Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 2
1. Сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтері 2
2. Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері 11
3. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты 23
4. Тауар жеткізілімі шарты 29
Қорытынды 31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 32

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1995 жылы маусым
айында елімізде жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар
туралы қаулы қабылдады. Қаулыда құқықтық оқуды мектептерде бастауыш
сыныптардан бастап неғұрлым кең көлемде енгізу қажеттілігі атап көрсетілді.
Құқықтық білімге терең назар аударудың бірқатар себептері бар. Қазақстан
дербес тәуелсіз мемлекет болды. Өткен жылдардың ішінде жаңа мемлекеттік
органдар - Президент әкімшілігі, Парламент, Үкімет, Конституциялық кеңес
т.б. құрылды. Олар жаңа қоғамды ұйымдастыруға бағытталған қызметтер
атқаруда. 1995 жылдың тамыз айында бүкілхалықтық дауыс беру нәтижесінде
қабылданған жаңа Конституция жана мемлекеттік органдарды зандастырып қана
қойған жоқ, сонымен бірге әрбір жеке адам мен азаматтың кең көлемді
демократиялық құқықтары мен бостандықтарын баянды етті.
Біздің өз мемлекетімізді, оның органдарының құрылымы мен атқаратын
қызметтерін білу өзіміздің қандай мемлекетте тұратынымызды, ол мемлекет
өзінің алдына қандай мақсаттар мен міндеттер қоятынын, кімге қалай қызмет
ететінін айқын түсінуіміз үшін қажет. Ол үшін Республиканың зандарын оқып
үйрену қажет. Өйткені ол заңдарда азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен
міндеттері жарияланып қана қойған жоқ, сонымен бірге сол құқықтар мен
бостандықтарды қорғаудың, пайдаланудың жолдары мен тәсілдері де
көрсетілген.
Республикамыздың ең маңызды заңдарының бірі Азаматтық кодекс болып
табылады. Менің таңдап алған тақырыбым азаматтық айналымға қатысушылар
арасындағы сатып алу-сату шарты болып отыр. Бұл тақырып қазіргі нарық
заманында өте өзекті тақырыптардың бірі деуге болады. өйткені қазір сатып
алу-сату күрт өсіп отыр. Курстық жұмысты жазу мақсаты осы шарт түрінің
ұғымын, оның мәні мен маңызын ашып көрсету болып табылады.

1. Сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтері

Сатып алу-сату шарты бұл — мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін
шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше
түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелігі, олар қолданылатын
салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі қолданыс
табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік
кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен
мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт
арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен
ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының өзге
де түрлерінде, егер біз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен
салыстыратын болсақ ерекшеліктер байқалады. Дегенмен, ол өзінің алуан
түрлілігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің
бірі болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережелері ұзақ даму жолынан өткен
және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған.
Сатып алу-сату шартына сатып алушы жағына мүлікті меншікке беру шартқа
сияқты көзқарас дәстүрлі болып табылады. ҚР АК 270-бабының 3-ші тармағына
сәйкес зат үшінші тұлға меншігіне берілу мүмкіншілігі жоққа шығарылмайды.
Қазақстан Республикасының аумағындағы ҚСР Одағының және
республикалардың Азаматтық зандары негіздерінің 1991 жылы күшіне
енгізілуіне байланысты аталған шарт мүлікті сатып алушы тарабының
меншігіне, толық шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына беретін болып
қарастырылады.
Мұндай шешімді екі тұрғыда қарастыруға болады.
Біріншіден, мемлекеттік кәсіпорын, мекеме қатысуымен сатып алу-сату
шартын онда мемлекет аталған субъектілердің мүлікті оның меншігіне алуға
келісімін берген шарт ретінде бағалауға болады, осымен бірге мемлекет
аталған субъектілерде тиісті заттық құқықтар пайда болуына қарсы емес деп
табу мүмкін. Екіншіден, аталған заттық құқықтар мемлекеттік меншікке
негізделетін заңды тұлғалар меншік иелері ретінде мүлікті сатып ала алуы
үшін көлемі бойыыша жеткілікті екенін болжауға болады. Осы көзқарасты
қолдасақ, онда осындай мүмкіншіліктер меншік иесінен басқа езге де заттық
құқықтар иелерінде, мысалы, мүлікті сенімгерлікпен басқарушылар да бола
алатынын айта аламыз.
Осы екі көзқарастар сырттай тек теориялық тұрғыда болып келгеніне
қарамастан оларды одан әрі негіздеу мемлекеттік және онын құрған заңды
тұлғаларының қарым-қатынастарының тәжірибелік мәселелерін шешуге
мүмкіншілік бере алады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 406-бабына сәйкес:
"Сатып алу шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші
тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел
басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды)
қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге
міндетті". Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік
береді. Оған азаматтар және заңды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект
ретінде әкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.
Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме сатып
алушы болған уақытта мүлік тиісінше олардың шаруашылық жүргізуіне, жедел
басқаруына өтеді. Сонымен қатар, меншік құқығы сатып алушы республикалық
немесе коммуналдық кәсіпорын болып келгеніне байланысты мемлекетте немесе
әкімшілік аумақтық бірлестікте пайда болады. Бұл мемлекеттік меншік
нысанына негізделген заңды тұлғалар тек шартты бөлініп шығарылады деген
пікірге әкелуі мүмкін. Бірақ бұл (заңды тұлға құру) мүлікті бірнеше
мақсатта оқшаулау үшін маңызды. Кейде осы жеке меншікке негізделген заңды
тұлғаларға да қатысты. Мысалы, егер сатып алушы жеке мекеме болып табылса,
онда сатып алынған мүлікке жедел басқару құқығы пайда болатыны анық.
Атап өтілгендей, сатып алу-сату шарты мүлікті беру бойынша барлық
қатынастарды қамтиды. Ертеректе бөлек болған тауар жеткізілімі,
келісімшарт, энергиямен жабдықтау шарттары қазір сатып алу-сату шартының
түр түрлері болып бағаланады. Бұдан басқа, бөлшектеп сатып алу-сату шарты,
кәсіпорынды сату шарты қарастырылған. Біздің заңнамада Ресей Федерациясының
Азаматтық кодексінің екінші бөлімінде бекітілген қозғалмайтын мүлікті сатып
алу-сату туралы жалпы нормалар жоқ. Біздің ойымызша, болашақта тауар
айналымының кеңеюіне байланысты біздің азаматтық заңнамада да айтылғандай
нормалар қажет болады. Ал, негізінен қандай да болсын сатып алу-сату
шартына ерекше бөлімде 25 тарауда мазмұнданған жалпы нормалар тарайды.
Сатып алу-сату шартын меншікке жеке сипаттармен анықталатын заттарды
беретін шарт ретінде бағалау (себебі тек жеке сипаттарымен анықталатын
заттар ғана меншік құқығының немесе заттық құқықтық нысанасы бола алады)
мүлікті құқықтарды сату ерекшелігін ескеруді талап етеді.
Бағалы қағаздарды және валюталық құндылықтарды сатып алу-сатуда, егер
заңнама оларды сатып алу-сату үшш арнайы ережелер қарастырмаса, жалпы
ережелер қолданылады. Сонымен бірге бөлшектеп сатып алу-сатуға, тауар
жеткізіліміне, энергиямен жабдықтауға арнайы нормалар қолданылады. Дегенмен
біз жалпы ережелер мәнін төмендетпеуіміз керек, өйткені осылардың көмегімен
көптеген даулы жағдайлар шешіледі.
Шарттың өзін сипаттауға көшейік. Сатып алу-сату консенсуалды шарт
болып табылады. Ол, екі жақ барлық елеулі жағдайлар бойынша келісімге
келген сәттен бастап аяқталған (сатып алу-сату шарты жасалған) болып
табылады. Шарттың жасалуы мен орындалуының бір уақытпен сәйкес келуі
(жасалған сәтінде орындалатын шарттың болуы) бұл ережені өзгертпейді.
Сатып алу-сату шарты — ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын
алуды талап етеді. Бірқатар жағдайларда сатып алу бағасы тауардың
экономикалық тепе-теңі болып келмейді, бірақ шартта кіріптарлықпен жасалған
мәміле көрініс таппауы керек, сол сияқты бағаны қалыптастыру жөніндегі
міндетті нормалар да бұзылмауы керек. Оның ақылы мінезін (тепе-тең айырбас
ретіндегі) ескеру кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз тұлғалардың
құқықтарын қорғау негізінде болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл мемлекеттік
мүліктік мүдделерді неше түрлі алаяқтықтардан қорғау үшін де қажет.
Кейде сатып алу-сату шарттарын жасағанда ақылылық ережесінен ауытқу да
болуы мүмкін (сондықтан тек жартылай ақылылық туралы айтуға болатын шығар).
Аталған мәмілелер өзінің заңдық табиғаты бойынша шартты мәмілелер бола
алады. Мысалы, егер сауда кәсіпорны мыңыншы сатып алушыға ірі жеңілдік
жасаймын деп жарияласа (мәміле осы жөніндегі шартпен жасалса).
Бір біріне қарсы бағытталған екі тараптың субъектиетік құқықтары мен
міндеттері сатып алу-сату шартын өзара шарт ретінде сипаттауға мүмкіндік
береді. Әңгіме шарттың мәнін құратын құқықтары мен міндеттері туралы
болады. Құқықтар мен міндеттердің көмекші мөлшері екі жақтықтан ауытқу
болуы да мүмкін. Сатып алу-сату мүлік иесінің (басқа құқық иеленушінің)
өзгеруіне (ауысуына) әкеледі. Көрсетілген белгілер, сонымен қатар бұл
шарттың ерекше мазмұны аталған шарттың мүлік жалдау (аренда), мердігерлік,
сыйға тарту және басқа да шарттардан елеулі түрде ерекшеленетіні туралы
қорытынды жасауға мүмкіншілік береді. Дегенмен, сатып алу-сату шарты туралы
нормалар жалпы мәнді де иемденеді. Мысалы, олар мердігерлік қатынастарды
реттеуде де есепке алынуы қажет. Өз материалдарымен жұмысты орындайтын
мердігер оның сатушы рөлінде болады. Басқа да азаматтық құқықтық қатынастар
шеңберінде сатып алу-сату туралы нормаларды есепке алу қажет жағдайлар
болуы мүмкін.
Басқа да құқықтық қатынастарда сияқты, сатып алу-сату шартының
элементтері болып біздің көзқарасымыз бойынша да субъект, объект және
мазмұн болып табылады. Шарттар элементінде "оның тараптары, нысанасы,
бағасы өтеулі шарттар да, мерзімі, нысаны мен мазмұны, яғни екі жақтың
құқықтары мен міндеттері жатады" деген И.В. Елисеев және басқа да
авторлардың пікіріне өзіміздің келіспеушілігімізді білдіреміз. Мұндай
көзқарас азаматтық құқықтың неғүрлым тұрақты теориялық ережесіне теріс
ықпал етеді, түсініктің шынайы мәнін жоғалтуға әкеледі.
Сатып алу-сату қатынасын 3 мәнде белгілеуге болады. Біріншіден, бұл —
сатып алу-сатудың экономикалық қатынасы.
Екіншіден, бұл — адамдардың ой елегінен өткен және құқық нормаларымен
бекітілген субъективтік идеологиялық қатынас. Ең соңында, сатып алу-сату
шарты бұл — азаматтық құқықтық нормалардың жиынтығы. Құқықтық реттеуден
тәуелсіз тұрмыс етіп айырбастық материалдық қатынас ретінде аталған
құқықтық реттеудің арқасында (көмегімен) құқықтық нысанға ие болады. Ол
нысан — құқықтық қатынас нысаны.
Шарт жағдайы, нысаны тұлғалардың белгілі бір әрекетін азаматтық-
құқықтық шартқа айналдыруға, олардың құқықтары мен міндеттерін бекітуге
мүмкіндік беретін заң техникасының тәсілдері болып келеді.
Сатып алу-сату шартының нысаны оның бағасына, субъектілеріне және
заңдық, шарттық талаптарға сәйкес анықталады. Оған Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінің 152-бабында бекітілген мәміле нысаны
туралы жалпы ережелер қолданымды болып келеді.
Жүз айлық есептік көрсеткіштен жоғары сомаға, сонымен бірге
кәсіпкерлік қызметті қалыптастыру барысында жасалатын мәмілелер, жасалған
кезде орындалатындарын қоспағанда жазбаша нысанда жасалуы қажет. Қазақстан
Республикасы Президентінің "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен
жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" заң күші бар Жарлығына
сәйкес, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шарттары мемлекеттік тіркеуге
жатады. Азаматтық кодекстің 494-бабы кәсіпорынның сатып алу-сату шартының
бір құжатты құру жолымен, екі жақтың қол қоюымен жазбаша түрде жасалуын,
оған: инвентаризация актісін, бухгалтерлік балансты, кәсіпорынның құны мен
құрамы туралы тәуелсіз аудитор қорытындысының міндетті тіркелуін
қарастырады. Олар басқа да қозғалмайтын мүлікті сату бойынша, шарттар
сияқты мемлекеттік тіркеуге жатады және мемлекеттік тіркеу кезеңінен
жасалған деп есептеледі.
Сатып алу-сату шартының субъектілері ретінде азаматтық құқық
субъектілері, яғни жеке тұлға, заңды тұлға, әкімшілік аумақтық
бірлестіктер, мемлекет әрекет ете алады. Сатып алу-сатудың қандай шарты
жасалатынына қарап кәсіпкерлік немесе кәсіпкерлік емес, бөлшек сатып алу-
сату шарты немесе мемлекеттік кәсіпорындар мүлкін жекешелендіру, олардың
қатысушылар құрамы да өзгереді. Басқа да жағдайларда қатысушылар құрамының
ерекшелігі сатып алу-сату шарттарының жекелеген түрлері бойынша төменде
қарастырылатын болады. Мұнда тек барынша маңызды (қағиданы) жағдайларды
атап өтеміз. Арнайы құқықтық қабілетті иемденетін заңды тұлғалар сатып алу-
сату бойынша қатынасқа тек арнайы (жарғылық) құқықтық қабілеттілік
шеңберінде қатыса алады, яғни бұл жерде әңгіме қандай да бір оның жалпы
шеңбері туралы жүрмейді, құқықтық қабілеттілік көлемі әрбір жекелеген
құқықтық қатынаста нақтылануы қажет. Мысалы, шаруашылық жүргізу құқығында
мүлкі бар мемлекеттік кәсіпорын, оның негізгі құралдарына жататын мүлікті,
сонымен бірге акцияларын сатуға құқығы жоқ. (2002 жылдың 21 мамырындағы
Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік ережелері бойынша Қазақстан
Республикасының заң актілеріне кейбір қосымшалар мен өзгерістер енгізу
туралы" Заңының редакциясындағы Азаматтық кодекстің 200-бабының 2-ші
тармағы. Егер мемлекеттік келісімшартқа отыруына қысқаша тоқталсақ,
мыналарды атауға болады. Заңды түрде мемлекеттің құқық қабілеттілігі
шектелмеген, бірақ. олармен жасалатын шарттардың мінезі, мазмұны мемлекет
атқаратын экономикалық және басқа да функциялармен (қызметтермен)
анықталады.
Жеке тұлғалардың сатып алу-сату шарттарын жасасу мүмкіншілігіне
олардың құқық әрекет қабілеттіктерінің көлемі әсер етеді. Мысалы, әрекет
қабілеттілігі шектелген тұлғалар тек ұсақ тұрмыстық мәмілелерді жасай
алады, ал басқа мәмілелерді жасауга олар өзінің қамқоршысының келісімі
болғанда ғана құқығы (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 27-бап, 1-
тармақ). Егер жүйелі түрде жүзеге асырылатын сауда-саттық қызметі туралы
айтатын болсақ, онда жеке тұлға тек жеке кәсіпкер мәртебесіне иемденген соң
ғана оны жүргізе алатынын ескерту керек немесе бұл қызмет коммерциялық
заңды тұлғамен жүргізілүі мүмкін. Негізінен: "Құқықтық қатынас субъектілері
болып, жеке басымен және мүлкімен оқшауланған, құқықтарға ие болатын және
міндеттерді көтеретін тұлғалар табылады" Қазакстан Республикасының
Азаматтық құқығы басқа мемлекеттердің азаматтық құқығы сияқты құқықтық
қатынастарда жеке тұлғалар қауымдастықтарының (жай серіктестіктердің)
қатысуын да қарастырады, дегенмен бұл келтірілген анықтаманың дұрыстығына
әсерін тигізбейді.
Сатып алу-сату шартының нысанасы (объектісі). Құқықтық қатынастың
объектісін материалды (заттық), заңды, идеологиялық қылып бөлу толық
мөлшерде азаматтық-құқықтық шарттар үшін де жарамды болып табылады.
Сатып алу-сату шарты өзінің ерекше нысанасына (затына), заңды және
идеологиялық объектілеріне иемденеді.
Қазіргі жағдайда олардың әрқайсысының мәні бірдей. Дегенмен, қазіргі
өндірістің өсуі, тауарлардың алуан түрлілігі және оларды пайдалану
мақсаттарының кеңеюі, сатып алынатын тауардың сатып алу-сату затына
талаптардың жоғарылауына әкеледі, әсіресе, егер тауар кейбір ерекше
мақсаттарға арналса. Келісімшарт нормаларында олардың барынша анық
бекітілмеуі жаңылысуға немесе сатып алу-сату затындағы қателікке әкелуі
мүмкін. Бөлшектеп сатып алу-сату шарттары жасалса, заң шығарушы сатылатын
өнімнің еапасы, қауіпсіздігі бойынша талаптарды бекіте отырып, тұтынушы
жағдайын барынша "күшейтуге" әрекет етеді.
Заттар сатып алу-сату шарты нысанасының барынша кең тараған түрі болып
табылады. Кез келген зат тектік немесе жеке сипаттар арқылы анықталған,
жылжитын және жылжымайтын тауар болуы мүмкін.
Тектік заттарға келсек, олар қалған тауарлық массадан жекеленуі қажет
екенін айта аламыз, сөйтіп олар жеке сипаттар арқылы анықталатын заттарға
теңестіріледі және осындай түрінде сатып алу-сату шартының нысанасы бола
алады. Егер әңгіме жекеленбеген тектік тауарды сату жөнінде болса, онда
сатып алу-сату шартының нысанасы болып зат емес, мүліктік құқық келеді.
Осындай жағдай сатып алу-сату шартының нысанасы "болашақ заттар" болып
келгенде де орын алады.
Тауар әлі өндірілмеген немесе тауар табиғатта мүлдем жоқ. Батыс Еуропа
елдерінің сауда құқығы жүйесіндегі бұған қатысты үш түрлі көзқарас бар:
біріншіден, кез келген жағдайда сатушы шартта көрсетілген нысананы табыс
етуді қамтамасыз етуге міндетті (ол табиғатта бар болғанмен теңестіріледі),
егер шарттың орындалмауы дүлей күштер салдарынан болғанын дәлелдей алмаса,
ол шартты бұзушы болып саналады; екінші көзқарас бойынша, егер тауар
сатушының әрекетіне байланыссыз себептер бойынша өз қалыптасуына
иемденбесе, шарт "нысананың болмауы" салдарынан тоқтатылады, ең соңында,
егер сатып алушы өзіне белгілі себептермен тауардың қалай болса да
жеткізілгеніне үміттенетін болса, онда шарт нысанасы тауар емес "сатып
алушының үміті" болып табылады.
Жоғарыдағы мысалдар нысана ерекшеленуінің негізгі мәнін көрсету үшін
келтіріліп отыр: шарт нысанасының сипаттамалары ең алдымен, шарт
орындалмауының, сатып алу-сату шарттары тиісті орындалмауының тәуекелі
үлесуіне, екі жақтың құқықтары мен міндеттеріне әсер етеді. Нысана
ерекшелігі сонымен бірге сатып алу-сатуды жүзеге асыру тәртібіне де әсер
етеді, мысалы, шетелдік сатып алу-сату Қазақстан Республикасының "Валюталық
реттеу туралы" Заңына және оның орындалуы ұшін қабылданған заңға тәуелді
нормативтік актілерге сәйкес жүргізілетін болады.
Бағалы қағаздар айналымы Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар
рыногы туралы"; "Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар мен мәмілелерді
тіркеу туралы" Зандармен, сонымен бірге, заңға тәуелді нормативтік
актілермен реттеледі. Азаматтық айналымда шектелген заттарды сатып алу-сату
жекелеген заң актілері бекіткен ережелерді сақтаумен жүргізіледі, мысалы,
Қазақстан Республикасының "Қарудың жекелеген түрлерінің айналымы үшін
мемлекеттік бақылау туралы" Заңымен ж.б.
Күшінде болып келетін ҚР Азаматтық кодексі 406 бабының 4-ші тармағында
мүліктік құқықтар сатып алу-сату шартының нысанасы болып келуіне қатысты
жалпы мәндегі норма бекітілген. Мүліктік құқықтарды беруге қатысты
мәмілелер кең таралуды иемденеді, оларға тауар биржаларында жасалған,
жекелеп алғанда оларға биржалық тауарлар жеткізілімі шартына немесе
биржалық тауарлар қатынасындағы міндеттер мен құқықтарды болашақта өткізу,
құқықтарды сату шарттары жатады. (Қазақстан Республикасы Президентінің
"Тауар биржалары туралы" заң күші бар Жарлығының 5 бабының 1-ші тармағы.
Патенттік құқықтарды беруде нысанасы мүліктік құқық болып келетін сатып алу-
сату шарттары жасалуына әкеледі.
Шарт заты (нысанасы) туралы келісім сатып алу-сату шартының бір ғана
елеулі жағдайы болып табылады.
Егер шарт тауарлардың атауын жоне санын айқындауға мүмкіндік берсе,
нысанаға қатысты жағдай келісілген деп есептеледі. (407-бап 3-ші тармақ).
Сатып алу-сату шартының бағасы дегеніміз, оны алуға сатып алушының немесе
онымен көрсетілген үшінші тұлғаның құқығы бар, қарсылай ақша түріндегі
қанағаттандыру. Ол Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 383-
бабының 1-ші тармағында бекітілген шарт бойынша бағаны қалыптастыру
бостандығына негізделеді. Тарифтер, баға белгілеу, ставкалар және т.б.
заңдық актілерде қарастырылған жағдайларда уәкілді мемлекеттік органдармен
орнатылады. Орталықтандырылған тәртіпте орнатылған баға белгілеу,
тарифтерден кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің өздері қойған бағаны,
тарифтерін ажырату қажет.
Монополистік қызмет субъектілерімен өткізілетін тауарларға баға
орталықтандырылған тәртіппен қойылады. Мысалы: Қазақстан Республикасының
аумағында табиғи монополияны реттеу бойынша Қазақстан Республикасы Агенттік
төрағасының 1999 жылдың 25 тамызында бекітілген "Мемлекеттік
кәсіпорындармен монопольді қалыптасатын қызметтерге бағаны реттеу Ережесі"
сонымен бірге, 1998 жылдың 14 тамызында қабылданған Қазақстан
Республикасының бәсекені қорғау және табиғи монополия субъектілерінің
қызметтері мен жұмыстарына баға (тарифтер) енгізу, бекіту, қарастыру, ұсыну
тәртібі туралы нұсқау қолданылады. Қазақстан Республикасы Президентінің
"Мемлекеттік кәсіпорындар туралы" заң күші бар Жарлығының 40 бабының 1-ші
тармағы қазыналық кәсіпорындар мен өткізілетін тауар бағалары өкілетті
органмен қойылатынын қарастырады.
Жарлықтың аталған бабының екінші бөлігі 1999 жылдың 4 қазанындағы
"Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" заң
күші бар Жарлығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы
заңының редакциясында қазыналық кәсіпорындар мен монополиялық өндірілетін
тауарларға бағаны мемлекеттік реттеуді қарастырады.
1999 жылдың 23 қазанындағы "Алкогольді өнімдерге минимальді бағаны
қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен
алкогольді өнімге ең төменгі шектегі баға койылған.
Басым көпшілік жағдайларда баға шартпен қарастырылады. Егер шарттың
бағасы өзінде нақты келісілмесе және оның жағдайларымен анықталмаса, онда
бұл шарттың жарамдылығына әсер етпейді. Мұндай жағдайда тауар бағасы
бойынша әдетте қолданылатын талаптар есепке алынады, басқаша айтқанда,
негіз ретінде тауардың нарықтық құны алынады. Баға тауар салмағына
байланысты қойылса, егер шартта басқаша қарастырылса, ол таза салмақ
бойынша анықталады.
Бұл сатып алушы үшін қолайлы ереже, әсіресе ыдыстың салмағы үлкен
немесе тауар қымбат болса және салмақтың кішігірім өзгеруі (көбеюі)
тауардың елеулі қымбаттауына әкелсе.
Егер шарт тауар бағасы оны негіздейтін көрсеткішке байланысты
өзгертілуге жататынын қарастырса, бірақ бағаны қайта қарау тәсілі
анықталмаса, баға шартты жасасу кезеңіндегі және тауарды беру бойынша
міндетті орындау уақытындағы көрсеткіштердің өзара қатысуымен анықталады.
Яғни тауарды оны өткізу кезеңінде өз құны көтерілуі немесе төмендеуіне
қарай шарт бойынша оның бағасы тиісті дәрежеде көтерілуі немесе төмендеуі
қажет. Біздің көзқарасымыз бойынша, осы, Азаматтық кодекстің 438-бабының 3-
тармағында бекітілген ережелерде анықсыздық бар. Тауар бағасы шартты
жасасқан кездегі көрсеткіштердің және шарт бойынша ұсынылатын тауарларды
сақтандыру, тиеу, буып-түю, сатып алу, өндіру кезінде қалыптасатын олардың
өзіндік құны (шығындар) қатысуының негізінде анықталуы керек. Осымен бірге
Азаматтық кодексте сатушының мерзімді өткізіп алуынан сатып алушының
мүдделерін қорғауға арналған норма да жетік емес деп табуға болады. Ол тек
тауар құнын (бағасын) төмендетуді қарастыруы қажет, бірақ 438-баптың 3-ші
тармағымен мәселе былайша шешілмеген. Сатып алу бағасын төлеудің мерзімін
сатып алушы өткізіп алса, онда ол үшін баға тек көтерілу бағытында өзгеруі
қажет. Өкінішке орай бұл да Азаматтық кодексте көрініс таппаған. Құқықтық
қатынастар (шарттар) мазмұнын қарайық. Ол екі мәнде түсіндірілетінін айтқан
жөн. Біріншіден, құқықтық қатынастар мазмұны бұл құқықтық реттелетін
қоғамдық қатынас. Сонымен бірге мазмұн деп екі жақтың құқықтары мен
міндеттерін (заңды мазмұнды) қарастырады.
В.А. Тархов мынадай мысал келтіреді: бір субъект екіншісіне қандай да
бір затты сатады және олардың арасында материалды экономикалық қатынас
қалыптасады, сатып алушы ақша төлеп қажетті затты алады, баламалы айырбас
жүреді. Айырбасқа қатысушылар шарттан қандай құқықтар мен міндеттер
шығатынын ойламауына болады. Біз осымен келісе алмаймыз. Ақырында заңдық
мазмұн меншік құқығына иемденудің жалпы заңдық мақсатымен анықталады.
Шартқа қатысушылардың түсінігі меншікті иемденудің экономикалық мақсатымен
ғана шектеледі деп болжау артық болар еді, мұндайға қазіргі өмірдің өзі де
мүмкіндік бермейді. Теориялық тұрғыда болса, онда сатып алу-сату шартының
экономикалық және заңдық мазмұндарын ажыратуға талпыну мүмкін. Біріншісі
заңдық мазмұн, ол құқықтар мен міндеттердің жеткілікті үлкен жиынтық
элементтерінен құралады. Кейбір құқықтар шарт негізін қалайды, ал өзгелері
қосымша (көмектесу) мәнге ие бола алады. Құқықтық қатынастар мазмұнын оның
қатысушыларының жүріс-тұрысы құрайды дегенді толығымен дұрыс деп тануға
болмайды. Аталған жағдайда құқықтық қатынас пен оның мазмұнын құрайтын
қоғамдық қатынастар түсінігін араластырып алу орын алады. "Нысан (құқықтық
қатынас) өзінің мазмұнына тараптардың құқықтары мен міндеттерінен, ал
мазмұн (реттелетін қатынас) өз қатысушыларының әрекеттерінен, олардың
қызметтерінен қалыптасатын өз мазмұнын иемденеді"[1].
Дегенмен, сатып алу-сату шарттарында экономикалық мазмұнмен жанама
байланысты иемденетін қатысушылардың айырықша заңды жүріс-тұрысы
(әрекеттері) барлығын мойындамасқа болмайды. Бұлардың қатарына оферта мен
акцепті, келіспеушілікті реттеуді, жедел шараларды қолдануды және баска да
әрекеттерді жатқызуға болады.
Шарт мазмұнына қатысты жалпы көзқарастар осындай.

2. Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері

Сатушының міндеттері. Сатушы сатып алушыға шартпен белгіленген тауарды
беруге міндетті. Мұнда негізгі талаптар болып мыналар саналады: тауардың
атауы, сапасы, саны (көлемі). Сапаға қатысты талаптар сатып алу-сату туралы
нормалармен шарттың елеулі жағдайларына жатқызылмағанына қарамастан осы үш
талапты да сатып алу-сату шарттары бойынша міндетті деп тануға болады.
Әрбір жекелеген жағдайда тауар атауына, сапасына, санына (көлеміне) қатысты
талаптар өзгеріп тұрады. Сапа бойынша талаптар шарттардың өздерімен емес,
тікелей заңнама нормаларымен анықталуы мүмкін.
Тауардың саны. Сатып алушыға берілуге тиіс тауар саны шартта тиісті
өлшем бірліктеріне сәйкес немесе ақшалай түрде анықталады, яғни, шартта
санды анықтау үшін қажет алғашқы өлшемнің бағасы бекітілуге тиіс.
Тауарлардың саны туралы талап оны айқындау тәртібін шартта белгілеу жолымен
келісілуі мүмкін. Мысалы, тауардың (сұйық заттар) саны шартты орындау
кезінде сатып алушы ыдысының (қоймасының) шекті сиымдылығымен бекітілсе.
Тауардың сапасы. Сатушы сатып алушыға сапасы шартқа сәйкес келетін
тауар беруге міндетті. Егер кәсіпкерлік сатып алу-сату шарттарын
қарастырсақ сатылатын заттардың сапасына қойылатын талаптар шартта тікелей
сирек белгіленеді. Осыған байланысты, сапа туралы талап бірнеше жағдайларда
шартты талқылау (оның мәнісін ашу) негізінде анықталады. Тауардың сапасын
анықтаудың үшінші амалы сапаға қатысты құқықтық болжам (презумпцияны)
қолдану. Шартта сатып алушыға, әдетте осы сияқты тауар пайдаланылатын
мақсаттарға жарамды тауар беруге міндетті.
Келтірілген талапты тауарлардың сапасына азаматтық заңнама
нормаларының тікелей әсер етуі ретінде бағалауға болады. Сонымен қатар,
осыған ұқсас жағдайларда объективтік құқық нормалары субъективтік шарттық
қатынастардың ерекшелігіне бейімделіп субъективтік жағдай сипатына ие
болады. Егер тараптардың арасында тауардың сапасы келісілмесе де, бірақ
сатып алушы сатып алудың нақты мақсаттарын көрсетсе, сатушының тиісті
сапалы затты беру міндеті өзгеше болып келеді. Осындай жағдайда сатушы
сатып алушыға белгілі болып келетін мақсатта пайдалануға жарамды тауарды
беруге міндетті.
Тұрақты нарықты экономикасы бар елдер соттарының тәжірибесі осындай
жағдайларда сатушының жеке басына және сатып алушының жеке басына назар
аударады. Егер сатушы болып кәсіпкерлік қызметпен айналысатын (белгілі бір
саладағы маман) субъект болса, тауар сапасының талап етілетін мақсатқа
сәйкес болуын қамтамасыз етуге міндетті. Егер де сатып алушының
біліктілігінің дәрежесі әлдеқайда жоғары болса, онда осы мәселе басқаша
шешіледі. Мысалы: өндірістік кәсіпорын (қазіргі заманның ұйымдастыру
құқықтық нысанында мұрагер өндірістік тағайындалуы бар мұрагерден сатып
алғалы тұр. Мұрагер болса оның техникалық қасиеттерін мүлдем білмейді.
Осындай жағдайда сатып алушы тауарды сатып алам деп шешім қабылдайтын
болса, онда тауардың тиісті сапасы бар деп есептелуі керек, бірақ тауарды
мақсатына сәйкес пайдалануға мүмкіншілік бермейтін жасырын кемістіктерге
қатысты наразылық ұсыну құқығы сақталуы керек.
Тауарды үлгісі бойынша және (немесе) сипаттамасы бойынша сатқан
жағдайда, сатушы сатып алушыға үлгі немесе сипаттамасына сәйкес келетін
тауарды беруге міндетті. Тауардың кейбір қасиеттері (көрсеткіштері)
бейнелеумен қамтылмаса, онда сатушының міндеті жоғары көрсетілген
тәртіптерге сәйкес анықталуы қажет. Біздің көзқарасымыз бойынша,
бейнелеудің өзі белгілі бір талаптарға сәйкес болуы керек. Тым жалпы
бейнелеуді қарастырып, сатушы іс жүзінде өзін тиісті сапалы тауар беру
бойынша міндетінен босата алады.
Егер сатылатын тауардың сапасына заң актілерінде белгіленген тәртіпке
сәйкес, міндетті талаптар көзделсе, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын
сатушы сатып алушыға осы міндетті талаптарға сәйкес келетін тауар беруге
міндетті. (Олар стандартпен, техникалық жағдайлармен қарастырылған).
Тауардың сапасына қойылатын міндетті талаптар Қазақстан Республикасының
"Сертификациялау туралы" Заңымен және Қазақстан Республикасы "Стандарттау
туралы" Заңымен және заңға тәуелді нормативтік актілермен анықталады.
Егер шарт пен тауардың сапасына көтеріңкі талаптар қойылса, сатушы
сатып алушыға соларға сәйкес тауарды беруге міндетті. Алдын-ала соларды
айтып, сатушы тауарды кемшіліктерімен бере алады. Сатушы сатып алушыға
беруге міндетті тауарлар берген кезде айтылып кеткен талаптардың біріне
сәйкес болуы керек.
Ақылға сиымды мерзім шеңберінде ол, әдетте пайдаланылатын мақсаттарда
пайдалануға жарамды болуы керек.
Сатушы тауарды жарамдылық мерзімдері шегінде пайдалануға мүмкін
болатындай қылып беру керек. Жарамдылық мерзімдері заңдармен, мемлекеттік
стандарттардың міндетті талаптарымен немесе өзге міндетті тәртіптермен,
өндірушінің өзімен орнатылады. Жарамдылық мерзімдері өтіп кеткен соң тауар
мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп саналады. Осымен бірге қызмет ету
мерзімі деген түсінік қолданылады, оның тұтынылмайтын тауарларды мақсаты
бойынша пайдалану шектеріне қатысы бар, ал жарамдылық мерзімі деген ұғым
тағамдарға, дәрілік заттарға және с.с. қолданылады.
Шартпен гарантиялық мерзімдер орындалуы мүмкін. Бұл мерзімдер тауарды
әдеттегі немесе өзге мақсаты бойынша қолданымды мүмкін уақыт кезеңдерін
белгілейді. Өзінің табиғаты бойынша олардың жоғарыда көрсетілген
мерзімдермен ортақтығы бар, бірақ гарантиялық мерзімдер оларға толығынан
тепе-тең болып келмейді.
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында гарантиялы
мерзімдерге бұрынғы заңдардағы сияқты мән берілмейді. Азаматтық кодекстің
425-бабына сәйкес, қазір гарантиялық мерзім шарттың өзімен анықталуы керек.
Ал, егер де ол шартпен қарастырылмаса, онда Азаматтық кодекстің 430-бабының
2-ші тармағына сәйкес, егер өзгеше заң актілерімен немесе шартпен
бекітілмесе, тауар сатып алушыға ұсынылған күннен бастап екі жыл көлемінде
ұсынылуы мүмкін.
Тауар сатып алушының және сатушының құқықтары мен міндеттері. Қазіргі
заманда сатып алушының мүддесін қорғайтын бірінші кезекте осы норма, ал
шартпен белгіленген кепілдік мерзім емес.
Тауар сапасына кепілдік, егер шартта өзгеше көзделмесе, оның барлық
құрамдас бөліктерінде де (жинақтаушы бұйымдарына) қолданылады. Егер шартта
өзгеше көзделмесе, жинақтаушы бұйымға берілген кепілдік мерзімі негізгі
бұйымға берілген кепілдік мерзімге тең болып есептеледі.
Сатушы тауарды қай кезде сатып алса немесе ол тауар қай кезде
шығарылса, соған қарамастан кепілдік мерзімі тауар сатып алушыға берілген
кезден есептеле бастайды. Егер сатушыға байланысты болып келетін себептер
бойынша сатып алушы тауарды пайдалану мүмкіншілігінен айырылса, онда
мерзімі сатушы аталған себептерді жайғағанға дейін өз ағымын бастамайды.
Мысалы, сатушы шартқа сәйкес тауарды жинақтаған жоқ (айта кететін болсақ
сатып алу-сату қатынастарына бұл жағдайда мердігерлік туралы нормалар да
қолданымды болып келеді). Тауар (жинақтаушы бұйым) ауыстырылғанда кепілдік
мерзімі өз ағымын жаңадан бастайды.
Сондай-ақ, тауарды берген жағдайда, тауарды түр-түрімен,
жинақтылығымен және жиынтығымен, үшінші тұлғалардың құқықтарынан тыс
тауарды беру, тауарды салатын ыдыс және оны буып-түю сатушының міндеті
болып табылады.
Тауарлардың түр-түрі. Тауарлардың түр-түрі бөлшектеп сатып алу-сату,
тауар жеткізілімі, келісімшарт жасасу шарттарында көзделген (энергиямен
жабдықтау шартында да теоретикалық көзқарастан оның қарастырылуы
мүмкіншілігі туралы айтуға болады).
Тауардың түр-түрі дегеніміз (ассортимент) — бір түрлі тауардың
жиынтығының ішіндегі белгілеріне және бір түрлі тауардың үлгісіне,
мөлшеріне, сортына, түсіне, электр қуатының тиісті өлшемдеріне байланысты
бөлінуі. Егер тұлға бір сатушыдан тұрмыстық химия затын және тағы бір
электр құралын сатып алса, онда тауардың түр-түрі деген сөйлем
қолданылмайды.
Тауардың түр-түріне қойылатын талаптарды күрделі затты беруге қатысты
міндеттемеге қойылатын талаптардан ажырата білу керек.
Жиынтықтылықтық және жиынтық. Сатушы сатып алушыға жинақтылық немесе
жиынтығы туралы талаптарына сәйкес тауар беруге міндетті. Жиынтылықтық
дегеніміз — шартта козделген немесе заттың функционалдық тағайындалуымен
анықталатын барлық құрама бөліктердің затта болуы. Шартпен бұйымдардың
стандарттық және қосымша жиынтықтылығы көзделеді немесе жиынтылықтықтан
кейбір жиынтықтаушы бөліктер алынып тасталады.
Шартта тауардың жиынтықтылығы белгіленбесе, сатушы сатып алушыға
жиынтықтылығы іскерлік айналым әдет-ғұрыптарымен немесе әдетте қойылатын
өзге де талаптармен анықталатын тауар беруге міндетті.
Жиынтықтылықтың тауарлардың жиынтығын айыру қажет. Азаматтық кодексі
432 бабының мағынасына сәйкес жиынтық дегеніміз бірнеше сатып алу-сату
шартының пәні кейбір кездерде күрделі болып келетінін анықтай аламыз.
Осымен қатар біздің көзқарасымыз бойынша жиынтық Ак 121 бабымен анықталатын
күрделі зат ұғымына тең болып келмейді. Заттардың жиынтығына қатысты
біртұтас құқықтық қатынас пайда болады, одан сатушының тиісті міндеті өз
көрінісін табады.
Заттардың жиынтығы болуы үшін (оған қатысты) талап қойылуы үшін анық
айқындалған себептердің қажеті жоқ, тараптардың ішінен ниеттенуі жеткілікті
болып келеді. Мысалы, альпинист тобы Эверестқа шығуға қажетті, оны
қамтамасыз ететін заттар сатып алады. Жиынтық талабы, ассортимент және сапа
талаптарымен тығыз байланысты. Мысалы, экспедиция сатып алатын жиынтыққа
кіретін кейбір заттарға тау биігінде пайдалану жарамдығына, жоғары
төзімділігіне, төмен температура тұрақтылығына талап қойылады.
Егер шартта өзгеше көзделмесе және ол міндеттеменің мәнінен
туындамаса, сатушы сатып алушыға жиынтыққа енетін барлық тауарды бір
мезгілде беруге міндетті.
Сатып алушы үшінші тұлғалардың құқықтары жүктелген тауарды қабылдауға
келіскен жағдайды қоспағанда, сатушы үшінші тұлғалардың кезкелген
құқықтарынан тыс тауарды сатып алушыға беруге міндетті (Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінің 413-бабының, 1-тармағы). Бұл норма
"дәстүрлі" сатып алушы оларда меншік иесі болып келгісі келетін, шарттарға
көбірек қолданымды. Ал мүліктік құқықтарды сату кезінде өз өзгешеліктері
орын ала алады.
Кейбір жағдайларда аталған талап орындалымсыз болуы мүмкін. Мысалы,
сатып алушы үлестік құқықта болған мүлікті сатып алады және оңашаланған
үлеске өзіндік пайдалану, иелену, билік ету құқығын алады, алайда ортақ
меншігінің тәртібіне байланысты, мүлік құрамына жүктемелер кіреді. Егер
сатудың пәні мүліктік құқық болса, жүктемелер вариациясы сансыз болады.
Айтылғанды қорытатын болсақ, шарт пәнінің ерекшеліктері кейбір
ауыртпалықтарды болжауға мүмкіншілік беру керек дей аламыз. Уақыт өтісімен
бұл сұрақ соттық практика (тәжірибе) және азаматтық құқықтың жүйесі
(доктрина) үшін маңызды мәселе болып табылар демекпіз.
Сатушының тағы да бір міндеті тауарды үшінші тұлғалардың талаптануынан
да босатып беру. Осы міндет сатушы олар туралы білген жағдайларда ғана
қолданылады. Болашақта талаптану заңды деп танылу керек, егер осы болмаса
сатушы тауарды басқа тұлғалар талаптануынан босатып беру міндетін бұзбаған
деп саналады.
Тауарды салатын ыдыс және оны буып-түю. Тауарды салатын ыдыс және оны
буып-түю талаптарын сатып алу-сату шарттарының жалпы ережелеріне кірістіру
біздің азаматтық заңдарда жаңа болып табылады. Өзінің сыртқы көзге
түспейтініне қарамастан, олар сатып алу-сатудың өркениеттілік қатынасының
қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Егер сатып алу-сату шарты қандай түріне
қатысты екендігі белгіленбесе, олар тауарды салатын ыдыс және буып-түю мен
байланысты даулы жағдайларды шешуге мүмкіндік береді.
Егер шартта өзгеше көзделмесе және міндеттеменің мәнінен немесе
тауарлардың сипатынан туындамаса, сатушы сатып алушыға тауарды ыдысқа салып
және (немесе) буып-түйіп беруге міндетті.
Егер шартта ыдыс пен буып-түюге талаптар белгіленбесе, тауар ол үшін
арналған әдетті әдіспен, ыдысқа салынуы, буып-түйілуі керек. Бұлай
болмағанда — сақтау мен тасымалдаудың әдеттегі жағдайларында осы типтес
тауарлардың сақталуын қамтамасыз ететін әдіспен ыдысқа салынып және
(немесе) буып-түйілуге тиіс. Ал егер тауар сақтаудың немесе тасымалдаудың
қандай да ерекше жағдайларын талап етсе, онда ыдыс және буып-түю оларға
сәйкес келуі керек.
Тауар сатып алушыға барлық керек-жарағымен берілуі қажет (керек жарақ
бұл негізгі затқа қызмет етуші зат).
Затты керек-жарақ қылып бағалау тек оның және басты заттың
функционалды тағайындалуларының өзара байланысына негіздемейді. Азаматтық
кодекстің 408-бабында сатушының керек-жарақтарды беруі бойынша міндеті
бекітілгеніне қарамастан олар тұтынушыларға (сатып алушыларға) қиянат
жасауға тырысады. Бұл реттерде олар сатушылар көп ретте Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексі 122-бабының міндетті еместігін
(диспозитивті екенін) пайдаланады. Қосымша ақыға аудио видеотехникаға
қосалқы шнур, бұйым үшін қорғаныш жапқыш, оны күтіп баптауға арналған зат
ұсынылады. Қосалқы (керек-жарақ) зат барлық жағдайда өздігінен атқаратын
қызметі жоқ деген қалыптасқан түсінік қате болып саналады. Сондықтан қандай
да болмасын тауардың керек-жарақтары оны мақсаттарда кедергісіз қолдану
қажеттерімен анықталуы керек. Егер керек-жарақ тұтынылатын (тұтыну
барысында өз қасиетін жоғалтатын болса) зат болса оның негізгі зат қызметін
қамтамасыз ететін мерзім белгіленіп көрсетілуі тиіс. Тағы да айтатын бір
нәрсе бар.
Біздің көзқарасымыз бойынша, жиынтықтылық пен керек-жарақ
түсініктерінің араларында тығыз байланыс бар. Керек-жарақ болып келетін
затты беру жиынтылықпен қарастырылуы керек, егер бұл жасалмаса керек-жарақ
туралы нормалар (АК 122-бабы) тікелей қолданылуы керек.
Тауармен (өніммен) бірге оның жиынтықтылығын қауіпсіздігін, сапасын,
растайтын тұтыну тәртібін растайтын ж.б. құжаттар беріледі. Өнім сатып
алушыға берілгенге дейін меншік шаруашылық жүргізу, оралымды басқару
құқықтары оған өтіп үлгерсе, сатушы тауар берілгенге дейін оны сақтауға,
нашарлауына (бұзылуына) жол бермеуге міндетті. Осыған байланысты сатушы
мүлікке немқұрайлы қарамауы және оны қасақана бүлдірмеуі керек. Сатушы осы
міндетін тегін атқармайды. Егер екі тараптың келісімімен өзгеше
қарастырылмаса сатып алушы сатушыға оның тауарды сақтауға жұмсағанын
өтейді.
Сатушының құқығы. Сатушының құқықтарына зат қабылдануын және сатып алу
бағасын төлеуді талап ету құқықтары жатады. Әр міндеттемеге сәйкес келетін
қарсы құқық бар. Сатып алушының шартпен бекітілген міндеттемелері сатушының
басқа да құқығы барын ескереді.
Сатып алушының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бөлшектеп сатып алу - сату шартының мазмұны
Сатып алушы мен сатушының құқықтары мен міндеттері
Сатып алу - сату шарты бойынша сатушының негізгі міндеті шарт ережелеріне сай тауарды сатып алушыға беру
Сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтері. Сатып алу-сату шартының пәні
Сатып алу-сату шартын
САТЫП АЛУ САТУ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Энергиямен жабдықтау шарты, кәсіпорынды сатып алу - сату шарты
Шарт жасасу тәртібі
Бөлшектеп сатып алу - сату шартының нысаны
Тауар сатып алушының және сатушының құқықтары мен міндеттері
Пәндер