Мемлекет және билік


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе2

Негізгі бөлім2

1 Мемлекет және билік2

1. 1 Билік деңгейлері7

2. Хандық билік8

2. 1 Хан сайлау8

3 Ресей қарамағындағы Қазақстан территориясындағы генерал-губернаторлық билік жүйесі және аға сұлтандар институты9

3. 1 Орта жүз және Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы. 1822 ж. “Сібір қазақтары туралы Жарғы” негізіндегі әкімшілік жүйе12

3. 2 1824 жылғы “Орынбор қазақтары жөніндегі Жарғы”13

3. 3 ХІХ ғ. 60-90-жылдарындағы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік, сот реформалары14

4. Қазақстан - КСРО-ның құрамдас бөлігі. Партия және кеңестер билігі17

5. Қазақстан Республикасындағы Президенттік билік нысаны21

Қорытынды23

Пайдаланған әдебиеттер24

Кіріспе

Қазақ тарихына қалам тартқан ғалымдардың ішінде қазақ халқының өткен жолында мемлекет болды деп айтып та, жазып та жүргендері баршылық. Олар қазақ халқының дәстүрлі саяси-әлеуметтік құрылымын мемлекет деп таниды және қазақ хандығының көшпелілер мемлекеті болғандығына күмән келтірмейді. Бір өкініштісі, Қазақ хандығының немесе оған дейін далалық өлкеде өмір сүрген ұлыстардың ішінде құрылған саяси жүйелердің өмір сүру және өзін-өзі сақтау сияқты мәселелеріне, саяси жүйенің сыртқы және ішкі сипатына терең тоқталып, толғамды айтылған пікір аз.

Адамзат өркениетінің даму жолының негізгі даңғылы және қозғаушы күші болып табылатын мемлекет деген құбылыстың қазаққа қатыстылығы жайында тың және түбегейлі зерттеулер жүргізу болашақтың үлесі болып табылады.

Негізгі бөлім

1 Мемлекет және билік

Мемлекет деген құбылысқа екі түрлі анықтама беруге болатын сияқты: 1) мемлекет дегеніміз, алдымен, қоғамды ұйымдастырушы, реттеуші жүйе; 2) қоғамның ресми билік органдарының және атрибуттарының тұтас жиынтығы.

Егер де адамдар арасында тең дәрежелі және еркін қарым-қатынас қамтамасыз етілсе, меншік түрлеріне және көзқарастарға тиым салынып, қудалауға ұшырамаса, қоғам мемлекеттік басқару жүйесін толық бақылап, жауапқа шақырып отырса, ол қоғам мемлекеттің идеалды үлгісі деп танылады. Қазіргі уақытта саясаттану мұндай қоғамды - азаматтық қоғам деп те атайды. Азаматтық қоғам туралы қиялы ойлар Батыс елдерінде Т. Гоббс шығармаларынан басталады.

«Қоғамдық келісім» - мемлекеттің арқауы. Бұл теория бір жағынан мемлекет қайдан пайда болды деген сұраққа, екінші жағынан мемлекет болашақта қандай болуы керек деген мәселеге жауап береді. Гоббс, Руссо ілімдеріндегі «жеке тұлға», «жеке адам», «табиғи адам» европалық елдердің қажеттілігі туғызған түсініктер. Феодалдық қоғамнан капитализмге, рационализмге ұмтылған Еуропаға «тұлға» қажет болды. Осылай бола тұра «тұлға» туралы түсініктердің мемлекеттің пайда болуын зерделеуге де көмегі тиеді. Мемлекет белгілі дәрежеде азаматтардың өзара келісімінің нәтижесі. Егер қоғамдық топтар мен олардың өкілдерінің арасында келісім /шартты, не шартсыз/ болмаса кез келген мемлекет құлап қалар еді. Бұл әсіресе мемлекеттің ерте кезеңіне қатысты болса керек.

Ш. Уәлиханов «формы нашего общественного развития находятся в том самом безыскусственном периоде, когда они представляют наибольшую аналогию с результатами высшего, культурного развития» дегенде алдымен көшпелі қазақ қоғамының ішкі дамуына қатысты үйлесімді, адамгершілікті нұсқаған.

Егер де адам арасындағы теңдік пен олардың еркіндігі шектелетін болса, ол қоғамды демократиялық, либералдық, авторитарлық, тоталитарлық т. б. атайды. Билік жүргізудегі бұл аталған функционалдық ерекшелік - қоғамдық билік жүргізудің әдіс-тәсілі, түрі мемлекеттің қандай дәрежеде екендігін ашып береді. Биліктің қалыптасқан нұсқалары қай елдің болмасын әлеуметтік - этникалық даму шамасын аңғартады. Әр халық өз шаруашылық, әлеуметтік, тіпті психологиялық деңгейінде сай билік жүйесін өмірге әкеледі. Шаруашылық-әлеуметтік дамуы артта қалған ел, әрине биліктің азаматтық қоғамға тән заңдылықтарын қабылдай алмайды. Оның бір мысалын біз өзіміз бастан өткерген «социализмге өту» тәжірибесінен көреміз.

Еуразия көшпелілері немесе қазақ халқы өмірге әкелген мемлекеттер азаматтық қоғам деңгейіне, тәртібіне жақын. Көшпелілердің ішкі әлеуметтік жүйесіндегі туыстыққа негізделген тұрақтылық пен үйлесімділік (гармония) мемлекеттің өміршеңдігінің кепілі, ал еркіндік принципі бұл мемлекеттердің дағдарысына себепкер. Азаматтық қоғам туралы пікірлер мен тұжырымдар жаңа қалыптасып, көшпелілердің ішкі құрылымдық жүйесі зерттелінбей тұрған осы алмағайып уақытта ол екеуін салыстырып, ұқсастық іздеу мүмкін болған жоқ.

Қазақ ғалымдарының ішінен бұл мәселені әлі күнге Шоқаннан асырып зерттеген адам жоқ. Ш. Уәлиханов қазақ халқының қоғамдық даму деңгейін мәдениеттің ең жоғарғы нәтижесімен салыстыруға болады дейді. Бұл ерекшеліктің түпкі себебі рулық құрылымда жатыр. Шоқан пікірінше ел тағдыры «рулық құрылымдық ортаның, табиғат пен ауа райының, жердің, яғни физикалық және әлеуметтік шарттардың бірлескен әсері арқылы жасалады». Туыстық - рулық қарым-қатынастар қазақ қоғамын азаматтық қоғамның деңгейіне көтереді: « . . . форма отношений орд к ордам и родов одной орды между собою соответствуют правам кровного братства, а отношения родов к своей орде - отношению сына к отцу, а старшему роду старшей орды - отношением племянника к дяде . . . »1.

Туыстық жүйеге негізделген азаматтық қарым-қатынастар қазақ қоғамының ішкі әлеуметтік қайшылықтарын шектеп, реттеп отырды. Саяси жағынан бұл қатынастар қазақ қоғамының тәуелсіздігінің кепілі болды. Белгілі зерттеуші М. Красовский осы мәселені аңғарып - «егер біз Орта Азияға әскери жорық жасасақ онда өзімізге, яғни басып алушыларға ниеттес адамдарды кедейлердің, еңбекшілердің, хандардан зардап шеккендердің арасынан тауып алар едік, ал қазақ қоғамы тең дәрежелі және ішкі қанау болмағандықтан ол жерде өзімізге тілектес адам табылмайды» деп жазды2. Осы себептерге байланысты Ресейдің Қазақстанды бағындыруы жүз елу жылға созылды да, ал Орта Азияны жаулап алу бар - жоғы бірнеше жылда іске асты.

Екінші бір методологиялық әлсіздік - мемлекет туралы айтылған немесе жазылған пікірлерде қоғамның билік жүргізу жүйесін, оның әртүрлі атрибуттарын (мәселен, сот, прокуратура, әскер, қазына т. б. ) зерттеу және түгендеу басым да, ал мемлекеттің реттеуші-ұйымдастырушы жүйе екендігі әлсіз көрсетіледі. Осыдан келіп көшпелілерден, немесе қазақтың ХV-ХVІІІ ғғ. тарихынан батысқа (отырықшыларға) тән атрибуттарды кездестіре алмағаннан кейін «көшпелілерде мемлекет болған жоқ және болуы мүмкін де емес» дейтін теріс пікір туындайды.

Біздің қоғамдық санада мемлекет Қазақстан жерінде Көне Түрік қағанатынан, немесе Қарахан дәуірінен бастап қана қалыптасып өмір сүрді делінетін пікір қалыптасқан. Бұл пікірдің екі осал тұсы бар: біріншіден, түрікке де, қарахандарға да Орталық Азияның отырықшы-көшпелі елдерінің тарихын ортақ санайды, екіншіден, ғалымдарымыздың мемлекет тарихын Түрік дәуірінен бастауына «түрік қағанаты феодалдық қарым-қатынас орныққан орта болды» делінетін дәлелсіз пікір кінәлі. Осыған байланысты біз төмендегі жайдың басын ашып алуымыз керек: Түрік қағанатының өзіне дейін өмір сүрген Ғұн немесе Сақ этносаяси құрылымдарынан айырмашылығы қай жерде? Ерте көшпелілерден орта ғасырлар көшпелілерінің шаруашылық-қоғамдық дамуы ерекшеленбейді. Егер Қарахан мемлекеті туралы айтар болсақ, оның негізгі территориясы Орта Азияға қатысты болуы туралы не айтуға болады? Қарахан мемлекеті көшпелі қарлұқ руларының Орта Азияның отырықшы өлкесін жаулап алу барысында пайда болған симбиозды мемлекет болуы да ғажап емес. Осы тұрғыдан Қарахан мемлекеті мен Хорезмшахтар мемлекетінің арасында ұқсастық мол.

Орта ғасырларда жалғыз қарлұқтар емес, ғұндардан бастап қазақ-өзбек тайпаларына дейін отырықшы өлкелерді жаулап алу барысында жаңа мемлекеттердің пайда болуына себепкер. Жалпы Еуразиялық өлкедегі ірі мемлекеттердің көпшілігі көшпелілердің отырықшыларды бағындыруы барысында туды деп айта аламыз.

Мемлекет және билік туралы классикалық әдебиет биліктің, яғни басқарудың, екі түрі бар деп есептейді. Оның бірі - монархиалық, екіншісі - республикалық. Біріншісі жеке адамның, немесе белгілі бір әулеттің, шексіз билігіне негізделсе, екіншісі - халықтың өзін-өзі басқару институттарына арқа сүйейді. Басқарудың екі жүйесінде де толып жатқан ерекше формалары кездеседі. Мәселен, монархияның тарихи түрлерінің өзі бірнешеу. Конституциялық монархия әлі күнге дейін әлемнің әр тарабынан кездеседі (Англия, Швеция, Жапония т. б. ) . Республикалық басқару жүйесі де өзінің тарихи түрлерінен бастау алып қазіргі уақытта парламенттік және президенттік нұсқаларымен жиі кездеседі. Ал қазақ қоғамының, немесе көшпелілердің, басқару жүйесін біз осы белгілі екі жүйенің қайсысына жатқызамыз?

Ғылымдағы классикалық көзқарастарға сүйенсек биліктің ең негізгі белгісі - басқару аппараты. Бұл ұғымның ішінде дәстүрлі қазақ қоғамынан шам алып іздесең таба алмайтын әкімшілік-территориялық жүйе, күшті орталық билік, мемлекеттік алым-салық жүйесі, және оны іске асыратын фискалдық чиновниктер, әскери және қауіпсіздік қызметі сияқты толып жатқан билік жүйесінің құрамдас бөліктері мен тетіктері. Бір сөзбен айтқанда билікке қажетті атрибуттар. Сырттай қарағанда қазақ қоғамында монархиялық биліктің нұсқасы бар сияқты көрінеді. Себебі қоғамның ішінде «ақ сүйек» атанған және қара халыққа қарағанда ілкі артықшылықтарға ие әлеуметтік топ бар. Қазақ айтады «хан баласы көпір болса, аяғыңмен басып өтпе» деп. Ерте заманда алдынан төре шықса қара халық «алдиярлап» алыстан сәлем етеді, төренің алты жасар баласына алпыстағы қариясы тұрып төрден орын береді, құн төлесе қара халықтан жеті есе асырып жібереді. Бірақ осының бәрі мемлекет тарапынан қадағаланып, белгілі бір қызмет орындарының талап етуімен жасалмайды. Халықтың әдет-ғұрпы, дәстүрі, өз қалауы бойынша ерте замандардан қалыптасқан дағды есебінде жүреді.

Кез келген қазақ хан мен сұлтанға өкпелеп «мен өзге жаққа кетемін» десе, оны бөгейтін күш те мемлекет те табыла қоймайды. Ондай жағдайда ара ағайындыққа елдің билері, ақсақалдары жүреді, солардың айтқан үгіт-насихаттары мен уәждері ел мен билік иелері арасындағы дау-дамайды шешіп жатады. Қазақтың тарихында алтын таққа көтеріп, төбесіне тұтып отырған хандарын айдалада «жер ортасы Көктөбеге» тастап, өздері көшіп кеткен уақыттары да болған. Еңсегей бойлы Ер Есім сияқты хандарына:

Ат құйрығын кесермін,

Ат сауырысын берермін,

Алыста дәурен сүрермін,

Қарамасаң, ханым, қарама,

Сенсіз де күнімді көрермін, - деуші Жиембет сияқты қыңыр ерлер де аз болмаған3. Бұл ХVII ғасырдың басында болған оқиға, ал XVIII ғ. соңында «аруақ қонды, жұлдызы жанды» деп, ортасына алып әлпештеп отырған Абылайды Орта жүздің «Бес мейрам» одағы бір қара қазақтың қанына бола Түркістанға өкпелетіп жіберген. Абылайдың ақ ордасын Бекболат би бастап шабамын деп биліктің шырқы кеткен. Абылайға көнбейміз деп Қырық сан Барақ сұлтанның баласы Бөкейді тайға мінгізіп, тепеңдетіп алып келіп «келте хан» қылған. Ресей патшалары көшпелілердің сепаратистік пиғылын қолдап, қазақтың хандық билігін әлсірету үшін қолданып отырған.

Жаугершілік заманда төрелердің жанында төлеңгіттер жиналады, ол бір жағынан әскери қосын, бір жағынан нөкер, бір жағынан хан-сұлтанның шаруасын, елшілігін атқаратын адамдар. Ресейде Иван Грозный тұсында қалыптасқан дворяндық сословиенің қазақ қоғамындағы төлеңгіттерден айырмашылығы шамалы. Тек Ресейде орталық биліктің күшеюіне байланысты дворяндық билік мансапқа айналды. Жаугершілік тұсында сырттан түскен тұтқынның көпшілігі “төлеңгіт” атанып кетеді, құлдарды азаткер қылса, олар да төлеңгіт қатарына қосылады, өзге елді шауып-шаншып айдап келсе, олар бала-шағасымен төлеңгітке кіреді (мәселен Абылай заманында Алатаудан қырғызды көшіріп, «бес үй батыр басына» деп қазағына үлестіріп жіберген) . Сонымен қатар бірлі-жарым іргесі бос, ағайыны момын, малына билігі болмаған қазақ та пана іздеп келіп төренің қолтығына кіреді. Елдігін сақтағасы келген қазақ төреден сәл алысырақ отырады, ақсақалдары жас билерге ”төремен алыстан сыйлас” деп ақылдарын айтып жатады.

Хан-сұлтанның қасына жаугершілік уақытта жиналған төлеңгіт қауымы бейбітшілік болса қара қазаққа еріп, әр қайсысы өздерінше ру құрып, немесе іргедегі қазақтың руларына сіңіп кетіп жатады. Сондықтан төлеңгіттерді де мемлекеттің, немесе мемлекет билігін іске асырушы ”ақ сүйек” топтың басқару функциясын іске асырушы тетік есебінде қарастыруға мүмкіндік бар.

Жаугершілік тұсында қазақ рулары жауға жеке-жеке жем болмас үшін, басын қосып, екі тізгін бір шылбыр өзіңде, шыбын жаным құрмалдық деп, бас билігін хандарына-сұлтандарына тапсырады, бірақ тек жаугершілік кезінде ғана. Жаудың бетін қайтарып жан тыныштанғаннан кейін тәубесін ұмытып, ханға түсін суытып, өкпелеп, іргесін көтеріп шыға келеді. Бұл халықтың да мінезі емес, жалпы көшпелі өмір салты, шаруашылығы туғызған дағды. Тіршілігі мал болғандықтан, малдың пайдасына бола ойға-қырға көшіп жүру мәжбүрлік. Сондықтан қазақ қоғамындағы билік дәстүрлері өзге елдерден, әсіресе отырықшылардан ерекше болуы заңды. Көшпелілердегі билік институты бір қолға, мысалы хандардың қолына, жинақталуы мүмкін емес. Ол билік өздерінің ортасынан шыққан билерінде де шамалы, себебі олардың өздері де ел ортасындағы беделді ақсақалдармен кеңеспей бір шешімге келе алмайды. Осы себептерге байланысты түр-сипаты жағынан қазақ билігін тепе-тең билік деп атауға болады.

Қазақ қоғамының негізі рулардан құрылатыны белгілі. Әр рудың қоғамда алатын орнын, өзара қарым-қатынасын туыстық жүйе реттейді. Шын болсын, өтірік болсын рулардың бәрі бір-біріне туыс, бірі үлкен, бірі кіші. Қазақтың ”жол” тәртібі осы туыстық заңына бағынышты болған себепті, небір алқалы жиындарда, жауға қарсы тұрғанда ”ағалы-інілі” тәртібін қолданады. Үлкен ру конфедерацияларының өзі де туыстық жүйемен жинақталады, тіпті жүздерінің атаулары да ”ұлы”, ”орта”, ”кіші” делініп бір атадан тарағандыққа меңзейді. Шынтуайтына келгенде бүкіл қазақ-үйсін, дулат, қаңлы, қыпшақ, арғын, найман, керей, алшын сияқты ертеде мемлекет болған, тарихта егеменді ізі сайрап жатқан ірі ру одақтарынан құрылады. Бірақ Қазақ хандығы деген мемлекетті ХV ғасырдың ортасында құрған уақытта ақсақалдары бар, билері мен хандары бар, өзара ақылдасып барып, бір атаның баласындай болайық, бәріміздің түбіміз бір Алаша хан, соның үш баласынан тараған ел-жұрт болайық деп уағда байласқан. Біз сол нұсқамен әлі де өмір сүріп жатырмыз. Қоғамның тірегі, өзегі туыстық қарым-қатынастар болғандықтан, әр ру өзін-өзі басқарып, хандық биліктің күшеюіне жол бермей келгендігі осы.

Теориялық жағынан алғанда бұл ерекшелік әлі зерттеліп болмағандықтан, тарихшылардың алдында мәселе көп. Мемлекеттің қалыптасуын тек әлеуметтік-экономикалық факторлардан ғана іздемей туыстық жүйенің тарихын ескерген жөн4.

1. 1 Билік деңгейлері

1. Ақсақал билігі - ата баласының ішінде жүреді. Неке мен отбасы, жақын туыс ағайын арасы, мұрагерлік пен енші т. б. мәселелерді шешуге хақылы. Ақсақалдар бір ата баласы ішіндегі дауда кінәлі жақты жазалауға да хақылы.

2. Рулы елдің билігі - сол елдің ішінен шыққан көсемге тапсырылады. Ол не өз қасиетімен, не аталарынан жеткен мұрагерлікпен билік жүргізеді. Ру биі рулы елге иелік жасайды, дау шарына төрелік айтады, ағайынды бір-бірімен табыстырады. Сол рулы елді өзге жерде қорғайды, намысын жыртады. Жақсы би өз руын өрге сүйрейді, өз бас бұзарын өзі жазалайды.

3. Ұлыс биі-бірнеше руға иелік етеді, ұлыстың/жаугершілік жағдайында кемі 10 мың жігіт шығара алатын одақ, бас билігі, сыртқы саясаты ұлыс сұлтанының қолында/шаруашылық және әлеуметтік өміріне басшылық жасайды. Сол ұлысқа ие болып отырған ханның, не сұлтанның ақылшысы, сүйеушісі болады. Ірі-ірі кеңестерде, ”Жарғының” жиналыстарында ұлыс елдің намысын қорғап, немесе елдің ішкі және сыртқы жағдайына қатысты қабырғалы кеңес айтады.

4. Орда биі-тұтас жүздің басшысы, кемеңгер ел басының қызметі, би атағының ең биік деңгейі. Орда биі жалпы халықтық мәселелерді шешуге, өзге елдермен қарым-қатынас ісіне тікелей қатысады. Орда биі мемлекеттік ”Жарғының” құрамына енеді, яғни сыртқы және ішкі саясатқа ықпалы мол, ханды тежеуге немесе қамшылауға, не жауапқа тартуға хақылы. Орда билері хандық биліктің осал кезінде ел татулығын, бірлігін ұстап тұруға жауапты.

5. Хандық билік-хан немесе ұлыс сұлтаны тарапынан жүргізіледі. Биліктің бұл деңгейі жаугершілік тұсында аса көтеріледі және ”Жарғының” шешімімен хан немесе ұлыс сұлтаны өз бетімен сыртқы саясатты жүргізуге мүмкіндік алады. Ішкі саясат мәселесінде ел ішіндегі билердің алдынан бітпеген даулар немесе ұлыс сұлтандары арасындағы даулар хан алдына барады. Әр даудан, хан қатыссын мейлі, қатыспасын, жауапкердің есебінен кесілген мал мен мүліктің 10 пайызы ханға олжа /”хандық”/. Сыртқы елдермен арадағы елшілік, сүйек жақындық /қыз беру, қыз алу/, жаугершілік пен бітім тікелей ханның, не ұлыс сұлтанның басшылығымен жасалады. Төре тұқымының ішкі әулеттік даулары хан алдында тарайды, қара қазақ баласы ”хан баласы көпір болса басып өтпе” деп қабыл алса, кез-келген дауды төре алдына алып барып шешуге мүмкіндігі бар.

6. Қаз (мәслихат, жиын) - бүкіл қазақ елінің бас қосқан кеңесі. Ел басына түскен өте ауыр, даулы, жауапты мәселелерді талқылауға үш жүздің бас көтерер азаматы (бес қаруымен ат-сайманы бойында) түгел қатысады. Көрші елдермен соғысу, не одақтасу, не мойынұсыну т. б. бойынша шешімде бекітуге тек ”Қаздың” (мәслихат, жиын) ғана деңгейі келеді. ”Қаз” (мәслихат, жиын) бекітпесе хан мен сұлтан болса да, елдің беделді билері болса да биліктері заңсыз деп табылады.

2. Хандық билік

Қазақ билік жүйесінде мұрагерлік және сайланбалы қызмет қатар қолданылады.

Хан сайлаудың шарты елдің ең белгілі көсемдерінің ақ кигізге хан тағына үміткерді көтеріп, елді аралатып бір биікке шығаруы.

Екінші шарты ханға үміткерді боз биенің сүтіне шомылдыру.

Хан сайлауға қатысушылар ақ кигізді қылдай қылып бөліп алады.

Ханға жақын адамдар оның киімін алады.

Хан сайлаудан қайтқан ел ханның мал дүниесін бөліп, айдап алып кетеді оның орнын толтырып еселеп мал береді /хан талау/.

Ханның ақылшы адамдарын ”нақ” дейді, баласының /мұрагер/ тәрбиешісін ”аталық” деп атайды.

Ханға қарсылық жасаған рулар ”тоғыз” айып төлейді /ханға қарсылық құдайға қарсылық/.

Ханның жеке өз басына қарсылық көрсеткен, тыңдамаған адам тоғыздан айыбын төлейді. Кінәліні мойнына құрым іліп ауыл айналдырады.

Ханның өзі бастап, ұлыс сұлтандары, ел басы билер мен ақсақалдар жыл сайын күз уақытында қазақ даласының орталығына қарай белгілі бір жерде ел мәселелерін талқыға салуы шарт /қазға салу/.

Елдің бас қосқан жиынына /қаз (мәслихат, жиын) / әрбір қазақ бес қаруымен келуі щарт Қарусыз адам дауысқа түспейді, жасы кішілер оған орын бермейді.

Әрбір қару-жарағы сайлы адам /сұлтандардан басқа/ ел қазынасына деп сұлтандар мен хан /елбасы/, жауаптылығына өз меншігіндегі дүниенің, малдың өсімінен 1/20 бөлігін жыл сайын беруі шарт5.

2. 1 Хан сайлау

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конституциялық құрылыс түсінігі ретінде мемлекет тірегін, оның конституциялық мемлекет сипатын қамтамасыз ететін негізгі қағидаларын танимыз
Мемлекеттің типологиясы жайлы
Мемлекет аппараты, тетігі
Мемлекеттің негізгі ерекше белгілері
Мемлекеттің ұғымы және белгілері
Мемлекет саяси жүйе элементі
Мемлекет басқару нысаны
Қазақстан Республикасының мемлекеттінің құрылымы
Мемлекет механизмін ұйымдастыру және оның қызметінің қағидаттары
Мемлекет саяси институт ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz