Жеті жарғыға кірген ережелер жетеу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
1. Әз-Тәуке және оның “Жеті жарғысы” 4
2. “Жеті жарғы” атауының мәні мен мағынасы 7
3. “Жеті жарғының” зерттелу тарихы 11
4. “Жеті жарғы” туралы деректер 18
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. “Жеті жарғы” қазақ халқының дәстүрлі
мемлекеттік және құқықтық мәдениетінің алтын қорынан сақталған қымбат
қазына. Бұл ұлы құжатқа байланысты ауызша және жазба деректерді қарастырып
отырып “Жеті жарғының” мемлекет пен қоғамның тіршілігін үйлестіретін
негізгі заң қағидаларының жинағы немесе мемлекеттік биліктің үлгісі ғана
емес, соныменен бірге ұлттық танымның айшықты айнасы, халық рухының
қамқоры, ұлттық мүдденің жаршысы екенін аңғарамыз. Жер жүзіндегі қандай да
бір елдің арман-тілегі де, мақсат-мүддесі де мемлекеттік және ұлттық
тәуелсіздігі, осы ұлы түсінік “Жеті жарғының” ел құрметіне бөленіп, ел
ақсақалдарының жадына берік жазылуына негізгі себепкер.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет боламыз деп
құқық саласына мейлінше көңіл бөліп жатқан тұста, “Жеті жарғы” секілді
құқықтық мұраны зерттеу өте өзекті екені айқын.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Біз қолда бар деректерді қарастыра отырап
“Жеті жарғы” туралы мәліметтер негізінен ауызша түрде, қазақтың шежіресі,
аңыз-хикаялары, өлең-жырлары арқылы сақталған деп есептейміз. “Жеті
жарғының” түп өзегі Евразия көшпелілерінің бірнеше мың жылдар бұрын
қалыптасқан әдет-ғұрып заңдарына негізделген. Сонымен бірге “Жеті жарғы”
XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басындағы саяси-әлеуметтік ахуалға
ыңғайланған әдет-ғұрып ережелерінің жаңа редакциясы. Көшпелі қауым
арасындағы саяси билік бірде күшейіп, бірде әлісіреп замана әсеріне,
әсіресе сыртқы ортаның ықпалына тікелей ыңғайланып отыратын құбылыс. Саяси
билік белгілі дережеде не сырттан қауіп төнгенде, не сыртқа бағытталған
көшпелілердің ірі қозғалыстарының кезінде күшейіп, ал қауым ішінде
бейбітшілік тенденциялары нығайғанда әлсіреп отырады.
Зерттеушілердің көпшілігі “Жеті жарғыны” тек құқықтық мәселелермен
ғана байланыстырады. Бұл таңдау белгілі дережеде тарихи институттарға
ретроспекциялық тұрғыдан қараудың тікелей жемісі. “Жеті жарғыға” байланысты
әдет-ғұрып ережелері жинақталып хатқа түсе бастаған уақытта қазақ мемлекет
дәстүрлері аса құлдырап, оның реттегіш механизмдері, заңдары қолданыстан
шыға бастаған еді. Қазақ мемлекетінің негізгі ұйытқысы, құрылымдық
жүйесінің негізі болып табылатын туысқандық қарым-қатынастар “Ақтабан
шұбырынды” заманында үлкен соққы алып, қалыпты жүйесін бұзып алды. Бұл
дағдарыс әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынасқа да тікелей әсер етіп
қоғамдағы төре мен қараша, төре мен төлеңгіт, отырықшы мен көшпелі
элементтер, субэтникалық топтар мен сословиелер арасындағы қалыпты қатынас
бұзылды.
М.Тевкелев күнделігіндегі Бөкенбай батырдың әңгімесінде: “У них,
киргис-кайсаков, прежде были города, а именно: Ташкент, Тюркестан, Сейрам с
принадлежащими ко оным городками и деревнями, и оными владели киргис-
кайсацкие ханы и старшина. В тех городех живут сарты, то есть посацкие
мужики, с которых брали они дань. А из тех городов выслал их хонтайша тому
с 15 лет. А ныне оными никто не владеет и дань не забирает, живут праздно...”
(37, с.62) – деп суреттелетін жағдай саяси-құқықтық құрылымға да қатысты.
XVIII ғасырдың ортасына қарай қазақ жерінде мемлекеттік дәстүрлердің
қайта күшеюі басталды. Оның барысын біз қазақтардың Жоңғария жеріндегі
белсенді саясатынан, Сыр бойындағы қалаларды қайтарып өнеркәсіп пен сауданы
қолға алуынан, Сыр бойына әсерін азайту үшін Қоқан хандығын ығыстыру
саясатынан т.б. салмақты істерден көріп қаламыз. Қазақ халқының мемлекеттік
мүддесі бұл кезеңде Абылай атымен байланысты болды. Бірақ бір жағынан
Ресей, бір жағынан Қытай шеңгелі қазақ мемлекетінің күшейіп, іргелі ел
болуына тосқауыл қойды. Көшпелілер билігінің Евразиядағы үстемдегі осыменен
біржолата тиылды да, Европа нақты жеңді.
Абылай хан қанша күш салғанымен елді өз бетімен басқарып кетуге,
қазақтың басын түгел қосып алуға дәрмені жетпеді. Оның ең басты себебі
Ресейдің қазақтың Кіші жүзіне енуі, Әбілқайырдың алауыздық туғызған
саясаты, Ресейдің Есілді өрлеп Көкшеге жақындап қалуы. Жалпы қазақ қанша
жанкешті болғанымен Евразиядағы түбегейлі өзгеріске түскен геополитикалық
жағдайды өзгерте алмайтын еді. Қазақ мемлекетінің дағдарысымен бірге ірі-
ірі мемлекеттік институттар, әдет-ғұрыптар, қоғамдық, мемлекеттік,
азаматтық түсініктер жүдеушілігі басталды. Осылайша “Жеті жарғы” заңдарынан
мемлекетке қатысты ережелердің көпшілігі ұмытылып, тек жеке адам, немесе
қауымға тікелей қатысты ережелер көбірек сақталды. “Жеті жарғының” өзі
қалыпты ережелер жинағы және ереже туғызушы тетік есебінде өмірден XVIII
ғасырдың басында – ақ озған еді. XVIII ғасырдың ортасындағы жағдайда “Жеті
жарғыны” мемлекет мүддесін ойластыратын Жоғары кеңес есебінде жаңғырту
мүмкіндігі аяқталды.
Қолда бар тарихи-этнографиялық мәліметтер “Жеті жарғы” қызметіне және
қазақтың әдет-ғұрып заңдарына жан-жақты, терең қарауға мүмкіндік береді.
Бірнеше ғасыр бойы жинақталған тарихи деректер дәстүрлі зерттеу
тәсілдерімен қатар, тың ғылыми зерттеу әдістері мен аспаптарын
(инструментари) енгізу жемісті болатынына кепілдік береді. Оның біршама
тәжірибесі кәзіргі “Нормативті этнография” аталып жүрген ғылым саласында
қалыптасып қалды (18; 46; 68; 74; 82). Сонымен бірге дәстүрлі құқықтық
көзқарастарды, жүйелерді, құндылықтарды зерттеуге “Құқықтық антропология”
тікелей араласқаны зор пайда береді. Қалай дегенмен де дәстүрлі қоғамды,
оның рухани мұрасын, тек қана саяси-құқықтық мұрасы ғана емес, рухани
қазынасы болып табылатын әдет-ғұрып заңдарын, соған байланысты қалыптасқан
нақыл, ақыл сөздерін, шешендік өнерін, салт-дәстүрін игеруге кәзіргі
уақытта гуманитарлық ғылымның басты саласының бірі ретінде этнологияның
араласу мүмкіндігі мол. Классикалық тарих және заң ғылымдары тек сыртқы
(жазба) дерекке негізделсе, этнология ізденіс барысында халықтың (этнос)
ішкі құрылымына, жабық байланыс жүйелеріне, жан сақтау және өмір сүру
заңдылықтарына үңілетін зерттеу әдістеріне сүйенеді. Бұл қоғамдық
ғылымдарды, соның ішінде құқықтану саласын алға алып баратын жол.
Біз бұл еңбегімізде “Жеті жарғы” тек құқықтық ескерткіш қана емес,
сонымен қатар институт, билік жүргізу тетігі деген пікірді негізге алдық.
Бұл жерде екі бағытты да бөле жармай тұтас қарастыру біздің негізгі
мақсатымыз болды. Тақырып аясын кеңейту үшін мүмкіндік келгенше әдет-ғұрып
заңдары мен ережелерін жас оқырмандарға көбірек таныту міндетін алдық.
Болашақта жас заңгерлер бұл жинақты толықтырып, оның құрылымына, жүйелеу
ретіне өзгерістер кіргізетіні даусыз. Мемлекеттігін құрып, заңын түзеп
жатқан тәуелсіз Қазақстан үшін “Жеті жарғы” әлі де маңыздылығын жоғалтқан
жоқ. Тек қазақ қоғамының көп жағдайда синкретті мәдениет өкілі екенін, көп
құбылыстар бір-бірімен астасып жататын ескерген жөн. Солардың ішінде “Жеті
жарғы” аталып бір-бірімен ажырамастай бірігіп кеткен мемлекет және құқық
құбылыстары жатыр, бұл біле білген адамға бөле жаруға болмайтын қасиетті
дүние.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Курстық жұмыс кіәріспеден,
негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады. Жалпы көлемі – 27 бет.

1. Әз-Тәуке және оның “Жеті жарғысы”

Қазақ шежіресінде “Салқам Жәңгірден кейін Әз Тәуке хан болды. Мұның
өзі ақылды, табанды кісі болды. “Байсалды айғырдың үйірін ат жақтайды”
дегендей халықты жақсы басқарды. “Күлтөбеде күнде кеңес” осы Әз Тәуке
тұсында айтылған сөз” – деп Әз Тәуке билігіне жақсы бағасы беріледі. Қалмақ
дәуірлеп күшейген уақытта жаңа саясат жүргізу керек еді. Оның нақты амалы
Әз Тәуке ойынша әр жүздің орда биін сайлау, оларға ішкі саясаттың тізгінін
беру. Евразия көшпелілерінің үштіқ жүйесінің тамыры өте ерте замандарға
бастайды, үштік қашанда нығыз, мығым, орнықты жүйе. Ал үш жүзді ұлыс
есебінде әкімшілік жүйеге келтіру және оның ішкі мәселелерін орда билеріне
тапсыру ру басыларының жауаптылығын күшейткені хақ. Осы кезеңнің тарихын
сипаттай келе Н.И.Гродеков “все три орды ежегодно собирались для совещания
(маслагат) на холме Мартубе (в горах около Сайрама)” - деп жазады. Бұл
жиындарда қазақ елінің басты мәселелері-қай жерде қыстау, қай жерді жайлау,
елдің тыныштығын қалай ұстау, қалай соғысу т.б. бүкіл ел болып ақылдасатын
мәселелер талқыға түсті.
Әз Тәуке заманында билік құрылымы бірнеше сатыға жүйеленгенге ұқсайды.
Көшпелілердің әуел бастан бар демократиялық тәртіптері де қайта жанданып,
жалпы халықтық мәслихат, жиындар жыл сайын өткізіліп отырылатын болды. Бұл
жиындарға тек қарулы ер азаматтар ғана қатысуға құқықты еді. Оның тәртібі
“Жеті жарғыда” нақты бекітілді. Оның ең биік сатысы орда билерінен,
Түркістан мен Ташкент маңындағы отырықшы халықтың өкілдерінен, қазаққа
одақтас қырғыз, қарақалпақ сияқты халықтың басшыларынан құралған “Жеті
жарғы”. Зерттеушілердің көпшілігі “Жеті жарғы” құрамындағы қазақтың үш биін
ерекше атайды. Н.И.Гродековтың жазбасы бойынша “В числе их было три знатных
бия, по каждому из каждой орды: из Великой – Туле, из Средней – каз дауысты
Казыбек, т.е. Казыбек с голосом гуся, (звучным), из Малой – Айтеке” (22,
б.25).
М.Тынышпаев жоғарыда келтірілген деректерді толықтыра түседі. Оның
пікірі бойынша Тәуке ханның басты еңбегі қазақ елінің қоғамдық өмірін
белгілі бір тәртіпке келтіргендігі: “Тауке...более замечателен своею
административною и законодательною деятельностью. Слабые угнетенные роды
Тауке соединил в союзы, чтобы последние могли противостоять против сильных
родов. Для фактического управления подвластными родами назначили 6 биев: 1)
в Старшей Орде - Толе Алибекова (дулат, отделение жаныс); 2) в Средней Орде
- Казбека (Каз дауысты Казбек-арғын, каракесек); 3) в Младшей - Айтике
(алим, торт-кара, внук знаменитого Джалантос-батыра Самаркандского); 4) у
кыргызов-Кокым – бия Карашорина; 5) у каракалпаков – Саск-бия; 6) у
катаган, джайма и других мелких родов - имя бия неизвестно. Далее отдельные
роды, отделения, полколения управлялись своими биями. Ежегодно, осенью бии
на 1-2 месяца собирались у ставки Тауке, “Ханабад” на холму “Куль-тобе” на
левом берегу реки Ангрен в 40 верстах на юг от Ташкента. В памяти народной
собрания эти сохранились в выражении: “Куль-тобенің басында күнде кеңес”,
т.е. “на Куль-тобе собрания происходят ежедневно”. Эти собрания носили
характер и законодательный и судебный. Законодательные изречения, названные
“Джеты-Джарга” были основаны на принципах правосознания, вытекающего из
условий общежития кочевых родов...Большая часть дел решались биями
единолично, но в важнейших случаях, не желая брать на себя ответственность
за правильность решения, бии представляли свои предложения на одобрение
собрания на Куль-Тобе” (80, б. 162).
М.Тынышпаевтың келтірген мәліметтері мен пайымдаулары әлі де толықтыра
түсуді, зерттеуді қажет етеді. “Жеті жарғыға” кірген жарғыш билердің аты-
жөні, ата-тегі, олардың ішіндегі жол тәртібі, жалпы “Жеті жарғы” жұмысын
ұйымдастыру ісі, жоғары кеңеске ханның қатысы, оның әсері т.б. мәселелер
аса қызықты да, керекті деп есептейміз.
XVII ғасырдың 80-ші жылдары “Жеті жарғыны” қауырыт шаруа, қалың
жаугершіліктің арсынан көреміз.Алдымен Қазақ хандығы қалмақтың үстемелеген
соққысының астында қалды. Галдан Бошогту әскері 1681 жылы Сайрамды алғашқы
рет қоршады. Бір жыл айналмай жатып 1683, доңыз жылы, Бошогту Сайрамды
қайта шауып, қазақтың екі сұлтанын тұтқынға алып, үлкен олжамен қайтты. Сол
жылы күзде Орта Азияны (Әндіжан) тағы да шауып көп елді тоздырып жіберді.
“Зая-пандита өмірбаянында” бұл оқиғалардың жалғасы былай суреттелген: “В
году мыши (1684) он (Галдан Бошогту) разграбил (улус) Чукура, а также ходил
походом на Андижиян. Когда он возвращался, то в (местности) Кокурин Шили
разразилась буря. ...Летом (Цеван) Рабдан (Галданның немере інісі – Ж.А.)
выступив (в поход) разрушил Сайрам. Осенью года коровы (1685) (Бошогту)
хан, отправившись в поход против Андижияна, возвратился, захватив в плен
многих беков” (64, б. 116).
Бұл жаугершілік 1684 жылғы Бертіс хан, Тайкелтір би, Қазыбек би
елшілігімен тиянақталған уақытта Тәшкент маңындағы қытай-қыпшақтармен соғыс
басталды. Әз Тәуке ханды осы кезде қалың әскердің басында қытай-
қыпшақтармен, жалпы өзбекпен жаугершілік ішінен көреміз. Осыған байланысты
1687-1688 жылдары Бұқар ханы Субханқули ханмен келіссөз жүргізіліп, Бұқар
ханының сенімді адамы Хошеке –аталық Түркістанға келді. Бұл оқиғалардың
бәрі де мемлекет билігін күшейту қажеттілігін аса өзекті тақырыпқа
айналдырды. Бейбіт уақытта өз бетімен кететін көшпелі елдің басшыларының
“Күл төбеде күнде кеңес жасап”, Әз Тәуке ханның “Жеті жарғысында” билік
айтып, ханның дәрегейіне бағынып тұруын осылай түсіндіреміз.
Осы кезеңдегі ірі мәслихаттардың бірі 1710 жылғы Қарақұм (Арал
Қарақұмы) кеңесі. Қарақұм Ұлытаудан батысқа қарай орналасқан қысқы қонысқа
өте жайлы жер. Ол кезде Қарақұмның солтүстік бұйраттары Ақсақал Барбы
көліне ұштасады, Су аяғы құрдым да осы жерде. Ырғыз, Торғай, Өлкейек т.б.
даланың сан жетпейтін ұсақ өзендері құятын осы аса үлкен көл ХҮІІІ ғасырдың
басында дариядай шалқып жататын еді.
Қазақ аңыздарында үш жүздің игі жақсылары қатысқан бұл ұлы кеңесте
таңдамалы тоқсан би сөз сөйледі делінеді. Олардың сөзінің арқауы
мемлекеттің тағдыры, болашаққа тон пішу, зандарын реттеу, әскерін дайындау,
сыртқы елдермен бәтуаға келу, не жаугершілікті діттеу, жазғы жайлымы мен
қысқы қонысын ақылға салу, елдің ымырасын бекіту. Евразия көшпелілері тарих
сахнасындағы үстем орынын отырықшыларға берген уақыт еді. Батыстан қаһарын
төккен Ресей, Шығыстан амалдап, айлалап жылжыған Қытай, олардың артында мұз
темірге құрсанған, қару-жарағын оқтаған басқа да елдер. Бұрынғы заманда
“қыл құйрық” деп ұрандап Европаның төсіне атпен шауып баратын, Қытайды
төменшіктетіп, тізе бүктіріп қоятын қайрат көшпелілерде қалмаған. Сахарада
көшпелілерден қалған екі ел қазақ пен қалмақтың қасқардай алысқан заманы
туды. Не өлім, не өмір, басқа сұрақ жоқ еді.
Қарақұм кеңесі елшілік жолын ұсынды. Батыста Ресей, Шығыста Қытай,
оңтүстікте Бұқар хандығы бәріне де елші жіберіп бейбіт бәтуаға келу керек.
Біз осы кезден бері қарай қазақ елшіліктері туралы мәліметтерді әр елдің
мұрағаттарынан кездестіретінімізде осыдан.
Екінші мәселе қазақтың өз ішіндегі ымырасын, тәртібін бекіту, ол үшін
алдымен ұсақ руларды үлкен рулардың жем қылуына жол бермеу. Қазақ халқының
жаңа генеалогиялық құрлымы осы кеңесте шешілді деп айтуға болады. Туыстық
жүйе одан әрі беки түсті.
Үшінші мәселе қазақтың орда тіккен қаласы Түркістан, өзінің саяси,
рухани қызметін одан әрі жалғастыратын қасиетті орын. Қазақ кеңесі бұдан
әрі қазақтың өз жолымен қатар шариғат ережелерін қатар қолданатын келісімге
келді. Түркістан бір жағы Орта Азиялық ісләм орталығы, екінші жағынан
қазақтың ата-бабасы жерленген қасиетті қорым-пантеон, үшіншіден қазақтың
хандары қоныс, тұрақ қылатын саяси ордасы.
Қарақұм кеңесінің төртінші нәтижесі “Жеті Жарғы” қызметін мақұлдады.
Хан кеңесіне одақтас елдер, көрші қырғыз, қарақалпақ, ішкі сарт, қожа,
қатағаннан өкіл қосу, олардың да пікірін Жоғары кеңесте ескеру құпталды.
“Жеті жарғы” кеңесіне сыртқы және ішкі елдермен тығыз қарым-қатынасқа
түсуді, тек қана билікпен шектелмей мәмлегерлікке көңіл бөліну талап
етілді.
Бесінші нәтиже мемлекеттің дұрыс өмір сүруіне қажетті әсіресе елші
салуға, елші қабылдауға жетерлік алым-салық жинау, бұл патша сарайының
мұқтажын көтеруге де, мәмлегерлік шығынды жабуға де жетерлік болуы керек.
Ол үшін тек отырықшы ел ғана емес, мал баққан көшпелі ел де 120 табысын
мемлекет қазынасына өткізіп отыруы керек.
Алтыншы мәселе жаугершілік заманға сай жабдығы дайын, қайратты әскер
ұстау. Қазақ қиындыққа төзімді, жаугершілікке бейім, ер мінезді, мәрт
болғанымен нар тәуекелге келгенде басын қосып, бір ұран, бір тудың астына
жинала қоймайтын халық. Осы себептерге бола Әз Тәуке ұсынысымен кеңес
Әбілқайыр сұлтанды “әскер басы”, Бөгенбай батырды “бас сардар” деген
лауазыммен тұрақты түрде әскер ісіне жауапты қылды.
“Қарқұм кеңесінде” талқыға түскен мәселелердің ауқымы өте кең
болғандығын жоғарыдағы шешімдер өзі де көрсетеді. Сонымен бірге кеңестің
елдің билігіне, заңына “Жеті жарғыны” жауапты қылуы да ақылға сиымды. Ел
жақсылары түгел қатысқан кеңесті күнде жинай беру оңай емес.

2. “Жеті жарғы” атауының мәні мен мағынасы

Ғылыми және ғылыми-көпшілік әдебиетте “Жеті жарғы” атауына қатысты әр
түрлі пікірлер бар, бірақ олар ғылыми қауым тарапынан толық қолдау таба
қоймаған, бір-біріне кереғар келіп жататын жорамалдауларға негізделген. Бұл
төңіректе әлі де даулы мәселелер көп болғандықтан біз осы атауға қатысты
жасалған этимологиялық талдаулар мен түсініктердің негізгі бөлігіне ғана
тоқталып кетеміз.
“Жеті жарғы” атауын алғаш рет Әз Тауке хан тұсындағы қабылданған заң
ережелеріне қатысты қолданған Н.И.Гродеков. Ол ұзақ уақыт Түркістан генерал-
губернаторлығына қарасты Сырдария облысының әскери губернаторы қызметін
атқарып, сол кезеңде қазақ әдет-ғұрып, заңережелеріне қатысты деректерді
мол жинайды∗ .
Н.Гродеков пікірінше “Жеті жарғы” Қасым мен Есім хандардың заманындағы
қазақтың ескілікті заңдарының негізінде жасалған: “Хан Тауке собрал на
урочище Культобе (в Сырдарьинской области) семь биев, в числе которых был
знаменитый бий Толе Алимбеков, и эти бии соединили старинные обычаи ханов
Касыма и Ишима (Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы) в новые
обычаи, называемые – “жеты жарға” (22, с.24).
Н.Гродеков осы тақырыпқа тағы да айнала берісте соғып “Жеті Жарғыны”
түзген билердің “жарғыш” атанғанын да хабарлайды. Бұл біздің пікірімізше
аса мәнді дерек: “При хане Тауке собрались семь биев, “жеті жарғыш” (22,
с.25).
“Жеті жарғы”, “жарғыш” атауына қатысты әр түрлі пікір-деректердің
ішінде Н.Н.Гродеков мәліметтері өзінің қисындылығымен де, толық
қандылығымен де бірінші орында тұрса керек.
Екінші бір көңіл аударатын мәлімет А.Леонтьевтің “Обычное право
киргиз” (1890) еңбегінде кездеседі: “Правда, ханом Тауки (Тявки) учреждено
было, по народным преданиям, собрание из семи биев, как высшее судилище. Но
оно действовало только при этом хане” (53, с.122).
“Жеті жарғы” туралы осы түсінікті кейіннен Л.А.Слаовохотов толықтырып
“Народный суд обычного права киргиз Малой Орды” еңбегіне еңгізді. Осы
еңбекте, біздің ойымызша алғаш рет, Жеті жарғыға байланысты “уложение”
деген сөз қолданылады: “семь биев...составил уложение, целиком основанное на
древнем народном обычае – адате и тогда получившее название – “Джеты
Джарга” (73, с.41).
Л.А.Словохотов “жеті” сөзінің тек мемлекеттік кеңестегі билердің санын
ғана білдіріп қоймай, толықтықты, толық кәмелетті, бүтіндікті білдіретін
ұғым есебінде пайдаланылғанын жазады: “Джеты по киргизский (казахский-Ж.А.)
означает “семь” – число у всех народов Востока, считавшееся выражением
полноты, совершенства и авторитетности. Джарга-дат. падеж от дзар (тат.)
или дзор (монг.) – известие, объявление, публикация, обнародование,
возвание ср. другую транскрипцию – “жеті жарығы” – т.е. “семь святил его”
(т.е. Тявки)” (73, с.42).
XX ғасырдың басында қазақ тарихының ең бір күрделі де қызық мәселері
туралы жазған А.П.Чулошников “Жеті жарғыны” Шыңғыс хан заманындағы “Жаза”
(Великая Яса) тәртібімен салыстырады, оның пікірінше “Жеті жарғы” қазақ
халқының ұзақ өмірінен бір тамаша нәтиже, азаматтық және қылмыстық құқық
туралы түсініктерінің жиынтығы: “В самом деле, подобно “Великой Ясе” Чингис
хана и казак-киргизское обычное право, систематизированное Тявкою,
заботилось тоже не столько о предупреждениях преступлений, сколько об их
ближайшем наказании” (83, с.204).
“Жеті жарғының” атауының мағынасы туралы А.П.Чулошников пікірі
Н.Гродеков жазғандарымен үндес: “...хан Тявка, особеннно чтимый всеми казак-
киргизами, собрал на урочище Куль-тюбе (в пределах нынешней Сыр-Дарьинской
области) семь биев во главе с знаменитым бием Туле Алимбековым и вместе с
ним составил уложение, целиком основанное на древнем народном обычае –
адате и тогда же получившее название – “Джеты-Джарга”, т.е. “Обявление
семи” (83, с.204).
Қазақ ғалымдарының ішінде “Жеті жарғы” туралы алғашқы пікір
білдіргендердің бірі академик Ә.Х.Марғұлан “Жеті жарғыны” – жеті жарғыш,
жеті, яғни жеті әділ, қара қылды қақ жарған билердің билігі дегенді
қолдады. Сонымен бірге Ә.Х.Марғұлан “Қазақ совет энциклопедиясындағы” “Жеті
жарғыға” арналған мақаласында оның мазмұнының жеті түрлі ережеден
құралатындығы жайлы жазады. “Жеті жарғыға” кірген ережелер жетеу. Олар:
1).Мүлік заңы; 2).Қылмыс заңы; 3).Әскери заң; 4).Елшілік жоралары;
5).Жұртшылық заңы; 6).Жесір дауы; 7.Құн дауы” (56, б. 542.).
Әлекеңнің “Жеті жарғы” мағынасы туралы бір мақалада қарама-қайшы екі
пікір айтуы кездейсоқ па? “Жарғыға” қатысушы билердің саны ережелердің
санымен неге тең деген сұраққа дәл жауап қайтару оңай емес. Негізінен “Жеті
жарғы” бұрын соңды қолданыста болған заң жобаларын жүйелеп, оның басын
қосып жетеуге жеткізді деп қабылдау ешқандай дәлелге негізделмейді.
Ғылыми әдебиетте кейде “Жеті жарғы” мағынасына байланысты тіпті ұшқары
пікірлер де айтылады. Оның негізгі себебі зерттеушілер “жарғы” сөзінің
мағынасына бойлай бермегендіктен туындайды. Мәселен С.Е.Толыбековтың қазақ
көшпелі қоғамына арналған кітабында “жарғы” сөзі “жорға” деп беріледі:
“Первый свод народных обычаев под названием “Джеты–жарга”, составленный
семью биями (точнее: “джеты–жорға–семью иноходцами) при хане Тауке...” (77,
с. 343-344).
“Жарғы” және “жорға” сөздері бір-бірінен мағынасы бөлек атаулар.
“Жарғы” – көне түрік тілінде жарлық, билік, шешім деген мағына береді (26,
б.630; 88, б.18-20).
М.Қашғари сөздігінде “жар”- (йар) – жару, жарғыш ұғымдарымен тікелей
байланысты қарастырылады (50, б. 46, 60).
Қазақ тіліндегі “жар” сөзінің түпкі мағынасы моңғолдың (қалмақтың) –
“зар” сөзімен ортақ. Мәселен моңғол тілінде “зар”–жар, хабар деген
мағынада. “Зар тараах–жар, хабар тарату болып адурылады. Сонымен қатар
“Зардан” туындайтын “зарга”–дау айтыс, талас, тартыс, сонар дау, егес,
жанжал” мағынасын береді (63, б. 247). Ал енді “зарға шүүх” сөзі дауды
тексеру, дау кесу, шешім мағынасында айтылады (63, б. 248).
Моңғолдың “заргач” сөзі қазақтың “жарғышымен” төркіндес, дауға,
билікке қатысы бар адам туралы айтылады (63, б.248).
Соңғы жылдары ғылыми әдебиетте “Жеті жарғыны” жеті билік, жеті ереже
мағынасында қолдану көбрек кездеседі. Т.И.Султановтың осы тақырыпқа
жазылған еңбегінде “В истории права ханского периода известен только один
законодательный памятник - “Жети Жаргы” (Семь установлений) - деп
аударылған (76, б. 64). Бұл біздің түсінігімізше шартты атау, біздің
қолымыздағы ешқандай дерек Әз-Тәуке хан заманында қабылданған заңдардың
жетеумен шектелгенін айтпайды. Екіншіден дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарында
ережелерді белгілі бір принциптермен жүйелеу кездесе қоймайды.
“Жеті жарғы” жайлы” деп аталатын соңғы жылдардың жақсы бір еңбегінде
академик С.З.Зиманов пен Н.У.Өсеров “Біздің пікірімізше “Жеті Жарғы”, “Жеті
Жарлық”, “Жеті дау”, “Жеті шешім” деген ұғымды білдіреді. Оларға жер дауы,
құн дауы, барымта, айып-жаза, алым-салық т.б. кірген” деп “жеті” мағынасын
тек сандық тұрғыдан қабылдауды ұсынады (32, б.127). Авторлардың пікірінше
“Жеті жарғы” билер кеңесіне түскен, талқыланған, шешілген жарлықтың, даудың
т.б. жалпы санын береді.
“Жеті жарғының” мән-мағынасын толық түсіну үшін тарихи-этнографиялық
мәліметтерді ғылыми айналысқа көбірек еңгізу міндеті осы жоғарыдағы шолудан
туындаса керек. “Жарғы” сөзін жалпы кеңес, өкілетті билік, заң тудырушы
орын есебінде қабылдау өте дұрыс болғанымен, “Жетіге” қатысты пікірлерді
әлі де тереңірек қарастыру керек сияқты. “Жарғы” кеңес, заң мағынасында
тарихи деректерден ертеден жиі кездеседі, ал “жетінің” орнында басқа
сандары кездестіріп қаламыз (алты, сегіз).
Мәселен атақты саяхатшы Ибн Баттута 1333 жылы Хорезм әмірі Құтлық -
Темір (ол кезде Хорезм Алтын орданың әкімшілік бөлігі) қабылдауында болып
ордадағы “Жарғы” қызметі туралы мәліметтер береді: “У этого эмира было
принято, чтобы кади приходил каждый день в его приемную и садился на место,
отведенное для него, в вместе с ним факихи и писцы. Напротив него садился
один из главных эмиров и с ним восемь старших тюркских эмиров и шейхов,
называемых йаргуджи (жарғышы-Ж.А.). Люди обращаются к ним с тяжбами. Если
дело относится к шариатским, то по ним решение выносит кади, а по другим
делам выносят решение эти эмиры. Их решения точны, справедливы, потому что
их не заподозрят в пристрастии и они не берут взяток” (35, с.76).
Ибн Баттута суреттеп отырған Құтлық-Темір бектің Хорезмдегі билігі
аздаған үзілістермен 1321 жылдан басталып 1368 жылға дейін жүрді. Алтын
Орда мемлекетінің ірі басшыларының бірі, Өзбек ханға жақын болып келетін
Құтлық-Темір Хорезм өлкесіндегі билігін жергілікті көшпелілер дәстүрінің
үлгілеріне сүйеніп жүргізгені дау тудырмаса керек. Бұл кезең Хорезм
өлкесінің аса гүлденіп тұрған кезі, ибн Баттутаның өзі де кітабының бірнеше
жерінде бұрынғы жағдайына қарағанда Хорезмнің көркейіп өскенін атап кетеді.
Құтлық Темір бек сарайындағы “Жарғы” қызметі мемлекеттік жоғары сот деп
атауға келеді. Сонымен бірге мемлекет ішіндегі ірі әмірлердің “Жарғы”
қызметіне қатыстылығы мемлекетке аса қажет шаруалардың да осы отырыстарда
талқыланатынын білдіреді.
“Жарғы” мәні мен мағынасын түсінуге тікелей қатысты деректерді біз
қалмақ тарихынан да жиі кездестіреміз. Қазақ-қалмақ халықтарының этникалық
субстраттағы жақындығы, тарихының ортақ кезеңдері, территориялық
іргелестігі қалмақ деректерін қазақ тарихын зерттеуге көбірек қолдану
қажеттілігін дәлелдей түседі.
Қалмақ тілінде “Жарғы”-“Зарго” деп аталады және оның құрамы деректерде
6-8 адам шамасында кездеседі. Осыған байланысты Қалмақ хандығы (Жоңғар
заманы) жоғары билік (сот) кеңесіне байланысты “найман Зарго” деген атаулар
кездеседі. “Найман” қалмақша “сегіз” деген санды білдіреді. Біздің
түсінігімізше бұл сегіз бидің кеңесі деп аударылады. Енді қалмақ тарихының
білгірі В.М.Бакунинге сөзберейік: “Зарго, на их языке-суд, бывает всегда
при доме ханском, и присутствуют в особливой кибитке ханские первые и
вернейшие зайсанги (ру басылар-Ж.А.), между которыми бывают и из попов
(ламалар-Ж.А) по человеку и по два, на которых верность хан надежду имеет.
А всех, по их древнему обыкновению, больше осьми человек не бывает. По
стольку ж человек бывало в Зарго и у зеньгорских ханов и главных
владельцев, которых они называют еке нойон, то есть великий князь.
При том суде бывает по нескольку человек нарочно определенных писцов,
приставов, рассылшиков и других служителей.
В той же кибитке Зарге присутствующие, на их языке называются
тусулукчи и заргучи, то есть советник и судья, а все вообще-саит, то есть
министры. Писцы называются бичачи “(бітікші - Ж.А.), а приставы-яргучи
(ясауыл - Ж.А.). От той Зарги зависит правление всего калмыцкого народа, и
в оной сочиняются отправляемые ко двору императорскому доношения и к
ближайшим командирам российским письма, и указы ханские к калмыцким
владельцам о публичных делах, и черныя-приносятся к хану для апробации и
потом переписываются набело и припечатываются ханской печатью, которая
хранится у первейшего и вернейшего его зайсанга” (12, с.146).
Жоғарыда келтірген құжаттар біздің “Жеті жарғы” жоғары мемлекеттік
кеңес және сот деген пікірімізді нақтылай түседі. Әз Тауке заманында “Жеті
жарғының” құрылуы ұзақ жылдарға созылған дағдарыстан мемлекетті алып
шығудың бір жолы есебінде қарастырылған болуы керек. Екіншіден XVII
ғасырдың соңына Евразиядағы геополитикалық ахуал ірі өзгерістерге түсіп
қазақ елінің төрт құбыласының бәрі қауіпті жауға айналып бара жатты.
Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы арасалмақ соңғылардың пайдасына
шешілгенін айтпағанның өзінде, шығыстан төнген қалмақ (қара қалмақ) қазақ
мемлекет басшыларының, ірі билердің жүрегін сыздатқаны анық. Осының
нәтижесінде өмірге “Жеті жарғы” аталатын қоғамның ең ауыр мәселелерін
талқыға салатын, шешетін, ел тыныштығын сақтайтын, сыртқы елдермен
қалыптасқан өзекті мәселелерді талқылайтын хан ордасы жанында Жоғары кеңес
және билік орыны қалыптасты. Әуел баста хан Тәуке ұсынысымен бұл “жарғыға”
қазақ елінің қазақ елінің ең таудаулы деген жеті биі қатысқаны себебті
“Жеті жарғы” атанды. Тіпті мәселе жетіде де емес, мұндай ірі мемлекеттік
кеңеске одан көп те адам қатысуы мүмкін, бірақ белгілі субэтникалық және
әлеуметтік топтардың мүддесіне жауап беретін, қорғайтын адамның саны жетеу
болғанға ұқсайды. Әз Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының құрамына енген
жеті ұлыс елдің басшылары “Жеті жарғының” құрамында болды десек біз тым
қателеспейміз.

3. “Жеті жарғының” зерттелу тарихы

“Жеті жарғының” зерттелу тарихы бірнеше ғасырды қамтиды, бірақ ескерте
кететін мәселе бар. Алдымен “Жеті жарғыны” ғылыми түрде зерттеу, яғни
академиялық деңгейде зерттеу, әлі күнге дейін тәжиребе ала алған жоқ.
Екіншіден, “Жеті жарғыны” қазақтың әдет-ғұрып дәстүрлерімен, жолдарымен
салыстыра отырып және жеке бөліп қарастырған зерттеулер жоқ. Тіпті “Жеті
жарғыны” қазақтың мындаған жылдар бойы қордаланып, қоғамдық өмірінің
реттеуші тетігі есебінде өмір сүрген заң-ережелерінен бөле жарып қарау
мүмкін де емес шығар.
“Жеті жарғы” туралы алғашқы салиқалы пікір айтқан А.И.Левшин қарама-
қайшылыққа толы жазбалар қалдырды. Кіші жүз қазақтарының ішіндегі белгілі,
салмақты ру басшылары мен сұлтандарының айтқанына сүйіне отырып А.И.Левшин:
“было время, говорят благоразумнейшие из Киргизов Меньшой Орды, когда и наш
народ жил в покое, было время когда и у нас существовал порядок, были
законы и правосудье. Сей золотой век, о котором воспоминают они со вздохом,
есть царствование знаменитого Хана их Тявки” (51. Ч. 3, б. 169.) – деп
жазады.
Қазақ қоғамының XVIII ғ. соңы XIX ғ. басында елеулі өзгеріске түскені,
хан билігінің, ежелгі тәртіптің сындарының кете бастағаны бір жағынан
тарихи заңдылық, екінші жағынан Ресейге бодандықтың тікелей нәтижесі.
А.И.Левшин отаршылдық саясаттық қазақ қоғамына тигізген кері әсерін жаза
қоймайды, оның пікірінше Әз Тауке заманында аздаған тәртібі болған қазақ
қоғамының негізгі сипаты анархия: “...совершенное безналичие не может быть
продолжительно, но непрочность властей, у Киргизов существующих,
неопределенность оных, слабость, свобода переходить из под одной к другой,
отсутствие законов, ненаказанность преступлений, очень близки к тому
понятию, которое обыкновенно разумеется под словом анархия” (51. ч.3, с.
157).
А.И.Левшин еңбегі XIX ғ. басындағы қазақ қоғамы туралы энциклопедиялық
деңгейдегі түсініктер мен мәліметтерді бергенімен де, қазақ қоғамының ішкі
өмір сүру тәртібі, заңдылықтары, мемлекет пен құқықтың ерекшіктері туралы
пікірлері сын көтермейтін дәрежеде.
Кейіннен А.И.Левшиннің қазақ қоғамы туралы айтқан ат үсті пікірлері
В.В.Радлов тарапынан қатал сынға ұшырады. “Да не только живущие по
соседству с киргизами (казақтар - Ж.А.) народности, но и такие научные
авторитеты, как А.И.Левшин, резко отрицательно отзываются о киргизах...(бұдан
әрі А.И.Левшин кітабынан үзінділер – Ж.А.)...Читая такие тирады, легко прийти
к мысли, что киргизы – отбросы тюркского населения Западной Азии, воры и
бандиты, бежавшие в широкую степь, так как не желали привыкать к
упорядоченной жизни оседлых народов, одним словом, -раса, заслуживающая
быть уничтоженной. Но на самом деле это не совсем так...мы имеем здесь дело
со ступенью цивилизации, противоположной культуре эпохи оседлых народов, и
нужно смотреть на их поступки и поведение с другой точки зрения. На
правильность моего предположения яснее указывает то, что киргизы, не смотря
на всю свою ненавистную окружающим анархию, живут состоятельно и у них
отмечается весьма значительный прирост населения.
Я сам долго жил среди киргизов и имел возможность убедиться в том, что
у них господствует не анархия, а лишь своеобразные, отличающиеся от наших,
но по своему вполне урегулированные культурные отношения” (70, б. 249).
“Жеті жарғының” қазақ қоғамындағы қызметін, мемлекеттің ішкі және
сыртқы саясатындағы орнын түсіну үшін көшпелі өмір салтына, оның шаруашылық
және әлеуметтік тіршілігінің сырларына әбден қанығу керек. Тарихи
деректерден орталық саяси биліктің пәрмәні мен құрығы қазақ қоғамына түгел
жете бермейтінін көреміз, бірақ оның есесіне қоғамды біріктіріп ұстап
тұратын реттегіш бар, ол рулар арасындағы, жеке адамдар арасындағы туыстық
қарым-қатынас. Туыстық шаруашылықты, әлеуметтік өмірді, саясатты т.б. қоғам
өмірінің салаларын бір жүйеге салады. “Жеті жарғы” осы жүйені дұрыс жұмыс
істеткізетін құндылықтар жинағы. Оның ең басты мақсаты адамның әр басқан
қадамын ережеге салу емес, ол мүмкін де емес, оның ең басты қызметі
көшпеліліктің басты құндылықтарын айқындау. “Жеті жарғы” ережелерін қазақ
қоғамының көпшілік бөлігі жатқа біледі. Қазақ ортасындағы әр дауды билер
осы құндылықтар деңгейінен келіп қарастыруы басты шарт. Әр адамның мінезі
әр түрлі болатыны сияқты “Жеті жарғының” да әр билікке дайындалған жеке
ережесі жоқ.
В.В.Радловтың өзіне дейінгі зерттеушілерден ең басты артықшылығы, ол
қазақ қоғамының негізгі өмір сүру салтын, ерекшелігін жақсы
түсінгендігінде. “В отношении же такого народа, как киргизы, содержащего
столь много скота, не может быть и речи о неплановых переездах” - деп
жазады ғалым (70, б. 253). Бұл қалыпты тіршілікті бұзатын тек сыртқы әсер,
не халықтың, малдың санының шектен тыс өсіп кетуі, міне осы кезде
мемлекеттің саяси билік институттары күшейе бастайды. Хан өз қолына билікті
жинап алады, бұл жаугершілік заман басталды деген сөз. Бұл процесс не
империя құруға, не отырықшы елдердің арасына еніп жоғалып кетуге алып
баратын жол.
“Жеті жарғы” тәртібін В.В.Радловтан да терең түсінген ғалым Шоқан
Уәлиханов. Оның жазбаларында “Жеті жарғыға” арналған жеке бөлім жоқ,
дегенмен Шоқан қазақтың заң ережелерін, жолдарын Тәуке заманынан тым әріде
қалыптасқан деген пікірден ешқашан айныған жоқ. Ол бірнеше жерде “Жеті
жарғы” ережелері мыңдаған жылдар бойы өмір сүрді деп жазады. Оның алдымен
жазатыны әдет-ғұрып заңдарына негіз болған “туысқандық, ауа-райы мен
табиғат” туғызған заңдылықтар (17, б.79). Осы пікірді жалғастырып “Понятия
родства распространялись у киргиз и в отношении отдаленнейших поколений” –
деп жазады. Шоқанның айтуы бойынша егер қоңырат пен арғын руының арасында
дау болса даугер бүкіл “Сібір қырғыздары облысының” билерінен бас тартуға
құқылы.
Шоқан қазақтың әдет-ғұрып заңдарының шын жанашыры және ғалым ретінде
тамаша салыстырмалы пікірлер айтты. Оның ойынша қазақ қоғамына арқау болған
дәстүрлі заңдар Ресей реформаторлары табынып отырған Батыстың заңдарынан
анағұрлым адамшылыққа жақын, ал Шығыстың тәртібінен оқ бойы озық: “Нет
никакого сомнения, что тот закон хорош для народа, который более ему
известен, закон родной, под которым человек вырос и воспитывался, как бы
закон этот ни был несовершенен, должен казаться ему лучше, понятнее и яснее
самых мудрых законодательств, взятых извне и навязанных сверху. Между тем,
обычное право киргиз, по той же аналогии высшего развития с низшим, на
которое мы так любим ссылаться, имеет более гуманных сторон, чем
законодательство, например, мусульманское, китайское и русское по Русской
Правде. В киргизских законах нет тех предупредительных и устрашающих мер,
которыми наполнены новейшие европейские кодексы. У киргиз телесные
наказания никогда не существовали. А законы родовые, по которым члены рода
ответствуют за своего родича, при родовых отношениях приносят много пользы”
(17, с. 94).
Ш.Уәлихановпен қатар қазақтың әдет-ғұрып заңдары жөнінде және ерекше
“Жеті жарғы” туралы пікір білдірген М.Красовский. Ол “Жеті жарғы”
заңдарының мемлекетті күшейту ниетімен жасалғанын және бұл заңдардың түп
негізінде әдет-ғұрып ережелері жатқанын жазады: “Плодом стремления Тявки
слить три казачьи орды были изданные им законы, сделавшие имя этого хана
столь популярным в степи. Надобно однако думать, что эти законы имели силу,
да и то условно-обязательную, для казачьих племен только при жизни всеми
уважаемого аксакала. Предпринятый Тявкою труд – согласить между собою
обычаи розно управлявшихся народностей-было не по силам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың көне ел билеу заңы – «Жеті жарғы»
«Жеті жарғы» атауының мәні мен мағынасы
Жеті жарғы туралы дерктер
Жеті жарғы туралы ақпарат
Қазақ жерінде полиция жүйесінің пайда болу тарихы
Қазақстанда хан билігін жою
Аптаның жеті күні
Қазақ даласындағы құқықтық қатынастар
Тәуке хан және оның билік құрған жылдары
Тәуке ханның «Жеті жарғысы»
Пәндер