Заңдылық оқиғалар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 2
1. Заңдылық фактісінің түсінігі. 3
2. Азаматтық құқықтағы мерзімдердің ұғымы мен түрлері 5
3. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және азаматтық құқықтарды қорғау
мерзімдері 12
4. Талап қою мерзімі 13
5. Азаматтық құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттігі туындауы
кезіндегі уақыттың маңызы 19
Қорытынды 23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 25

КІРІСПЕ

Азаматтық кодекстің Жалпы бөлімінің 6 және 7 тараулары тиісінше
Мерзімдерді есептеу және Талап мерзімі деп аталады. Мұнда мерзімнің ұғымы
оның азаматтық айналымдағы орны мен түрлері тағы басқа ұығмдары нақтылана
көрсетілген. Уақыттың тылсымдығы оны тоқтатуды мүмкін еместігін біз есейе
келе ұғынамыз. Ал азаматтық құқық категорияларының санатына жататын мерзім
жөніндегі менің тақырыбыма арналған зерттеулер мүлде жоқ. Сірә, біздің
отанымыздың азаматтық құқық ғалымдары көбінесе шарттарға, мәмілелерге тағы
басқа қазіргі нарық заманында алдыңғы қатарда тұрған нормаларға көп көңіл
бөлген де шығар. Бірақ осылардың барлығы да белгілі бір мерзім аясында
өтетіні хақ. Сондықтан осы категорияның маңызды екенін де ұмытуға болмас.
Кез келген оқиға немесе факті белгілі кезеңде болатынын бәріміз түсінеміз.
Ендеше осы категорияның азаматтық құқық айналымындағы сан алуан түрлерін
саралап, оларға азда болса тоқтап біршама мағлұмат беру үшін мен курстық
жұмысымды бірнеше бөлімдер мен кіріспе және қорытындыға жіктедім.

1. Заңдылық фактісінің түсінігі.

Азаматтық құқық нормалары өздігінен азаматтық құқық қатынастарын
тудырмайды. Қандай да болсын нақтылы азаматтық құқық қатынастары белгілі
бір жағдай болғанда ғана пайда болады. Мұның мазмұнының өзгеруі немесе оның
қысқартылуы да белгілі бір жағдайға байланысты. Осындай құқық
қатынастарының пайда болуына, өзгеруіне немесе оның қысқартылуына себепкер
болатын жағдайларды заңдылық фактілер деп атайды. Мысалы, баланың тууы,
мәміленің бүлінуі т.т. заңдылық фактілер болып табылады.
Азаматтық кодексте сату-сатып алу, жалдау, мұра қалдыру және тағысын
тағылардың кезінде пайда болатын құқық қатынастарын тәртіптейтін баптардың
болуы сол жеке тұлғалардың арасында немесе сондай-ақ заңды тұлғалардың
арасында нақтылы құқық қатынастарын өздігінен тудыра алмайды. Белгілі бір
азамат пен дүкен араларында сату-сатып алу туралы АК-тің баптарында
көрсетілген қатынастар пайда болу үшін сол азамат дүкенге барып бір нәрсе
сатып алуы керек, яғни дүкенмен сату-сатып алу мәмілесіне кірісуі керек.
Заңдылық оқиғалар. Кейбір заңдылық фактілер осы фактілер нәтижесінде
туатын құқық қатынастарына қатысушы тұлғалардың өздерінің қалауы және
ниетінен тыс пайда болады. Мұндай заңдылық фактілерді оқиға деп атайды (АК-
тің 7-бабының 8-тармағы). Адамның өлуі, белгілі бір мерзімнің өтіп кетуі
фактілері осылардың бәрі де оқиғалардың қатарына жатады.
Заңдылық оқиғалар абсолюттік және салыстырмалы болып бөлінеді.
Абсолюттік оқиғаларға адам еркінен тыс туындайтын оқиғалар. Олардың
қатарына мыналар жатады: су тасқыны, жер сілкінісі, уақыттың жылжып өтіп
жатуы. Ал салыстырмалы оқиғаларға тұлғаның әрекеті нәтижесінде туындайтын,
бірақ онан соң оның қатысуынсыз дамитын құбылыстар жатады. Сондықтан
оқиғалар әрекеттерден айырмашылығы олар осы құбылыстардың даму сипатына
қарай белгілі болдады. Белгілі заңдық себептердің басталуына орай оқиғалар
заңдық мағынаға ие болады.
Азаматтық құқық қатынастарының тууы, өзгертілуі және тоқтатылуы
олардың мерзімінің басталуына немесе тоқтатылуына байланысты. Мерзім
дегеніміз субъектілердің еркінен және әрекеттерінен тыс және олар өз іс-
қимылдарының уақытын тоқтатуы мүмкін емес категория. Бұған қосымша мерзім
оқиға немесе әрекет секілді ерекше заңдылық факті болып табылмайды. Оны
салыстырмалы оқиға деп санауға болады, өйткені мерзім туралы сөз қозғай
отырып адамдардың іс-қимылдарын жоққа шығаруға болмайды да.
Мерзімдер өзінің тууына байланысты ерікті болып табылады, себебі
азаматтық заңдар нормаларымен белгіленеді. Енді мерзімнің ұғымына және
олардың түрлеріне көшейік.

2. Азаматтық құқықтағы мерзімдердің ұғымы мен түрлері

Азаматтық құқықты жүзеге асыру немесе қорғау уақыт факторымен тығыз
байланысты. Кейбір сәттерде азаматтық заң азаматтық құқық қатынастарының
туындауын, өзгертілуін және тоқталылуын әрекетпен байланыстырады. Азаматтық
құқықта мерзім ұғымы заңдық салдармен байланысты сәт немесе шектеулі кезең
деп түсіндіріледі (АК-тің 172-бабы). Демек, заң табиғаты тұрғысынан алып
қарағанда, мерзім дегеніміз заңдық факт болып табылады.
Әдебиетте мерзімді оқиға деп аталатын, яғни адамдардың еркінен тыс
болатын құбылыстарды заңдық фактілер категориясына жатқызады.
Мерзім ұғымының екі мағынасы бар: белгілі мерзім немесе уақыттың
белгілі бір сәті. Мерзім мәселесі тек қана шаруашылық қызметте ғана емес
сонымен қатар мемлекеттің экономикасында да үлкен роль атқарады. Кез келген
әрекеттерді немесе өндірісті бағалау үшін мерзімнің сақталуы арқылы
бағалайды.
Мерзімдер азаматтық айналымды реттейді, шарттардың орындалуына ықпал
етеді.
2. Мерзімді есептеу тәртібі. Азаматтық заңда мерзімді есептеуге
байланысты арнайы белгіленген тәртіп бар (АК-тің 6-тарауы). Азаматтық
кодекстің 172-бабына сәйкес мерзім күнтізбелік күнмен немесе сөзсіз болуға
тиісті оқиғамен байланыстырылады. Осы бапта мерзімді тағайындау жолдары
көрсетілген, атап айтсақ бұл сол сәтті көрсететін уақыт (күнтізбелік күн),
белгілі уақыт кезеңі (жылдар, айлар, күндер және сағаттар) және сөзсіз
болуға тиісті оқиға дер едік. Құқықтарды жүзеге асыру мен міндеттемелерді
орындаудың мұндай мерзімдері белгіленген күннен басталады (мысалы,
навигацияның басталуы мен аяқталуы және т. б.).
Баптың толық мәтіні төмендегідей:
172-бап. Мерзімді белгілеу
1. Заңдармен, мәмілемен белгіленген не сот тағайындайтын мерзім
күнтізбелік күнмен немесе сөзсіз болуға тиісті оқиға көрсетіліп
белгіленеді.
2. Мерзім жылдармен, айлармен, апталармен, күндермен немесе
сағаттармен есептелетін уақыт кезеңі ретінде де белгіленуі мүмкін.
Егер мерзім кезеңмен белгіленсе, құқықты жүзеге асыру мен міңдеттемені
орындау мерзімі аяқталғанға дейінгі уақыттың кез келген сәтінде орындала
беруі мүмкін. Мысалы, мұрагер мұра ашылған сәттен бастап алты ай ішінде
мұраны қабылдау немесе одан бас тартуға шешім алуға құқылы.
Сөзсіз болуға тиісті оқиғаның салдары мерзімді белгілеуді талап етеді,
мәселен, бұған азаматтың қайтыс болуын айтуға болады. Азамат қайтыс болған
күннен бастап мұрагерлердің құқығы пайда болады және сол сәттен бастап
мұраны иелену немесе одан бас тарту құқығына ие және т.б.
Күнтізбелік күнмен көрсетілген мерзімді қолдану соншалықты қиындық
туғызбайды, өйткені, белгіленген уақыт мерзімнің басталғанын білдіреді. Дей
тұрғанмен, мерзім белгілі бір кезеңді қамтитын болған жағдайда оны есептеу
тәртібі заңға сәйкес белгіленеді.
Азаматтық кодекстің 173-бабына орай уақыт кезеңімен белгіленетін
мерзімнің өтуі күнтізбелік күннен бастап немесе мерзімнің басталуы
белгіленген оқиға болғаннан кейінгі келесі күннен басталады. Бұл мерзімнің
өтуі затты тапсырған күннен емес, ертеңінен бастап есептеледі.
Мерзімді дұрыс есептеу үшін оның басталу сәтін ғана емес, аяқталу
мерзімін де нақты айқындап алудың маңызы зор. Мерзімді есептеу мерзімді
бастаған күннің келесі күні басталса, аяқталу сәті мерзім басталған айдың
немесе аптаның соңғы күндерімен есептеледі.
Азаматтық кодекстің 174-бабында уақыт кезеңмен белгіленетін мерзімнің
аяқталуы былайша тұжырымдалған:
1) жылдармен есептелетін мерзім — мерзімнің соңғы жылының тиісті айы
мен күнінде бітеді. Жарты жылмен есептелетін мерзімге айлармен есептелетін
мерзімнің ережелері қолданылады;
2) жыл тоқсандарымен есептелетін мерзімге айлармен есептелетін
мерзімнің ережелері қолданынады. Бұл орайда бір тоқсан үш айға тең деп
есептеледі, ал тоқсандарды есептеу жыл басынан бастап жүргізіледі;
3) айлармен есептелетін мерзім — мерзімнің соңғы айының тиісті күнінде
бітеді.
Жарты аймен белгіленетін мерзім күндермен есептелетін мерзім ретінде
қаралады да, он бес күнге тең болып есептеледі. Егер айлармен есептелетін
мерзімнің аяқталуы тиісті күн саны жоқ айға тура келсе, мерзім сол айдың
соңғы күнінде бітеді;
4) апталармен есептелетін мерзім — мерзімнің соңғы аптасының тиісті
күнінде бітеді.
Кейде айдың аяқталуы әртүрлі келеді, мәселен, бір жылы ақпан айы 29-
ында бітуі мүмкін, кейінгі жылы ондай болмауы мүмкін, немесе мерзім
басталғанда айдың 31-і болуы мүмкін, ал ол біткенде 30-ы болуы мүмкін,
ондайда тиісті айдың соңғы күні біткенде мерзім аяқталған деп есептеледі.
Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге тура келсе, содан
кейінгі ең таяу жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып саналады.
Мерзімнің бітуімен белгілі бір дәрежеде заңдық салдарға байланысты,
заң әрекетті мерзімнің соңғы күнінен аяқталу керектігін міндеттейді.
Азаматтық кодекстің 176-бабының талаптарына сәйкес, егер мерзім қандай да
бір әрекет жасауға белгіленген болса, ол әрекет мерзімнің соңғы күніндегі
сағат жиырма төртке дейін орындалуы мүмкін (қарызды беру, мұрагердің мұраға
ие болуы). Мекемелер мен ұйымдардағы аяқталуға тиісті әрекеттерді бұл
ережеге бағындыра қою қиын, өйткені, мұндай ұйымдар мен мекемелерде
жұмыстың тоқтатылуы олардың жұмысты ресми тоқтатуымен есептеледі немесе
кейбір мекемелер жұмыс күні бітпесе де операцияларын белгілі бір уақытта
тоқтатып тастайды, айталық, нотариалдық кеңсе депозитке ақша салуды
қабылдауды күндізгі сағат 12-де аяқтайды.
Мерзімнің соңғы күніндегі сағат жиырма төртке дейінгі поштаға,
телеграфқа немесе өзге де байланыс мекемесіне тапсырылған жазбаша мәмілелер
мен хабарлама мерзімінде жасалған болып саналады. Мұндай әрекеттерді
жасауда соңғы күннің мерзімі жергілікті уақытпен есептеледі (АК-тің 176-
бабы).
3. Мерзімнің түрлері. Азаматтық құқықтық мерзімдерді әртүрлі негіздер
бойынша топтастыруға болады. Тағайындауына байланысты үш түрлі болады (17,
28, 178 баптар):
а) нормативтік;
ә) Шарттық (жақтардың келісімімен айқындалады, мысалы, 277-бап);
б) соттық (сот шешімімен қаралады).
Мерзімдер өзінің құқықтық табиғатына орай мынадай түрлерге бөлінеді:
1) азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі;
2) субьективті құқықты жүзеге асыру мерзімі;
3) үзіп тастау мерзімі;
4) кепілдік мерзімдер;
5) кінәрат қоятын мерзімдер;
6) азаматтық-құқықтық міндеттерді орындайтын мерзімдер;
7) азаматтық құқықтарды қорғайтын мерзімдер.
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі дегеніміз уәкілетті тұлғаның
өзіне тиесілі міндеттер мен құқықтарды жүзеге асыруға кететін уақыты.
Субъективті құқықты жүзеге асыру мерзімі заңмен тағайындалады. Мысалы,
иелену мерзімі үшін белгілі бір мерзім тағайындалады (АК-тің 240-бабы).
Үзіп тастау мерзімі жоғарыда аталған мерзімдерден ерекшеленеді,
өйткені, ол белгілі бір құқықтарды тоқтатып тастайды. Мысалы, Азаматтық
кодекстің 216-бабында үлесті меншіктің қатысушылары, егер олар осы бапта
көрсетілген мерзім ішінде құқықтарын жүзеге асырмаса, сатып алудың басым
құқығынан айырылады.
Кепілдік мерзім дегеніміз — сатып алушының ұзақ уақыт бойы сақтауға
немесе пайдалануға арналған өнімдердің кемшілігін анықтап алуына берілетін
мерзім болып табылады. Ондай өнімді қабылдап алған кезде кемшілігін байқау
мүмкін болмай, кейін барып одан ақау шықса, онда сатып алушы сол ақауды
түзетуге, оны сапалы басқа тауармен ауыстыруға не затты қайтадан қабылдап,
ол үшін төленген соманы қайтарып алуға талап қоя алады, Кепілдік мерзімі
мемлекеттік стандартпен, бекітілген техникалық шарттармен немесе шартпен
белгіленеді.
Кінәрат мерзімі субьективті құқығын бұзған тұлға үшін заңмен
белгіленеді, осы бұзушылыққа байланысты талаптар ерікті түрде орындалады.
Заң кінәрат қойылған өтініштерді беру мерзімімен қатар берілген кінәратқа
жауап беру мерзімін де көрсетеді.
Міндеттемелерді орындау мерзімдері шартта екі жақтың келісімімен
тағайындалады. Бұл талапты орындау шартта қаралған тұлғалардың мүддесіне
орай міндетті саналады.
Азаматтық құқықтарды қорғау мерзімдері — Азаматтық кодекстің 7-
тарауында қаралған талап қою мерзімі болып табылады.

3. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және азаматтық құқықтарды қорғау
мерзімдері

Мерзімдерді олардың тағайындалуына байланысты (азаматтық құқықтарды
жүзеге асыру, міндеттемелерді орындау және азаматтық құқықтарды қорғау)
шектеудің маңызы зор. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі деп
өкілетті субъект өз құқығын жүзеге асыра алатын мерзімді айтамыз. Оларды
заң және басқа нормативтік актілер, шарттар белгілей алады. Азаматтық
құқықтарды жүзеге асыру мерзімдері мынадай түрлерге бөлінеді: азаматтық
құқық қабілеттігі бар мерзім, талап мерзімі, кепілдік мерзімі, жарамдылық
мерзімі, қызмет мерзімі, тауардың сақталу және сатылу мерзімі және тағы
басқалар.
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі дегеніміз – азаматтық
құқықтың уақыт ішіндегі әрекет ету мерзімі болып табылады. Оның мағынасы
тұлғаның уақыт ішіндегі оның құқықтарының жүзеге асырылуында.
Тыйым салу мерзімі азаматтық құқықты жүзеге асырудың ішіндегі ерекше
категория. Өкілетті тұлғаның құқықтарын жүзеге асырудың қатаң белгілі
уақыты көрсетіледі, егер бұл мерзім шегінен шығып кеткендей болса, онда
оның құқығын жүзеге асыру тоқтатылуы немесе басқаша жүзеге айырылуы қауіпі
туады.

4. Талап қою мерзімі

Талап қою мерзімі — ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТАЛАП ҚОЮ ҚҰҚЫҒЫ МАЗМҰНЫ
Мерзімдерді есептеу және талап мерзімі
Бағалау міндеттемелері
Жердің жасын анықтау әдістері
Заттар - азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері
Әкімшілік құқықтық қатынастары
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МЕРЗІМДЕРІ
Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы
«Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы» пәні
Ертегінің ішкі жанырлары мен поэтикасы
Пәндер