Авторлық құқықтың субъектілері және олардың құқықтары
ЖОСПАР
К І Р І С П Е ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
1 Авторлық құқықтың қайнар көздері және объектісі ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Авторлық құқықтың түсiнiгi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Авторлық құқықты қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2 Авторлық құқық және патент құқығының субъектілері ... ... ... ... ... .10
2.1 Авторлық құқықтың субъектілері және олардың құқықтары ... ... ... ... ..10
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР МЕН НОРМАТИВТІК
АКТІЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
К І Р І С П Е
Қазақстан Республикасының көп жүйелі нарықтық қатынастан тұратын
демократиялық егеменді мемлекет болуы, құқықтық реформаның басталуы,
Азаматтық кодекстің жалпы бөлімінің қабылдануы азаматтық құқықтың институты
мен өнертабыс құқығына көп әсерін тигізді. Бұрынғы заң бойынша материалдық
емес объектілермен байланысты қатынастар реттелуі мүмкін емес еді. Бұл
мәселенің күрделілігі Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастыққа
интеграциясы, нарықтық қатынастарға көшуі бұрынғы Одақ заңдарымен
қабылданған “интеллектуалдық” меншік деп аталатын ұғымды енгізуді
объективті түрде қажет етті. Міне, осыған байланысты бұл объектілерді
дүниеге келтірушілердің мүддесін ойдағыдай дәрежеде қорғау мүмкін болмады.
Бұл ұғым алғашқы рет 1991 жылы қабылданған “ССРО-ның меншік туралы заңында”
бекітілген еді. Қазіргі уақытта бұл мәселе ұлттық заң актілерінде өз орнын
тауып отыр. 1995 жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енген Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінің 7-бабының 5-пункті өнертабыстар,
өнеркәсіптік үлгілер, ғылым, әдебиет, өнер шығармаларын және
интеллектуалдық қызметтің өзге де жемістерін жасау нәтижесі азаматтық
құқықтар мен міндеттердің пайда болуы негіздері болады деп көрсетеді. Осы
кодекстің 14-бабы құқық қабілеттілігінің мазмұнын көрсете отырып
өнертабысқа интеллектуалдық меншік құқы болуы мүмкіндігін көрсетеді.
Азаматтық кодекстің 125-бабы “интеллектуалдық меншік” институтын бекітеді.
1992 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының “Патент заңы”
интеллектуалдық (өнеркәсіп) меншігі объектілеріне жататын өнертабыстар,
өнеркәсіптік үлгілер, пайдалы модельдерді қорғаудың әлемдік талаптарына сай
бекіткен еді. Бұрынғы Одақ елдерінің аумағында бұл объектілерді қорғаудың
жолы патент болып табылады.
Адамзаттың цивилизациясының даму тарихы осы қоғамдағы ғылым, мәдениет
және техниканың дамуына қандай көңіл бөлінуінен, оның деңгейін көруге
болатынын көрсетеді. Қоғамның интеллектуалдық деңгейі көп жағдайларда
мемлекеттің алдында тұрған экономикалық мәселелерін тиімді шешуге қатты
әсер етеді. Интеллектуалдық шығармашылықты қолдау көптеген елдердің
тәжірбиесі көрсетіп отырғандай әлеуметтік, мәдени және экономикалық дамуына
бастапқы негіз болып табылады.
Қазіргі дамыған әлемде экономикалық қатынастар жүйесінде
интеллектуалдық меншіктің маңызын бағалау өте күрделі болып табылады.
“Шығармашылық еңбектің нәтижесін пайдалануды қажет етпейтін адамзаттың
қызмет саласын табу мүмкін емес”.[1]
Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты жаңа
заңдарға негіз сала отырып интеллектуалдық қызмет нәтижелерін дүниеге
келтіру, пайдалануды тараптардың арақатынасын реттеуге байланысты көптеген
өзекті мәселелер пайда болуда.
Қазақстан Республикасының “Авторлық құқық және сабақтас құқықтар”
туралы заңы жоғарыда айтқан мәселелерді шешуде негізгі бастау бола алады.
Интеллектуалдық меншік, оның ішінде авторлық құқық объектілері мүліктік
айналымдағы ерекше топтағы тауар болып табылады. Өйткені оның бағасы
анықталмаған өте жоғары болып табылады. Бұл тауарлардың ерекшелігі олар бір
мезгілде автордың рұқсатынсыз шексіз тұлғалардың тобымен пайдаланылуы
мүмкін. Әлемдік сауда жүйесінде интеллектуалдық меншік объектілерінің
саудаға түсуі бұрыннан қалыптасқан. Міне бұл қатынастардың Қазақстан
Республикасы аумағына еніп дамуы қазіргі күннің талабы болып отыр.
Авторлық құқықтың қайнар көздері және объектісі
1.1. Авторлық құқықтың түсiнiгi.
Авторлық құқық дегеніміз – бұл белгілі бір мерзім кезінде әрекет
етуші, күрделі нормативті актілердің жинақталған қалыпты жүйесі.
Қазақстан Республикасының 10 маусым 1996ж. “Авторлық құқық және
сабақтас құқықтар” туралы занының 3 бабына сәйкес авторлық құқық Азаматтық
құқық және осы заңның өзі және басқа да заңдардан тұрады. Жоғарыда айтылып
өткен заңның 4 бабында “Егер Қазақстан Республикасы бекітетін халықаралық
шартта осы заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық
шарттың ережелері қолданылады”.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің нормаларын авторлық
құқықтық қатынастарға қолдану мәселесі ерекше көңіл бөлуді талап етеді.
Авторлық құқықтық қатынастарда жалпы мазмұнға ие болатын Азаматтық
Кодекстің ережелерін қолдану қарастырылған. Оған бірінші бөлімнің ережелері
нақтылай айтқанда “мәміле ережелері”, құқық және әрекет қабілеттілік және
т.б. қамтып өткен. Заң ғылымында мынадай қорытынды қалыптасқан авторлық
құқықтық қатынастарға міндеттемелік құқықтың жалпы бөлімі толық қолданылады
егер авторлық құқық нормаларға оған тікелей өзгеріс қарастырмаса және
мұндай өзгеріс авторлық құқық қатынастардың ерекшелігінен байқалмаса.[2]
Авторлық құқықтың қағидалы ережелері Азаматтық Кодекстің 50-тарауында
“Авторлық құқық” және 51-тарауда “Сабақтас құқықтар”. Ал 971 – 984 баптарда
авторлық құқықтың субъектілері және объектілері, жеке мүліктік емес
құқықтары авторлық құқықтың әрекет ету шегі қарастырылған. Ал 985-990
баптарда сабақтас құқықтардың объектілері және субъектілері, сабақтас
құқықтардың әрекет ету шегі қарастырылған. Авторлық құқық пен сабақтас
құқықтарға арнайы тараулардың енгізілуі ҚРА Кодексінде бұл құқықтардың
басқа азаматтық құқықтар жүйесіндегі маңыздылығын көрсетеді.

туралы заңы 49 баптан 5 тараудан тұрады.
1 тарау. Жалпы ережелер (1-4) баптар;
2 тарау. Авторлық құқық (5-33) баптар;
3 тарау. Сабақтас құқықтар (34-42) баптар;
4 тарау. Мүліктік құқықтарды ұжымдық басқару
(43-47) баптар.
5 тарау. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау
(48-49) баптар.
Қарастырып отырған заңымыздың жүйесі өте жақсы құрылған. Тәжірибелік
тұрғыдан қайталанбайды құқықтық реттеудің негізгі аспектілерін бірінен
кейін бірін ашып көрсеткен.
Авторлық құқықты реттеуші заңымыз Интеллектуалдық меншіктің
халықаралық ұжымының авторлық және сабақтас құқықтар туралы заңына
негізделініп қабылданған. Өйткені бұған халықаралық заңның авторлық
құқықтарды зерттеуші маман заңгерлері қатысқан. Олар сол кездегі әрекет
етуші авторлық құқықтың халықаралық конвенциясының талаптарын ескерген.[3]
Қазақстан Республикасының авторлық құқығы осы саладғы жеке заң
қабылданған соң өз тарихында барлық дамыған елдердегі авторлық құқықты
қорғауды қамтамасыз етудегі деңгейге көтерілді деп айтуымызға болады.
Жеке заңнан басқа авторлық құқықтың қайнар көздеріне заң актілері де
жатады. Заң актілері заңға негізделініп қабылданғандықтан заңдық күші
жағынан бір-біріне сай келмейді. Міне сондықтан жалпы мазмұндағы заң
актісі, ведомствалық нормативті акті және локальдық акті деп бөлуімізге
болады.
Жалпы мазмұндағы заң актісіне Қазақстан Республикасы министрлер
кабинетінің қаулылары жатады. Ведомствалық заң актілеріне Авторлық құқық
агенттігінің нормативтік құжаттары жатқызылады.
Қазақстандағы авторлық құқықтың негізі қайнар көзіне халықаралық
шарттар мен келісімдердің жатқызылуының үлкен маңызы бар. Өйткені Қазақстан
Республикасы 1952 жылғы авторлық құқық туралы Женева конвенциясына мүше
болып табылады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы әдебиет және өнер
шығармасын қорғау туралы Берн ковенциясына мүше болып қабылданған. (1971
ж. 24 мамыр Париж актісі редаксиясында). Қазақстан Республикасының “әдебиет
және өнер шығармаларын қорғау” туралы Берн конвенциясына қосылу туралы заңы
1998 ж 10 қарашада қабылданды. Сонымен халықаралық екіжақты авторлық
құқықты қорғау туралы келісімдерінің үлкен маңызы бар.
Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына қарамастан, сондай-ақ
берілу әдісі мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектің нәтижесі болып
табылатың ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады. (ҚР АК 971-бап
1-т. ҚР “Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңының 6-бабы 1-
т”).
Авторлық құқықтың объектісін анықтау үшін “туынды” термині негізгі
бастау болады. Қазіргі әрекет етуші заңдағы туынды анықтамасы туралы
көптеген ғалымдардың ғылыми еңбектерінде әртүрлі анықтамалар берілген.
Ол авторлар В.И. Серебровский, Б.С.Антимонов, Е.А.ФФлейшиц,
М.А.Гордон, және т.б. Э.Г.Гаврилов туынды бұл “автордың творчестволық
қызметінің жемісінің объективті түрде көрінуі дейді”[4]
И.В.Савельеваның көзқарасы бойынша туынды бұл “автордың
интеллектуалдық қызметі, творчестволық жекешеліктен ерекшеленетін және
объективті нысанда көрінетін қызметі”.[5]
Сонымен туынды дегеніміз автордың творчестволық еңбегінің
интеллектуалдық нәтижесі және ол белгілі бір объективті түрде көрінуі.
Жалпы туынды бұл рухани, интеллектуалдық қызмет, яғни соның нәтижесінде
азаматтар өзінің жеке өнерін бұрын болмаған жаңа нәтижені дүниеге
келтіреді. Туындының мазмұнына көптеген авторлардың ойы бойынша оның
жаңалығы жатады. Жаңалық дегеніміз — бұл жерде туындының түпнұсқалығына
синоним ретінде қарастырылады. Ол жаңа мазмұнда көрінуі қажет дейді.[6]
Жаңалыққа қосылатын талап туынды мазмұнының пәніне жатпайды. Ал патент
құқының объектісіне жаңалық міндетті жеке белгі болып өнертабысқа керек деп
патент құқығында көрсетілген. Авторлық құқықта жаңалық белгісі
творчестволық белгімен қамтылып кетеді. Туынды автордың творчестволық
еңбегінің нәтижесі ретінде авторлық құқықтың объектісі тек белгілі бір
объективті нысанда көрінген кезде болуы мүмкін. Автордың ойы нақты
көрінбесе қорғау объектісі жоқ деуімізге болады. Әрбір туындының белгілі-
бір нақты көріну нысаны болады. ҚР АК 971-бап 2-п, ҚР Авторлық құқық және
сабақтас құқықтар туралы заңының (ары қарай авторлық құқықты қорғау туралы
заңы) 6 бап, 2 п. Бойынша авторлық құқық белгілі бір объективті түрге ие
болған шығармаларға тарайды:
1) жазбаша;
2) ауызша;
3) үнжазба немесе бейнежазба;
4) бейнелеу;
5) көлемді – кеңістікті;
6) басқада нысанды.
Туындыдағы авторлық құқық, туындыны көрсететін материалдық объектіге
меншік құқымен байланысты болып табылады.
Авторлық құқықтың объектісінің негізгі мазмұны “ҚР Авторлық құқықты
қорғау туралы” заңының 5-8-баптарында бекітілген. Заңның 6-7-баптары
авторлық құқықтың объектісі болып табылмайтын туындылардың түрлері мен
қатарын көрсетеді. Ал 8-бап осыған қарама-қарсы авторлық құқықтың объектісі
болып табылатын туындылардың қатарын көрсетеді. Заңның 7-бабы бойынша
авторлық құқықтың объектілері: әдеби, драмалық хореография және понтомимо,
музыкалық, графика, бейнелеу өнерінің басқа да туындылары, қолданбалы өнер
туындылары, сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнері туындылары, суретке
түсіру туындылары, карталар, жоспарлар, нобайлар, безендірулер және
географияға, топография мен басқа ЭВМ-ге арналған бағдарламалар, және өзге
де туындылар.
1.2. Авторлық құқықты қорғау
Авторлық құқықты мемлекет деңгейінде қамту шығармашылық белсенділіктің
дамуына жағдай жасайды, ал бір жағынан интеллектуалдық шығармашылықты
көтеру мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамуына негіз болып
табылады. Авторлық құқықты мемлекет деңгейінде қамту оның құқықтық
қорғалуын анықтайды.
Авторлық құқықты қорғау-бұл авторлық құқықты мойындау оны
иеленушілердің мүддесін бұзылудан қорғау немесе қалпына келтіруге
бағытталған әрекеттердің жиынтығы ҚР әрекет етуші заңы авторлық құқықты
қорғаудың тәсілдері мен құралдарын, нысанын, түрін жеткілікті көлемде
көрсете алған.
Авторлық құқықты қорғаудың бастапқы ережесі ҚР Конституциясында
көрсетілген; азаматтың құқығы мен еркіндігі мемлекеттің жоғары құндылығы
болып табылады. (1п. 1-бап):
Қазақстан Республикасының “Авторлық құқық және сабақтас құқықтары”
туралы заңының 5 тарауы авторлық құқықты қорғауды қамтып, осы құқықты
бұзғаны үшін азаматтық, қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктері де
заңдарға сай қамтыған.
Құқықтық қорғаудың субъектісі болып туынды авторлары танылады.
Автордың тірі кезінде жалпы ереже бойынша бұзылған авторлық құқықты қорғау
талабын автордың өзі немесе өкілетті өкілі қоюы мүмкін.
ҚР АІЖК 55-бабы негізінде талап автор мүддесін қорғау үшін прокурормен
берілуі мүмкін. Тең авторлардың еңбегі нәтижесінде туындаған туындыға
құқығы авторлар бірігіп немесе әрқайсысы жеке-жеке қорғауы мүмкін.
Егер автор немесе оның мұрагерлері туындыға айрықша құқықты авторлық
шарт бойынша үшінші тұлғаға пайдалануға (баспаға, театрға және т.б.) берген
кезде бұзатын болса, заңның 31- бабы бойынша осы тұлғаның өзіне
тапсырылады. Егер айрықша құқықтар берілген адам бұл құқықты қорғауды
жүзеге асырмаса, басқа адамдарға туындыны пайдалануға тиым салу құқығын
туындының авторы немесе мұрагерлері жүзеге асыра алады. Қызметтік міндетті
орындау негізінде пайда болған туындыға айрықша құқықты қорғау автормен
шартта тұратын тұлғаға тиісті болады.
Авторлық құқықты бұзушы тұлға ҚР “Авторлық құқық және сабақтас
құқықтар” туралы заңның талабын орындамаған жеке тұлға немесе заңды тұлға
болып табылады. Сонымен қатар авторлық құқықты бұзушы тең авторлардың
біреуі болуы да мүмкін.
Қазіргі кезде туындыны заңсыз пайдалану халықаралық деңгейдегі мәселе
болып табылады. Соңғы жылдары Қазақстанда көптеген жеке баспалардың пайда
болуына байланысты авторлық құқықты бұзу көбейгені байқалады. Сонымен қатар
авторлық істерді соттарда қарау басқа азаматтық істерге қарағанда төмендегі
деңгейде екенін көруге болады. Мұның негізгі себептерінің бірі құқықтық
тәртіптің төмендегі, авторлардың өз құқықтарын білмеуден және авторларға
құқықтық көмек көрсететін мамандардың жоқтығынан. ҚР Әділет министрлігінің
авторлық құқық комитетінің төрағасы болған С.Оразалиннің айтуы бойынша
“Судъялардың авторлық құқықты білмеуінен заң қызметкерлерінен шындық іздеу
мүмкін емес дейді”...[7]
Соңғы жылдары авторлық құқықты қорғау мәселелеріне ақпарат
құралдарында көп көңіл бөлініп жүр.[8]
Қазіргі кезде тәжірибе жүзінде авторлық құқықтың субъектілерін
қорғауды ҚР ӘМ. Авторлық құқық комитеті жүзеге асыруда.
ҚР “Авторлық құқық және сабақтас құқықтар” туралы заңының 43-47-бабына
сәйкес Қазақстанда авторлардың құқығын қорғайтын ұйымдар құруға рұқсат
етіледі. Бұл ұйымдар авторлардың құқығын қорғауға байланысты кез-келген
заңды әрекеттерді жүзеге асыра алады.
Қазақстанның Авторлық қоғамы авторлық (ҚАҚ) құқықты қорғауда
монополист болып табылады. Бұл қоғам авторлардың мүдделерін қорғау
барысында кей кезде көптеген теріс әрекеттерге авторлардың атынан талап
берген кезде авторлардың білмеген жағдайлары да болған. ҚАҚ монополист
болмауы үшін осындай авторлардың мүліктік құқығын ұжымдық басқаратын
(республикада, аумақтарда) бірнеше ұйым құру қажет.
Қазақстан Республикасы заңдары авторлық құқықты қорғаудың азаматтық
құқықтық тәсілмен қатар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті
қарастырған. Әкімшілік немесе қылмыстық құқық шаралары негізгі болып
көрсетілмегенімен, құқық бұзушылармен күресте үлкен роль атқарады. Кейбір
әкімшілік шаралардың артықшылығы бұл санкциялардың жай және тез қолдану
артықшылығында болып табылады. Бұл авторлардың кіші-гірім құқы бұзылған
кезде қолдануға ыңғайлы болып саналады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 184-бабында
“Интеллектуалдық меншік құқын бұзу” деген айдармен берілген, онда айыптық
және басқа да санкция көрсетілген. Онда 2 жыл мерзімге бас бостандығынан
айыру көрсетілген.
Сонымен авторлық құқықты қорғауды қарай келе мынадай қорытынды жасауға
болады: авторлық қорғау дегеніміз – авторлық құқықты тануға, қалпына
келтіруге, оларды иеленушілердің мүдделерін қорғауға бағытталған шаралардың
жиынтығы болып табылады.
- Қазақстан Республикасының заңдары бойынша авторлық құқықты бұзғаны
үшін азаматтық, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылған;
- авторлық құқықтың бұзылғанын тезірек тоқтату үшін сот істі қарағанға
дейін баспадағы заңсыз объектілерге тоқтату салады. Сонымен Қазақстан
Республикасының заңы авторлық құқықты қорғаудың әртүрлі тәсілдері мен
құралдарын толық көрсеткен деп айта аламыз.
Авторлық құқық және патент құқығының субъектілері
2.1. Авторлық құқықтың субъектілері және олардың құқықтары
Авторлық құқықтың субъектісі бұл туынды шығармаға қатысты субъективті
авторлық құқықты иеленуші тұлға. Авторлық құқықтың субъектілерін екі топқа
бөлуге болады: автор және басқа да құқық иеленушілер.[9]
Э.П.Гаврилов мынадай бөлуді көрсетеді: авторлық құқықтық субъектілер
алғашқы және туынды.[10] Бұл жерде алғашқы субъект автордың өзі болып
танылады. ҚР авторлық құқықты қорғау туралы заңында субъектілердің қатарын
көрсететін арнайы бап жоқ. Ол туралы мағлұматтар заңның көптеген баптараның
мазмұнынан ашылып көрсетіледі. Негізінен 2-бап, онда негізгі ұғымдар
қарастырылған.
Бұл субъектілер ішінде автор-шығармашылық еңбегімен туынды жасаған
жеке тұлға. Қазіргі әрекет етуші заң негізінде автор тек жеке тұлға болуы
мүмкін. Ал заңды тұлғалар мүліктік авторлық құқықты иеленуі мүмкін мысалы:
(кітапты басып тарату құқығы) және т.б.
“Автор” деген ұғым туындының түпнұсқасын дайындаған тұлғаларды ғана
қамтып қоймай туындыны аударған, өңдеуді жүзеге асырған тұлғаларды қамтиды.
Заңның 11,12-баптары жинақтар мен басқа да құрама туындыларды
құрастырушылардың, тең авторлардың және басқада туынды шығармалардың
авторларының авторлық құқықтарын арнайы қарастырады. Жоғарыда көрсетіп
кеткен әрбір субъекті өзінің түпнұсқалы еңбегіне – аударма, өңдеу,
жинақтарға авторлық құқыққа ие болады. Авторлық құқықты иеленушілер атынан
ұйымдар пайдаланушылармен келісімге түседі. Олар лицензиялық шарттар
жасасқан сыйақы көлемін, оны жинауды, сыйақыны авторлар арасында бөлуді
жүзеге асырады. Сонымен қатар авторлық құқықтық әрекеттерді жүзеге асырады.
Заң бойынша автордың мүліктік құқықтары мұрагерлік бойынша берілетін
болғандықтан, авторлық құқықтың субъектілері автор қайтыс болған соң
мұрагерлер, егер мүліктік құқықтар авторлық шарттар бойынша берілсе басқа
да құқық қабылдаушыларға баспалар, киностудиялар немесе шығарма туындыны
таратуға автордан авторлық құқық алған басқа да ұйымдар жатады.
Қазақстан Республикасы авторлық қатынастарға өкілетті Үкіметтік
орган арқылы қатысады. Бұл орган Қазақстан Республикасы Әділет
министірлігінің авторлық және сабақтас құқықтары бойынша мемлекеттік
комитеті.
Қазақстан Республикасының авторлық құқығының субъектілерін саралай
келе мынадай қорытынды шығаруға болады.
Қазақстан Республикасының “Авторлық құқық және сабақтас құқықтар
туралы” заңы авторлық құқықтың төмендегідей түрлерін қарастырған:
1) автор (9-бап),
2) дыбыс, бейнежазу туындысын дайындаушы (13-бап)
3) жұмыс беруші ( бап)
4) мұрагерлер (30-бап)
5) ҚР арнайы өкілетті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz