Қазақстан Республикасының адам құқықтары мен еркіндіктері жөніндегі халықаралық құжаттарға қосылуы мен осы мәселеде БҰҰ, ЕҚЫҰ және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастығы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ3

І ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР \ БҰҰ, ЕҚЫҰ\ АУҚЫМЫНДА АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ7

1. 1. БҰҰ, мүше мемлекеттер және үкіметтік емес ұйымдардың адам құқықтары саласындағы құқықтық негіздері7

1. 2. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы (1948) - БҰҰ мүшелерінің орасан-зор күш-жігерінің нәтижесі17

ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ҚЫЗМЕТІНДЕГІ АДАМ ҚҰҚЫҚТЫРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ24

2. 1. Адам құқықтары және мемлекеттердiң сыртқы саясаты24

2. 2 Адам құқықтары туралы халықаралық Билль27

2. 3 БҰҰ, ЕҚЫҰ және Қазақстан: адам құқы мен еркіндіктері саласындағы ынтымақтастығы31

ҚОРЫТЫНДЫ36

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР40

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңдағы адамзат баласының құнды қасиеттерінің бірі - ол адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері екендігі аян. Адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері біздің жан-жақты дамуымыз үшін, өзіміздің адамгершілік қасиетімізді пайдалануымызға, біздің ақыл-ойымыз, дарынымыз бен ар-ожданымыз, біздің рухани және басқа да мүдделерімізді қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Әр қоғамда әділеттілік, әділдік, адамгершілік және құрметтілік түсінігі өмір сүргені белгілі. Бірақ нақтылы әлеуметтік тұжырымын қамтамасыз ететін жалғыз жол - ол адам құқықтары. Адамзат дамуының әрбір сатысында жаңа ұрпақ адам құқықтарын қорғай отырып, кейбір жағдайларда өмірін құрбан ету арқылы бостандықтың ауқымын кеңейтіп және оны субьектілердің кең шеңберіне таралуына, сондай-ақ мемлекеттік шенеуліктердің озбырлық қимылдарын шектеуге қолы жетті. Сондықтан да адам құқықтарын қорғау саласы ғасырлар тоғысындағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Әр мәселенің шешімін табу үшін оның шыққан көзі мен даму барысын, қалыптасу деңгейін айқындап алу қажет. Яғни осы саланың қалыптасуы барысындағы дипломатиялық қырларын жан-жақты көрсету - адам құқықтары мәселесінің мәнін түсінуге, жас тәуелсіз мемлекеттер үшін үлкен тәжірибе болуы, бүгінгі күн үшін өте өзекті мәселелердің бірі болып табылатыны сөзсіз.

Адам құқықтарын қорғау мәселесінің негізгі халықаралық - құқықтық базасын қалаған халықаралық деңгейдегі құжаттардың оңайшылықпен қабылданбағандығын, оның қалыптасу үрдісі қалай жүзеге асқандығы көп жағдайда қоғам үшін беймәлім. Әсіресе халықаралық деңгейге жеке тәуелсіз мемлекет санатында шыққан біздің еліміз үшін бұл мәселенің орны бөлек қой деп түсінемін. Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы, Адам құқықтарының Жалпыға бірдей Декларациясы, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Пакт, Азаматтық және саяси құқықтар туралы Пакт және соңғысына қарасты екі Қосымша хаттама, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі мәжілісінің Хельсинки Қорытынды Актісі, Жаңа Еуропаға арналған Париж Хартиясы, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі Копенгаген құжаты, Еуропалық қауіпсіздік Хартиясы және тағы басқа да халықаралық деңгейдегі құжаттар, мүше-мемлекеттердің бірлесе отырып келісімге келу барысында, ұзақ уақыт бойғы зор еңбектің нәтижесінде, айтып жеткізуге қиын «дипломатиялық» талқылаулардан кейін қана қабылданғаны айқын.

Осы құжаттардың БҰҰ-ң көлеміндегі кездесулерде, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ң жоғарғы деңгейдегі кездесуі барысында қабылдануы, күрделі қатынастар мен кейде беделді халықаралық ұйымдарға қатысушы - мемлекеттердің кейбіреуінің ымыраға келгісі келмейтін бағыттарының адам құқықтарына байланысты халықаралық құжаттарды қабылдау барысына елеулі ықпал жасап, маңызды рөл атқаратындығын көрсету де, біз үшін өте өзекті мәселе.

Жаңа үшінші мыңжылдық алдында көптеген халықтар бостандық пен тәуелсіздікке жетті. Яғни адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерінің дәуірі туғандай. Бүгінгі таңдағы ең беделді халықаралық ұйым - Біріккен Ұлттар Ұйымы қазіргі онжылдықты, 1995 жыл мен 2005 жыл аралығын - Әлемдегі адам құқы онжылдығы деп жариялаған болатын. Адам құқықтарын қорғау мәселесінің жеке мемлекеттік мәселе болудан қалғанына талай уақыт болды, ендігі жерде адам құқықтарының негізгі болатын жан-жақты халықаралық-құқықтық үлгілердің болуына қажеттілік туды. Бұл деген адам құқықтары мен еркіндіктері нақтылы жеке мемлекеттің ғана ісі болып қоймай, бүкіл халықаралық қоғамдастықтың мәселесіне айналғандығын білдіреді. Осыған орай, әлемде өзінің әлеуметтік құрылымы, экономикалық даму деңгейіне қарай және мемлекеттік билік мәніне сай әр қилы мемлекеттердің болуына байланысты, бірыңғай халықаралық-құқықтық ереже құру негізінде барлық мемлекеттер өздерінің ұстаған бағыттарын келісім арқылы, бірыңғай ымыраға келу және өзара ыңғайлы шешімдерге келу арқылы жүзеге асыруға тырысуда, өз кезегінде бұл өте күрделі де, қиын жол.

Баянды бейбітшілік, демократия, адам құқықтары, кең ауқымды халықаралық ынтымақтастық жолындағы белсенді күрескер, академик А. Д. Сахаров нобельдік дәрістерінде адамзаттың ең көкейкесті, ұлы мақсаттарын айқындай келіп, оның басты-басты үшеуін: бейбітшілік, прогресс, адам құқықтары деп көрсеткен еді. Осының біріншісіне тоқтала келіп ол: « адамзат өзінің тарихының ерекше жауапты, сындарлы кезеңіне аяқ басты, өйткені ракеталық-ядролық қару санаулы секундтар ішінде жер бетіндегі барлық жанды дүниені жойып жіберуге қабілетті. Сондықтан да, бейбітшілік үшін, БҰҰ-ң халықаралық және ұлтаралық топтарды басудағы рөлін арттыру үшін күрес- барлық мемлекеттердің, тікелей алғанда әр адамның басты міндеті», деп тұжырым жасаған.

Технологиялық және өндірістік ілгерілеуді А. Д. Сахаров жоқшылықты, аштық пен ауру сырқауды жоюдың басты факторы дей отырып, оның интеллектуальдық, рухани факторлармен: сенім бостандығы, жариялылық, қоғамның ашықтығы сияқты факторлармен тығыз байланысты екенін де тыс қалдырған жоқ. Мұны жете бағаламау, оны кейінгі қатарға ығыстырып, көмескілеуге тырысу, әсіресе, кешегі тоталитарлық жүйе мемлекеттерін өз-өзінен тұйықталуға, экономикалық және әлеуметтік жағынан артта қалуға, саяси-идеологиялық оқшаулануға, ең соңында дүние жүзінде сенімнен айырылуға әкеліп соқтырды.

Қазіргі кезеңдегі бір - бірімен өзара тығыз байланысқан және өзара тәуелді дүние халықаралық қатынастағы субьектілердің әлеуметтік - экономикалық жүйесінің қандай екендігіне қарамастан бірінші кезекте мемлекетаралық келісушілік пен қарым-қатынас мәселесін шешуі қажеттігін ұсынып отыр. Мұның негізінде қазіргі дәуірдегі адамзаттың дамуының маңызды шарттарының бірі жалпы адамзаттық құндылықтарды мойындау жатыр. Яғни, әлемнің жалпы даму өрісі біздің күрделі де көп жақты дүниені өзара тығыз байланысқа итермелеуде. Сол орайда ортақ мәселелерді өкілдік деңгейде жан-жақты талқылап, әртүрлі қарама-қайшылықтағы көзқарастарды әр мемлекеттің, қоғамдастықтың және әрбір ұлттың мүддесін ескере отырып, бір мәмлеге келтіру үшін арнайы бір әдіс-тәсіл тетігін қалыптастыру қажеттілігі туды. Мұндай қызметті атқару өзінің тумысынан Біріккен Ұлттар Ұйымының еншісіне жазылғандай, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен оның жүйесі әлемді қазіргі кезеңдегі барлық халықтардың мүддесіне сай келістірудегі барлық күштердің қолындағы ең зор құрал болып табылады. Сондықтан да, бүгінгі әлемдегі жүйенің ешқайсы дәл Біріккен Ұлттар Ұйымының табысты қызметінсіз қауіпсіздік пен дамуды ойдағыдай қамтамасыз етуі өте қиынға соғары анық.

БҰҰ Жарғысының өзі «Дүниежүзілік Конституция» іспеттес, кемсітушіліктің кез келген нәсілдік, діни немесе саяси түрін қабылдамаған, яғни демократиялық парықтардың нағыз мазмұнын көрсете білген. Ешқандай нәсілшілдікке, жынысқа, тіл мен дінге бөлмей Адам құқы мен жалпыға бірдей негізгі еркіндіктерді дамыту мен кеңейтуге құрметпен қарай отырып халықаралық қатынасты өркендетуде Жарғы БҰҰ өкілеттігімен қамтамасыз етеді. БҰҰ-ның Бас Хатшысының пікірі бойынша, демократияландыру үрдісі- адам құқын қорғаудың ажырамас бөлігі. Егер нақтылы айтатын болсақ, адам құқын нәтижелі қорғау тек демократиялық шеңберде ғана мүмкін. Сол себепті адам құқын қолдаудағы БҰҰ - ның қызметін демократияландыру жолындағы басты мақсаттардан бөліп қарау мүмкін емес. Тіпті, 1995 жылдың 30 тамызында өткен бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында да, Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте тыныштық пен тұрақтылық орнатудың кепілі және қоғамымыздың алға қарай еркін дамуы үшін бірден-бір дұрыс жол - азаматтардың ұлтына, дініне, нәсіліне не басқа қандай да әлеуметтік бірлігіне қарамастан - олардың құқығы мен бостандығына кепілдік бере алатын жол - демократия жолы деп тұжырымдалған.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Ғасырлар тоғысында» атты кітабында былай дейді: «Саяси демократияға бірнеше жағдайлар керек. Солардың ішінде қоғамда, әсіресе элиталық қоғамда кең қанат жайған өзара түсінік қана емес, жеткілікті мөлшерде бұқаралық сипатқа ие, мемлекетке экономикалық жағынан тәуелсіз орташа таптың, бұғанасы бекіген құқықтық мемлекеттің мәні зор. Егер осының бәрі жоқ болса немесе жеткілікті дәрежеде дамымаса, демократияның әлеуметтік және институттық негізі берік болмайды».

Осы салада БҰҰ-на соңғы кезде көмекке Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымы (ЕҚЫҰ) келгендей. 70-ші жылдардың басында құрылған бұл ұйымға бүгінгі күні 55 мемлекет мүше бола отырып, алға қойған негізгі мақсаттары - осы аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ешқандай шиеленіске жол бермей, алдын алу. Басты парықтары : адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерін қорғау, сондай-ақ мүше-мемлекеттерде демократиялық даму жолын тиянақтауға ат салысу. Осы мақсаттарын жүзеге асыруда бұл ұйым маңызды халықаралық кездесулер өткізіп, адам құқықтары мен еркіндіктері жөніндегі халықаралық құжаттар қабылдауда. Сол ретте осы ұйымдар көлеміндегі мемлекетаралық қатынастардың деңгейі де айқындала түсетіндігін көруге болады. Яғни, халықаралық ұйымдар мемлекетаралық қатынас жүйесінің құрылымындағы маңызды құрамдас бөлігі ретінде берік орын алады. Бүгінгі күні халықаралық ұйымдардың қызметінсіз осы жүйенің өзінің өмір сүруі мүмкін емес сияқты. Халықаралық қатынаста екі жүздей мемлекет болса, халықаралық ұйымдардың саны екі еседей көп. Осының өзі-ақ мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар арасында жасалынып жатқан келісім шарттардың өсу қарқынын көрсетеді.

Тақырыптың өзектілігі. Бейбіт, демократиялық негіздегі халықаралық қатынас көпжақты дипломатияның әрі қарай кең түрде дамып, өрлей түсуіне жағдай жасауда. Күнделікті өмірде халықаралық ұйымдар деңгейінде нақтылы мәселелерді шешуде зор табыстарға жетуде. Соған орай халықаралық ұйымдар да өздерінің жұмысын заман талабымен үйлестіруде.

Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымы - халықаралық қатынастар тарихында оның ішінде халықаралық ұйымдар тарихында өз кезегінде заманына сай құрылған өте маңызды халықаралық ұйымдар. Сол себепті де осы екі ұйымның адам құқықтарын қорғаудағы қызметінен тәлім-тәрбие алудың маңызы өте зор.

Біздің тақырыбымыз «Халықаралық ұйымдар шегіндегі адам құқы» деп аталады. Осыған орай қазіргі замандағы жаһандану дәуіріндегі бүкіл әлемдік интеграцияға орай адам құқын қорғау, оның мәртебесін ұғыну және халықаралық заңдардағы орнын байыптаудан-ақ біздің тақырыбымыздың өзектілігі көрінеді.

Зерттеу пәні. Курстық жұмысты жазу барысында Адам құқықтары мен еркіндіктері мәселесінің халықаралық қатынаста алатын орнын көрсетуде, әлемдегі басты халықаралық ұйымдар, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымы шеңберінде қабылданған аса маңызды халықаралық құжаттар қабылдау барысындағы мемлекеттердің қарым-қатынасын, саяси көзқарастарын, осы саладағы Қазақстан Республикасының, халықаралық ұйымдар және үкіметтік емес ұйымдар қызметін зерттеу деңгейін үш салаға бөліп қарастыру негізге алынды.

БҰҰ деңгейінде адам құқықтары мен еркіндіктері жөніндегі халықаралық құжаттардың қабылдануы кезіндегі мемлекетаралық қарым-қатынасы мен саяси ұстаған бағыты.

ЕҚЫҰ көлемінде мүше мемлекеттердің қатысуымен өткен халықаралық конференциялардың адам құқықтары мәселесіндегі маңызды мен қорытынды құжаттары.

Қазақстан Республикасының адам құқықтары мен еркіндіктері жөніндегі халықаралық құжаттарға қосылуы мен осы мәселеде БҰҰ, ЕҚЫҰ және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастығы.

Бұлардың барлығы топтаса келіп, тақырыптың зерттеу пәнін құрап отыр.

Тақырыптың зерттелу деңгейін ескере отырып және ондағы құжаттарды жүйелей келе, курстық жұмысын жазуда төмендегідей мақсат алға қойылды: адам құқықтары мен еркіндіктерінің тарихи түп-тамырын анықтау және осы адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері жөніндегі құжаттардың қабылдау дәстүрі мен талдау барысын қамтып отырған мәселелер ауқымын сараптай отырып, адам құқықтары мен еркіндіктері жөніндегі құжаттардың халықаралық қатынастағы маңыздылығын ашып, тәуелсіз Қазақстан Республикасының даму сатысындағы құқықтық демократиялық мемлекет орнату үшін маңыздылығын анықтау. Осы орайда курстық жұмысының мақсатын жүзеге асыру үшін туындайтын бірқатар міндеттер:

  • Бүкіләлемдік қарым - қатынастағы ең беделді ұйым - Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттердің қатысуымен адам құқықтары мен еркіндіктері жөніндегі басты халықаралық құжаттардың қабылдануы сәтіндегі мемлекетаралық қатынас пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы қатынастың маңыздылығын көрсету ;
  • БҰҰ - шеңберінде қабылданған Адам құқықтары туралы халықаралық билльдің мәні мен мақсатын айқындау ;
  • Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымы деңгейіндегі көпжақты кездесулердегі Адам құқықтары мәселесінің алатын орнын анықтау;
  • ЕҚЫҰ көлемінде қабылданған адам құқықтары жөніндегі халықаралық құжаттардың мүше мемлекеттердегі демократиялық даму барысына әсерін көрсету;
  • Қазақстанның жеке тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болғаннан кейінгі кезеңдегі халықаралық қатынаста адам құқықтары мен еркіндіктері жөніндегі халықаралық құжаттарға қосылуының мәні мен қажеттігін негіздеу;
  • Адам құқықтары мен еркіндіктері мәселесінде Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығының деңгейін ашып көрсету;
  • Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мен олардың мемлекеттік мекемелермен ортақ мақсатқа жетудегі байланысын жан-жақты ашу.

І ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР \ БҰҰ, ЕҚЫҰ\ АУҚЫМЫНДА АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ

1. 1. БҰҰ, мүше мемлекеттер және үкіметтік емес ұйымдардың адам құқықтары саласындағы құқықтық негіздері

БҰҰ-ның бейбітшілікті қамтамасыз етудегі немесе басқа да халықаралық деңгейдегі науқандарының ең түпкі мақсаттары - адам құқықтары мен еркіндіктерін қорғау болып табылатыны сөзсіз. Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары саласындағы жүйесі үш жыл көлемінде қалыптасқан еді ( 1945-1948 жж. ) . БҰҰ-ның Жарғысы бекітілгеннен кейін, институциональды деңгейде адам құқықтары саласындағы мәселелерге байланысты негізгі мекемелер мен арнайы агенттіктер құрылған болатын. Осы мекемелердің адам құқықтары мен еркіндіктерін қорғауды қалыпты қамтамасыз етуі үшін, адам құқықтары жөніндегі қосымша конвенциялар арқылы толықтыру көзделді. 1945 жылдың Сан- Францискіде (АҚШ) қол қойылған БҰҰ-ның Жарғысы - адам құқықтары мен еркіндіктерін баршаның тарапынан құрметтеу мақсатына негізделіп жасалынған алғашқы халықаралық келісім шарт. Халықаралық ұйым жағынан адам құқықтарын халықаралық деңгейде қорғау идеясы, бірнеше ғасырлар бұрын, әлемнің әр түкпірінде пайда болған «фәлсәфәлік» әлеуметтік және саяси қозғалыстар мен әртүрлі заңдық тұжырымдар негізінде туғаны белгілі. Алайда, көптеген себеп - салдарларға байланысты, ұзақ уақыт бойы қарапайым декларациялық үндеулермен шектеліп келді. Осыған қарағанда БҰҰ-ның Жарғысы өзінің үшінші тармағының бірінші бабында және 55-бапта «нәсіліне, жынысына, тіліне және діни сеніміне қарамастан, баршаның адам құқықтары мен еркіндіктерін құрметтеу, осы құрметті өзінің мақсатына жетудің негізі деп білу» ұйымның міндеті деп бекітеді. Жарғының инновациялық қалпы мақсаттарды қарапайым жариялаумен шектелген жоқ. Бұйрық рай күйінде жазылған 55-бап, «адам құқықтарын жалпының құрметтеуі мен сақтауын» қамтамасыз етуге БҰҰ міндетті деп көрсетеді. Осы міндетті орындау мүмкіндігі үшін Жарғы тарапынан БҰҰ-на нақтылы билік пен әдіс-тәсілдерін айқындап көрсетеді. Мұны негізінен үш тұжырыммен белгілеуге болады: «зерттеу», «тексеру», «ұсыныс». Сайып келгенде, БҰҰ осы билік пен әдіс-тәсілдер негізінде, ұйым шеңберінде жобаланған адам құқықтары жөніндегі халықаралық келісім шарттарды, мүше мемлекеттердің бекітуіне ұсыныс жасау мүмкіндігіне ие болады. Осыған орай адам құқықтары саласында ұсыныс жасау - БҰҰ-ның басты құралы. Ұсыныстардың нақтылы келісім шарттардан айырмашылығы, олар мүше мемлекеттер үшін заңды міндеттеме күшіне ие емес. 1 Жарғының 56-бабын ескеретін болсақ, онда ұсыныстарды міндетті түрде жан-жақты әділ тексеруден өткізіп, оларға оң көзбен қарауды құптайды. Бұл бап адам құқықтары саласындағы мақсаттарға да жету үшін мемлекеттерді бірігіп немесе жеке түрде БҰҰ-мен ынтымақтасуға іс-әрекеттер жасауға міндеттейді. Керісінше жағдайда, БҰҰ -ның ұсыныстарын орындамау, 56-бапқа қайшы деген бас келісім жасалынған. Бұл бап апартеидтік жүйені қолдамау жөніндегі БҰҰ-ның қаулы-қарарлары кей жағдайда жеке мемлекеттер жағынан қолдау таппауының нәтижесінде жасалынған болатын. Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ-ның ұсыныс күйінде берілген нақтылы міндеттемелерінің өсуі қарапайым халықаралық заңдарды күшейте түскендігін атап өту қажет. Мұны 1948 жылы дүниеге келген «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының» бірнеше тармақтарынан көруге болады.

Соған қарамастан, осы міндеттемелер БҰҰ-ның ұсыныстарына тек оң көзбен қарау керек дегенмен шектеліп қалмайды. Бұл міндеттемелер әр елдің өз әдіс-тәсіліне, ерекшелігіне сай адам құқықтары мен еркіндіктеріне байланысты ұлттық заңдарды сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де БҰҰ-ның басшылығынсыз-ақ дамыта түсуге міндеттейді. 56-бап адам құқықтары саласында халықаралық ынтымақтастықты кеңейте түсу үшін, мемлекеттердің біріге жұмыс жасауын қолдайды. Осыған орай бірқатар негізгі аймақтық ұйымдардың, яғни Еуропалық Кеңестің, Американдық Штаттар ұйымы және Африкандық Одақ ұйымы қызметтері адам құқықтары мен еркіндіктерін қорғауға және қамтамасыз етуге арналған. Адам құқықтарына байланысты БҰҰ-ның заңды шаралар қабылдау мүмкіндігін Жарғы жоққа шығармайды. Мұндай шаралар әлемге қауіп төнген жағдайда Қауіпсіздік Кеңесінің де қаулы - қарарларында көрініс табуы мүмкін. Кең көлемде адам құқықтары бұзылған сәтте, соның салдарынан бейбітшілікке қауіп төнетін болса, Қауіпсіздік Кеңесі қандайда бір шешім қабылдайды. Жарғының 94-бабына сәйкес Халықаралық соттың да шешімі адам құқықтары мен еркіндіктерін қорғауға арналуы мүмкін. Тек бүгінгі күнге дейін іс жүзінде сот көлемінде адам құқықтарына байланысты қаралған мәселелер өте аз.

Жарғының осы инновациялық қамтамасыз етілуі, Сан-Францискі мәжілісіне қатысқан барлық мемлекеттердің ықыласымен қабылданып, сонымен қатар кейбір мемлекеттік өкілдер ішінде ақыл-кеңесші ретінде болған үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері жағынан қолдау тапқан болатын. Осының нәтижесінде Жарғының 71-бабын қабылдауға мүмкіндік туды. Бұл бап бойынша толық құқылы үкіметтік емес ұйымдар Экономикалық және әлеуметтік кеңестің, Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының және т. б. ұйымдардың жұмысына Кеңес жағынан кеңесші дәрежесіне алғаннан кейін қатысу мүмкіндігіне ие болған. Әлбетте, Жарғы - құрастырған үкіметтер, жаңа ұйымдар күштерін екі жақты бекітуге, яғни ұлттық егемендік және мемлекетаралық достық қарым-қатынас пен ынтымақтастық арқылы ұмтылды. Басты мақсатты, оның ішінде адам құқықтарын қорғауды орындауды, мемлекеттердің іс-әрекетінде үйлестіруші болып табылатындығы баршамызға мәлім. БҰҰ-ның ережесі - шектелген жүйені болдырмауға бағытталған. Жарғыда көрсетілген ережелер әр елдің ішкі заңдылығына араласпауды қадағалайды. 1948 жылдан халықаралық жағдайдың шиеленісе түсуі, әсіресе «қырғи-қабақ» соғыстың кең етек жая бастауы, БҰҰ қабырғасында адам құқықтары мәселесін талдауды саясаттану деңгейіне әкелді. Бұл кездегі отарлық жүйеге, апартеидке қарсы халықаралық күрестер және әр ұлттың өз мемлекеттік құрылысын өзі таңдауға бет алуы осы саладағы жүйені елеулі либералдандыруға жетеледі. БҰҰ адам құқықтары саласындағы міндеттемелерін де кеңейте түсіп, біршама ережелер көлемін қарады. Жарғыда көрсетілген парықтарды бір жағынан құрметтей келе, екіншіден оны толық көлемде пайдалана отырып, БҰҰ халықаралық әрекет ету құрал жүйесін : үкіметтік баяндамалар, жеке байланыстар, арнайы баяндамаларды жете зерттеу барысында олардың келісім шарттары арқасында қаулы-қарар қабылдау жүйесін құрды. Осы айла- шарттардың міндетті еместік табиғаты өзінің тиімділігін жоғалтпайтындығына көз жеткізуге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық ұйымдар шегіндегі адам құқықтарының халықаралық-құқықтық негізінің құрылуы
Адам құқықтарын қорғау механизімі
БҰҰ қызметіндегі адам құқы мәселесінің қорғалуы
Әйел мәселесінің қоғамның барлық салаларындағы шешілу жолдары
БҰҰ қызметіндегі адам құқы мәселесінің қорғалуы туралы
Қазақстан Республикасы және халықаралық аймақтық ұйымдар -ынтымақтастықтың құқықтық мәселелері
Федерациясымен қарым - қатынастары
Орталық Азия мемлекеттерінің аймақтық қауіпсіздік саласындағы өзара экономикалық жүйесінің қалыптасу негіздерін анықтау
Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы орны
ҚР мен ЕҚЫҰ-ның экономикалық және экологиялық саладағы ынтымақтастығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz