Сақтандыру туралы заңнама


ЖОСПАР
КІРІСПЕ2
1. Сақтандыру туралы жалпы ережелер2
2. Сақтандыру шарты11
Қорытынды29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ30
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 1995 жылы маусым айында елімізде жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылдады. Қаулыда құқықтық оқуды мектептерде бастауыш сыныптардан бастап неғұрлым кең көлемде енгізу қажеттілігі атап көрсетілді. Құқықтық білімге терең назар аударудың бірқатар себептері бар. Қазақстан дербес тәуелсіз мемлекет болды. Өткен жылдардың ішінде жаңа мемлекеттік органдар - Президент әкімшілігі, Парламент, Үкімет, Конституциялық кеңес т. б. құрылды. Олар жаңа қоғамды ұйымдастыруға бағытталған қызметтер атқаруда. 1995 жылдың тамыз айында бүкілхалықтық дауыс беру нәтижесінде қабылданған жаңа Конституция жана мемлекеттік органдарды зандастырып қана қойған жоқ, сонымен бірге әрбір жеке адам мен азаматтың кең көлемді демократиялық құқықтары мен бостандықтарын баянды етті.
Біздің өз мемлекетімізді, оның органдарының құрылымы мен атқаратын қызметтерін білу өзіміздің қандай мемлекетте тұратынымызды, ол мемлекет өзінің алдына қандай мақсаттар мен міндеттер қоятынын, кімге қалай қызмет ететінін айқын түсінуіміз үшін қажет. Ол үшін Республиканың зандарын оқып үйрену қажет. Өйткені ол заңдарда азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері жарияланып қана қойған жоқ, сонымен бірге сол құқықтар мен бостандықтарды қорғаудың, пайдаланудың жолдары мен тәсілдері де көрсетілген.
Республикамыздың ең маңызды заңдарының бірі Азаматтық кодекс болып табылады. Менің таңдап алған тақырыбым азаматтық айналымға қатысушылар арасындағы сақтандыру шарты болып отыр. Бұл тақырып қазіргі нарық заманында өте өзекті тақырыптардың бірі деуге болады. өйткені қазір сақтандыру мәселесінің маңыздылығы күрт өсіп отыр. Курстық жұмысты жазу мақсаты осы шарт түрінің ұғымын, оның мәні мен маңызын ашып көрсету болып табылады.
1. Сақтандыру туралы жалпы ережелер
Қазіргі жағдайда сақтандыру - бұл өмірдің әртүрлі салаларында барынша жиі болатын жағдайлардың теріс әсерінен заңды тұлғалар мен азаматтардың мүдделерін қорғау әдістерінің бірі.
Адамдар жиі өрттерден, су тасқыны, сел және осылар сияқты т. б. жағдайлар нәтижесінде өздерінің қозғалмайтын және қозғалатын мүліктерінен айырылу мүмкіндігінен сақтануды қалайды. Кәсіпкерліктің дамуы тиісінше тәуекелдердің өсе түсуіне әкелді, олар іскерліктегі әріптестердің сенімсіз болып шығуы, нарықтағы бағалар (құндылықтар) кенет өзгеріп кетуіне шарт бойынша әріптестердің банкротқа ұшырауына байланысты болуы мүмкін шығындар болады. Өз кезегінде бүл сақтаңдырудың дамуына қосымша түрткі болды. Уақыт ағымында мұндай қажеттілік азаймайды, керісінше азаматтар мүліктік жағдайы жақсаруының және кәсіпкерлік дамуының салдарынан сақтандырудағы кажеттілік одан әрі өсе түседі.
Айтылғандардың сенімділігін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен № 491 27 қараша, 2000 жылы бекітілген, 2000-2002 жылдары Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын қабылдау фактісі растайды. Бұл бағдарламаның мақсаты ретінде қазіргі заманга сәйкес және тұрақты ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастыру белгіленген (аталған) . Мұндай сақтандыру нарығы мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық субъектілердің мүдделерін қорғаудың шынайы құралы болуы қажет. Осымен қоса тиімді сақтандыру жүйесін құру, мемлекеттік әлеуметтік саясаттың бір құрамасы ретінде де танылуы керек.
Бағдарламада атап өтілгендей, сақтандыру саласы адам өмірінің өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтерінің барлық жағын қамтиды. Сақтандырудың дәстүрлі орын толтыру (компенсациялық) міндетімен бірге өзге де міндеті қарастырылған, Енді сақтандыру жинақтау - қаражат сақтау міндетін де атқаруы қажет.
Сақтандырудың мәні бір қатар факторлармен анықталады. Ол мемлекет тарапынан қаралған шаралар көлемі мен сипатынан тәуелсіз халық пен ұйымдардың әртүрлі мүдделерін қосымша қорғауды ұсынуға мүмкіндік береді. Табиғи және техногендік апаттар әсерлерін жою бойынша шығындардың негізгі ауыртпалығы қазіргі уақытта оның мүмкіншіліктері объективті шектеулі болып келетін мемлекеттік бюджетке түседі. Сақтандыру осы қолайсыздықты жоюы тиіс. Бұдан басқа сақтандыру механизмін пайдалану өндірісте қолданылып жүрген технологияның жетілдірілуіне, кәсіпкерлік қызметтің жедел дамуына мүмкіншілік береді.
Сақтандыру жүйесі республика экономикасы тұрақты дамуына, халықты әлеуметтік қорғауды көтеру үшін қосымша негізді құруға, азаматтар мен шаруашылық субъектілер мүлкін сақтандыруға әсер етуі қажет.
Сақтандыру мәселелері медицинаны қоса алғандағы әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелеріне тікелей қатысты. Қазіргі заманғы сақтандыру индустриясын құру мемлекетке келесі міндеттер қатарын шешуге мүмкіндік береді:
1) табиғи-техногендік сипаттағы қарастырылмаған шығындарды толтыруда мемлекеттік бюджетке ауыртпалықты азайтудың;
2) нарықтық экономика қағидаларына сай сақтандыру жәрдемімен әлеуметтік қамтамасыз етудің жекелеген мәселелерін шешуге жинақталған зейнетақыны төлеуге, еңбекке қабілеттілікті жоғалтуға, асыраушының қайтыс болуына, жұмыссыздыққа жәрдемақыларды төлеуге, денсаулық сақтауға қатысты шығындардың орнын толтыруға;
3) халық пен ұйымдардың қаражаттарын ұзақ мерзімді негізде ұлттық экономикаға шоғырландыруға.
Мемлекет бұдан бұрын жеткілікті қуатты әлеуметтік кепілдіктер жүйесін қамтамасыз етуге қабілетсіз болып шықты. Кепілдіктерді қамтамасыз ету міндеті қазір сақтандырудың "иығында" болып тұр. Осымен бірге бір қатар мамандықтардың қауіптілігінің дәрежесіде өсе түсті. Құқық қорғау органдары ұйымдасқан (кәсіби) қылмыспен бетпе-бет келді, техногендік апаттар саны артты. Нарық жағдайында (жаңа еңбек қатынастарында) адамның өмір сүруі үшін өмір мен денсаулыққа келтірген зардаптарды қалпына келтіруде қандай да болсын бір мүмкіншілігі болуы өте маңызды. Жоғары қауіптілік көздерімен келтірілген зардаптардың орнын толтыру, соның ішінде автомобиль көлігі ж. б. мәселе де өзекті. Мұның барлығы Қазақстан Республикасында нарықтық қайта қалыптасу кезеңінде сақтандыру саласында ең маңызды өзгерістер басталуына негіз қалаган заңдардың, өзге нормативті-құқықтық актілерінің қабылдануына әкелді. Бірінші кезекте өзін тиымсыз қылып көрсеткен сақтандырудың толығынан мемлекеттік жүйесінен бас тартылады. Бәсекеге негізделген сақтандыруға жол берілді. Сақтандыру кәсіпкерлік түрлерінің біріне айналды, және қазір ол кәсіпкерліктің ең жоғары ұйымдастырылған түрлерінің бірі. Сақтандырумен әлеуметтік міндеттерді орындалудың маңыздылығын есепке ала отырып, мемлекет сақтандыру дамуын бақылаусыз өз бетімен жібере алмады. Сондықтан сақтандырудың дамуы қазіргі заманғы құқықтық салалардың бірінің сақтандыру құқығының дамуымен бірге болды. А. И. Худяковтың анықтамасына сәйкес: "Сақтандыру құқығы елдегі сақтаңдыру ісін ұйымдастыру және сақтандыру қызметін жүзеге асырумен байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы".
Сақтандыру ісінің дұрыс ұйымдастыру мәнін төмендетпей, сақтандыруға жататын жағдайлар әсерінен зардап шеккен тұлғаларға мүліктік өтем жасау мақсатына жетуді қамтамасыз ететін тікелей құралы болып жеке жасалған азаматтық-құқықтық шарт келетінін айтып кетейік. А. И. Худяков азаматтық құқық үлесіне шарттық сақтандыру міндеттемесінің жалпы құрылысын анықтауды жатқызады. Біздің көзқарасымыз бойынша, азаматтық құқық көзқарасынан шарттық қатынастар шеңберінде пайда болатын барлық мәселелерді қажетті реттеу, сақтандыру қатынастарын ықылассыз қатысушыларына азаматтық-құқықтық әсер етудің шегі мен мазмұнын анықтау қажет. Шарттың толық құнарлы жүйесінің болмауы, біздің көзқарасымыз бойынша, КСРО кезіндегі қалыптасқан сақтандырудың әлсіз жақтарының бірі болды.
Сақтандыру шартын қарастыруда біз әкімшілік (қаржылық) құқық саласына жататын құқықтық нормалар әрекетін ескермесек болмайды. Сақтандыруға арналған заң актілерінде аталған шартты қарастыруда да пайдаланылатын түсініктер жиынтығы бар.
Сақтандыру туралы заңнама . Осыған дейін біршама уақыт бұрын сақтандыру қатынастарын кешенді реттейтін заң актісі болып Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 3 қазанынан "Сақтандыру туралы" заң күші бар Жарлығы саналды. 2000 жылдың 18 желтоқсанында Қазақстан Республикасының "Сақтандыру қызметі туралы" жаңа Заңы қабылданды, қазір ол заңгерлер тарапынан жоғарғы бағаланады. Онда сақтандыру ісін ұйымдастыруды қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келтіруді қамтамасыз ететін шаралар қарастырылған. Азаматтық-кұқықтық қатынастарды реттейтін нормалар көбінесе Қазақстан республикасының Азаматтық кодексінің 803-845-баптарын қамтитын 40-шы "Сақтандыру" деп аталатын тарауында мазмұндалған. Сақтандырудың жекелеген түрлерін реттейтін бөлек нормативтік актілердің де бірқатар саны бар, мысалы 1996 жылдың 31 қазанынан №1319 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 1997 жылдың 2 сәуіріндегі № 460 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген және т. б.
Сақтандыру қызметіне бақылау жүргізу туралы ережелер Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30 наурызда қабылданған "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заңында мазмұндалған. Сонымен бірге сақтандыру туралы жекелеген нормалар Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 31 тамызынан "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Заңында да бекітілген.
Сақтандыру құқығының негізгі түсініктері. Сақтандыру құқығы онда арнайы түсіндіруді талап ететін терминдердің елеулі қолданылатын құқықтық салалардың біріне жатады. Түсіндіру түсініктер (терминдер) қолданылатын нормаларды талқылаған кезде оларды әртүрлі түсіну қаупімен қорғайды. Сонымен бірге түсініктерді анықтау бүл қазіргі қүқықта кең қолданылатын тәсіл, ол нормативтік актілерді заң техникасы көзқарасынан жетіктеу қылуға мүмкіншілік береді (материалды артық қайталамауға мүмкіншілік береді) . Сақтандыру құқығының негізгі түсініктері Қазақстан Республикасының "Сақтандыру қызметі туралы" Заңының 3, 4-баптарында, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 817-820-баптарында, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 817-820-баптарында және т. б. айтылады.
Сақтандыру - сақтандыру шартымен анықталған сақтандыру ұйымының жеке активтері есебімен тікелей сақтандыру төлемдерін қалыптастыратын сақтандыру жағдайы немесе басқа жағдайлардың пайда болуындағы заңды және жеке тұлғалардың заңды қызығушылығын мүліктік қорғау жөнінде қатынастар кешенін ұсынады.
Сақтандыру қызметі - Қазақстан Республикасы заң талаптарына сәйкес мемлекеттің өкілетті органының лицензиясы негізінде қалыптасатын сақтандыру шарттарын орындау және бекітумен байланысты сақтандыру ұйымдарының қызметі.
Сактандыру жағдайы - сақтандыру шарты сақтандыру төлемін төлеуді қарастыратын жағдай. Сақтандыру жағдайы - табиғи әсер, техногендік сипат және нақты адам әрекеті ретінде өз пайда болу себебін иемденетін жағдай. Сонымен қатар, сақтандыру жағдайы ретіндегі қарастырылатын жағдай кездейсоқтылық және ықтималдық белгілеріне иемденуі қажет. Сақтандыру жағдайының түсу ықтималдығының деңгейі шарт жақтарымен өз бетінше бағаланады, сонымен қатар жағдайдың ықтималдылығы болмай қоймайтындыққа жақын болмауы қажет, соңғысы орын алса мұндай жағдай кездейсоқ болмайды. Жағдай орын алудың ықтималдылығы мен кездейсоқтығының талаптары жинақтау сақтандыру шарттары бойынша қарастырылатын фактілерге (оқиғаларға) қолданылмайды (ҚР АК 817 бабы, 3 т. ) .
Сақтандыру жағдайларының түрі заң актілерімен (сақтандыру міндеті болып келген кезде) және шарттарымен (сақтандыру ерікті болып келген кезде) анықталады.
Актуарий - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің экономикалық-математикалық есептеулерін жүзеге асыруға байланысты қызметті атқаратын жеке тұлға;
Сатып алу сомасы - жинақтаушы сақтандыру шарты қолдану мерзімінен бүрын тоқтатылған кезде сақтанушының алуына құқығы бар ақша сомасы.
Сақтандыру ережелері - белгілі бір сақтандыру түрі бойынша сақтандыруды жүзеге асыру талаптарын айқындайтын сақтандыру ұйымының құжаты.
Қайта сақтандырушы (цедент) - өзі қабылдаған сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға беруді жүзеге асыратын сақтандыру немесе қайта сақтандыру ұйымы.
Қайта сақтандыру - сақтандыру шарты бойынша сақтандыру ұйымы қабылдап, кейіннен өздерінің арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандыру ұйымына сақтандыру тәкеуелдерінің бәрін немесе бір бөлігін беруге байланысты қызмет және соған байланысты туындайтын қатынастар.
Сақтандыру сыйақысы - сақтандырушының сақтандыру шарты мен аннуитетте анықталған мөлшерде сақтанушыға сақтандыру төлемін жүргізудің соңғы міндеттемелерін қабылдау үшін төлеуге міндетті ақша сомасы. Сақтандырушыдан алынған сақтандыру сый ақылары сақтанушының меншік құқығына жатады.
Сақтандыру сомасы - сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайының пайда болуындағы жауапкершіліктің шектеулі көлемін ұсынатын ақша сомасы.
Сақтандыру төлемі - жинақтаушы сақтандыру шартында анықталған, сақтандыру жағдайының кепіл түсуінде немесе мерзімнің келіп түсуіндегі сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандырушы мен сақтанушыға төленетін ақша сомасы. Сөйтіп сақтандыру төлемі сақтандырушы іс жүзінде төлейтін ақшалай сома болып келеді. Осыдан сақтандыру төлемнің сақтандыру сомасынан айырмашылығы көрінеді.
Келтірілген түсініктер тізімі аяқты болып табылмайды, бірақ олардың кейбіреулерін сақтандыру қатынастарын одан әрі қарастыру жүрісінде ашу орынды болып келеді.
Күшіндегі сақтандыру туралы заңнама сақтандырудың қолданылатын жіктелуінің күрделенуімен ерекшеленеді. Қазір қазақстан Республикасының "Сақтандыру қызметі туралы" Заңы-ның 6 бабына сәйкес сақтандыру салаларға, класстарға, түрлерге жіктеледі.
Сақтандыруды салаларға бөлу сақтандырудың әртүрлі объектілерімен байланысты. Сақтандырудың барлық түрлерін екі сомаға бөлу қарастырылған, олар:
- өмірді сақтандыру;
- жалпы сақтандыру;
Аталған сақтандыру саласының біріншісі заңмен қорғалатын игіліктердің арасындағы ең жоғарғы құндылық болып табылатын азаматтар өміріне қатысты болып келеді. Өмірді сақтандыру саласы бірқатар болмай қоймайтын объективтік сипаты бар өмірлік жағдайларда сақтандырылған (пайда алушы) тұлғаға ақша төленуін қарастырады.
Бұл тұлғаның қартайған шағында мүліктік мүдделерін кешенді қамтамасыз етуге, адамды жерлеуге шығындарды өтеуге с. с. мүмкіншілік береді. Осы себептен өмірді сақтандыру өмірді азаматтық қүқықтық тәсілдермен қорғаудың бір жолы болып келетінін айтуға болады.
Ерікті нысанда сақтандыру өмірді сақтандыру саласына өз кезегінде кластарды енгізеді. Ерікті өмірді сақтандыруда екі класс қарастырылған, олар: 1) өмірді сақтандыру; 2) аннуитетті сақтандыру. Жалпы сақтандыру белгілі бір сақтандыру жағдайларының келіп түсуінде заңды жөне жеке тұлғалардың аймақтық бұзылған құқықтары мен қызығушылықтарын орнын төлеуді қамтамасыз етуде дәстүрлі жолда болып келеді. Қазіргі кезде жалпы сақтандыруды кластарға бөлу кеңейтілген тізімді қамтиды, оған шолу жасасақ қазіргі кезеңде азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтарын қамтамасыз етуде сақтандырудың мәні бұрынғыға қарағанда салыстырымсыз жоғары болып келеді деген пікірде орнығуымыз мүмкін. Жалпы сақтандырудың кластарына төмендегілер жатады:
1) сәтсіз оқиғадан және аурулардан сақтандыру;
2) медициналық сақтандыру;
3) автомобиль көлігін сақтандыру;
4) темір жол көлігін сақтандыру;
5) әуе көлігін сақтандыру;
6) су көлігін сақтандыру;
7) жүктерді сақтандыру;
8) көлік пен жүктерді сақтандыруды қоспағанда, мүлікті сақтандыру;
9) кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;
10) автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
11) темір жол көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
12) әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
13) су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
14) тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
15) шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
16) зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
Ерікті сақтандыру нысанындағы әрбір кластың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар өкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді. Сонымен, сақтандырудағы әрбір класқа байланысты заңнама заңды нормативтік актілері бойынша арнайы реттеуді қарастыруы қажет.
Осыған байланысты, сақтандырушылар үшін сақтандырудың әрбір класы бойынша жалпы жағдайлар көбіне императивтік (міндетті) болып анықталатынын айтуға болады. Бұның өз сыры бар, міндетті реттеу сақтандырушылардың қызметін пайдаланатын субъектілерінің мүдделерін ескеруіне мүмкіндік береді.
Заңда берілген анықтамаға сәйкес, сақтандыру түрі, сақтандыру ұйымы әзірлейтін және ұсынатын сақтандыру өнімі болып табылады. "Өнім" деген түсінікті қолдану интеллектуалдық меншік категорияларын ойға шақырады. Мұндай шарттарда коммерциялық құпиялы болып келетін мәліметтердің болуы мүмкін. Бірақ, "өнім" деген түсінікті біз басқа да позицияда бағалай аламыз. Сақтандыру түрі сақтандырушының да сақтанушының да (пайда алушының) мүдделерін ескеруді қамтамасыз ететін заңның міндетті нормаларына қайшы келмейтін жөне онда сақтандырудың барлық керекті жағдайлары ескерілген шарт болып келеді.
Заңда сақтандыру нысанының түсінігі де қарастырылған. Ол "сақтандыру түрлері" деген бұрын күшінде болған заңнаманың түсінігіне сәйкес келеді. Сақтандыруды нысандарға бөлу әртүрлі негіздер бойынша жүргізіледі.
Міндеттілік дәрежесіне қарай сақтандыру ерікті және міндетті болады. Соңғы жылдары міндетті сақтандыру кеңінен қолданылады. Мысалы, әскери қызметкерлерінің, ішкі істер органдарының қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын міндетті сақтандыруды және судьялардың өмірі мен денсаулығын, мүлігін міндетті сақтандыру жүргізілген. Міндетті сақтандыру азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру саласында дамыған, яғни автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі, нотариустардың және кейбір өзге субъектілердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандыруға жатады.
"Қазақстан Республикасындагы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 52-бабына сәйкес, банктердегі салымдарды (депозиттерді) ұжымдық сақтандыру жүзеге асады.
Міндетті сақтандырудың түрлері, тәртібі мен талаптары заң актілерімен белгіленеді. Өз өмірін немесе денсаулығын сақтандыру міндетін азаматқа заң актілерімен де, шартпен де жүктеуге болмайды. Сонымен, өмірді және денсаулықты сақтандыру жағдайларында міндетті сақтандыру сақтандыру қатынастарында сақтанушының (сақтандырылған тұлғадан бөлек қатысуын) міндетті қатысуын талап етеді. Жиі-жиі шартта сақтанушы болып онымен азамат еңбек-қызметтік қатынаста тұратын мемлекеттік орган қатысады. Мұндай жағдайларда сақтандыру сақтанушы қаражаттарының есебінен жүргізіледі. Міндетті сақтандыру кезінде сақтанушы сақтандырудың осы түрін реттейтін заң актілерінде жазылған талаптар бойынша сақтандырушымен шарт жасауға міндетті. Міндеттілік негізінен сақтандыру объектілеріне, сақтандыру жағдайларының тізіміне бір немесе басқа жағдайларда тиесілі сақтандыру төлемнің көлеміне қатысты болып келеді. Сақтандыру төлемдерінің мөлшері өз кезегінде сақтанушының сақтандыру сыйақыларын төлеу міндетіне әсер етеді.
Заң актілеріне сәйкес пайдасына міндетті сақтандыру жүзеге асырылуы тиіс болған адам, егер оған оның сақтандырылмағандығы белгілі болса, осы міндет жүктелген тұлғадан өзінің сақтандырылуын сот тәртібінде талап етуте құқылы.
Егер сақтанушы міндетті сақтандыру шартын жасамаса немесе оны заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлау жағдайларда жасаса, ол сақтандыру жағдайы (оқиғасы) орын алған кезде сақтандырылғандардың алдында өзі жауапты болады. Сақтанушы жауапкершілігінің көлемі осындай жағдайда тиісті сақтандыру жүзеге асырылған кезде сақтандырылғанға тиесілі болатын сақтандыру төлеміне сәйкес болып келеді.
Міндетті сақтандыру шартын жасаудан сақтандырушы ұйымның да жалтаруға құқығы болмайды. Егер сақтандырушының шарт жасаудан бас тартуы орын алса, онда сақтанушы соттық тәртіппен сақтандырушыдан өзімен шартты жасауды талап ете алады.
Ерікті сақтандырудың міндетті сақтандырудан айырмашылығы, ол толығымен тараптардың еркін білдіруіне негізделеді. Ерікті сақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.
Объекті бойынша сақтандыру: а) жеке; б) мүліктік болып бөлінеді. Азаматтың өмірін, денсаулығын, еңбекке қабілеттілігін және басына байланысты өзге де мүдделерін сақтандыру жеке сақтандыруға жатады, мысалы, олардың белгілі жасқа келгенін сақтандыру. Жеке сақтандыру шарты бойынша сақтанушының өзі, сондай-ақ шартта аталған басқа (пайда алушы) адам сақтандырылған болуы мүмкін.
Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекеддер мен азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру мүліктік сақтандыруға жатады.
Мүлікті сақтандыру кезінде мүліктің жоғалуы (жойылуы), жетіспеуі немесе бүлінуі жөне заңда көзделген өзге де мүліктік құқықтар сақтандырылады. Сақтанушының немесе пайда алушының мүліктерді сақтандыруға мүддесі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.
Көсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кезінде сақтанушы ретінде іс-қимыл жасайтын кәсіпкердің шарттары бойынша әріптестерінің өз міндеттемелерін бұзуынан болуы мүмкін залалдардың тәуекелі немесе кәсіпкерден тәуелсіз жағдайлардан осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған залалдар тәуекелі, соның ішінде күтілген кірісті алмай қалу тәуекелі сақтандырылады. Мүлікті сақтандырудан айырмашылығы сақтандырудың бүл класында тек сол сақтанушының кәсіпкерлік тәуекелі және тек соның пайдасына ғана сақтандырылуы мүмкін.
Сақтанушы болып табылмайтын тұлғалардың кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты немесе өзге тұлғаның (пайда алушының) пайдасына жасалған шарт жарамсыз болады.
Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде басқа тұлғалардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарынан туындайтын жауапкершіліктің болу тәуекелі (қаупі) сақтандырылады. Азаматтық-құқықтық шарттардан және басқа да негіздерден пайда болатын міндеттемелерді бұзуға байланысты пайда болуы мүмкін, жауапкершілік сақтандырылуы мүмкін.
Бұрынғы заңнамамен салыстырғанда қазіргі заңнама сақтаңдыру нысандарының тізімін көбейтті. Енді сақтандыру нысаны сақтандыру төлемін жүргізудің негізінен де анықталады. Осыған байланысты сақтандыру тағы екі нысанға бөлінеді, олар а) жинақталушы; ә) жинақтаушы емес.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz