Экономикалық қылмыстар және заңсыз банктік қызмет қылмысының жалпы түсінігі мен сипаттамасы
ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Экономикалық қылмыстар және заңсыз банктік қызмет қылмысының жалпы
түсінігі мен
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... 4
2. Заңсыз банктік қызмет қылмысының қылмыстық- құқықтық

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
3. Істі қозғау кезеңіндегі тексеру әрекеттері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
4. Типтік ситуациялар және тергеудін бастапқы
кезеңі ... ... ... ... ... ... ... . ... .19
5. Жеке тергеу әрекеттерінің
тактикасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
Кіріспе
Экономикалық қызмет саласындағы кез келген қылмыс — заңды кәсіпкерлік
қызметке кедергі жасау, жалған ақша немесе бағалы қағаз жасау немесе сату,
контрабанда немесе салық төлеуден жалтару және басқалары — белгілі бір
дәрежеде экономикалық қызметпен байланыскан мемлекеттің және өзге де
субъектілердің экономикалық муддесіне қол сұғуымен көрінеді. Нақ осындай
қасиеттерімен ҚР ҚК 7-тарауында көзделген қылмыстарды меншікке қарсы
қылмыстардан айыруға болады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі республикадағы қызметтің
осындай түріне рұксат беретін бірден бір орын болып табылады, Банктік
къізметті (банктік операцияларды) лицензиялау тұтынушылардың мүдделерін
қорғауды қамтамасыз ету, халыққа қызмет көрсету сапасын көтеру мақсатында
жүргізіледі.
Сөйтіп, банктік операцияларды жүргізу құқығына кез келген меншік
түрінде құрылған, тиісті тіркеуден өткен және арнаулы рұқсатқа (лицензия)
ие болған банктер мен өзге де қаржылық мекемелер ие болады. Банк деген
ресми мәртебесі жоқ бірде бір занды тұлға өзін өзі банк деп атай алмайды
немесе өзінің айналысатын ісіне банктік қызмет сипатын бере алмайды.
Банктік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
лицензиясында банктік операциялардың нақты тізімі, сондай-ақ банктік
операция жүргізілетін валюта түрі көрсетілуі тиіс.
Субъективтік жағынан бұл қылмыс касақаналықпен жасалады. Кінәлі
банктік қызметті (банктік операцияларды) тіркеуден өткізбей немесе рұқсат
(лицензия) алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз)
немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыратынын, егер осы әрекет
азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс
табумен байланысты әрекет жасайтынын үғынады және осындай қылмыстық
зардаптардың болуын тілейді.

түсінігі мен сипаттамасы
Экономика саласындағы басымды бағыт ретіңде мыналарды атауға болады:
нарық қатынастарының басты субъектілері ретінде тұтынушылардың мүдделерін
қорғау; кәсіпкерлік пен өзге де экономикалық қызметтердің еркіндігін
камтамасыз ету; нарықтық бәскелестік жағдайдағы оның қатысушыларының тең
құқылығы; азаматтық айналымның тұрақтылығы мен төлем тәртібін сақтау.
Экономика саласындағы қылмыстар болып, лауазымды және өзге де адамдардың
экономикалық қызметтің қалыпты тәр-тіппен жүргізілуін қасақана бұзуымен
көрінетін экономикалық мүдделерге қылмыстык заңмен көзделген қол
сұғушылығы.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстың қоғамдық қауіптілігі осындай
қол сұғушылық нәтижесінде экономикалық қызметпен байланысқан мемлекеттің
экономикалық мүдделері мен өзге де субъектілерге елеулі залал келтіріп қана
қоймай, сонымен бірге мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне қауіп
төндіруімен көрінеді.

Осы тарауға кіретін қылмыстардың тектік топтық объектісі заңға
негізделген экономикалық қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық
қатынастар болып табылады.
Осы қылмыстардың тікелей объектісі ретінде экономикалық қызмет
барысында қалыптасатын және осындай қызметтің нақты бір түрін реттейтін
нақты қоғамдық қатынастар көрінеді (мысалы, кәсіпкерлік қызмет саласында
экономикалық қызмет субъектілерінің құқықтары мен мүдделері қорғалады - ҚР
ҚК Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау 189-бабы, не тұтынушыларды —
ҚР ҚК Тұтынушыларды алдау 223-бабы). Экономика саласындағы басымды бағыт
ретіңде мыналарды атауға болады: нарық қатынастарының басты субъектілері
ретінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау; кәсіпкерлік пен өзге де
экономикалық қызметтердің еркіндігін қамтамасыз ету; нарықтық бәскелестік
жағдайдағы оның қатысушыларының тең құқылығы; азаматтық айналымның
тұрақтылығы мен төлем тәртібін сақтау. Экономика саласындағы қылмыстар
болып, лауазымды және өзге де адамдардың экономикалық қызметтің калыпты
тәртіппен жүргізілуін қасақана бұзуымен көрінетін экономикалық мүдделерге
қылмыстық заңмен көзделген қол сұғушылығы.

Қарастырып отырған қылмыстардың объективтік жағы экономикалық
қызметтің белгіленген тәртібін бұзудан тұратын қоғамға қауіпті іс-әрекетпен
(әрекет немесе әрекетсіздік) көрінеді. Экономикалық қызметті жүргізу
тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен реттеледі.
Экономикалық қызмет саласындағы нақты қылмыстардың объективтік
жақтарының құрылысына қатысты айтатын болсақ, олар сан алуан сипатқа ие.
Мәселен, кейбір қылмыстардың аяқталған құрамын белгілеу үшін белгілі бір
қоғамға қауіпті зардаптардың болуы талап етіледі (мысалы заңсыз
кәсіпкерлікте — ҚР ҚК 190-бабы, жалған кәсіпкерлікте — ҚР ҚК 192-бабы,
несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану — ҚР ҚК 194-бабы, көрінеу
жалған жарнама беру — ҚР ҚК 198-бабы). Өзге жағдайларда қылмыстың аяқталған
құрамының болуы үшін қоғамдық қауіпті зардаптардың болуы талап етілмейді,
накты қьілмыстың объективтік жағын күратын әрекет немесе әрекетсіздік
фактісінің өзі жеткіліктІ (мысалы, заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау
— ҚР ҚК 189-бабы, табиғат пайдалану жөніндегі заңсыз мәмілелерді тіркеу —
ҚР ҚК 225-бабы және басқалары). Экономикалық қызмет саласындағы қылмыс үшін
жауаптылықты белгілейтін бірқатар нормалардың диспозициялары (мысалы,
зансыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру — ҚР ҚК
193-бабы, монополистік іс-әрекеттер және бәсекені шектеу — ҚР ҚК 196-бабы)
нақты бір қылмыс белгілері жоқ, басқа нормативтік актілерге сілтеме
жасайтын бланкетті болып табылады (мысалы, азаматтык заңнамаға, ҚР
Президентінің Жарлығына, ҚР Үкіметінің қаулыларына, нұсқауларға және
басқаларға). Мұндай қылмыстық құқықтық нормаларды қолдануда қылмыстық заң
нұсқауларында немесе Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік
актілерінде бұзылғандардың болмауын анықтап алу керек.
Қазақстан Республикасының Конституциясы экономикалық қызметтің, оның
ішінде кәсіпкерлік қызметтің еркіндігіне кепілдік береді. Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінде жария етілген және бекітілген еркін
экономикалық қызмет пен бірге, заң шығарушы экономикалық қатынас
катысушыларының құрамын анықтайды. Олардың бәрі де осы қылмыс нәтижесінде
пайда болған зардаптарға байланысты дербес шешім қабылдап және тиісті
жауаптылыққа ие болуы тиіс.
Осы тарауда қарастырылып отырған барлық қылмыстардың субъективтік
жақтары кінәнің қасақаналық түрімен (тікелей және жанама ниет) көрінеді.
Экономика саласындағы қылмыстарды жасау кезіндегі себеп пен мақсат әртүрлі
болуы мүмкін, алайда олар жасаған әрекеттері үшін соттың жаза тағайындауы
кезінде ескерілуі тиіс.
Қылмыстың субъектісі қылмыстың жасалған кезінде 16 жасқа толған
лауазымды және өзге де (жеке) тұлға болуы мүмкін. Лауазымды адамдар
ұғымының мазмұны ҚР ҚК 307-бабындағы ескерту бөлігінің 3-тармағында
ашылған. ҚР ҚК 193-бабы 3-бөлігінің а-тармағында және 209-бабы 3-
бөлігінің а-тармағында көзделген сыбайлас жемқорлықта мемлекеттік қызмет
аткару өкілеттігі берілген немесе соған теңестірілген адамдар көрі-неді.
Белгілісі, экономика саласындағы қылмыстар құрылысының негізіне
қылмыстық қол сұғушылықтың тікелей объектісі алынған.
Экономикалық қызмет саласындағы барлық қылмыстар мынадай топтарға
бөлінеді:
- кәсіпкерлік және банктік қызмет саласындағы қылмыстар:
занды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау — ҚР ҚК 189-бабы; заңсыз
кәсіпкерлік — ҚР ҚК 190-бабы; заңсыз банктік қызмет — ҚР ҚК І91-
бабы; жалған кәсіпкерлік — ҚР ҚК 192-бабы; заңсыз жолмен алынған ақша
қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру — ҚР ҚК 193-бабы; несиелік
берешекті өтеуден әдейі жалтару — ҚР ҚК 195-бабы; коммерциялык. немесе
банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу мен жария ету — ҚР ҚК 200-
бабы; акцизделетін тауарларды акциздік алым маркасымен таңбалаудың
тәртібі мен ережелерін бұзу, акциздік алым маркасын қолдан жасау және
пайдалану — ҚР ҚК 208-бабы; банк операциялары туралы көрінеу жалған
мәліметтер беру — ҚР ҚК 219-бабы; банктің ақша қаражатын заңсыз
пайдалану — ҚР ҚК 220-бабы;
- банкроттық жағдайындағы заңсыз іс-әрекеттер — ҚР ҚК 215-бабы; әдейі
банкроттық — ҚР ҚК 216-бабы; жалған банкроттық — ҚР ҚК 217-бабы;
- несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану — ҚР ҚК 194-бабы;
бағалы қағаздарды шығару (эмиссия) тәртібін бұзу — ҚР ҚК 202-бабы; бағалы
қағаздарды ұстаушылар тізіліміне көрінеу жалған мәліметтер енгізу — ҚР ҚК
203-бабы; бағалы кағаздармен жүргізілетін операциялар туралы
көрінеу жалған мәліметтер беру — ҚР ҚК 204-бабы; бағалы кағаздармен
операциялар жүргізу ережелерін бұзу — ҚР ҚК 205-бабы; жалған ақша немесе
бағалы қағаздар жасау немесе сату — ҚР ҚК 206-бабы; жалған төлем
карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату
— ҚР ҚК 207-бабы;
- экономикалық контрабанда — ҚР ҚК 209-бабы; кеден төлемдері мен
алымдарын төлеуден жалтару — ҚР ҚК 214-бабы;
- шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау — ҚР ҚК 213-бабы;
- бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу — ҚР ҚК 218-бабы; азаматтың салық
төлеуден жалтаруы — ҚР ҚК 221-бабы; ұйымдарға салынатын салықты төлеуден
жалтару — ҚР ҚК 222-бабы;
- тұтынушыларды алдау — ҚР ҚК 223-бабы; заңсыз сыйақы алу — ҚР ҚК 224-
бабы; монополистік іс-әрекеттер және бәсекені шектеу — ҚР ҚК 196-бабы;
көрінеу жалған жарнама беру — ҚР ҚК 198-бабы; тауарлық белгіні заңсыз
пайдалану — ҚР ҚК 199-бабы; кәсіптік спорт жарыстарының және ойын-сауықтық
коммерциялық конкурстардың катысушылары мен ұйымдас-тырушыларын сатып алу —
ҚР ҚК 201-бабы; мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету —
ҚР ҚК 226-бабы; компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды
бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату — ҚР ҚК 227-бабы.
2. Заңсыз банктік қызмет қылмысының қылмыстық- құқықтық сипаттамасы
ҚР ҚК 191-бабындағы қылмыстық-құқықтық норма заңсыз кәсіпкерлік үшін
жауаптылық туралы жалпы нормамен салыстырғанда арнаулы болып табылады. ҚР
ҚК 191 -бабында көзделген қылмыс банк қызметінің белгіленген тәртібіне қол
сұғады, қаржы-несие қатынастары саласындағы ережелерді бұзады.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың банктік қызметі міндетті түрде мем-
лекеттік тіркеуге жатады. Банктік қызмет Қазақстан Республикасы Пре-
зидентінің 1995 жылғы 31-тамыздағы (кейінгі өзгертулері және толықтыру-
ларымен) Банк және банк қызметі туралы Жарлығымен, Қазақстан Республикасы
Президентінің 1995 жылғы 30-наурыздағы Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі туралы заңдық күші бар Жарлығымен, 1996 жылғы 27-қыркүйектегі
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бүркенші есепшоттар
мәселесі бойынша өзгертулер енгізу туралы Заңымен реттеледі.
Бұл қылмыстың тікелей объектісі заңға негізделген қалыпты банктік
қызметті жүзеге асыруға байланысты қаржы-несие қатынасы саласындағы
ережелер мен жосықтарды бұзатын қоғамдық қатынастар болып табылады.
Қазақстан Республикасы банк жүйесінің екі деңгейі бар. Жоғарғы
(бірінші) деңгейде мемлекеттің орталык банкі болып саналатын Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі тұрса, төменгі (екінші) деңгейде қалған баска
банктер тұрады.
Банктің ресми мәртебесі Қазақстан Республикасының Ұлттык Банкінің оны
ашу жөніндегі рұқсатымен, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің
банк ретінде занды тұлғаның мемлекеттік тіркеуімен және банктік операциялар
жүргізуге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі лицензиясының болуымен
анықталады. Қаржы мекемесі ретіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі Қазақстан Республикасы Президентінің Банк және банк қызметі туралы
Жарлығының 30-бабындағы тізіммен көрсетілген банктік операцияларды жүзеге
асыруға құқылы.

Банктік қызметті (банктік операцияларды) жүзеге асырудың екінші бір
міндетті шарты заңды тұлғаны банк ретінде немесе банктік мекеме ретінде
тіркеу болып табылады.

Қарастырылып отырған қылмысты объективтік жағы мына төмендегі
белгілердің біреуінің болуымен көрінеді:
- банктік қызметті (банктік операцияларды) тіркеуден өткізбей жүзеге
асыру;
- банктік қызметгі (банктік оттерацияларды) рұқсат (лицензия) алу
міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) жүзеге асыру;
- банктік қызметті (банктік операцияларды) лицензиялау шарттарын бұзып
жүзеге асыру.
Осы баптың диспозициялары бір-біріне бағынышсыз әрекеттердсн тұратын
болғандықтан күрделі болып табылады, сондықтан кінәлінің әрекетін ҚР ҚК 191-
бабы бойынша саралау осы қылмыстың барлық белгілерінің болуын талап
етпейді. Огутай-Банк жеке меншік банкінің директоры Б.-ның банктің жалған
кепілдеме хатын жасау арқылы істеген әрекеті ҚР ҚК 191-бабы бойынша дұрыс
сараланған.
Атап өтетін жай, осы баптың диспозициясында көрсетілген әрекетті жасау
нәтижесінде азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтіру не ірі
мөлшерде табыс табумен ұштасуы керек. Бұл шарттар міндетті болып табылады,
сондықтан мұндай зардаптардың болмауы осы қылмыс құрамының жоқ екенін
білдіреді.
Ірі зиян деп, азаматқа айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асатын
сомада келтірілген зиян, не қылмыс жасалған сәтке Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын сомада
келтірілген зиян танылады (ҚР ҚК 189-бабының ескертуі).
Ірі мөлшердегі табыс деп, бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын
табыс танылады (ҚР ҚК 190-бабынын ескертуі).
Қылмыстың субъектісі 16 жасқа толған, есі дұрыс, жеке адам болып
табылады. Әдетте бұлар — банктің және заңсыз банктік қызметпен айналысатын
банктік емес қаржы мекемелерінің басшылары.

зардаптардың болуын тілейді. Қылмыстың себебі (дәлелі, ниеті) әрқилы болуы
мүмкін. Әдетте бұл қылмыс пайдакүнемдік ниетпен жасалады. Қылмыстың мақсаты
банктік қызмет ережелерін бұза отырып, материалдық пайда табу болып
табылады.
Заңсыз банктік қызмет, егер ол төмендегідей жолдармен жасалатын болса
қылмыстың сараланған түрі деп танылады:
а) ұйымдасқан топпен жасау;
ә) аса ірі мөлшердегі табыс табумен ұштастырып жасау;
б) заңсыз банктік қызмет немесе заңсыз кәсіпкерлік үшін бұрын
сотталған адамның жасауы.
Егер қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен
адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған қылмыс деп
танылады (ҚР ҚК 31-бабынын 3-бөлігі).
Аса ірі мөлшердегі табыс деп, екі мың айлық есептік көрсеткіштен
асатын табыс танылады (ҚР ҚК 190-бабының ескертуі).
Заңсыз банктік қызметі немесе заңсыз кәсіпкерлігі үшін бұрын сотталған
деп, ҚР ҚК 190 және 191-баптарымен бұрын сотталған, сонымен
бірге жалған кепілдеме хатын жасау арқылы істеген әрекеті ҚР ҚК 191-бабы
бойынша дұрыс сараланған.
Заңсыз банктік қызметі немесе зансыз кәсіпкерлігі үшін бұрын сотталған

бірге бұрынғы қылмысы үшін соттылығы заңмен белгіленген
тәртіппен жойылмаған немесе алынып тасталмаған адамды тануға болады.

Қылмыстық істі қозғау кезеңі көп жағдайларда тексеру әрекеттерінен
басталады. Тексеру әрекеттерінің нәтижелері келесідей жағдайларда қылмыстық
істі қозғауға негіз бола алады:
а) мемлекеттік мекемелерде құжаттамалық ревизия жүргізілген және
олардың қорытындыларына байланысты материалдар құқық қорғау оргаңдарына
жіберілген жағдайларда;
ә) жекешелендіру объектілеріне немесе жыл сайын аудиторлық тексеріске
жататын субъектілерге аудиторлық тексерулер жүргізілген және олардың
қорытынды материалдары тиісті оргаңдарға жіберілген жағдайларда;
б) экономикалық және коррупциялық қылмыстар бойынша күрес жүргізу
бөлімшелері тексеру әрекеттерін жүргізген жағдайларда (тексеру
әрекеттерінің нәтижелері қылмыстық істі қозғауға негіз бола алады).
Ревизиялық, аудиттік тексерістер көбіңде жоспарлы түрде жүргізіледі,
тексерудің құрама бөлігін экономикалық және сыбайластық қылмыстармен күрес
жүргізу бөлімшелері жүзеге асырулары мүмкін. Кейбір жағдайларда тергеу
тергеушілердін тапсырмалары бойынша ревизиялық және аудиттік тексерістер
жүргізіледі.
Тексерілетін әрекеттер қылмыстық істі қозғауға немесе оны қысқартуға
сәйкес негіздер беруі қажет. Жоғарыда көрсетілген негіздер болған
жағдайларда қылмыстық істі қозғауға жеткілікті негіздер алу үшін көбінде
тергеу әрекеттері жүргізілмес бұрын, тергеуге дейінгі тексеру жұмыстары
жүргізіледі. Бұл тексеру әрекеттері — ашық немесе жабық түрде жүргізілуі
мүмкін.
Ашық тексеру жұмыстарын - экономикалық және коррупциялык қылмыстармен
күрес жүргізу бойынша жедел-іздестіру қызметкерлермен бірлесе отырып
мамандар, ревизорлар немесе аудиторлар жүргізеді. Оларға мынандай
құзыреттілік берілген: меншік түріне қарамастан кез келген ғимараттарға еш
кедергісіз кіру; меншік иесінің және куәгерлердің катысуымен өндірістік
ғимараттарға (көлік құралдарына, цех, қойма және т.б.) қарау әрекеттерін
жүргізу, куәгерлердің қатысуымен қаржы-несие операцияларына, тауарлы-
ақшалай операцияларға, технологиялық процедураларға қатысты қажетті
кұжаттарды алу; ғимараттарды, кассаларды, қоймаларды, сақтау орын-дарын
мөрлеп жауып кету; материалды жауапты адамдар мен лауазымды және басқа да
тұлғалардан түсініктеме алу; инвентаризация, сондай-ақ ревизия немесе аудит
жүргізу талаптарын қою құқықтары берілген.
Инвентаризация тергеушінің талабы бойынша жүргізілген жағдайларда
міндетті түрде оның қатысуымен жүргізіледі.
Инвентаризация жүргізбес бұрын келесідей дайындык жұмыстары
жүргізіледі:
— инвентаризациялық тексеріске түсетін актілер, журнал-
дар зерттеледі;
* кассалар, койма және сақтау орындары мен ғимараттар
пломбаланып бекітіледі;
* материалды жауапты тұлғалардан түсініктеме алынады;
— қажетті өлшеуіш және басқа да техникалық құралдар ірік-
теліп алынады.
Инвентаризация жүргізген кезде міндетті түрде барлық тауарлы-
материалды құндылықтарды және т.б. есептеп қарап, таразылап, өлшеп тексеру
қажет және оларды инвентаризациялық есептеу актісін құрып сонда белгілеп
көрсету керек.
Инвентаризация қорытындысы бойынша хаттама жазылады.
Тексеру кезінде жедел-қызметкерлері бухгалтерлік құжаттамалар мен
шаруашылық қызметтерді мұқият тексеру қажет деп тапқан жағдайларда, ревизия
немесе аудит жүргізу талаптары қойылады. Ревизия немесе аудит меншіктің
түріне (формасына) байланысты жүргізіледі.
Ревизия дегеніміз - қаржы - шаруашылық қызметті тексеру; халықаралық
шартты тараптардың келісімімен қайта карау.
Ревизия тек мемлекеттік меншіктерді тексеру кезінде ғана жүргізіледі,
ал аудит қалған меншік формаларының барлық түрін тексеруді жүзеге асырады.
Ревизия немесе аудит жүргізу үшін дәлелді қаулы шығарылады және ол
ревизия органдарының немесе аудиторлық компанияның басшысына жіберіледі.
Ревизия - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қаржылық
бақылау комитетімен жүзеге асырылады. Олардың негізгі міндеттерінің біріне
— экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес жүргізетін құқық
қорғау органдарымен бірлесе отырып мемлекетке келтірілген шығын-дардың
орнын толығымен толтыруды, сондай-ақ көзделген мақсатқа сәйкес емес
пайдаланылған бюджеттік қаражаттарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету.
Ревизия жүргізу және тексеру кезінде ревизорлар барлық ғимараттарға еш
кедергісіз кірулеріне және оларға қарау жұмыстарын жүргізуге, кассалар мен
ғимараттарды мөрлеп бекітуге, қаржы-шаруашылық құжаттарды қарап тексеруге,
қажет болған жағдайда оны алуға құқықтары бар. Құжаттарды алу кезінде
міндетті түрде құжатты алу туралы акт жасалады.
Сонымен қатар, ревизорға — ревизия және тексеру жүргізу барысында
туындаған сұрақтар бойынша материалды жауапты тұлғалардың басшыларынан
жазбаша түрде түсініктеме алу; қарсы тексеру жұмыстарын жүргізу; ревизиямен
байланысты басқа мекемелердін, құжаттарымен танысу құқықтары берілген.
Ревизия және тексеру жүмыстарын жүргізу кезінде ревизорлардық
инвентаризация жүргізулеріне құқықтары бар. Ревизия жүргізу барысында
анықталған құқық бұзушылықтар прокурорға жіберуге міндетті актілерден
көрініс табуы қажет. Құқық қорғау органдары мемлекеттік меншікті ұрлау
қылмыстарына байланысты тиісті шаралар қолданбаған және прокурордың
тарапынан әділетсіздіктер болған жағдайларда Қаржылық Бақылау органдары
жоғары прокурорға жүгінеді.
Ревизорлар құқық қорғау органдарының бастамасы бойынша тексеру
жұмыстарын жүргізген кезде құжаттар, инвентаризациялык актілер мен басқа да
құжаттамалар қосымша тіркелетін тексеру қорытындысы туралы есеп (рапорт)
жібереді.
Құқық қорғау органдарының талап етуі бойынша ревизор тексеріс
қорытындысы жөніндегі инвентаризациялық актілер мен басқа да құжаттар
тіркелген есепті (рапортты) жібереді.
Аудиттің ревизиялық тексеріспен ұқсастығы көп. Бірақ, аудит - қаржылық
есептілік пен тіркеуге байланысты тексеріс әрекетін субъектілермен шартқа
түсу негізінде жүргізетін коммерциялық ұйым. Аудит бұл қызметті құкық
қорғау органдарының экономикалық қылмыстарды тергеу кезінде жүзеге асырады.
Аудит — міндетті және бастамашылық аудит болып екі түрге бөлінеді.
Міндетті аудит қызметіне - зейнеткерлік қаржы қорларының, сақтандыру
компанияларының, коммерциялық банктердін есептілігі мен басқа да қаржылық
және шаруашылық тіркеулерді тексеру әрекеттері жатады. Құқық қорғау
органдарының бастамасы бойынша жүргізілетін тексеріс міндетті аудит
қатарына жатады.
Аудиторлардың қажетті құжаттаманы талап етуге және тексеруге; шартқа
түсу негізінде мамандарды тексеріп отырған іске тартуға; аудит жүргізу
әдістерін өз бетімен анықтап белгілеуге құқықтары бар.
Аудитор тексеріс нәтижелері бойынша жасаған қорытындыларын шартқа
отырған субъектілерге немесе аудитті тағайындаған құқық қорғау органдарына
жібереді.
Құқық қорғау органдарының бастамасы бойынша жүргізілетін ревизиялық
және аудиторлық тексерістер қылмыстық істі қозғау, сондай-ақ тергеудің
бастапқы және кейінгі кезендерінде де жүргізілуі мүмкін. Істі қозғау
кезеңінде жүргізілетін ревизия және аудит қылмыстық істі қозғау немесе
тоқтатуға байланысты нақты бір шешім қабылдаудың негізі болып табылады.
Тексеріс әрекеті кезеңінде және тергеудін бастапқы, кейінгі
кезендерінде ревизия және аудиттің көмегімен алынған мәліметтер дәлелдеме
ретінде қолданылады.
Құқыұ қорғау органдарының бастамасымен жүргізілетін ревизия, аудит —
бастапқы, кайталама, қосымша болуы мүмкін.
Тергеудің барысында жүргізілетін бастапкы ревизияны тағайындаудың
негізіне төмендегілер жатады:
• тергеліп отырған іс бойынша жоспарлы ревизиянын жүргізілмегендігі
туралы мәліметтердің болуы;
• айыпкердің негізді (дәлелді) өтініштерінің болуы;
• айыпкердің басқа ұйымдармен қылмыстық байланысының (ашылуы) мәлім
болуы.
Қосымша ревизия және аудит бастапқыда анықталмай қалған сұрақтар
бойынша жүргізіледі. Қосымша ревизия және аудиторлық тексеріс тағайындаудың
негізіне келесілер жатады: бастапкы ревизия мен аудиторлық тексеріс
қаулысындағы бір және сол объектілер бойынша қосымша сұрақтар қоюға немесе
олардың туындауына байланысты косымша объектілерді жіберу.
Жедел-іздестіру қызметкерлері ревизия, аудит тағайындау кезінде
бухгалтерлік құжаттамалардың өзгертілуі туралы мәліметтерге аса көңіл бөле
отырып қылмыс жөнінде негізгі болжаулар жасаулары тиіс.
Қайталама ревизия мен аудит жүргізу үшін қандай да нақты бір негіз
болуы керек. Қайта жүргізу себептеріне - құзыреттілігі жоқ маманның
қатыстырылуы, зерттеу жұмысының үстірт жүргізілуі, қорытындылардың тергеу
және жедел тексерістер материалдарына сәйкес келмеуі, т.б. жатады.
Жабық түрде жүргізілетін тексеріс әрекеттері заң талаптарына сәйкес
жүргізілуі қажет.
Егер жүргізілген тексеріс әрекеттері нәтижесінде материалдық
құндылықтардың жеткіліксіздігі немесе артықтығы туралы; тауарсыз келісім-
шарттар жасау; қаражатты көзделген мақсаттан тыс жұмсау; еңбек ақыларын
төлемеу; бухгалтерлік есептің бұзылуы; бухгалтерлік және басқа да
құжаттардың жалғандығы жөнінде мәліметтер алынса, бұл жағдайлар қылмыс-тық
істі қозғаудың негізі ретінде қарастырылады.
Сонымен қатар, азаматтардың табатын табыстары олардың өмір сүру
жағдайына сәйкес келмеуі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz