Бас бостандығынан айыру қылмыстық жаза түрі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Бас бостандығынан айыру қылмыстық жаза түрі

ЖОСПАР
Кіріспе 1
2. Негізгі бөлім 5
1. с. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы бойынша бас бостандығынан
айырудың түсінігі мен түрлері 5
2 с. Бас бостандығынан айырудан тағайындау тәртібі мен жағдайы 8
3.с. Бас бостандығынан айыру жазасын өтеу орны 9
Тапсырма. 12
Қылмыс объектісінің түсінігі мазмұны 12
Қорытынды 20
Қолданылған әдебиеттер 21

Кіріспе

Бас бостандығынан айыру қылмыстық жаза түрі. Бұл тақырыпты алу себебін
бас бостандығынан айыру жазалық ең ауыр түрінің болып табылады. Бас
бостандығынан айырылғанда сотталған адамның құқықылық жағдайы елеулі
шектеуге түседі, ол қоғамнан оқшауланады, өз қалауы бойынша еңбек қызметін
атқаруға шек қойылады, уақыт мөлшері өз бетімен пайдалануға тежеу салынады.
Бас бостандығынан айырудың түсінігі Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексінің 48–бабында көрсетілген. Мұнда бас бостандығынан айыру дегеніміз
сотталған адамды сот белгілеген мерзімде күшпен қоғамнан оқшаулап, оны
арнайы белгіленген түзеу мекемелеріне орналастыруды жүзеге асыру болып
табылады делінген.
Бас бостандығынан айыру жазасы мемлекеттік күштеу жазаларының бірі
болып табылады және ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу
құралдарының бірі ретінде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес
жүргізуде әр түрлі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық, рухани
шаралардың барлық түрін кеңінен қолданады, сөйтіп қылмыстан сақтандыру
мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да біздің жас, тәуелсіз
мемлекетіміз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жаза қолдануда ең басты күрес
деп саналады. Бас бостандығынан айыру жазасы мемлекеттік күштеу ретінде тек
арнаулы, заңда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс істеген
адамдарға мұндай жазалау шараны қолдану мемлекеттің атқаратын
функцияларының бірі ретінде қарастырылады.
Әсіресе ауыр, өте ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыр
қылмыстық–құқылық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып
табылады.
Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан. Қылмыстық шара мемлекеттік
күштеу шараларының жеке бір түрі бола отырып, өз ерекшелігімен оқшауланады
десе болады.
Біріншіден, қылмыстық шара – мемлекеттік күштеу шарасы ретінде
қылмыстық заңмен ғана белгіленеді. Қылмыстық кодексте жазаның сот үшін
міндетті тізбектері мен оны қолданудың тәртібі тұжырымдаған. Сот қылмысқа
кінәлі адамға қылмыстық заңда көрсетілген шараның шеңберінде оның шегінен
шықпай, жаза тағайындайды.
Екіншіден, мемлекеттік күштеу шарасы ретіндегі қылмыстық жазаны
мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды.
Қылмыстық жазаны қодану – тек қана соттың құзыреті.
Үшіншіден, заңда көрсетілген тәртіппен сотталған адамды жазадан
босату, сондай-ақ тағайындалған қылмыстық жазаны жеңілдету тағы да сот
арқылы жүз немесе жазаны жеңілдету Қазақстан Республикасы Конституциясына
сәйкес Парламент немесе Республика Президенті арқылы жүзеге асырылады, ал
басқа жазаларды бұл мәселелерді шешу тек соттың міндеті болып табылады.
Төртіншіден, қылмыстық жаза жария түрде ашықтан-ашық тағайындалады.
Яғни, қылмыс адамның кінәсін анықтау оған жаза тағайындауды қажет деп табу,
қылмыстық жазаның нақты түрі мен көлемін анықтау жеке немесе заңды тұлғалар
арқылы мемлекет арқылы жария, ашықтан-ашық түрде белгіленеді.
Бесіншіден, мемлекеттік күштеу шаралары ретінде қылмыстық жаза
қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмысты жасаған кінәлі адамға
қолданылады мүмкін. Яғни бұл жерде жаза адамның кінәлі түрде істеген іс-
әрекетінің қылмыстық–құқылық зардабы болып табылады. Сондықтан да қылмыстық
заңда адам өз кінәсі анықталған қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік
және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа
тартылуы тиісті, - делінген.
Жаза сотталған адамға белгілі бір зардап келтірумен тікелей байланысты
болады. Мысалы: соттың кінәліні бас бостандығынан айыру немесе белгілі бір
лауазым иесі болуға тыйым салуы, мүлкін тәркілеуі мүмкін. Ерекше ауыр
қылмыс жасаған жағдайда кінәліге заңда көрсетілген негізде ерекше жаза -
өлім жазасын тағйындауы да мүмкін.
Қылмыстық жазаның басқа да мемлекеттік күштеу шараларынан ерекшелігі
оны қолдану кінәліге барлық уақытта да сотталғандық туралы атақ береді.
Сотталғандықтың кінәлі үшін белгілі бір құқылық зардабы бар, ол
сотталғандағы туралы өмірбаянында көрсетілуі керек, сотталғандық кейбір
жағдайларда қылмысты ауырлататын мән–жайларға жатады. Немесе сотталғандық
атақ кейде қылмысты саралауға, жазаның мөлшерін, сондай-ақ жазаны өтейтін
колонияның түрін белгілеу үшін маңызды мәнге ие болады. Сонымен бас
бостандығынан айыру жазасы сот арқылы мемлекет атынан қылмыс жасаған адамға
қылмыстық заңмен белгіленген мемлекеттік шараны қолдану болып табылады.
Бас бостандығынан айыру жазасының мақсаты - әлеуметік әділдікті,
әділеттілікті қалпына келтіру, сондай–ақ қылмыс істеген адамдарды түзеу,
сондай-ақ сотталғандарды да, басқа адамдарды да жаза қылмыстарды істеуден
соң алдын ала сақтандыру болып табылады. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына
келтіру, сотталған адамға жаза тағайындау және жазаны орындау арқылы оны
түзеу, сөйтіп жаңа қылмыс істеуден оны сақтандыру жазаның арнаулы ескертуі
болып табылады. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру кезінде бас
бостандығынан айыру жазасы қолданылған жағдайда қылмыс істеген адамға
әділетті жаза тағайындау, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі,
келтірілген зиян мөлшері, жаза тағайындаудың басты негіздері, кінәлінің
жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып, қылмысқа сай келетін, жаза
тағайындау болып табылады. Қылмыстық құқықта арнаулы сақтандырудың иелері
болады, бұған қылмыс істеп сотталғандар танылады.
Жазаның мақсаты бұл адамдардың тарапынан тағы да қылмыс істеу
фактісінің орын алмауын көздеуі болып табылады. Осы көздеген мақсатқа
жетудің құралы – сотталғандарды түзеу арқылы, еңбекке адал, заң талаптарын
мүлтіксіз орындау рухында тәрбиелеу болып табылады. Бұл жерде түзеу
дегеніміз қылмыс істеп сотталған тұлғаның әлеуметтік, психологиялық
көзқарасын өзгертіп қылмысты құбылысқа, қоғам ережелерін бұзуға, еңбексіз
күн көріске деген пиғылдарын, жазадан қорықса да өзгертіп дұрыс жолға салу
болып табылады.
Сондықтан да қылмыскерге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау
арқылы оны түзеу мазадан қорықса да қылмыс істемейтін, заң талаптарын қалт
жібермей мүлтіксіз орындайтын адам етіп қалыптастыру болып табылады. Ал
жазаның басқа бір мақсаты - басқа адамдарды қылмыс істеуден сақтандыру
болып табылады. Бұл яғни қылмыс істемеген, бірақ тәртіптік, әкімшілік құқық
қалыптарын бұзып, биморальдық күйге түсіп жүрген қылмыс істеуі мүмкін,
тұрақсыз элементтерге бағытталады. Мұндай әлеуметтік тұрақсыз адамдарды
қылмыстық құқықта көрсетілген жазамен қорқыту арқылы және қылмыс
істегендерге жазаның сөзсіз қолдануын ескерту, қылмыстан сақтандырудың
жалпы түрі болып табылады.
Мұндай сақтандыру қылмыстық құқықтың тәрбиелік функциясының бір
көрінісі болып табылады. Қылмыстық құқық қалыптарының жеке түрлерінің
санкцияларында көрсетілген жазаларда қылмыс істеген кінәлі адамдарға
қолданбақшы болып қорқыту арқылы қылмыстық заң барлық азаматтарға, олардың
психологиялық сана–сезіміне әсер ету арқылы, олардың әлеуметтік
әділеттілікті, адам өмірінің қорғалуының, құқық тәртібін тағайындаудың
қажеттілігі туралы көзқарастарының қалыптасуына жағдайлар туғызды.
Сот сияқты қылмыстық құқықтағы бас бостандығынан айыру жазасы –
қылмыстының жанын қинау немесе адамгершілік намысына тиіп, қорлау мақсатын
көздемейді. Бұл тарихи қалыптасқан қылмыстық құқықтық адамгершілікпринципі
болып табылады. Осы жерде жазаның мақсаттары туралы заңның қалпының өзінде
қарама–қайшылық жоқ па екен деген заңды сұрақ туындайды. Бас бостандығынан
айыру жаза сотталған адамның құқықтарға мен бостандықтарына шек қою арқылы,
сөз жоқ, оның жанын қинайды, адамгершілік намысына тиеді.
Бұл түрде қарама–қайшылықты жою үшін жазаның мақсатын және құрамын,
мазмұнын дұрыс айыра білген жөн. Жаза қылмыстының жанын қинау немесе
адамгершілік намысына тиіп қорлау мақсатын тіпті де көздемейді. Сотталған
адамның құқықтары мен бостандықтарын заңда көрсетілген шекті қою жазаның
мазмұнын, ал арнаулы жеке жалпы сақтандыруды жүзеге асыру жазаның мақсатына
жету құрамын құрайды. Соттталған адамның қоғамнан оқшауланып, түзеу
мекемесінде жазасын өтеуі, әлбетте, оның жанын жеуі сөзсіз, бұл жазаның
жазалау элементтері болып табылады.

2. Негізгі бөлім

1. с. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы бойынша бас
бостандығынан айырудың түсінігі мен түрлері

Бас бостандығынан айыру сотталушыны колония – қонысқа жіберу жалпы,
қатаң ерекше режимдегі түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен
оқшаулаудан тұрады (ҚК-ң 48 б. 1 бол.).
Бас бостандығынан айыру негізгі жаза ретінде ҚК-ң Ерекше бөлігі
нормаларының 559 санкциясында қарастырылған.
Кез келген жаза - әр кезде де белгілі бір субъектіні қандай да болсын
өмірін интелектерінен айыртады, ал бұл қайғыға ұшыратады. Бас бостандығынан
айыру түрінде жаза тағайындалғанда сотталушының құқықтық жағдайы қоғамның
басқа мүшелерімен салыстырғанда айтарлықтай шектеледі. Атап айтқанда, ол
саяси, еңбек, отбасы және басқа да құқықтарынан шектеледі, ал заңмен
қарастырылған жағдайларда арнайы мәжбүрлеу шараларына ұшырауы мүмкін.
Өлім жазасын есептемегенде бас бостандығын айыру ең қатал жаза болып
табылады. Бас бостандығынан айырудың айтарлықтай қоғамдық қауіп төндіретін
қылмыс жасалғанда және қоғамнан оқшаулау жағдайларында ғана түзелуі мүмкін
тұлғаларға тағайындалуы кездейсоқ емес. Қазіргі кезде жазаның бұл түрі
қолданылу жиілігі бойынша жазаның барлық түрлерінің арасында бірінші орында
қалып отыр. Мысалы: 1996 жылы ол сотталған адамдардың 44,4 пайызына
қатысты қолданылған.
ҚК- 48 б. бас бостандығынан айырудың екі түрін белгілейді – бас
бостандығынан белгілі мерзімге айыру (мерзімді) және бас бостандығынан
өмір бойына айыру (мерзімсіз). ҚК-те қарастырылған қылмыстарды жасағаны
үшін белгілі мерзімге бас бостандығынан айыру төменгідей мөлшерде
тағайындалады:
- Бас бостандығынан айырудың ең аз мөлшері алты айға тең;
- Түзеу жұмыстарын немесе бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан
айырумен ауыстыратын жағдайда алты айдан кем мерзімге;
- Бас бостандығынан айырудың жалпы ең ұзақ мерзімі он бес жылға,
абайсызда жасалған қылмыс үшін – он жылға тең мерзімге;
- Өмірге қастандық жасалатын аса ауыр қылмыс үшін, сол сияқты соғыс
уақытында не ұрыс жағдайында жасалатын мемлекеттік сатқындық, бейбітшілік
пен адамзат қауіпсіздігінне қарсы қылмыстар және ерекше ауыр әскери
қылмыстар үшін бас бостандығынан айыру жиырма жылға дейінгі мерзімгеі;
- Қылмыстар жиынтығы бойынша жаза мерзімдерін ішінара немесе толық
қосқан жағдайда және де ҚК-ң 49 б. 3–ші бөлігінде (кешірім жасау тәртібімен
өлім жазасын ауыстыру), ҚК-ң 69 б. 5–ші бөлігінде (жасаған қылмысы үшін
өлім жазасын тағайындалуы мүмкін адамға ескіру мерзімін қолдануды сот
мүмкін деп таппаса), ҚК-ң 75 б. 4–ші бөлігінде (егер сот өмір байы бас
бостандығынан айыруға сотталған адамға ескіру мерзімін қолдану мүмкін деп
таппаса) қарастырылған жағдайларда бас бостандығынан айыру – жиырма бес
жылға дейінгі шекте, ал үкімдер жиынтығы бойынша мерзімдерді ішінара немесе
толық қосқан жағдайда - отыз жылға дейінгі шекте тағайындалуы мүмкін.
Бас бостандығынан айыру мерзімі жылдармен және айлармен, ал жазаны
ауыстыру, қосу немесе есепке алу кезінде күндермен де есептеледі (ҚК-ң 62
б.).
Үкім заңды күшіне енгенге дейін тұлғаны қамауда ұстаудың мерзімі бас
бостандығынан айыру мерзіміне кіреді (ҚК-ң 62 б.).
Қылмыс жасалғаннан кейін психикалық аурумен науқастанған адамға
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған уақыт жаза мерзімін
өтеуге есептеледі (ҚК-ң 62 б. 6 б.).
Сотталған адамдар жазадан осы жазаның мерзімін өтеп болған соң және
заңмен бектілген басқа негіздер бойынша да босатылады. Егер бас
бостандығынан айыру түріндегі жазаның мерзімі демалыс немесе мейрам күндері
аяқталатын болса, сотталған адам демалыстың алдындағы және мейрамның
алдындағы күні басталады.
Бас бостандығынан айырудың мерзімсіз түрі, яғни бас бостандығынан
өмір бойына айыру – жазаның жаңа түрі. Қарастырылған отырылған жаза
Қазақстан Республикасы ҚК- сі бойынша бас бостандығынан айырудан түрі болып
табылады және ол тек мына жағдайларда ғана тағайындалады:
а) өмірге қастандық жасалатын аса ауыр қылмыс жасағаны үшін берілетін
өлім жазасына балама ретінде және сот өлім жазасын қолданбауға болады деп
ұйғарған жағдайларда, (ҚК-ң 48 б. 4 бөл.), сол сияқты ҚК-ң 49 б., 1 бөл.
аталған қылмыстарды жасағаны үшін тағайындалуы мүмкін. Бұл жөнінде ҚК-ң 48
б., 3 бөл. айтылған;
ә) кешірім жасау тәртібімен өлім жазасын ауыстыру жағдайларында (ҚК-ң
49 б., 3 бөл.);
б) өлім жазасына сотталған не өлім жазасы тағайындалуы мүмкін тұлғаға
ескіру мерзімін қолдану мүмкін болмаған жағдайларда (ҚК- тің 69, 79
баптары).
ҚК-ң 48 б. 3 бөл. мағынасы бойынша сот өмір бойына бас бостандығынан
айыруды белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыруды жеткіліксіз, ал өлім
жазасын шектен тыс жаза деп тапқан жағдайларда тағайындайды. Сонымен, өмір
бойы бас бостандығынан айырудың қолданылуы біздің елімізде соттардың
қолданалатын өлім жазасының санын анағұрлым азайта түсуде.
Ізгілік қағидаларына сәйкес, өмір бойы бас бостандығынан айыру
әйелдерге, сондай-ақ он сегіз жасқа толмай қылмыс жасағандарға және үкім
шығарылуы сәтіне алпыс бес жасқа толған еркектерге тағайындалмайды (ҚК-ң 49
б., 4 бөлігі).
Өмір бойы бас бостандығынан айыру сотталған адамның босатылуы іс
жүзінде мүмкін еместігімен байланысты ҚК-ң 70 б., 5 бөл. қарастырылған
жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатылу мүмкіндігі екі
шарттың сай келуіне қарай орын алуы мүмкін - кемінде жиырма бес жыл бас
бостандығынан айыруды іс жүзінде өтесе және сот бұл жазаны өтеп жүрген
тұлғаны жазаны одан әрі өтеуді қажет етпейді деп таныса.
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің күшіне енуі туралы
1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабына сәйкес
өмір бойы бас бостандығынан айыру осы жазаны орындау үшін қажетті
жағдайлардың пайда болуына қарай Қазақстан Республикасының Қылмыстық–атқару
кодексі күшіне енгеннен кейін, бірақ 2003 – жылдан кешіктірілмей күшіне
енеді.

2 с. Бас бостандығынан айырудан тағайындау тәртібі мен жағдайы

Бас бостандыңынан айыру дегеніміз сотталған адамды сот белгілеген
мерзімде күшпен қоғамнан оқшаулап, оны арнайы белгіленген түзеу
мекемелеріне орналастыруды жүзеге асыру болып табылады.
Бас бостандығынан айыру жазасын сот істелген қылмыстың қоғамға едәуір
зияндылығы орын алғанда, жасалған қылмыстың мәнін, кінәлінің жеке басын
ескере отырып қылмыс істеген адамның бостандықта жүріп түзелуі мүмкін емес,
оның түзелуі қоғамнан оқшаулап түзеуге ықпал ететін ерекше шараларды
қолдану қажет деп тапса ғана қолданылады.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 24 маусым 1993 жылғы
Жаза тағайындағанда соттардың заттарды дұрыс қолдануы туралы №3
қаулысында соттардың назары ауыр қылмыс, әсіресе қылмысты ұйымдастырған
топпен жасаған, бұрын сотталған, бірақ түзелгісі келмейтін адамдарға заңда
көрсетілген жазалардың қатаң шараларын қолдануы керектігіне аударылады.
Сонымен қатар ауыр емес қылмыс жасаған, қоғамнан оқшаулаусыз-ақ түзелуге
қабілетті айыпты адамдарға жаза тағайындағанда бас бостандығынан
айырмайтын, заңда көрсетілген басқа жаза түрлерін қолданған жөн деген
ұсыныс айтылған.
Бас бостандығынан айыру жазасы тек негізгі жаза ретінде 6 айдан 15
жылға, ал қылмыстың кодекстің 49–бабының 1–бөлігіде аталған ерекше ауыр
қылмыстар үшін 20 жылға дейінгі мерзімге не өмір бойына белгіленеді.
Абайсызда жасалған қылмыс үшін бас бостандығынан айыру 10 жылдан аспауға
тиіс. Түзеу жұмыстарын және бас бостандығынан шектеуді бас бостандығынан
айырумен ауыстырған жағдайда ол алты айға жетпейтін мерзімге тағайындалуы
мүмкін. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде бас
бостандығынан айыру мерзімдерін ішінара немесе толық қосқан жағдайда бас
бостандығынан айырудың ең жоғарғы мерзімі Қылмыстық кодекстің 49–бабының 3-
бөлігінде, 69–бабының бесінші бөлігінде және 75 – бабының төртінші
бөлігінде көзделген жағдайларда – жиырма бес жылдан, ал үкімдердің жиынтығы
бойынша отыз жылдан артық болмауға тиіс.
Жаңа қылмыстық заң өмір бойына бас бостандығынан айыру өмірге
қастандық жасалатын аса ауыр қылмыс жасағаны үшін берілетін өлім жазасына
балама ретінде ғана бғлгіленеді және сот өлім жазасын қолданбауға болады
деп ұйғарған жағдайларда тағайындалуы мүмкін. Осыған байланысты өмір бойына
бас бостандығына айыруға жазаның жеке түрі емес, өлім жазасына балама жаза
екендігі, яғни өлім жазасының орнына ғана тағайындалатыны аян. Өмір бойына
бас бостандығынан айыру жазасының шарттары: адамның аса ауыр қылмыс жасауы
және бұл қылмыстар бір немесе бірнеше адамдардың өміріне қасақаналықпен қол
сұғылуы, бірақ сот істің жеңілдететін ерекше мән-жайларын және кінәлінің
жеке басының жағымды қасиеттерін ескере отырып өлім жазасын қолданбай-ақ,
оның орнына кінәліге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын
тағайындайды. Өмір бойы бас бостандығынан айыру әйелдерге, сондай–ақ он
сегіз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға және үкім шығарылу сәтіне алпыс
бес жасқа толған еркектерге тағайындалмайды.

3.с. Бас бостандығынан айыру жазасын өтеу орны

Бас бостандығынан айыруды тағайындай отырып, сот үкіметтің резолютивті
бөлімінде бас бостандығынан айырудың түрінен басқа, бас бостандығынан айыру
өтелетін орынды – түзеу мекемесін, оның (түзеу мекемесінің) түрін, өтеу
мерзімін есептеудің басталу кезін және режиді атап көрсетеді. Түзеу
колониялары, тәрбиелеу колониялары, түрмелер - түзеу мекемелері болып
табылады (ҚАК-ң 69 б. 1 тар.). Әр алуан түрдегі түзеу орындарының болуы
бұған дейін соттылығы болған тұлғалардың бас бостандығынан айыруға, бірінші
рет сотталған және кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасаған тұлғаларға,
сотталған ересек адамдардың кәмелетке толмағандарға ықпалын болдырмау
мақсатымен сотталған адамдарды соттылығының санына, жасалған қылмыстардың
ауырлығына, жеке басына қарай бөлек ұстау қажеттілігінен туындаған.
Сотталған тұлғалардың қоғамдық қауіптілігінің әртүрлі деңгейі әртүрлі,
сонымен қатар оларға ықпал жасаудың жазаны орындаушы мекемелердің әртүрлі
режимді жағдайларында ғана мүмкін болатын әртүрлі тәсілдерін қолдану
қажеттілігін тудырады.
Түзеу колониялары кәмелетке толып бас бостандығынан айыруға
сотталғандар жазасын өтеу үшін арналған. Олар колония-қоныс, жалпы, қатаң
және ерекше режимдегі колониялар болып бөлінеді. (ҚАҚ–ң 69 б. 2 тар.).
Жазаны бұл мекемелерде өтеу шарттарымен тәртібін қылмыстық–атқару заңдары
белгілейді.
Қылмыстық заң тең бас бостандығынан айырудың мерзімін және жазаны
атқарушы мекеменің түрін тағайындаудың негіздерін анықтайды. ҚК–ң 48 б.
бесінші бөл. сәйкес бостандығынан айыруды өтеу еркектерге:
а) абайысызда қылмыс жасағаны үшін жеті жылдан аспайтын мерзімге бас
бостандығынан айыруға сотталғандарға колония–қоныстарға;
б) қасақана кішігірім немесе ауырлығы орташа және ауыр қылмыс жасағаны
үшін бас бостандығынан айыруғатұңғыш рет сотталғандарға, сондай-ақ
абайсызда жасалған қылмыстары үшін жеті жылдан астам мерзімге бас
бостандығынан айыруға сотталғандарға және қоғамдық жұмыстарға, түзеу
жұмыстарына тарту немесе бас бостандығынан шектеу алты ай мерзімге бас
бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдарға – жалпы режимдегі түзеу
колонияларына;
в) аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға бірінші
рет сотталғандарға, сол сияқты егер сотталған адам бұрын бас бостандығынан
айыру жазасы өтеген болса қылмыстардың қайталану кезінде – қатаң режимдегі
түзеу колонияларына;
г) қылмыстардың аса қауіпті қайталануы кезінде, сондай-ақ өмір бойы
бас бостандығынан айыруға сотталғандарға – ерекше режимдегі түзеу
колонияларына тағайындалады.
Бас бостандығынан айыруға сотталған әйелдерге бас бостандығынан
айыруды өтеу:
а) қылмыстардың аса қауіпті қайталануы кезінде – қатаң режимдегі түзеу
колонияларына;
б) абайсызда қылмыс жасағаны үшін жеті жылдан аспайтын аспайтын
мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандарға – колония-қоныстарға;
в) бас бостандығынан айыруға соттталған басқаларына – жалпы режимдегі
колонияларға тағайындалады;
Түзеу мекемесінің тағы бір түрі - түрме болып табылады. Мұнда оқшаулау
деңгейінің анағұрлым жоғары болуы мен жеңілдіктердің ауырақ түрлері,
күшейтілген күзет пен жалпы алғанда, ұстаудың неғұрлым қатал жағдайлары
орын алады. Жаза мерзімінің, бес жылдам аспайтын бір бөлігіне бас
бостандығынан айыруды түрмеде өтеу – аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бас
бостандығынан айыруға бес жылдан аспайтын мерзімге сотталған тұлғаларға,
сондай-ақ сот арқылы тағайындалған бас бостандығынан айырудың мерзіміне
қарамастан қылмыстардың аса қауіпті қайталануы кезінде (сол сияқты жазаны
өтеуден аударылғандарға) тағайындалуы мүмкін.
Түрмелерге екі түрлі режим орнатылады жалпы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы бойынша бас бостандығынан айырудың түсінігі мен түрлері
Бас бостандығынан айыру жазасына балама шаралар - қылмыстық құқықтың өзегі
Бас бостандығынан айырудың қылмыстық құқықтық мәселелері
Қылмыстық құқықтағы бас бостандығынан айыру
Өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның түсінігі
Қылмыстық жазаны қолдану - тек қана соттың құзыреті
Сотталғандарға негізгі жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар
Жаза жүйесі түсінігі және мәні
Қылмыстық жаза туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңының жазалар жүйесінің ұғымы, түрлері және маңызы
Пәндер