Сот төрелігіне қарсы қылмыстардың түрлері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 2
1. Сот төрелігіне қарсы қылмыстардың түрлері 4
2. Әділсоттылықты жүзеге асыратын органдардың лаузымды адамдарының
қылмыстары 5
3. Сот төрелігіне қарсы басқадай адамдардың жасайтын қылмыстары 17
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 30

КІРІСПЕ

Күнделікті жұмысымызда Конституция мен Жоғарғы Соттың қаулыларын
басшылыққа аламыз. Екінші басшылыққа алатынымыз қылмыстың қай түрі өсуде,
оған себеп болған жағдай не деген сауалдарға талдау жасайтынымыз екенін дөп
айтып кету жөн. Мемлекетімізде сот беделіне көп көңіл бөлініп келе жатқаны
белгілі. Қазіргі кезде Қазақстан Республикамызда сотқа деген ерекше
көзқарасы белгілі, сотқа биік сенім білдіреді, сонымен қатар соттың
мәртебесін әлі де өсіру керек. 1995 жылғы 20 желтоқсанда қабылданған
“Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы” ел
Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлығында Сот билігі мен соттар
төрелік қызметінің негізгі принциптері қарастырылған. Ал Қылмыстық
кодекстің 350-бабының 2-тармағында сот төрелігіне қарсы қылмыстың
ауырлататын екі түрі көрсетілген:
а) бас бостандығынан айыруға соттың заңсыз үкім шығаруы (негізсіз
кінәсіз адамды бас бостандығынан айыру, заңда негізделмеген жағдайда өмір
бойы бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау);
б) әділетсіз сот актісін шығару өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса
(әділетсіз сотталған адамның өзін-өзі өлтіруі, жәбірленушінің ауыр науқасқа
душар болуы, аса қауіпті қылмыскерді заңсыз босату ).
Мұндай жалған сөз жеткізу жәбірленушінің қайғылы жағдайға душар
болуына да әкеп соғады. Бұл әдіс 1937—1940-жылдары КСРО-да кең тараған айла
болды, соның нәтижесінде сан миллиондаған адам қуғын-сүргінге ұшырап,
негізсіз жала шекті. Қылмыстың объектісі әділсоттылық жүйелері, олардың
жекелеген органдарының дұрыс қызметі, ал қосымша тікелей объектісі
жәбірленушінің мүдделері (ар-намысы, жеке бостандығы) болады.
Қылмыс объективтік жағынан алғанда қылмыс жасағаны туралы көрінеу
жалған сөз жеткізу арқылы сипатталады. Қылмыс жасағаны туралы жалған сөз
жеткізуге құқық қорғау органдарына (полиция, прокуратура, сот, алдын ала
анықтама жүргізуші органдар) істелгелі жатқан немесе істелген қылмыс және
оны істеген адам жөнінде жалған хабарлаулар жатады. Мұндай жалған хабарлама
тиісті құқық қорғау органына жеткізілу үшін басқа мемлекеттік органдарға
(аудандық, облыстық әкімшілікке) берілуі де мүмкін. Жалған сөз жеткізу
ауызша, жазбаша, телефон немесе бөгде адамдар арқылы, сондай-ақ аты-жөнін
айтпау жолымен жүзеге асырылады.
Қылмыстық құқық теориясы бойынша сот төрелігіне және жазалардың
орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар деп — осы міндеттерді жүзеге асыратын
органдар мен лауазымды адамдардың, жекелеген азаматтардың бірқалыпты, заңды
қызметіне қол сұғатын қасақана іс-әрекеттерді айтамыз. Қылмыстың топтық
объектісі — сот төрелігін және жазалардың орындалуын қамтамасыз ететін
органдардың дұрыс қызметі болып табылады. Әділсоттылықты жүзеге асыратын
органдардың лауазымды адамдарының жасайтын қылмыстары көрінеу кінәсіз
адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту. Заң бойынша әділсоттылықты жүзеге
асыруға жәрдем беруге шақырылған адамдардың жасайтын қылмыстары, көрінеу
жалған сөз жеткізу. Сотталғандар мен басқадай қылмыстық құқықтық күштеу
шараларын жасайтын қылмыстары.

1. Сот төрелігіне қарсы қылмыстардың түрлері

Объективтік жағынан сот төрелігіне қарсы әрекет немесе әрекетсіздік
арқылы жүзеге асырылады. Заңдылық құрылысы жөнінен барлық құрамдар (тек
қана Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 357-бабында көрсетілген —
хатталған немесе иелік етуге тыйым салынған не тәркілеуге жататын мүлікке
қатысты заңсыз әрекеттер құрамынан басқасы) формальдық құрамға жатады.
Осыған орай осы тараудағы қылмыстар нақты қылмыс құрамы диспозициясында
көрсетілген әрекет немесе әрекетсіздіктерді істеген сәттен бастап аяқталған
деп танылады.
Субъективтік жағынан алғанда бұл тараудағы қылмыстар тек тікелей
қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық көптеген қылмыс құрамы үшін қажетті
элемент болып саналмайды.
Қылмыстың субъектісі жай немесе лауазымды адамдар болады. Қылмыстың
субъектісіне қарай талданып отырған қылмыстар мына төменде көрсетілген 5
топқа бөлінеді:
1) Әділсоттылықты жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының
жасайтын қылмыстары көрінеу кінәсіз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту
(344-бап). Қылмыстық жауаптылықтан көрінеу заңсыз босату (345-бап). Көрінеу
заңсыз ұстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау (346-бап). Жауап беруге
мәжбүр ету (347-бап). Көрінеу әділетсіз сот үкімін, шешімін немесе өзгедей
сот актісін шығару (350-бап).
2) Қазақстан Республикасының Қылмыстық Заң бойынша әділсоттылықты
жүзеге асыруға жәрдем беруге шақырылған адамдардың жасайтын қылмыстары,
көрінеу жалған сөз жеткізу (351-бап). Көрінеу жалған жауап беру, сарапшының
жалған қорытындысы немесе қате аудару (352-бап). Куәгердің немесе
жәбірленушінің жауап беруден бас тартуы немесе жалтаруы (353-бап). Алдын
ала анықтаудың немесе алдын ала тергеудің деректерін жария ету (355-бап).
Судьяға және қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты қолданылатын
қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету (356-бап). Хатталған
немесе иелік етуге тыйым салынған не тәркілеуге жататын мүлікке қатысты
заңсыз әрекеттер (357-бап).
3) Сотталғандар мен басқадай қылмыстык құқықтық күштеу шараларын
өтейтіндердің жасайтын қылмыстары: Бас бостандығынан айыру орнынан,
тұтқындаудан немесе қамаудан қашу. Бас бостандығынан айыру түріндегі
жазасын өтеуден жалтару (359-бап). Қылмыстық атқару мекемесі әкімшілігінің
талаптарына қасақана бағынбау (360-бап). Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз
ететін мекемелердің қалыпты қызметінің тәртібін бұзу (361-бап).
4) Сот әділдігіне қарсы басқадай адамдардың жасайтын қылмыстары: Сот
төрелігін жүзеге асыруға және алдын ала тергеу жүргізуге кедергі жасау (339-
бап). Сот төрелігін немесе алдын ала тергеуді жүзеге асырушы адамдардың
өміріне қол сұғу (340-бап). Сот төрелігін жүзеге асыруға немесе алдын ала
тергеу жүргізуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері (341-
бап). Сотты құрметтемеу (342-бап). Судьяға, прокурорға, тергеушіге, алдын
ала анықтауды жүргізуші адамға. сот приставына, соттың атқарушысына жала
жабу (343-бап). Айғақтарды бұрмалау (348-бап). Пара немесе коммерциялық
сатып алуға арандату (349-бап). Жалған жауап беруге немесе жауап беруден
жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу не мәжбүр ету
(354-бап). Сот үкімін, сот шешімін өзге де сот актісін орындамау (362-бап).
Қылмысты жасыру (363-бап). Қылмыс туралы хабарламау (364-бап). Адвокаттар
мен өзге де адамдардың азаматтарды қорғау және оларға заңгерлік көмек
көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасау (365-бап).

2. Әділсоттылықты жүзеге асыратын органдардың лауАзымды адамдарының
қылмыстары

Қылмыстық кодекстің 344-бабында көзделген осы қылмысты жасау
азаматтардың конституциялык құқығын өрескел бұзумен бірге, әділсоттылық
мүддесіне, жәбірленушінің заңды құқықтары мен бостандықтарына қылмысты
қиянат келтіре отырып, заңдылық қағидасының өрескел бұзылуына әкеп соғады.
Қылмыстың тікелей объектісі прокуратура, сот, тергеу, анықтама және баска
да осыларға теңестірілген органдардың дұрыс қызметі. Қосымша тікелей объект
жәбірленушінің заңды мүдделері (жеке бостандығы, ар-намысы, адамгершілігі,
қызметтік немесе мүліктік мүдделері).
Қылмыс объективтік жағынан алғанда көрінеу кінәсіз адамды қылмыстық
жауаптылықка тарту әрекетін жүзеге асыру арқылы сипаталады.
Қылмыстық жауаптылыққа кінәсіз тарту деп — кінәсіз адамды айыпкер
ретінде қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы қаулы шығаруды айтамыз.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабында қылмыстық қудалауға жол
берілмейтін жағдайлар көрсетілген. Қылмыстық құқық принципі бойынша
қылмыстық жауаптылықтың негізі — істелген іс-әрекетте қылмыс құрамының
барлық белгілерінің болуы (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 3-
бабы) шарт. Қылмыс жасады деп айыптау үшін негіз беретін жеткілікті
дәлелдемелер болған кезде адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы
дәлелді қаулы шығарады. Заңның осы талаптарын сақтамай адамды қылмыстық
жауапқа тарту заңға қайшы, қоғамға қауіпті іс-әрекет болып табылады.
Көрінеу кінәсіздіктің түсінігі кінәсіздік презумпциясымен тікелей
байланысты. Кінәсіздік презумпциясына сәйкес әр адам оның қылмыс
жасағандығы үшін кінәлілігі Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген
тәртіппен дәлелденген және соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге
дейін кінәсіз деп танылады. Ешкімде өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті
емес. Айыпкердің кінәлілігі жөніндегі күдік оның пайдасына шешіледі.
Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу заңын қолдану кезінде пайда болған
күмәндер де айыпкердің пайдасына шешілуі тиіс.
Сонымен заңда көрсетілген қылмысты істемеген кінәсіз адамды негізсіз
жауапқа тарту осы қылмыстың объективтік жағының басты белгісі болып
табылады. Қылмыс құрылысы жағынан формальдық құрамға жатады және ол кінәсіз
адамды қылмыстық, жауапқа тарту туралы қаулы шығарған уақыттан бастап
аяқталған деп танылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Ол туралы
заңның өзінде көрінеу кінәсіз адамды қылмыстық жауапқа тарту деп тура
көрсетіліп отыр. Кінәлі адамның көрінеу кінәсіз екенін біле тұра өзінің
қызмет өкілдігін пайдалана отырып, оны қылмыстық жауапқа тартатынын сезеді
және соны тілеп істейді. Қылмыстық ниеттің сан алуан болуы қылмыстың ашылу
пайызын көрсетуі (айыпкерді жаңылыстырып, оған ашылмай қалған қылмысты
таңу, кек алу, қызғаныш, өзге де қараниет ойлар) мүмкін.
Заңсыз қылмыстық іс козғау бұл қылмыстың құрамына жатпайды. Мұндай
ретте кінәлі адам лауазымды қылмыстар үшін жауапқа тартылады. Егер сот
немесе тергеудің қатесі бойынша адамды қылмыстық жауапқа, оның көрінеу
кінәсіз екендігі анықталмаған жағдайда жауапқа тарту, көрсетілген қылмыс
құрамын түзбейді. Мұндай әрекеттер тәртіптік теріс қылық немесе салақтық
болып табылады.
Қылмыстың субъектісі арнаулы — судья, прокурор, тергеуші және анықтама
органдарының кызметкерлері. Адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп
айыптаумен ұштасқан дәл сол әрекеттер - осы қылмыстың ауырлататын түрі
болып табылады (344-баптың 2-тармағы). Ауыр немесе осы қылмыстардың
түсінігі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 10-бабында
көрсетілген.
Қылмыстық жауаптылықтан көрінеу заңсыз босату (345-бап) Бұл норма
Қазакстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде және құрам ретінде
тұңғыш рет көрсетіліп отыр. Бұрынғы кодекс бойынша мұндай әрекеттер қызмет
бабына қиянат жасау ретінде сараланатын еді. Бұл тұрғыдағы қылмыстың
коғамға қауіптілігі орасан, мұндай әрекеттер жауапсыздық сезімін туғызумен
бірге, қылмыспен қарсы күрес шараларына кесірін тигізеді, құқық қорғау,
олардың беделін аяққа басады.
Қылмыстың тікелей объектісі прокуратура, тергеу және аныктама
органдарының дұрыс қызметі, қосымша тікелей объект — жәбірленушінің
мүддесі. Қылмыс объективтік жағынан алғанда прокурордың, тергеушінің немесе
алдын ала анықтауды жүргізетін адамның сезікті немесе қылмыс жасады деп
айыпталған адамды қылмыстық жауаптылықтан көрінеу заңсыз босатуы арқылы
сипатталады. Бұл қылмыс тек әрекет арқылы — қылмыстық істі қорғаудан бас
тарту немесе қылмыстық істі қысқарту туралы тиісті құжат қабылдау жолымен
жүзеге асырылады. Қылмыс осы уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Қылмыстық кодекстің Жалпы және Ерекше бөлімдерінде көрсетілген заң
нормаларының шарттарын бұзып, қылмыстық жауаптылықтан негізсіз босатуды
заңсыз босату деп айтамыз.
Қылмыстық, іс жүргізу кодексінде қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын
жағдайлар тұжырымдалған (37-бап). Осы көрсетілген жағдайлардан басқа
негізде қылмыстық істі қозғаудан бас тарту немесе қылмыстық істі қысқарту
заңсыз деп танылады. Бұл қылмыс формальдық құрамға жатады және ол заңсыз
босату туралы қаулы шығару орын алған сәттен бастап аяқталған деп танылады.
Көрінеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе тұтқында ұстау (346-бап)
Қылмыстық кодекстің 346-бабында екі бірдей қылмыс:
1) көрінеу заңсыз ұстау;
2) көрінеу заңсыз камауға алу немесе камауда ұстау үшін жауаптылық
белгіленген.
Бұл әрекеттердің қоғамға қауіптілігі сол Қазақстан Республикасының
Конституциясында көзделген әркімнің жеке басының бостандығына құқығын (16-
баптың 1-тармағы) аяққа басады. Азаматты ұстау, қамауға алу немесе қамауда
ұстау тек қана заңға негізделіп жүзеге асырылуы тиіс.
Қылмыстың тікелей объектісі — әділсоттылықтың мүддесі, қосымша
тікелей объект — жәбірленушінің жеке бостандығы, азаматтардың басқадай
(мүліктік, тұрғын үй, ар-намысы) мүдделері.
Қылмыстың объективтік жағы көрінеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе
қамауда ұстау әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Занда
көрсетілген көрінеу деген сөздің өзі осы іс-әрекеттін тікелей немесе жанама
қасақаналықпен жасалатынын білдіреді. Қылмыстық ниет әртүрлі болуы мүмкін,
ол қылмысты саралауға әсер етпейді.
Қылмыстың субъектісі адамды ұстауға, қамауға алуға, тұтқында ұстауға
құдыреті бар адамдар. Олар — прокурор, тергеуші, анықтама жүргізуші адам,
сондай-ақ босатылуға жататын адамды одан әрі тұтқыннан босатпаған тұтқын
орнының бастығы.
ҚК-тің 346-бабының 3-тармағында заңсыз ұстау, қамауға алу немесе
тұтқында ұстау ауыр зардаптарға (қамалған адамның ауыр науқасқа душар
болуы, өлуі немесе өзін-өзі өлтіруі) әкеліп соққаны үшін жауаптылық
белгіленген.
Азаматтық және саяси кұқыктар жөніндегі халыкаралық пакті (1966 ж.),
сондай-ақ Казақстан Республикасының Конституциясы алдын ала тергеу және
анықтама жүргізу сатысында күш қолдануға мүлдем салады. Мұндай әрекеттерді
қолданудын өзі қылмыс.
Осы қылмыстың объектісі тергеу немесе алдын ала анықтаушы органның
бірқалыпты дұрыс қызметі. Қосымша тікелей объекті — азаматтардың жеке
басына қол сұғушылық.
Жәбірленушіні немесе оның жақын туыстарын қамайтын, күш қолданып жанын
қинаймын, жағдайын қиындатып, қылмыстық жауапқа тартамын, жақын
туыстарынмен кездестіруге тыйым саламын, тағы сол сияқты әрекеттер қорқыту
деп танылады.
Жәбірленушінің өзін немесе жақын туыстары жөнінде масқаралайтын
мәліметтерді жариялау туралы немесе олардың отбасының құпиясын (мысалы бала
асырап алғаны туралы) жұртқа жаямын деген әрекеттерді істеу бопсалау деп
танылады. Өзге де заңсыз іс-әрекеттерге жауап алудың тәсілдерін қолдану,
жалған дәлелдемелерді ұсыну, жақындарымен кездестіруге жалған уәде беру,
тұтқыннан босатамын деп өтірік уәде айту, гипноз, наркотикалық нәрселерді
қолдану арқылы жауап алу сияқты амалдар жатады,
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық
ниет субъективтік жақтың қажетті белгісіне жатпайды, олар әртүрлі болуы
(кек алу, пайдакүнемдік, қараниеттік ) мүмкін.
Қылмыстың субъектісі арнаулы — заңда ол тергеуші немесе алдын ала
анықтауды жүргізуші адам деп дәл көрсетіліп отыр. Күш қолданумен, қорлаумен
немесе қинаумен ұштаскан әрекеттер осы қылмыстың ауырлататын түрі болып
табылады (347-баптың 2-тармағы). Күш қолдануға жәбірленушіні ұрып-соғу,
жеңіл, орта дәрежелі жарақат келтірулер жатады. Егер күш қолданудан
жәбірленушіге ауыр дене жарақаты келтірілсе немесе қазаға ұшыратса, онда
әрекет қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады.
Қинауға жәбірленушіге әртүрлі оның жанын өте қинайтын тәсілдерді
(денесін күйдіру, электр тоғын пайдаланып жауап алу, аямай ұрып аяқ-қолын,
қабырғасын сындыру, тісін жұлып алу, саусағына ине тығу, ұзақ уақыт сусыз,
тамақ бермей ұстау, ұйқы бермеу сияқты әдістерді) қолдануды айтамыз. БҰҰ-
ның 1984 жылғы арнаулы конвенциясында жауап алуда қинау тәсілдерін
қолдануға тыйым салған.
Қорлауға — жәбірленушінің адамгершілік, ар-намысын аяққа басу, оларды
және онын туыстарын кемсітетін, қорлайтын сөздер айту, олардың дене
бітімінің кемістігін күлкіге айналдыру, қай ұлтқа, дінге немесе нәсілге
жататындығын көрсетіп кемсіту, жедел медициналық жәрдем беруге тыйым салу
әрекеттері жатады. Қорлауға жауап берушіні кемсітетін басқа да әрекеттер
жатады.
Көрінеу әділетсіз сот үкімін, шешімін немесе өзгедей сот актісін
шығару (350-бап). Қылмыстың объектісі сот жүйелерінің бірқалыпты қызметі,
әділсоттылық мүддесі, оның беделі.
Қосымша тікелей объект — жәбірленушінің заңды тұлғалардың құқықтары
мен бостандықтары. Қылмыстың затына — сот үкімі, шешімі немесе өзге де сот
актісі ( қорытынды) жатады. Объективтік жағынан бұл қылмыс тек әрекет
арқылы істеледі. Құрылысы жөнінен қылмыс формальдық құрамға жатады және ол
судьяның (судьялардың) көрінеу әділетсіз сот әкімін, шешімін, немесе сот
актісін шығарған уақыттан бастап аяқталған деп саналады. Істің жағдайларына
және материалдық немесе іс жүргізу заң талаптарына көрінеу қайшы шығарылған
сот актілерін әділетсіз үкім, шешім немесе өзгеде сот актісін шығару деп
түсінген жөн.
Бұлар қылмыстық іс бойынша сот үкімінің жиналған дәлелдемелерге сай
емес жағдайда шығарылуы, қылмысты дұрыс сараламау, әділетсіз жаза шараларын
белгілеу, істі сотталушының сыртынан қарау, оны қорғану құқығынан айыру,
заңсыз сот құрамымен істі қарау арқылы, ал азаматтық істер бойынша талапты
негізсіз қанағаттандырмау немесе дәлелдемелері жоқ талапты қанағаттандыру,
істі заңсыз өндірістен қысқарту немесе оны қарамай тастау, келтірілген
зиянның мөлшерін орынсыз ұлғайту немесе азайту, негізсіз жұмысқа қайта
орналастырудан бас тарту арқылы көрініс береді. Әкімшілік-құқықтық
қатынастардан пайда болатын істер бойынша да әділетсіз сот актілері орын
алуы (мысалы азаматтардан салық түрін заңсыз өндіру, әкімшілік орындарының
немесе лауазымды адамдардың теріс әрекеттері туралы азаматтардың шығынын
қанағаттандырмай тастау ) мүмкін.
Пара алған жағдайда әділетсіз үкім шығару — қылмыстардың жиынтығын
құрайды. Заңсыз үкім, шешім немесе өзгедей сот актілері судъяның
(судьялардың) көрінеу кәсіптік біліктілігінің жеткіліксіздігінен
дәлелдемелерді дұрыс бағаламаудан, іске салақтықпен қарау салдарынан, яғни
сот қателігіне жол берілуіне байланысты орын алса, онда істің нақты мән-
жайларына қарай кінәлі адам тәртіптік жазаға немесе қылмыстық салактык үшін
жауапқа тартылуы мүмкін.
Қылмыстың субъектісі арнаулы — көрінеу заңсыз үкім, шешім немесе
өзгедей сот актісін шығарған барлық сот инстанцияларынын судьясы
(судьялары).
Жалған сөз жеткізу жоғарыда көрсетілген органдарға немесе лауазымды
адамдарға хабар берген сәттен бастап аяқталған деп табылады. Қылмыстың
негізгі шарты — шындыққа сай келмейтін, тіршілікте орын алмаған факті
туралы көрінеу жалған сөз жеткізу болып табылады.
Қылмыс субъективтік жағынан алғанда тікелей қасақаналықпен жүзеге
асырылады. Заңда көрсетілген "көрінеу жалған сөз жеткізу" дегеннің өзі
кінәлінің хабарламасынан шындыққа жатпайтынын сезе отырып, қылмыстық іс
қозғату мақсатымен құқық немесе баска органдарға өтірік хабарлайтынын
біледі және соны тілеп әрекет істейді.
Жасанды айыптау айғақтарына — жалған құрал-жабдықтар, қарулар, жалған
құжаттар, өтірік заттай айғақтар, заттар, әртүрлі жасанды іздер, өтірік
куәгерлер жатады.
Көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытындысы немесе қате
аудару (352-бап). Мұндай әрекеттер қылмыстық немесе азаматтық істер бойынша
шындықты ашуға бөгет келтірумен бірге сот, тергеу немесе алдын ала
анықтаушы органдардың дұрыс қызмет атқаруын бұзады. Осыған орай қылмыстың
тікелей объектісі — әділсоттылық мүддесі, ал қосымша тікелей объектісі жеке
тұлғаның құқықтары мен мүдделері болады.
Құрылысы жөнінен бұл қылмыс формальдық құрамға жатады және қылмыс
объективтік жағынан мынадай әрекеттерді істеу арқылы көрініс табады:
1) Сотта, не алдын ала анықтау жүргізу немесе алдын ала тергеу кезінде
куәгердің, жәбірленушінің көрінеу жалған жауап беруі; 2) сарапшының көрінеу
жалған қорытынды беруі; 3) дәл сондай жағдайларда аудармашы жасаған көрінеу
қате аударма,
Куәгердің, жәбірленушінің жалған жауабына олардың өздеріне мәлім
болған фактілер жөнінде толық немесе ішінара шындыққа сай келмейтін
мәліметтер беруі. Егер куәгер немесе жәбірленуші және мәлім болған фактілер
туралы ештеңе айтпаса, онда олардың әрекеті жауап беруден бас тарту деп
танылып, олар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 353-бабы
бойынша жауапты болады.
Зерттелген объект бойынша саналы түрде жалған, шындыққа жатпайтын
немесе сенімсіз, екі ұшты іс материалдарына негізделген қорытындыны жасауы
сарапшының көрінеу жалған қорытынды беруі деп білеміз. Іс үшін мәні бар
процеске қатысушылардын, деректерін, жауаптарын саналы түрде, әдейі
бұрмалап, теріс аударуды аудармашының жасаған көрінеу қате аудармасы деп
білеміз.
Қылмыс формальдық құрамға жатады. Және ол заңда көрсетілген
әрекеттердің істелген уақытынан бастап, іске әсер еткеніне немесе әсер
етпегеніне қарамастан аяқталған деп танылады. Қылмыстың аяқталу уақыты
қылмыстық іс жүргізу сатысына тікелей байланысты. Алдын ала тергеу немесе
алдын ала анықтама жүргізу сатысында куәгердің, жәбірленушінің,
аудармашының жауап беру хаттамасына қол қойған, ал сарапшының жазбаша
қорытынды берген сәтінен, ал істі сотта қарау сатысында — куәнің,
жәбірленушінің жауап беру немесе сарапшының қорытындының мазмұнын
жариялаған, аудармашының жауаптар мен қорытынды мазмұнын аударған уақыттан
бастап қылмыс аяқталған деп танылады.
Заңда көрсетілген көрінеу жалған жауап беру, сарапшының алған
қорытынды беруі немесе аудармашының қате аударуы мен сөздің өзі бұл
қылмыстың субъективтік жағынан тікелей қасақаналыкден жасалатынын
көрсетеді. Заң бұл қылмысты белгілі бір ниетпен байланыстырмайды. Қылмыстық
ниет айыпкердің жағдайын жақсарту немесе қиындату, одан кек алады деп
қорқу, пайдакүнемдік, қызғаныш болуы мүмкін. Егер куә, жәбірленуші белгілі
бір факті жөнінде шын қателесіп жауап берсе, сарапшы кәсіптік деңгейінің
төмендігінен қате қорытынды берсе немесе аудармашы тілді немесе
терминдердің ерекшелігін жете білмеуден дұрыс аудармаса.
Қылмыстық іс және Азаматтық іс жүргізу кодекстері куәгерге немесе
жәбірленушіге сотта немесе алдын ала анықтау. жүргізу, сондай-ақ алдын ала
тергеу жүргізу кезінде дұрыс жауап беруді міндеттейді. Куәгердің немесе
жәбірленушінің шындыққа сай келетін жауабы дәлелдеменің көзі болып
табылады. Бұлардың жауап беруден бас тартуы сот төрелігінің жүзеге
асырылуына кедергі келтірудің нысаны ретінде қарастырылады.
Қылмыстың объектісі — сот, тергеу және анықтама органдарының
бірқалыпты дұрыс қызметі.
Қылмыс объективтік жағынан куәнің немесе жәбірленушінің сотта немесе
алдын ала анықтау жүргізу немесе алдын ала тергеу кезінде жауап беруден бас
тартуы немесе жалтаруы арқылы көрініс табады.
Бас тарту әрекет арқылы (ауызша немесе жазбаша түрде жауап беруден бас
тарту) немесе әрекетсіздік арқылы (жауап беру туралы ұсынысқа үндемей қою)
көрініс табады.
Жалтаруға куәнің немесе жәбірленушінің сотқа, тергеуге немесе анықтама
органына шақыру туралы хабарлама ала тұра, себепсізден себепсіз келмеуі,
жалтару максатымен тұратын орнын ауыстыруы, жасырынуы, бірнеше рет шақыруға
мән бермеуі жатады.
Бас тарту мен жалтарудың тәсілі қылмысты саралауға әсер етпейді.
Қылмыс құрамы формальдық. Қылмыс заңда көрсетілген адамдардың жауап беруден
заңсыз бас тартуы немесе жалтаруы орын алған сәттен аяқталған деп танылады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес тергеуші
қорғаушыға, куәларға, жәбірленушіге, азаматтық талапкерге, азаматтық
жауапкерге немесе олардың заңды өкілдеріне, сарапшыға, маманға,
аудармашыға, қалыс адамдарға және тергеу іс-әрекеттерін жүргізу кезінде
қатыскан басқа адамдарға өзінің рұқсатынсыз істелген мәліметтерді жария
етуге ол берілмейтіні туралы ескертеді, бұл туралы аталған адамдардан
олардың жауапкершілігін ескерте отырып, қолхат алады (205-баптың 2-
тармағы). Заң бойынша алдын ала тергеу деректері жария етілмеуге тиіс. Олар
егер бұл тергеу мүдделеріне қайшы келмесе немесе басқа адамдардың құқықтары
мен заңды мүдделерін бұзумен байланысты болмаса, онда тек тергеушінің,
аныктаушының, прокурордың рұқсатымен қандай көлемде жария ету мүмкін - деп
танылса, сондай көлемде ғана жария етілуі мүмкін. Заңның осы көрсетілген
талаптарын бұзу әділсоттылыктың мүддесіне орасан зиян келтруі мүмкін.
Қылмыстың тікелей объектісі тергеу және анықтама органдарының дұрыс
кызметі. Қылмыстың объективтік жағы жариялауға жол беруге болмайтыны туралы
заңда белгіленген тәртіппен ескертілген адамның алдын ала анықтаудың немесе
алдын ала тергеудін деректерін прокурордың, тергеушінің немесе алдын ала
анықтау жүргізуші адамның келісімінсіз жария етуі арқылы сипатталады.
Тергеу әрекеттері (мысалы тінту) жөніндегі мәліметтерді, сарапшылық
тағайындап, куәларды шақыру, заттай немесе әртүрлі құжаттық дәлелдемелер
жөніндегі деректерді тергеушінің, анықтама жүргізуші адамның, прокурордың
келісімінсіз жұртқа жаю осы деректерді жария ету деп танылады. Жария етудін
тәсілі сан түрлі (ауызша, жазбаша, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану
арқылы) болуы мүмкін. Қылмыстың істелу тәсілдерінің іс-әрекетті саралауға
қатысы жок. Қылмыс құрылысы жөнінен формальдық құрамға жатады және ол алдын
ала анықтаудың, алдын ала тергеудің деректерін жария еткен уақыттан бастап
аяқталған деп табылады. Жария ету қылмыстық, іс жүргізу процесінің алдын
ала анықтау, алдын ала тергеу сатысында ғана іске асырылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тек қана тікелей қасаналықпен істеледі.
Кінәлі адам өзіне деректерді жарияламау туралы ескерту жасалғанына
қарамастан оны жариялаудың қоғамға қауіпті екенін сезеді, бірақта соны
жариялауды тілейді.
Егер мұндай деректерді құқық қорғау органдарының қызметкерлері жария
етсе, онда олар лауазымдық қылмыстар үшін жауапқа тартылады.
Судьяға және қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты қолданылатын
қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету (356-бап).
Қазақстан Республикасында соттардың және қылмыстық процеске басқа
қатысушылардың тәуелсіздігін нақты жүзеге асыру мақсатымен Қылмыстық
кодекске енгізілген бұл баптың басты мақсаты — қылмыстық процеске
қатысушылардың және олардың жақын туыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
болып табылады.
Қылмыстың тікелей объектісі — соттардың әділсоттылықты жүзеге
асырудағы бірқалыпты қызметі, сондай-ақ қылмыстық процеске қатысушылардың,
олардың туыстарының қауіпсіздігі.
Қылмыстың жәбірленушісі — судья. сот приставы, сот атқарушысы,
жәбірленуші, куә, присяжной заседателі, қылмыстық процеске басқа да
қатысушылар (мысалы азаматтық талапкер, сарапшы, прокурор, азаматтық
жауапкер, қорғаушы) және олардың туыстары.
Қылмыстың затына — жәбірленушілердің жеке күзеті туралы, олардың
тұрғын жайын, мүлкін күзету жөніндегі, оларға берілген қару мен жеке
қорғану құралдары, уақытша орын ауыстырып тұрып жатқан мекен-жайы, жұмыс,
оқу орнының өзгеруі, баска жерге көшіп кетуі, құжаттарын, бет әлпетін
өзгертуі жөніндегі мәліметтер жатады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану қылмысын зерделеу
Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің жалпы ұғымы
Сот төрелігіне және жазалардын орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕ БӨЛІМІНІҢ ТҮСІНІГІ
Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар туралы
Қылмыстық кодекстің 346 - бабында екі бірдей қылмыс
Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің түсінігі, жүйесі, мәні
Қылмыстық ізге түсуді болғызбайтын мән жайлар
Қылмыс түсінігі
Пәндер