МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫ БАСҚАРУ ӘРЕКЕТІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ӨКІМЕТ ӨКІЛДЕРІМЕН БАСҚА АДАМДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ2

1. БАСҚАРУ ТӘРТІБІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ3

2. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫ БАСҚАРУ ӘРЕКЕТІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ӨКІМЕТ ӨКІЛДЕРІМЕН БАСҚА АДАМДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР5

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫНЫҢ МЫЗҒЫМАСТЫҒЫНА ҚОЛ СҰҒАТЫН ҚЫЛМЫСТАР10

4. РЕСМИ ҚҰЖАТТАР МЕН МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРДЫҢ АЙНАЛЫМ ТӘРТІБІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР12

5. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ ТӘРТІБІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫС19

6. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР20

7. БАСҚАРУ ТӘРТІБІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН ЖЕКЕЛЕГЕН ЕРЕЖЕЛЕРГЕ ҚОЛ СҰҒАТЫН ҚЫЛМЫСТАР22

қорытынды30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ31

КІРІСПЕ

Біздің елімізде ХХ ғасырдың 90-жылдарының басынан бастап болып жатқан әлеуметтік, саяси, экономикалық өзгеріс - жаңғырулар қоғамның құқықтық саласындағы өзгерістерге де еріксіз алып келді. Ел ішінде жүргізіліп жатқан кешенді реформалар жаңа базасыз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Соңғы он жыл ішінде кез келген құқықтың мемлекеттік алғашқы тұғыры, берік іргетасы болып табылатын бірқатар заңдар: конституция, Азаматтық кодекс, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық-атқару кодексі және т. б. қабылданды.

Соңғы жылдары жүргізілген реформалардың нәтижесінде мемлекеттік басқару саласы да түбегейлі өзгеріске ұшырады. Осылайша мемлекеттік қызметшінің құқықтық мәртебесі де жаңаша сипатқа ие болды.

ҚР Президенті «Қазақстан - 2030» республика халқына жолдауында «Біздің міндет - Қазақстанда нарықтық экономика үшін оңтайлы болатын мемлекттік қызмет пен басқару құрылымының осы заманғы тиімді жүйесін жасау», - деп айтқан болатын. Міне, осындай маңыз беріліп отырған басқару саласына қарсы қылмыстарға Қылмыстық кодексте арнайы тарау бөлінген (14-тарау) . Біздің курстық жұмысымыз осы қылмыстарды жіктеуге, оларды бір-бірінен ажырата білуге арналған.

1. БАСҚАРУ ТӘРТІБІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

Басқару тәртібіне қарсы қылмыс деп мемлекеттік кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның басқару саласындағы бірқалыпты, дұрыс қызметін бұзатын қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті әрекетті немесе әрекетсіздікті істеуді айтамыз.

Жаңа Қылмыстық кодексте осы тұрғыдағы қылмыстардың қатарына жаңадан бірнеше баптар қосылды. Олар: жауапты мемлекеттік лауазымды иеленуші лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету (322-бап) ; мемлекеттік туды заңсыз көтеру (329-бап) ; Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын құқыққа қарсы өзгерту (331-бап) ; шет мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарына жәрдем көрсету (338-бап) .

Бұрынғы Қазақ ССР Қылмыстық кодексінде көрсетілген мына құрамдар: қоғамдық тәртіпті бұзатын топтасқан әрекеттерді ұйымдастыру немесе оған белсене қатысу; көлік қызметкерін өзінің қызметтік міндеттерін орындап алуға мәжбүрлеу; шекаралық өңірге немесе шекаралық аймаққа бару және сонда мекендеу ережелерін бұзу; паспорт жүйесінің ережелерін бұзу; шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың СССР-де болу және СССР аумағы арқылы транзиттік сапармен өту ережелерін қасақана бұзу; әскери міндеттінің әскери есептен бұлтаруы; әскери міндеттінің оқу немесе тексеру жиындарынан бұлтаруы; азаматтық актісін тіркеу жөніндегі заңдарды бұзу қылмыс қатарынан шығарылады. Жаңа Кодексте мұндай қылмыс түрлері атымен жоқ. Бұрынғы Қазақ ССР Қылмыстық кодексінің 180-2-бабында көрсетілген әкімшілік бақылау ережелерін қасақана бұзу әрекеттері Жаңа Қылмыстық кодекстің 362-бабында көрсетілген сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау құрамымен қамтылатындықтан ендігәрі жеке құрам ретінде көрсетілмейді.

Қылмыстық кодекстің 14-тарауындағы осы қылмыстардың, топтық объектісі басқару тәртібі болып табылады.

Басқару тәртібі мемлекеттік ұйымдастыру, мекемелердің, кәсіпорындардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің басқару саласындағы дұрыс қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады.

Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар мен мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың топтық объектісі сырттай қарағанда бір-біріне ұқсас сияқты болғанымен, бұл қылмыстар топтың объектісі, субъектісі арқылы бір-бірінен ажыратылады.

Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың топтық объектісі мемлекеттік немесе мемлекеттік емес органдардың тек қана басқару саласындағы дұрыс, бірқалыпты қызметі, ал мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың топтық объектісі мемлекеттік аппараттың тұтастай дұрыс, әрі бірқалыпты қызметі болып табылады.

Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың субъектісі жай адамдар, лауазымды адамдар болуы мүмкін, ал мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың субъектісі мемлекеттік аппараттың лауазымды адамы немесе мемлекеттік қызметшілер болады. Міне осы көрсетілген белгілер арқылы көрсетілген қылмыстар тобы бір-бірінен оқшауланып бөлінеді. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың тікелей объектісі басқару саласындағы қоғамдық қатынастардың нақты түрлері болады. Қосымша тікелей объектіге - адамдардың өмірі, денсаулығы, ар-намысы, адамгершілігі, қауіпсіздігі жатуы мүмкін. Кейбір қылмыс құрамдарында (317, 323-325, 331-баптар) қылмыстың заты және қылмыстың жәбірленушісі (318-322, 327-баптар) көрсетілген.

Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың құрамы негізінен формальдық құрамға жатады. Тек қана ҚК-тің 322-бабының 2-тармағында, 331-бабының 2-тармағында көрсетілген қылмыс құрамдарының міндетті белгісі - ауыр зардаптардың орын алуы қажет.

Екі қылмыс құрамының (330, 331-баптар) міндетті белгісі ретінде қылмыс істелу орны көрсетілген.

Субъективтік жағынан басқару тәртібіне қарсы қылмыстар қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет және мақсат қайсыбір қылмыс құрамдарының (318, 320, 321, 322-баптар) қажетті белгісі болып табылады.

Қылмыстың субъектісі 16-ға толған кез келген адам. ҚК-тің 326-бабында көрсетілген қылмыс субъектісі арнаулы - әскери қызметтен жалтарған адам, ал 331-баптың 2-тармағы бойынша бірнеше рет қылмыс жасаған адам осы құрамның субъектісі болып табылады.

Тікелей объектілеріне байланысты басқару тәртібіне қарсы қылмыстар мына төмендегідей түрлерге бөлінеді:

Мемлекеттік органдарды басқару әрекетіне байланысты өкімет өкілдері мен басқа адамдарға қарсы қылмыстар: Қазақстан Республикасы Президентінің ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне қол сұғу және оның қызметіне кедергі жасау. Депутаттың аp-ұжданы мен қадір-қасиетіне қол сұғу және қызметіне кедергі жасау. Өкімет өкілін қорлау. Өкімет өкіліне қатысты күш қолдану. Жауапты мемлекеттік лауазымды иеленуші лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету.

Қазакстан Республикасы мемлекеттік шекарасының мызғымастығына қол сұғатын қылмыстар: Қазақстан Республикасы, күзетілетін мемлекеттік шекарасынан әдейі заңсыз өту.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын құқыққа қарсы өзгерту.

Ресми кұжаттар мен мемлекеттік наградалардын айналым тәртібіне қарсы қылмыстар: ресми құжаттарды және мемлекеттік наградаларды сатып алу немесе өткізу. Құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді ұрлау немесе бүлдіру. Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу.

Әскери қызметке шақырылу тәртібіне қарсы қылмыстар: әскери қызметтен жалтару.

Казақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне қарсы қылмыстар. Қазақстан Республикасыньщ Мемлекеттік туын, Мемлекеттік елтаңбасын немесе Мемлекеттік әнұранын қорлау. Мемлекеттік туды заңсыз көтеру.

Басқару тәртібін қамтамасыз ететін жекелеген ережелерге қол сұғатын қылмыстар: өзінше билік ету. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын өкімет өкілінің немесе лауазым адамының атағын өз бетінше иелену. Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест эмблемалары мен белгілерін заңсыз пайдалану. Байланыс желілерін күзету ережелерін бұзу. Жиналыстарды, митингілерді, пикеттерді, көше шерулерін және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін бұзу. Төтенше жағдайлар кезінде тыйым салынған ереуілге басшылық жасау, кәсіпорынның, ұйымның жұмысына кедергі келтіру. Қоғамдық бірлестік мүшелерінің мемлекеттік органдардың қызметіне заңсыз араласуы. Заңсыз қоғамдық бірлестіктер құру немесе олардың қызметіне қатысу. Шет мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарына жәрдем көрсету.

2. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫ БАСҚАРУ ӘРЕКЕТІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ӨКІМЕТ ӨКІЛДЕРІМЕН БАСҚА АДАМДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР

Қазақстан Республикасы Президентінің ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне қол сұғу және оның қызметіне кедергі жасау (318-бап) .

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Республиканың Президенті - халық пен мемлекеттің билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының нысаны әрі кепілі (40-баптың 1, 2-тармақтары) .

Қазакстан Республикасының Президентіне, оның абыройы мен қадір-қасиетіне ешкімнің тиісуіне болмайды (46-бап, 1-тармақ) . Республика Президенті мен оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және қорғау мемлекет есебінен жүзеге асырылады (46-баптың 2-тармағы) . Қазақстан Республикасының Конституциясының жоғарыда көрсетілген нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде Республика Президентінің ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне қол сұғу және оның қызметіне кедергі жасаушылық үшін жауаптылықты көздейтін арнаулы бап көрсетілген.

Қылмыстың тікелей объектісі Қазақстан Республикасы Президентінің басқару қызметіне байланысты ар-ұжданы мен қадір-қасиетін қорғау жөніндегі қатынастар.

Қылмыстың жәбірленушісі - Республика Президенті, оның жақын туыстары.

Қылмыстың объективтік жағы Қазақстан Республикасы Президентін жария түрде қорлау немесе оның ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне қол сұғу арқылы сипатталады.

Республика Президентін жария түрде қорлау деп басқа біреудін немесе көпшіліктің көзінше ел Президентін әдепсіз сөздермен, шектен шыққан арсыздығымен көзге түсетін дене қимылдарын жасау арқылы қоғамдық мінез-құлықтарға қайшы келетін басқа да әрекеттер жасау арқылы, ауызша немесе жазбаша түрде тіл тигізулер болып табылады.

Президенттің ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне қол сұғу деп ол туралы шындыққа сай келмейтін жалған сөздер тарату, плакаттар салу, адамгершілігін, қадір-қасиетін көрінеу аяққа басатын, оны жұртшылық алдында масқаралайтын, беделін түсіретін жалған лақаптар айту, тарату сияқты әрекеттерді айтамыз.

Қылмыс құрылысы жөнінен формальдық құрамға жатады және ол Президентті жария түрде қорлау немесе оның ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне қол сұғатын әрекет жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және әртүрлі ниетпен жасалады. Қылмыстық ниет іс-әрекетті саралауға әсер етпейді, бірақ жаза тағайындағанда еске алынады.

Қылмыстың субъектісі 16-ға толған адам. Осы қылмыстың ауырлататын түрі - бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасалған нақ сол әрекет үшін жауаптылық ҚК-тің 318-бабының 2-тармағында көрсетілген.

Бұкаралық ақпарат құралдарына - газет, журнал, радио, телехабар және басқа да көпшілікке арналған осындай құралдар жатады.

Қылмыстық кодекстің 318-бабының 3-тармағында Қазақстан Республикасы Президентінің өз міндеттерін атқаруына кедергі жасау мақсатында оған немесе оның жақын туыстарына қандай да болсын нысанда ықпал еткені үшін жауаптылық көзделген. Бұл жерде қылмыстың істелу мақсаты Республика Президентінің өз міндеттерін атқаруына кедергі жасау. Жақын туыстарға (Президенттің аға-іні, қарындас, нағашы, күйеу баласы, құда, жұбайының осындай жақын туыстары) жатады. Президенттің өзіне немесе жақын туыстарына ықпал ету-туыстық, таныстықты пайдалану арқылы, жалған хабар жеткізу немесе сенімге қиянат жасау нысандарында жүзеге асырылуы мүмкін.

Қылмыстық кодекстің 318-бабының ескертуіне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жүргізіп отырған саясаты туралы сын тұрғысында айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық жауапқа тартуға әкеп соқпайды.

Депутаттың ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне қол сұғу және оның қызметіне кедергі жасау (319-бап)

Қылмыстың тікелей объектісі - Қазақстан Республикасы Парламентінің мемлекеттік заң шығару қызметіне байланысты ар-ұжданы мен қадір-қасиетін қорғау жөніндегі қоғамдық қатынастар. Қылмыстың жәбірленушісі "Республика Парламентінің депутаты.

Қылмыстың объективтік жағы, субъектісі және субъективтік жағы, ауырлататын және аса ауырлататын түрлері бойынша ҚК-тің 318-бабындағы көрсетілген құрамдағы белгілермен ұқсас. Айырмашылық қылмыстың жәбірленушісінде ғана.

318-бапта қылмыстан жәбірленуші Республика Президенті, ал 319-бапта Республика Парламентінің депутаттары. Депутаттың ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне қол сұғу, қорлау оның депутаттың міндеттерін атқару кезінде немесе оны атқаруға байланысты жүзеге асырылады. Мұндай болмаған ретте іс-әрекет жеке адамға қарсы қылмыс ретінде саралануы мүмкін.

Қылмыстық кодекстің 319-бабынын ескертуіне сәйкес Парламент депутатының депутаттық қызметі туралы сын тұрғысында айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп сокпайды.

Өкімет өкілін қорлау (320-бап)

Қызмет бабындағы міндеттерін атқарып жүрген кезінде немесе оны атқаруына байланысты жария қорлау туралы қылмыстық жауаптылық 320-бапта көрсетілген.

Қылмыстың тікелей объектісі қызметтік міндеттерін атқарып жүрген немесе атқаруына байланысты өкімет өкілінің заңды қызметі болып табылады.

Қосымша тікелей объект - олардың беделі мен абыройы.

Қылмыс объективтік жағынан қылмыс бабындағы міндеттерін атқарып жүрген немесе оны атқаруына байланысты өкімет өкілін қорлау әрекеті арқылы жүзеге асырылады.

Өкімет өкілінің беделін, абыройын, адамгершілігін көпшілік алдында аяққа басатын, оларды масқаралайтын әрекеттерді қорлау дейміз. Оларға өкімет өкілі туралы ауызша немесе жазбаша, көзінше немесе сыртынан, болмаса баспасөз құралдарын пайдаланып, оларды масқаралайтын, даттайтын, абыройын аяққа басатын әрекеттер жатады. Қорлауға, сондай-ақ өкімет өкілінің беделін түсіру мақсатымен жұрт көзінше оны тілдеу, бетіне түкіру, басқа да жөнсіз қимылдар арқылы оның беделін түсіру жатады. Осы бапта айтылған өкімет өкілін қорлау олардың қызметтік міндетін атқару кезінде не атқаруына байланысты болуы керек. Яғни бұл жерде осы қылмыстың жасалу себебі өкімет өкілінің өз қызметін жүзеге асыруына, атқаруына тікелей байланысты. Қылмыстың объективтік жағының тағы бір белгісі өкімет өкілін қорлау жария түрде - көпшілік алдында болуы қажет. Көпшілік алдындағы қорлау деп өкімет өкілін қорлауды бөтен адамның көріп, естіп тұруы немесе бір топ адамның осы әрекетке куә болуы. Бұл жерде басқа бір адамның көзінше қорлау көпшілік алдындағы қорлау деп саналады. Жазбаша қорлау деп баспасөз құралы арқылы көпшілікке мәлім болған жағдайларды айтамыз.

Қылмыс субъективтік жағынан тек кана тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Кінәлі адам өкімет өкілін оның қызмет бабындағы міндеттерін орындауына байланысты көпшілік алдында жария түрде қорлағанын сезеді және соған саналы түрде жол береді және аталған адамдардың абыройын, беделін түсіруді тілейді.

Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған, есі дұрыс, кез келген азамат болады.

Қылмыстық кодекстің 320-бабының ескертуіне сәйкес: 1. Осы Кодекстің осы бабында және басқа да баптарында өкіметгің өкілдері деп, оған қызмет жағынан тәуелсіз адамдарға қарсы қатысты заңмен белгіленген тәртіпте өкім ету өкілетгігі берілген мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы танылады.

2. Өкімет өкілінің қызметтік жұмысы туралы сын тұрғысында айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.

Өкімет өкіліне қатысты күш қолдану (321-бап)

Қылмыстық кодекстің 321-бабының 1-тармағында өкімет өкілінің өз қызметтік міндеттерін орындауына байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз күш қолдану немесе күш қолданбақ болып қорқыту үшін жауаптылық белгіленген.

Қылмыстың тікелей объектісі өкімет өкілдерінің дұрыс басқару қызметі, ал қосымша тікелей объектісі олардың өзінің және жақын туыстарының өмірі мен денсаулығы. Бұлар қылмыстың жәбірленушісі болып табылады.

Өкімет өкілінің түсінігі Қылмыстық кодекстің 320-бабының ескертуінде берілген.

Қылмыс объективтік жағынан мына әрекеттерді істеу арқылы көрініс табады:

а) өкімет өкілінің өзіне немесе оның жақын туыстарына қатысты өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз күш қолдану (321-баптың 1-тармағы) ;

б) осы көрсетілген адамдарды күш қолданбақ болып қорқыту (321-баптың 1-тармағы) ; в) аталған адамдарға қатысты өмірі мен денсаулығына қауіпті күш колдану. -

Өкімет өкілінің өз қызметтік міндеттерін орындауына байланысты оның өзінің немесе жақындарының өмірі мен денсаулығына қауіпсіз күш қолдануға жәбірленушінің киімін жырту, оларды сабау, денесіне жеңіл жарақат келтіру, бостандығын шектеу, өміріне немесе денсаулығына қауіп келтірмейтін жағдайда жабірленушінің организміне есеңгірететін нәрселер егу сияқты әрекеттер жатады.

Осы көрсетілген адамдарға күш қолданбақ болып қорқытуға жеңіл, орта дене жарақатын келтіремін, қамап қоямын, сабаймын, үй-жайыңды өртеймін деген жалпылама анықталмаған сипаттағы, бірақ жәбірленушінің пайымдауынша кінәлі адам оларды жүзеге асырады-ау деген негізі бар қорқытулар жатады.

Аталған адамдарға қатысты өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдануға - жәбірленушіге ауыр дене жарақатын келтіру, өлім халіне жеткізіп ұрып-соғу, азаптау, жұқпалы ауруды адам организміне егу т. б. әрекеттер жатады. Бүл әрекеттен кісі өлімі болған жағдайда кінәлінің әрекеті ҚК-тің 321 және 96-баптарымен қылмыстың жиынтығы бойынша сараланады. Қылмыс құрылысы жағынан формальдық-материалдық құрамға жатады. Жәбірленушілерге күш қолданбақ болып қорқыту - формальдық құрамға, ал басқа әрекеттер материалдық құрамға жатады.

Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъектісі 16-ға толған адам.

Жауапты мемлекеттік лауазымды иеленуші лауазымды адамға қатысты колданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету (322-бап)

Жаңа Қылмыстық кодексте жауапты мемлекетгік лауазымды иеленуші лауазымды адамға, сондай-ақ онын туыстарына қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді, осы мәліметтер сеніп тапсырылған немесе оның қызметтік іс-әрекетіне байланысты белгілі болған адамның жария етуі қылмыс деп танылып, сол үшін жауаптылық көзделген (322-баптың 1-тармағы) .

Бүл норма бланкеттік, өйткені көрсетілген қылмыстың объективтік және субъективтік белгілері жауапты мемлекеттік лауазымды иеленуші адамдарды мемлекеттік қорғау туралы заңда арнайы көрсетілген.

Қылмыстың негізгі тікелей объектісі жауапты мемлекеттік лауазымды адамдардың бірқалыпты, дұрыс қызметі, ал қосымша тікелей объектісі - көрсетілген осы адамдардың немесе олардың туыстарыньщ қауіпсіздігі болып табылады. Осы адамдар қылмыстың жәбірленушілері болып табылады. Жауапты мемлекеттік лауазымды адамдардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 307-бабының ескертуінің 2-тармағында берілген. Жақын туыстары - ата-аналары, балалары, атасы, әжесі, немерелері, інілері, қарындастары, жиені, асырап алған балалары, асырап алған ата-аналары, келіні, құдасы, жақын досы және т. б. жатады.

Қылмыс объективтік жағынан алғанда жоғарыда аталған жәбірленушілерге тікелей байланысты қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді кез келген тәсілмен (ауызша, жазбаша, теледидар арқылы) жария ету жолымен әрекет немесе әрекетсіздік арқылы жүзеге асырылады.

Заңда айтылған қауіпсіздік шараларына жауапты лауазымды адамның, онын жақын туыстарының жеке күзеті, тұрғын үйі, мүлік, үй-жабдықтарын күзету, өртке қарсы, күзет сигнализациясы, телефон номері, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу белгілері; қару жарағы, жеке қорғану құралдары, уақытша қауіпсіз жерге орналасуы, құжаттарының деректері және басқа маңызды қызметіне байланысты мәліметтері жатады. Осы қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету деп кез келген тәсілмен бөтен адамға осы мәліметтер сеніп тапсырылған немесе оның қызметтік іс-әрекетіне байланысты белгілі болған адамның жария етуі болып табылады. Кейде мұндай жария ету әрекетсіздік арқылы осындай мәліметтері бар құжаттарды, бейне жазбаларды жоғалту жолымен де істеледі.

Қылмыс құрылысы жағынан формальдық және ол заңда көрсетілген іс-әрекеттер қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді бөтен адамға немесе адамдарға жария еткен уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыс субъективтік жағынан қасақана (тікелей немесе жанама) түрде істеледі.

Қылмыстың субъектісі арнаулы, 16-ға толған, осы мәліметтер өзіне сеніп тапсырылған немесе оның қызметтік іс-әрекеттеріне байланысты белгілі болған адам (жеке күзетшісі, хатшысы, көлік жүргізушісі, дәрігері, үй күтушісі және т. б. ) .

ҚК-тің 322-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі - нақ сол әрекет ауыр зардаптарға әкеп соққаны үшін жауаптылық көзделген.

Қылмыс құрамы материалдық. Ауыр зардаптарға - жауапты лауазымды адамды немесе оның жақын туыстарын өлтіруге оқталу, оларға ауыр дене жарақатын келтіру, үй-мүлкін жою т. б. зардаптар жатады. Кінәлінін зардап жөніндегі кінә нысаны абайсыздық арқылы көрініс табады.

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫНЫҢ МЫЗҒЫМАСТЫҒЫНА ҚОЛ СҰҒАТЫН ҚЫЛМЫСТАР

Қазақстан Республикасының күзетілетін Мемлекеттік шекарасынан әдейі заңсыз өту (330-бап)

Қылмыстың тікелей объектісі Қазакстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының қол сұғылмайтындығын реттейтін қоғамдық қатынастар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар
Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың құрамы
Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың топталуы
Өкімет өкілін қорлау
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың түрлері
Билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану қылмысын зерделеу
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама беру
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕ БӨЛІМІНІҢ ТҮСІНІГІ
Билiктi немесе қызмет өкiлеттi асыра пайдалану
Парақорлықты ұқсас қылмыстардан ажырату
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz