Жәбірленушіден және куәдан жауап алу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ АКАДЕМИЯСЫ

Қылмыстық тергеу және қылмыстық іс жүргізу кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырып: Жәбірленушіден және куәдан жауап алу. Беттестіру

Орындаған: 304 топ тыңдаушысы
Д.К. Нұржанова

Қабылдаған: М.С. Рахимжанов

Алматы – 2004 ж.

ЖОСПАР

Кіріспе 3
1. Жәбірленушіден және куәдан жауап алудың жалпы шарттары 5
2. Жәбірленушіден және куәдан жауап алудың процессуалдық тәртібі 11
3. Кәмелетке толмаған куәдан немесе жәбірленушіден жауап алу ерекшелігі 15
4. Беттестіру жүргізудің түсінігі, негіздері және процессуалдық тәртібі 16
Қорытынды 21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 22

Кіріспе

Тергеу әрекетінде жауап алудың алатын орны ерекше. Қазіргі кезде
қылмыстық істер бойынша дәлелдемелердің көпшілігі куәлардың, жәбірленушінің
берген жауаптарына негізделіп отыр.
Жауап алу сияқты тергеу әрекеттерінің маңыздылығына мұқият назар
аудару қажет деп ойлаймын. Жауап алушы тұлға жауап алудағы өзінің ерекше
орнын сезініп жоғарғы деңгейдегі кәсіби және адамгершілік қасиеттерін
таныта білуі тиіс. Жауап алу жауап алынатын адамның белгілі бір оқиғаны не
фактіні сипаттауы ғана емес, жауап алу өте күрделі әрі қарама-қайшы процесс
деп түсінемін. Оны жүргізу тергеушіден жалпы және кәсіби мәдениеттілікті,
адамдардың психологияларын терең білуді, жауап алудың тактикалық тәсілдерін
жоғары деңгейде меңгергендікті қажет етеді.
Жауап алудың күрделілігі тергеушіге көбіне айғақ беруді қаламайтын
адамдың қарсы тұратындығына ғана емес, сондай-ақ жауап алынатын адал
адамның берген айғақтарында оларды бағалау және пайдалану кезінде анықтау
қажет болатын қателіктер мен бұрмалаушылықтардың, жаңылысулар мен ойдан
шығарушылықтардың кездесуі мүмкіндігін анықтауда болып табылады.
Осы курстық жұмыста мен тергеу тәжірибесінде көп кездесетін
жәбірленушіден және куәдан жауап алудың, оларды беттестірудің тәсілдері мен
түрлерін, тактикаларын қарастырып, талдап шығуды мақсат етіп отырмын. Бұл
шаралардың нақты іс жүргізу барысында маңызы зор деп ойлаймын.
Курстық жұмыс бір-бірімен байланысып жатқан төрт тараудан тұрады.
Алғашқы тарауда жәбірленуші мен куәдан жауап алудың жалпы шарттары, ал
екінші тарауда оларды жүргізудің процессуалдық тәртібі қарастырылады.
Қылмыстық іс жүргізу барысында бірыңғай кәмелетке толған адамдармен жұмыс
істеп қоймайсың, сонымен бірге жауап алуға кәмелетке толмаған адамдарды да
тартуға тура келетін жағдайлар ұшырасады. Міне, курстық жұмыстың үшінші
тарауы осы мәселелердің ерекшеліктерін ашуға арналады. Ал төртінші тарау
жауап алынып отырған адамдарды беттестіруге, оны жүргізудің тәртібін ашуға
бағытталды.

1. Жәбірленушіден және куәдан жауап алудың жалпы шарттары

Жәбірленуші мен куәдан жауап алуды жүргізу тәртібі ҚІЖК-нің 214-
бабымен реттеледі. Аталған адамдардан жауап алу рәсімін баянды етулерінің
бірі - кейде қылмыстық істе жәбірленуші мен куәның белгілері біріне-бірі
ұштасып жатады. Көбіне жасалған қылмыс туралы куәдан артық ешкім де толық
әрі егжей-тегжейлі айғақ бере алмайды.
Куә, жәбірленуші жауап алуға шақыру қағазы арқылы шақырылады. Онда кім
және ол кім ретінде шақырылады, кімге және қандай мекен-жайға шақырылады,
жауап алуға келу уақыты, сондай-ақ дәлелді себептерсіз келмеудің салдарлары
көрсетіледі.
Дәлелді себептерге мыналар жатады:
– жауап алуға келуге мүмкіндік бермейтін ауру;
– куәнің немесе жәбірленушінің шақыру қағазын уақтылы алмауы;
– куәні, жәбірленушіні белгіленген мерзімде келуіне мүмкіндік
бермейтін басқа да жағдайлар (мысалы, табиғи апат).
Шақыру қағазында жеке басын куәландыратын құжатының болуы, шақырылатын
адамның жауап алуға шақырылуға байланысты шегетін шығындарының өтелуіне
кепілдік берілетіні көрсетілуі тиіс.
Шақыру қағазы бойынша жауап алуға келу шақырылатын адамның міндеті
болып табылады, сондықтан дәлелсіз себеппен келмеген жағдайда, сол адамға
қатысты ҚР ҚІЖК-нің 157, 158 баптарында көзделген процессуалдық мәжбүрлеу
шаралары қолданылуы мүмкін.
Осыған байланысты шақыру қағазын беруге үлкен мән беріледі. Шақыру
қағазын шақырылатын адамға қолын қойдыра отырып беру көзделген. Ал ол
болмаған жағдайда оның отбасы мүшелерінің кәмелетке толған біреуінің,
көршісінің, жергілікті атқару органы немесе өзін-өзі басқару органы
өкілдерінің қолы қойдырылады. Ең дұрысы шақыру қағазын қолма-қол жіберген
жөн. Шақыру қағазын байланыс арналары (телеграмма, радиограмма,
компьютерлік байланыс арналары және басқалары) жіберген жағдайда жоғарыда
аталған талаптарға жауап беруі тиіс.
Кәмелетке толмағандарды жауап алуға шақырудың ерекше тәртібі кәмелетке
толмаған куәнің психологиялық ерекшеліктеріне және оның құқықтық
процессуалдық жағдайына байланысты. Осыған байланысты кәмелетке
толмағандарды шақыру оның ата-аналары немесе заңды өкілі арқылы
жүргізіледі. Жауап алу орны (ҚР ҚІЖК, 212 бап) қызметтік кабинет болып
табылады. Алайда тергеушінің жауап алуды қажет болған жағдайда жауап
алынатын адамның ауруына немесе оның жауап алуға келу мүмкіндігі жоқ басқа
жағдайларында жауап алынатын адам тұрған жерде жүргізуіне құқығы бар.
Кезек күттірмейтін жағдайларды қоспағанда, жауап алу күндіз
жүргізіледі. Кезек күттірмейтін жағдайларға тексеру жүргізу дереу түнгі
уақытта (ҚР ҚІЖК 7 бап), жергілікті уақыт бойынша жиырма екіден алтыға
дейін (бұл өлтіру, тонау және басқа қылмыстарға қатысты жиі болады)
басталғандағы жауап алулар жатады.
Жауап алудан бұрын тергеуші жауап алынатын адамның жеке басын анықтап
алуы керек. Сондықтан да куә немесе жәбірленуші ретінде жауап алуға
шақырылған адамның өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.
Тергеуші осы құжаттарды түпнұсқлығына және шақырылып отырған адамның дәл
сол адам екендігіне көз жеткізу үшін тексереді.
Тергеуші жауап алынып отырған адамға ана тілін не өзі білетін тілді
пайдалануға құқығы бар екендігін айтуға міндетті.
Мылқау немесе саңырау куәдан, жәбірленушіден жауап алу оның белгілерін
түсінетін және онымен белгілер арқылы сөйлесе алатын адамның қатысуымен
жүзеге асырылады. Мұндай адамның жауап алуға қатысуы хаттамада көрсетіледі.

Жауап алынатын адамның психикалық немесе өзге ауыр науқасы болғанда
одан жауап алу дәрігердің рұқсатымен және оның қатысуымен жүзеге асырылады.
Бірқатар позициялар бойынша жәбірленуші (ҚІЖК-нің 75-бабы) мен куәның
(ҚІЖК-нің 82-бабы) құқықтары мен міндеттері мәтіні жағынан дәлме-дәл
келетіні даусыз. Бір бапта осы адамдардан жауап алу тәртібін біріктірген
заң шығарушының түпкі ойын толық түсіну үшін бұл мән-жайды ескерудің маңызы
бар. Сонымен, куә мен жәбірленушінің беретін айғақтарының құқықтық
ортақтығы олардан жауап алуды жүргізу ережелерінің бірлігіне байланысты.
Жауап алу басталар алдында тергеуші куәның, жәбірленушінің
айыпталушыға немесе сезіктіге қандай қатысы бар екенін анықтайды, жауап
алынатын адамға оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді. Мұнда ҚР
Конституциясының 77-бабының 7-тармағы 3-бөлігінің және ҚІЖК-нің 214-бабының
2-бөлігінің ережелерін негізге ала отырып, тергеуші куә мен жәбірленушіге
өзінің, ерінің (зайыбының), жақын туыстарының қылмыс жасағанын ашатын,
сондай-ақ діни қызметшіге - тәубе үстінде оған ішкі сырын сеніп ашқан
адамдарға қарсы айғақтар беруден бас тартуға құқықтары бар екенін
түсіндіруге міндетгі. Егер мұның соңғысы бұл құқығын пайдаланбаса, олар
айғақтарынан бас тартқаны және көпе-көрінеу жалған айғақ бергені үшін
қылмыстық жауаптылығы туралы ескертіледі. Бұл жөнінде хаттамаға белгі
соғылып, ол куәның немесе жәбірленушінің қол қоюымен куәландырылады.
Қорғаушының міңдеттерін орындауына байланысты өзіне айыпталушыдан
белгілі болған мән-жайлар туралы - айыпталушының қорғаушысы; қылмыстық іс
бойынша іс жүргізуіне қатысуымен байланысты, сондай-ақ сот шешімін шығару
кезінде туындаған мәселелерді кеңесу бөлмесінде талқылау барысында өзіне
белгілі болған қылмыстық істің мән-жайлары туралы — судья; өзінің жасының
толмауына немесе дене кемістіктеріне қарай іс үшін маңызы бар мән-жайларды
дұрыс түсінуге жөне олар туралы жауап беруге қабілетсіз адамдар куә ретінде
жауап алуға жатпайды (ҚІЖК-нің 82-бабы).
Іс бойынша дәлелдеуге жататын кез келген мән-жайлар, оның ішінде
жәбірленушінің, сезіктінің, айыпталушының жеке басы және олардың өзара
қатынасы куә мен жәбірленушіден жауап алудың мәселесі болып табылады (ҚІЖК-
нің 119-бабының 5 және 6-бөліктері).
Куә мен жәбірленушінің беретін айғақтары олардың міндеттері
болғандықтан, олар іс бойынша өздеріне мәлім барлық мән-жайларды дұрыс
хабарлап, қойылған сұрақтарға шын жауап беруі тиіс. Сонымен қатар, олар іс
бойынша өздеріне мәлім болған мән-жайлар туралы мәліметтерді жарияламауға
және тергеу іс-әрекеттерін жүргізуде қылмыстық іс жүргізу заңымен
белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті.
Тікелей қылмыстың жасалуы нәтижесінде моральдық, мүліктік немесе
денесіне зиян келтірілген адам қылмыстық процесте жәбірленуші адам деп
танылады. Егер моральдық, мүліктік немесе денесіне зиян келтіру адамның
осындай зиян шегуге ерікті келісуі нәтижесінде туған болса (мысалы,
қылмыстық түсік тастау жөнінде өтініш жасаған жағдайда, пара беруде және
т.б.), ол жәбірленуші деп таныта алмайды. Заңды тұлғалар да жәбірленушілер
деп танылмайды. Оларға зиян келтірген жағдайда олар азаматтық талапкерлер
деп танылады. Жоғарыда көрсетілгендерге байланысты қылмыстық істе осы
процесті жүргізуші орган тиісті қаулы шығарған кезден бастап жәбірленуші
деп танылатын адамнан жәбірленуші ретінде жауап алынуы мүмкін (ҚІЖК-нің 75-
бабының 3-бөлігі).
Профессор А.Я. Гинзбург заң бойынша куә мен жәбірленушінің өз
адвокатының (қорғаушысының) қатысуымен айғақ беру құқығы бар деп дүрыс
көрсеткен[1]. ҚР Конституциясьшың "Әркімнің білікті заң көмегін алуға
құқығы бар" деп жарялаған 13-бабының 3-бөлігінің нормасы жәбірленуші
қорғаушысының қатысуы үшін негіз болып табылады. Жәбірленуші ҚІЖК-нің 75-
бабының 6-бөлігіне сәйкес өкілдің қызметін пайдалануға құқылы, яғни заңда
іске жәбірленуші қорғаушысының қатысуы тікелей көзделмеген. Алайда ҚІЖК-ның
80-бабының 1-бөлігінің мағынасы бойынша жәбірленушінің өкілі қорғаушы болуы
да мүмкін. Сонымен, біз айғақ беру кезінде куәның да, жәбірленушінің де заң
немесе келісім бойынша жауап алу үстінде қорғаушы қызметін пайдалануға
толық құқығы бар деген пікірге келеміз. Сонымен бірге, қорғаушының келмей
қалуы тергеуші белгілеген уақытта жауап алуды жүргізуге кедергі жасамайды
(ҚІЖК-нің 82-бабының 3-бөлігі).
Берілген айғақ аяқталғаннан кейін жауап алынатын адамның өтініші
бойынша оған өзінің берген айғағын өз қолымен жазбаша түрде баяндауға
мүмкіндік берілуі тиіс. Хаттама ҚІЖК-нің 203, 218-баптарында көзделген
талаптарды сақтай отырып ресімделеді. Жауап алу аяқталған соң хаттама жауап
алынатын адамның оқуы үшін беріледі немесе оның өтініші бойынша
жарияланады. Куә мен жәбірленушінің хаттамаға толықтырулар, нақтылаулар
немесе ескертулер енгізу жөніндегі талаптары міндетті түрде орындалуға
тиіс. Хаттамаға қосымша жазу, мәтінді түзету, өшіріп жазу секілді
өзгертулер енгізуге тыйым салынады. Егер хаттамадағы кейбір сәйкессіздіктер
баяндалған жайдың мағынасына әсер ететін болса, олар мәтіннің өзінде
түзетілуі мүмкін, алайда мұндай түзетуді олар жазылған жерде ескертіп,
тергеуші мен жауап алынатын адамның қол қоюымен куәландыру қажет. Егер
куәдан (жәбірленушіден) толықтырулар мен ескертулер жөнінде өтініш түспесе,
хаттамада бұл да көрсетілуі тиіс.
Егер хаттама бірнеше беттен тұратын болса, онда жауап алынатын адам
оның әрбір бетіне қол қояды. Хаттаманың әр парағы нөмірленеді де, әр
бетінің жоғарғы жағына куәның (жәбірленушінің) берген жауабының жалғасы
және жауап алынған күні деген жазу жазылады.
Хаттама машинкада басылуы немесе компьютерде терілуі мүмкін.
Тергелетін істің мән-жайлары бойынша бұрын берілген жауаптарды
нақтылау немесе толықтыру қажеттілігі пайда болған жағдайда қайтадан
(қосымша) жауап алу жүргізілуі мүмкін (ҚР ҚІЖК-нің 213 бабы).

2. Жәбірленушіден және куәдан жауап алудың процессуалдық тәртібі

Жоғарыда көрсетілгендей, жәбірленуші мен куәдан жауап алу ҚР ҚІЖК-нің
214-бабымен реттеледі.
Куә мен жәбірленушіден жауап алу көп жағдайларда ұқсас болып келеді,
өйткені олардың процессуалдық жағдайлары шамалас, жақын.
Куә - бұл қылымыстық іске қатысы бар мән-жайларды білетін және ол
туралы жауап бере алатын кез-келген жеке тұлға (ҚР ҚІЖК-нің 82 бабының 1-
бөлімі).
Жәбірленуші деп қылмыстан мүліктік, денелік және моральдық зардап
шеккен жеке тұлғаны айтады.
Егер, жауап алу кеңінен тараған тергеу әрекеті болса, оның ішінде
куәдан жауап алу ең жиі кездесетіні болып отыр. Куә мен жәбірленушіден
жауап алудың шарттары Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 214-ші бабымен
реттелген.
Бір іс бойынша шақырылған куәлардан, жәбірленушілерден, басқа
куәлардан және жәбірленушілерден бөлек жауап алынады. Тергеуші бір іс
бойынша шақырылған куәлар, жәбірленушілер жауап алу басталғанға дейін өзара
сөйлеспейтіндей шаралар қолданылады.
Жауап алу алдында тергеуші куәнің, жәбірленушінің айыпталушыға немесе
сезіктіге қандай қатысы бар екенін анықтайды, оларға іс жүргізудегі
құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, жауап беруден бас тартқаны үшін
қылмыстық жауапкершілігі туралы ескертеді. Бұл ретте тергеуші куәға,
жәбірленушіге өзінің, ерінің (не зайыбының), жақын туыстарының қылмыс
жасағанын ашатын, сондай-ақ діни қызметшіге тәубе үстінде оған ішкі сырын
сеніп ашқан адамдарға қарсы жауаптар беруден бас тартуға құқығы бар екенін
түсіндіруге міндетті. Бұл құқықты пайдаланбаған куә, жәбірленуші көрінеу
жалған жауап бергені үшін қылмыстық жауаптылығы туралы ескертіледі.
Басқа жағдайда куә мен жәбірленушіден жауап алу ҚР Қылмыстық іс
жүргізу кодексінің 213 бабының ережелері бойынша жүргізіледі (ҚР ҚІЖК-нің
214-бабы).
ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінде куә ретінде жауап алуға болмайтын
адамдардың тізімін көрсеткен:
- қылмыстық іс бойынша іс жүргізуіне байланысты, сондай-ақ сот шешімін
шығару кезінде туындаған мәселелерді кеңесу бөлмесінде талқылау барысында
өзіне белгілі болған қылмыстық істің мән-жайлары туралы – сот төрағасы,
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күдікіті, жәбірленушінің мәртебелерін анықтау, олардан жауап алуды ұйымдастыру мен жүргізудің жалпы тәртібі
Күдікіті, жәбірленушінің мәртебелерін анықтау
Жауап алу процессі
Сот талқылауы
Тергеу іс-әрекеттері
Куәнің жауаптары
Беттестіру жүргізудің-техника криминалистикалық және тактика криминалистикалық аспектілері
Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстарды тергеу әдістемесі
Басты сот
КУӘ МЕН ЖӘБІРЛЕНУШІДЕН ЖАУАП АЛУДЫҢ ТАКТИКАСЫ
Пәндер