Баланы қорғалу құқығы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 2
1. Баланың жалпы құқықтары 3
2. Баланы қорғалу құқығы 9
3. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері 10
4. Ата-ана құқықтарынан айыру және оларды шектеу 13
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 29

КІРІСПЕ

Некенің бұзылуы ата-аналық құқықтар мен міндеттерді барлық уақытта
бірдей тоқтатып тастамайды. Ата-ананың балаларға қатысты құқықтары мен
міндеттері сақталады. Ата-ананың қасиетті міндеті балаларына қамқорлық
көрсету. Балалар келешек қоғам екенін жұрттын бәрі де біледі. Алайда,
өкінішке орай, осы қарапайым түсінікті ата-аналар бәрі бірдей меңгере
қоймаған. Сондықтан, күн сайын балаларға қамқорлық көрсетуді талап ететін
адамгершілік нормалармен қатар, заң ата-аналар үшін балаларға қамқорлық
көрсету туралы құқықтық міндеттер белгілейді. Заң ата-аналардан балалардың
заңды мүдделерін қанағаттандыруды талап етеді.
Балалардың заңды мүддесі:
біріншіден — балалардың денсаулығы;
екіншіден — олардың білім жене мамандық алуына белсенді түрде
қамкорлық жасау;
үшіншіден — баланы адамдар, қоғам, мемлекет алдында азаматтық рухта
төрбиелеу.
Мемлекет өз кезегінде отбасының берік болуына белсенді түрде ықпал
жасайды, атап айтқанда, көп балалы отбасына материалдық жәрдем жасайды. Ата-
аналардың балаларына қатысты құқықтары мен міндеттері туралы. Ата-ана
баласын тәрбиелеу үшін мектепке дейінгі мекемелерге және басқа да оқу
орындарына беруі қажет. Қазақстан Республикасының заңы бойынша орта білім
алуға балалар міндетті болса, оларға оқу жағдай жасап, қамқорлық көрсету -
ата-аналардың міндеті. Бұрын мектеп тек қана мемлекеттік болса, енді білім
беру дәрежесін мемлекеттіктен төмен емес жеке мектептер де құрылып жатыр.
Мұнда жеке мектепті бітіргенде берілетін куәлік мемлекеттік мектептермен
бірдей дәрежеде екенін атап айту керек. Кейбір мектептер (гимназия,
колледждер) жеке ғылым салалары бойынша басқа мектептерге қарағанда терең
білім береді. Мұндай мектептерге балалар өздерінің бейімділігін, қалауына
және мүмкіндігіне қарай орналастырылады.
Балаларды тәрбиелеу—құқықтық қана емес, адамдық және заңдылық
тұрғысынан ата-аналардың міндеті. Осымен байланысты балаларды қалай
тәрбиелеу керек деген заңды сұрақ туады. Бала тербиелеу ісі әр халықтың
өзінің ғасырлар бойы келе жатқан әдет құрып, салт-дәстүріне байланысты
әдістері бар. Орыс жазушысы әрі ғалымы В. Даль тәрбие ісіне былай деп
анықтама береді: киім-кешекпен қамтамасыз ету, мүддесіне қамқорлық жасау;
тамақтандыруға онша көңіл бөлмесе де болар; киіндіру, оқытуға, үйретуге,
бәрін де білуге баулу; өмірге керек болатын нәрселерге төрбиелеуге басты
көңіл бөлу. Тәрбиелі адам дегеніміз — надандыққа қарсы ереженің бәрін бір
бойына жинақтаған адам. Ата-ананың борышы — баланы адамгершілікігі жоғары,
қашанда әділдікке бой ұрған тәрбиелі адам етіп қалыптастырып шығару. Ата-
ана өз баласын ең алдымен ұлттық дәстүрге, инабаттылыкқа төрбиелейтіні
табиғи нәрсе.
Жеке бір адам, әлде бір қоғамдық бірлестік (саяси, діні жәна басқа
ұйым) нәсілдік, үлттык, әлеуметтік, діни тезбеушілікке бағытталған жұмысты
өз алдына міндет етіп қоя алмайды. Басқаша айтқанда, баска бір ұлттың
өзіндік сезіміне, салтына, дәстүріне қарауға, оны қорлауына әсте болмайды.
Осындай жағдайда балаларды тек қана ұлттық дәстүрде, басқалардан біз
артықпыз деп баулу рухында тәрбиелеу мен бірге оқып, бірге әрекет етіп,
өзара ұғынысуға септігін тигізбейді. Көптеген жылдар бойы бір мемлеқетте
қазақтар мен орыстар, украиндықтар мен өзбектер, татарлар мен корейлер,
немістер мен ұйғырлар және басқа көптеген ұлттар бәріне ортақ,
жалпыхалықтық дестүрлер қалыптастырған. Конституция Қазақстанның барлық
азаматтарын бірдей, бір халық деп санайды.

1. Баланың жалпы құқықтары

Ата-аналар өздерінің балаларын тәрбиелей отырып, оны қорғауға
міндетті. Әлі жасы жетпегендіктен, әлі қабілеті толық қалыптаспағандықтан
балалар өз мүдделерін өздері қорғай алмайды. Сондықтан ата-аналар,
біріншіден, балаларының құқығын қорғауға міндетті. Бұл оның мүлкіне де,
жеке басына да қатысты. Екіншіден, балалардың мүддесін қорғауға заң жүзінде
белгіленетін құқық, мысалы, баланың мұрагер болу құқығы да жатады. Құқықты
қорғауға баланың құқығын бұзуға жол бермеу үшін күресу мәселесі де
қосылады. Ата-аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады.
Ата-аналар өздерінің баласына былай да теріс қарамайтыны табиғи нәрсе.
Дегенмен, өкінішке орай, өмірде басқа да жағдайлар кездесетіні жасырын сыр
емес. Тәрбиеден қате жіберілсе, оның салдары ата-ананың өзіне тиеді.
Төрбиесіздік пен адамгершіліке жатпайтын тәртіп балаға оңайға соқпайды.
Қоғам да, басқа адамдар да мұндай қылықтан зиян шегеді.
Мұның арты заңды, құқықты бүзушылыққа дейін әкеліп соғатыны тағы бар.
Сондықтан өзінің борышын дұрыс атқармаған ата-анаға заңның да қолданатын
шарасы болады. Кейбір сирек жағдайларда ата-ана (әкесі не шешесі) өзінің
ата-аналақ құқығынан заң жүзінде айырылуы мүмқін.
Кейбір сирек кездесетін жағдайлар дегеніміз не? Енді соған келейік.
Біріншіден, егер ата-ана адамгершілік, әделетілік тәрбиесімен айналыспаса,
оқуы мен қалыпты дамуына қажетті жағдай жасамаса, онда ол баласын
тәрбиелеудегі өзінің міндетінен қашқандыққа жатады. Екіншіден, мұндай
жағдайда ата-аналар өздерінін құқығын теріс пайдаланған (оқуға баруына
бөгет жасау, сабаққа дайындалуына мүмкіндік бермеу, қайыр сұрауға мәжбүр
ету, баланы баска да теріс қылықтарға ұрындыру) болып табылады. Үшіншіден,
егер ата-ана ұрып-сабаса, баласын қорқытса, тамақ бермесе, үйден қуып
жіберсе, қадір-қасиетін қорласа, төртіншіден, ата-ана өзінің адамшылыққа
жатпайтын, қоғамға қарсы қылығымен зиянды түрде ықпал етсе, бесіншіден -
үнемі маскүнемдікке, қорлыққа салынса, ондай ата-аналарды ата-аналық
құқықтан айырады.
Ата-аналық құқықтан айырғаннан кейін ата-ана мен бала арасындағы
байланыс тоқталады. Соттың шешімімен ата-аналық құқығын жойған адамда енді
баласын тәрбиелеу құқығы болмайды, сондай-ақ ол ата-ананың басқа да құқығы
жойылады. Ол ата-ана енді басқа біреуден өзінің баласын сұрап ала алмайды,
баланың заңды өкілі бола алмайды, оның мүддесін қорғауға да құқығы
болмайды. Бірақ ата-аналық құқығы жойылған адам баланы материалдық жағынан
қамту міндетінен босатылмайды. Егер ата-аналық құқығынан айрылған адам
өзінің қателігін мойындаса, жеке басының тәртібін түзесе, онда оған ата-
аналық құқығы қайтадан қалпына келтірілуі мүмқін, .
Ата-анасының қамқорлық жасауынан айрылған баланы тәрбиелеп, мәпелеу —
мемлекеттің, қоғамның қасиетті борышы. Жетімдерге қамқор болу - кез келген
халықтың қалыптасқан дәстүрі. Бұл жұмыспен арнайы айналысатын мемлекеттік
органдар бар. Бұлар - білім беру (қамқор болу, қарауына алу), денсаулық
сақтау, әлеуметтік қорғау органдары. Ата-анасыз қалған балалар болса, осы
органдарға хабарлау керек. Олар панасыз қалған балаларды өз қарамағына
алады, оларға қамқорлық жасайтын адамдар тағайындайды. Баладар өздерін
өздері қорғай алмайтын болғаңдықтан, оларға қамқор болып, қорғайтын
мүдделерін жақтайтын адам белгіленеді. Қамкоршы не қарауына алушы болып өз
міндеттерін өз еркімен орындауға дайын тұратын баланың туысы немесе басқа
адам белгіленеді.
“Неке және отбасы туралы” Қазақстан Республикасының заңында жазылған:
      1. Он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам бала деп танылады.
      2. Әрбір баланың мүмкін болғанынша отбасында өмір сүруге және
тәрбиеленуге құқығы, өзінің ата-анасын білуге құқығы, олардың қамқорлығына
құқығы, өзінің мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, олармен
бірге тұруға құқығы бар.
Баланың өз ата-анасы тәрбиеленуіне, оның мүдделерін қамтамасыз етуіне,
жан-жақты өсіп-жетілуіне, оның адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне
құқығы бар.
Ата-анасы болмаған жағдайда, оларды ата-ана құқығынан айырған жағдайда
және ата-ана қамқорлығынан айырылудың басқа да жағдайларында баланың
отбасында тәрбиелену құқығын “Неке және отбасы туралы” Қазақстан
Республикасының заңында жазылған: Заңның 13-тарауында белгіленген тәртіппен
қорғаншы және қамқоршы орган қамтамасыз етеді.
Баланың ата-анасының екеуімен де, аталарымен, әжелерімен, аға-
інілерімен, апа-сіңлілерімен (қарындастарымен) және басқа да туыстарымен
қарым-қатынас жасауға құқығы бар. Ата-анасы некесінің бұзылуы, оның
жарамсыз деп танылуы немесе ата-анасының бөлек тұруы баланың құқығына
әсер етпеуге тиіс.
      Ата-анасы бөлек тұрған жағдайда баланың олардың әрқайсысымен
қарым- қатынас жасауға құқығы бар. Ата-анасы әртүрлі мемлекеттерде тұрған
жағдайда да баланың өз ата-анасымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар.      
Кейбір жағдайға (ұсталу, тұтқындалу, қамауға алыну, емдеу мекемесінде болу)
ұшыраған баланың заңда белгіленген тәртіппен ізінің ата-анасымен және басқа
да туыстарымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар.
      Бала отбасында өз мүддесін қозғайтын кез келген мәселені шешу
кезінде өзінің пікірін білдіруге, сондай-ақ кез келген сот немесе әкімшілік
іс қарау барысында тыңдалуға құқылы. Он жасқа толған бала пікірі, егер бұл
пікір оның мүдделеріне қайшы келмейтін болса, ескерілуге міндетті.“Неке
және отбасы туралы” Қазақстан Республикасының заңында көзделген
жағдайларда қорғаншы және қамқоршы органдар немесе сот он жасқа толған
баланың келісімімен ғана шешім қабылдай алады.
“Неке және отбасы туралы” Қазақстан Республикасының заңында :
1. Баланың ат алуға, әкесінің атын және тегін алуға құқығы бар.
2. Балаға ат ата-анасының (немесе олардың орнындағы адамдардың)
келісімі бойынша қойылады, аты-жөні әкесінің аты бойынша не ұлттық
дәстүрлер ескеріле отырып беріледі. Әкесі атын өзгерткен жағдайда оның
кәмелетке толмаған балаларының әкесінің аты-жөні өзгереді, ал кәмелетке
толған балалардың әкесінің аты-жөні бұл туралы өздері арыз берген жағдайда
өзгертіледі.
3. Баланың тегі ата-анасының тегімен айқындалады. Ата-анасының тегі
әртүрлі болған жағдайда балаға ата-анасының келісімі бойынша әкесінің
немесе анасының тегі беріледі.
Ата-анасының тілегі бойынша балалардың тегі ұлттық дәстүрлер ескеріле
отырып, әкесінің немесе атасының атынан шығарылуы мүмкін.
4. Баланың атына және (немесе) тегіне қатысты ата-ананың арасында
туындаған келіспеушілік сот тәртібімен шешіледі.
5. Егер әкесі белгіленбесе, баланың аты анасының көрсетуі бойынша
қойылады, әкесінің аты-жөні баланың әкесі ретінде жазылған адамның аты
бойынша (осы Заңның 49-бабының 3-тармағы), тегі - анасының тегі бойынша
беріледі.
6. Егер ата-анасының екеуі де белгісіз болса, баланың тегін, атын, аты-
жінін қорғаншы және қамқоршы орган қояды.
“Неке және отбасы туралы” Қазақстан Республикасының заңында ата-
анасының екеуі де тегін өзгерткен жағдайда кәмелетке толмаған балалардың
тегі өзгереді. Бала он алты жасқа толғанға дейін ата-анасының бірлескен
өтініші бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы баланың мүдделерін
негізге ала отырып, баланың атын, сондай-ақ оған берілген текті басқа ата-
ананың тегіне өзгертуге рұқсат беруге құқылы. Неке тоқтатылған немесе неке
жарамсыз деп танылған жағдайда балалар өздеріне туған кезде берілген
тектерін сақтап қалады.
    Егер ата-анасы бөлек тұрса және бала бірге тұратын ата-анасының
біреуі оған өзінің тегін бергісі келсе, азаматтық хал актілерін жазу органы
бұл мәселені баланың мүдделеріне қарай және ата-ананың пікірін ескере
отырып шешеді. Ата-ананың тұратын жерін анықтау мүмкін болмаған, ол ата-ана
құқығынан айырылған, әрекетке қабілетсіз деп танылған жағдайда, сондай-ақ
ата-ана баланы асырап-бағу мен тәрбиелеуден дәлелді себептерсіз ретте оның
пікірін ескеру міндетті емес.
      Егер бала бір-бірімен некеде тұрмайтын адамдардан туған болса және
әкесі заңды тәртіппен белгіленбесе, азаматтық хал актілерін жазу органы,
баланың мүдделерін негізге ала отырып, оның тегін анасының осындай өтініш
жасаған кездегі соның тегіне өзгертуге рұқсат етуге құқылы.
      Он жасқа толған баланың атын және (немесе) тегін оның келісімімен
ғана өзгертуге болады.
      Баланың ұлты оның ата-анасының ұлтымен айқындалады. Егер ата-
анасының ұлты әртүрлі болса, ол баланың қалауы бойынша оған жеке басының
куәлігі немесе паспорт берілген кезде әкесінің немесе шешесінің ұлтымен
айқындалады.  Одан әрі баланың ұлты оның өтініші бойынша басқа ата-анасының
ұлтына өзгертілуі мүмкін.
Баланың мүліктік құқықтары:
      1. Баланың “Неке және отбасы туралы” Қазақстан Республикасының
заңында жазылған 5-білімінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде өзінің
ата-анасынан және отбасының басқа да мүшелерінен асырау қаражатын алуға
құқығы бар.
      2. Балаға алименттер, зейнетақылар, жәрдемақылар ретінде тиісті
сомалар ата-анасының (олардың орнындағы адамдардың) билік етуіне келіп
түседі және оны олар баланы асырап-бағуға, оған білім беруге және оны
тәрбиелеуге жұмсайды.     
3. Баланың өзі сыйға немесе мұрагерлік тәртібімен алған кірістерді,
мүлікті, сондай-ақ баланың қаражатына сатып алынған басқа да кез келген
мүлікті меншіктенуге құқығы бар. Өз еңбегінен кіріс алған бала, егер ол ата-
анасымен бірге тұрса, отбасын асырау жөніндегі шығыстарға қатысуға құқылы.
      Баланың өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлікке билік ету құқығы
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 22 және 23-
баптарымен белгіленеді.
      Ата-ананың бала мүлкін басқару жөніндегі құқықтарын жүзеге асыруы
кезінде оларға осы Заңның 114-бабында белгіленген ереже қолданылады.
      4. Баланың ата-ана мүлкіне меншік құқығы болмайды, ата-ананың баланың
мүлкіне меншік құқығы болмайды. Бірге тұратын балалар мен ата-аналар бір-
бірінің мүлкін өзара келісім бойынша иеленіп, пайдалана алады.
      5. Ата-аналар мен балалардың ортақ меншік құқығы пайда болған
жағдайда олардың ортақ мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы
азаматтық заңдарда белгіленеді.

      2. Баланы қорғалу құқығы

      Баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға құқығы бар.
      Баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды ата-анасы (олардың
орнындағы адамдар), ал осы заңда көзделген жағдайларда қорғаншы және
қамқоршы орган, прокурор және сот жүзеге асырады.
      Кәмелетке толғанға дейін заңға сәйкес әрекетке толық қабілетті деп
танылған кәмелетке толмаған адамның өз құқықтары мен міндеттерін, оның
ішінде қорғалу құқығын өз бетінше жүзеге асыруға құқығы бар.
      Баланың ата-анасының (олардың орнындағы адамдардың) тарапынан
жасалған қиянаттан қорғалуға құқығы бар.
      Баланың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған кезде, оның ішінде ата-
анасының (олардың біреуінің немесе олардың орнындағы адамдардың) баланы
асырап-бағу, тәрбиелеу, оған білім беру жініндегі міндеттерін орындамауы
кезінде немесе тиісті дәрежеде орындамауы кезінде не ата-ана (қорғаншы,
қамқоршы) құқығын теріс пайдалану кезінде бала қорғаншы және қамқоршы
органға, ал он төрт жасқа толғанда – сотқа өзінің құқықтарын
қорғау үшін өз бетінше өтініш жасауға құқылы.
      Баланың өміріне немесе денсаулығына қауіптінгендігі туралы,
оның құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғандығы туралы белгілі болған
ұйымдардың лауазымды адамдары мен өзге де азаматтар ол жөнінде баланың іс
жүзінде тұратын жері бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға
міндетті. Мұндай мәліметтерді алған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган
баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жінінде қажетті шаралар
қолдануға міндетті.

3. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері

      Ата-аналардың өз балаларына қатысты құқықтары тең және міндеттері
(ата-ана құқықтары) тең болады. Осында көзделген ата-ана құқықтары балалары
он сегіз жасқа (кәмелетке) толғанда, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалар
некеге тұрған кезде тоқтатылады. Кәмелетке толмаған ата-аналардың баласымен
бірге тұруға және оны тәрбиелеуге қатысуға құқығы бар. Некеге тұрмаған,
кәмелетке толмаған ата-аналар олар бала туған жағдайда және олардың ана
және (немесе) әке болуы анықталған жағдайда өздері он алты жасқа толғанда
ата-ана құқығын өз бетінше жүзеге асыруға құқылы. Кәмелетке толмаған ата-
аналар он алты жасқа толғанға дейін қорғаншы және қамқоршы орган балаға
қорғаншы тағайындайды, ол баланың кәмелетке толмаған ата-аналарымен бірге
оны тәрбиелеуді жүзеге асырады. Баланың қорғаншысы мен кәмелетке толмаған
ата-ананың арасында туындаған келіспеушілікті қорғаншы және қамқоршы орган
шешеді.
Кәмелетке толмаған ата-аналардың жалпы негіздерде өздерінің әке және
ана болуын мойындауға және оған дау айтуға құқығы бар, сондай-ақ олардың он
төрт жасқа толғаннан кейін сот тәртібімен өз балаларына қатысты әке болуын
анықтауды талап етуге құқығы бар.
Ата-аналар балаларды тәрбилеу жөнінде құқықтары мен
міндеттері :
1. Ата-аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті.
2. Ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар және оған
міндетті.
3. Ата-аналардың басқа да барлық адамдарға қарағанда өз балаларын
тәрбиелеуге басым құқығы бар. Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің
қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде, оның дене,
психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір
сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады.
4. Ата-аналар балалардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.
5. Ата-аналардың балалардың пікірін ескере отырып, орта білім алғанға
дейін білім беру мекемесі мен балаларды оқыту нысанын таңдауға
құқығы бар.
6. Балалардың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді
балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере
отырып, өзара келісімі бойынша ата-аналар шешеді. Ата-аналардың
арасында келіспеушілік болған жағдайда олар (олардың біреуі) бұл
келіспеушіліктерді шешу үшін қорғаншы және қамқоршы органға немесе
сотқа жүгінуге құқылы.
Балалардың құқықтарын қоғау:
Ата-аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады және кез келген жеке
және заңды тұлғаларға қатысты, оның ішінде соттарда арнаулы өкілеттіксіз
олардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды.
Егер қорғаншы және қамқоршы орган ата-аналар мен балалар мүдделерінің
арасында қайшылық барын анықтаса, ата-аналардың өз балаларының мүдделерін
білдіруге құқығы жоқ. Ата-аналар мен балалардың арасында келіспеушілік
болған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган балалардың құқықтары мен
мүдделерін қорғау үшін өкіл тағайындауға міндетті.
      Ата-ана құқықтарын балалардың мүдделеріне қарама-қайшы жүзеге асыруға
болмайды. Балалардың мүдделерін қамтамасыз ету олардың ата-аналары
қамқорлығының негізгі мәні болуға тиіс.
      Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар балалардың дене
және психикалық денсаулығына, олардың адамгершілік жағынан дамуына зиян
келтіруге құқығы жоқ. Балаларды тәрбиелеу әдістерінде адамның қадір-
қасиетін кемсітетін немқұрайлылық, қатыгездік, дөрекілік, балаларды қорлау
немесе қанау болмауға тиіс.
      Ата-ана құқықтарын балалардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан
келтіре отырып жүзеге асыратын ата-аналар заңда белгіленген тәртіппен жауап
береді.
Баласынан бөлек тұратын ата-ананың баласымен қарым-қатынас жасауға,
оны тәрбиелеуге және баланың білім алуы мәселелерін шешуге қатысуға құқығы
бар. Бала бірге тұратын ата-ана, егер мұндай қарым-қатынас жасау баланың
дене және психикалық денсаулығына, оның адамгершілік дамуына зиян
келтірмесе, баланың екінші ата-анасымен қарым-қатынас жасауына кедергі
болмауға тиіс.
Ата-аналары бөлек тұрып жатқан жағдайда балалардың тұратын жері ата-
аналарының келісімімен белгіленеді.
Келісім болмаған жағдайда ата-аналардың арасындағы дауды балалардың
мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып сот шешеді.
Бұл орайда сот баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-інілері мен апа-
сіңлілеріне (қарындастарына) үйірлігін, баланың жасын, ата-аналардың
адамгершілік және өзге де жеке қасиеттерін, ата-аналардың әрқайсысы мен
баланың арасында орын алған қатынастарды, оларды дамыту және тәрбиелеу үшін
балаға жағдай жасау мүмкіндігін (ата-аналар қызметінің түрі, жұмыс режимі,
материалдық және отбасылық жағдайы ) ескереді.
Ата-аналар баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқығын жүзеге
асыру тәртібі туралы жазбаша түрде келісім жасасуға құқылы.
Егер ата-аналар келісімге келе алмаса, ата-аналардың (олардың
біреуінің) талап етуі бойынша дауды қорғаншы және қамқоршы органның
қатысуымен сот шешеді.
Соттың шешімі орындалмаған жағдайда кінәлі ата-анаға заңдарда
көзделген шаралар қолданылады.
Сот шешімі қасақана орындалмаған жағдайда баладан бөлек тұратын ата-
ананың талап етуі бойынша сот баланың мүдделерін негізге алып және баланың
пікірін ескере отырып, баланы соған беру туралы шешім шығара алады.
Баласынан бөлек тұратын ата-ананың өз баласы туралы тәрбие, емдеу
мекемелері мен басқа да мекемелерден ақпарат алуға құқығы бар.
Ақпарат беруден ата-ана тарапынан баланың өмірі мен денсаулығына қатер
болған жағдайлардағана бас тартылуы мүмкін. Ақпарат беруден бас тартуға сот
тәртібімен дау айтылуы мүмкін.
      Ата-аналар заң немесе сот шешімі негізінсіз баланы өз қолында ұстап
отырған кез келген адамнан оны қайтаруды талап етуге құқылы. Дау туындаған
жағдайда ата-аналар өз құқықтарын қорғау үшін сотқа шағымдануға құқылы.
      Бұл тараптарды қарау кезінде сот баланы ата-анасына беру баланың
мүдделеріне сай келмейді деген қорытындыға келсе, баланың пікірін ескере
отырып, ата-анасының талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.
      Егер сот ата-анасының да, бала қолындағы адамның да оның дұрыс
тәрбие алуы мен дамуын қамтамасыз етуге жағдайы жоқ екендігін анықтаса, сот
баланы қорғаншы және қамқоршы органның қамқорлығына береді.

4. Ата-ана құқықтарынан айыру және оларды шектеу

      Егер ата-аналар (олардың біреуі):
1) ата-ана міндеттерін орындаудан, оның ішінде алимент төлеуден
қасақана жалтаратын болса;
2) өз баласын перзентханадан (бөлімшесінен) не өзге де балаларды
тәрбиелеу, емдеу немесе басқа да мекемелерден алудан дәлелді
себептерсіз бас тартса;
3) өздерінің ата-ана құқықтарын пайдаланып қиянат жасаса;
4) балаларға қатыгездік көрсетсе, оның ішінде олардың денесіне немесе
психикасына зорлық-зомбылық жасаса, олардың жыныстық пәктігіне
қастандық жасаса;
5) заңдарда белгіленген тәртіппен маскүнемдікпен, нашақорлықпен және
уытқұмарлықпен ауырады деп танылған болса, олар ата-ана құқығынан
айырылуы мүмкін.
6) Өз балаларының не жұбайының өміріне немесе денсаулығына қарсы
қасақана қылмыс жасаған жағдайда ата-аналар (олардың біреуі) ата-ана
құқығынан айырылуы мүмкін. Ата-ана құқығынан айыру сот тәртібімен
жүргізіледі.
7) Ата-ана құқығынан айыру туралы істер ата-аналардың біреуінің
(олардың орнындағы адамдардың), кәмелетке толмаған балалардың
құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттер жүктелген органдардың немесе
ұйымдардың (қорғаншы және қамқоршы органдардың, кәмелетке
толмағандардың істері жініндегі комиссияның жетім балалар мен ата-
анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің және
басқаларының) арызы бойынша, сондай-ақ прокурордың талабы бойынша
қаралады.
8) Ата-ана құқығынан айыру туралы істер прокурор мен қорғаншы және
қамқоршы органның қатысуымен қаралады. Ата-ана құқығынан айыру
туралы істі қарау кезінде сот ата-ана құқығынан айырылған ата-
аналардан (олардың біреуінен) алимент өндіріп алу туралы мәселені
шешеді.
9) Егер сот ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде ата-
аналардың (олардың біреуінің) іс-әрекетінен қылмыстық жазаланатын
әрекетті байқаса, мұны жеке қаулымен прокурор назарына жеткізуге
міндетті.
Сот ата-ана құқығынан айыру туралы соттың шешімі заңды күшіне енген
күннен бастап үш күннің ішінде бұл шешімнің көшірмесін баланың тууын
мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы мен
қорғаншы және қамқоршы органға жолдауға міндетті.

Ата-ана құқықтарынан айыру салдары:
      1. Ата-ана құқықтарынан айыру балалармен туыстық фактісіне
негізделген барлық құқықтардан, оның ішінде одан асырауға қаражат алу
(“Неке және отбасы туралы” Заңның 131бабы), сондай-ақ балалары бар
азаматтар үшін белгіленген жеңілдіктер мен мемлекеттік жәрдемақылар алу
құқықтарынан айырылуға әкеп соғады.
      2. Ата-ана құқығынан айыру ата-аналарды өз баласын асырау міндетінен
босатпайды, ол баланы асырап алу арқылы тоқтатылады.
      3. Бала мен ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ананың одан әрі бірге
тұруы туралы мәселе сот тәртібімен шешіледі.
      4. Ата-анасы (олардың біреуі) ата-ана құқықтарынан айырылған бала ата-
анасымен және басқа да туыстарымен туыстық фактісіне, оның ішінде мұра алу
құқығына негізделген тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды
пайдалану құқығын, сондай-ақ мүліктік құқықтарын сақтап қалады.       5.
Баланы басқа ата-анаға беру мүмкін болмаған кезде немесе ата- анасының
екеуі де ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда бала қорғаншы және
қамқоршы органның қамқорлығына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ата-аналар мен балалардың құқықтық қарым-қатынастар.
Саяси құқықтар мен бостандықтар азаматтың субъективті құқықтары мен бостандықтарының маңызды бөлігі
Балаларға зорлық-зомбылық көрсету, тұрмыстағы зорлық-зомбылық
Балалар құқығын қорғау саласындағы құжаттар
Неке құқығының қорғалу тәртібі
Неке туралы ұғым
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
Баланың мүліктік құқықтары
Бала құқығы
Балалар құқығын қорғау
Пәндер