Заңды тұлғаның белгілері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Заңды тұлғалар

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1. Заңды тұлға ұғымы
2. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі
3. Заңды тұлғаның пайда болуы және тоқтатылуы
4. Заңды тұлғалардың түрлері

Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Жеке тұлғалармен катар, заңды тұлғалар да азаматтық-құқықтық
қатынастардың субьектілері бола алады (ҚР АК-ның 1 -бабы).
Заңды тұлға дегеніміз — бұл мүліктік қатынастардың басқа субъектілері
ұйымдастырған, құрған және құқықтар мен міндеттер берген субъект. Заңды
тұлғаның құрылтайшылары (құрушылары) оны мүліктік қатынастардың
субъектілері ретінде өзіпен болу мақсатында құрады. Мүліктік азаматтық-
құқықтық қатынастар үшін заңды тұлға институтының практикалық маңыздылығы
мынада: "заңды тұлға құрылтайшыларының оз кәсіпкерлік тәуекелін өздсрі үшін
орынды болады деп есептейтін сомамен шектеу мүмкіндігі бар".
Құқылықтық санат ретінде заңды тұлганың әдебиетгерде бір мағьшалы
анықтамасы жоқ.
Кеңес мемлекеті омір сүріп түрған кезеңде азаматтық құқық теориясында
заңды тұлгалардың мәні туралы алуан түрлі пікірлер кең таралғанды.
Негізінен алғанда, заңды тұлғалар — мемлекетгік кәсіпорындар мен мекемелер
зерттеу объектісі болды, мұны экономикада мемлекеттік меншіктің үстемдік
стуімен түсіндіруге болатын еді.
Мемлекеттік үйымдарға қатысты алғанда, заңды тұлғаның академик А.В.
Венедиктов берген барыншатолық ұғымы заң әдебиеттеріне "ұжым теориясы"
деген атпен енді.
Қазіргі уақытта заңды тұлғаның мәні жөніндегі мәселе ғалымдардың
теориялық пікірталастарында соншама кең таралмаған. Әдебиеттерде кездесетін
соңғы пікірлердің ішінен заңды тұлғаның "мақсатты мүлік реттідегі"
анықтамасын атап көрсетуге болады. Е.А. Сухановтың пікірі бойынша, осы
заманғы коммерциялық практикада азаматтын немесе сауда (коммерция)
айналымына қатысуға әдейі арналған дербестелген мүлік ретіндегі заңды
тұлғаның мәнін түсіндіретін "мақсатгы мүлік" теориясын қостайтын дәлелдер
жеткілікгі".
Шетелдерде заңды тұлғаға қатысты екі теория барынша кең таралған —
жалған теория және шыңдық теориясы, бұларға ортақ нәрсе — ұжымдық
құрылымдардың құқық субъектілігін дәлелдеу.
Заңды тұлғаның жалған теориясы герман заңгері, XIX ғ. пайда болған
құқық тарихы мектебінің басшысы К.Ф. Савиньидің есімімен байланысты. Ол
құқықтың нақ субъектісі адам және тек адам болып табылады деп тұжырымдады.
Оның тұжырымдамасы мынаған иегізделді: заңды тұлға дегеніміз қарапайым
етірік арқылы қолдан жасалған құқық субъектісінен басқа ештеңе емес, құқық
субъектіліктің бірдең-бір мүмкін болатын иелері - жеке тұлғалар заңды
тұлғадағы құқықтық қатынастардың нақты субъектілері болып қала
береді.Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, жалған теориядан туындайтын заңды
тұлға пайда болуының рұқсат ету тәртібі және арнайы құқық қабілеттілігі, ең
алдымен, мемлекеттің пайда табу мақсаттарын көздемейтін адамдар
бірлестіктеріне бақылау жүргізілуін қамтамасыз етуге бағытталған болатын.
1. Заңды тұлға ұғымы

Жалған теория Англия мен АҚШ-та кең таралған.
Заңды тұлғаның өмір сүруін мойындау Англия мен АҚШ-та корпорация
құқығының іргелі принципі болды. XIX ғасырда жоғарғы судья Д.Маршалдың
корпорацияға берген мынадай кең таралған анықтамасы АҚШ-тағы теория мен
практикада мәлім болды: "Корпорация дегеніміз - бұл көрінбейтін,
сезілмейтін жене заң жүзінде ғана өмір сүретін жасанды құрылым".
Шындық теориясы, немесе XIX ғ. герман заңгері Гиркенің есімімен
байланысты органикалық теория заңды тұлғаны мемлекетгің қалыпты тіршілік
етуіне қажетгі құқықтың нақты өмір сүретін субъектісі ретіңде, әлде бір
әлеуметгік шындық ретінде мемлекеттен тәуелсіз өмір сүретін одақтас тұлға
ретінде қарастырды.
Шын мәнінде, Гирке де "нақты" одақтас тұлғаны адамға ұқсас құрастыра
отырып, Савиньи ұстанған идеалистік ұстанымды басшылыққа алды. Органикалық
теорияның қазіргі ізбасарлары заңды тұлғаны құқық тәртібі құқықтар мен
міндеттер берген мүдделердің оқшауланған бірлігі ретінде қарастырады.
Батыстағы құқықта заңды тұлғаны азаматтық-құқықтық қатынастардың
дербес қатысушысы ретінде әрекет ететін ұйым немесе мекеме ретіңде
түсінеді. Дегенмен, батыс мемлекеттердің азаматтық заңдары заңды тұлғаға
мүлде анықтама бермеуді артық көреді (ФРГ-де 1978 ж. дейін "заңды тұлға"
деген терминнің өзі болған емес, Италияның Азаматтык кодексінде 1942 ж.
заңды тұлғалардың дәрежеленуі ғана берілген), немесе заң шығарушылар
жалпылама және өте қысқаша тұжырымдамалармен шектеледі. Мәселен,
Швейцарияның 1907 ж. Азаматтық Заңдар жинағының 52-бабы заңды тұлғаларды
әлде бір ерекше мақсат үшін бірлескен құрылымды, дербес мекемесі бар
адамдар құрамасы ретінде анықтайды.
Заңды тұлғаның барынша толық анықтамасын Латын Америкасы елдерінің
азаматтық кодекстерінен табуға болады. Мысалы, Чилидің 1865 ж. азаматтық
кодексі заңды тұлға ұғымына мынадай тұжырымдама береді: "Құқықтарды жүзеге
асырып, азаматтық міндеттерді атқара алатын, құқықтық және құқықтық емес
қатынастарға түсе алатын ойдан шығарылған адам заңды тұлға болып табылады".
Колумбияның, Сальвадордың Эквадордың азаматтық кодекстерінде де осындай
анықтамалар бар.
Соғарыда келтірілген заң практикасының негізінде заңды тұлға институты
азаматтық құқықта басты орындардың бірін алады деп атап көрсетуге болады.
Заңды тұлға институтын заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін, олардың
ұйымдық-құқықтық нысандарын, заңды тұлғаларды құру, қайта құру және тарату
тәртібін белгілейтін нормалардың жиынтығы, азаматтық құқықтың сала тармағы
ретінде анықтауға болады.
Заңды тұлғаның жария анықтамасы ҚР АК-ның 33-бабының 1-тармағыңда
баянды етілген: "Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару
құқығыңдағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша
жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен
міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және
жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс.
Заңды тұлғаның белгілері. Заңды тұлғаның анықтамасынан кез келген
ұйымның заңды тұлға ретінде таныла бермейтінін көреміз. Ұйым заңды тұлға
мәртебесін алу үшін мынадай белгілердің жиынтығы болуы қажет:
- ұйымдық бірлік;
- мүліктік оқшауланушылық;
- дербес мүліктік жауапкершілік;
- азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету.
Ұйымдық бірлік. Азаматтық кодекс заңды тұлғаны ұйым ретінде анықтайды.
Индивидтердің жай ғана белгілі бір мөлшерін емес, өзара әрекеттесу мен
қызмет етудің белгілі бір ережелеріне бағынған азаматтар ұжымын ұйым деп
түсінеді. Заңды тұлғаның азаматтық-құқықтық қатынастарда біртұтас тұлға
ретіңдегі сыртқы еркін білдіретін әрекетін көптеген тұлғалардан тұратын
ұжымдық құрылым — заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі деп түсіну керек.
'"Сонымен бірге, ұйымдық бірлікті ұдайы көптеген адамдардың міндетті
түрде қатысуына әкеп тіреуге болмайды. Соңғы онжылдықта көптеген елдерде
капиталдың орталықтануы жағдайында бір ғана қатысушыдан (жеке немесе заңды
тұлғадан) тұратын заңды тұлғалар әдеттегі құбылысқа айналуда. Мысалы, ФРГ-
де 70-жылдардың басына қарай 42000 жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктердің шамамен 9300-і, яғни 22%-ы бір адамнан тұратын
компанияларға айналған. Германияда бір ғана мүшеден тұратын акционерлік
қоғамдар құруға (1968 ж. 10 мамырдағы Заң) және бір адамнан тұратын
жауапкершілігі шектеулі серіктестік құруға (1980 ж. 4 мамырдағы Заң) рұқсат
ететін заң актілері қабылданған. Франция, АҚШ, Норвегия, Швеция, Швейцария,
Дания, Англия секілді бірқатар елдердің заңдарында да осындай құбылыстар
байқалады. Бұларда Франция мен АҚШ-пен салыстырғанда бір адамнан тұратын
корпорациялар құруға ресми түрде тыйым салынғанымен, әлде бір оқиғалардың
нәтижесінде корпорацияның, компанияның қалған бір мүшесіне корпорацияның
борыштары бойынша шектеусіз жауапкершілікті жүктеу арқылы компанияны жанама
жолмен тану жүзеге асырылады.
Біздің еліміздің заңдары бір қатысушыдан тұратын заңды тұлғаның қызмет
етуіне жол берген жоқ. Қазіргі АК бір қатысушыдан тұратын заңды тұлғалар
құруға мүмкіндік беруді көздейді.
Заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі оның құрылтай құжаттарында
көрсетіледі. АК-ның 41-бабына сәйкес, заңды тұлғалар өз қызметін жарғының
және құрылтай шартының не жарғысының негізінде жүзеге асырады. Жарғыны
кәсіпорын құрылтайшысы (құрылтайшылары) бекітеді, ал құрылтай шартын —
құрылтайшылар жасайды. Жарғыда заңды тұлғаның атауы, тұрғылықты жері,
нысанасы, қызмет мақсаты және басқа да қажетті мағлұматтар болуы тиіс.
Жарғының болуы — заңды тұлғаның - мемлекеттік кәсіпорынның қызмет етуінің
міндетті шарты (ҚР АК-ның 103, 104-балтары).
Мүліктік оқшауланушылық — заңды тұлғаның іргелі белгісі, бұдан оның
дербес мүліктік жауапкершілігі туады. Заңды тұлғаның мүліктік
оқшауланушылығы оған мүліктің бекітіліп берілуінен, бұл мүлікке билік
жүргізе алуынан көрінеді. Ю.К. Толстой "заңды тұлғаның белгісі, бөрінен
бұрын, оның оқшауланған мүлкінің болуы емес, ұйымның қызмет етуінің
мүліктік оқшауланушылық секілді принципі, ал бұл екеуі бір нәрсе емес" деп
әділ атап көрсеткен. Мәселен заңды тұлғаның мүліктік оқшауланушылығы ол
тіркелген сәттен басталады (мысалы, АҚ үшін төленген қаржы (Акционерлік
қоғамдар туралы Заңның 11-бабын қараңыз).
Заңды тұлғалардың оқшаулану дәрежесі түрліше және ол осы мүліке
меншіктің түріне (мемлекеттік, жеке) байланысты. Егер бұл мемлекеттік
кәсіпорын болса, онда мүлік оған шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару
құқығымен бекітіліп беріледі және ол осы арқылы басқа кәсіпорындардың
мүлкінен оқшауланады.
Өзін-өзі өтеу және дербес бухгалтерлік баланстың болуы — заңды
тұлғалардың мүліктік оқшаулануының көрінісі. Заңды тұлғаның дербес балансы
немесе сметасы болуға тиіс (АК-ның 33-бабының 1-тармағы).
Дербес мүліктік жауапкершілік заңды тұлғаның мүліктік
оқшауланушылығына сүйенеді. Бұл белгі АК-ның 44-бабында былайша көрініс
тапқан: әрбір заңды тұлға өз міндеттемелері бойынша дербес азаматтық-
құқықтық жауапкершілік атқарады, тұлғаның борыштары бойынша оның
құрылтайшысы (немесе құрылтайшылары) да, мемлекет те жауап бермейді.
Сонымен бірге, кейбір жағдайларда несие берушілердің мүдделерін қамтамасыз
ету үшін бұл жалпы ережеден кейбір ерекшеліктер көзделген. Мәселен,
қазыналық кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және несие берушілердің
борыштары бойышпа өзінің барлық мүлкімен емес, олардың қолында бар
ақшасымен ғана жауап беретін мекемелер үшін ерекшеліктер белгіленген (ҚР АК-
ның 207-бабын қараңыз), мысалы, қазыналық кәсіпорынның ақшасы жетіспейтін
жағдайда, ҚР Үкіметі немесе тиісті жергілікті атқарушы орган оның
міндеттемелері бойынша ортақ жауаптылықта болады (АК-ның 1998 ж. 16
желтоқсандағы редакциясының 207-бабының 1-тармағындағы 2-абзацты).
Заңды тұлғаның банкроттыққа ұшырауы оның құрылтайшысының немесе
мүліктің меншік иесінің іс-өрекеттерінен туындайтын кезде және заңцы
тұлғалардың кейбір түрлері құрылтайшыларының олардың борыштары бойынша
субсидиарлық ортақ жауаптылығы туатын жағдайларда заңды тұлғаның жауап
беруінің жеке ережелері белгіленген. Бұған қоса, заңды тұлғалар
құрылтайшыларыньщ (қатысушыларының) олардың борыштары бойынша қосымша
жауаптылығы құрылтай құжаттарында көрсетілуі мүмкін (АК-ның 44-бабының 2-
тармағы).
Азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету, атап айтқанда, заңды
тұлғаның өз атынан мүліктік және мүліктік емес өзіндік құқықтарды иелену,
міндеттер атқару, сотта талапкер жәңе жауапкер болу мүмкіндігінен де
көрінеді.
Заңды тұлғаның атауы белгілі бір ұйымды құқықтық қатынастардың
субъектісі деп тану үшін оны дараландыру және нақтыландыру құралы болып
табылады. Азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету - заңды тұлғаның басқа
белгілерінен шыққан туынды болып табылады. Мәселен, АК-ның 38-бабына
сәйкес, заң шығарушылар заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанын нақ осындай
атаумен байланыстырады. Мысалы, қазыналық кәсіпорынның фирмалық атауында
кәсіпорынның қазыналық болып табылатыны көрсетілуге тиіс (АК-ның 104-
бабының 4-тармағы).
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның міндетті түрде
фирмалық атауы болуға тиіс. Мұнда заңды тұлғаның бөгде фирмалық атауды
пайдаланғаны үшін кінәлі субъектілерді материалдық жауаптылыққа тартуға
дейінгі фирмалық атауды пайдалану ерекше құқығы бар. Басқа тұлғалар белгілі
бір ақы үшін заңды тұлғаның фирмалық атауын пайдалана алады.
Заңды тұлға фирмалық атаумен қатар, тауарлық белгі, қызмет көрсету
белгісі (сауда маркасы) секілді дараландыру құралдарын да пайдалануы
мүмкін. Тауарлық белгі (қызмет көрсету белгісі) дегеніміз - бұл тіркелген
ауызша, бейнелік, көлемдік немесе басқа да таңбалар, олар бір шаруашылық
жүргізуші субъектілердің тауарларын немесе көрсететін қызметін басқа
шаруашылық субъектілерінің осы тектес тауарлары мен көрсететін қызметінен
айыруға мүмкіндік береді (1993 ж. 18 қаңтардағы "Тауарлық белгілер, қызмет
көрсету белгілері және тауарлардың шығарылған орындарының атауы туралы"
Заңңың 4-бабы). Заңды тұлғаның даралану құралы ретіндегі тауарлық белгінің
немесе қызмет көрсету белгісінің заңды тұлғаның өнімдерін тұтынушылар үшін
де, заңды тұлғаның өзі үшін де зор практикалық маңызы бар. Мысалы,
өндірушіге сапасыз тауары үшін шағым айтып, талап қою үшін қайырылу қажет
болатын жағдайда тауарды дайындаушыны тауарлық белгі бойынша табу
мүмкіндігі бар. Сонымен бірге, тауарлық белгі, тауарлық марка белгілі
тауардың өңдірушісін айыру құралы болып табылады.
Тауарлық белгіге теңестірілетін қызмет көрсету белгісін негізгі
міндеті қызмет көрсету болатын заңды тұлғалар тіркеп отырады.
Тауардың шығарылған орнының атауы да заңды тұлғаны дараландыру құралы
болып саналады. Қасиеттері едәуір дәрежеде табиғат жағдайларына немесе
олардың шығарылатың жерлеріндегі адам факторларына байланысты болатын
өнімдерді дайындайтың ұйымдар тауардың шығатын орнының атауын тіркеуге және
пайдалануға құқылы (мысалы, Вологда шілтері, Дымково ойыншықтары). Тауарлық
белгіден өзгеше, тауардың шығарылатын орнының атауын пайдалану құқығы
айрықша құқық емес, оны сол жерде осындай тауар дайындайтын басқа заңды
тұлғалар да пайдалануы мүмкін.
Сонымен, заңды тұлға дегеніміз - бұл меншігінде, шаруашылықты жүргізу
құқығында, оралымды басқаруында оқшауланған мүлкі бар және өз
міндеттемелері бойынша осы мүлкімен дербес жауап беретін, азаматтық
айналымда өз атынан әрекет ететін ұйым.
Заңды тұлғаның органдары. Заңдар немесе құрылтай құжаттары арқылы
құқықтың басқа субъектілері алдында арнайы уәкілеттіксіз (сенімхатсыз) өз
атынан әрекет етуге уәкілетті заңды тұлғаның адамдары мен ұжымдық
құрылымдары заңды тұлғаның органдарына жатады.
Заңды тұлғаның органдары дара (директор, президент, басқарушы) не
ұжымдық (алқалық) болуы мүмкін. Мысалы, жалпы жиналыс, басқарма,
директорлар кеңесі және т.с.с. ұжымдық органдарға жатады.
Заңды тұлғалардың органдарын тағайыңдау, сайлау түрлері мен тәртібін,
олардың өкілеттіктерін заңды тұлғалардың жекелеген түрлері туралы заң
актілері мен құрылтай құжаттары анықтайды.
Заңды тұлғаның органы мүліктік қатынастарда дербес субъект ретінде
емес, заңды тұлғаның атынан әрекет етеді. Сондықтан заңды тұлға үшінші
тұлғалардың алдында өзінің органы құрылтай құжаттарында белгіленген өз
өкілеттігін асыра пайдаланып қабылдаған міңдеттемелері бойынша жауап береді
(АК-ның 44-бабының 4-тармағы).
Заңды тұлғаның органы оның өкілі емес, сондықтан органның қызметін
атқару әлде бір сенімхаттың болуын талап етпейді. Бұл ретте лауазымдық
жағдайын растайтын қызметтік құжатты көрсету жеткілікті болады.
Заңды тұлға үшін азаматтық құқықтарды иелену және өзінің қатысушылары
мен өкілдері арқылы өзіне азаматтық міндеттерді қабылдау туралы тармақты
түсіңдірілетін баптан шығару заңды тұлғаның мұны істеуге құқысы жоқ дегенді
білдірмейді. Бұл жағдайда өкілдік туралы жалпы ережелер қолданылады (АК-ның
5-тарауын қараңыз).
Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері. Филиалдар мен өкілдіктер
заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан мүліктік және аумақтық оқшау
бөлімшелері болып табылады.
Филиалдар мен окілдіктердің заңды тұлға мәртебесі болмайды.
Филиалдың (өкілдіктің) оқшау өз мүлкі болмайды, филиалдың (өкілдіктің)
мүлкі есепке алыну мақсатында жеке баланста тұрады, бірақ мұндай баланс
дербес болмайды; мүліктік тұрғыдан алғанда филиал (өкілдік) өз атынан емес,
оны құрған заңды тұлғаның атынан әрекет етеді; және ең ақырында, ол дербес
мүліктік жауап бермейді, оның іс-әрекеттері үшін заңды тұлға жауап береді.
Заңды тұлғаның филиалы қызметтің барлығын немесе оның бір бөлігін
атқарады (мысалы, Мемлекеттік заң университетінің Астанадағы филиалы).
Өкілдік дегеніміз — бұл заңды тұлғаның атынан заңдық іс-әрекеттер жасайтын
және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын заңды тұлғаның бөлімшесі.
Филиалдар мен бөлімшелер оларды құрған заңды тұлға бекітетін
Ережелердің негізінде әрекет етеді. Филиал (өкілдік) туралы Ереже филиал
ішіндегі қатынастарды және филиалдар мен негізгі заңды тұлға арасындағы
қатынастарды: филиал қызметінің мақсаттары мен негізгі түрлерін, оның
лауазымды адамдарын тағайындау тәртібін, олардың құзыретін, мүлікті
филиалдан заңды тұлғаға және көрісінше тапсыру тәртібін, оны бақылау түрін,
филиал өкілдік қызметінің тоқтатылу жағдайларын анықтайды.
Заңды тұлғалардың кейбір түрлері үшін көзделген жағдайлардан басқа
реттерде филиалдар мен өкілдіктердің басшыларын заңды тұлғаның уәкілетті
органы тағайындайды. Мәселен, қоғамдық бірлестіктердің құрылымдық
бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) басшылары қоғамдық
бірлестіктің жарғысында және оның филиалдары немесе өкілдіктері туралы
ережеде көзделген сайланады (АК-ның 43-бабының 4-тармағын қараңыз),
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды тұлғалардың филиалдары
мен өкілдіктері заңды тұлғалардың құқықтарын иеленбестен есептік
мемлекеттік тіркеуден өтуі.
Заңды тұлғалардың филиалдары мен екілдіктерін есептік тіркеу филиалдар
мен өкілдіктер туралы ережелердің республика заңдарына сөйкестігін
тексеруді, есептік тіркеуден өткені туралы куәлік беруді, осының
нәтижесінде тіркеу нөмірін тапсыруды, филиалдар мен өкілдіктер туралы
мәліметтерді бірыңғай мемлекетгіктіркелімге енгізуді қамтиды.
Филиал мен өкілдіктен еншілес және тәуелді заңды тұлғаларды айыра білу
керек (АК-ның 94—95-баптарын, Мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлықтың 46—49-
баптарын қараңыз).
Заңды тұлғаның тұрған жері. Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін
органы тұрған жер оның тұрған жері деп танылады. Заңды тұлғаның тұрған жері
оның құрылтай құжаттарында пошталық толық мекен-жайы жазылып, көрсетіледі
(АК-ның 39-бабының 2-тармағы), заңды тұлғаға арналған іскерлік және ресми
хат-хабарларды қайда жөнелту керектігін дәл анықтау үшін заңды тұлғаның
бланкілерінде, жасалатын шарттарының мәтінінде де осындай мәліметтер
көрсетіледі. Заңды тұлғаның үшінші тұлғалармен қарым-қатынастарында өзінің
іс жүзіндегі мекен-жайының заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік
тізіліміне енгізілген мекен-жайға сай келмейтініне сілтеме жасау құқығы
жоқ. Бұл орайда үшінші тұлғалар заңды тұлғаға мемлекеттік тізілімге
енгізілген мекен-жайына да, нақты мекен-жайына да пошталық және өзге де хат-
хабарлар жіберуге құқылы (39-баптың 3-тармағы). Заңды тұлғаның тұратын
жерін анықтаудың маңызы – оның тұрған жері тұлғаның құрылу және қызмет ету
жағдайларын – тіркеуші органды тандауды, несие берушілер заңды тұлғаға
немесе заңды тұлға басқа тұлғаға талаптар қоярда сот органын таңдауды,
міндеттемелердің орындалу орнын анықтайды (АК-ның 281-бабы), ал әр түрлі
елдердің заңды тұлғалары қатысатын сыртқы экономикалық байланыстарда —
Қолданылатын құқықты таңдауға ықпал етеді.
2. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі

Құқық қабілеттілік дегеніміз - бұл заң шығарушылардың нақты
субъективтік азаматтық құқықтарды иелену және нақты субъективтік
міндеттерді атқару жөніндегі жалпы қабілетін таныған ерекше заңдық қасиет.
Заңды тұлға азаматтармен (жеке тұлғалармен) қатар, мүліктік
қатынастардың субъектісі болып табылатындықтан (АК-ның 1-бабы),
тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтің тізбесі, мемлекеттік
лицензияларды беру тәртібі кейінгі өзгертулер мен қосымшалар қамтылған
Лицензиялау туралы жарлықта белгіленген.
Кейбір қызмет түрлерін реттейтін заң актілерінде лицензияларды берудің
және қайтарып алудың, оның қолданылуын тоқтатудың өзге негіздері мен өзге
тәртібі көзделуі мүмкін (қараңыз, мысалы, Мұнай туралы жарлық, Жер қойнауы
туралы жарлық).
Кейбір қызмет түрлерін лицензиялау қажеттігі заңды тұлғалардың құқық
қабілеттілігінің пайда болу және тоқтатылу уақытын, сондай-ақ олардың
шекарасын анықтауды қажет етеді.
Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны
тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Алайда лицензиялауды талап ететін
әрекеттерді жасау құқығы мұндай құқық қабілеттіліктің мазмұнына кірмейді.
Аталған құқықтар лицензияны алғаннан кейін ғана құқық қабілеттіліктің
мазмұнына енгізіліп, оның шекарасын ұлғайтады (қараңыз, мысалы, Жер қойнауы
және Жер қойнауын пайдалану туралы жарлық). Лицензия жарамсыз деп
танылғанда, оның қолданылуы тоқтатылғанда, қайтарылып алынғанда немесе күші
жойылғанда заңды тұлғаның құқық қабілеттілігінің мазмұны өзінің бұрынғы
жалпы шекарасына қайтарылады.

3. Заңды тұлғаның пайда болуы және тоқтатылуы

Заңды тұлғаның пайда болуы (құрылуы). Заңды тұлғаның құрылтайшысы —
меншік иесіңің саналы-ерікті қызметі заңды тұлғалар құрылуының қажетті
алғышарты болып табылады.
Меншік иесінің белгілі бір нысандағы еркінсіз заңды тұлғалардың
құрылуы мүмкін емес. Осыған сәйкес заңды тұлғалар құрылуының өкімдік,
рұқсат ету және нормативтік әдістерін бөліп көрсетуге болады.
Заңды тұлғалар құрылуының өкімдік тәртібі оның құрылтайшының өкімі
негізінде пайда болатынын көрсетеді. Мысалы, мемлекеттік мекемелер мен
кәсіпорындар осындай әдіспен құрылады. Мемлекеттік мүлікті басқаруға
уәкілетті органдар мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің құрылтайшылары
болуы мүмкін (АК-ның 102-бабы).
Рұқсат ету тәртібінде заңды тұлғаны ұйымдастыру үшін құзіретті
органның алдын ала рұқсаты талап етіледі. Бұрын қолданғылып келген заңдар
кооперативтер, әр түрлі қоғамдық бірлестіктер секілді ұйымдар үшін осындай
ұйымдастыру тәртібін көздеді. Рұқсат ету тәртібінің ерекшелігі – мұнда
заңды тұлғаны құруға тыйым салынуы мүмкін.
Алайда заңды тұлғаны тіркеуге оны тиімсіз деген желеумен бас тартуға
жол берілмейді (АК-ның 42-бабының 5-тармағы).
Заңды тұлғаны құрудың нормативтік тәртібі мемлекеттік органдардың әлде
бір рұқсат беруін талап етпейді. Қазіргі уақытта мемлекеттік емес
коммерциялық заңды тұлғаларды құруда осы тәртіп қолданылуда.
Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол мемлекеттік тіркеуден өткен
сәттен бастап пайда болады. Қандай түрге жататынына қарамастан, заңды тұлға
міндетті түрде тіркелуге тиіс. Оларды тіркеу тәртібі Заңды тұлғаларды
мемлекеттік тіркеу турады жарлықта және осы жарлықтың негізінде қабылданған
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы ережеде белгіленген.
Аталған заң актілерінде заңды тұлғаларды тіркеуге қажетті құжаттардың
толық тізбесі және заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын қарау мерзімдері
көрсетілген.
Тіркеу кезіңде заңды тұлғаларды құрудың тиімділігі мәселелеріне назар
аударылмайды, олардың өндірістік-шаруашылық қаржы қызметіне бақылау жасау
және араласу мақсаты көзделмейді.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің қажеттігі мынада, ол:
- заңды тұлғаның пайда болу фактісін растайды;
- заңды тұлғаларды бірыңғай мемлекеттік тізілімге тіркегеннен кейін
барлық заңды тұлғалардың мемлекеттік есебін жүргізуге мүмкіндік
береді;
- жариялылық жағдайларын туғызады, өйткені кез келген мүдделі адам
құпия немесе коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтерден басқа
заңды тұлғаны сипаттайтын барлық материалдармен тіркеуші органдар
арқылы танысуға құқылы.
Шетелдіктер және шетелдік заңды тұлғалар мен олардың өкілдіктері
қатысатын кәсіпорындарды тіркеудің ерекше тәртібі бар. Мұндай ұйымдар
тікелей ҚР Әділет министрлігінде тіркеледі.
Бұған қоса, заңдардың заңды тұлғаларды тіркеуге және қайта тіркеуге
түрліше талаптар коятынын да атап көрсету керек.
Әділет органдары жүзеге асыратын мемлекеттік тіркеу субъектілерге
заңцы тұлға мәртебесін беру әдісі болып табылады. Әділет органдары беретін
мемлекеттік тіркеу туралы куәлік субъектінің заңды тұлға құқықтарын
иеленуінің ресми дәлелі болады.
Тіркеуден өтпеген заңды тұлғаның, оның филиалының немесе өкілдігінің
қызмет жүргізуіне тыйым салынады. Мемлекеттік тіркеуден өтпеген қызметтен
алынған табыс ҚР заңдарына сәйкес бюджет кірісіне алынады.
Қайта тіркеу заңды тұлғаның құрылуын емес, қызмет етіп тұрған
тіркелген заңды тұлғаны қолданыстағы заңдардың талаптарына сәйкестендіруді
білдіреді. АК-ның 42-бабының 6-тармағына сәйкес заңды тұлға мынадай
жағдайларда қайта тіркелуге тиіс: 1) акционерлік қоғамның жарғылық
капиталының және жарияланған жарғылық капиталының мөлшері азайғанда; 2)
заңды тұлғаның атауы өзгергенде; 3) шаруашылық серіктестіктеріндегі және
жабық акционерлік қоғамдардағы қатысушылардың құрамы өзгергенде және басқа
негіздер бойынша.
Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуы. Заңды тұлғаның қайта құрылуы (АК-
ның 45-бабы) және таратылуы (АК-ның 49-бабы) нәтижесінде заңды тұлғаның
қызметі тоқтатылады.
Алайда заң бірқатар ұйымдардың қызметін уақытша тоқтату яғни тоқтата
тұру мүмкіндігін де көздейді, мысалы, жер қойнауын және қоршаған табиғи
ортаны қорғау заңдарының талаптарын, заңды тұлғалардың — жер қойнауын
пайдаланушылардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстың субъектісі
Қылмыс құрамы
ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТЕРІ
ҚЫЛМЫС СУБЪЕКТІСІНІҢ ЕРЕКШЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Арнайы субъектінің белгілері
Заңды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігі
Есі дұрыстық қылмыстық жауапкершіліктің шарты ретінде
Жеке тұлғаның жеке заңы
Қылмыстық құқық бұзушылықтың арнайы субьектісі
Құқықбұзушылықтардың түсінігі, белгілері және түрлері
Пәндер