МҮЛІКТІК ЕМЕС ӨЗІНДІК ҚҰҚЫҚТАР



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе 2
1. Азаматтық құқықтар объектілерінің ұғымы мен түрлері 4
2. МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАР 6
2.1. Заттардың ұғымы және оны саралау (жіктеу) 6
2.2. Бағалы қағаздар 12
3. МҮЛІКТІК ЕМЕС ӨЗІНДІК ҚҰҚЫҚТАР 20
3.1. Мүліктік емес өзіндік құқықтардын ұғымы мен түрлері 20
3.2. Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау құқығы 21
Қорытынды 26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27

Кіріспе

Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болғалы бері нарықтық
қатынастарды орнату жолын таңдап алды. Бұл жаңа үрдіс біздің өмірімізге
түбегейлі өзгерістер алып келді. Мұның көрінісі ең алдымен құқықтық салада
айқын көзге түсуде. Сол себепті бұрынғы құқық жүйесінің орнына жаңа
құқықтық қатынастарды реттеу мүмкіншіліктері қарастырылған құқықтық жүйе
қалыптасып келеді. Елімізде жеке меншікке рұқсат беріліп, жекешелендіру
процесінің бірнеше кезеңдері жүріп өтті. Экономикамыз қайта құрылып,
мемлекеттік басқару құрылымы жаңа үлгіде қалыптасуда. Қазақстан қазіргі
кезде әлемдік нарықтық қатынастарға белсене араласатын тәуелсіз мемлекет
болғандықтан халықаралық қатынастарды реттейтін заңнамалар мен актілерді
бекітуде. Мұның бәрі құқықтың сан алуан салаларындағы өзгерістерді
туғызуда. Сондықтан менің курстық жұмысымның тақырыбы азаматтық құқық
объектілері өзекті мәселелердің бірі. Өйткені бір ғана мысал ретінде
азаматтық құқық объектісі болып табылатын бағалы қағаздардың өзін алсақ та
жеткілікті. Мұндай объекті бұрынғы Қазақ ССР-нің Азаматтық кодексінде мүлде
жоқ болатын. Демек осы жұмысты жалғастыра отырып менің нарықтық
қатынастардағы азаматтық құқық объектілері туралы көп мағлұмат жинап,
білімімді едәуір көбейте түсетінім анық. Және бұл келешекте маған тигізер
пайдасы мол болатыны да мен үшін түсінікті.
Қазақтардың дәстүрлі құқығында мүліктік құқық маңызды роль атқарғаны
бізге тарихтан мәлім. Қазіргі құқықтың дамуы сол құқықтардың жалғасы
іспеттес. Қазақ халқының мүліктік құқығын толық ұғынып түсіну тек қана
біліп қою үшін ғана емес сонымен қатар нақты практикалық маңызы бар нәрсе.
Бұл біздің тәуелсіз еліміздің азаматтық құқығын айқындай түсуге бастау
болатынын сөзсіз.
Қазақ халқының тарихы өте күрделі кезеңдерді басынан кешкені белгілі.
Соған байланысты қазақ халқының тәуелсіз мемлекет болу кезеңдерінде біршама
заңдардың қабылданғанын білеміз. Мысалы XVІ ғасырдың бірінші ширегінде
Қасым хан (1511-1520 жж.) тұсында Қасым ханның қасқа жолы атты акті
қабылданса, Есім хан билік еткен кезде (1598-1628 жж.) Есім ханның ескі
жолы аталған заң қабылданған еді. Ал бізге тарихтар қойнауынан хат жолымен
жеткені Тәуке ханның (1680-171 жж.) Жеті жарғысы аталған жинақ болып
отыр. Оның маңызы туралы, ондағы мүліктік және мүліктік емес құқық
объектілері туралы сөз қозғау өз алдына бөлек зерттеуді талап етеді. әңгіме
біздің алып отырған тақырыбымыздың бастауы сонау ықылым заманнан бері келе
жатқан өзекті мәселелердің бірі. Мысалы сол кездегі бекітілген ру
таңбалары да осындай құқық объектілерінің бірі екені айтпаса да түсінікті
сияқты.
Енді осы өзекті тақырыптың мағынасы мен маңыздылығын аша түсу үшін мен
курстық жұмысымды үш тарауға, кіріспе мен қорытындыға жіктедім. Және мұнда
пайдаланылған әдебиеттер тізімі келтірілген.

1. Азаматтық құқықтар объектілерінің ұғымы мен түрлері

1. Азаматтық құқықтың нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар
азаматтық құқық объектісі деп аталады. Басқаша айтар болсақ құқықтық
қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттемелері бағытталғандары
құқық объектілері деп ұғынуға болады. Мүліктік және жеке мүліктік емес
игіліктер, сондай-ақ құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады.
Азаматтық құқық субъектілері өзара құқықтық қатынасқа түсетін маериалдық
және рухани құдылықтар азаматтық құқық объектілері болып табылады.
Азаматтық кодекстің 115-бабында азаматтық құқық объектілеріне кеңінен
тізбе келтірілген: а) мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мүлікке)
жататындар: заттар, ақша, соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар,
жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтердің объектіге айналған
нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың
өзге де құралдары, мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады; ә) жеке
мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға мыналар жатады: жеке адамның өмірі,
денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге
қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу
құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес
игіліктер мен құқықтар[1].
Құқық объектісі ретінде заттардың экономикалық (шаруашылық) және
физикалық қасиеттерінің азаматтық құқықта үлкен маңызы бар. Затқа қатысты
туындайтын заңдылық қатынастардың сипаты күні бұрын белгіленеді. Сондықтан
Азаматтық құқықтың ғылыми негізі заттарды тиісті физикалық немесе
экономикалық қасиеттеріне қарай саралап береді.
Сонымен, азаматтық құқық объектілерін төрт топқа жатқызуға да болады:
- мүлік;
- әрекет;
- интеллектуалдық қызмет нәтижелері;
- материалдық емес игіліктер.

2. МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАР

2.1. Заттардың ұғымы және оны саралау (жіктеу)

Заттың ұғымы туралы қазіргі қолданып жүрген заңда айтылмаған, оның
ұғымы азаматтық зерттеулерде берілген. Зат дегеніміз, Азаматтық құқық
тұрғысынан алып қарағанда, физикалық дене ретінде және оның адам еңбегімен
жасалған, сол сияқты табиғи күйінде де кездесетін (болатын) сыртқы
материалдық дүниенің бір бөлігі болып табылады.
Затты заңдық жағынан саралау (жіктеу) көбіне көп оның табиғи қасиетіне
(физикалық немесе экономикалық) немесе қоғамдық маңызына негізделеді және
әр құқық субьектілерінің белгілі бір заттың түріне қатысты әрекет етуін
айқындайды.
Азаматтық кодекстің 117-бабына сәйкес заттардың өзі қозғалатын және
қозғалмайтын болып екіге бөлінеді. Затты қозғалмайтындар қатарына жатқызу
екі жағдайға, яғни материалдық жағынан затты жерден айыруға болмайтындығына
және оны орнынан қозғау үшін шығындану қажеттігіне байланысты. Кейбір
жағдайларда, заң қозғалатын мүліктерді, атап айтқанда, әуе және теңіз
кемелерін, ішкі суда жүзу кемелерін, "өзен-теңіз" жүзу кемелерін, ғарыш
объектілерін қозғалмайтын түрге жатқызады. Қозғалмайтын мүлікке
теңестірілетін объектілер тізімі толық еместігін еске сала кеткен жөн.
Азаматтық кодексте заң актілері бойынша қозғалмайтын заттарға өзге мүліктер
де жатқызылуы мүмкін.
Қозғалмайтын заттарға меншік құқығы мен басқа да құқықтар, бұл
құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемлекеттік
тіркелуге тиіс[2] (АК-тің 118-бабының 1-тармағы).
Қозғалмайтын мүліктің ерекше түрінің бірі кәсіпорын болып табылады.
Заң бойынша "кәсіпорын" термині екі мағынада кәсіпорын деп аталады. (АК-тің
102-104 баптары). Азаматтық құқықтың субъектісі ретінде мұндай кәсіпорын
мемлекеттік тіркеуден өтеді. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін
пайдаланылатын мүліктік кешен құқық объектісі түріндегі кәсіпорын деп
танылады (АК-тің 119-бабының 1-тармағы). Яғни ондай кәсіпорын құқық
объектісі болып табылады, кәсіпорын тұтасымен немесе оның бір бөлігі сатып
алу-сату, кепілге, жалға беру шарттарының және басқа да мәмілелердің
объектісі болуы мүмкін, ол әкімшілік тәртіппен өзге субъектіге берілуі
ықтимал.
Мүліктік кешен ретінде кәсіпорын құрамына оның қызметіне қажетті деген
барлық мүлік түрлері енеді. Соның ішінде үйлер, ғимараттар, құрылыстар,
құрал-жабдықтар, шикізаттар, өнімдер, жер учаскесіне құқық, талап ету
құқығы, борыштар, сондай-ақ атауын белгілейтін белгілер (фирманың атауы,
тауар белгілері), егер заң құжаттарыңда немесе шартта өзгеше көзделмесе
және тағы басқа айрықша құқықтар болады. Мүліктік кешеннен қандай да бір
объектіні алу заңда немесе шартта көрсетілуі тиіс. Кәсіпорынның меншік
құқығы мен өзге де құқықтары басқа тұлғаға өткенде, сол тұлға жоғарыда
аталған құқықтардың бәрінің бірдей өзіне берілуін талап ете алады.
Азаматтық кодекстің 116-бабының талаптарына сәйкес заттар айналымнан
еркін берілетін немесе ауысатын, айналымнан алынып тасталатын және
айналымда шек қойылатын түрлерге бөлінеді[3].
Азаматтық кодексте айналымнан алынып тасталатын (шығарылған) зат деп
азаматтық құқыққа объект бола алмайтын заттарды айтады. Бұл ретте осы
заттар адамдардың меншігінде болмайды деген тұжырым жасалады.
Заң "айналымнан алынып тасталған" деген сөзді басқа да мағынада
қолданады — мемлекеттік тәртіптің және қоғамдық қауіпсіздіктің қамын ойлап
иелік ету жолы айрықша жағдайға қойылған заттарға да қолданады. Мәселен,
айналымнан шығарылған жеке заттарға мыналарды жатқызуға болады: қару,
радий, гелий және т.т. Алайда, бұл заттардың көпшілігі мемлекеттің дара
меншіктік объектісі болып табылады. Азаматтар тиісті өкімет орнының рұқсаты
бойынша бұл заттарды алып, оған иелік ете алады (АК-тің 116-бабының 3-
тармағы). Берілуге рұқсат етілмейтін заттардың түрлері (айналымнан алынып
тасталған заттар) заң құжаттарында тікелей көрсетілуге тиіс.
Азаматтық құқықтың объектілерінің көбі айналым қабілетті болып
келетіндігінен өзгеге еркін түрде беріліп, бір тұлғадан екіншісіне ауыса
береді. Азаматтық кодексте басқа біреуге беруге болмайтын материалдық емес
игіліктер жөнінде арнайы талап бар. Мұндай игіліктер тізімі Азаматтық
кодекстің 115-бабының 3-тармағында көрсетілген: олар — өмір, денсаулық,
тұлғаның ар-намысы және т.б[4].
Заттарды бөлінетін және бөлінбейтін деп бөлу оның табиғатына тән нәрсе
(АК-тің 120-бабы). Бөлінетін зат бөлген кезде өзінің бастапқы қасиетінен
айрылмайды. Бөлінбейтін зат бөлінгенде мәнін (өзінің шаруашылық мақсатын)
жоғалтып алады, сондай-ақ құжаттарында көрсетілгеніндей, бөлуге жатпайтын
заттар кездеседі (мәселен, ескерткіш).
Енді күрделі заттар деген ұғымға тоқтала кетейік. Егер әр текті заттар
бірігіп, бір мақсатқа пайдаланылса әрі бүтін бір затты құрайтын болса, олар
бір зат деп қаралады. Оған мысал ретінде кітапхананы, пошта маркаларының
коллекциясын және т.б. айтуға болады. Күрделі заттарды бөлу мақсаты
Азаматтық кодекстің 121-бабында айтылған: күрделі зат жөнінде жасалған
мәміленің күші, егер шартта өзгеше белгіленбесе, оның барлық құрамдас
бөліктеріне қолданылады.
Азаматтық кодексте затты басты және керек-жарақ (қосалқы) деп бөледі
(АК-тің 122-бабы), Басты зат деп дербес бола алатын және азаматтық
құқықтық қатынастың тікелей пәні болып табылатын затты айтады. Керек-жарақ
(қосалқы) зат басты затқа қызмет етеді, өйткені, олардың шаруашылық мақсаты
бір болады, егер заңдарда немесе шартта өзгеше белгіленбесе, басты затқа
ілесіп жүреді (мәселен, құлыптың кілті, скрипканың қылшыбығы, т.б.).
Азаматтық кодексте жемістер, азық-түлік және табыс деген заттар да
қаралған. Бұл затты пайдалану нәтижесінде алынған түсім. Жемістер деп
отырғанымыз малдың төлі, жеміс ағаштарының жемісі және т.б., ал табыстар
Азаматтық айналымда пайда түсіреді, оған жалдамалы ақы, пайыздар және т.б.,
азық-түлік (өнім) дегеніміз өндірістік мақсатка орай затты пайдаланудан
түскен өнімдер болып табылады.
Затты пайдаланудан түскен нәтижені оның заңды меншік иесі еншілейді.
Егер заңда немесе шартта өзгеше көзделмесе, Азаматтық кодекс түскен өнімді,
жемісті және табысты заң бойынша оның меншік иесінің пайдалануына басым
құқығы берілуін қамтамасыз етеді.
Азаматтық кодекс жануарларды да объект ретінде қарастырады. Азаматтық
кодекстің 124-бабына сәйкес жануарларға қатысты қатынастарға, егер заңдарда
өзгеше көзделмесе, жалпы ережелер қолданылады.
Азаматтық кодексте ерекше объектілердің бірі ретінде Азаматтық немесе
заңды тұлғаның интеллектуалдық меншігін қарастырады, оған интеллектуалдық
шығармашылық қызметтің нәтижелері және оларға теңестірілген заңды тұлғаны
дараландыру құралдары жеке немесе заңды тұлғаның өзі орыңдайтын жұмысының
немесе қызметінің өнімдері (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету
белгілері және т.б.) жатады. Шығармашылық интеллектуалдық қызметтің
нәтижелері мен ерекше құқықтардың объектісі болуы мүмкін даралану
құралдарын пайдалануды үшінші жақтар құқық иеленушінің келісімімен ғана
жүзеге асырады.
Азаматтық кодексте ақпарат жөнінде арнайы бап бар, онда қызмет және
коммерциялық құпиялардың мән-жайы айқындалған, былайша айтқанда,
коммерциялық және басқалай құндылығы бар ақпараттарға қатысты мәселелерге
мән берілген. Үшінші жаққа белгісіз болуына байланысты ақпараттың нақты
немесе потенциалды коммерциялық құны болып, онымен заңды негізде еркін
танысуға болмайтын және ақпаратты иеленуші оның құпиялылығын сақтауға шара
қолданатын ретте, қызметтік немесе коммерциялық құпия болып табылатын
ақпарат азаматтық заңдармен қорғалады. Мұндай ақпаратты заңсыз әдістермен
алған адамдар, сондай-ақ еңбек шартына қарамастан қызметшілер немесе
азаматтық-құқықтық шартқа қарамастан контрагенттер қызметтік немесе
коммерциялық құпияны жария етсе, келтірілген залалдың орнын толтыруға
міндетті (АК-тің 126-бабы).
Азаматтық құқық объектісі ретінде ақшаның бірсыпыра өзгешеліктері бар.
Ақша төлемнің заңды құралы болып табылады: ақшаға шағылып жасалған
міндеттемелердің қандайын болсын ақша төлемі етуге болады. Тектес
қасиеттері бар заттардың ішінде ең өтімдісі (ауыстыруға қолайлысы) ақша.
Ақшалай сома төленгенде ақшаның саны есепке алынады, ал ірі-ұсақты
білдіретін белгісіне мән берілмейді. Мысалы, 100 теңге қарызды бес жиырма
теңгемен немесе екі елу теңгемен және т. с. беріп өтеуге де болады.
Теңге Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өз құны бойынша
қабылдануға міндетті заңды төлем құралы болып табылады (АК-тің 127-бабы).
Қазақстан Республикасы аумағында шетел валютасымен есеп айырысудың
реттері, тәртібі мен шарттары заңдарда белгіленеді. Валюталық қазыналар деп
танылатын мүлік түрлері және олар арқылы мәмілелер жасау тәртібі заң
құжаттарыңда белгіленеді. Валюталық қазыналарға меншік құқығы Қазақстан
Республикасында жалпы негіздерде қорғалады.[5]

2.2. Бағалы қағаздар

Өзінің талай ғасырларға созылған тарихында азаматтық құқық мүліктік
айналымды жүзеге асыруды жеңілдететін талай құралдарды игергені мәлім.
Дамуды біршама сатыларын бастан кешірген бағалы қағаздар кез келген дамыған
экономиканың тетікті механизмдерінің біріне айналды. Бағалы қағазға тек
қана көрсету арқылы мүліктік құқықтарды жүзеге асыратын, міндетті түрде
белгілі нысаны бар құжатты айтамыз. Бұлар Қазақстан Республикасының қазіргі
таңдағы экономикасында айтарлықтай роль атқаруда. Дегенмен бұл саланы
жетілді деу тым ерте, өйткені бағалы қағаздардың шығару, тіркеу және оны
биржада еркін сату әлі де оншалықты жетілмеген. Соның салдарынан Бағалы
қағаздарды реттейтін комиссия бір жыл бұрын Қазақстан Республикасы Ұлттық
банкі құрамына кіріп өзіндік тәуелсіздігінен жұрдай болды. Қор биржасының
ролі әлі де мардымсыз. Сірә бұл құралдың жетіле түсуі келешекте капитал
ауқымы өсіп көпшілігіміздің материалдық мүмкіншілігіміз арта түскенде артық
ақшаны осы бағалы қағаздарды сатып алуға жұмсауымыздан туындайтын болса
керек.
1. Азаматтық құқық объектілерінің бірі бағалы қағаздар болып
табылады. Азаматтық кодекстің 129-бабында оған мынадай анықтама берілген:
белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы
тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын
құжат бағалы қағаз болып табылады. Осындай анықтамадан бағалы қағаздың
ерекше сипаты шығады, ол атап айтқанда:
а) бағалы қағаз түрі және мазмұнымен заң талаптарына қатаң бағынатын
құжат. Мәселен, бағалы қағаздармен куәландырылатын құқықтардың түрлері,
бағалы қағаздардың міндетті реквизиттері, бағалы қағаз нысанына талаптар
және басқа да қажетті талаптар заң құжаттарымен немесе соларда белгіленген
тәртіп бойынша бейнеленеді. Ал, міндетті реквизиттерінің болмауы немесе
бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз
болуына әкеліп соқтырады;
ә) бағалы қағаз оның иеленушісінің мүліктік құқығын куәландырады;
б) бағалы қағаздағы құқықты жүзеге асыру үшін оны көрсеткенде не
бергенде ғана құқық іске асырылады. Айталық, бағалы қағазда жасалған
индоссамент бағалы қағазбен куәландырылған барлық құқықтарды бағалы қағаз
бойынша құқықтар берілетін адамға — индоссантқа немесе соның бұйрығына
ауыстырады. Индоссамент бланкілік болуы мүмкін (орындауға тиіс адам
көрсетілмейді).
Бағалы қағазбен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру, бұл құқықтарды
индоссантқа бермей-ақ (сену индоссаменті) индоссаментке тапсырумен ғана
шектелуі мүмкін. Бұл жағдайда индоссант өкіл ретінде әрекет жасайды (АК-тің
132-бабы).
Азаматтық кодекс бағалы қағазды құжат деумен бірге оны зат деп те
көрсетеді. Өйткені, кез келген құжаттың түп төркіні ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүліктер азаматтық құқықтың объектісі ретінде
Азаматтық құқық объектілерінің түсінігі
Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар
Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар
Азаматтық құқықтар объектілері
Азаматтық құқық қатынастарының элементтері
Материалдық емес игіліктер және жеке мүліктік емес құқықтар
Азаматтық құқық нормалырының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады
Азаматтық құқық объектiлерi
Мүліктік емес жеке құқықтар
Пәндер