Үшінші рейхтың соғысқа әзірленуі


ЖОСПАР
Кіріспе2
1-тарау. Фашистердің 1933-1934 жж. қабылдаған негізгі заңдары5
1. 1 Фашистердің үкімет басына келуі: “Герман халқын қорғау туралы” декрет5
1. 2 Гитлер және оның «Майн кампф» атты кітабы8
1. 3 "Рейхтің жаңа құрылысы" туралы заңы және фашистердің идеологиясы11
1. 4 Үшінші рейхтың соғысқа әзірленуі12
2-тарау. Германияның Екінші дүниежүзілік соғысты бастауы. Соғыстың алғашқы кезеңі13
2. 1 Францияның тізе бүгуі және оның себептері17
2. 2 Франция тізе бүккеннен кейінгі ағылшын-герман соғысы19
2. 3 Агрессорлардың күш біріктіруі21
2. 4 Фашистердің Африкадағы агрессиясы21
3-тарау. Антифашистік коалицияның құрылуы. Екінші дүние жүзілік соғыс барысындағы түбірлі өзгеріс23
3. 1 Фашизмге қарсы халықтардың біртұтас майданы23
3. 2 Жапонияның Англия мен АҚШ-қа бас салуына орай Германияның әрекеті24
3. 3 Волгадағы ұлы шайқас және Қарсыласу қозғалысының өрлеуі25
4-тарау. Фашистік Германияның талқандалуы және тізе бүгуі27
4. 1 Екінші майданның ашылуы. Францияны және Польшаны азат ету27
4. 2 Гитлерлік блоктың ыдырауы. Оңтүстік Шығыс Европаны азат ету28
4. 3 Немістердің Арденныдағы шабуылы29
4. 4 Үшінші рейхтың күйреуі30
4. 5 Үшінші рейх басшыларының сотталуы. Екінші дүние жүзілік соғыстың негізгі қорытындылары32
Қорытынды34
Пайдаланылған деректер тізімі35
Құлап бара жатқанды итеріп жібер…
Ф. Ницше. Антихристианин
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігіне қол жеткізуі нәтижесінде әкімшіл-әміршіл жүйе жағдайында қалыптасқан тарих ғылымы көптеген жағдайларда ақиқатты бір жақты көрсетіп, бұрмалап, ұшқары пікірлерден құрылған теориялық қорытындылардың, қайта қарайтын тұжырымдардың өмірге келуіне ықпал еткен болатын. Кеңестік кезеңде тарихтың көп мәселелері бір жақты зерттеліп келген болатын, ал кейбіреулері жабулы қазан күйінде қалып идеологиялық кертартпалықтың кесірінен мүлде атүсті қаралатын. Сондай мәселелердің бірі Германия фашизмінің тарихы мәселесі еді. Өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап тақырыптың ауқымы мен көлемі ұлғайып, қарастырылатын мәселелер қатары көбейе түсті.
Курстық жұмыста қарастырылып отырған XX-ғасырдың 30-шы жылдардың басынан 1945 жылға дейін билік құрған «үшінші рейх» (нем. Drittes Reich - үшінші империя, үшінші патшалық) кезеңі Германия тарихында ғана емес сонымен қатар бүкіл әлем тарихында көптеген қасіреттер әкелген өте қиын да ауыр кезең болып табылады. Үшінші рейх термині орта ғасырлардағы мистикалық ілімдердегі үшінші патшалықтан бейімделіп алынған болатын. Алғашқы екі рейхке нацистер «Қасиетті Рим империясын» және 1871-1918 жж. Германия империясын жатқызды. Ал осы екеуінің жалғасы әрі соңғы әлеуметтік дамуы «мыңжылдық үшінші рейхпен» аяқталуы тиіс болатын, бірақ мыңжылдық рейх 12 жылда күйреді. Бұл кезең Германияда тоталитарлық жүйенің барлық салада берік орнауымен сипатталады.
Тақырыптың деректік көздеріне шолу: Тақырыптың деректік көздеріне келер болсақ арнайы Германияның екінші дүнижүзілік соғыс кезеңіне арналған деректемелер өте көп, бірақ оның көпшілігі соғыс театрының шайқастарына көп маңыз бере тоқталады. Ал Гитлер мен оның ізбасарларының өмірбаяны мен олардың жазған мемуарлары, тағы басқа қалдырған жазба материалдары саяси идеологияға байланысты КСРО кезіннің өзінде аз жазылатын, бірақ мұның бәрі ашылмай жатқан бұлақ тәрізді КСРО құлағаннан кейін сарқырама суындай тасқындап ақты. Бірақ бұл әдебиеттің бәрі орыс тілінде болып отыр.
Германияның Европаны жаулап алуы, түрлі ауқымды әдебиеттерді өмірге келтірді. Солардың қатарына У. Черчилльдің «Екінші дүниежүзілік соғыс» атты туындысы да жатады.
Бiздiң тақырыпқа септiгiн тигiзетiн деректiң қатарына сол кездегі нацистердің қатарында қызмет атқарған саяси және әскери қайраткерлердің естеліктері де жатады.
КСРО ыдырағаннан кейін Германия бастаған екінші дүниежүзілік соғыстың тарихына жаңаша көзқараспен қарау қажеттігі пайда болды. Екінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттары, соғыстың басталуы, оған қарсы антигитлерлік коалицияның құрылуы, т. б. мәселелер де жан-жақты, бүгінгі заман талабы тұрғысынан қарауды талап етеді. Бұл ретте соңғы жылдардағы ашылған мұрағаттық құжаттар мен жаңадан, соны көзқараспен жазылған әдебиеттерді қарастыру, оларға шолу жасап, талдап-таразылау айрықша өзекті.
Жұмыста В. М. Бережковтың, В. Т. Фоминнің, Н. Вознесенскийдің, Д. А. Волкогоновтың тағы басқа да тарихшылар мен әскери қолбасшылардың күнделіктері мен мемуарлары қаралды1.
Курстық жұмыста мынадай міндеттер қарастырылады:
1. Герман фашизмінің билік басына келуі;
2. «Мыңжылдық үшінші рейхтың» идеясының неміс халқының идеясына айналуы.
3. ІІІ рейхтың екінші дүниежүзілік соғысты бастауы;
4. Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары және соғыстан кейінгі Германияның саяси ахуалы.
Осы тақырыпқа бойлап ене түсудің өзектілігі өз мәнін жоғалта қоймайды. Өйткені мұндай қырғынды адамзат басына байта келтірмеуін әрқайсысымыз тілейміз және сондықтанда он егжей-тегжейлі білудің өзі де біршама сол мақсатқа жақындата түседі деп ойлаймын.
1-тарау. Фашистердің 1933-1934 жж. қабылдаған негізгі заңдары
1. 1 Фашистердің үкімет басына келуі: “Герман халқын қорғау туралы” декрет
1932 жылғы март-апрельдегі президент сайлауында гитлершілдер 13 млн. -нан астам дауыс алды, бірақ оңшыл социал-демократтар қолдаған Гинденбург қайтадан президент болып сайланды. 1932 ж. июньде Гинденбург Ф. фон Папенге реакциялық үкімет құрғызды; ол фашистермен ашықтан-ашық сөз байласу жолына түсті. Жұмысшы табының фашизмге қарсы күресі күшейді. 1932 ж. авг. - ноябрьде ГКП-нің басшылығымен жұмысшылардың 1100-ге тарта ереуілі болды. 1932 ж. ноябрьде болған рейхстаг сайлауы кезінде фашистер осының алдында өткізілген президент сайлауымен салыстырғанда (13, 7 млн. дауыс) 2 млн. -нан астам дауысты кем алды, ал ГКП 6 млн-ға тарта дауыс алып, зор жеңіске жетті. Гитлершілдер ықпалының кемуі, революцияшыл күштерден зәресі ұшып қорқу монополистік буржуазияны өкімет билігін фашистерге беруге асықтырды. 1933 ж. 30 январьда Гинденбург Гитлерді рейхсканцлер етіп тағайындады.
Гитлерге фюрер ретінде жаңа (төтенше) құқықтар берген. 1934 жылғы 30 қаңтардағы "Рейхтің жаңа құрылысы" туралы заң , оны империялық, үкіметтің басшысы ретінде, жаңа конституциялық құқық шығаруға міндеттеді. Германия билік бөлу, құқықтық мемлекет принципін қолданбайтын болды,
Фашистер билікке келген соң, ең алдымен, буржуазиялық-демократиялық бостандықтарды жоя бастады. 1933 жылғы ақпанда сөз, басылым, жиналыс бостандықтарын жойған “Герман халқы мен мемлекетін қорғау туралы” декрет қабылданды. Сол айда полицияға шексіз өкілеттіктерді берген “Герман халқын қорғау туралы” декрет қабылданды. Басқа барлық партиялардың қызметіне де тыйым салынды. Кәсіподақтар таратылып, мәжбүрлі мүшелікпен байланысты өздерінің кәсіподақтары құрылды.
1933 жылғы 24 наурыздағы заң империялық үкіметке парламентті айналып өтіп, актілер қабылдауға рұқсат етті. 1934 жылғы тамыздағы заңмен президенттің лауазымы жойылды. Барлық билік фюрерге берілді, ол үкіметтің басшысы болып қалды. Фюрердің лауазымы өмір бойлық сипатты иеленді, және ол өз мирасқорын тағайындай алатын.
Германияда фашистік диктатура - монополистік капиталдың ең реакцияшыл, шовинистік элементтерінің диктатурасы орнады2.
Нацистер өкімет басына келісімен «коммунизмге қарсы күресеміз» дегенді бетке ұстап, демократияшыл күштерді, ең алдымен коммунистерді қуғындай бастады3. 1933 ж. 27 февральда фашистер рейхстагты өртеп, бұған коммунистер кінәлы деп жариялады. Жаппай қуғындау басталды. ГКП, кәсіподақтар таратылды, елде нацистерден басқа бірде-бір партия қалмады.
Сөйтіп, көппартиялық жүйе жойылған еді. Жаңа партияларды ұйымдастыруға тыйым салынды. Мемлекеттік аппарат пен фашистік партия қосылып, мемлекетте үстемдік жағдайын нығайтқан еді. Партия шешімдері мемлекеттік заң күшіне ие болды, өйткені, фашистік ұйымдар мемлекеттік функцияларды атқаратыи. Партия мүшесі болмаған азаматтар мемлекеттік аппаратқа кіре алған жоқ. Бұл жағдайдың құқықтық негізін дәйектеген 1933 жылы 1 желтоқсанда қабылданған "Партия мен мемлекеттің бірлестігін жүзеге асыру туралы" заң .
Гитлердің мемлекеттік аппаратының экономикалық процестерді белсенді реттегені мәлім. Ол үшін 1933 жылы "Герман шаруашылығының бас Кеңесі" құрылған болатын. Ол Гитлердің жанындағы кеңесші орган. Бұл кеңеске герман экономикасының ең бай және абыройлы адамдары кіретін. Мемлекеттің экономикалық саясатын дәйектеген 1934 жылы алынған "Герман шаруашылығының органикалық құрылысы туралы" заң . Бұл заң бойынша 6 экономикалық топ қалыптасты, олар: өнеркәсіп, энергетика, сауда, сақтандыру, қолөнер және шаруашылық топтары. Оларға 44 шаруашылық тобы қарайтын. Германия 18 экономикалық округке бөлінді де, әрқайсысын округтік экономикалық, палата басқарды. Топтар мен палаталардың басшыларын үкімет тағайындады. Олардың қолында толық экономикалық, билік болғандықтан, экономикалық, басқару бір орталықтан жүргізілетін. Өнеркәсіп пен ауылшаруашылықты жұмыс күшімен қамтамасыз ету үшін мәжбүр ету еңбегі енгізілді. Бүкіл жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек майданына кіруі шарт болатын.
Фашистік диктатура аса ірі капиталистік монополиялардың күш-қуатын өлшеусіз арттырды. Мемлекет монополистік капитализмнің дамуы жөнінен Германия капиталистік дүниеде 1-орынға шықты. Бүкіл халық шаруашылығы соғысқа бейімделіп қайта құрылды. 1937 жылға қарай Германияда 300 әскери авиация, танк, кеме жасайтын т. б. соғыс кәсіпорындары жұмыс істеді. Қаржыландыру, жұмыс күшімен, шикізатпен, электр энергиясымен жабдықтау жөнінде оларға жеңілдіктер берілді. 1937 ж. Германия. 184, 5 млн. т көмір шығарды, 19, 4 млн. т болат қорытты. Алюминий өндіру жөнінде дүние жүзінде 1-орынға шықты (127, 6 мың т) . Металл өңдеу, машина жасау, химия, электротехника және оптико-механика өнеркәсібі мықтап дамып, соғысқа бейімделді. Рур ауданы герман милитаризмінің басты соғыс өнеркәсібінің базасына айналды.
Аса үлкен соғыс өнеркәсіп концерндері елдің экономикасы мен саясатында шешуші роль атқарды. «И. Г. Фарбениндустри» концерні негізгі химикаттар өндірісінің едәуір бөлігіне, соның ішінде стратегиялық маңызы зор синтетикалық каучук өндірісінің 100%іне, оқ-дәрі өндірісіне негізделген азот қоспаларының 72%-іне бақылау жасады. Рурдың көмір-металлургия концерндерінің - Тиссен басқарған «Ферайнигте штальверке» («Болат тресі») концернінің, Крупп, Маннесман, Хеш, Клекнер, Ханиель және Флик концерндерінің үлесіне шойын қорытудың 80%-і, болат балқытудың 95%-і тиді. Батыс мемлекеттерінің, ең алдымен АҚШ пен Ұлыбританияның финанс жөнінен кеңінен қолдауы, сондай-ақ, шетелдік жеке меншік, капиталдың, көбінесе американ капиталының бойлап енуі Германияның экономикалық және соғыс қуатының мықтап артуына себепші болды.
1936 жылы Нюренбергте өткен фашисттер партиясының кезекті съезінде Гитлер «4 жылдық жоспарды» жария етті, онда соғыс бола қалған жағдайда азық-түлікпен және ауыл шаруашылық шикізатымен өзін-өзі қамтамасыз ету, фашизмнің деревнядағы әлеуметтік базасын нығайту мақсатымен кулак шаруашылықтарының көпшілігі (85%-і), орта (шаруа шаруашылықтарының бір бөлігі (35%-і) және көптеген юнкерлік шаруашылықтар бөлінуге жатпайтын «мұрагерлік мекен жайлар» деп жарияланды. Және осы жоспарды жүзеге асыруды Герингке тапсырды. Бірақ бір жылдан кейін-ақ кейбір өнімдер бойынша автаркияның мүмкін еместігін Гитлердің өзі де мойындады.
Фашистік диктатураның механизмінде террорлық ұйымдар: гитлершіл партияның қорғаушы отрядтары - СС пен мемлекеттік құпия полиция - гестапо маңызды роль атқарды. Германияның қарулы күштері жылдан жылға көбейіп, 1938 ж. 51 дивизияға жетті (1932 ж. 10 дивизия болатын) . 1933 ж. октябрьде Германия Ұлттар лигасынан шықты. Батыс мемлекеттерінің дем беріп, қолдайтынын сезген фашистік Германия ашық агрессияға көшті. 1936-39 ж. Германия Италиямен бірге Испанияға қарулы интервенция жасады4.
1. 2 Гитлер және оның «Майн кампф» атты кітабы
А. Гитлер 1925 ж. «Mein Kampf» («Менің күресім») деген кітабы жариялады. Гитлер және оның сыбайластары Версаль шартына қарсы күресті желеу етіп, елдегі шовинизм отына май құйып, өршіте түсті. Гитлер жазған нацизмнің бұл інжілі рейхта ешқандай шүбә тудырмады. Мұқабасында Гитлердің суреті бар «Mein Kampf» кітабы барлық магазиндердің витриналарында тұрды және Гитлерге миллиондаған марка қаламақы келтіріп, жыл сайын орасан көп тиражбен басылды. Енді Ұлы Германияның түпкілікті жоспары туралы пайымдағанда нацистік насихатшылар бұған жиі-жиі орала бастады.
Гитлердің агрессиялық мақсаттары мен жоспарлары «Mein Kampf»-та мейлінше ашық та анық баяндалған. Мұнда Германияның 1914 жылғы шекараларын қалпына келтіру талабымен ғана шектелмеуге тиіс, деп көрсетілген. Оған әлдеқайда мол өмірлік кеңістік («Лебенсраум») керек. Гитлер өзінің кітабында Европа да 80 миллион неміс бар деп көрсетті5. Жүз жылға жетер-жетпесте-ақ бұл континентте олар 250 миллион болады, деп мәлімдеді ол. Сондықтан да басқа халықтар немістерге орын беруі үшін, ығысуға тиіс. Гитлер «Mein Kampf»-та айдан-анық былай деп жазды: «Біздің планетамызда қандай да болсын ұлттың еркін тіршілік етуі үшін, тек оны жердің кеңдігі ғана қамтамасыз ете алады. Сондықтан да ұлттық-социалистік қозғалыс «дәстүр» мен соқыр сенімге назар аудармай, бізді осы ұлттың қазіргі шектеулі тіршілік кеңістігінен жаңа жерлерге шығаратын, басқаларға қызмет етуге тиісті болатын құлдар ұлтына айналу қаупінен мүлде құтылу мақсатымен жорық жасау үшін, біздің ұлтымыз бен оның күшін жұмылдыруға өз бойымыздан қажыр-қайрат табуға тиіспіз. Ұлттық-социалистік козғалыс біздің ұлтымыздың саны мең біздің территориямыздың көлемі арасындағы кереғарлықты жоюға тиіс. Біз өзіміздің сыртқы саясаттың мақсатымызды, атап айтқанда, неміс ұлтына осы планетада өзіне тиісінше жерді қамтамасыз етуді қажымай-талмай мақсат етіп қоюымыз керек»6.
Гитлердің жалпы приципті нұсқауы - міне, осындай еді. Бұл «сыртқы саясаттың» мақсатқа жетуге деген практикалық қадамдары да бұл кітапта одан кем айтылмаған. Өзінің кітабында Гитлер Францияны «неміс ұлтының нағыз жауы» деп атады. Бірақ оны құртуды ол алыс мақсатқа жетудегі тек бір ғана алғы шарт деп есептеді. Ол егер «Германия Францияны құртудан, соның көмегі арқылы ақырында біздің ұлтымызға басқа бағытта кең құлаш жаюға нақтылы мүмкіндік беретін құралдардың бірін ғана көретін жағдай болғанда, Франциямен «шешуші айқас» болатындығы туралы жазды.
Нақтылысы қандай еді? Бұған да «Mein Kampf»-та айқын жауап берілген. Әуелі, - деп жазды Гитлер. - Шығыстағы неміс халқы басым болып келетін аудандар - Австрия, Судеттер, Данцигті қоса алғанда Польшаның батыс провинциялары басып алынуға тиіс . . .
Бұл басып алу жоспарларының барлығы, біраз басқаша жүйемен жүргізілгені болмаса, бірақ оның есесіне, 1941 жылдың басына қарай-ақ үлкен көлемде жүзеге асырылды. Бұдан кейін не күтуге болатын еді? «Майн кампф» сандырақ болғанына қарамастан, бүкпесіз: бұл - Совет Одағына шабуыл! - деп жауап берді.
«Егер біз Европада жаңа жерлерге ие болғымыз келсе, - деп жазды өз кітабында Гитлер, - онда бұларды тек Россияның есебінен ғана кеңейтіп алуға болады. Сондықтан жаңа рейх Герман семсерімен өз ұлтына --күнделікті керек астықты, Герман соқасына жер - жаулап алу үшін, орден рыцарлары жүрген жолға тағы да түсуге тиіс!» Және бұдан әрі: «Біз, ұлтшыл-социалистер, қозғалысты осыдан алты жүз жыл бұрын аяқталған пункттен бастаймыз. Біз германдықтардың оңтүстік-батыс Европаға қарай баяғыдан бергі қозғалысын тоқтатамыз да, өзіміздің назарымызды Шығыстағы жерге қарай аударамыз . . . Сөйтіп, егер біз бүгін Европада жаңа жерлер туралы сөйлесек, онда біз ең алдымен, Россия туралы және оның билігіндегі шет аймақтардағы мемлекеттер туралы ойлай аламыз . . . »7.
Бұл пайымдауларының бір де бірі жоққа шығарылып, өзгертілмеді. «Mein Kampf»-та белгіленген қарақшылық мақсаттар күшінде қала берді. Әрі оларды, әрине, 1933 жылдан басталған насихат гитлерлік інжілді жаппай мадақтап оны неміс халқының программасы ретінде ұсынды.
Міне осыдан бастап сонау бірінші дүниежүзілік соғыста ұтылғандығына байланысты кек қайтару үшін де соғыс бүкіл мемлекет үшін қажет деп табылған болатын.
1. 3 "Рейхтің жаңа құрылысы" туралы заңы және фашистердің идеологиясы
Гитлерге фюрер ретінде жаңа (төтенше) құқықтар берген. 1934 жылғы 30 қаңтардағы "Рейхтің жаңа құрылысы" туралы заң, оны империялық, үкіметтің басшысы ретінде, жаңа конституциялық құқық шығаруға міндеттеді.
Гитлердің идеологиясы қарапайым әрі сорақы болатын. Оның идальды әлемге деген көзқарасы жоғарыда атап көрсеткен еңбегі «Майн кампфте» көрсетіліп, ал нацистердің гимнінде нақты келтірілген еді. Онда мынадай сөздер бар:
Мейлі әлемнің күл талқаны шығып қирасын,
Біз оған пысқырып та қарамаймыз.
Бүгін біздер Германияны билеп отырмыз,
Ал ертең табанымыздың астында әлем жатады…
Бір қызығы кеңестік большевизмнің де сарыны осыған жақын екенін байқаймыз. Әлемді қирату, сөйтіп жаңа әлем орнату идеясы сонау Бисмарктың кезеңінен бастау алады. Күш оның басты аргументі болды, күште ол «әрбір дипломатиялық және саяси жеңістің альфа мен омегасын» көрді. Сол кезде-ақ ол «Герман мәселесі парламенттерде шешілмейді, дипломатия мен ұрыс алаңында ғана шешіледі» деген сөз айтқан еді.
Дегенмен үшінші рейх идеологиясының ерекшелігі де бар. Ол ұлтшыл-социалистік қозғалыс басында тұрғандардың наным-сенімдері мен К. Хаусхофер секілді геополитиктердің идеяларының қойыртпағы еді. К. Хаусхофер Германияның «жерді жаулап алуының тарихи заңдылығын» негіздесе, Ф. М. Мюллер «арийлік филология» теориясын алға тартты, ал СС-тың Бас басқармасының басшысы болған Р. В. Дарре расистік көзқарастарымен нацизм идеологиясының диірменіне су құйды дес де болады8.
Үшінші рейх идеологтарының қатарына кімдер кіреді дер болсақ, онда тізім басын сол Гитлерден бастаймыз. Оның саяси манифесті - Mein Kampf (Менің күресім ұлтшыл-социализм идеологиясының негізін құрады. Нацистік партияның мүшелерін «рухани және иедеологиялық дайындық» мәселесі жөніндегі Гитлердің орынбасары болған Альфред Розенберг «Германдық сыртқы саясаттың келешектегі жолы» (1927) және «ХХ ғасыр аңызы» (1929) атты атышулы кітаптар жазды.
Насихат министрі болған Йозеф Геббельс Үшінші рейхтың баспасөзін, ғылымы мен мәдениетін басқара отырып германдық «арийлендіру» барысына назар аударды. Оның басшылығының арқасында еврей ұлтының өкілдерін жан-жақты қуғындау жүзеге асырылды. Сонымен қатар халықты соғысқа психологиялық тұрғыдан дайындауды жүргізді. СС рейхсфюрері Генрих Гиммлер «герман ұлтының жауларымен» күресті, оның қол астына қараған концентрациялық лагерьлерде миллиондаған адамдар мерт болды.
Осы төртеуімен қатар ресми идеологияны әзірлеуде Ю. Штрейхер, П. Трейчике және басқалар ат салысты.
1. 4 Үшінші рейхтың соғысқа әзірленуі
1935 жылдың 16 наурызында Гитлер әскер қатарына 500 мың адам алу керектігі туралы жарлыққа қол қойды. Бұл Версаль шарттарын бұзу болып табылатын. 1936 жылдың көктемінде Германия қарусыздандырылған Рейн аймағына өз әскерлерін кіргізді. Мұнымен қатар Эфиопиядағы италияндық агрессияға әлем елдерінің қол қусырып қарап отырғанын көрген Гитлер енді соғысқа туралай кірісуге болатынын түсінді.
Соғысқа кірісудің алдында Германия әскери-саяси блок жасауды көздеді. 1936 жылдың октябрінде «Рим-Берлин осі» ресми рәсімделді, ал сол жылы ноябрьде Германия мен Жапониямен антикоминтерндік пакт жасасты. Бұл пакттың мәні большевизмге қарсы күресу болып табылатын. Сонымен қатар мұнда АҚШ, Англия және Францияға да қарсы тұру көзделген еді.
Сөйтіп дипломатиялық тұрғыдан әзірлене отырып Германия Италиямен және Жапониямен агрессияшыл одақ жасасты. 1938 ж. мартта фашистік Германия Австрияны, ал 1939 ж. мартта бүкіл Чехословакияны басып алды.
1939 ж. августа Германия шабуыл жасаспау туралы шарт жасасу жөнінде СССР-ге ұсыныс жасады. Совет Одағы империалистік державалардың Совет еліне қарсы бағытталған бір тұтас майданының құрылуына жол бермеуге ұмтылып, ұсынысты қабылдауға мәжбүр болды; ал Совет Одағының агрессияға қарсы коллективтік қауіпсіздік жүйесін құруды көздеген ұсыныстарының бәрін дәл осының алдында ғана Англия мен Франция үкіметтері қабылдамай тастаған болатын.
2-тарау. Германияның Екінші дүниежүзілік соғысты бастауы. Соғыстың алғашқы кезеңі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz