арқылы қоғамдағы заңдылық, тәртіп қамтамасыз
етіледі. Заң арқылы қоғамның мүдде - мақсаты, мемлекеттік билік, саясат іс
жүзінде асады. Заң арқылы адамдардың бостандығы мен құқықтары,
демократияның басқада талаптары қалыптасады.
Қазақстан мемлекетінің Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын
Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Парламент аса маңызды қоғамдық
қатынастарды реттейтін заңдарды шығаруға хақылы.
Заңға тәуелді нормативтік актілер - бұл актілер төрт түрге бөлінед:
жалпы қоғамдық, жергілікті басқару органы, ведомстволық және мекемелік
актілер. Жалпы қоғамдық актілер - мемлекеттік әкімшілік - территориясына
толық заңды күші бар актілер (Президенттің жарлықтары, Үкіметтің
қаулылары).
Жергілікті басқару органының актілері - маслихаттың шешімдері,
әкімдердің бұйрықтары. Ведомстволық актілер министрліктердің бұйрықтары,
инструкциялары. Мекемелердің өз аппаратының ішкі тәртібін реттейтін
актілер.
Сот билігінің актілері -Конститутцияның 75-бабына сәйкес
Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот
билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды
жүзеге асыруға арналған. Сот билігі Республикамыздың нормативтік
актілерінің және халықаралық штаттарының негізінде туындайтын барлық
істер мен дауларға қолданылады. Сот билігі сот ісін жүргізудің азаматтық,
қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге
асырылады. Сотттың шешімдері, үкімдері, өзге қаулылары сондай -ақ олардың
заңды өкімдері, талаптары, тапсырмалары мен басқа өтініштері Республиканың
бүкіл аумағында барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды
адамдар мен азаматтардың орындауы үшін міндетті болып табылады.
Сот төрелігінің қағидалары:
адамдардың кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол
жасалған қылмысқа емес деп есептеледі;
бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе
әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;
айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;
адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыптаушының пайдасына
қарастырылады.
Заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды.
Қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді
(конститтутцияның 77-бабы).
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты - жалпы юристикция сотттарының
қарауына жататын азаматтық, қылмыстық және басқа істер жөніндегі
мемлекеттегі сот билігінің жоғарғы органы. Заңда көзделген іс жүргізу
нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады, сот тәжірибесінің
мәселелері бойынша түсініктемелер беріп отырады (прецеденттік түсінік
береді).
Конститутциялық бақылау Қазақстан Республикасының Конститутциялық
Кеңестің құзіретінде. Ол маңызды демократиялық институттың бірі болып
саналады. Конститутцияның үстінен қарауды және оның тікелей ықпалын
қамтамасыз етуді, азаматтардың жоғарғы деңгейдегі құқықтары мен
бостандықтарын қорғауды, биліктің бөлісу қағидаларын орындауды т.б. жауапты
қызметтерді атқарады.
1.4 Әлеуметтік нормалардың түрлері
Әлеуметтік нормалардың элементттері бірігіп, оның құрылымын
қалыптастырады. Бірақ ол элементтердің болуы, тізілу қатары, бағыты,
мақсаты нормативтік актілердің түріне байланысты.
Осы көрсетілген белгі - нышандары, ерекшеліктері арқылы әлеуметтік
нормалар қоғамды басқарудың, қатынастарды реттеудің негізгі құралына
айналады.
Әлеуметтік нормалардың негізгі түрлері:
Құқық нормасы; оған жеке тоқталар болсақ құрылым жөнінде құқытық
нормалар екі түрге бөлінеді: негізгі заңды нормалар және тәртіп
ережелерінің нормасы.
Негізгі заңды нормаларда элементтердің мазмұны норманың кіріспесіне
немесе бірінші бабында толығырақ көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан
Республикасының "Салық туралы" заңында норманың элементтері 1 - бабында
көрсетілген.
Тәртіп ережелерінің нормаларында нормативтік актілердің баптарында,
бөлімдерінде көрсетіледі. Құқықтық нормалардың элементтері: диспозиция,
гипотеза, санкция.
Диспозиция - қатынастың мазмұны мен субъектілердің құқығы мен
міндеттерін көрсетеді. Диспозиция норманың деңгейі, құқық тәртіптің үлгісі
- моделі. Екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың
міндеттері мен құқытары айқын көрсетілуі. Диспозицияның үш түрі болады:
Жалпылама түрі - нормада субъектілердің құқығы мен
міндеттері айқын көрсетілмейді; мысалы, жұмыссыздық туралы пайда
республикалық, облыстық, аудандық органдардың міндеттері
жалпылама көрсетілген;
Айқын түрі - диспозицяның мазмұны нормада анық көрсетіледі. Мысалы,
қылмыстық кодекстің баптарына диспозицияның мазмұны толық
көрсетіледі;
Сілтеу түрі - диспозицияның мазмұны туралы басқа нормада сілтеу
жасалады. Мысалы, азаматтық кодекстің бірнеше баптарына сілтеме
қолданады.
Гипотеза - диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік акті
қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық
үшін тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек.
Гипотезаның үш түрі бар:
Егер де норманың іс - әрекеті бір жағдайдың болуы немесе болмауымен
байланысты болса, мұндай гипотезаны жалпылама деп атайды;
Егер де норманың жұмысы бірнеше жағдайдың болуы немесе болмауымен
байланысты болса, ондай гипотезаны – күрделі гипотеза деп атайды.
Егер де норманың, іс - әрекеті бірнеше жағдайдың біреуін таңдау
арқылы басталса, мұндай гипотезаны альтернативтік гипотеза деп атайды.
Санкция - диспозиция мен гипотеза дұрыс орындалмаса, оның жағымсыз
салдары және жауапкершіліктің басталуы мен қолдануы.
Санкцияның үш түрі болады:
Абсолютті айқын санкция: жұмыстан шығару, қызметін
төмендеті, айып төлеу т.б.;
Салыстырмалы айқын санкция: минимум мен максимумның
арасындағы жауапкершілік (қылмыстық кодекс тік баптар);
Альтернативтік санкция - санкцияның көрсетілген түрлерінің
қайсысын қолдану тиісті мекеменің еркін құзырында. Осы үш элементтер толық
болса ғана нормативтік акті өз міндетін, өз рөлін дұрыс, уақытында, жақсы
орындай алады. Егерде нормада бір екі элементтері жоқ болса, сілтеме
арқылы оларды тауып алу керек.
Нормативтік актілердің жеке баптарында норманың элементтері толық
болмайды. Конституцияның баптарында тек гипотеза мен диспозиция ғана
болады. Қылмыстық кодекс те тек диспозиция мен санкция ғана болады. Іс
жүзінде норманың элементтері нормативтік актінің әр баптарында болуы мүмкін
немесе бірнеше нормативтік актілердің баптарында болуы мүмкін. "Құқықтық
норма - елдегі нормативтік әділеттіліктің күшеюінде жатыр".

Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді:
1. Қоғамның әр саласына қарай өндірістік, ауыл – шарашылық құрылыс,
мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым т.б. бағыттағы нормалар.
2. Құқықтық саласына қарай мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек,
жанұя, қылмыстық, азаматтық - процессуалдық, қылмыстық –процессуалдық т.б.
саладағы нормалар.
3. Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші
нормалар; қорғаушы нормалар.
4.Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші нормалар;
тыйым салушы нормалар; ерік беруші нормалар.
5. Норма элементтерінің құрылымына қарай нормативтік актілер үшке
бөлінеді: нақты белгілі нормалар - мазмұны толық анық жазылған элементтері
түгел; салыстырмалы нормалар -мазмұны, элементтері түгел емес, мәселені
болған істің жағдайына қарай шешу; балама нормалар - істің орындалуының,
норманың жүзеге асуының бірнеше бағыты, әдісі болуы.
6. Субъектілеріне қарай нормалар екіге бөлінеді: жалпылама
нормалар, арнаулы нормалар.
7. Мамандандырылған құқықтық нормалар - қоғамның мамандық
салаларының қарым - қатынасын реттеп, басқаратын нормалар. Мысалы,
азаматтық, қылмыстық, заңгерлік, дәрігерлік, инженерлік бағыттағы нормалар.
Міне осы көрсетілген бағыттар бойынша құқық өзінің күнделікті қоғам
өмірін реттеп, басқарып отырады. Мазмұны жағынан құқық нормалары заңдылық
пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы мен міндеттері, заңдарды өзгерту,
жетілдіру, толықтыру жөніндегі пікірлер мен көзқарастарды жинақтап құқықтың
қоғамдағы міндеттерін орындаудағы жұмысын дамытып, жақсартып отырады. Құқық
нормаларының мүлтіксіз орындалуы азаматтарды тәрбиелеу, бақылау әдістерімен
қатар әкімшілік немесе соттық жауапқа тарту арқылы қамтамасыз етіледі.
Құқықтық норма - қоғамдық қатынастарды реттеуге қоланылатын
әлеуметтік ережелердің ең күрделі түрі. Сондықтанда бұған жеке толығырақ
тоқталып өттім деп ойлаймын. Келесі әлеуметтік нормалардың түрлері
төмендегідей жолмен, реттпен анықталады:
Моральдық нормалар - жақсы - жаман, дұрыс - бұрыс, әділетті -
әділетсіздік, достық - қатыстық, инабаттылық, адамгершілік т.б. қасиеттер;
Саяси нормалар;
Эстетикалық нормалар; қоғамдық ұйым, ұжымдардың береже - қағидалары;
Адамгершілік нормалар - олар адамдарды жақсылыққа,
инабаттылыққа, парасаттылыққа, әділеттілікке, адамгершілікке тәрбиелейді;
Әдет - ғұрып нормалары - адамдардың көне дәуірден қалыптасқан жақсы
қасиеттері мен жақсы іс - әрекеттері;
Салт - дәстүр нормалары - әр ұлттың, әр халықтың өздерінің
ерекшеліктерінен қалыптасатын дәстүрлері болады. Мысалы: той өткізу,
үйлену, ат шаптыру, көкпар тарту, қыз қуу т.б. дәстүрлері;
Діни, имандылық, инабаттылық нормалары. Осы әлеуметтік нормалар бірге
келе - адамдардың қоғамдық өмір сүруінің ережесі деп аталады.
Әлеуметтік норма - қоғамдағы адамдардың, ұжымдардың ара
қатынасының, іс -әрекетінің, мінез - тәртібінің ережесі.
Әлеуметтік нормалар өздерінің дербестігімен бірге өзара тығыз
байланыста дамиды. Себебі, олар бір экономикалық базисты, бір қоғамдық
саясатты, бір әлеуметтік тұрмысты, бір мәдениетті, бір мүдде -мақсатты
қорғап, дамытады.
Әлеуметтік нормалардың мазмұнын екі тұрғыдан түсіну керек: біріншісі
- қоғамдық мүдде - мақсатты орындау, іске асыру бағыты; екіншісі - жеке
адамдардың мүдде - мақсатын қорғау, дамыту бағыты. Бұл объективтік
бірлестік. Өмірде біржақты әлеуметтік норма болмайды.
Әлеуметтік нормалардың өмірге келу себептері қоғамның объективтік
даму процесінде жаңа қарым - қатынастар қалыптастырады. Бұл объективтік
процесс. Сол арқылы жаңа құқықтық норма қабылданады. Бұл субъективті
процесс.
Әлеуметтік норма - қоғам қабылдаған адамдардың мінез -құлқының, іс -
әрекетінің, тәртібінің ережелері мен оларды реттеп -басқару нормаларының
жиынтығы.
2.1 Қазақстан Республикасының құқық шығармашылық қызметі.
Қазақстан Республикасының Конститутциясында заң және заңға тәуелді
актілерді шығарудың қабылдаудың, бекітудің толық әдістемесі көрсетілген.
Заң шығаруда ұсыныс құқығы - Парламент депутаттарында және Үкіметтің
құзырында.
Қазақстан Республикасының заң шығару процесінің ерекшеліктері бар.
Бұл процесс әдетте заң шығару қызметінің сатылары және олардың бір ізділігі
арқылы дамып отыр.
Бірінші. Заң шығару бастамашылығы құқығы субъектінің Парламент
қарауға міндетті. Заң жобасын және Парламенттің өзге актісінің жобасын
ресми енгізуге заң шығару бастамашылығы болып табылады. Бұл құқық
Парламенттің депутаттарына және Үкіметке Конституция бойынша беріледі.
Екінші. Мәжілістің комитеттері заң жобасын қабылдап қарайды, олар
алдын - ала заң жобасын әзірлейді. Бұдан кейін заң жобасын Мәжіліс
бюросының қарауына тапсырады. Бюро заң жобасын жұмысының қорытындысын
тұрақты комитетте қарап, оны Мәжілістің пленарлық отырысының қарауына беру
туралы шешім қабылдайды.
Үшінші. Заң жобасы Мәжілістің пленарлық отырысының қарауына беріледі.
Мұнда заң жобасы бірінші рет, әдетте екі рет, кейде одан да көп пысықталады
(заңның бірінші, екінші, үшінші оқуы). Одан кейін Мәжіліс депутаттары
қараған және жалпы санының көпшілік дауысымен мақұлданған заң жобасы
Сенатқа беріледі, ол онда әрі кеткенде 60 күннің ішінде қаралуға тиісті.
Сенатта алдыннан комитеттерінде, содан кейін бюро, пленарлық отырысында заң
жобасы қаралады. Сенат депуттатары жалпы санының көпшілік дауысымен
қабылданған жоба заңға айналады және оны он күннің ішінде Президенттің қол
қоюына беріледі. Президент заң жобасын Конституциялық Кеңеске
Конститутцияға сәйкестігін тексеруге бере алады. Президент заңға қол
қайғаннан кейін заң жарияланады.
ҚР Нормативтік актілердің түрлері, оларды жүйеге келтірудің әдістері.
Парламенттік актілер. Нормативтік актілердің жүйелерінде заң ерекше
орын алады, оның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz