АҚШ екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында


ЖОСПАР
Кіріспе2
1-тарау. Америка Құрама Штаттары XX ғасырдың басында3
1. 1 XX ғасырдағы мемлекеттік құрылыс ерекшеліктері3
1. 2 В. Вильсонның саясаты5
1. 3 Ф. Рузвельт және оның «Жаңа бағыты»11
2-тарау. АҚШ-тың әлемдік супердержаваға айналуы18
2. 1 АҚШ екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында18
2. 2 Америка Құрама Штаттары «қырғи қабақ соғыс» жылдарында20
2. 3 Кеннедидің «жаңа көкжиектер» саясаты. Кариб дағдарысы - биполярлық әлем дағдарысы25
2. 4 Америка Құрама Штаттары әлемдегі ең ірі держава28
Қорытынды29
Қолданылған әдебиеттер тізімі31
Кіріспе
Қазіргі әлемнің аса ірі державасы Америка Құрама Штаттарымен жан-жақты қатынастарды дамыту Қазақстанның сыртқы саясатында басым орын алады. Біздің мемлекетіміз үшін Америкамен ынтымақтастық әлемдік қоғамдастықта халықаралық орынды нығайту және ұлттық мүдделерді ілгерілетумен тікелей байланысты болып отыр.
АҚШ-тың жалпы әлемдік процестерге ықпалы сөзсіз. Бұл орасан зор әскери-саяси ресурстарға және экономикалық қуатқа иелік ететін көбінесе ғаламдық процестердің дамуына шешуші ықпал ететін, әлемде стратегиялық тұрақтылықтың жай-күйін көбінесе анықтап беретін мемлекет. АҚШ дербес күш ретінде, сондай-ақ халықаралық ұйымдар туы астында әрекет ете отырып, іс жүзінде планетаның көптеген аймақтарында жанжалдарды реттеуге белсене қатысады. Американың осы заманғы әлемдік экономикаға ықпалы оның ұлтттық экономикасының мөлшері және күш-қуатымен ғана емес, Халықаралық Валюта Қоры, Халықаралық қайта құру және даму банкі сияқты халықаралық институттар, басқа да ұжымдық қаржы және сауда-экономикалық ұйымдар американ қағидаттары мен құндылықтарына сәйкес жұмыс істеуімен де айқындалады. Американың ішкі рыногы осы заманғы елдердің көпшілігінің экспорты бағдарланған экономикалық дамуының маңызды шарты болып табылады. Аса ірі трансұлттық корпорациялардың 40 пайызының АҚШ-та штаб-пәтері бар.
Сондықтан, Қазақстанның АҚШ-пен өзара іс-қимылы тек екі жақты сипатпен шектеле алмайды. Вашингтонмен тұрақты байланыс халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді (қарусыздану және қару таратпау), сыртқы экономикалық қызметті және энергия көздерінің экспортын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі қызметті қоса алғанда, Қазақстан дипломатиясының барлық бағыты бойынша қажетті элемент болып табылады.
Осыған байланысты біздің қамтып отырған тақырыбымыздың өзектілігі арта түседі.
1-тарау. Америка Құрама Штаттары XX ғасырдың басында
1. 1 XX ғасырдағы мемлекеттік құрылыс ерекшеліктері
Азаматтық, соғыс аяқталғаннан кейін XIX ғасырдың басында АҚШ дүние жүзінде бірінші орыннан тайған жоқ. 1914-1918 жылдары да АҚШ дүниежүзілік экономикада бірінші орын алатын болды. Соғыс оны бұрынғысынан да байыта түсті. Американың банкілері алтынға толды. Англия мен Франция АҚШ-тың алдында қарызды мемлекеттерге айналды. АҚШ өнеркәсіп компаниялары дүниежүзілік табыстың 50 процентін қолына жинактады, мәселен, мыстың 60 проценті, машиналардың 85 проценті Америкада шығатын. Капиталдың (концентрациясы) шоғырлануы белсенді түрде басталды. 1908 жылы байлығына сәйкес 1 орын алған 100 өнеркәсіп кампаниялардың тек 30-ы өзінің ықпалын және күшін сақтап қалды. Олардың үштен бірі Морган, Рокфеллер, Дюпон, Меллон, Калифорния компаниялары.
1920 жылы АҚШта Коммунистік партия құрылып, бұл алып елде қызыл қорқыныш басталды. Коммунистік партия мүшелерінің саны 4550. 000-ға дейін жетсе, олардың сарапшылары санын 6 адам деп есептеді. Коммунистік партияның кызмет етуіне тыйым салынды, оларды шетел тыңшылары ретінде ұстады, бұндай адамдар мемлекеттен кетуге тиісті еді. Сенат коммунизммен күресу үшін ерекше комиссия құрды, ол үшін бөлінген ақша едәуір қомақты. Коммунистерді қамау басталды. 1927 жылы сот процесінде Сакко мен Ванцеттиді өлім жазасына соттап, электр отырғышпен өлтірді. Осы өзгерістерге қарсы АҚШ жұмысшылары, ғылым және мәдениет кайраткерлері көтерілгеннен кейін гана реакция басылды. Коммунистік партияның ашық түрде қимыл жасай бастағаны 1923 жыл. Коммунистік ес ауысушылықтың орнына, дарвинистік ес ауысушылық келді.
АҚШ саяси жүйесінің бірінші белгісіне негізгі екі партияның республикалық және демократиялық саяси партиялардың құрылуы жатады. АҚШ мемлекеттік құрылысы өзгеріссіз қала берді. Мемлекеттің және министрлерді тағайындайтын атқарушы өкіметтің басшысы Президент, сондай-ақ Өкілдер палатасы мен Сенаттан тұратын заң шығару органы Парламентің, яғни, Конгрестің мүшелері 4 жылға сайланады. Бұл шешуші қызметтер екі партияның республикалық және демократиялық партия бәсекесінің объектісі болды, олар елдің саяси өмірінде шешуші рөл атқаратын еді. Бұл екі партияның екеуі де мемлекеттік өкімет билігін алма-кезек өз қолдарына алып, оны нағыз лас құралдардың көмегімен және өз мақсаттары үшін қанайтын жандайшаптардың қолдауымен үлкен топқа айналды. Партияның екеуі де үстемдік етуші буржуазиялық идеологияға сүйеніп, Ұлттық мүдделерді қорғаймыз деп жариялайтын. Ал іс жүзінде олар буржуазия таптарының мүддесін қорғап, өз мүддесін ойластыратын. Олардың арасындағы бір ғана айырмашылық сайлау науқаны тұсында сайлаушыларды өз жағына тартудағы әдіс-тәсілдері. Партиялардың арасындағы күрес айтарлықтай шиеленісе түсті, ол драмалық қақтығыссыз, әшкере-дүрлігусіз өткен жоқ. Ол кезде АҚШ-тағы буржуазиялық мемлекеттік құрылыс басқа капиталистік елдердегіден азды-көпті демократияшыл бағытта бола тұрса да, елдегі халықтың бір бөлегі сайлауға қатысудан шет қалып отырды. Сайлау құқығын тек ер азаматтар пайдаланатын. Конституцияны білуге қатаң талап қойылды. Жұрттың бәрі заңның алдында тең деген қағида жарияланған елде, нәсілшілдік масқара көрініс болып қала берді. Нәсілшілдер барлық жерде адам құқықтарын сорақылықпен бұрмалап, қара түсті американдықтар мен үндістердің бостандығын жеке басының адамгершілігін аяққа басуын тоқтатқан жоқ. Нәсілшілдер оңтүстік штаттарда Ку-клукс-клан деген жасырын террорлық ұйым құрғаны белгілі. Ол ұйым қырғын жасап, ұлттық кемсітушілерге қарсы наразылық білдіргендерді өлтіріп отырды. 1896 жылы Жоғарғы сот мектептерде тәсіліне қарай бөліп оқыту туралы қаулы қабылдады, бұл қаулы сегрегациялық оқу орындарын енгізу үшін пайдаланылған болатын.
Республикалық партия құлдыққа қарсылық білдірген қайраткерлерді біріктірді де, демократиялық партия құл иеленушілердің партиясы болып қалыптасты. Бірақ бұл екі партияның арасындағы айырмашылықтардың АҚШ империализмі кезінде бірте-бірте жойыла бастағаны мәлім. Осы партияның негізгі мақсаты мемлекеттік аппараттағы орын үшін күресу. Саяси партиялардың теменгі органдарына жергілікті жиналыстарды, штаттың органдарына конвенттерді, ал олар губернатордың орнына кандидаттарды тағайындайды, ең жоғары орган Ұлттық конвент, оған Президенттің және вице-президенттің орындарына кандидаттарды сайлайтын органдар жатады. Саяси партияның негізгі мақсаты мемлекеттік аппараттың құрылуына атсалысу.
XIX ғасырда мемлекеттік аппараттың төрешілдену процесі басталды. Президенттің билігі күшейіп, ол вето құқығын жиі қолданатын болды. 1886 жылы президент Кливленд оны 115 рет, Рузвельт 600 реттен де артық қолданған. Сырткы саясаттағы Президенттің ықпалы күшейе бастады. Ол соғысты Конгрестің келісімінсіз жариялайтын болды. 1883 жылдан бастап мемлекеттік қызметпен айналысатын адамдардың емтихан тапсыруы дәстүрге енді. Мемлекеттік тұлғалардың саны да көбейген еді. Азамат соғысына дейін қызметкерлердің саны бірнеше мың ғана болса, 1900 жылы олардың саны 200 мыңға жетті. XIX ғасырдың 80 жылдары АҚШ-та тұрақты әскер құрыла бастады. Ол тұрақты әскерден, әскерге ерікті түрде келген адамдардан және әскери флоттан тұратын. Бұлардың барлығы да Президентке бағынады. Губернаторға бағынатын Ұлттық ұландар әрбір штатта құрылды. АҚШ бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқаннан кейін АҚПІ азаматтары әскерге міндетті түрде қызмет ететін болғандықтан, Америка 4 миллион адамнан тұратын әскерді құрды. Оның жартысы Еуропа мемлекеттерінде орналасты. ФБР-дың құрылғаны 1908 жыл.
XX ғасырдың басында АҚШ-та монополияның зорлық-зомбылығына наразылық күшейіп, едәуір ұлғая түсті. Монополиялардың мемлекеттік аппаратқа жасайтын ықпалына ұсақ және орташа буржуазияның өкілдері қарсы шықты. Олар кейбір кеселдерді қатты сынға алып, капиталистік қоғамды "сауықтыру" үшін реформалар жасауды талап етті. Жұмысшылардың наразылығы күшейді, қара түсті американдықтардың өз жағдайын жаксарту жолындағы күресі кең өріс алды.
Республикалық партияның жетекшісі Т. Рузвельт болып тұрған кезде президенттік сайлаудың қарсысында осындай жағдай қалыптасты. Ол өзінің қызметін алдымен трестердің қызметін тежеу жөнінде шаралар кабылдаудан бастады. Кейбір монополияларға қарсы сот процестері өткізіле бастады. Бірақ президенттің "трестерге қарсы" жүргізілген саясаты тіпті буржуазия өкілдерінің ашу-ызасын туғызғаны мәлім. Қоғамдық тыныштықты бұзған қиянат туралы занды Рузвельт социалистік идеяларды таратуға қарсы күрес құралы деп есептеді. Алайда бұл шаралардың бәрі трестердің одан әрі өсуіне кедерге жасай алған жоқ. Президенттің бұл әрекетін ең жақын сыбайластарының бірі Рузвельттің "қауып алғанынан да үргені көбірек", депті. 1920 жылы Конституцияға 19 түзету қабылданды, енді Америка әйелдеріне ерлермен қатар сайлауға қатысу құқығы берілді.
АҚШ мемлекеттік құрылысы өзгеріссіз қала берген еді. Мемлекеттің және министрлерді тағайындайтын атқарушы өкіметтің басшысы Президент, сондай-ақ өкілдер палатасы мен сенаттан тұратын заң шығару органы Парламент. Конгрестің мүшелері 4 жылға сайланатын.
1. 2 В. Вильсонның саясаты
Бірінші дүниежүзілік соғыс Америка Құрама Штаттарының экономикасының өсуіне қолайлы жағдай туғызды. Елдің территориясында соғыс қимылдары жүрмеді, соғыс әкелетін бүліншіліктер мен қайыршылықты бастан кешірмеді. Американ әскері 1918 жылдың жазынан ғана соғысқа кірген болатын. 22 қаңтар 1917 жылы Германия су асты соғысын үзіліссіз жүргізетінін мәлімдеді. Бес американ кораблі суға батырылған соң, 2 сәуір 1917 жылы В. Вильсон конгреске соғыс туралы декларация қабылдауды талап еткен мәлімдеме жасады. 1918 жылдың қазанына қарай құрамында 1 млн. 750 мың солдат пен офицері бар американ әскері Францияда шоғырланды. АҚШ әскери корабльдері британ флотына су асты блокадасын бұзуға көмектесті, ал 1918 жылдың жазында американ бөлімдері немістердің құрлықтағы шабуылында шешуші роль атқарды. Соғыстың соңына қарай қатысқан Америка Құрама Штатының соғыстағы адам шығыны: 50 мыңға жуық қаза болып және 230 мыңы жаралы қайтса, соғыс шығыны: 25. 7 млрд. долларды құрады.
Американ буржуазиясы әскери тапсырыстардан зор пайда тапты. Жаңа ірі капиталдың салынуы АҚШ-тың өнеркәсіп потенциалын нығайтты. 1920 жылы АҚШ дүниежүзілік өндірісте автомобильдің -85 пайызын, мұнай - 67 пайызын, қара металл - 60 пайыздан астамын құрады. АҚШ болатты Ұлыбританиядан 4. 5 есе, Франциядан 14 есе көп өндірді. Америка Құрама Штаттарының 1914-1920 жылдары ұлттық байлығы 2. 5 есе өсті1.
Соғыс мемлекеттік-монополистік капитализмнің күшеюіне ықпал етті. Соғыстың соңында АҚШ қарыз алушы мемлекеттен кредит беруші елге айналды. Американ капиталының экспорты күрт өсті. Антанта елдерінің АҚШ-қа соғыс қарыздары миллиардтаған долларды құрады. Американ капиталистері соғысқа дейін европалық бәсекелестері үстемдік еткен елдерде өзінің экономикалық және финанстық позициясын нығайтты. АҚШ-тың 1922 жылы шетелдегі инвестициясы 7 млрд. долларға жетті. (Бұл 1913 жылы 2. 6 млрд. доллар болатын) .
АҚШ-тың дүниежүзілік экономикада үлесінің күрт өсуі дүниежүзілік саясат аймағына араласуына жағдай туғызды. Монополистік буржуазияның экспансионистік ұмтылуын қолдаған президент В. Вильсон бастаған демократиялық партия үкіметі дүниежүзілік лидерлікті жеңіп алу бағытын жүргізді. АҚШ-тың империалистік экспансия программасына бел шеше кіріскені В. Вильсонның 8 қаңтар 1918 жылы конгрессте жасаған «14 бабында» айқындалған. Соғыстан кейінгі кезеңнің дүние құрылымы программасын ұсына отырып, АҚШ империалистері дүние жүзін бөлудің өзіне тиімді келісімдерін жасауға тырысты. Олар европалық державалардың позициясын әлсірету мен Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінде американдық ықпалды күшейту мақсатында «ашық есік» және «бірдей мүмкіндік» принциптерін халықаралық тануға қол жеткізуге барынша ұмтылды.
1919 жылғы Париж бітім конференциясында американ делегациясы осы мақсатты жүзеге асыруға жанталасты. Алайда олардың бұл ойына Англия мен Франция өкілдері қарсы шықты. Американ ұсынысы жүзеге аспады. Бұл американ империализмінің сыртқы саясатта әлі де әлсіз екендігін көрсетті. Ол кезде АҚШ өзінің европалық бәсекелестерінен әскер мен флотының қуаттылығынан, басқа елдермен әскери-саяси байланыстарының мығымдылығынан біршама артта еді.
1919 жылғы Париж конференциясында В. Вильсонның дипломатиялық жеңілісі монополист капиталдың ықпалды топтарының арасында наразылық тудырды. Республикандық партияның көрнекті қайраткері Генри Кэбот Лодж бастаған күшті оппозиция оқшаулану туы астында әрекет етіп, Версаль келісімін ратификациялауға және АҚШ-тың Ұлттар Лигасына кіруіне қарсы шықты. Г. Лодж «қол еркіндігі» ұранын ұсынып, АҚШ-тың бірте-бірте европалық империалистік әріптестерінен әскери-саяси артықшылыққа ие болатынына сенді.
Алайда оқшаулану қозғалысының империалист бағытымен қатар, монополияға оппозиция ұсақ буржуазия көзқарасын білдіретін демократиялық бағыты да болды. Демократиялық ағым лидерлері-сенаторлар Р. Лафоллет, У. Борд, Дж. Норристер империалист саясатқа және АҚШ-тың Европа ісіне араласуына қарсы шықты.
Оқшауланушылардың біріккен әрекеттерінің нәтижесінде АҚШ Версаль келісімін ратификациялаудан және Ұлттар Лигасына кіруден бас тартты. 1920 жылғы сайлауда республикандықтар жеңіске жеткен соң оқшаулану бағыты Гардинг үкіметінің ресми курсына айналды. Ұлттар Лигасындағы Вильсондық «халықаралық ынтымақтастық» ұранына қарсы республикандықтар европалық елдермен әскери-саяси одақтасудан бас тарту принципі мен сыртқы экономикалық экспансияны жандандыру программасын ұсынды. 1921 жылдың тамызында АҚШ пен Германия арасында бейбіт келісімге қол қойылды. Америка капиталы Орталық және Оңтүстік Америка, сондай-ақ Қиыр Шығыс елдерінің экономикасына енді. Мұның бәрі Құрама Штаттарының Англия, Жапониямен арақатынасын тым шиеленістіріп жіберді2.
1921-1922 жылдардағы Вашингтон конференциясында АҚШ өзінің бәсекелестеріне қарағанда көптеген жеңілдіктерге ие болды. Конференцияға қатысушы державалар Тынық мұхиттағы отарлық иеліктеріне тиіспеу және теңіз қаруларын шектеу туралы келісімдерді және Қытайға «ашық есік» доктринасын бекітті. Мұның бәрі халықаралық қатынастар жүйесінде АҚШ-тың саяси беделінің өскендігін сипаттайды.
АҚШ Кеңестік Ресейге қарсы басқа империалист мемлекеттер сияқты саясат жүргізді. АҚШ-тың басқарушы тобы Қазан революциясы қарсаңында революциялық қозғалыстың дамуын тоқтатуға, Ресейді соғыстан шығармауға қолдан келгеннің бәрін жасады. Петроградтағы американ елшісі Фрэнсис большевиктер партиясына қарсы репрессия жүргізуді, В. И. Ленинге өлім жазасын кесетін сот процесін бастауды талап етті. АҚШ қаржысына Ресейде большевиктерге қарсы үгіт-насихат жүргізетін 17 газет шығарылды. Революция жеңісі американ жоспарының толық күйреуін көрсетті. АҚШ Қазан революциясы жеңе салысымен-ақ Кеңестер республикасына қарсы күрес жолына түсті, 1918 жылы оған қарсы интервенция бастады. Қызыл әскер интервенттерге ойсырата соққы берді. Мұнан кейін АҚШ-тың басқарушы тобы Ресейдегі ішкі контрреволюцияны барынша қолдады. Олар Кеңестік республиканы дипломатиялық оқшаулау және экономикалық блокада орнату бағытын ұстады.
АҚШ-тың экономикалық өрлеуі өндіріс пен капиталдың шоғырлану процесін тездетті. Монополистік бірлестіктердің қуаты күшейді: 20-шы жылдардың басына қарай индустриядағы жұмысшылардың жартысынан көбі және елдің өнеркәсіп өндірісінің үштен екісіне жуығы ірі монополия үлесіне тиді. Алып трестердің үстемдігі буржуазиялық мемлекетті нығайтты. Елдің экономикалық ресурстарын соғыс қажетіне мобилизациялау мақсатында 1917-1918 жылдары әскери өнеркәсіп басқармасы және оның бірнеше салалары құрылды. Олардың қызметі: әскери сұраныстарды бөлу, өнеркәсіп кәсіпорындарын шикізат, отын, транспорт және жұмыс күшімен қамтамасыз ету. Еңбек қатынастарына мемлекеттің араласуы күшейді. 1918 жылы кәсіпкерлер мен кәсіподақ өкілдерінен капитал мен еңбек арасында «ынтымақтастық» және елде «таптық бейбітшілікке» жету мақсатында әскери еңбек басқармасы құрылды3.
Мемлекеттік-монополистік капитализмнің дамуы буржуазиялық идеологияның осыған сәйкес формасының қалыптасуына әкеп соқты. В. Вильсон үкіметі XX ғасырдың басында пайда болған мемлекеттің экономикаға араласуын және жекелеген либеральдық реформаларды жүргізуді көздеген неолиберализм идеологиясын басшылыққа алды.
Капитализмнің жалпы дағдарысын тудырған тап күресінің шиеленіскен жағдайында және Қазан революциясының идеялық әсері ірі капитал үстемдігін нығайту үшін буржуазиялық реформизм саясатын ең қажеттілікке айналдырды. Президент В. Вильсон жұмысшыларға ұйым құру, ереуілдер жасау, ұжымдық келісімдер құқын беру жөнінде конгрессте бірнеше рет ұсынған-ды. Осылайша оның ойынша еңбек пен капитал арасында таптық ынтымақтастық жағдайын орнату мүмкіндігі туады. Вильсон өз сөздерінде неолиберализм идеологиясының таптық мәнін ашып көрсетті. Ақ үйдің басшысы «демократиялық қоғам» жағдайында кез келген қайта құрулар өмір сүріп отырған қоғам ішінде жүзеге асырылуға тиіс және қоғам шеңберінен шығудың барлық әрекеті аяусыз басып жаншылады деп мәлімдеді. Осындай философияны басшылыққа алған В. Вильсон үкіметі репрессия жолына түсті. 1920 жылы Әділет министрі М. Пальмер жарлығымен бүкіл елде «радикалдарға» қарсы қуғындау-тұтқындау ұйымдастырылды. Алдыңғы қатарлы интеллигенция мен жұмысшылардың мыңдаған өкілдері түрмеге жабылды, елден қуылды.
Ішкі саясатта реакциялық ағымның күшеюі әлеуметтік өмірге кері әсерін тигізді. Соғыс кезінде нығайған және күшейген монополист буржуазия Ресейдегі Қазан революциясының әсерінен американ жұмысшы қозғалысының қол жеткен жетістіктерін тартып алуға тырысты. Вильсонның жұмысшыларға адам дегенге тән құқықтарды беру жөніндегі либералдық декларациясын монополистер жақтырмай қарсы алды. 1918 жылғы сайлауда көпшілік орынды жеңіп алған республикандықтар иемденген АҚШ конгресі мемлекеттің экономиканы реттеуге араласуын тез арада жоюды және либералдық реформа саясатынан бас тартуды талап етті.
Осындай жағдайда президент Вильсон республикандықтардың реакциялық бағытына тойтарыс беретін нақты реформалық программа ұсына алмады. Вильсон әкімшілігінің либералдық шарасы АҚШ конституциясына конгресс арқылы әйелдерге сайлау құқын беру жөнінде 19-шы өзгертуді енгізумен ғана шектелді. Ол 1920 жылы 26 тамызда күшіне енді. Жалпы 1919-1920 жылдары демократтардың әлеуметтік-экономикалық саясатында оңға бұрылғандық байқалды. Монополистік буржуазияның реакциялық саяси бағытқа бет алуы, конгрестегі басым көпшілік республикандықтардың либералдық реформа жүргізуден бас тартуы, демократтық әкімшіліктің буржуазиялық реформизмнен ауытқуы және тағы басқалар елдегі жағдайды елеулі өзгерістерге ұшыратты.
Осы кезеңге қарай экономикалық конъюнктурасы да өзгерді. 1920 жылдың жазында елде терең экономикалық дағдарыс орын алды. Өнеркәсіп өндірісі құлдырады. Жұмысшылардың онсыз да ауыр жағдайы тым нашарлады. 1921 жылы АҚШ-та 5 млн. жұмыссыз болды. Өнеркәсіптің артьқ өндіру дағдарысы аграрлық дағдарыспен ұштасты. Ауыл шаруашылық тауарлардың бағасы 2-3 есе төмендеді. Көптеген фермерлердің шаруашылығы күйреді. Қалың көпшіліктің басқарушы партияға наразылығын республикандықтар шебер пайдаланды. Республикандықтар 1920 жылғы дағдарыстың кінәлілері Вильсон және оның маңайындағылар деп түсіндірді.
1920 жылғы сайлауда республикандықтар жеңді. Республикандық партияның президенттік қызметке кандидаты Уоррен Гардинг - 16, 1 млн., ал қарсыласы демократиялық партия өкілі Коксу - 9, 1 млн. дауыс жинады. Бұл сайлауға социалистік партия да қатысты. Оның лидері Ю. Дебс - 920 мың дауысқа ие болды. Вильсон өкіметтен кетті. Жаңа президент қызметіне кірісу қарсаңында, 4 наурыз 1921 жылы В. Вильсон сенатор Лодждың жіберген адамына былай деп жауап берді: «Сенатор, мен ештеңе дей алмаймын». Ал бұған Лодж: «Біз вильсонизмді түптамырымен жойдық», - деп масайрады. Вильсон алған бетінен еш қайтпады. Американдықтардың басқарушы тобы да оны түсінбеді.
Гардинг үкімет құрамына республикандық партияның консервативтік бағыттағы өкілдері кірді. Оның ішінде финанс министрі Эндрю Меллон мен министр Герберт Гувер өте беделді еді. Жаңа әкімшілік жұмысшылар мен фермерлерге ешқандай көмек көрсеткен жоқ. Керісінше монополистердің пайдасының ұлғаюына жағдай туғызды. 1921 жылғы салық заңы соғыс жылдары енгізілген корпорациялардың артық пайдасына салықты жойды және жоғарғы табысы бар адамдардан алынатын салықты азайтты. 1922 жылғы тарифтік заң елге әкелінетін өнеркәсіп тауарларына баж салығын көбейтті. Бұл ішкі рынокта бағаны өсірді.
Гардинг үкіметі «жеке-дара индивидуализм» ұранымен мемлекеттік реттеу саясатына қарсы шықты. Соғыс жылдары экономикаға бақылау жүргізген федералдық агенттік жойылды. Бұл мемлекеттік-монополистік капитализмді бұзу дегенді білдірмейді, тек соғыс кезінде төтенше реттеу органдары жойылды. Дегенмен 20-шы жылдардың басында мемлекеттік-монополистік тенденциялар біршама бәсеңдеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz