ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРЫ
Жоспар
КІРІСПЕ 2
1-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ 4
1. 1 БИЛІК ЖАЛПЫ ӘЛЕУМЕТТІК КАТЕГОРИЯ 4
1.2. МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ 8
1.3 МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІ БӨЛУ ТЕОРИЯСЫ 10
2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ АТҚАРУШЫ
ОРГАНДАРЫ 16
2.1 ҮКІМЕТ 17
2.2. ОРТАЛЫҚ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАР 19
2.3 ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАР 20
Қорытынды 22
Пайдаланған Әдебиеттер 25
КІРІСПЕ
Атқарушы биліктің орталық органдарының тамыр тартқан тереңі мен даму,
жалғасу жолдары – қазіргі құқықтану ғылымының, оның ішінде әкімшілік құқық
пәнінің үлкен де күрделі, маңызды да мәнді мәселелерінің бірі.
Атқарушы биліктің орталық органдары Қазақстан әкімшілік құқық пәні
бойынша ғылыми тұрғыдан жан-жақты толық зерттеле қойған жоқ. Себебі
бәрімізге белгілі жас мемлекетіміз – Қазақстан Республикасының өз алдына
дербес отау тігіп, тәуелсіздік алғанына он бес жылдың жүзі болды. Көптен
күткен тәуелсіздігіміздің арқасында қазақ топырағында атқарушы биліктің
орталық органдары қалыптасты. Тәуелсіздік алғаннан бергі он бес жылда
еліміздегі атқарушы билік органдарының тұрақты қалыптасуының өзі соңғы бес-
алты жыл болар. Олай болса, отандық құқық пәні бойынша мемлекеттік атқарушы
билеу органдары туралы ғылыми зерттеулер өте аз деп реніш айтқанымыз
орынсыз болар. Ендеше, неге болашақтан үміт күтпесе, еліміз тыныш, халқымыз
аман келешекте ғалым, заңгерлеріміз Қазақстан Республикасында мемлекеттік
атқарушы билік органдары туралы әлі талай еңбектер жазары сөзсіз?!
Біз бұл еңбегімізде атқарушы билік органдарының түсінігін, түрлерін
ресейлік және қазақстандық ғалымдардың зерттеулері мен ой-пікірлерін
қолдана отырып ашық көрсетуге тырыстық. Бұл жөніндегі еңбектерден
Ғ.Сапарғалиевтың Қазақстан Республикасының конституциялық құқығын,
А.М.Барнашевтың Теория разделения властей. Становление, развитие,
применение - деп аталатын әдебиетін, А.А.Гарановтың Парламент и
законодательная власть Казахстана монографиясын, тағы басқа бірқатар
еңбектерді атар едік.
Біз осы еңбекті жазарда алдымызға еңселі мақсат қойдық. Ол халық
игілігі аталатын мемлекеттің атқарушы билік органдарын жинақталған
материалдар мен өзіміздің түйген ой-пікірлерімізді жүйелеп, саралап,
тереңірек зерттеу.
Қазақстан Республикасындағы атқарушы билік органдары туралы бір ауыз
сөз айтып, мақала жазбаған ғалымдар, заңгерлер, студенттер кемде-кем. Соған
қарамастан атқарушы билік органдары әлі толық зерттеліп болған жоқ.
Мемлекеттік атқарушы билік органы бұл – күрделі тақырып. Ал еңбектің
басты мақсаты – осындай күрделі құқықтық құбылыстың түсінігін ашып,
түрлерін айқындап, жан-жақты тану.
Өскен, өркендеген елдерде атқарушы билік органдары сияқты даңғыл
жүйелердің түсінігін, түрлерін, қызметтерін оларды, қайта құру жобаларын
жілікше шағып, егжейлі-тегжейлі талдаумен тынбай, атқарушы билік
органдарының жасаған әр қадамын, қызметтерінің әр сәтін үлкен әнгіменің
арқауы етіп жатады. Осындай мінез бізге де ауадай қажет.
Біздің бұл еңбегіміз Атқарушы биліктің орталық органдары деген
тақырыпта өрбіп отырғандықтан әңгіме өзегі – Қазақстан Республикасының
мемлекеттік атқарушы билік органдары. Еңбегіміз екі тараудан тұрады.
Бірінші тарау – мемлекеттік биліктің құқықтық табиғаты деген атауға ие. Бұл
тарауда үш бөлім мазмұндалған. Осы үш бөлім мемлекеттік биліктің құқықтық
табиғатын, мазмұнын, биліктің, бөліну теориясын құрайды. Екінші тарау –
мемлекеттік атқарушы биліктің орталық органдары деп аталған. Мұнда
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік атқарушы билік органдарын толық,
әрі жан-жақты қарастырдық.
Жалпы, еңбегіміз мемлекеттік атқарушы билік органдарын толық қамтыды.
Әдебиеттердің тапшылығы кедергі келтіргенмен көздеген мақсатымызға
жеткендей болдық.
Жұмыс барысында мемлекеттік атқарушы биліктің бүгінгі көрінісі туралы
қолдан келгенше ой түюге әрекет жасадық.
1-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ
1. 1 БИЛІК ЖАЛПЫ ӘЛЕУМЕТТІК КАТЕГОРИЯ
Мемлекеттік билік органдарын толыққанды талқылау үшін алдымен билікті
жалпы әлеуметтік категория ретінде қарастырып, мазмұнын, мағынасын ашып
алуымыз қажет.
Билік болып қоғамда белгілі бір субъектінің (жеке тұлғаның, ұжымның,
ұйымның) екінші бір субъектіге (жеке тұлғаға, ұжымға, ұйымға) бағынып, яғни
сол субъектінің мүддесіне, еркіне бағынып, мінез-құлық дәріптеуі танылады.
Адамзат баласы өмір сүріп отырған қоғамда биліктің көптеген түрлері
тараған. Атап айтар болсақ: ру, тайпа билігі, экономикалық билік, қоғамдық
ұйымдардың билігі, ата-аналық билік, діни ағымдағы билік, осылардың
арасында ерекше орын алатын, қоғамға кең тараған, қазіргі біздің
мемлекетіміздің қадасын қағып, керегесін кеңейтіп отырған, осы еңбегіміздің
басты тақырыбының іргетасы болып отырған билік - саяси (мемлекеттік) билік.
Осы аталған саяси билік негізгі заңдық мағынада мемлекеттік билік болып
түсіндіріледі және мемлекеттің тікелей қатысуымен жүзеге асырылады.
К. Маркс мемлекеттік билікті жүзеге асыратын мемлекет пен оның әр-
түрлі органдары азаматтық қоғамның саяси тірегі болып табылады деп пікір
айтқан[1]. Бұдан шығатын қорытынды мынадай: мемлекеттік билік - тікелей
мемлекетпен жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың өкілеттігі мен қолдауы
бойынша жүргізілетін, мемлекетпен белгілі бір әрекеттілік берілген немесе
санкцияланған қоғамдық биліктің айрықша нысаны.
Сонымен қатар Ф.Энгельс саяси (мемлекеттік) билік ерекше жариялылыққа
ие билік деп атап айтқан[2].
Биліктің маңызды белгісінің бірі – күш. Себебі, әр мемлекетте билік әр-
қилы жағынан көрініс табады, мысалы бір мемлекетте мемлекеттік билік
мемлекет тарапынан тікелей зорлыққа бағытталса, екіншісінде – жасырын
мәжбірлеуге ие, сондай-ақ үшіншісінде ұйымдастырушылық қызметке ие[3].
Билік күші физикалық күш, қару-жарық күші (дубина, қару, атом бомбасы)
немесе бедел, ақыл-ой күші болуы мүмкін. Енді осы билік жайында ежелгі
ойшыл – ақылмандардың пікірлерін, ұстанған қағидаларын, бағыт-бағдарларын
толғап өтсек. Ежелгі ақылман Никколо Макиавелли өзінің Тақсыр атты
кітабында: Билік иесі елді әр-түрлі тәсілмен басқарады. Бірі - қабылдаған
заң жолымен, екіншісі- күш қолдану арқылы. Алғашқысы адамға, кейінгісі
айуанға тән. Елде тәртіп орнатайын десе, билік иесі осы екі тәсілді де тең
ұстағаны абзал, түсінігі молдарға заңды құрметтеуді үйрет, көнбегендерге
амал жоқ, күш қолдан.
Өз бойыңа арыстан мен түлкінің мінезін қалыптастыр. Арыстан-айбатты,
түлкі-айлакер. Мұның бірін сыртқы, екіншісін ішкі жауыңа пайдалан. Қорқыт
та алдай біл, алда да қорқыта біл. Сонда ғана елдің тізгінін нық ұстайсьң
- деген[4].
Иә, әр ғасырлардың, әр қоғамдық құрылыстардың өзіндік билік құпиялары
болған. Ең бастысы билік иесі-жоғары лауазым иесі қарамағындағы, адалдық,
адамгершілік, жан тазалығы және өз-өзіне сенімділік мен мұндалап, көзе ұрып
тұруы шарт.
Жоғарыда атап өткен Тақсыр атты кітапшада, бұған керісінше, билеушіні
орға жығатын бес бірдей сүйкімсіз мінез көрсетілген. Олар: тұрақсыздық.
Жеңіл ойлылық, дөрекілік, сезімсіздік және дұрыс шешім қабылдай алмаушылық.
Шығыс филасофтарының көне жазбаларында билік иелерін үш топқа бөледі
екен.
Біріншісі – кұдайдың өзі туа бітті ақыл дарытқандар. Мұндай билік
иелері ұзақ мерзім билік құрады және еліне көп жақсылық әкеледі.
Екіншісі - өзгенің істегенін көріп, әрекет жасайтындар. Бұлар көбінесе
қу болып келеді. Қоғамға өзгеріс әкелетіндей жаңалық жасай алмайды. Тек
ескіні ғана нығымдап ұстауға бейім тұрады.
Үшіншісі - өзі білмейтін және өзгеден тәлім алмайтындар. Бұлар билік
басына кездейсоқ келеді, олар кез-келген істі айқаймен, дауды соғыспен
шешуге құмар. Мұндай билік иелері бар ел түбінде қырғынға, байлығы тонауға
ұшырайды.
Наршахи деген ақылман: Халқың, қара нан жесе, сен де қара нан же,
әйтпесе сенімнен айырыласың. Биліктен ажырайсың - деп жазыпты. Өнеге сөз.
Қырғыз жазушысы, адамзаттың Айтматовы: Мен білетін биліктің екі тармағы
бар. Бірі - халқына қызмет ететін, екіншісі -өзіне және туған-
туысқандарына, тұқым-жұрағатына ғана көлеңкесі түсетін билік. Алғашқысы –
жауапкершілікті терең сезінуден, адалдықтан, кейінгісі эгоизм
парықсыздықтан туындайды - деген[5]. Десе де, қазіргі біздің билік
иелеріміз кімнің, күйін күйттеп отыр, өзінің бе, жоқ әлде халқының ба?
Халқының күйін күйттеп, жоғын жоқтар билік иелері көп болса, біздің
қоғамымызда қолын созар қайыр-садақа сұраған қайыршылар саны азаяр еді.
Осыны көріп еліміздегі билік иелері өзімшіл ме деп қаласың.
Біздің пікірімізше, қоғам рахаты тек мемлекет басшысына тәуелді.
Себебі, мемлекет басшысы айналасына жинайтын билік иелерін дұрыс саралауы
тиіс. Егер, мемлекеттік билік басына өңкей жағымпаздарды жинаса, өзінің де,
елінің де күні қараң. Өйткені жағымпаздар басшыны мақтамай тұра алмайды.
Ал, мақтау сөз у тәрізді, тұла бойыңды түгел билеп алады.
Алды-артыңды болжаудан қалдырады. Осының салдарынан халқыңды ұмытасың.
Қаптап жүрген мүсәпір - қайыршыларды көрмейсің. Сондықтан Президент
Үкіметті құруда мүше болушылардың психологиясына терең үңілуі тиіс.
Афина патшасы Амасиске ғұлама Солон: Менің пікірімше үкімет билгін
халық билігіне айналдыра алған патша ғана даңқты болады-деп кеңес берген.
Олай болса, билік тізгінін ұстаған ақылмандардың кемеңгерлігі - ел
бақыты. Конфуций – біздің дәуірімізге дейінгі 551- 479 жылдары өмір сүрген
қытай халқының атақты философы, ойшылы. Оның ұлы қағидалары мен
өсиеттерінен көне Қытайдың көптеген билеушілері тәлім алған. Тіпті ең бір
қаһарлы императордың өзі: Ел басқару ісінде қателессек, ұлы ұстазымыз
кешірмейді-ау - деп қорыққан. Конфуцийдің билік туралы ұлағатты сөздері
бұл күнде әлемнің барша тіліне аударылған.
Әр адам өз ісін адалдықпен атқара білсін. Билеуші елді билесін,
жұмысшы еңбек етсін, әке-әке, бала-бала орнында болсын. Тұрақтылықтың осы
қарапайым қағидасы бұзылса, мемлекет іштен іриді. Үлкен өрт кішкене шақпақ
тастан шыққан ұшқыннан басталады.
Конфуцийдің қағидаларын Қытай көсемдері әлі күнге басшылыққа алып
отырады екен. Ал біздің билеушілеріміз, кешегі алты алашты аузына қаратқан
үш жүздің үш тарланы Төле бидің, Қазыбек бидің, Әйтеке бидің тағылымы мол
сөздерін біле ме екен ?!
Жалпы, билік иесі болу бақытына алуан салалы қызметтің, саяси
қақтығыстардың қойнауына түсіп ысылып, сыналған, ақылы мен парасаты,
кемеңгерлігі мен кеңдігі келіскен өзге тұстастарынан оқ бойы озық тұлға
ғана ие болуы тиіс қой.
Еліміздегі мемлекеттік атқарушы билік органдарының алшаң басуы -
қоғамымыздағы демократияның бір көрінісі.
Бақ пен сордың арасы - бір-ақ қадам депті императорлық тақ пен тәжден
айырылып, әулие Елена аралына жер аударылып бара жатқан Наполеон Бонапарт
өкініштен бармағын шайнап. Сол сияқты - біздегі билік иелері аңдап баспаса,
абайлап ұстамаса қолындағы биліктен айырылып қалуы ғажап емес.
Жалпы тілмен айтсақ билік - айбалтаның басы да, демократия - сабы. Ал
сабын ұстайтын әулетті қолдың иесі қашан да халық екенін естен шығармаған
жөн. Сондықтан бұл екеуін бөле жара караудың қажеті жоқ. Осы екі тірліктің
бірі бұзылса, екіншісі қисаймай тұрмайды. Мысалы, Люксембургте, көшеде келе
жатқан адам жолда жатқан әмиянды тауып алса, ол оны міндетті түрде
полицияға апарып тапсырады екен. Байыппен қарасақ. Бұл - қалыптасқан мінез
бен демократияның шынайылылығы.
Ал жоғалғанды тауып бермек түгілі, қолыңдағыны жұлып алатын біздің
қоғамда, демек билік те, демократия да, дұрыс орнықпай жатқаны-ау! Ендеше,
біз демократияға қол жеткіздік, аспаннан алтын жауады екен деген ұғымнан
арылуымыз қажет. Біз үшін - идеалды қоғамның ауылы алыс. Осыны жан –
тәніңмен, бүкіл болмысыңмен түсіну парыз. Қолдағы билік пен мүмкіндікті
жалаң өз басына пайдаланбай, еліне жақсылық жасауға ұмтылса ғана
демократияның бағы жанады.
Ежелгі заң реформаторы Солон өз билігі хақында былайша толғанған: мен
халыққа билікті олар қажет еткен мөлшерде бердім. Олардың абыройын
шектемедім, бірақ артық құқық берген жоқпын[6]. Солон болса бұдан
ұтылмады, керісінше үнемі ұтыста болды.
Демек, біздегі билік иелері өз дәуірінде де, болашақ алдында да ұтылмау
үшін халық мүддесін өз мүддесінен артық қоюы керек. Сонда ғана қоғамда
демократия аясындағы билік салтанат құрары сөзсіз.
1.2. МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ
Сонымен, мемлекеттің бірден-бір орталығын құрайтын саяси (мемлекеттік)
билік дегеніміз не? Енді осы сұраққа жауап іздеп көрсек.
Билік бұл - бір жеке тұлғаның немесе топтың шешім қабылдау құқығы мен
мүмкіндігіне көрініс табатын өзге де жеке тұлға немесе топ үшін міндетті
сипатқа ие әлеуметтік қатынас, әлеуметтік институт, басқаша айтқанда бұл
басқару-орындау қатынасы, кейде бұл бұйрық берушілік пен бағынушылықтың
қатаң нысанында көрініс береді. Бір адамның басқа адамға бағынуы негізінен
теңсіздікке жатады: табиғи теңсіздік (физикалық, интеллектуалдық) және
әлеуметтік теңсіздік (мәртебелілік, экономикалық, білімділік және т.б)[7].
Табиғи теңсіздік негізінде пайда болатын билік қашанда жеке тұлға
аралық қарым-қатынас сипатына ие. Бұл жағдайда біз бір адамға бағынамыз.
Алайда жаңадан пайда болған жағдайда ол адам өз үстемдігін, артықшылығын
көрсете бере алмайды, біз оның өкімін орындамауымыз да ғажап емес.
Әлеуметтік теңсіздікке негізделген билік өзінің персоналдық нысанын
жоғалта алады. Себебі біз қызметте физикалық тұрғыдан күшті, қуатты болсын
немесе бізге ұнасын, ұнамасын бастықтың өкімін орындауға мәжбүрміз. Ол
қоғамда да өзінің нақты қатысушыларынан тәулсіз және әлеуметтік кеңістікте
жеткілікті дәрежеде тұрып, жүзеге асырылады. мысалы, отағасы, діни
қауымдастықтың рухани басшысы, мекеме жетекшісі, партия қолбасшысы бұлардың
барлығы әлеуметтік кеңістікте әртүрлі орында тұрса да өзінің бағдарламасы
бойынша міндетті шешімдерді қабылдауда айрықша құқыққа ие. Мұндай биліктің
тұрақты болуының себебі оның институциализациясында, әлеуметтік теңсіздікке
негізделген билік әлеуметтік институт болып табылады.
Яғни, билік әлеуметтік теңсіздік негізінде пайда болады, бірақ бұл
теңсіздік автоматты түрде билік қатынастарына ықпал етеді деген сөз емес.
Мысалы, мекеме директоры көрші заводтың жұмыскерлеріне өкім бере алмайды.
Билік беруге басқару, екіншісіне бағынуды мазмұндайтын нормалар мен
ережелер бекітілгенде ғана және осы ережені бұзғандар бойынша санкция
шыққанда ғана пайда болады. Міне, біз осы ережелерден кейін ғана билікті
әлеуметтік институтқа, әлеуметтік теңсіздікке негіздеген
деп айта аламыз.
Қоғамда биліктің айрықша түрі бар. Оның басты белгісі болып билік
субъектілерімен қабылданған, қоғамның барлық мүшелері үшін міндетті болатын
шешім табылады. Бұл салықты өндіріп алу жөніндегі, меншік құқығын реттеуші
тәртіп жөніндегі, даулар мен келіспеушіліктерді шешу мен қарау тәртібі
жөніндегі шешімдер болуы мүмкін. Биліктің бұл түрі осы еңбегіміздің
мазмұнынан және бір бөліміне арқау болып отырған – мемлекеттік билік.
Мемлекеттік биліктің негізінен әлеуметтік теңсіздіктің ерекше түрі
енеді – ол саяси теңсіздік. Саяси теңсіздік бұл – саяси мәртебелердің
теңсіздігі. Адам жауапкершілігі мол шешім қабылдау құқығын Үкімет мүшесі
бола отырып, Парламент депутаты бола отырып, қоғамның иерархиялық
құрылуында өзінің ерекше мәртебесіне байланысты ала алады. Адамның осындай
дәрежеге жетуіне ықпал етуші факторлардың қатарына жеке тұлғаның ерекше
өзгешеліктерін атап айтуға болады: білім деңгейі, саяси ұйымдар қолдауы,
жаппай ақпарат құралдарына қол жеткізу және т.б.
Әлеуметтік теңсіздік қоғамды басқару үшін мүмкіндік туғызады. Себебі
социумның өмірлік координациясы үшін басқару орталығы ми штабы, сонымен
бірге жекелеген және топтық мүдделердің өзімшілдігін жеңу қажет.
Демек, қоғам тарихы – саяси теңсіздікті жою тарихы емес, бұл – қоғамды
ұйымдастырудың тиімді әдістерін құру және іздеу. Саяси билік қашанда
қоғамның дамуына үлес қосқан.
Саяси (мемлекеттік) билік қатынастарын реттейтін нормаларды сақтау
саяси социализация үрдісімен қамтамасыз етіледі: адам бала шағынан өзінен
орындауды талап ететін бұл нормалармен танысады. Жеке тұлға норманы сақтауы
өзіндік әдет, қарапайым іс болып кетеді[8].
Мемлекеттік биліктің пайда болуы және институализациялану үрдісі
мемлекеттің пайда болу және даму үрдісімен қатар жүреді. Себебі, саяси
шешімдерді қабылдаудың айрықша құқығы мемлекеттік органдарға тиесілі,
сондықтан мемлекеттік заң шығарудың соңғы нүктесі болып табылады.
Мемлекеттік билік органдары – мемлекеттік биліктік өкілеттерге ие және
өз құзыреті шегінде мемлекеттің белгілі бір міндеттері мен қызметтерін
жүзеге асыру үшін қажетті материалдық құралдарды иеленетін мемлекеттік
қызметкерлерден тұратын мемлекеттік механизмнің ұйымдасқан, рәсімделген
шаруашылықты бөлігі органдарының санын негіздейді[9].
Мемлекеттік билік органдары оның лигитимдігінің заңды қайнар көзі
ретіндегі критерий бойынша төмендегідей болып сараланады:
1. Конституциямен, республикалық заңдармен мемлекет қызметін және
міндетін тікелей орындау үшін республика субъектілерінің жарғысымен
бекітілетін органдар. (Республика Үкіметі, Парламенті, сот
органдары).
2. Жоғарыда аталған мемлекеттік органдардың түрлерінің өкілеттіктерін
орындауды қамтамасыз ету үшін құрылатын органдар (Президент
әкімшілігі және тағы басқалары).
Мемлекеттік билік органдары мемлекет механизмін қамтиды.
Мемлекеттік механизмі түсінігі мемлекеттік аппарат категориясымен
тығыз байланысты. Соңғысын екі мағынада: тар және кең мағынада түсінуіміз
қажет. Кең мағынада мемлекеттік аппарат түсінігі барлық мемлекеттік
органдардың жиынтығы ретінде мемлекеттік механизм анықтамасына сәйкес
келеді. Неғұрлым тар (арнайы) мағынада мемлекеттік аппарат ретінде
мемлекеттік басқару аппараты түсіндіріледі.
Ендеше, мемлекет механизмі (аппараты) бұл – Қазақстан Республикасының
Конституциясында, өзге де республикалық заңдарда бекітілген, тепе-теңдік
және тежемелік қағидасына негізделген мемлекеттік органдар жүйесі. Яғни,
мемлекеттік билік органдары мемлекеттік механизмге тоғысады. Біз қай
тұрғыдан болмасын, мемлекеттік билік органдарын қарастырғанда мемлекеттік
механизмді де қарастыруымыз қажет.
1.3 МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІ БӨЛУ ТЕОРИЯСЫ
Билікті бөлу теориясы осыдан үш жүз жылдар бұрын пайда болған. Оның
негізін қалаушылар болып ағылшындық философ - материалист, материализмнің
идеялық - саяси доктринасын құрушы Джон Локк (1632 –1704) пен француздық
философ және құқықтанушы Шарль Луи Монтескье (1689-1755) шықты.
Мемлекеттік билік бөлудің маңыздылығы мен қажеттіліктері жөніндегі Джон
Локктың идеялары 1690 жылғы жарық көрген Мемлекеттік басқару туралы екі
трактат деген басты еңбегінде көрініс тапса, Монтескьенің идеялары
Персиялық хат романында мазмұндалады. Бұл еңбегінде Джон Локк билікті
бөліске салу керек, себебі абсолютті монархия - тирандық режимнің
қалыптасуына ықпал етсе, заңсыздық - адамзат болмыс-бітіміне қарама-қайшы
келеді, ал билікті бөлу қағидасы негізінде пайда болған жария саяси
(мемлекеттік) билік адамдардың табиғи болмыс-бітімін сақтап, мүдделерін
көздейді десе[10], Шарль Луи Монтескье. Әрбір мемлекеттік биліктің үш тегі
болуы керек: заң шығарушы билік, халықаралық құқық сұрақтарын жүргізетін
атқарушы билік және азаматтық құқық мәселелерімен айналысатын атқарушы
билік. Осы аталғандардың біріншісінде мемлекет басшысы немесе мекеме
уақытша немесе тұрақты заңдар шығарады және әрекет етіп жатқан заңдардың
күшін тоқтатады немесе оларға өзгертулер енгізеді. Ал екінші биліктің
құзыретіне соғыс жариялау, бейбітшілік орнату, өкілдерді қабылдау,
қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты күрделі мәселелер енеді. Сондай-ақ,
үшінші билік қылмысты жазалауды, жеке тұлғалардың қақтығыстарын реттеуді
жүзеге асырады. Сонымен қатар ең соңғы билікті соттық билік деп
қарастыруымыз керек деп салиқалы пікір айтқан[11].
Мемлекеттік биліктің кеңестік концепциясының негізін қалаушылар
К.Маркс, Ф.Энгельс жене В.И.Ленин мемлекеттік билікті жұмысшы корпорация
ретінде қарастырған[12]. Көптеген уақыт бойы билікті бөлу теориясы кеңестік
ғылыммен буржуазиялық болып есептелінеді. Яғни, мұндағы концепциялар
мемлекеттің әр-түрлі органдары арасында қызметті, еңбекті бөлу қажеттілігін
мойындамады.
Алайда уақыт өте келе билікті бөлу теориясы кең етек жая бастады.
Осылайша, мемлекеттік биліктің механизмінің элементтері деген ұғым
қалыптасты. Мұндай элементтер болып мемлекеттік билік субьектісі (билік
жүктелуші) мен институттар (органдар, тікелей демократия нысандары) шықты.
Мемлекеттік билік қоғамда үстемдік етуші әлеуметтік топтың, яғни халықтың
мүддесін көздеуші ролге ие болды.
Мемлекеттік билікті бөлу қағидасының тарихы ежелден бастау алған.
Француз құқықтанушысы Монтескье 1748 жылғы атаулы бір еңбегінде Жеке тұлға
саяси бостандықта болу үшін үкімет адамдар бір - бірінен қорықпайтындай
дәрежеде ұйымдастырылуы қажет. Егер заң шығарушы және атқарушы билік бір
адамның немесе бір магистратура органдарының иелігіне шоғырланса, онда
бостандық болуы мүмкін емес, мұндай жағдайда қоғамда үрей, қорқыныш пайда
болады және бүкіл билікті бір өзінің қолына алған монарх немесе сенат
тирандық заңдар шығарып, оны тирандық сипатта қолдануы мүмкін.
Сонымен қатар, соттық билік заң шығарушы және атқарушы биліктен
бөлінбесе, онда бостандық туралы әңгіме қозғау мүмкін емес. Егер сот билігі
мен заң шығарушы билік біріксе субъектінің өмірі мен бостандығы ақылға
қонымсыз кетуі мүмкін. Ал атқарушы билікпен біріксе сот қатыгездікке бой
ұрады, - деген[13].
1990 жылғы 25 қазандағы Қазақ КСР-ының бұрын буржуазиялық саяси
институт ретінде үзілді-кесілді теріске шығарған билік бөлісу қағидасын
бірінші рет жариялаған акт. Қазақстан КСР-ының 1978 ж. Конституциясы,
жалпыға мәлім, бұл органда ешқандай бүкіл билік болмаса да, Жоғарғы Кеңеске
бүкіл билікті бекітті. Жоғарғы өкілді органның бірыңғай билігінің мәні,
міне осында. Алайда, Қазақ, КСР-інің Жоғары Кеңесі Парламенттей болған жоқ,
өйткені онда билік бөлісу және тұрақты жұмыс істейтін жоғарғы өкілді
органдары болған жоқ.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясы Жоғарғы Кеңеске кең
өкілеттілік бергені сондай мемлекеттік билікті бөлісу қағидасы шын мәнінде
болған жоқ. Сонымен қатар, тежемелік және тепе-теңдік жүйесі де
орнықтырылмады. Сөйтіп, 1993 жылғы Конституция мемлекеттік билігінің
қайшылықты құқықтық, базасын жасады. Тұрақты жұмыс істейтін Жоғарғы Кеңес
әрине, өз қызметін толық атқара алмады. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың пікірінше, Қазақстан үшін парламенттік республиканың
орнықтырылмаған себебі онда парламентаризмнің дәстүрі мен мәдениеті, көп
партиялылықтың дамыған жүйесі болмады және ең бастысы, мұның бәрін халықтың
қалың санасы қабылдамады. Бүгінгі таңда бізде ол жоқ[14].
1993 жылдың қаңтарында қабылданған Конституцияда Президенттік басқару
жүйесі орнықтырылмады. Мұнда Президент биліктің бірде-бір тармағына жатқан
жоқ. Конституциялық Сот органы болып табылмайтын Конституциялық Кеңеспен
алмастырылды. Жоғарғы Соттың шеңберінде біртұтас жүйе орнықты. Осындай
қайта құрулар нәтижесінде мемлекеттік биліктің Президенттік басқару
жүйесіне тән жоғарғы және жергілікті органдарын қайта құрулар негізінен
аяқталды.
Қазақстан Республикасының Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол
Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот
тармақтарына бөліну және өзара іс-қимыл жасау қағидаларына сәйкес жүзеге
асырылады делінген (3-бап 4 тармақ). Мемлекеттік билік жүйесі тек көлбегей
ғана емес тік те бөлу қағидаларына негізделген. Алайда, біртұтас
мемлекеттік билікті тік бөлудің жоғарғы және жергілікті мемлекеттік
органдарының арасында іс жүргізуді шектеуде өзіндік ерекшелігі бар.
Қазақстанның Конституциясы және тиісті заң актілері мемлекеттік билік
органдарына, бір жағынан олардың жергілікті жерлердегі мәселелерді шешуге,
екінші жағынан жоғарғы органдардың өкілеттігіне араласып, біртұтастық
қағидасын бұзуға болмайтындай өкілеттіктер шегін белгіледі.
Билік бөлу қағидасының маңызды болатын себебі ол мемлекеттің
ұйымдастырылуының, оның тетіктерін белгілейді. Конституция бұл қағиданы
тану алдыңғы қатарлы демократиялық мемлекеттердің тарихи тәжірибиесін
ескертуді, құқықтық мемлекет бағыт ұсынуды білдіреді[15].
Қазақстан Республикасында Конституция нормаларын талдау билік бөлу
жүйесінде Президенттің жағдайы ерекше деп есептеуге негіз қалайды.
Біріншіден, Президент толық күйінде биліктің бірде-бір тармағына қойылуы
мүмкін емес, екіншіден, оның биліктің барлық тармағына қызметіне бірдей
араласуына мүмкіндік беретіндей құқығы бар, үшіншіден, оның өкілеттілігі
мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үйлесімді қызметін билік
органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасіз ете алады.
Конституцияға сәйкес мемлекеттік билікті шығарушылық, атқарушылық
билік, сот билігі тармақтарына бөліну принципінің қабылдануына орай –
Қазақстан халқының еркі мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы болып
табылады. Міне, осыдан келіп мемлекет органдарының қызметі халықтың еркі
негізінде жүзеге аса бастады. Ал, мемлекеттік билік органдарының қызметің,
өзара іс-қимылын үлестіруші күш болып – Президент болады.
Мемлекеттік билікті бөлу біздің дербес және тәуелді мемлекетіміз үшін
жаңа қағида болғанымен, басқа елдерде ол ежелден бері қолданыста.
Билікті бөлу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz