ҒАЛАМДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ


Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
- ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАҚ ЖӘНЕ МЕДИАЖАҺАНДАСУ
- ҒАЛАМДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
- ҚАЗАҚСТАН - БҰҰДБ: ОН ЖЫЛДЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
- ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ЗАҢСЫЗ МИГРАЦИЯМЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ
5. ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ
6. ПАРСЫ ШЫҒАНАҒЫНДАҒЫ ЕЛДЕР ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
7. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕП АДАМ ҚҰҚЫ МӘСЕЛЕСІ
ІІІ. Қорытынды
Кіріспе
Бұқаралық ақпарат құралдары - бүгінде қоғамның басқа салаларына қарағанда саяси процестердің басты коммуникациялық құралына айналып отыр. Өйткені саясаттың өзі атқарып отырған қызметінің ақпарат құралдарынсыз еш пайдасыз екендігін түсіне бастады. Жиырма бірінші ғасыр - ақпарат пен коммуникация ғасыры. Әлемді. әр елді билеймін десең қолыңда бүкаралық ақпарат қүралы болуы тиІс. Сол себептен де, барлық мемлекеттердегі саяси күштер БАҚ-қа барынша назар аударып, қызметтерін көпшілікке жеткізер коммуникациялық арна ретінде жіті бақылауда ұстап отыруды міндет санайды. Постиндустриалды қоғамда қаржы мен бірге де күш көрсету әрекеттері екінші орынға түсіп. қоғамды басқаруда білІм мен ақпарат алға шығып отыр. Ал, аталған білім мен ғылым жаңалықтарын, қоғамдық институттар үшін аса маңызды саяси хабарларды таратушы сөз жоқ бұқаралык ақпарат к, үралдары болып табылады. Жалпы алғанда екІнші мыңжылдықтың басында ақпарат құралдары тек қана қоғамдық пікірді қалыптастырушы, болған оқиғаларды көрермен мен окырманға әділ түрде жеткізуші журналистика институты ғана болып отырған жоқ. Ғалымдардың ойынша, БАҚ-тың мынандай ерекшеліктері оның саяси коммуникация құралына айналуына септігін тигізІп отыр. Олар “Біріншіден, ақпарат құралдарының өнімін тұтынушылар саны шексіз. Тиісінше, ол жариялы құрылым саналады. Екіншіден, ақпарат таратуға арналға техникалык қүрал-жабдықтарының барлығы БАҚ-ты барынша күшті етеді. Үшіншіден, мәліметтер ағьмының бір жақты, яғни, коммуникатордан реципиентке дейін жүруі. Аталмыш, жағдай ақпарат құралын мәлімет таратушы ретінде ғана қарастыратын саяси қүрылымдарға аса пайдалы тәсіл. Төртіншіден. эфирден берІлген ор хабардан соң, мерзімді баспасөзде жарияланған мақаладан кейін аудиторияның көңіл-күйі ауысып, өзгеріп отырады. Мұндай түрақсьз психологиялық жағдайдағы аудиторияны басқару саяси коммуникаторға оңай соғады. БАҚ- қоғамдық пікірді қалыптастырушы құрал. Бұл қағида кашанда болсын ез өзектілігін жоғалтқан емес. Ал, саяси коммуникация түрғысынан алғанда ақпарат құралының қоғамдық пікір қалыптастырушы қызметі тіпті орасан. Бұл кызметті екіге беліп қарастырсақ. Біріншісі, БАҚ-тың күнделікті саяси процестердегі жүмысы болса, екіншісі, сайлау кампанияларындағы қызметі. Алғашқы қызмет мемлекеттегі өтіп жатқан саяси процестерді көпшілікке тиімді жеткізу, коммуникатордың идеологемасын дұрыс түсіндіру бағытында үздіксіз жүріп отырады.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАҚ ЖӘНЕ МЕДИАЖАҺАНДАСУ
Жаһандасу мен ақпараттық дәуір екі маңызды мәселені тудырды. Оның біріншісі қоғамда болып жатқан өзгерістерге адамдардың бейімделуі яғни ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың дамуы еңбекпен қамту проблемасына ықпал етуі болса, екіншіден, индустриалды дамыған және дамушы елдерді, байлар мен кедейлерді, тіптен кәрі мен жасты тереңнен бөліп көрсететін демократия мен теңдік арақатынасының шиеленісуі пайда болды. Сондықтан медиажаһандасу үрдісінде "Ақпараттық қоғам" орнату үшін ақпараттық индустрия маңызды рөл атқарады. Қазақстанда бұл саланы дамыту көбінесе мемлекеттік байланыс саласын жекешелендіру телефон желісі, спутниктік, компьютерлік желілер, телерадиокомпаниялар, газет және баспа кешендері, онлайндық БАҚ және акпарат агенттіктері секілді жана ақпараттық конгломераттарды қүру сияқты әлемдік үрдістерге сай жүргізілуде. БАҚ-тың бүгінгі таңда жаңалықтарды дүниенің төрт бұрышына кедергісіз жеткізері сөзсіз. Нақтырақ айтсақ, жаңалық халықаралық саудаға бейімделген ең бірінші медиа-өнім болып отыр. Яғни әлемдік фильмдер, кабельді телеведение, Интернет бүгінгі күнде дамыған техникалық жетістіктердін жемісі, жаһандық масс-медиаиың мысалы бола алады. Бүкіл әлемді қамтыған ғаламдық тор - қазір жаһандық құбылысқа айналуда. Мәселен, осы мәселе тұрғысында философ П. Тейяр де Шарден айтқандай: "Интернет - халықтар арасындағы мәдени байланысты дамытумен қатар, жер шарындағы барлық жеке түлғаларды бір ғана құрылымның ішіне біріктіреді". Қазақстандағы қазіргі кездегі БАҚ он бес жылғы тәуелсіз дамудың нәтижесінде посткеңестік кезеңде қалыптасқан стеоротиптерден арылып, пайда болған жаңа құндылықтар арқылы дербес ұлттық ақпараттық саясатқа көшуде. Бұл ең алдымен, кеңестік ақпараттық кеңістіктен қазақстандық қоғамның ақпараттық ортасына бейімделуі үшін қолайлы жағдай жасау болса, екіншіден, қазақстандық қоғамның негізгі дүниетанымы болып табылатын ұлттық бірегейлендіруді ұйымдастыру мақсатында елдің жаңа ақпараттық-мәдени бейнесін жасауға мүмкіндік беру, үшіншіден, Қазақстанның әлемдік қоғамдастықта алдыңғы қатарлы елу елдің қатарына қосылуына тиімді имиджін калыптастыру үшін жаһандық ақпараттық кеністікте халықаралық серіктестік пен интеграцияға саяси, экономикалық және технологиялық алғышарттардың жасалуы болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, Президент Н. Ә. Назарбаев 4 Еуразиялық медиафорумда сөйлеген сөзінде: " . . . Біз Қазақстанның болашақ дамуын тек демократия және ашық қоғам орнатумен байланыстырып отырмыз. Осы орайда мен сөз бостандығы мен БАҚ-тарды демократиялық ашық қоғамның ажырағысыз бөлігі деп білемін. Ғаламдық жаһандастыру арқылы адамзаттың алдынан жаңа постидеологиялық кезең ашылды. Оның бізге не берері бүгінгі ұрпақтың білімі мен білігіне байланысты. Менің пайымдауымша, күллі әлем үшін ашық та айқын ақпарат таратуға негізделген жаңа заманға бастайтын жаһандану БАҚ-тарға қойылатын талапты күшейте түсті. Сондықтан олар өздерінін әрбір сөзі үшін моральдық жауапкершілікті терең сезінуі керек. Тәуелсіз БАҚ дегеніміз - аса кымбат құндылық. Сондықтан да ешқашан "ақпараттық соғыстардың" сойылына айналмауға тиіс. Журналист қандай мәселені қаузаса да парасат шеңберінен шықпауы керек". - деп атап көрсеткен еді. Бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі қоғамда демократиялық үрдістерді дамыту кезеңінде атқаратын ролі зор. Себебі. бүгінгі таңда елімізде демократия қағидалары біртіндеп қалыптасуда. Сондықтан, жаһандану үрдісінде ұлт тұтастығын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ақпараттық кеңістіктегі қауіпсіздікті сақтаған жөн. "Ақпараттық кеңістік" терминінің өзі бір субъектіден екінші субъектіге барлық ақпараттарды қабылдау мен тарату аясын білдіреді. Ақпараттың әлеуметтік маңызы болмауы мүмкін және ол қарым-қатынастың ор түрлі деңгейінде таралады. Ақпараттық кеңістікте саяси, экономикалық, әлеуметтік, дербес тұлғалық деңгейде түскен сан алуан ақпараттардан құралады және олардың басым көпшілігі оның құпиялығынан емес, коғамның оған деген қызығушылығы болмағандықтан жабық күйінде қалады. Егер біз ақпараттық кеңістікті пирамида түрінде елестетіп көрсек, осы геометриялық кескіннің тек жоғары бөлігі ғана медиакеңістікті құрайды. Ал, медиа кеңістік үғымын тереңірек түсіну үшін профессор Ғ. Ибраеваның пікіріне сүйенсек: "Медиа пространство - представляет собой область распространения массовой информации, передаваемой субъектами, которых общесгво наделило правами передачи информации, важной для организованной и безопасной коммуникации ее членов". Яғни субъект ақпаратты қоғамға арнап тарату арқылы өзіне жауапкершілік жүктеген кезде ғана ақпарат бұқаралыққа айналады. Медиа кеңістік мемлекеттің саяси, экономикалық мүдесімен апықталады. Жаһандастыру үрдісінде "мемлекет қуаты" түсінігі көбінесе елдің ақпараттық-иптеллектуалдық ресурстарымен тығыз байланысты. Медиа жаһандастыру ақпараттық кеңістікке қатысушылар санын арттырады. Қазір елімізден Француздың «Франс пресс». Түріктің "Анадолы", Қытайдың "Синхуа", Ұлыбританияның "Би-Би-Си" сияқты ірі ақпарат агенттіктері хабар тараттады. Бұлардың әрқайсысының өз елінің ұлттық мүддесі тұрғысынан қарары сөзсіз. Сондықтан да бүгінгі таңда Қазақстан да өзінің медиа кеңістігін ұлттық мүддс түрғысынан бағамдаған жөн болар еді. Жаһандастыру үрдісінде қазақстандық медиа кеңістікте ол мүддесі мен үлттық құндылықтарды сақтау мәселесі алдыңғы орында болуы тиіс. Ақпараттық кеңістіктік деңгейі де әр түрлі яғни бір мекеменің немесе қаланың, өңірдін, елдін немесе жаһандық, жалпы дүниежүзілІк деңгейде болуы мүмкін. Әлемдік ақпарат кеңістігіне ену кезеңінде интернеттің дамуы мен таралуы ақпарат айдынының кеңейгенінің айғағы. Медиа жаһандастыру үрдісіндегі ақпараттық кеңістікті мемлекеттік, жекеменшік және қоғамдық деп меншік түрлеріне байланысты сапалық деңгейін анықтауға болады. Мұнда ақпарат құралының қай тілде екені де зор маңызға ие. Сонымен қатар маңызды факторлардың бірі - ақпараттық кеңістік шекарасы: жергілікті, ұлттық, тілдері ұқсас бірнеше елдер шегІнде, ақпараттар бірнеше тілде таралатын көптеген елдер щегінде таратылуына да байланысты. Қазіргі кезде ақпарат кеңістігін жіктеудің негізі ретінде дәстүрлі схема: жергілікті, өңірлік, ұлттық БАҚ деп қарастыруға болғанымен, бұл шектеулердің аясында қалып қоюға болмайды, себебі, ақпараттық кеңістіктегі жаһандастыру үрдісі бізге талдаудың жаңа формулаларын ұсынып отыр. Ақпараттық кеңістік масштабы саяси себептермен қоса нарық заңына сәйкес анықталады. Мәселен, қазақстандық-ресейлік ақпараттық кеңістік КСРО кезеңінде қалыптасты. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін ресейлік ақпарат көздеріне қаржылай мүмкіндігі болмады. Бұл ресейлік-қазақстандық ақпараттық кеңістікке өзгерістер әкелді. Экономикалық қиыншылықтардан кейін саяси себептер туындады. Медиа кеңістіктің масштабы жас тәуелсіз мемлекеттің талабы бойынша Ресейден келетін акпарат легі сол секілді Ресейге де тегіс таратылуы қажет еді. Өкінішке орай. Бізде ақпараттық кеңістікті айтарлықтай ұлттық белгілермен толықтыруға қаржылық, технологиялық және творчестволық мүмкіндік әлі де толықтай жетіспейді. Сондықтаи бұл фактілердің барлығы да екі ел арасындағы ақпарат кеңістігіндегі теңсіздікті қалыптас тыруда. Дегенмен, қазір қоғамды ұлттық-мемлекеттІк үлгіде дамытудың түрлі жолдары қарастырылған. Сондықтан да медиажаһандастыру мен оның түрлі елдерде жинақталған тәжірибелері ұлттық медиа кеңістікті қалыптасыруға ықпал етуде. Қазіргі кезде Қазақстанның ақпараттық кеңістІгінде ресейлік-казақстандық газеттер мен апталық басылымдар шығарылады. Олар Қазақстандық деп аталғанымен, идеясы мен құндылығы жағынан ресейлік менталитетке сай келедІ. Сонымен қоса, бұл ақпарат құралдары жақсы сұранысқа ие болғандықтан, кейбір кездері қазақстандық БАҚ-ты рыноктан шеттетеді. Әрине, Қазақстаннын барлық халқы ақпаратты түгелдей ресейлік БАҚ-тан алады деуге болмас, дегенмен, саяси, қаржылық, бизнес элита басылымдарды тұрақты түрде алып отырады. Сонымен бірге халық кабельді телевидение арқылы Ресей теледидарының бағдарламаларын көреді. Сондай-ақ казір қазақстандық медиа кеңістікте CNN, BBC ақпараттық бағдарламаларын, испан, итальян, француз, неміс тілдеріндегі барлық еуропалық хабарларды және кәріс, түрік және басқада азияттық және шығыс каналдарын тамашалауға мүмкіндік бар. Қазақстандағы медиа жаһандастырудың белгісі ретінде 50-ге жуық еуропалық. азиаттық және америікалық бағдарпамаларды қабылдау мүмкіндігі атауға болады. Қазіргі қазақстандық БАҚ-тың басты ерекшеліктері: біріншіден, қазіргі кездері күнделікті мерзімді басылымдар зор сұранысқа ие болуда. Әсіресе апталық басылымдарды сатып алушылар көбеюде. Дегенмен, радио мен телевидениенің де маңызы зор. Екінші ерекшелік, қазІргі кезде өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарына деген қызығушылық артуда. Үшіншісі жарнама сапасының жақсаруы. әсіресе жергілікті отандық және мемлекеттік тілдегі жарнамалар санынын артуы. 'Төтріншісі елдегі медиа кеңістікте бәсекелестіктің пайда болуы және оның отандық БАҚ-ты дамытудың басты құралы ретінде танылуы болып есептеледі. Қазақстанда медиа жаһандастыру үрдісіндегі БАҚ-ты дамытудың өзіндік белігілері ретінде сөз бостандығына жол ашылу және жаңадан БАҚ-ты ашудың тіркеумен ғана шектелуін, мемлекеттік монополияның жойылуын жаңа технологияларды енгізуге кең жол ашылуын дүниежүзілік ақпараттық ортаға интеграцияланудың күшеюін, ақпарат құралдарындағы инновация сапалық көрсеткіштердің артуын және жекеменшік қатынас пен бәсекелестіктің орнығуын атауға болады. Қорыта айтқанда, қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары қазіргі медиа жаһандастыру үрдісінде кеңестік дәуірмен салыстырғанда журналистиканың басты міндеті аудиторияға болған оқиғаны хабарлау және талдауға қайта оралды, екіншіден, ақпараттың сапалы берілуіне ерекше назар аударылуда, үшіншіден, акпараттың қауіпсІздікті қорғауға көңіл бөлінуде, төртІншІден, медиа кеңістікте ұлттық мүдде үғымының салмағы артуда. Алайда, әлі де медиа жаһандастырудың заңдылықтарына бейімделу үшіін Қазақстан ақпарат құралдарының атқарар шаралары аз емес.
ҒАЛАМДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Қазіргі күні акпараттық-коммуникациялық технологиялар XXI ғасыр қоғамының дамуына әсер етіп отырған ең маңызды салалардың бірі болып отыр. Олардың революциялық әсері тек адам өміріне, олардың білімі мен атқаратын қызметтеріне ғана емес, сонымен қатар үкімет пен адам коғамының тұрақты және белсенді түрдегі дамуында да әсері орасан зор. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қазіргі кезеңгі жетістіктер, біздіің өмірімізге «ғаламдық акпараттық қоғам» деп аталатын жаңа экономикалық, әлеумстгік және мәдени катынастардың құрылуына алып келді.
Қазіргі күндері кең көрініс тапқан «ақпараттық дәуір» термині қазіргі кезде біздің уакыт үшін ең қажетті болып отыр. XXI ғасыр ең алдыменен акпарат акпараттық революция кезеңі деп айтсақ қателеспейміз. Экономикалық кызмет үшін компания немесе жеке тұлғанын аз шығын жұмсай отырып, өз серіктестерімен әлсмнің әр түрлі нүктесінен бірлескен кызмет, сауда жүргізіп немесе ой-пікірлерінің алмасуын жедел және салалы іске асыра алатын, яғни, барлығын қамтитын «ғаламдық жүйелік экономика» деген атау алған электрондық орта калыптасқандығы туралы еркін айтуға болады. Жүйелі экономиканың кеңею жэне кұрылу масштабтарьшдағы ілгері прогресс: біріншіден, ақпараттық-тслекоммуникациялық технологиялардың қарқынды дамып және жедел таратылуымен, сонымен қатар, оларды сатып алу мен колданудағы бағалардың біртіндеп төмендеуімен байланысты. Осының нәтижесінде, осы кызметтердің қарапайым тұтынушы үшін еркін қол жетерлігі жоғарылайды. Екіншіден, әлсуметтік-экокомикалық кьізметтің әр алуан түрлерінің электронды ортаға ауысуынан байқалады. Бүгін де, оны бизнестің мыңнан астам түрінен керуге болады. Сонымен қатар, бұл жерде әрбір түлға тіпіі бәріне белгілі гиганттармен де бәсекеге түсе алады, себебі, компьютерлік экономика монополия мен ірі кәсіпорындарға қарсы тұруға мүмкіндік туғызады. Осы жоғарыда аталған қоғамның пайда болу белестерін сипатгап кетелік.
«Ақпараттық қоғам» түсінігі ең алғаш рет 1960 жылдардың екінші жартысында пайда болған. Ал, осы «ақпаратгық коғам» терминінің пайда болуына себепкер болып, ең алғашқы болып ұсынған- Токио технологиялық институтының профессоры Ю. Хаяши. Қоғам туралы жалпы сипаттамалар жапония үкіметіне біркатар, мысалы, Экономикалык жоспарлау агенттігі, Компьютерлерді қолдануды өндеу институты, Өнеркәсі\п кұрылымының кеңес: сияқты ұйымдар берген есеп берулерден көруге болады. Оған дәлел ретінде, сол жерде сақталынып қалған кұжаттар тізбесінен-ақ көре аламыз, атап кетсек, «Жапондық ақпараттық қоғам; тақырыптар мен ағымдар» (1969 ж. ), «Жапондық қоғамның акпаратгандыру әсерінің саяси астарлары» (І97ІЖ. ) . Аталынған есеп берулер мәтінінің үзінділерін қарасақ, жоғары индустриалды қоғам «өндіріс автоматизациясының жоғары деңгейін қамтамасыз ете отырып, компьютеризацияның дамуы адамдарға сенімді акпарат көздеріне жетуге және бос жұмыстан құткаруына мүмкіндік береді» деп жазылған. Айтарлыктай өзгерістер өндірістте те байқалынады, соның нәтижесінде оның өнімі «ақпаратты сыйымды болады, ал бұл өз ретінде оның құнындағы инновация, дизайн және маркетингте үлесінің бірқатар жоғарылауына алып келеді. Өнім материалды емес, акпаратгық өнім болып өндірілсе, қоғам дамуы мен білім алуындағы қозғаушы күш болып табылады. Постиндустриалды мәселе батыс экономикалық теориясында да алғы орынға көшкен. Сол кезендегі зерттеулерде - ақпаратты алу, өндеу және тарату, сонымен қатар экономикалық салада қолданудағы нәтижелеріне негізгі акцент қояды. Бұл, соңынан әлемдік рынокта революциялық өзгерістер алып келген, ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар конвергенциясы мен олардың карқынды дамуынан көрінеді. Ал, ақпараттың технологиялардың конвергенциясы - қарқынды даму мен өзара әрекеттесуінің нәтижесінде әр түрлі электронды технологиялардың жақындасу процесі. Жаңа қоғам құрылуының гуманитарлық аспектілері, соның ішінде әлеуметтік мәселелер, бұрын-соңды адам қоға. мына әсер ететін революциялардан ешбір кем болмаған, демек, ақпарттык технологиялар дамуында байқалған ілгері даму, жаңа ғаламдық әлеуметтік революция жүргізгендіктен, өте белсенді түрде зерттеле бастады. Ғаламдық акпараттық қоғам ойларынын әрі қарай дамуына итермелеген 1973 жылғы американдық социолог Д. Белл еңбегі болды. Өз еңбегінде автор, адам коғамының тарихын 3 кезеңге бөлген:
-аграрлық;
-индустриалды;
-постиндустриалды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz