Өндірістік кооперативтердің меншік құқығы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 2
1. Заңды тұлға ұғымы 3
2. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің меншік
құқығының ұғымы мен негізгі түрлері 5
3. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншік құқығына ие болу объектілері
мен негіздері 9
4. Шаруашылық серіктестіктерінің және акционерлік қоғамдардың меншік құқығы
11
5. Өндірістік кооперативтердің меншік құқығы 23
6. Заңды тұлғаларды құру 27
Қорытынды 30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 31
КІРІСПЕ
Азаматтық құқықта азаматтармен бірге азаматтық құқық субъектілерінің
бірі болып табылатын ерекше түрде ұжымдастырылатын, өздерінің айрықша
белгілері бар, арнайы ұйымдастырылатын тұлғалар – заңды тұлғалар азаматтық
құқықтық айналымға түседі.
Қазіргі қоғамымызда адамдар белгілі топтарға, әртүрлі одақтарға
бірігіп, өздерінің күш-жігерлерімен қоса капиталдарын біріктіріп әрекет
етуде. Мұндай бірігіп іс-әрекет етудің құқықтық нысанының негізі заңды
тұлға ретінде жұмыс атқару болып табылады.
Заңды тұлға институтының пайда болуы қоғамның әлеуметтік
күрделенуінен, экономикалық қарым-қатынастардың дамуынан туындайды.
Қоғамның белгілі даму сатысында тек қана жеке адамдардың жалғыз құқық
субъектісі ретінде әрекет етуі жеткіліксіз болып шықты, өйткені онсыз
экономиканың дамуы кешеуілдеп қалар еді. Сөйтіп заңды тұлғалар дүниеге
келді. Заңды тұлғалардың ұғымын, олардың даму жолдарын, мәні мен мағынасын
және олардың ұйымдастырылуын осы курстық жұмысымызға арқау етіп алдық.
еліміз тәуелсіздік алғаннан бері 10 жыл бойы азаматтық құқықтық
саладағы заңнамалардың өзгеріп отыруына, әлі де қалыптасу кезеңінде болуына
байланысты осы күнде де заңдық тұлғалардың кейбір заңдары қайта қаралып
жатыр. Қазіргі заман талабына сәйкес заңды тұлғалардың бірі Акционерлік
қоғамдар туралы заң актісі қайта қаралу үстінде.
Заңды тұлғалардың біздің елдегі ерекшеліктері Қазақстан құқық және
мемлекет теорияларында ғылыми тұрғыдан жан-жақты толық зерттеле қойған жоқ.
Себебі бәрімізге белгілі жас мемлекетіміз – Қазақстан Республикасының өз
алдына дербес отау тігіп, тәуелсіздік алғанына он жылдың жүзі болды. Көптен
күткен тәуелсіздігіміздің арқасында қазақ топырағында мемлекеттік билік
органдары, нарықтық қатынастарға орай жаңадан заңды тұлғалар қалыптасты.
Олай болса, отандық құқық теорияларында заңды тұлғалар туралы ғылыми
зерттеулер өте аз деп реніш айтқанымыз орынсыз болар. Ендеше, неге
болашақтан үміт күтпесе, еліміз тыныш, халқымыз аман келешекте ғалым,
заңгерлеріміз Қазақстан Республикасында заңды тұлғалар туралы әлі талай
еңбектер жазары сөзсіз?!
1. Заңды тұлға ұғымы
Меншік шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау
мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз
атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып,
оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым
заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы
болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады[1].
Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша
айкындайды: 1) ұйымдасқандық бірлігі; 2) мүліктік оқшаулығы; 3) дербес
мүліктік жауапкершілігі; 4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.
Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті
болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды
тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады.
Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе,
жарғы не құрылтай шарты арқылы, не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге
асырады.
Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң құжаттарына, сондай-ақ құрылтай
құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға
ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады. Заңды тұлға органдарының
түрлері, тағайындалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар
мен құрылтай құжаттарында белгіленеді.
Мүліктік оқшаулық — заңды тұлғаның экономикалық-құқықтық белгісі болып
табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада
әңгіме оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару
құқығы туралы болып отыр. Коммерциялық ұйымдағы дербес балансының мөлшері
мен мекемедегі смета заңды тұлғаның окшаулық мүлкін айқындайтын құжаттар.
Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз — ол заңды тұлғаның
міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлык мүлікпен жауап беруі. Бұл
жалпы ереже. Ал, меншік иесі қаржыландыратын мекеме мен қазыналық
кәсіпорындар Азаматтық кодекстің 44-бабы 1-тармағының 2-бөлігіне сәйкес өз
міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді.
Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мекеме мен қазыналық кәсіпорынның
міндеттемелері бойынша (қосымша) оның құрылтайшысы жауапты болады.
Заңды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігі заң актілерімен
тағайындалуы мүмкін.
Бұл Азаматтық кодексте былайша қаралған: 1) толық және сенім
серіктестіктерге қатысушылардың тиісті серіктестіктердің міндеттемелері
бойынша жауапкершілігі (АК-тің 63-бабының 1-тармағы, 72-бабының 1-тармағы);
2) кооператив міндеттемелері бойынша өндірістік кооператив мүшелерінің
жауапкершілігі (АК-тің 96-бабының 3-тармағы); 3) егер заңды тұлғаның
банкрот болуы құрылтайшының әрекетінен туған болса, заңды тұлғаның
міндеттемелері бойынша құрылтайшының жауапкершілігі (АК-тің 44-бабының 3-
тармағы); 4) еншілес шаруашылық мәмілесі бойынша негізгі ұйымның (АК-тің 94-
бабы 2-тармағының 2-бөлігі), сондай-ақ негізгі шаруашылық серіктестігінің
кінәсінен еншілес шаруашылық серіктестігі банкротка ұшыраған кезіндегі
жауапкершілігі (АК-тің 94-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы); 5) серіктестік
міндеттемелері бойынша толықтай салым төлемеген жауапкершілігі шектеулі
серіктестікке қатысушының жауапкершілігі (АК-тің 77-бабы 1-тармағының 2-
бөлігі) және тағы басқа жағдайлардағы жауапкершілік[2].
Заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы процессуалдық-
құқықтық белгісі. Ол оның сотта талапкер және жауапкер болуына, өз атынан
шарт жасасуға, бір жақты мәміле жасауына мүмкіндік береді.

құқығының ұғымы мен негізгі түрлері
Мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің мешпігі
жеке меншіктің кеңінен тараған түрінің бірі болып табылады.
Жекешелендіру үрдісі кезінде жеке меншікке негізделген мемлекеттік
емес заңды тұлғалардың қолындағы мүліктердің саны күрт өсіп кетті.
Азаматтық кодекс мемлекеттік емес заңды тұлғалардың ұйымдастыру
құқылық түрін қарастырады. Осыған байланысты мемлекеттік емес заңды
тұлғалардың меншік құқығы институты. шаруашылық серіктестіктері мен
акционерлік қоғамдардың (компаниялардың) меншік құқығы және өндірістік
кооперативтердің меншік құқығы деп бөлінеді.
Арнайы қабылданған заңдар, сондай-ақ кондоминиумдердің меншік құқығын,
шетелдік заңды тұлғалардың, халықаралық ұйымдардың меншік құқықтарын,
шетелдіктердің қатысуымен бірлескен кәсіпорындардың меншік құқығын
қарастырады.
Көптеген дамыған елдерде мемлекеттік емес заңды тұлғалар жалпы тұжырым
бірлігімен сипатталады. Яғни, оның бәрі де заңды тұлға, сонымен бірге өз
мүлкінің меншік иесі ретінде көрінеді. Компаниялардың мүлікке
қатысушылардың ешқандай ұжымдық немесе үлестік меншігі ешқашан, еш жерде
болған емес. Әдетте олар бірлескен тұлғалар, бірлескен капитал ретінде
ерекшеленеді. Айта кететін жайт, компанияның қатысушылары қатысушылардың
қарыздарына ешқандай жауапкершілікті мойындарына алмайды. Олардың салымдары
тиісті компанияның меншігіне айналады .
Шаруашылық серіктестіктері мен акционерлік қоғамдардың аталған және
басқа маңызды белгілері ТМД елдерінің заңдарында әркез ойдағыдай
көрсетілмегенін байқаймыз. Бұл мәселеде екі тәсілді шартты түрде бөліп
қарауға болады: біріншіден, шаруашылық серіктестіктерінің мәртебесі азды-
көпті мұқият реттеледі, әрі ол арнайы заңмен жүзеге асады, екіншіден басты
назар акционерлік қоғамдарға бөлінген, ал серіктестіктің құқықтық мәртебесі
тек жалпы ережелермен ғана анықталады немесе ешқандай анықталмайды да. Осы
орайда соңғы әдіс кейбір мәселелерді шешпей отыр. Мысалы, кейде заңдарда
заңды тұлға ретінде сенім серіктестерін, немесе толық серіктестіктерді
мойындамайды, сондай-ақ жауапкершілігі шектелген серіктестіктер жабық
түрдегі акционерлік қоғамдармен теңестіреді.
Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншік құқығы ерекшеліктерін
айқындайық: а) мемлекеттік емес заңды тұлғаның өзі оған жататын мүліктің
меншік иесі болып табылады. Құрылтайшылар (қатысушылар) Азаматтық кодекстің
36-бабының 2 және 4-тармақтарына сәйкес мүлік қатынасына мынадай құқықтарды
иеленеді: 1) міндеттемелік құқығын (шаруашылық серіктестіктері, акционерлік
қоғамдар (компаниялар), өндірістік кооперативтер); 2) не заттық, не
міндеттемелік құқықтарын иеленбейді (қоғамдық бірлестіктердің, қоғамдық
қорлар мен діни бірлестіктердің құрылтайшылары).
Шаруашылық серіктестігі мен өндірістік кооперативтердің қатысушылары
міндеттемелік құқығына әдетте, өз еркімен шыққанда немесе ұйым таратылғаңда
мүліктен өз үлесін талап ету құқығын (пай), сондай-ақ құқық
мирасқорлықтарының (мұрагерлердің) үлесін (жарнасын) бөлуді талап ету
құқығын қосып алады.
Мемлекет құзыретті немесе өкілетті орган ретінде тек акционер ретінде
акционерлік қоғамға мүше бола алады. Мемлекеттік органдардың жауапкершілігі
шектелген серіктестікке қатысуға құқығы жоқ. Бұл олардың шаруашылық
міндеттерінің сипатына сай келмейді. Сонымен бірге мемлекеттік кәсіпорындар
мен мекемелер жауапкершілігі шектелген серіктестіктерге тек мемлекеттің
өкілетті органының келісімімен қатыса алады, ал мекеме — егер заңда өзгеше
көзделмесе, меншік иесінің келісімімен жүзеге асырады.
а) Сонымен серіктестіктер мен өндірістік кооперативтердің
қатысушыларының міндеттемелік құқығы, біріншіден, мемлекеттік емес заңды
тұлғалардың шартын жасау кезінде, ал акционерлік қоғам құру жағдайында —
акцияны сатып алуда пайда болады, екіншіден, міндеттемелік құқық тек
берілген мүлікке ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік емес заңды тұлғаның
іс басындағы кезінде сатып алған, иеленген мүлкіне де қатысты болады,
үшіншіден, серіктестік пен кооперативтің жұмыс істеген мерзімімен бұл
құқықтар уақытқа байланысты шектеледі;
ә) мемлекеттік емес заңды тұлғаның мүлкі құрылтайшылардың салымынан,
сондай-ақ олардың қызметі барысында өндірген не сатып алған мүлкінен
құралады;
б) мемлекеттік емес заңды тұлға, егер заңға қайшы келмесе немесе басқа
адамдардың мүлделері мен құқықтарын бұзбаса, өз мүлкіне кез келген әрекетті
жүзеге асыра алады. Заңды тұлғаның меншік құқығын жүзеге асыру көлемі құқық
қабілеттілігінен көрінеді. Мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлға,
өдетте жалпы құқық қабілеттігіне ие болады. Ал кейбір заңда көрсетілген
жағдайларда коммерциялық заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі шекті болуы
да ықтимал. Мысалы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Банктер мен банк
қызметі туралы" Заң күші бар Жарлығының 8-бабына сәйкес банктер арнайы
құқық қабілеттілігіне ие.
Азаматтық кодекс коммерциялық емес ұйымдардың арнайы құқық
қабілеттігін қарастырады. Олардың бәрі де жарғылары мен құрылтайшылық
құжаттарында көзделген қызметтерінің мақсатына сай келетін құқықтар алып,
өзіне тән міндеттер қабылдайды. Азаматтық кодекстің 34-бабының З-тармағына
сәйкес коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызмет пен өзінің жарғылық
мақсаттарына сай келуіне қарай ғана айналыса алады[3]. Заң актілеріне
сәйкес мемлекеттік емес заңды тұлғалар үшін айналымнан алынған немесе
айналымдағы әрекеті шектелген белгілі бір заттарды иеленуіне рұқсат
етілмейді. Мұндай заттарды иелену немесе бөтен біреүге беру үшін тиісті
рұқсат керек болады;
в) мүлікке меншік мәртебесін және мүлікті иелену, пайдалану және билік
ету өкілеттіктерін анықтау үшін мемлекеттік емес заңды тұлғалардың
құрылтайшылық құжаттары маңызды рөл атқарады. Азаматтық кодекстің 58-бабына
сәйкес құрылтайшылық құжаттарында әрбір қатысушының үлес мөлшері туралы,
серіктестіктің жарғылық қорына олар салатын салымның мөлшері, құрамы,
мерзімі мен тәртібі туралы, серіктестіктің жарғылық қорына салым салу
жөніндегі міндеттерді бұзғаны үшін қатысушылардың жауапкершілігі туралы
ережелер, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де мәліметтер болуға
тиіс.
Осындай ерекшеліктерге байланысты мынадай анықтама беруге болады:
мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншік құқығы (объективтік тұрғыдан
қарағанда) — мемлекеттік емес заңды тұлғалардың материалдық игіліктерді
оларға ие болу мүмкіншілігін қорғайтын, бекітетін құқық нормаларының
жиынтығы болып табылады. Мемлекеттік емес заңаы тұлғалардың субъективтік
(тұлғалық) меншік құқығы заң нормалары арқылы танылатын және қорғалатын
өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және билік ету құқығы
болып табылады.

мен негіздері
1. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіне, заң құжаттарына
сәйкес тиесілі бола алмайтын жекелеген мүлік түрлерінен басқа кез келген
мүлік меншікте болуы мүмкін. Бұл жағдайда мұндай шектеу тек заң арқылы
жүзеге асады. Мысалы, жеке меншікте қорғаныс, ерекше күзетілетін табиғат
аумақтарының, орман және су қорларының жер учаскелері, елді мекендер
жерлеріндегі жалпы пайдаланудағы, сондай-ақ заңда көрсетілген жағдайлардан
басқа ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер жеке меншікте бола алмайды ("Жер
туралы" Заңның 18-бабы).
"Жер туралы" Заңға сәйкес мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке
меншігінде өзінің мақсатына сәйкес үйлер мен ғимараттарды қамтуға арналған
жерлерді қоса алғанда, құрылыс салуға берілген (берілетін) немесе
өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үй-жайлар, үйлер,
ғимараттар және олардың кешендері салынған жер учаскелері бола алады.
Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншік құқығы объектілері жөніндегі
мәселелерді шешу үшін оларды коммерциялық және коммерциялық емес деп бөлу
маңызды рөл атқарады. Коммерциялы, билігіндегі мүліктердің көлемі
коммерциялық емес ұйымдарға қарағанда анағұрлым кең келеді. Бұл, жоғарыда
айтып өткеніміздей, құқықтық қабілеттілікке байланысты (жалпы және
арнаулы).
Жеке меншікте мүліктердің саны мен құны заңмен шектелмейтін бола тұрса
да белгілі бір шектеулер болғаны анық. Ол заңда басқа тұлғалардың құқығы
мен заңмен қорғалатын мүддесіне нұқсан келетіндей жағдай орын алса ғана
жүзеге асады. Құқықтар мен заңды мүлделерді бұзу меншік иесінің
монополиялық немесе басымдық мүмкіндіктерін асыра пайдаланудан көрінеді.
2. Заңда мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігін қалыптастыру
тәсілі жалпы және арнайы түрлерде кездеседі. Сонымен қатар мемлекеттік емес
заңды тұлғалардың жерге және басқа табиғи ресурстарға, тұрғын үйге меншік
құқығына ие болудың өзіндік ерекшеліктері бар.
Меншіктің пайда болуының жалпы негіздеріне мекемелердің
(қатысушылардың) салымдары, сондай-ақ табыстары мен заңмен тыйым
салынбайтын басқа да көздері жатады. Сондықтан да мемлекеттік емес заңды
тұлғалардың көздерін қалыптастыру мемлекеттің немесе оның әкімшіл-аумақтық
бірлігіне жататын мемлекеттік заңды тұлғалардың мүліктерінен ерекшеленеді.
Мемлекеттік кәсіпорындарды жалға алып, кейін оны сатып алу көзделсе, ол
арнайы тәсіл болып табылады. Сондай-ақ оған мемлекеттік емес заңды
тұлғалардың меншігіне мемлекеттік мүлікті тікелей сатып алу, мемлекеттік
кәсіпорындарды акционерлік қоғамға айналдыру (компанияға) да тиесілі
болады.

1. Шаруашылық серіктестіктері негізгі мақсаты пайда түсіріп, оны
қатысушылары арасында бөлуді алдына негізгі міндет етіп қойған коммерциялық
ұйым болып табылады.
Азаматтық кодекстің 188-бабының 2-тармағына сәйкес шаруашылық
серіктестігіне өз қалауынша өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету
құқығы беріледі. Демек серіктестіктің мүлкі оған қатысушылардың мүлкінен
бөлектенеді, сондықтан да бұл меншік біртұтас меншік деп аталады.
Серіктестіктердің өз қатысушыларынан осылайша тәуелсіз болуы оның шектеулі
жауапкершілікпен заңды түрде қызмет етуін қамтамасыз етеді. Қосымша
жауапкершілігі бар және акционерлік қоғамдар (компаниялар) бір немесе
бірнеше құрылтайшымен құрылуы мүмкін (АК-тің 40-бабының 1-тармағы).
Шаруашылық серіктестіктер жекелеген қызмет түрлерімен тек арнайы рұқсат
лицензия арқылы айналыса алады.
Қатысушыларға шаруашылық серіктестіктерінің мүлкі емес, құқықтарын
жүзеге асыру арқылы мүлкінің бір бөлігі ғана тиесілі. Кез келген негіз
бойынша үлеске деген құқығын жоғалту қатысушының серіктестіктен шығуына
әкеп соғады. Осыған байланысты шаруашылық серіктестігінің онын мүлкіне тек
міндеттемелік құқығын сақтайды. Шаруашылық серіктестігінің мүлкіндегі
қатысушылардың үлесі пайыздық шамамен, ал акционерлік қоғамда акция
мөлшерімен есептеледі ("Шаруашылық серіктестігі туралы" Жарлықтың 7-бабының
2-тармағы). Шаруашылық серіктестіктің мүлкіндегі барлық қатысушылардың
үлестері ережеге сәйкес, жарғылық қорға салған салымдарына орай жүзеге
асады. Мысалы, жауапкершілігі шектелген серіктестіктің құрылтайшылық
құжаттарыңда серіктестіктің бір қатысушысына тиесілі үлестің ең жоғары
көлемі шектелуі мүмкін. Мұндай шектеу белгілі бір қатысушының қатынасына
байланысты тағайындалмауы мүмкін. Құрылтайшылық құжаттар негізінде
серіктестікке қатысушылардың үлес арасалмағы тең дәрежеде өзгеруін жоққа
шығаруға болмайды ("Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкерішілігі
бар серіктестіктер туралы" Заңның 28-бабы).
Жарғылық қордың көлемінің өзгеруі серіктестікке жаңадан қатысушы
алудан немесе одан бұрынғы қатысушының шығуынан болады, нәтижесінде әлгі
қатысушылардың әрекетіне байланысты қайта есеп жүргізіледі. Қатысушылар
өздерінің салымдарының көлеміне сәйкес мынадай құқықтарды жүзеге асырады:
а) серіктестіктің басқару ісіне қатысушылардың қатысу құқығы; ә)
қатысушылардың арасында серіктестік түсірген пайданы (кірісті) бөлуге
қатысу құқығы; б) серіктестіктің мүлкіндегі үлесіне орай қатысушының
құқығы[4].
Серіктестіктің қарызына сәйкес олардың қатысушыларының мүлкін
біріктіру және жауапкершілік дәрежесі мұндай шаруашылық серіктестігін екі
категорияға бөлуге мүмкіндік береді. Бірінші категорияға толық және сенім
серіктестігі жатады (оларға акция шығаруға тыйым салынады, кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыру, олардың мүшелері жеке қатысуымен негізделген, оның
қатысушыларының өздерінің барлық мүліктерін келісіп жауапкершілік етуі), ал
екінші категорияға — жауапкершілігі шектелген серіктестік, қосымша
жауапкершілігі бар серіктестік және акционерлік қоғам жатады (кепілдік
сипаты бар жарғылық қордағы капиталды жинақтау, бұл орайда жауапкершілік
жарғылық қордың шеңберінде болады, ал бұл ережеден тыс жағдайлар әдейі
заңмен қарастырылуы мүмкін).
Азаматтық кодекстің 94 және 95-бабына сәйкес акционерлік қоғамның
(компанияның) еншілес және тәуелді шаруашылық қоғамдарын құруға хақысы бар.
Мұндай кәсіпорыңдар заңды тұлға болып табылады (бұл оның филиалдар мен
өкілдіктерден айырмашылықтары болып есептеледі). Егер акционерлік қоғамның
дауыс беруші акцияларының жиырма пайыздан астамы, басқа (қатысушы,
басымырақ) заңды тұлғанікі болса, ол тәуелді қоғам деп танылады. Жарғылық
капиталының (шығарылған жарғылық капиталының), басым бөлігін басқа заңды
тұлға қалыптастырылған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не өзге
де түрде негізгі ұйым осы ұйымның қабылдайтын шешімдерін айқындай алатын
заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады.
Қоғамдарды негізгі және еншілес деп бөлу өздері үшін де, жақ үшін де
құқылық жағдайларды алып келеді (ең алдымен еншілес қоғамның несие
берушілері мен акционерлері).
Шаруашылық серіктестерінің меншік иесі заң актілерінен және жарғылық
құжаттарға сәйкес жұмыс істеп жатқан өзінің органдары арқылы өкілеттігін
жүзеге асырады.
Шаруашылық серіктестігінің органы серіктестіктің айтқанын істейді және
оның әрекеті өзіне берілген өкілеттік шеңберінде жүзеге асып, заңды
тұлғаның атынан әрекет етеді.
Сонымен, шаруашылық серіктестік басқару түрін таңдауда, шаруашылық
шешімдерін қабылдағанда, артық өнімді сату мен бағаны белгілегенде, еңбекке
ақы төлеу мен таза табысты бөлгенде, толық шаруашылық дербестікке ие
болады. Оның мемлекеттік кәсіпорыннан айырмашылығы, оның өзінен жоғары
тұрған әкімшілік органы жоқ, ол барлық әрекетті заңға сәйкес шеше береді.
Шаруашылық серіктестіктің өкілеттігі жарғыдағы айтылғандармен шектеліп
қалмайды. Сол себепті де жарғыдан тыс, бірақ заңға қайшы келмейтін
келісімдерді жүзеге асыра береді.
Шаруашылық серіктестік мүлкінің құрамына кіретін объектілер түрлері
үшін әртүрлі билік ету өкілеттігін жүзеге асыру тәртібі болады. Бұл тәртіп
не заңмен, не құқылық құжаттармен, не құрылтайшылық құжатпен реттеледі.
Мысалы, акционерлердің жалпы жиналысының құзырына пайданы бөлісу мен келген
зиянды өтеу мәселелері жатады ("Акционерлік қоғам туралы" Заңның 48-
бабы)[5].
2. Шаруашылық серіктестігінің меншік құқығын алу негіздері болып
табылатындар: құрылтайшылардың салымдары, олардың жиынтығы серіктестіктің
жарғылық қорын құрайды; серіктестіктің қызметі барысында құралған,
өндірілген және алынған мүліктер.
Салым мүлік түрінде де болуы мүмкін. Шаруашылық серіктестіктің
жарғылық қорына қатысушылардың салатын салымының тізімдері заңмен
шектелмейді. "Шаруашылық серіктестік туралы" Жарлықтың 6-бабының 2-
тармағына сәйкес шаруашылық серіктестіктің салымының құрамына заңмен
бекітілген ретте Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы түрінде ақша
қаражаты, шетелдік валюталар енеді, сондай-ақ ғимарат, құрылыс, құрал-
жабдық, шикізат, материалдар, тауарлар, өнімдер, бағалы қағаздар, басқа да
материалдық бағалы бұйымдар, бөтенге берілген мүліктік, оның ішінде жер
пайдалану мен интеллектуалдық, қызмет нәтижесіне берілген құқық және басқа
да мүліктер енгізіледі.
Салымды жеке мүліктік емес құқық және материалдық емес игіліктер
түрінде енгізуге болмайды. Сондай-ақ қатысушылардың серіктестікке
талаптарын есептеу жолымен еңгізуге жол берілмейді. Құрылтайшылардың
(қатысушылардың) жарғылық капиталға заттай нысаңда немесе мүліктік құқықтар
түрінде салған салымдары барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша немесе
серіктестіктің барлық қатысушыларының жалпы жиналысының шешімі бойынша
ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны 20 мың айлық есептік
көрсеткіш мөлшеріне бара-бар сомадан асып кетсе, оның бағасын тәуелсіз
сарапшы растауға тиіс (АК-тің 59-бабы 1-тармағының 2-бөлігі).
Салым серіктестікке пайдаланатын мүлік ретінде берілгенде, мұндай
салымның көлемі оны пайдалану ақысымен анықталады. Құрылтайшылық құжаттарда
мұндай мүлікті бүкіл мерзім ішінде пайдалану көзделеді. Шаруашылық
серіктестіктің жарғылық капиталында салым ретінде берілген мүлікті жалпы
жиналыстың шешімінсіз мерзімінен бұрын алуға болмайды. Егер зат бүлініп не
жойылып кеткен жағдайда, ал оның өзі құрылтайшылық құжаттарда қаралмаған
болса, онда серіктестіктің пайдалануындағы мүлік оның меншік иесіне
қайтарылады.
1995 ж. 25 желтоқсанда қабылданған "Қозғалмайтын мүлік пен онымен
жасалатын келісімдерді мемлекеттік тіркеу туралы" Жарлықтың 3-бабына
сәйкес, қозғалмайтын мүлікке меншік құқығы мемлекеттік тіркеуден өткен
сәттен басталады. Осыған байланысты меншік құқығы қандай тәсілмен
бекітілмесін, бәрібір қозғалатын мүлікке берілетін меншік құқығы
мемлекеттік тіркеу сәтінен басталады.
Интеллектуалдық қызметтің нәтижесіне құқықты салым ретінде пайдалану
үшін қатысушының заңда көрсетілген құқықты бекітетін құжаттары болуы тиіс
(патент және т.б.) ("Шаруашылық серіктестік туралы" Жарлықтың 6-бабының 2-
тармағы).
Қазақстан Республикасының "Шетелдік инвестициялар туралы" Заңның 15-
бабының 4-тармағына сәйкес серіктестік қатысушылары шетелдік инвесторлар
болған жағдайда, олар жарғылық қорға өздерінің салымдарын шетелдік валюта
түрінде енгізе алады. Біріккен кәсіпорын мен шетел қатысушыларының жарғылық
капиталына салым мүлкінің үлесі шетелдік валютамен айқындалуы мүмкін.
Серіктестіктің қызметінің түрі мен сипатына байланысты кей жағдайда
жарғылық қорға салым бола алатын жекелеген мүлікке заңмен шектеу жасалуы
мүмкін.
Егер қатысушының салымы біршама уақыттан кейін ғана пайдаланылуы
мүмкін мүлік болса, мұндай салым жалпы жиналыстың шешімі бойынша
қатысушыдан салымның сипаты, оның ақшалай бағасы мен енгізу мерзімі
көрсетіліп, нотариат куәландырған борыш міндеттемесін алған күннен бастап
енгізілген деп танылуы мүмкін. Мұндай мерзім 3 жылдан аспауы керек
("Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер
туралы" Заңның 24-бабының 5-тармағы). Шаруашылық серіктестігінің жарғылық
капиталының көлемі шектеусіз болады, бірақ та қызметінің сипаты мен нақты
түріне орай заң олардың жарғылық қорының ең төменгі мөлшерін тағайындайды,
ол қатысушылардың салымы салынған сәтте айлық есептік көрсеткіш мөлшерімен
өлшенеді. Жарғы капиталының көлемін азайту белгіленген ең төменгі мөлшерден
кеміп кетпеуі керек, әрі қалыптан төмендетіп жіберуді сот арқылы реттеуге
мүдделі жақтардың ұмтылысына жол берілмейді ("Шаруашылық серіктестік
туралы" Жарлықтың 6-бабының 6-тармағы).
Шаруашылық серіктестіктерінің қызметі нәтижесінде олардың жартылық
капиталының өзгеруі (көбеюі не азаюы) мүмкін.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының бірі немесе
жаңадан қабылданған қатысушы қосымша жарна енгізу арқылы жарғылық капиталды
көбейтіп жібергенде ондай салым серіктестіктің жеке капиталындағы олардың
жарналарының көлемін есепке ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz