Сот билігі және әділ сот


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе2

1 Coт билігінің мемлекеттік биліктің бір тapмaғы ретіндегі мәні мен маңызы4

1. 1 Сот билігі және әділ сот4

1. 2 Сот жүйесі және сот билігінің басқа билік тармақтарымен арақатынасы9

2 Судья сот билігінің атқарушысы және оның тәуелсіздігі принципі13

2. 1 Судьяның тәуелсіздігі принципінің түсінігі және оның маңызы13

2. 2 Судьяның тәуелсіздігі принципінің сот билігінің басқа принциптерімен ара қатынасы19

Қорытынды31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі33

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарының сақталуы мен заңды мүдделерінің қорғалуы заңның үстемдігі қамтамасыз етілетін мемлекетте ғана мүмкін. Өз кезегінде мұндай мүмкіндік мемлекеттік механизмде биліктердің бөлінуі мен өзара іс-қимылын толық көлемінде істей алуы және сот билігіне тән ерекше рөлдің атқарылуы арқылы іске асырылады.

Айтылған негіздерге байланысты тәуелсіз сот билігінің қалыптасуы мен дамуының өзектілігі өсуде. Әсіресе, сот билігін жүргізуші судьялардың дербестігін, олардың өз құзыреті шеңберінде шешім қабылдағанда ешбір ықпал-кедергісіз, тәуелсіз болуын қамтамасыз етудің маңыздылығы орасан зор. Осы туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Э. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Үндеуінде былай деп көрсеткен болатын " . . . тәуелсіз, гүлденуші және саяси тұрақты Қазақстанды құру қажеттілігі, оған тән ұлттық бірлікті, әлеуметтік әділеттілікті, бүкіл халықтың экономикалық жайлы жағдайын қарастырумен байланысты"1.

2001 ж. 6 маусым күні Астанада болып өткен Қазақстан Республикасы судьяларының кезекті III съезінде Мемлекет басшысы бұдан кейін бүкіл сот жүйесі шешуге тиісті мынадай міндеттерді атап көрсетті:

"Бірінші-сот сатылары арасында соттылықты шектеу процесін түбегейлі қисынына жеткізу керек. Сотта көпе-көрінеу қылмыс туралы қылмыстық істерді тергеу мен қарау тәртібін бұрынғыдан да қаншалықты мүмкін болғанынша оңайлату керек.

Екінші-сот қаулыларын орындау жөніндегі жұмысты түбегейлі жақсарту қажет.

Үшінші-Конституцияда көзделген сот әділдігін алқа заседательдерінің қатысуымен атқару принципін іс жүзіне асыру. Өлім жазасы көзделген ауыр қылмыстардан бастау керек.

Төртінші-мамандандырылған соттар жүйесін-бірінші кезекте экономикалық және әкімшілік соттарды кезең-кезеңмен құру жұмысы жалғастырылсын.

Бесінші-дауларды шешудің баламалы әдістерін, мәселен, төрелік соттарды ендіру мүмкіндігін зерттеу қажет.

Алтыншы-тергеу әрекеттерін сот бақылауы институтын пайдаланудың шетелдік тәжірибесін зерттеу керек. Батыста ол кең таралған. Ресейде де осы жолмен жүруге әзірленіп жатқан сыңайлы. Біз басқалардың істегендерін көзсіз көшіріп ала бермеуіміз керек. Алайда, біздің сот-құқық жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып, назар аударуға тұратын нәрселерді пайдаланған жөн.

Жетінші-сот кадрларын даярлау мен біліктілігін арттырудың тиімді жүйесін жасау шаралары қолданылсын. Бұл ретте сот әділдігінің біздің қоғамның ең лайықты мүшелері ғана атқаруы үшін судьялардың адамгершілік және этикалық болмысына деген талаптарды күшейту қажет.

Сегізінші-соттардың жұмысын халық үшін барынша ашық және ұғынықты ету керек. Соттардың бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысы түбегейлі өзгертуді талап етеді"2.

Осы міндеттерді шешу азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, еркіндіктері мен заңды мүдделерін қорғау, ел Конституциясы мен заңдарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі өзінің конституциялық функциясын толыққанды жүзеге асыруға қажетті тәуелсіз сот жүйесін құруға мүмкіндік береді.

Ендеше судьяның (соттың) тәуелсіздігін қамтамасыз ету қоғамның және мемлекеттің міндеті болып табылуға тиіс. Оның тек қана Конституция мен заңдарға бағыныштылығын мойындап, басқа мәселелеріне, әсіресе, сот төрелігін іске асыру қызметінде тәуелсіз болуын елдің Ата Заңы, басқа да заңдары мен нормативтік-құқықтық актілері баянды етуінде орасан зор заңдық қана емес, саяси да мән бар.

Себебі, конституциялық ереже сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болмасын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады деп бекітеді. Ал судьяның сот төрелігін іске асыру кезінде Конституция мен заңдарға ғана бағынышты болуы, басқадай айтқанда, оның тек заңға тәуелді болуы сот әділдігінің шынайы көрінісін айқындайды3.

Құқықтық мемлекетті орнықтыруға бет алған қоғамның негізгі көздейтіні мемлекеттің құқықпен санасуын талап ету болса, соттың да тек заңға бағындырылуы мұндай мақсатты іске асыруға жетелейтін басқарушы қағида (норма) болып саналуға тиіс. Өйткені, сот төрелігінің тәуелсіздігі оны жүзеге асырудың басты шарты болып табылады.

Бұл принциптің маңызын түсіндіретін басты бір мәселе, сот билігінің дербестігін баяндайтын конституциялық ережемен байланысты. Сот билігінің маңызды нысаны сот әділдігі ешкімге есеп бермейтін, сот істерін қарап шешетін судьяның тәуелсіздігінің бастамасында атқарылуы қажет.

Тақырыптың атауын сот процессуалдық қызметке қатысушы ретінде деп белгілеуде, судьяның тәуелсіздігі ең әуелі демократияның жетістігі екендігі ескеріліп, мұнымен қоймай, демократияның сапалы жақтарының сот әділдігінде көрінісін табуы мен сот әділдігінің принциптеріне сіңуі де негіз етіп алынды.

Сот әділдігінің басты әрі өзекті принциптерінің бірі - судьяның тәуелсіздігі арқылы сот билігінің басқа принциптерінің маңызы айқындалатынын, яғни олардың өзара тығыз байланыста болатынын атап кеткен жөн.

Тәуелсіздіктің басты бір қолдаушысы-кепілдіктерінің де орасан зор мағынасын, алатын орны мен мәнін ашу керек нәрсе.

Бұл екі ұғымның мызғымас, бір-бірінен ажырамайтын құнды жақтары судья (сот) тәуелсіздігін нақты әрі нығайтылған түрде көрсетеді.

Бұл тұрғыда мемлекет тарапынан, әсіресе Елбасының бастамасымен қарастырылып отырған шараларды атап өту өте қажет. Өйткені, еліміз тәуелсіздікке ие болған 10 жыл уақыт ішінде бүкіл мемлекеттілікті, соның ішінде сот билігін қалыптастыру мен дамытудың рөлі орасан зор екендігінде дау жоқ.

Осылардың қатарына, 2000 ж. 1-қыркүйек күні қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы" Жарлығын, 2000 ж. 12-қазаң күнгі "Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің қызметін қамтамасыз ету шаралары туралы" Жарлығын, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы" 2000 ж. 25 желтоқсан күнгі Конституциялық заңын, т. б. енгізуге болады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Соттың (судьяның) тәуелсіздігі және оның процессуалдық қызметке қатысушы ретіндегі алатын орнының проблемасы заңгер ғалымдардың көпшілігінің назарын аударып келген мәселе. Бұл тақырыпқа (толық, ішінара, жанама) келесіде аталатын ғалымдар өз жұмыстарында зерттеген. Мысалы, А. Бойков, В. П. Божьев, КАБегалиев, У. Жекебаев, С. З. Зиманов, З. Ж. Кенжалиев, В. А. Лиманский, М. С. Нәрікбаев, Б. М. Нұрғалиев, А. С. Нұралиева, И. И. Рогов, С. С. Сартаев, М. С. Строгович, М. С. Сапарғалиев, Г. Ж. Сүлейменова, С. А. Табанов, С. Т. Тыныбеков, К. Х. Халиқов, тағы басқалардың еңбектерінде қарастырылған.

Осы аттары аталған ғалымдардың еңбектері курстық жұмысқа елеулі теориялық база болды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Осы курстық жұмыстың көздейтіні сот қызметкерін процессуалдық қызметке қатысушы ретінде қарастыра отырып оның тәуелсіздігінің проблемаларын зерттеу мен теориялық ой-өрістен өткізуді заңдардың бастауыш ережелері мен қылмыстық іс жүргізу ғылымының, тергеу және сот тәжірибесінің мәселелерін салыстырмалы түрде қарастыру болып табылады.

Көзделген міндеттемелерді іске асыру үшін келесі мақсаттарды алға қойдым:

1. Біртұтас мемлекеттік биліктің ішіндегі сот билігінің орны мен рөлін анықтау. Оның басқа билік тармақтарымен арақатынасын ашу. Сот билігіне түсінік беру.

2. Биліктердің дәстүрлі арақатынасымен қатар, сот билігін қалыптастыруға тікелей қатысты Президент билігінің түсінігін ашу мен қарастыру.

3. Соттың тәуелсіздігі принципіне түсінік беру. Оның мәні мен мағынасын айқындау және сот билігінің (әділдігінің) басқа принциптерінің арасында алатын орны мен маңызын сипаттау.

4. Соттың тәуелсіздігі принципі арқылы сот билігінің тәуелсіздігі және сот әділдігінің тәуелсіздігі ұғымдарын қалыптастырып қарау.

5. Соттың (судьяның) тәуелсіздігін қамтамасыз етуші кепілдіктер түсінігін беру және оларды жіктеу арқылы қарастыру.

Қазақстан Республикасының Конституциясы, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарының нормалары және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының қаулылары зерттеудің нормативтік құқықтық қайнар көзі болып табылады.

Зерттеу барысында құқықтың жалпы теориясы, таным теориясы, конституциялық құқық, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу құқықтары, криминалистика, т. б. салалары бойынша тиісті әдебиеттер қолданылды.

Курстық жұмыстың құрылысы мен көлемі. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттердің тізімінен тұрады.

1 Coт билігінің мемлекеттік биліктің бір тapмaғы ретіндегі мәні мен маңызы

1. 1 Сот билігі және әділ сот

Сот билігінің түсінігін қарастыру жалпы билік ұғымымен байланысты түрде зерттелуге тиіс. Жалпы билік феномені, онын бөліну теориясы ежелгі уақыттан зерттелініп келген мәселе. Мысалы, Аристотель мемлекет құрылысы мен ондағы биліктің ұйымдасуын қарастыра келе, биліктің түрлі жақтарын және олардың мақсаттарын көрсете білетін органдарын: жалпы мемлекеттік мәселелерді талқылаушы және шешуші билік; үкімет билігі; сот билігі - деп талдаған4.

Ұлы француз ағартушысы, ғалым Ш. Л. Монтескье үш билікті атай келе, олардың әрқайсысының қызмет саласын да былай деп анықтаған: "Біріншісі заңдарды шығарады, оларды өзгертеді және күшін жояды. Екіншісі соғыс пен бейбітшілік және мемлекет қауіпсіздігі мәселелерін шешеді. Ал, үшіншісі қылмыстар үшін жазалайды және жеке тұлғалардың арасындағы дауларды шешеді"5.

Осы теорияның тарихын, мәні мен маңызын зерттеушілер оның ірге тасын қалаушы деп Ш. Л. Монтескьені атайды. Ол өзінің әйгілі еңбектерінде бұл биліктердің өзара тежемелік деңгейде қызмет жасауын, яғни бір-біріне сіңіспей, әрқайсысы өз алдына тиесілі функциясы мен өкілеттіктерін атқаруын және осы мәселелерге байланысты құзіреттеріне араласпай, теңдік принципі арқылы байланысуын анықтап көрсеткен.

Атақты ағартушы-ғалымның бұл идеялары көпшілік өркениетті батыс мемлекеттерінің конституцияларында құқықтық бекуін тапты.

Кеңес Одағы дәуірінде сот билігі ұғымы жөнінде сирек айтылатын. Тіпті, біздің саяси, заңи және ғылыми сөздіктерімізде "сот билігі" термині мүлде қолданылмай келген.

Бұл мәселе кеңес мемлекеті саясатының деңгейінде биліктің біртұтас, бөлінбейтіндігі және оның жалпыхалықтық екендігі туралы теориялық концепцияның мызғымастығымен түсіңдіріліп келінген.

Тоталитарлық режим құлдырағаннан кейін Қазақстанда шынайы демократиялық, құқықтық мемлекетті қалыптастыру басты мақсат етіп қойылды. Оның қызметі тек заңның шеңберінде, құқықтың бекітулеріне бағыну арқылы, халық билігі мен демократияның конституциялық негіздеріне сәйкес іске асырылуы керек.

Қазақстанда бұл теорияны біздің мемлекеттілігімізге қолдану мүмкіндігі мен кажеттілігі жөнінде тұңғыш рет, Қазақ ССР-нің 1990 жылы 25 қазанда қабылданған "Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Декларациясында көрсетілген болатын. Онда мемлекеттік биліктің біртұтастығы, оның үш тармақтан; заң шығарушы, атқарушы және сот биліктерінен тұратындығы баянды етілді6.

Декларациямен уағыздалған билік түсінігі кейіннен еліміздің тұңғыш (28. 01. 1993 ж. ) Конституциясына, қазіргі (30. 08. 1995 ж. ) Ата заңымызға енгізілді.

Қазақстанда 1992 жылы Конституциялық Соттың құрылуы мен қызмет етуі, әрине басқа да факторларды қоса ескергенде, сот билігінің мәртебесін өсіруге пайдалы әсерін тигізді.

Биліктердің бөлінуі теориясын қабылдаған, құқықтық мемлекетті құруды мақсат етіп қойған қоғамда сот билігінің мәнін зерттеу басталды.

Сондағы неғұрлым маңыздысы сот билігіне түсінік беру болды. Мысалы, В. П. Кашепов сот билігін "мемлекеттің сот арқылы, заңда бекітілген процедуралық нысандарда, адамдардың мінез-құлқы мен әлеуметтік процестерге әсер ету қабілеті мен мүмкіндіктері" - деп түсіндіреді7.

Ал, Р. А. Беленков "сот билігі деп мемлекеттің өкілетті органы соттың өзіне тән мүмкіндіктерімен мемлекеттік органдардың, жергілікті органдар мен олардың лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың мінез құлықтарына әсер ете алу қабілетін" айтады8.

Кеңес Одағы кезінде сот билігінің орнына сот әділдігі деп аталатын. Алайда, мұндай ұғым сот билігіне тән түсінікті толыққанды аша алмайтын. Себебі, сот әділдігі сот билігін жүзеге асырудың бір (әрине басты және ерекше) нысаны болып табылады және сот билігінің мәнін толық көрсете алмайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабының 4-бөлігіне сәйкес, республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады9.

"Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының (бұдан әрі Конституциялық заң деп аталады) 1-бабының 2-бөлігіне сәйкес, сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етеді. Осылайша, Конституциялық заңда сот билігінің мәні айқындалады10.

Профессор К. Х. Халиқов Қазақстан ғалымдарының ішінде сот билігі феноменін алғашқы зерттеуші ретінде мынадай әділ де дұрыс анықтама берген: "Сот билігі деп мемлекет атынан, заңның үстемдігі мен әділеттілікті қамтамасыз ету мақсатында, бұзылған құқық пен бостандықты, әділеттілікті қалпына келтіру, заңмен қорғалатын мүдделерге қол сұғушы адамдарға мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану мақсатында сот құзыретіндегі жауапты биліктік өкілеттіктердің жиынтығын айтамыз" - деген11.

Ал сот әділдігі деп - заңда белгіленген ерекше құқықтық нысанда мемлекеттің арнайы құрылған органы - соттың азаматтық және қылмыстық істерді қарап шешуі арқылы жүргізілетін мемлекеттік қызметінің айрықша бір саласын атайды.

Демек, сот билігі мен сот әділдігі сабақтас ұғымдар . Сот әділдігі сот билігі түсінігінен туындайды. Яғни, сот билігінің түсінігі сот әділдігінен әрқашан кең және көлемді.

Әрине, сот әділдігі сот билігінің басты да ерекше нысаны. Яғни, сот билігі сот әділдігін жүзеге асыру арқылы атқарылады. Жоғарыда көрсетілген пікір-көзқарастармен толық, кейбір жағдайда ішінара келісе отырып, сот билігіне байланысты анықтауды былайша құрастырсақ дейміз.

Демек, сот билігі деп мемлекет атынан, оның өкілетті органы сот арқылы азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау, республика Конституциясы мен заңдарының, өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының атқарылуын қамтамасыз ету үшін заңның негізінде және ол орнықтырған тәртіптер мен процессуалдық нысандарда, қажетті жағдайларда мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылатын, өз алдына дербес әрі тәуелсіз мемлекеттік биліктің тармағы ретінде түсіну дұрыс болар еді.

Мемлекеттік биліктің бұл тармағының өзіне тән, басқа тармақтардан ерекшеленетін белгілері мен функцияларын қарастыру оның мазмұны мен мәнін толықтыра және көркейте түседі.

Сот билігін ерекшелендіретін белгілері мына келесідегі ережелерден туындалады:

1. Сот билігін іске асыру мемлекеттік қызметің ерекше саласын қолданумен ұштасады. Мұнда адам мен азаматтың заң мен сот алдындағы фактілі және құқықтық теңдігінің негізі бекітіледі. Мемлекеттік қызметтің дербес түрі бола тұра, бұл билік, конституциялық құрылыстың негізін, Конституцияның үстемдігін, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, мемлекеттік және жеке меншікті қорғауды мақсат етіп қояды.

Айта кетерлік бір жағдай, сот билігінің басты нысаны сот әділдігінің құқық шығармашылығынан, сондай-ақ, басқада құқық қолдану, құқық қорғау түрлерінен (нысандарынан) айырмашылығы, оның тиянақты фактілерге, даулар мен құқықтық қатынастарға заң нормаларын қолдану мәселелерін қарастыруы мен шешуінде.

Өзінің қызметін атқару, сондай-ақ, сот әділдігін іске асыру барысында сот билігі құқық нормасын шығармайды. Ол тек іс жүзінде бар, қолданылуға арналған материалдық және процессуалдық нормаларды қолданады.

2. Сот билігін жүзеге асыру мемлекеттегі сот саясатын амалға асыру бағытымен байланысты болады. Сот саясатын заң шығарушы билік бекітеді және бағыттайды. Яғни, ол соттар қолданатын, сондай-ақ, сот қызметінің процессуалдық тәртіптерін белгілейтін, соттардың құзыреттіктерін, судьялардың құқықтық мәртебесін, судьялар корпусын құру тәртіптерін реттейтін заңдар шығарады.

3. Сот билігін мемлекеттің сол үшін арнайы құратын органдары - соттар ғана жүзеге асырады. Конституциялық заң соттың ерекше өкілеттігін басқа органдарға беруді көздейтін заң актілерін шығаруға тыйым салады. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкілеттігін немесе сот билігі функцияларын иеленуге құқығы жоқ. Бұл тыйымға көнбеу, немесе оны бұзу заңда көрсетілген жауаптылыққа әкеліп соқтырады.

4. Сот билігі мемлекеттік қызметтің ерекше әрі сапалы нысанына ие болады. Себебі мемлекеттің тиісті органдары - сот жүйесі арқылы іске асырылады. Қазақстанның сот жүйесін ерекше сипаттайтын белгілерінің біреуі оның бірлігінде. Яғни барлық соттардың максаттарының біркелкілігімен, соттар мен судьялар үшін ортақ және бірыңғай сот төрелігі принциптерімен, сот билігін барлық соттар үшін сот ісін жүргізудің заңдарда белгіленген бірыңғай нысандары арқылы жүзеге асырумен, Қазақстан Республикасының барлық соттарының қолданыстағы құқықты пайдалануымен, заңдарда судьялардың бірыңғай мәртебесін баянды етумен, заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындаудың міндеттілігімен, барлық соттарды тек қана республикалық бюджет есебінен қаржыландырумен қамтамасыз етіледі.

5. Сот билігі процессуалдық заңды мүлтіксіз, қатаң сақтау негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Сот өндірісі - процессуалдық құқықтың нормаларымен бекитін нысандарда және ерекше тәртіптердің шеңберінде іске асырылатын мемлекеттік қызметтің дербес саласы12.

6. Соттың заңды талаптары мен шешімдерін (үкімдерін) орындау мемлекет күшімен іске асырылады. Қажетті болған жағдайларда оның органдары мен лауазымды тұлғалары сот шешімдері мен талаптарының жүзеге асырылуын мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы қамтамасыз етеді.

Сот үкімдерінің көпшілігін орындау ішкі істер органдарының қылмыстық атқару жүйесіне тапсырылған. Қазіргі уақытта бұл жүйені Әділет министрлігінің қарамағына өткізу мәселесі қарастырылуда және бұл идеяның прогресшілдігінде дау жоқ. Ал үкімінің залалды өндіруге қатысты бөлігі мен сот шешімдерін сот орындаушылары атқарады13.

7. Сот билігінің соңғы ерекше белгісі - оның дербестігі, жеке даралылығы мен тәуелсіздігі. Мемлекеттік биліктің жеке тармағы бола тұра, оның басқа тармақтарымен тежемелік әрі тепе-теңдік принципі арқылы іс-қимыл жасау барысында өзінің қызметіне, әсіресе сот әділдігін іске асыру кезіндегі қызметіне араласуға жол бермеуінде.

Енді сот билігіне тән функцияларды қарастырайық.

Жалпы "функция" термині түрлі мағынаны білдіреді. Оның неғұрлым кең таралған мазмұны: "қызмет", "міндет", "жұмыс", "міндеттер шеңбері" дегенді білдіреді.

Мемлекеттің функциялары ретінде оның қызметінің негізгі бағыттарын түсінуге болады.

Сот билігінің функциялары тұрғысында ғалымдар арасында біркелкі пікір жоқ. Мысалы бұған дейін айтылып келгендей, олардың бірсыпырасы (В. К. Бобров, У. Жекебаев) биліктің бұл тармағына тек қана сот әділдігін жүзеге асыру функциясы тән деп есептесе, басқалары, мысалы Г. Ж. Сүлейменова аталған функциядан тыс соттың басқа да функциялары болатындығын дәлелдейді.

Атап айтсақ, сот өндірісіндегі істердің күллісі дерлік арыздар мен шағымдардың негізінде пайда болады. Азаматтық іс жүргізу нысанына сәйкес, арыз болмайынша (яғни бастама принципінің негізінде) іс те жоқ деген сөз. Мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды тұлғаларының (мысалы, тергеу органдарының, прокуратураның) әрекеттері мен шешімдерінің заңдылығына баға беру сот құзыреті болып табылады. Оларға (әрекеттер мен шешімдерге) соттың заң тұрғысынан баға беру арқылы шешім қабылдауының өзі, мысалы ақтау үкімін шыгаруы бұл мәселені аса бір құлшынып дәлелдеп жатуды талап етпесе керек.

Сот әділдігі функциясынан тыс, біздің пікіріміз бойынша, сот билігіне конституциялық бақылау функциясын жатқызуға болады.

Егемендігін алған Қазақстанда 1992-1995 жылдары Конституциялық сот қызмет атқарып, республикада демократиялық институттардың қалыптасуына позитивтік үлесін қосты. Қазір конституциялық бақылауды соттан тыс орган - Конституциялық Кеңес атқарады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот билігі жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері
Сот билігінің тәуелсіздігі
Судьялардың мәртебесі
Сот билігінің ұғымы
Қазақстан Республикасының сот билігі
Сот және сот жүйесі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ БИЛІГІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ҚР-ның сот жүйесі
Сот билігі
Қазақстан Республикасындағы сот билігінің құқықтық жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz