ОТБАСЫНА ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
жоспар

КІРІСПЕ 2
1. ОТБАСЫНА ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ
СИПАТТАМАСЫ 3
2. ОТБАСЫНА ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМДАРЫ
4
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26

КІРІСПЕ

Қазақ КСР-інің 1959 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің нормалары
елімізде орын алған саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге сай
келмегендіктен, 1997 жылы шілденің 16-сында Қазақстан Республикасының жаңа
Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды
күшіне енді.
1959 жылғы Қылмыстық кодекс кеңестік идеология тұрғысында, әкімшілдік-
әміршілдік жүйе мен орталықтандырылған жоспарлы экономика қағидаттарына
негізделген еді. Сондықтан өмірдің өзі ескі идеологиядан арылған, нарықтық
қатынастар жағдайына үйлесетін, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды
барынша қамтамасыз ететін жаңа қылмыстық заңның болуын кажет етті. Осыған
орай Президент Н.Назарбаев мемлекетіміздің өмір талабына сай келетін жаңа
Қылмыстық кодексін қабылдаудың және оның адам, қоғам, мемлекет мүддесінің
қорғаушысы болуы қажеттілігіне баса назар аударылуын айрықша белгілеп
берді.
қазақстан Республикасының Конститутциясының 27-бабында Неке мен
отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттiң қорғауында болады, - деп
көрсетілген. Қоғамымыздың жаңа мүшелерінің денсаулығын және өмірін қорғау
жолдары әртүрлі, солардың қатарында құқықтық тұрғыдан қорғау белгілі орын
алады. Осындай қорғаудың бір құралы отбасы және кәмелетке толмағандарды
қылмыстық-құқықтық қорғау болып табылады. Мұндайда мемлекет қылмыстық-
құқықтық құралдар арқылы кәмелетке толмағандардың және отбасын мүшелерінің
өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қоғамдық қауіпті әрекеттермен
ымырасыз күрес жүргізеді.
кәмелетке толмаған азаматтың мүддесін қылмыстық-құқықтық құралдармен
қорғау және оның дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, интеллектуалдық және
адамгершілік қалыптасуына жағдай жасауға тіреледі. Ал бұл өз кезегінде
отбасы жағдайының дұрыстығына, өзара құқықтар мен қатынастарды ұстануына
тікелей байланысты. Сол себепті де кәмелетке толмағандарды қорғау отбасы
қатынастарын қорғаумен тығыз байланысты болып келеді.

1. ОТБАСЫНА ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ
СИПАТТАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында: Неке мен отбасы,
ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады (1); Балаларына
камқорлық жасау және оларды тәрбиелеу — ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы
(2); Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-
анасына қамқорлық жасауға міндетті (3) — делінген. Бұл көрсетілген
қағидалар халықаралық құқықтың осы мәселелер жөніндегі негізгі ережелеріне
сәйкестендірілген. Адам құқығы жөніндегі 1948 жылғы Жалпыға бірдей
Декларацияда, Азаматтық және саяси құқықтар туралы 1966 жылғы Халықаралық
пактіде отбасы коғамның табиғи негізгі ұясы және ол мемлекетпен қоғам
тарапынан қорғау құқығына ие деп белгіленген. 1989 жылы 20 қарашада
қабылданған "Бала құқықтары жөніндегі" конвенцияда да балалардың азаматтық
және саяси-әлеуметтік құқықтарының қорғалуына ерекше мән берілген.
Қазақстан Республикасы да отбасы және кәмелетке толмағандар жөніндегі
халықаралық құқық нормаларын қастерлей отырып, осы мәселелерге байланысты
пайда болатын қоғамдық қатынастарды қылмыстық-құқықтық жолмен қорғауға
ерекше мән береді.
1997 жылы қабылданған жаңа Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің 2-
тарауы отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін
жауаптылық белгілеген. Бұл тарауда осы тұрғыдағы қылмыстарға арналған нақты
қылмыстардың мынадай түрлері көрсетілген: кәмелетке толмаған адамды
қылмыстық іске тарту (131-бап); кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-
әрекеттер жасауға тарту (132-бап); кәмелетке толмағандарды саудаға салу
(133-бап); баланы ауыстыру (134-бап); бала асырап алу құпиясын жария ету
(135-бап); балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған
қаражатты төлеуден әдейі жалтару (136-бап); кәмелетке толмаған баланы
тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау (137-бап); балалардың өмірі мен
денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше
орындамау (138-бап); қамқоршы немесе қорғаншы құқықтарын теріс пайдалану
(139-бап); еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан әдейі жалтару (140-
бап). Осы топқа жататын қылмыстардың объектісі ата-аналар мен балалардың
арасындағы отбасылық қатынастар, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың дене
бітімі, интеллектуальдық рухани, адамгершілік тұрғысынан дұрыс дамып,
қалыптасу жағдайлары болып табылады. Енді осы топқа енген қылмыс
құрамдарының әрқайсысына жеке-жеке талдау жасап өтейік.

2. ОТБАСЫНА ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМДАРЫ

Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту (131-бап)
Кәмелетке толмаған адамды 18 жасқа толған адамның қылмыстық іске
тартуы жеке қылмыс құрамы ретінде карастырылады.
Қылмыстың тікелей объектісі — кәмелетке толмағандардың бірқалыпты
дамуы және оларға дұрыс тәрбие беру шарттары болып табылады.
Қылмыстың жәбірленушісі — 18-ге толмаған адам, яғни кәмелетке
толмағандар.
Қылмыс объективтік жағынан алғанда әртүрлі әдістер (тәсілдер) қолдана
отырып кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту арқылы жүзеге
асырылады.
Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту деп 18-ге толмағандарды
қылмыстың тікелей орындаушысы немесе өзге де көмектесушісі болуға
жігерлендіруге, ынтасын, шешімін қоздыруға бағытталған іс-әрекеттерді
айтамыз. Қылмыстық іске тартудың әдісі занда тікелей көрсетілмеген, бірақ
ол әртүрлі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл әрекет көбінесе психикалық
әдістерді қолдану арқылы (қорқыту, уәде беру, алдау) немесе басқа да
тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Кәмелетке толмаған адамдарды
үрейлендіру немесе оларды басқа бір қолайсыз жағдайларға қалдыратын
әрекеттер жасаймын деген әрекеттер арқылы, олардың психикалық санасына әсер
етулер қорқыту деп табылады. Қорқыту ауызша, жазбаша, телефон арқылы, дене
қимылын көрсету арқылы жүзеге асырылуы мүмкін және мұндай қорқытулар
жәбірленушінің тікелей өзіне немесе оның таныс адамдарына білдірілуі хақ.
Субъектінің болашақта кәмелетке толмағандарға белгілі бір жәрдем
көрсетуге (оқуға түсіруге, жұмысқа тұрғызуға немесе оларға басқадай
игіліктер жасауға міндеттемелер алуы) уәде беру деп танылады.
Кәмелетке толмағандар үшін мәні бар мәліметтерді немесе мән-жайларды
қасақана айтпау немесе олар жөнінде үн қатпау арқылы оларды жаңылыстырып
қоғамға қауіпті іс-әрекетті істеуге тартуды алдау деп түсінген жөн. Мысалы,
ересек адам кәмелетке толмаған адамға көрші үйден өзіне тиісті жүкті жол
бойына жеткізуді өтінеді, нәтижесінде ол бөтеннің мүлкін ұрлауға
көмектескенін бірақ біледі. Кәмелетке толмаған адамды басқа да тәсілдермен
қылмыс жасауға тартуға, оларды иландыру, сатып алу, оларды зұлымдық,
қараниетті іс-әрекеттерді істеуге жігерлендіру, бопсалау, материалдық
тәуелділік жағдайын пайдаланып қалу т.с.с. әрекеттер жатады.
Жоғарыда көрсетілген тәсілдерді қолданғанымен кәмелетке толмағандар
қылмыстық іс-әрекетке баруға қарсылық білдірсе, онда кінәлінің іс-әрекеті
кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тартуға оқталғандық ретінде
сараланады.
Қылмыс формальдық құрамға жатады. Және ол кәмелетке толмағандарды
қылмысқа тартқан уақыттан (яғни 18-ге толмаған адамның оған келіскен
сәтінен бастап) аяқталған деп табылады. Қылмыстық кодекстің 131-бабының 1-
тармағы бойынша онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстарды істеуге
кәмелетке толмағандарды тартқаны үшін ғана жауаптылық көзделген.
Субъективтік жағынан ҚК-тің 131-бабында көзделген қылмыс тек қана тікелей
қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып жасы
18-ге толмағаны өзіне анық адамды қылмыстық іске тартқанын сезеді, біледі
және соны жүзеге асыруды тілеп әртүрлі әрекет жасайды. Қылмыстық ниет және
мақсат әртүрлі (кек алу, қызғаныш, пайдакүнемдік, басқа да зұлымдық
ниеттер) болуы мүмкін. Бұлардың іс-әрекетті саралауға әсері болмайды, бірақ
жаза тағайындағанда есепке алынады.
Қылмыстың субъектісі заңда тура атап көрсетілгендей кәмелетке толмаған
адамды қылмыстық іске тартқан жасы 18-ге толған адам. Кәмелетке толмаған
адамның екінші бір кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тартуы бұл
қылмыс құрамына жатпайды.
Ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі
міндеттер өзіне заңмен жүктелген өзге адам жасаған, нақ сол әрекет — осы
қылмыстың ауырлататын түрі болып табылады (ҚК-тің 131-бабының 2-тармағы).
Көрсетілген адамдардың кәмелетке толмаған адамдар жөніндегі құқықтық
жағдайын пайдаланып, осы іс-әрекеттерді істеуі қылмыстың коғамға
қауіптілігін едәуір ұлғайтады. Ата-аналарды анықтау Қазақстан
Республикасының неке және отбасы туралы 1998 жылы 17 желтоқсанда
қабылданған Заңына сәйкес шешіледі. Педагог деп тәрбие немесе оку
процесімен айналысатын адамдар танылады. Педагогті қылмыстың субъектісі деп
тану үшін оның жұмыс істейтін оқу орындарының түрі (жоғары оқу орындары,
мемлекеттік немесе мемлекеттік емес), нысаны (күндізгі, сырттай, кешкі)
ешқандай әсер етпейді.
Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер өзіне
жүктелген өзге де адамдарға қорғаншы, қамқоршы, асырап алған ата-аналар,
мектепке дейінгі балалар мекемелерінің тәрбиешілері, бұлардан басқа заңмең
тәрбиелеу міндеті тікелей жүктелген — жақын-туыстары, ағасы немесе апасы,
әжесі немесе атасы жатады.
Осы баптың бірінші немесе екінші тармақтарында көзделген, күш қолданып
немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалған әрекеттер (131-баптың 3-
тармағы) — осы қылмыстың тағы бір ауырлататын түрі болып табылады. Мұндағы
күш көрсетуге жеткіншекті қылмыс істеуге ықпал ететін тәсілдерді қолдану
жолымен, яғни оны сабау, оған жеңіл және орта дәрежелі жарақат келтіру
аркылы қылмыс істеуге көндірулер жатады. Егер мұндай тәсілмен жәбірленушіге
ауыр дене жарақаты келтірілсе немесе өлімге әкеліп соқса, онда кінәлінің
әрекеті қылмыстардың жиынтығы бойынша саралануға жатады. Күш қолданамын деп
қорқыту — өлтіремін, денеңе жарақат келтіремін, жанынды қинаймын, өртеймін
деген шын мәнінде іске асатын нәрсе жәбірленушіге тікелей психикалық әсер
ететін сөздерді кінәлінің айтуы жатады.
Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші тармақтарында көзделген
кәмелетке толмаған адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға тартуға
байланысты әрекеттер (131-баптың 4-тармағы) көрсетілген қылмыстың өте
ауырлататын түрі болып табылады. Ауыр немесе аса ауыр қылмыстардың түсінігі
ҚК-тің 10-бабының 4, 5-тармақтарында берілген.
Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту
(132-бап)
Криминологиялық зерттеудің нәтижесі көрсеткендей соңғы жылдары
елімізде кәмелетке толмағандарды ішімдікке, нашақорлыққа, темекі тартуға
және басқа да қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту фактілері өріс ала
бастаған. Нәтижесінде жеткіншектердің арасында әртүрлі жұқпалы аурулар
меңдей түскен, бұл әрине ертеңгі болашағымыз үшін аса қауіпті құбылыс.
Қылмыстың тікелей объектісі кәмелетке толмаған адамдардың дене және
адамгершілік тұрғысынан дұрыс дамып, тәрбиеленуі болып табылады.
Объективтік жағынан қылмыс кәмелетке толмаған адамды есірткілік немесе
басқа да есеңгірететін заттарды медициналық емес тұрғыда тұтынуға не
спирттік ішімдіктерді ұдайы тұтынуға, не жезөкшелікпен, қаңғыбастықпен
немесе қайыршылықпен айналысуға тарту арқылы сипатталады.
Заң бойынша есірткілік немесе есеңгірететін затқа жататын, арнаулы
тізім бойынша белгіленген осындай заттарды екі немесе одан көп медициналық
емес тұрғыда тұтынуға тарту кәмелетке толмаған адамды көрсетілген
әрекеттерге ұдайы тарту деп танылады.
Есірткілік немесе есеңгірететін заттарды анықтау арнаулы сарапшылық
қорытынды бойынша анықталады.
Екі немесе одан көп реттерде кәмелетке толмағандарды үнемі спирт
ішімдіктерін (арақ-шарап) ішуге тартуды осы қылмыстың объективтік жағынын
бір белгісін жүзеге асырғандық болып табылады. Арақ-шарапқа барлық
ішімдіктер, оның ішінде колдан жасалған осындай заттарда жатады. Кәмелетке
толмағандармен бірге бір мәрте бірлесіп спирт ішімдіктерін ішу, оны мас
күйге жеткізу қылмыс болып табылмайды, мұндай әрекет әкімшілік құқықтық
жолмен жауаптылыққа тартылады.
Кәмелетке толмаған адамды ақшаға немесе басқадай материалдық сыйақы
үшін нәпсіқұмарлық қатынаста болуға жеткізу, оларды жезөкшелікпен
айналысуға тарту деп танылады. Жезөкшелікке тартудың тәсілі — қорқыту,
тәуелділік жағдайларды пайдалану, көндіру арқылы болуы мүмкін. Егер кінәлі
адам өзі жезөкшелікке тартқан адамды зорласа немесе оны аздыратын басқа да
әрекеттер жасаса, онда оның әрекеті істеген қылмыстардың жиынтығы бойынша
сараланады.
Кәмелетке толмаған адамды бір мекен-жайдан екінші бір мекен-жайға орын
ауыстыруға, тұрғылықты орнының болмауына, кездейсоқ табыстармен, ұсақ
ұрлықпен, қайыр тілеумен, басқадай еңбексіз табыстармен күн көруге көндіріп
тарту қаңғыбастыққа тарту деп танылады. Бөтен адамдардан ақша, азық-түлік,
киім-кешек немесе басқадай материалдық құндылықтарды сұрап алып табыс
табуға әртүрлі тәсілдермен кәмелетке толмағандарды көндіру, оны
қаңғыбастықпен айналысуға тарту деп танылады.
Кәмелетке толмаған адамды коғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту
формальдық қылмыс құрамына жатады және ол заңда (132-бап) көрсетілген
әрекеттердің біреуін жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі
адам кәмелетке толмаған адамды есірткілік немесе басқа да есеңгірететін
заттарды медициналық емес тұрғыда тұтынуға не спирт ішімдіктерін ұдайы
тұтынуға, не жезөкшелікпен, қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуға
(ұдайы болмаса) тартқанын сезеді және осы әрекеттерді істеуді тілейді.
Қылмыстың субъектісі 18-ге толған есі дұрыс адам. ҚК-тің 132-бабының 2-
тармағында: ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу
жөніндегі міндеттер өзіне заңмен жүктелген өзге адам жасаған нақ сол
әрекет, ал осы баптың 3-тармағында, осы баптың бірінші немесе екінші
тармақтарында қарастырылған бірнеше рет не күш қолданып немесе оны
қолданамын деп қорқытып жасалған әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық
көзделген. Осы бапта көзделген екі немесе одан да көп әрекетті жасау
бірнеше рет жасалған әрекеттер деп танылады (ҚК-тің 11-бабы).
Қылмыстық кодекстің 132-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген
ауырлататын және аса ауырлататын белгілердің түсініктері тиісінше ҚК-тің
131-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген белгілермен бірдей.
Кәмелетке толмағандарды саудаға салу (133-бап)
Кәмелетке толмаған адамды саудаға салу үшін жауаптылық бұрын Қазақстан
Республикасының аумағында қолданылған қылмыстық заңдарда мүлдем
көрсетілмеген еді. Қазақ жерінде мұндай құбылыс Кеңес өкіметі орныққанға
дейін мүлдем болмаған. Қазіргі жағдайда кейбір жерлерде кәмелетке
толмағандар "зат", "товар" ретінде пайдаланылып, қылмыскерлерге пайда
табудың көзіне айналды. Дүние жүзінде орын алып отырған осындай келеңсіз
құбылыстарға сәйкес Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 133-
бабында осы тұрғыдағы іс-әрекетке қылмыстық жауаптылық белгіленген.
Қылмыстың тікелей объектісі — кәмелетке толмағандардың мүддесі,
олардың дұрыс даму, жетілу, білім алу, тәрбиелену жағдайлары.
Қылмыс объективтік жағынан кәмелетке толмаған адамды сатып алу не
кәмелетке толмаған адамға қатысты оны біреуге беру немесе оны иемдену
түрінде өзге мәмілелер жасау арқылы жүзеге асырылады.
Кәмелетке толмаған адамды белгілі келісімді ақы алып (ақшалай, заттай,
қозғалатын немесе қозғалмайтын мүлік) басқаға беру, сату немесе сатып алу
деп танылады.
Кәмелетке толмаған адамды айырбастау (үйге, көлікке, басқа
тауарларға), сыйға беру (мысалы шетелге тұрақты өтіп кетуге байланысты
көрсеткен көмегі үшін немесе шын достықтың белгісі ретінде тегін беру);
қарызын немесе басқадай міндеттемелерін өтеу үшін беру; басқа біреуге
уақытша пайдалануға жалға беру өзге мәмілелер жасау деп танылады. Қылмыс
жәбірленушіні саудаға салу жөніндегі мәмілеге қол жеткізілген және
кәмелетке толмаған адамды басқа біреуге берген уақыттан бастап аяқталған
деп танылады.
Субъективтік жағынан қылмыс — кәмелетке толмағандарды саудаға салу тек
қана тікелей қасақаналықпен істеледі. Бұл жерде осы қылмысты істеуге кінәлі
болып адамды сатқан және сатып алған жақтар, сондай-ақ осындай әрекеттерге
бағытталған өзге де мәмілелер жасауға қатысқандар (жәбірленушіні заңсыз
біреуге берген немесе оны иемденген адамдар) табылады. Өйткені олар
өздерінің іс-әрекеттерінің қоғамға қауіптілігін, заңға қайшылығын сезеді
және осы әрекеттерді істеуді тілейді.
Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған кез келген есі дұрыс, кәмелетке
толмағандарды саудаға салуға қатысқан адамдар.
Қылмыстық кодекстің 133-бабының 1-тармағында көрсетілген әрекеттерді:
а) бірнеше рет;
б) екі және одан да көп кәмелетке толмағандарға қатысты;
в) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан
топпен;
г) адамның өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып;
д) кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасынан тыс жерге
заңсыз әкетумен немесе оны Қазақстан Республикасына заңсыз әкелумен;
е) кәмелетке толмаған адамды қылмыс жасауға немесе қоғамға қарсы өзге
де іс-әрекеттер жасауға тарту мақсатында;
ж) кәмелетке толмаған адамның мүшелерін немесе тінін ауыстырып салу
үшін алу мақсатында жасалса — онда олар осы қылмыс құрамының ауырлататын
түрлері болып табылады (ҚК-тің 133-бабының 2-тармағы).
Осы баптың бірінші немесе екінші тармақтарында көзделген кәмелетке
толмаған адамның өліміне немесе өзге ауыр зардаптарға абайсыздықпен әкеп
соққан әрекеттер — көрсетілген қылмыс құрамының аса ауырлататын түріне
жатады (ҚК-тің 133-бабының 3-тармағы).
Бұл жерде кәмелетке толмаған бір адамның өлуі туралы сөз болып отыр.
Өзге де ауыр зардаптарға — жәбірленушіге орта, ауыр дене жарақатын келтіру,
кәмелетке толмаған адамның кінәлінің заңсыз әрекетіне байланысты өзін-өзі
өлтіруі, олардың жұқпалы аурумен зақымдануы, мүгедек болып қалуы сияқтылар
жатады. ҚК-тің 133-бабының 3-тармағында көрсетілген қылмыс құрамының
субъективтік жағынан әрекеті қасақаналық, ал одан болатын зардап
абайсыздықпен жүзеге асырылады.
Баланы ауыстыру (134-бап)
Заң (ҚК-тің 134-бабы) баланы қасақана ауыстырғаны үшін қылмыстық
жауаптылық белгілеген. Бұл қылмыстың қоғамға қауіптілігі сол, баланы
ауыстыру арқылы ата-анамен баланың туыстық қатынасы зорлықпен бұзылып,
адамгершілік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс
Отбасы және кәмелетке толмағандарды құқықтық қорғау және оларды дұрыс тәрбиелеу шаралары
Қылмыстық құқықтағы отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар мәселелерін қарастыру
Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың түрлері
Кәмлетке толмаған адамды қылмыстық іске тартқаны үшін қылмыстық жауапкершілік
Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту
Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың түрлері
Отбасының және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.
Қылмыс ұғымы жайлы
ОТБАСЫ ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРЫН ЖЕКЕ ҚҰРАМДАРҒА БӨЛУ МӘСЕЛЕСІ
Пәндер