Ғимаратта тінтуді жүргізудің тәсілдері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе1

І-тарау. Тінтуді жүргізудің жалпы мәселелері2

1. 1. Тінту ұғымы мен мақсаты2

1. 2 Тінту түрлері6

ІІ-ТАРАУ. Тінтуді жүргізудің дайындық кезеңі9

2. 1. Тінту нысандары туралы бағдарлық мәліметтерді жинау және зерттеу9

2. 2. Тінтуді жүргізу үшін оперативтік топты құру13

2. 3. Тінгу жүргізу үшін, ғылыми-техникалық құралдарды дайындау15

ІІІ-ТАРАУ. Ғимаратта тінтуді жүргізудің тактика-психологиялық ерекшелігі18

3. 1. Ғимаратта тінтуді жүргізудің тәсілдері18

3. 2. Тінту психологиясы22

IV-ТАРАУ. Тінтудің барысы мен нәтижесін бекіту27

Қорытынды30

Қолданылған әдебиеттер31

Кіріспе

Тінту өте қатал тергеу әрекеті болып табылады, ол азаматтардың конституциялық құқығына елеулі әсер етеді, олар: тұрғын үйдің дербестігі; жеке меншікке қол сұғылмайтындығы.

Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі экономикалық, әлеуметтік және саяси өзгерістері, азаматтар мен әртүрлі жекеменшік түрлеріне қол сұқпауға сенімді кепілдікті қамтамасыз ету және азаматтардың нақты конституциялық құқығы мен бостандығын қорғаудың, мәтінінің өте жоғары екендігін көрсетіп отыр.

Қазақстан Республикасында 1995 жылы қабылданған Конституцияда адамның мынадай өзекті құқықтарын жариалайды және кепілдік береді өмір сүруге, денсаулығы мен қауіпсіздігіне құқылы екендігіне. Адамның құқығы мен ар-ожданы, қоғамның әр мүшесі қаншалықты қамқорлыққа алса, соншалықты сақтала алады, ал мемлекет демократиялық бастаманы қорғайды және көтермелейді соның негізінде тұлға өзінің құқығын іске асыра алады. (18 бет) .

Тінту әрекеті көп еңбек етуді талап етеді, оған уақытты, күш-қуатты, әр-түрлі құралдарды жұмсау қажет болады.

Тінтудің нәтижесінің жемісті болуы, тергеушінің тінтуді жүргізу тәсілін қаншалықты игергеніне байланысты болады және оған оның құқық қорғау органындағы алған тәжірибесі де әсер етеді.

Тергеу әрекеттерінің ішінде, қылмысты тез ашуды толығымен қамтамасыз етуге, қомақты дәлелдік материалдар алуға, көптеген ауыр қылмыстардың тергеуін саналы алқауы, тінтудің нәтижелері өте маңызды орын алатынын күнделікті тергеу ісі көрсетіп отыр. Бір қатар жағдайларда, заттық дәлелдерді табудың жалғыз тәсілі тінту болып табылады. Табылған заттық дәлелдер, көп жағдайларда, қылмыскерді толығымен әшкерелейді.

Алдын-ала тергеу органдарына, құқықтық ғылым, соның ішінде криминалистика, көптеген мәселелерді шешуге өзінің септігін тигізеді, ол қылмысты тергеу ісіне тиісті тәсілдердің жолдарын ойластырады және ұсынады.

Мен өз жұмысымда, іздестіруді соншалықты нәтижелі жүргізу үшін, тінту ісін ғимарат ішінде жүргізу жолдарын қарастыруды, алдыма мақсат етіп қойып отырмын.

Қылмыскердің қулық сүмдықтарына, тергеу қызметкерлері жасырылған заттық дәлелдерді тауып алу шеберлігін карсы қоюлары керек. Сол себептен, көптеген авторлардың тінту шеберлігін сөз етуі бекер емес, олар оны жүргізу кезінде тап болатын қиындықтар туралы баса айтып көрсетеді.

І-тарау. Тінтуді жүргізудің жалпы мәселелері

1. 1. Тінту ұғымы мен мақсаты

Тінту - мәжбүр ету сипатындағы кейінге қалтыруға болмайтын тергеу әрекеті болып табылады. Бұл әрекетті қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес өкілеттік берілген лауазымды тұлғалар іске асырады.

Тінтуге тән нәрсе, оның белгілі бір заттарды табу қажеттілігі туындаған жағдайда жүргізілетіндігі.

Қажетті нысандарды іздестіруден басқа А. В. Дулов пен П. Ф. Нестеренконың пікірлерінше, тінтуді тұлға туралы мәліметтерді жинау үшін, қолдануға болатындығы: «Оның күнделікті қоршаған заттардың барлық жайын, хаттарды, фотосуреттерді терең зерттеу мәдениеттілігі мен тәртібін терең зерттеуге өте көп мәліметтерді береді, сонымен катар басқалармен қарым-қатынасының қандай екендігін көрсетеді. Жиналған материалдардың барлығы тінтілуші тұлға туралы бағалы мәліметтер беруі мүмкін. (16 145б)

Қылмысты ашу және тергеу барысында тінтуді жургізу қажеттілігі пайда болады, бұл тінту ісі, тұлғны осы әрекетке көпе-көрнеу еріксіз мәжбүр ету сипатында болады. Тергеудің сапалылығы, көп жағдайларда, тергеу әрекеті қаншалықты тыңғылықты және шебер жүргізілгендігіне байланысты болады. Дәлелдерді жинап және тексеруге бағытталған тергеу әрекеттерінің бірі тінту болып табылады.

Тінту - тергеу әрекеті болып табылады және ғимараттарды, басқада нысандарды еріксіз түрде тексеру екендігімен, оны іске асыру барысында қылмыс құралы болып табылатын немесе қылмыстық нысан ретіндегілерді алу екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, тінтудің мақсаты, заттық дәлелдерді, мәйіттерді, тергеу мен соттан жасырынып жүрген тұлғаларды тауып және алу болып табылады.

Тінтудің көптеген басқа тергеу әрекеттерінен өзіне тән айырмашылығы, оның еріксіз жургізу сипаты. Қажет болған жағдайда - ғимараттарға еріксіз кіру; іске мәні бар дәлелдік заттарды еріксіз тексеру және алу. Бұл әрекеттердің барлығы азаматтардың конституциялық құқығына нұқсан келтіреді, себебі тінтілушінің жеке мүддесіне қол сұғумен байланысты болып отыр.

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың жеке өміріне және тұрғын үйіне қол сұқпауды, хат жазысу, телефонмен сөйлесу мен телеграфтық хабарлардың құпиялылығының сақталуына қамтамасыз етеді. Тұлғаның тұрғын үйі тек оның еркінсіз, ешкімнің кіруіне хақысы жоқ.

Тұрғын үйге кіруге байланысты тінту және басқа да әрекеттерді, тергеуші негізделген қаулы арқылы жүргізеді, сонымен қатар, кейінге қалдырмайтын жағдайларда, айталық, белгілі бір ғимаратта немесе басқа жерде, немесе қандайда - бір тұлғаның қолында қылмыстық қарудың, қылмыстық жолмен тапқан заттар мен бағалы заттардың бар екендігі туралы, немесе іске мәні бар басқада заттар мен құжаттардың бар екендігі туралы жеткілікті негіз, тергеу ісін жүргізуші немесе анықтаушы тұлғада болса, қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес, ол тінту ісін жүргізе алады.

Ғимаратта тінтуді жургізу деп мынаны айтады: азаматтық еркінсіз тұрғын үйін тексеру немесе жасырылған қылмыстық дәлелдерді немесе іздестірудегі тұлғаларды табу мақсатында мемлекеттік мекемелер мен өндірістердің ғимаратын тексеру. Мұндай дәлелдері бар қылмыскер, егер олар табылған жағдайда, оның қылмыс жасағаны әшкерелетінін ол толығымен ұғынады, сол себептен ол бұл дәлелдерді құқық қорғау органдарының тауып алу мүмкіндігінен айқуға тырысады. Тінтуді жүргізу ісі екі мәселені жүзеге асыруға мүмкіндік береді бұл жәбірленушінің бұзылған құқығын қалпына келтіру және қылмыскерді жазаға тарту, немесе оған бөтен біреудің мүліктерін жасыруға немесе заңсыз заттарды сақтауға көмектескен тұлғаларды жазаға тарту. Сол себептен, тінту өз уақытында, жоспарлы және дәйекті жүргізілуі керек. (2. 7 б)

Заттық дәлелдердің мәні қылмыскерлерге өте жақсы әйгілі. Сол себептен, олар өздерін әшкерелейтін заттарды жасауда үшін, әртүрлі қулықтарды қолданады, сондықтан оларды табу оңайға тимейді. Осыған қарай тінту, қиын және күрделі іс болып табылады. Тек бірқатар сирек жағдайларда, тінту нәтижелерінің оңды аяқталуы, қиындықсыз жүзеге асырылады. Қылмыскерлердің қулық-сұмдықтарына, тергеу қызметкерлері заттық дәлелдерді табу шеберлігі қарсы қойылуы керек.

Табысты жүргізілген тінтудің нәтижесі көп жағдайда тергеу ісінің аяқтауында шешуші орын алады. Кейбір жағдайларда жасалған немесе дайындалып жатқан қылмысқа дәлелдер алуға тек тінту ісін жүргізу қажет болуы мүмкін.

Сол себептен, егер тінтуге негіз болған жағдайда оны жүргізу тергеушінің тек құқығы ғана емес, бұл оның міндеті. Тінту кезінде заттық немесе басқа да дәлелдер іздестіріледі және алынады, сол себептен оны басқа тергеу әрекеттерінің қатарына жатқызады, оның еріксіз жүргізу сипаты бар, оны іске мәні бар заттарды, мәйіттерді, іздестірілудегілерді тауып және алу үшін, тергеуші және өкілеттігі бар лауазымды тұлғалар жүргізеді.

Сонымен, тінтудің тікелей мақсаты болып табылатындар:

1) Заттық дәлелдерді табу;

2) Заттардың сыртқы көріністерінің белгілерін жекелеп бөліп алып бейнелеу және жүргізу барысында олардың ұқсастығын анықтау;

3) Іске мәні бар немесе айналымға тыйым салынған заттарды алу, сонымен қатар, іздестірілудегі тұлғаларды ұстаудың заңдылығын қамтамасыз ету;

4) Іздестірілудегі заттардың немесе іздестірілудегі тұлғалардың жиналған заттардың жасырылған жерлерін, іздестірілудегі заттарды әдейі жасырып және көмескілеген, өзгертілген құпия орындалуын, тауып бекіту. (3, 334 б)

Тінту кезінде іздестірілетін заттардың шеңбері ете кең болуы мүмкін. Оларды екі топқа бөлуге болады.

а) шығу тегіне қарамай азаматтық айналымнан алынып тасталған заттар мен бағалы заттардың, тінтілетіннің қарамағында немесе арнайы берілген рұқсаты жоқ болуына қарамай қолында болуы;

б) қылмысқа байланысты келтірілген мүліктік зиянның орнын толтыру мақсатында, тінту барысында немесе содан кейін, тұтқынға алынуы мүмкін бағалы заттар, сонымен қатар бағалы заттардың жатқан орнын көрсететін заттар мен құжаттар.

Тінту, өзінің сипаты мен мақсатына қарай алу мен қарауға ұқсас келеді. Алу - бұл іске мәні бар белгілі бір заттар мен құжаттардың, кімнің қолында екендігін анық болған жағдайда алынуы. Егер талап етілген заттар мен құжаттар өз еркімен берілмесе, алу оның еркінсіз жүргізіледі. Сонымен, алу кезінде, алуға тиісті заттар мен құжаттарды іздестірудің қажеттігі туындамайды.

Тінтумен оқиға болған жерді қараудың ұқсастықтарын мынадан көруге болады, екі жағдайда да нысандарға тексеру жүргізіледі де, қажетті заттар мен іздер табылып, алынады.

Сонысына қарамай тінту мен қараудың әртүрлі мақсаттары бар. Оларды жүргізудің негізі бірдей емес. Қараудың мақсаты болып табылатынын, тергеушінің нысанды тікелей өзінің қабылдауы, қылмыстың материалдық іздерін табу, бағалау және алу үшін және оның жасалу жайын анықтау үшін, нысанның белгілерін зерттеу және бекіту. Тінтудің қараудан айырмашылығы, әдеттегідей, тұлғалардың әртүрлі құлық-сұмдықтарын, іздестірудегілерді шебер жасыру тәсілдерін анықтауды, құпия орындарды табуда, нысандардың көмескіленген бүркемелерін ашуда, оларды табуға әдейі жасалған кедергілерді жою мақсатындағы, әрекет болып табылады (4, 102 б) .

Тінтудің мәні, қылмыс ісін тергеуге қатысты, тұлғалардың жасырған нысандарын іздестіру мен алуда. Сонымен, тінтуге тән нәрсе, тергеушіге белгілі немесе мүмкін деген нысанды қажымай-талмай іздестіру, мұндай іздестіру қазумен құрылыстарды бұзып бөлшектеумен және орындарды табу үшін, жүргізілетін күрделі жұмыстармен байланысты. Тінтудің тиімділігі, оның кенеттен жүргізілуінде екендігін айта кеткен жөн деп есептеймін. "Тергеушінің тінту жұмысын орындауы қылмыс жасаған тұлғаның жасырынып кету, іздерін жасыру немесе мүдделі тұлғалардың заттық дәлелерді жойып жіберу мүмкіндігінен айырады". (1, 272б)

Тінтудің негізгі іс жүргізу тәртіптері мынадай: (ҚР ҚІЖК 230-234 6. 6. )

1) Іздестірілетін нәрсе қандай бір бөлмеде немесе басқа бір жерде, немесе белгілі бір тұлғаның қолында деген, жеткілікті негіз болған кезде, тінту жүргізіледі.

2) Тінту, тергеушінің негізделген қаулысына, прокурордың, немесе оның орынбасарының рұқсатымен жүргізіледі, бірақта жүргізілген тінту туралы, бір тәулік ішінде, міндетті түрде прокурорға хабарланады.

3) Тінту кезінде куәгерлер, тінтілуші немесе оның от басынының кәмелетке толған мүшелері, қатысулары керек; ал егер мүмкін болмаған жағдайда - жергілікті атқару органының өкілі, егер тінтілуші немесе оның от басының мүшелері қатыса алмайтын жағдайда - тінту жүргізіліп жатқан ғимаратта, әкімшілік өкімнің қатысуымен.

4) Тінтуге қатысуға тілмаш пен маман шақырылуы мүмкін, олар өздерінің арнайы білім мен бейіділігін қолдану арқылы тергеушіге дәлелдерді табуға, бекітуге және алуға көмектесе алады және осы дәлелдерді табуға, бекітуге және байланысты жайларға көңіл аудартады.

5) Тінту, әдеттегідей, күндіз жүргізілуі керек, тек кейін қалдыруға болмайтын жағдайда ғана, тінтуді түнде де жүргізуге болады.

6) Тінту жүргізу алдында тергеуші, тұлғаға өзінің қаулысын көрсетуі керек, содан кейін іздестірілетін нысанды беруді талап етеді; егер бұл талап орындалса және тергеуші, іздестірілетін заттар мен құжаттардың жасырылғанына қауіптенбесе одан арғы іздестіруді жүргізбеуге оның қақысы бар және берілген затты алып, оны тінту хаттамасына бекітумен шектеледі.

7) Жабық ғимарат пен қойманы өз еркімен ашудан бас тартқан жағдайда, тергеушіге оларды ашуға құқык беріледі, бұл жағдайда құлыптардың, есіктердің басқада заттардың қажетсіз бұзылмауын қадағалайды.

8) Тінту кезінде анықталған сырластық қатынастардың жағдаилары, жария етілмеуі тиіс.

9) Тінту орындағы тұлғаларға немесе бұл жерге тінту басталған кезде келгендерге, тінту орнын тастап кетуге тыйым салынуы керек, сонымен қатар, бір-бірімен немесе басқа тұлғалармен қатынас жасауына тыйым салынады (әрине қызмет бабымен келгендерді ұстауға болмайды) .

10) Іске қатысы бар заттар мен құжаттарды алумен ғана шектелу керек; айналуы мен қолданылуы шектелген заттар мен құжаттар, іске қатыстығы бар немесе жоқтығына қарамастан, алынуы тиіс.

11) Барлық алынған заттар мен құжаттарды куәгерлер мен басқада қатысушыларға көрсетіледі және оларды хаттамада мазмұнды жазғаннан кейін, тінту орнында хатталып, мөрленеді.

12) Хаттаманың көшірмесі, тінтілушіге беріледі, егер ол болмаса - оның от басының кәмелетке толған мүшесіне тапсырылады немесе ЖМПК немесе жергілікті атқару органына. Егер тінту (ұйымдық) мекемеде жүргізілген болса, хаттаманың көшірмесі қолхат арқылы осы ұйымдық өкіліне беріледі.

1. 2 Тінту түрлері

Тінтудің қандай түрін жүргізу керек екендігі туралы мәселені шешу кезінде мынандай жағдайларды ескеру керек:

- тергеу жүргізіліп отырған қылмыстың сипаты;

- тінтілушінің жеке басының сипаты:

- ізделінетін нысанның сипаты,

- тінту жүргізу мерзімі мен орны;

тінтуді жүргізуге қажетті құрал-саймандармен жабдықталуы және тінтуге қанша адамның тартылуы керектігі.

Тінту нысанының ерекшелігіне, оны жүргізу жағдайы мен жоспарлау ерекшелігіне және іздестіру әрекеттерінің тәсілдеріне қарай тінту турлері мынандай болып келеді:

- тұрғын және басқада гимараттарда (түрмыстык құрылыстарда, жұмыс орнында, қонак үйі бөлмелерінде, жатақханада және т. б. ) ;

- белгілі бір жерлерде;

- қайтадан;

- жедел, прокурордың алдын-ала берілмеген рұқсатынсыз, кейін қалдыруға болмайтын жағдайларда жүргізіледі;

- бір уақытта (оны топтық деп те атайды, бұл бір қылмыс ісіне байланысты ортақ жоспар арқылы, жеке нысандарда, бірнеше тінтулерді бір уакытта жүргізуді көрсетеді) ;

- дипломатиялық өкілдіктердің тұрып жатқан ғимараттарында;

- көлік құралдарын тінту;

- жекелей тінту (5, 266 б) .

Бір уақытта тінту жүргізілетін нысандардың санына қарай, тінту - жеке (бір ғана нысан тексеріледі) және топтық (бір уақытта бірнеше жерде жүргізіледі) болып бөлінеді. Мұндай тінту, іздестірілетін заттар, немесе құжаттар бір-біріне жақын немесе әр түрлі жерде болуы мүмкін деген ой туған кезде, өте қажетті. Бұл жағдайда тінту, тактикалық операция сипатын алады. Бұл жерде қателік жіберіп алмау үшін, топтық тінту әрекетіне бірнеше тергеуші қатыстырылады, олардың біреуі барлық тактикалық операцияға, іздестіру топтарының әрекеттерін жүйелі жүргізуге, жауапты болады. Бұл тінтулер бір-бірімен байланысты болады, ал тінтуге қатысушының алған нәтижесі, екінші бір қатысушының тінту жолы мен нәтижесіне әсер етуі мүмкін. Топтық тінту, тінтуді бір уақытта барлық тұлғаларға немесе барлық жерлерде жүргізуді ойластырады, себебі, егер тінту, бір тұлғаға немесе бірнеше тұлғаға жасалған болса, қалғандары алдын-ала дайындалып алуы мүмкін. Сондықтан бұл әрекетке бірнеше тергеуші қатыстырылады, олардың біреуі барлық операцияға жауапты болады.

Ғимараттарды тінту дегеніміз - әртүрлі ұйымдардың, мекемелердің, кәсторындардың қарауындағы тұрғын үйлерді, пәтерлерді, ғимараттарды, олардың еркінсіз зерттеу болып табылады, әр-қилы қоймаларды тексеру, егер қажетті тергеу нысандары болуы мүмкін жағдайларда. Ғимараттарды тінту кезінде, ең алдымен оның өзімен және орналасу жоспарымен танысып алу керек, үй асты мен шатырды, қосымша құрылысты ескеру керек, ғимараттың қабырғаларының орналасуы мен көлеміне көңіл аудару керек, себебі олар құпия орындарды табуға мүмкіндік береді.

Белгілі бір жерлерді тінту - жеке тұлғалардың қарамағындағы үй жанындағы учасклерді немесе басқа учаскелерді еріксіз тексеруден тұрады. Тінтуге жататын жерлер жеке-жеке бөлшектерге бөлінеді, олардың шекаралары тоғандармен, төбелермен, бұталармен, ағаштармен белгіленеді. Тек жүйелі түрде жүргізілген тінту, бірде-бір бұта, бірде-бір тас жердің бірде-бір метрі қалдырылмай тексерілген жағдай ойлаған нәтижеге жеткізеді.

(6. 102 б)

Тағы, тінтудің ерекше түрлеріне тоқталайық.

Бұл, дипломатиялық өкілдіктердің иеліктеріндегі ғимараттарды, сонымен қатар дипломатиялық өкілдіктердің мүшелері мен олардың от басыларының тұрып жатқан бөлмелерін тінту. Мұндай тінту, тек дипломатиялық өкілдіктерінің жетекшісінің немесе ол жоқ кезде, оны ауыстыратын тұлғаның сұрауымен немесе келісімімен жүргізіледі. Дипломатиялық өкілдіктердің келісімі, Қазақстан Республикасының сыртқы ісгер Министрлігінен сұралып алынады. Тінтуді жүргізу кезінде прокурор мен ҚР Сыртқы Істер Министрлігінің өкілінің қатысуы міндетті. (ҚР ҚІЖК 222 б, 16 тармағы) .

Жедел - бұл, кезек күттірмейтін жағдайда жүргізілетін тінту, ол тергеушінің қаулысына байланысты тұрғын үйлерге, ұйымдардың ғимараттарына жүргізіледі, бірақ бір тәулік ішінде прокурорға хабарлануы. (ҚР ҚІЖК 222 б, 13 тармағында) .

Тергеу ісінде жиі кездесетін жағдайлар да болады, ол қылмыс жасағаны үшін, күдіктерінің қылмыс ісі қозғалғанға дейін

тұтқындалуы, сол себептен, жедел түрде тінтуді жүргізу кажеттілігі

туындайды. Бұл қылмыскезлерді қылмыс ұстау кезінде жиі кездеседі; олардың қылмыс жасап жатқан кезінде немесе қылмысты жасап бола салысымен ұсталуы, бұл кезде әлі қылмыс жасалғаны туралы мәлімет түспейді, ал қылмысты полиция қызметкерлері анықтап отыр. Бұл жағдайда жедел әрекет жасау керек. Бұл тінту әрекетіне қылмыскермен бірге тұратын кәмелетке толған тұлға, қатысуы керек. Егер оның қатысуы мүмкін болмаған жағдайда, жергілікті атқару органының өкілі шақырылады.

Тінтуді қайта жүргізу тек ерекше жағдайларда жүзеге асырылады:

1. Бірінші тінту қажеттті дайындықсыз, қалапайсыз жүргізілген кезде (іске қатысы бар болуы мүмкін заттар туралы мәліметтердің жиналмауы, сол себептен, бірінші тінту барысында, олар көңіл аударатын нысандар ретінде саналмай қалады), жердің жеке учаскелері немесе ғимарат жеткілікті тексерілмеген кезде, ғылыми-техникалық құралдардың қолданылмауы.

2. Тінтудің объективтік жағдайларға (жарықтың нашарлығы) жүргізілуінен, онды нәтиже алынбағаны (7. 393 б) .

3. Тінтудің жеткіліксіз жүргізілуіне байланысты, басқа жерлерге жасырған іздестірілудегі нысандарды тінтілуші тұлғаның қайтадан өз пәтеріне немесе жұмыс орнына әкеліп қоюы (8, 433 б) .

Көлік құралдарын тінту - бұл, жеке қолданудағы автомобилдердің саны күрт өсуі себеп болған, құқық қорғау органдарының ісіндегі тінтудің жаңа бір түрі болып табылады. Көлік құралдарын тінту үшін прокурордың рұқсаты берілген жеке қаулы керек. Егер тексеруге қажетті көлік құралы гараждың ішінде тінтілсе, оған жеке қаулының қажеті жок.

Жүк салатын орнына құрал-саймандардың қапшығы, қосалқы дөңгелегі, төсеуіш пен түбінің арасы тексеріледі. Автомобильдің салонының төсеуіш пен түбінің арасында не бар екенін қарау керек, қаптауларды шешіп қарап шығү керек, отырғыш пен еденнің арасын тексеру керек, аспап панелінің, жәшіктің, аптечканың, күл салғыштың іштерін тексеру керек. Автомобильдің түбіндегі жүргізу бөлшектерін, трансмиссиясын және т. б. міндетті түрде шұңқырға қарау керек (6, 274 б) .

Негіз болған жағдайда, тергеуші, тінтілушінің денесінде, оның киімінде және оның қолындағылардан заттар мен құжаттарды тауып және алу мақсатында жеке тінту әрекетін жүргізуге құқысы бар.

Жеке тінтуді тінтілушімен жынысы бір тұлға жүргізеді және сондай жынысты куәгерлер мен мамандар қатысады.

Жеке тінту арнайы қаулы шығарылусыз және прокурордың рұқсатынсыз жүргізілуі мүмкін, егер;

1. Іске мәні бар құжаттарды бөлмеде, немесе басқа жерде отырған тінтілуші, өзінде жасырып отыр деген ойға жеткілікті негіз болса.

2. Тұлғаны ұстаған кезде немесе қамауға алғанында. Бұл жағлайда тінтуді, куәгерлердің қатысуынсыз жүргізуге болады.

Тінту туралы жалпы қортынды жасай отырып, мыналарды атап кетуге болады:

- барлық тінтулердің жалпы ортақ белгілерінің бар екендігі;

- тінту тәсілдерінің барлығына бірдей жасалуы;

- әрбір тінту әрекеттерінін шешетін мәселелерінің тек өзіне тән екендігі.

ІІ-ТАРАУ. Тінтуді жүргізудің дайындық кезеңі

2. 1. Тінту нысандары туралы бағдарлық мәліметтерді жинау және зерттеу

Қылмысты тергеу ісіне қатысы бар заттар, құжаттар, қылмысы үшін құдалаудан жасырынып жүрген тұлғалар мен ұрланған тұлғалар тінту нысандарының қатарына жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тінту тергеу әрекетінің жалпы сипаттамасы
Тінту ұғымы мен мақсаты
Тінтудің түсінігі және оны жүргізудің процессуалдық мәселелері
Тінтудің міндеттері
Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттармен заңсыз айналысу қылмысын тергеу
Тергеу кезіндегі тінту жүргізудің құқықтық және теориялық негіздері
Қылмысты ашу мен тергеудің сот,тергеу және жедел-іздестіру тәжірибесін зерттеу
Тінту жүргізу
Дәлелдемелерді жинақтау және зерттеуге бағытталған қылмыстық іс жүргізудің мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде тұрғын үйдің қол сұқпаушылығы жағдайлары
Тінтудің криминалистикалық түсінігі және тактикалық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz