Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап етудің жалпы сипаттамасы
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2-3
I. Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап
етудің жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..4-10
II. Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап
етудің қылмыстық-құқықтық, криминалистикалық сипаттамасы және тергеу
әдістемесі.
1. Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап етудің
қылмыстық-құқықтық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... 11-16
2. Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету
қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы ... ... ... ...17-22
3. Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап етудің
тергеу
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..23-31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...32-3 3
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..34
КІРІСПЕ
1995ж. 30 тамызда кабылданған Қазақстан Республикасының
Конституциясында өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік
мемлекет деп жариялайтын, өзінің басты байлығы ретінде адамды, оның өмірін,
кұкықтары мен бостандықтарын танитын Қазақстан 2007 жылдың 16 желтоқсанында
өз тәуелсіздігінің он алтыншы жылдығын атап өтті.
Тарихи аз ғана кезеңде республикамыз мемлекеттік, әлеуметтік және
экономикалық құрылыста бірқатар жетістіктерге ие болды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қылмыстылықпен
күресуді күшейту қажет екенін ескерте отырып, "Заңның шынайы үстемдігін
бекіту және заңды құрмет тұтатын азаматтарды қылмыстылықтан қорғауды,
керісінше, билік пен заңның барлық күшін заңды жолмен өмір сүруді
қамтамасыз етіп жүрген адамдарға қатысты қолдануымыз керек" - деп талап
етті[1].
Соңғы жылдары қылмыстардың жалпы саны азайғанымен ол қылмыстар қоғамға
қауіптілік дәрежесінің аса ауырлығымен сипатталатындығын көрсетеді.
Бүгінгі күнде қылмыстылықтың ерекше бір "ұясы" қоғамның экономикалық
саласы болып отыр, өйткені нақ осы сала нарық өмірінің ең маңызды құралы
болып табылады емес пе.
Сондықтан да, 1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының
қылмыстық кодексінде экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар арнайы тарау
болып орынды бөлінген.
Оның үстіне, сараптама көрсетіп отырғандай, соңғы жылдары талан-тараждан
келтірілген материалдық залалдың жалпы саны мен көлемінің өсуі байқалады.
Әсіресе 1999 жылдан бастап тек қана жалпы көлемі жағынан емес бөтен
біреудің иелігіндегі мүлікті талан-таражға салудың екі нысанының, иеленіп
алу мен ысырап етудің салыстырмалы салмағы өсуде.
Сондықтан да Қазақстан Республикасының Президентінің 2002 жылдың 20
қыркүйегіндегі №949 Жарлығымен мақұлданған "Қазақстан Республикасының
құқықтық саясат тұжырымдамасында" былай деп атап көрсетілген: "Экономиканы
мемлекеттік реттеу саласындағы заңдылық экономиканы мемлекеттік реттеу
механизмін дайындау саласындағы қатынастарды реттеуге және оның қызмет
етуіне қолайлы жағдай туғызуға бекемделген.
Экономика саласын шынайы түрде ары қарай дамыту қазіргі заң күші бар
нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізуді қажет етеді"[2].
Мұндай қылмыстардың құрамы жөнінде де, жауаптылықтың негіздері мен
шегі жөнінде де терең зерттеулер жасалған жоқ, мұндай әрекеттердің жағдайы,
динамикасы және құрамы, негізгі себептері мен мұндай қылмысты жасау
жағдайлары, қылмыскердің жеке басының ерекшеліктері және мұндай талан-
тараждың түрінің алдын-алу шараларының жүйесі анықталмаған.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: курстық жұмыстың басты
мақсаты - бөтеннің мүлкін иеленіп алу және ысырап ету арқылы талан-таражға
салудың жалпы криминологиялық және қылмыстық-құқықтық жүйесін, оның ішінде
бұл қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын норманын құрамын
жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау болып табылады.
I. Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап етудің
жалпы сипаттамасы.
Иелену және ысырап етудің эволюциялық ұғымдары: Сеніп тапсырылған
мүлікті иелену дербес қылмыс болып (сонымен қатарға ұрлықпен, алаяқтықпен,
тонаумен, яғни ұрлықтың басқа түрлерімен) лезде болған жоқ. Әртүрлі
елдердің заң шығарушылары бұл қылмыс жасалды деп қарамаған немесе оларды
басқа қылмыстармен теңестірген, көбінесе ұрланғандарға (ұрлыққа және
алаяқтыққа).
Дәл осылай, рим құқығы иеленуді мен ысырап етуді сеніммен, сақтауға
қайтарып беру келісім-шарттарынан ағып жатқанды, өкілеттіктер, жолдастықтар
және қамқоршының сенімділіктері жатады.
Француз құқығы иеленуді қылмыс деп санаған емес, олар тек қана
иеленуді жазаланатын әрекетпен 1791 жылы жарияланды – мүлікті
иеленушілердің жасаған қылмыстарына жауаптылыққа тартылып, сеніп
тапсырылған мүлікті сақтауға құқылы деп санады. Иеленуі және ысырап ету
қылмыстық заңында 28 сәуір 1832 жылы жарияланды, тапсырылғандардың қарызға,
тапсырмаға және басға да қандай бір жұмыстар үшін.
Барлығынан да ертерек иелену және ысырап ету ерекше бөліне бастады,
неміс құқығында ерекше қылмыс сияқты белгіленді. Каролина иеленудің артынан
қайтарылған ұрлықты қолға сеніп берілген мүліктерді, бірақ соңғы
қылмыстармен оны теңдестірмеді. Жалпы құқықта иеленуден ұрлықты мүлдем
бөліп алды, германдылықтар меншікке қарсы қылмыстарды ерекше қарастырды,
жеке меншікке қарсы қылмыстар сияқты анықтап қарады .
Айыптыға сенімге, мақсатқа, пайдақорлыққа қиянат жасаудың артынан орыс
заңынды жауаптылыққа тартылуы алдын ала ескермеді. Жоғарыда айтылғандарға
сүйене келетін болсақ ысырап немесе бөтен мүлікті иелену тек қана жұмсап
қою ұғымдарында жатады, яғни тұтыну, сатылу, сенім, айырбастағы сол сияқты
иелену деп танылады.
Иеленудің және ысырап етудің мінездемелерінің жалпы белгілері: Бөтен
мүлік ұрлықтары заң шығару жұмыс істейтін қылмыстық түрлермен иелену және
ысырап етуді мақұлдайды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодесінің 176
бабында ұрлық үшін жауаптылық көрсетілген, құқық жүргізуші әділ ойлайды
таныстырушы ғалымдардың көпшілігі алдын ала ескерткен болатын, қылмысты
жасау екі түрде көрсетілеледі: иелену және ысырап ету.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекстің 176-бабына сәйкес,
иеленіп алу немесе ысырап ету — кінәлі адамға тапсырылған бөтен мүлікті
ұрлау. Бұл норманың шеңберінде іс жүзінде ұрлаудың өз алдына бөлек дербес
екі нысаны біріктірілген: иеленіп алу (иелену) мен ысырап ету. Қызмет бабын
пайдаланып жасалған ұрлау заңшығарушымен дербес құрам ретінде
қарастырылмайлы, ол осы қылмысты саралаушы белгілер қатарына жатқызылады.
Ұрлаудың осы нысанын біріктіретін жалпы нәрсе занды негіздегі иелік
пен қарауындағы ұрланытын мүлікке субъектінің ерекше қатынасымен көрінеді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстык, кодексінің 176 бабында көрсетілген
"Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету" қылмысы
талан-таражға салудың екі нысанынан тұрады.
Осы екі нысанды бөлек көрсетудің тек қана теориялық емес, сонымен
қатар практикалық маңызы бар. Өйткені бұл бөлініс кінәлінің әрекетіндегі
талан-таражға салудың нақты нысанын анықтауға мүмкіндік береді. Осы екі
нысанның әрқайсысында өзіне тән қылмысты жасау тәсіліне және оның
аяқталуына байланысты ерекшеліктер бар. Бірақ бұл екі нысанды бір бапта
қарастырудың себебі, бұл иеленіп алуда да, ысырап етуде де алынған мүлік
кінәлінің мемлекетпен немесе ұйыммен сеніп тапсырылғаның қарауында болада.
Осы жағдайды пайдалана отырып кінәлі адам мүлікті өз иелігіне
айналдырады[3]
Қылмыс объектісі мен затына қатысты бұл жерде бұдан бұрын айтылғаннан
өзгешелік жоқ. Тек мүлік кінәлі адамға сеніп тапсырылған болуы керек.
Кылмыстық қүқық теориясында дәстүрлі түрде ұрлаудың басқа түрлеріне
қарағанда иеленіп алу немесе асырып ету заты кез келген бөтен мүлік емес,
тек қана кінәліге сеніп тапсырылған мүлік танылады.
Иелену және ысырап ету ұғымы ұрлық рулық ұғым арқылы ашылады,
қасақаналықпен жасалған қылмыс пайдақорлық мақсатпен қарама-қарсы
құқықтылар тегін алып тастау немесе бөтен иеліктегі мүліктерді айналдыруы,
айыпты немесе басқа біреудің пайдасына, келтірілген зиян, меншікке ие
немесе мына мүліктердің басқа иесіне белгі, сондықтан қалай бөтен мүлік
қылмыс затын кім, не үшін ұрлық жасауы жалпы ұғымына кепілге берілген,
қажеттіліктің есіне түсіру ешқандай маңызы жоқ, сондықтан ұрлық нақтылы
түрлерінің суреттелуі қажет. Сондай ақ, белгілі бір қылмысты қалай
жасағандығы бөтен иеліктегі мүліктерді ұрлаудың қылмыс заты ретінде ұрлық
жалпы ұғымына кепілге берілген емес. Демек, құпия ұрлық сияқты қарапайым
ұрлықты анықтауға болады, иелену және ысырап ету – ұрлық сияқты қиянат ету
жолымен жасалады .
Заңдық әдебиеттерде неше түрлі көз қарастар болады, иелену және
ысырап етудің субъектілері бөтен мүлікке қараған, жауапты және басқа да
адамдарға сенімге берілген тұлғалар болып есептеледі. Материалдық – жауапты
адам деп, мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымда айқын лауазым орынға ие болады
немесе қаражаттық, әкімшілік немесе шаруашылық басқарумен айқын
өкілеттіктерді жүзеге асырады, шеңбердің ішіндегі субъектілері болатын
адамдар иелену және ысырап етуде анықталмайды.
П.С. Матышевский иелену және ысырап етудің субъектісі болып құқықтары
бар үлестірілген айқындармен (басқарулар, пайдаланудың, бұйрықтар, иеліктің
дамдары болып табылады) бұл жағынан ұрланған оларға сеніп тапсырылған мүлік
болып есептеледі. Ойлап қарайтын болсақ Қазақстан Республикасының қылмыстық
кодексінің 176 бабына қорытынды жасау рұқсат етіледі, заң шығарушылар
иелену және ысырап етудің заты тек қана бір ұрлық жасалған құрал болып
жасалады. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 176 бабында қандай
да бір тұлға ұрлық жасаушыға сеніп берілген мүліктер болып табылады.
Иелену және ысырап ету субъектілерімен қаралатын терминдердің маңызы
зор болып есeптeледі, біздің көзқарасымыз бойынша, жеке және жалпы тұлғалар
мақұлдар етеді. Бірақ ұрлықтан қашқанда ұрлықтар көбeе береді және
бұрмалаудың термині этимологиялық мағыналары сеніп тапсырылған мүлік болып
табылады, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 176 бабының 1
бөлімінде мақсатқа лайықты сөздерден кейін сеніп тапсырылғанды айыптыға
сөздермен қосу: немесе орнында болғанды оның басқаруында.
Біздің көзқарасымыз бойынша, иелену және ысырап етудің субъектілері
мыналар болады :
а) лауазымы бар, қандай да бір жұмыс атқара алатын қызмет етумен
немесе мүлікті өз иелігіне алатын адамдар. Олар, материалдық жауапты адам
болып танылады.
б ) лауазымы бар, қандай да бір жұмыс атқара алатын қызмет етумен
және қолданумен тауарлық құндылықтарды уақытша алған тұлғалар, сеніп
тапсырылғанды оларға сенім хатпен (басқа құжаттармен) беріледі.
Жоғарыда көрсетілген жиынға келетін болсақ, келесі жалпы ережелер
арқылы иелену және ысырап ету болады :
1. мүліктер ұрлықшыға сеніп тапсырылған болу керек, яғни, ереже сияқты,
оның толық материалдық жауаптылығына жатады;
2. мүлік кімге сеніп тапсырылған болса сол ұрлық жасаған субъектісі болып
танылады;
3. Сеніп тапсырылғанға көңіліне қиянат ету жолмен мүліктерді ұрлау.
Иеленіп алу — бұл ұрлаудың кінәліге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті
кайтарымсыз, өзінің немесе үшінші бір адамның бас пайдасы үшін меншік
иесіне немесе өзге де иелік етушіге шығын келтіре отырып жасалатын түрі.
Иеленіп алуда кінәліге сеніп тапсырылған мүлік оған заңсыз жолмен
ауысады, нәтижесінде кінәлі оны өз меншігіне айналдырады немесе өз меншігі
ретінде оны үшінші бір адамға беріп жібереді. Қазақстан Республикасының
Қылмыстық Кодекстің 176 -бабына сәйкес иеленіп алудың ерекшелігі
субъектінің ұрланған мүлікке қатынасы болып табылады: мүліктің адамның
иелігінде занды түрде болуы, өкілеттігіне қарай белгілі бір қатынасқа ие
болуы.
Мысалы, Астана каласы бойынша ЭСЖҚКД-нің кезекші бөліміне түскен
Аян тұрғын үй кооперативінің директорынан мынадай жай анықталды, азамат
И.-ға Аян тұрғын үй кооперативінде бас бухгалтер қызметін атқарып
жүргенде өзіне сеніп тапсырылған мүлікті қызмет бабын пайдаланып
иеленіп алып, Кассалық операция жүргізу ережелерін бұзып, кассалық
ордерлерде кіріс ақшаларды тіркемей, Аян кәсіпорнына 195000 тенге шығын
келтіргені үшін айып тағылған.
Иеленіп алу дегеніміз - белсенді қызмет жасай отырып субъектінің өзіне
сеніп тапсырылған тауар - материалдық құндылықты алуы, оған заңсыз иелік
орнатуы. Осыған ұқсас пікірді В.А. Владимиров былай деп көрсеткен:
"мемлекеттік немесе қоғамдык мүлікті талан - тараж ету нысаны, кінәлі
адамға сеніп тапсырылған мүлікті алу және оған заңсыз иелік етуден
көрінетін белсенді әрекет"[4].
Иеленуді жүзеге асыру кезінде кінәлі адам мүлікке байланысты басқару,
жеткізу және сақтау құқықтары шарттан немесе мемлекеттің және ұйымның
тапсырмасы бойынша пайда болады. Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену
кезінде кінәлі адам алатын мүлікті мемлекеттің, ұйымның немесе бөтен
мүліктерден оқшауландыруы керек, яғни алған мүлікті кеңістікте жылжыту
арқылы өз жеке меншігіне қосуы керек. Тұлғаның әрекеттерінде осы белгілер
болмаса Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 176 бабы бойынша
саралауға мүмкіндік болмайды.
Сонымен, бір затты әрекетсіздік жолымен талан - таражға салу мүмкін
емес. Өйткені әрекетсіздік (ұстап қалу немесе қайтармау) иеленудің бір
нысаны ретінде қарастырылмайды, себебі иеленуде енжар әрекет белсенді
әрекет жасалғаннан кейін ғана болады.
Тауып алынған немесе кінәлі адамның қолына кездейсоқ түскен бөтен
мүлікті иемденуді де иеленіп алу (талан-таражға салу) ретінде қарастыруға
болмайды. Есепке берілген мүлікті қайтарғанда толық болмауы иелену ретінде
қарастырылмайды.
Ысырап ету — ұрлаудың кінәліге сеніп тапсырылған мүлікті өзінің немесе
басқа адамның бас пайдасына айналдыру мақсатында меншік иесіне немесе
басқаша иемденуші адамға шығын келтіре отырып алып қою түрі. Сөйтіп ысырап
ету - бұл мүлік сеніп тапсырылған адамның тұтынушыдан алып қою арқылы
қайтарымсыз, өзінің немесе басқаның пайдасына айкалдыру. Бұл жерде кінәліге
сеніп тапсырылган мүлік белгілі бір қүқықты игеруге байланысты заңсыз
ысырап етіледі, сатылады, үшінші бір адамға беріп жіберіледі немесе оның
өзі пайдаланады. Үнемі емес, кейде иеленіп алу ысырап етудің бастапқы
кезеңі болып табылады. Сот-тергеу тәжірибесінде адамның бөтеннің мүлкін
иеленуінің уакыт аралығы ескерілмейтін жағдайлары жиі кездеседі. Мысалы,
қоймашы өзіне сеніп тапсырылған қоймадағы тауарды шетінен алып сатады да,
түскен ақшаны ешкімге бермей өзі алады.
Ысырап ету - сеніп тапсырылған мүлікті тұтынушыдан айыру арқылы
айыптының өз пайдасына немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз және
қайтарымсыз айналдыру. Бұл жағдайда, қандай да бір өкілеттілік жасау үшін
өзіне сеніп тапсырылған мүлікті кінәлі заңсыз жұмсайды, сатады, үшінші
адамдарға береді не өзі пайдаланады.
Ысырап ету – кінәлі адамның сеніп тапсырылған немесе қарауындағы
мүлікті заңсыз пайдалану нысанында жаратумен сипатталады. Иелену мен ысырап
етуді ажыратып отырған бір жағдай бар. Мысалы, ысырап ету кезінде кінәлі
адам сеніп тапсырылған мүлікті жаратып немесе сатып жібергендіктен оны
қайтаруға мүмкіндігі болмайды, ал иелену кезінде заңсыз алынған мүлікті
қайтаруға мүмкіндік болады.
Иеленіп алу және ысырап ету аяқталған қылмыс деп саналады, егер
субъект мүлікті тек алып қана қоймай, оны еркін айналымға жіберуге нақты
мүмкіндік алған болса. Қорыта келгенде, иеленіп алу мен ысырап етудің
объективтік жағы қылмысты саралауда қоғамға қауіпті іс-әрекетті, оның
белгілерін дәлме –дәл дұрыс анықтауда маңызы ерекше.

әдістемесі

қылмыстық-құқықтық сипаттамасы.
Қазақтан Республикасының Конституциясы бойынша Қазақстан
Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей
қорғалады.[5]
Меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын
және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және
оған билік ету құқығы болып табылады.[6]
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген
әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне
беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға
мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін
тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық
түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы.
Осыған байланысты меншік иелерінің заңды құқықтары азаматтық құқықтық
нормамен, сондай-ақ меншік құқығына қоғамға қауіпті іс-әрекет арқылы қиянат
жасалғанда қылмыстық құқық нормасы арқылы да қорғалады.
1959 жылғы ҚазССР ҚК-нің 76-4 бабында ұрлаудың өзінше дербес үш
нысаны: иеленіп алу, ысырап ету және қызмет бабында қиянат жасап ұрлау бір
топқа біріктірілген болатын, ал, мына талданып отырған бапта тек иеленіп
алу және ысырап ету үшін ғана жауаптылық көзделген. Заң шығарушы қызмет
бабында қиянат жасап ұрлауды өзінше бөлек құрам ретінде қарастырмайды, оны
қылмыстың саралаушы нысандарының қатарына жатқызған (ҚК-тің 176 бабы 2
бөлігінің а тармағы). Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алғандық
немесе ысырап еткендік үшін жауаптылық ҚК-тің 176 бабында көзделген.
Қылмыстың жалпы объектісі болып табылатын қоғамдық қатынастардың өзі
тарихи өзгермелі болып отырады. Оның қатары жаңа құбылыстардың қылмыс болып
табылуына байланысты кеңеюі немесе қылмыс болып келген кейбір нормалардың
күшін жоюға байланысты танылуы мүмкін.
Қылмыс жасаған адам осы қоғамдық қатынастардың бегілі бір
элементтеріне қол сұғады. Ол қол сұғушылық осы қоғамдық қатынастардың
қатынасушылардың біріне жеке тұлға белгілі бір қауіп келтірілу әсері арқылы
көрінеді.
Бұл қылмыстың объектісі – меншік, басқаша айтқанда, мүлікті
иелену, пайдалану, оған билік ету жөніндегі қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Мүлік, бұл жерде, ұрлау заты болып табылады. Жалпы ұрлау затына тән
белгілері бар мүліктер ғана иеленіп алудың немесе ысырап етудің заты бола
алады. Және де, ол мүліктің айыпты адамға сеніп тапсырылуы міндетті
шарт.[7]
Сонымен, ҚК-тің 176 бабы бойынша сараланатын иеленіп алудың немесе
ысырап етудің затына мына нышандар тән:
• заттық;
• экономикалық;
• заңдық;
• айыпты адамға мүліктің сеніп тапсырылуы.
Заттық нысан дегеніміз – иеленіп алудың немесе ысырап етудің заты
әрқашан да материалдық нәрсе. Сондықтан да, мүліктік қылмыс ретінде, бұл іс-
әрекеттің заты адамның идеясы, ойы, пікірі бола алмайды.
Экономикалық нысан иеленіп алудың немесе ысырап етудің затында, қандай
да бір экономикалық құндылық бар екендігін көрсетеді. Ол құндылық өзінің
құнынан, ақшалай бағасынан көрініс табады. Сондықтан да табиғи объектілер
ұрлау заты бола алмайды, себебі оларға адам еңбегі жұмсалмағандықтан олар
бағалана алмайды.
Заңдық нысан иеленіп алудың немесе ысырап етудің заты бөтен, еркін
азаматтық айналымда жүрген мүлік қана болатындығын көрсетеді. Өз мүлкін
ұрлау меншіктік қатынасты бұзбайды, сондықтан ол меншікке қастандық жасау
деп қарастырылмайды.
Қылмыстың объективтік жағы сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену
немесе ысырап ету белгілерімен сипатталады. Осыған байланысты бұл жерде
талан – тараждың екі нысаны: иеленіп алу немесе ысырап ету құралдары туралы
сөз болып отыр.
Иеленіп алу дегеніміз – белсенді қызмет жасай отырып субъектінің өзіне
сеніп тапсырылған тауарлық-материалдық құндылықты алуы, оған заңсыз иелік
орнатуы. Бұндай ретте иеленген мүлік кінәлінің билігінде болады. Ол меншік
иесіне негізсіз қайтарылмайда немесе бөтен адамға берілмейді.
Иелініп алғанда айыптыға сеніп тапсырылған мүлік оқшауланып, оған
заңсыз өтеді, оны өз меншігіне айналдыру немесе үшінші адамдардың меншігіне
беру мақсаты болады.
Мүліктің жоғалуы, іріп – шіріп кетуі, жойылуы, басқа адамның ұрлауы
нәтижесінде меншік иесіне қайтарылмаса, онда бұл иеленіп кетуге жатпайды.
Иеленіп кетуді бөтеннің мүлкін уақытша пайдалана тұрумен шатастыруға
болмайды. Егер өзіне мүлік сеніп тапсырылған адам оны заңсыз пайдалана
отырып, оны заңды иесіне қайтаруға немесе оның құқын төлеуге деген ниетте
болса, онда оның әрекеті иеленіп кету емес, нақты жағдайларға қарай ҚРҚК
228, 307 немесе 327 баптарымен саралануы мүмкін.
ҚК-тің 176 бабына сәйкес иеленіп алудың ерекшелігіне субъектінің
ұрланатын мүлікке қатынасы жатады: мүліктің, оған деген белгілі бір
өкілеттігі бар адамның заңды иелегінде болуы.
Меншік иесіндегі мүлік алынып оқшауланған және ол оның өз мүлкіне
қосылған кезден бастап иеленіп алу аяқталған қылмыс болып саналады.
Айыптының өз иелігіне алған мүлікті заңсыз пайдалануы сияқты ары
қарайғы әрекеттері бұл қарастырылып отырған құрам шегінен тыс жатыр, ол
ұрлаудың басқа нысаны – ысырап етумен ұштасады.
Ысырап ету – сеніп тапсырылған мүлікті тұтынушыдан айыру арқылы

қайтарымсыз айналдыруы. Бұл жағдайда, қандай да бір өкілеттік жасауы үшін
өзіне сеніп тапсырылған мүлікті айыпкер заңсыз жұмсайды, сатады, үшінші

мүмкіндік алған болса.
Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленумен ысырап етудің негізгі
айырмашылықтары мынандай: сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленуде кінәлі
адам бөтеннің мүлкін жөнсіз, негізсіз, заңға қайшы әрекеттермен ұстап
тұрады, иесіне қайтарылмайды, ал ысырап етуге осы аталған мүлікті әртүрлі
жолмен талан – таражға салуы, пайдаланып кетуі, шашылып – төгілуі, рәсуә
болуы тегін немесе ақысын алып тарату жатады.[8].
Иеленіп алумен ысырап етудің ортақ белгісі: екі қылмыс қылмыс құрамы
бойынша да кінәлі адамға мүлік уақытша сеніп тапсырылады; мүлікті талан –
тараж жасау үшін бұл ретте кінәлі адамдар өздеріне берілген мүлікке
иеліктерді қылмысты әрекетке пайдаланады.
Қылмыстың субъктивтік жағы тікелей қасақаналық нысаны арқылы
сипатталады. Кінәлі адам өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін
иеленетінін немесе ысырап ететінін сезеді және өз әрекеті арқылы меншік
иесіне мүліктік залал келтіргенін күні бұрын біледі және сондай залалдың
болуын тілейді. Бұл жерде кінәлі адам пайдакүнемдік ниетті басшылыққа ала
отырып, заңсыз бөтеннің мүлкі есебінен пайда табу мақсатында көздейді.
Қылмыстың субъектісі болып арнаулы субъект талан – таражға түскен
мүлік өзіне заң, шарт, контракт негізінде немесе қызметтік жағдайына
байланысты сеніп тапсырылған мүлікке құзыретті адам танылады.
Қылмыс субъектісі арнаулы – жасы он алтыға толған, есі дұрыс, заңды
түрде мүлік сеніп тасырылған адам.
Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алудың немесе ысырап етудің
құрамы үшін заң шығарушы мынадай саралаушы нысандарды қарастырған:
1. адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған;
2. бірнеше рет жасалған;
3. қызмет бабын пайдаланып жасалған;
4. ұйымдасқан топ жасаған;
5. ірі мөлшерде жасалған;
6. ұрлық немесе қорқытып алушылық үшін бұрын екі немесе одан көп
рет сотталған адам жасаған.
Ұйымдасқан топ жасаған қылмыс түсінігіне ҚК-тің 31 бабының 3 бөлігінде
бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен адамдардың тұрақты
тобы жасаған қылмыс деп анықтама берілген. Ұйымдасқан қылмыстың топтың
және қылмыстық сыбайластықтың алдын ала сөз байласқан адамдар адамдар
тобынан айырмашылығы сол, олар ұйымдасқан және тұрақты болады. Қылмыстық
топтың және сыбайластықтың ұйымдастықтығын және тұрақтылығын, атап
айтқанда, олардың құрамының, ұйымдық құрылымдарының тұрақтылығы,
мүшелерінің ынтымақтастығы, топтағы тәртіпке және ұйымдастырушының не
жетекшінің нұсқауларына бағынуы, қылмыстық қызметтің нысандары мен
әдістерінің тұрақтылығы, қылмысты жоспарлау және мұқият дайындау,
қатысушылар арасында рөл бөлу, қылмысты жасыру шараларын және қылмыстық
жолмен тапқан мүлікті сатуды алдын ала ойластыру сияқты нышандардан көруге
болады. [9]
Егер ұрлықты ұйымдасқан қылмыстық топ жасаса, онда ұрлауға ұатысқан
топ ұйымдастырушысының, жетекшісінің және мүшелерінің әрекетін ұйымдасқан
топ жасаған ұрлық үшін жауаптылық көзделген бап пен ұйымдасқан қылмыстық
топ құрғаны және жетекшілік еткені қарастырылған ҚК-тің 235 баптың тиісті
бөлігінің жиынтығы бойынша саралау қажет.
Ірі мөлшер түсінігін заң шығарушы ҚК-тің 175 бабына берілген
ескертудің 2 тармағында қарастырған.
Осы тараудың баптарындағы ірі мөлшер немесе ірі залал деп қылмыс
жасалу сәтінде Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген айлық
есептік көрсеткіштен бес жүз есе асып түсетін мүліктің құны мен залалдың
мөлшері танылады.
Келесі саралаушы нышан – ұрлық не қорқытып алушылық үшін бұрын
сотталған адам жасаған ұрлық - ҚК-тің 175 бабына берілген ескертуде оған
да ресми түсініктеме берілген. Осы тараудың баптарында, сондай-ақ осы
Кодекстің басқа баптарында ұрлық не қорқытып алушылық үшін бұрын сотталған
адам деп осы Кодекстің 175-181, 248, 255, 260 баптарында көзделген бір
немесе бірнеше қылмыстар үшін соттылығы бар адам танылады.
Қызмет бабын пайдаланып сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алуды
және ысырап етуді қызметтік өкілеттігімен қиянат жасаудан ажырату қажет.
Бұларды ажырататын критерий сол - өз қызмет бабын пайдалану сеніп
тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алудың және ысырап етудің құрамында сол
қылмысты жасау тәсілі ретінде қарастырылған, ал қызметтік өкілеттігімен
қиянат жасаудың құрамында ол іс-әрекеттің өзін сипаттайды. Мысалы,
шикізатты жұмсау нормасын бұзу, өндіріс технологиясын бұзу, т.б. жолдармен
жинақталған мүлікті өз пайдасына айналдыруды қызмет бабын пайдаланып бөтен
мүлікті иеленіп алу ретінде қарастыруға болады.

қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы.
Қылмыстарды тергеудің жекелеген әдістемесі олардың криминалистикалық
сипаттамасымен тығыз байланысты. Алғаш рет криминалистикалық сипаттама
түсінігін Ленинград мемлекеттік университетінің профессоры П.И. Люблинский
1927 жылы ұсынды. Ол криминалистикалық сипаттаманы криминалистикамен қатар,
сот медицинасы, криминалдық-психологиядан құралатын ілім ретінде
қарастырды. Осылардың негізінде қандай да бір оқиғаның криминалистикалық
сипаттамасы қалыптасуы қажет. Ол үшін П.И. Люблинский не, қайда, қашан,
кім, кімнің көмегімен, неге, қандай әдіспен деген классикалық рим
формуласын қолданды.
Барлық криминалистер криминалистикалық сипаттаманы қылмыстың
ақпараттық үлгісі (моделі) және қылмыстардың белгілерінің жүйесі ретінде
қарастырады. Мамандардың пікірлері бойынша, криминалистикалық сипаттаманың
тәжірибелік маңызы - оның ғылыми негізделген нұсқауларды жасауға,
тергеушінің дұрыс бағытталған қызметін қалыптастыруға, тергеудің неғұрлым
объективті жолдарын, әдіс-тәсілдерін таңдауға, сондай-ақ жекелеген тергеу
әрекеттерін жүргізудің тактикасын анықтауға мүмкіндік беретіндігінде.
Криминалистикалық сипаттама – қылмыстарды табу, тергеу және алдын
алудың тиімді әдіс-тәсілдерін дұрыс анықтауға ықпал ететін қылмыс туралы
мәліметтердің жүйесі болып табылады.
Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы туралы ілімді қалыптастыру
– криминалистика ғылымының дамуына да, тергеу тәжірибесінің одан әрі
жетілдірілуіне де ықпал етеді.
Криминалистикалық сипаттаманы тәжірибелік қолданудың негізгі
бағыттары:
• қылмысты ашу, болжаулар жасау;
• қылмыскер тұлғасы туралы ақпараттың мүмкін болатын шеңберін дұрыс анықтау
үшін із қалдыру механизмі туралы мәліметтерді табу жөніндегі жұмыстарды
қолдану;
• тергеушінің тергеу әрекеттерін (сезіктіден, айыпталушыдан, жәбірленушіден
жауап алу және т.б.) жүргізу кезінде тактикалық әдіс-тәсілдерін анықтау
үшін;
• тиімді және дұрыс тактикалық шешім қабылдау үшін.
Қазіргі кезде экономика саласындағы мүлікке қарсы қылмыстар кеңінен
тарап өсуде және біршама өзгеріп жаңа түрлері пайда болған. Мысалы, сеніп
тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп кету немесе ысырап ету, экономикалық
контрабанда, жалған кәсіпкерлік, заңсыз банк қызметімен айналасу және т.б.
Мүлікке қарсы қылмыстарға тән соңғы ерекшеліктерге қылмыскердің көп
көріністік және ұзақ уақыт аралығындағы әрекеттері жатады. Осыған
байланысты бір факт бойынша бір күн немесе апта ішінде жасалған қылмыс түрі
тәжірибеде әлі кездескен жоқ.
Мүлікке қарсы қылмыстардың әрбір түрінің типтік белгілері, қылмыстың
нақты бір түрі мен тобына байланысты криминалистикалық маңызды ақпараттар
жүйесі криминалистикалық сипаттама сияқты жеке әдістеме элементтерінде
беріледі. Бұл ұғым ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz