Инфляцияның зардаптары және оны азайту іс-шаралары



Жоспар

Кіріспе

Ι Инфляцияның мәні, туу себептері.

1.1 Инфляцияның экономикадағы мәні.
1.2 Инфляцияның пайда болу себептері.
1.3 Инфляцияның түрлері.

ΙΙ Инфляцияны ауыздықтау және тоқтату жолдары

2.1 Инфляцияның зардаптары және оны азайту іс.шаралары
2.2 Табыс . инфляциясымен күрестің басты құралы.

ΙΙΙ Қазақстанда инфляцияның ерекшеліктері және инфляцияға қарсы саясат.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
Қазіргі кездегі ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда экономика мен экономикалық теория бүгінгі күндерде қоғамды дамытудың басты пәрменді күші болып отыр. Экономикалық құрылымы өте күрделі және экономика ғылымы эволюциялық жолмен дамып , болжамдарды жалғастырып келеді. Экономика соныменқатар қоғам өмірінің көптеген мәселелерін қамтиды. Әсіресе , соның ішінде баға , табыс , жұмыссыздық және тағы басқа құбылыстардың өзгерісімен тығыз байланысты . Қазіргі күндері экономиканы біріншіден - өндіріс , инфляция , табыстар қозғалысын түсіндіру және жазу үшін , екіншіден – экономикалық тәртіпті негіздеу үшін қолданылады.
Экономиканың өзін макроэкономика және микроэкономика деп екі салада қарастырамыз. Бұл екі сала өзара бір – бірімен тығыз байланысты болады. Міне, осы макроэкономика саласының күрделі мәселелерінің бірі - инфляция болып табылады.
Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. Оның бай тарихы бар 1775 – 1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқтырды. Франция 1789 – 1794 жылдары революция кезінде ендірілген қағаз ақшалар 7 жылда 883 есе құнсызданды.
Алғашқы рет ″ инфляция ″ деген ұғым ақша айналымына қатысты АҚШ – та Азамат соғысы кезінде / 1851 – 1865 ж.ж / орасан зор гривналар /ақша орнына қолданылған күміс кесек 450 млн доллар / шығарылуына байланысты қолданыла бастады, ал оның төлем қабілеті 2 жылдың ішінде 60 % -ке дейін төмендеді.
Инфляция тек қағаз ақшаға тән және ол экономиканың кез – келген үлгісінде орын алады, көбінесе инфляция айналымдағы ақшаның көбеюімен бейнеленеді.
1. Әубәкіров " Экономикалық теория негіздері " Алматы 1994 ж.
2. Мәдешев Б " Нарықтық экономика теориясына кіріспе " Алматы 1995 ж.
3. Эдвин.Дж. Доллан " Макроэкономика" Москва 1995 ж
4. Мельников В.Д " Экономика Казахстана " Алматы 1995 ж
5. Тобаяқов Б "Егемен елдің экономикасы "
Алматы 1995 ж.
6. Қаржы - қаражат 1999 № 1
7. Қаржы - қаражат 2000 № 9
8. Қаржы - қаражат 2002 №3
9. Егемен Қазақстан 2003 № 15 қараша
10. Казахстан в цифрах 2003, 20004
11. Статистикалық бюллетень 2004
12. Аль – Пари 2002 №3,4

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Ι Инфляцияның мәні, туу себептері.

1.1 Инфляцияның экономикадағы мәні.
1.2 Инфляцияның пайда болу себептері.
1.3 Инфляцияның түрлері.

ΙΙ Инфляцияны ауыздықтау және тоқтату жолдары

2.1 Инфляцияның зардаптары және оны азайту іс-шаралары
2.2 Табыс – инфляциясымен күрестің басты құралы.

ΙΙΙ Қазақстанда инфляцияның ерекшеліктері және инфляцияға қарсы
саясат.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Қазіргі кездегі ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам
өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда экономика мен экономикалық
теория бүгінгі күндерде қоғамды дамытудың басты пәрменді күші болып
отыр. Экономикалық құрылымы өте күрделі және экономика ғылымы
эволюциялық жолмен дамып , болжамдарды жалғастырып келеді. Экономика
соныменқатар қоғам өмірінің көптеген мәселелерін қамтиды. Әсіресе ,
соның ішінде баға , табыс , жұмыссыздық және тағы басқа құбылыстардың
өзгерісімен тығыз байланысты . Қазіргі күндері экономиканы біріншіден
- өндіріс , инфляция , табыстар қозғалысын түсіндіру және жазу үшін ,
екіншіден – экономикалық тәртіпті негіздеу үшін қолданылады.
Экономиканың өзін макроэкономика және микроэкономика
деп екі салада қарастырамыз. Бұл екі сала өзара бір – бірімен тығыз
байланысты болады. Міне, осы макроэкономика саласының күрделі
мәселелерінің бірі - инфляция болып табылады.
Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. Оның бай
тарихы бар 1775 – 1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін
болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқтырды. Франция 1789 –
1794 жылдары революция кезінде ендірілген қағаз ақшалар 7 жылда
883 есе құнсызданды.
Алғашқы рет ″ инфляция ″ деген ұғым ақша айналымына
қатысты АҚШ – та Азамат соғысы кезінде 1851 – 1865 ж.ж орасан зор
гривналар ақша орнына қолданылған күміс кесек 450 млн доллар
шығарылуына байланысты қолданыла бастады, ал оның төлем қабілеті 2
жылдың ішінде 60 % -ке дейін төмендеді.
Инфляция тек қағаз ақшаға тән және ол экономиканың
кез – келген үлгісінде орын алады, көбінесе инфляция айналымдағы
ақшаның көбеюімен бейнеленеді. Бірақ кейде, инфляциялық ахуал,
айналымдағы ақшаның саны бір қалыпта қалған күнде – де туады.
Мысалы, егер елде тауар өнімінің көлемі азайып кетсе, онымен тікелей
байланысты тауар айналымының да көлемі азаяды. Олай болса , оларға
жұмыс жасайтын ақшаның да саны азаяды. Сөйтіп , дәл осы кезде
айналымда жүрген ақшаның кейбір бөлігі артық болып шығуы мүмкін .
Тап осындай жағдай ақша айналымы жеделдетілсе де туады. Ақша
айналымын жеделдету , басқа жағдайлары бірдей болғанда, айналымға
қосымша ақша шығарғанмен бірдей.
Сонымен инфляциялық ахуал көптеген себептердің
әсерінен тууы мүмкін. Осы себептерді екі топқа бөлуге болады :

1. Ақша айналымымен тікелей байланысты себептер

• Айналымға бюджеттің тапшылығын жабу үшін , тауарлық
ресурстармен қамтамасыз етілмеген тым көп қолма – қол ақша
шығару;
• Айналымға қолма – қол емес ақша шығарумен байланысты ,
шаруашылыққа шамадан тыс көп несие беру;
• Ұлттық валютаның бағамын бір деңгейде ұстау үшін Ұлттық
банктің , басқа елдердің, еркін айырбасталымды валюталарын
сатып алу немесе сату.

2. Ақша айналымы мен жанама байланысты себептер

• Шаруашылықтың үйлесімді өркендеуінің бұзылуы ;
• Шаруашылықтың шығынды тетігі ;
• Салық саясаты ;
• Баға саясаты ;
• Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі

Бір қарағанда екінші топта келтірілген себептер
инфляциямен байланысы жоқ сияқты болып көрінеді , бірақ бұдардың
әрқайсысы айналымдағы ақшаның жинағының өзгеруіне әсер ете алады ,
сөйтіп инфляциялық ахуал туғыза алады. Мысалы , шектен тыс жоғары
салықты өндіріс пен тауар айналымының өсуін ынтымақтандырмайды ,
керісінше , инвестицияның белсенділігі төмендейді , соның нәтижесінде
өндіріс көлемі де , тауар айналымы да азайып , айналымда артық ақша
пайда болады.
Макроэкономикалық құбылыстарға басты себептер
ұлттардың табысқа жету – жетпеуіне байланысты болады.
Ұлттар өзінің экономикалық жағдайындағы шығындар,
салықтар, ақша айналысындағы өзгерістеріне экономикалық саясат арқылы
әсер етеді.
Өсудің тенденциясын анықтау көрсеткіші үшін
өндірістің потенциалдық көлемін, яғни оның мүмкіндігінің минимумын
алады.
Өндірістің потенциалдық көлеміне жету – жұмыспен
қамтамасыз етуге , инфляцияның ұлғаюына байланысты, жұмыссыздық
көбейген кезде инфляция төмендейді. Сонымен қатар, соңғы уақытқа
дейін біздің санамызда ″ инфляция ″ ұғымы капитализмнің келелі
ретінде орнықты. Құн заңы әрекетімен анықталатын тауар ақша
қатынастарының болуы инфляциялық процесстерді тудырады. Инфляцияның
себебі, әрекет ету механизмі, көрінуі және оның зардаптарымен күресу
жолдары бұрын соңды біздің елде зерттелмеген.
Қазіргі кезде ол барлық жұмысшы күштерінің 6 %
-тін қамтиды.
Сонымен инфляция дегеніміз - латын сөзінен
алғанда inflatio қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын
әлеуметтік – экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда
айналыстағы ақша өлшемдері қосындысынан артып кетіп , осының
нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы
инфляцияны білдіреді. Оның мәнін түсіну үшін 10 млрд алтын доллар
керек екен , ал қағаз ақша 20 млрд доллар шамасында шығарылды
делік. Мұның өзі қағаз доллардың екі есе құнсыздануына әкеліп
соқтырады. Инфляция жұмысшылардың жағдайына зардапты ықпалын
тигізеді. Себебі , тауар бағасы бірнеше есе өседі, ал мемлекет
жалақыны бұрынғы дәрезесінен арттырмауға тырысады. Ақшаның құнсыздануы
, халықтың әл – ауқатының дәрежесін төмендетуге әкеп соқтырады.
Инфляциядан өндірісте біраз зардап шегеді. Инфляцияның
деңгейінің көтерілуіне байланысты еңбекке деген ынта да бұзылады.
Инфляция тауар тапшылығының басты себебі бола тұрып таур азық –
түлікті белгіленген норма бойынша бөлуге мәжбүр етеді.
Инфляция қағаз ақшалардың алтынмен салыстырғанда
құнының төмендеп кетуінен туады да, товар бағасының көтерілуіне
әкеліп соғады.
Егер қағаз ақшалар товар айналысына қажетті мөлшерде
шығарылатын болса, онда бұл ақшалардың нақтылы сатып алу
қабілеттілігі олардың мазмұнына сәйкес келетін болады.Осылардың
нәтижесінде девальвация және ревальвация деген ұғым бар.

Девальвация дегеніміз – қағаз ақшаның ресми
құнының өзіне тұрақты қалпына келтіру. Ол үшін бағасы төмендеп
ақшаларды айналыстан шығарып оның орнына толық құнды кредит
билеттерін шығару яғни бұл ашық девальвация . Айналыстағы қағаз
ақшаның ресми құнының төмендету бұны бүркемелі девальвация
мақсатымен ақша реформасын жүргізу. Ұлттық ақша өлшемінің алтындық
мазмұнын кеміту және шет ел валюталарымен қатынас курсын төмендету.

Ревальвация дегеніміз – ақша курсын көтеру. Алтын
немесе шет ел валютасымен салыстырғанда мемлекеттік қағаз ақша
курсның өсуі. Ревальвация – ақшаны тұрақтандыру , бағаның инфляциялық
өсуіне қарсы ықпал етудің белгілі бір әдісі.
Шет ел мамандары инфляцияның өсу қарқынына
байланысты оны 3 түрге бөледі :

1. Баяу және сұлама инфляция
2. Қарқынды инфляция
3. Ұшқыр инфляция

Баяу инфляция кезінде баға жай өседі де жылына 10 %-тен
аз ақша негізінде өз құнын сақтап қалады. Мұндай кезде халық та,
мемлекет те төтенше жағдайда тап болмайды.

Қарқынды инфляция кезінде баға жылына 10 – 20 –дан 200 % -
ке дейін өседі. Соның салдарынан жалақы өсіп, ол одан әрі өсуіне
әкеп соқтырады.

Ал ұшқыр инфляция кезінде ақшаның саны мен баға
астрономиялық қарқынмен 1000 % -тен жоғары өседі. Баға мен
жалақының арасы алшақтап , бай адамдардың да тұрмыс жағдайы,
тіршілігі қиындай бастайды.
Шет ел нарықта болатын инфляциялық тепе – теңдік формаларына
байланысты инфляцияны ашық және басылыңқы деп бөледі. Еркін баға
белгілеу экономикасына тән ашық инфляция бағаның тауарлар мен
қызметтерге созылмалы артуы түрінде көрінеді. Ашық инфляция кейбір
тауар нарығындағы бағаның оқтын – оқтын төмендеуімен немесе оның
өсуінің баяулауымен сыйса береді.Ал ол ашық инфляцияның нарық
механизмін едәуір бұрмалағанымен әйтсе де оны толық бүлдіре
алмайтын көрсетеді.
Жасырын инфляция деп аталаын басылыңқы инфляция
реттелмелі бағалар қолданылатын экономикаға тән , ол тауар
тапшылығында , өнімніңсапасының нашарлауында, амалсыздан ақша жинақтауда
астыртын экономикада көрінеді. Егер біздің осы уақытқа дейінгі
экономикамызды алсақ, онда ұзақ жылдар бойы басылыңқы инфляция
жағдайында болды. Және болашақ экономика үшін бұл қауіпті емес,
одан әлі де болса құтылуға болады 1993 ж дейінгі .
Сұраным мен ұсынымға байланысты инфляцияны екі типке
бөлуге болады :
1.Сұраным инфляцияциясы
2. Ұсыным инфляцияциясы
Сұраным инфляцияциясы – нарықтық байланыстарда монополизм мен
әкімшілдік - әміршілдік басқару жүйесінің ұзақ үстемдігі болған
жағдайда да орын алады.
Ұсыным инфляцияциясы - өндіріс шығындарының өсуінің немесе жиынтық
ұсынымның нәтижесінде болады. Тағы ұсыным инфляцияциясы ұсыным мен
шығындарды өзгерту нәтижесінде болуы мүмкін.
Ұсыным инфляцияциясының екі түрі бар:
1) Жалақының өсуі әсерінен болатын инфляция
2) Ұсыным экономикасы механизмінің бұзылуы нәтижесінде пайда
болатын инфляция

Инфляцияның сипаты қоғамдық ұдайы өндірісті дамыту
барысында елеулі түрде өзгереді. Осыған байланысты инфляцияны кейбір
елдерде орын алатын жергілікті инфляция, барлық елдерді қамтитын
бүкіл әлемдік инфляция, елде бір ішкі экономикалық факторлардың
әсерінен болатын индуцироланған инфляция , мөлшерден тыс несие
экономикасынан туындайтын несие инфляциясы , сыртқы себептерден
туындайтын сырттан әкелінген және сыртқа шығарылатын инфляция,
инфляциялық процестің бір қалыптылығы еместігімен байланысты болатын
сатылы инфляция деп ерекшеленеді.
Инфляцияны бағалау және өлшеу үшін бағалар индексінің көрсеткіші
пайдаланады. Бағалар индексі тұтыну тауарлары мен қызметтердің
белгілі бір жиынтығының сатып алу бағасы мен базалық кезеңнің
бағасы арасындағы арақатынасты өлшейді. Ағымдағы жылдың ,
бағалары индексінен өткен жылдың бағалары индексі шегеріліп, өткен
жылдың бағалары индексіне бөлінеді, сонан соң жүзге көбейтіледі :

Инфляция қарқыны = Iб1 – Iб0 ⁄ Iб0 *100

Қазақстанда тұтыну тауарларының бағасы мен қызметтер
көрсетудің тарифтері өткен жылға қарағанда былайша өсіп отырады (
есе ) :
1990 – 1; 1992 – 2,5 ; 1993 – 30,6 ; 1994 – 22,7 ; 1995 – 1,60 ; 1996 –
1,39 ; 1997 – 1,17 ; 1998 – 1,07 ; 1999 – 1,18 ; 2000 – 1,13.
Инфляциялық процестің қуаттылығын бағалауды және инфляцияның түрлерін
мынадай критерийлер ажыратылады бағалар өсуінің қарқыны бойынша :

• Баяу – бұл кезде ақшаның номиналдық құны сақталады,
кәсіпкерлік тәуекел болмайды.
• Өршімелі – баға 100 пайыз шегінде өскенде, ақшаның
затталынуы өседі.
• Әсіре – баға жүздеген пайызға өскенде, баға мен табыстардың
арасындағы алшақтық ұлғая бастайды.

Бағалар өсуінің теңгерімділік дәрежесі бойынша
теңдестірілген және теңдестірілмеген инфляция.
Теңдестірілген инфляция кезінде әртүрлі тауарлардың бағасы бір –
біріне қатысты өзгерусіз қалады, теңдестірілмеген инфляция кезінде
олардың бір – біріне арақатысы өнбойы өзгеріп отырады, оның үстіне
әр түрлі үйлесімде.
Болжаулық (болжап айтушылық ) дәрежесіне байланысты :
Күтілген , болжамды және күтілмеген шығу немесе пайда болу орнына
қарай : импортталынған және экспортталынған;
Сондай – ақ дпмудың әркелкілігімен сипатталатын сатылы , баға шамалы
өскен немесе өзгерусіз қалған , бірақ тауар тапшылығы күшейген кезде
тұқыртылған инфляцияны ажыратады.
Нақты экономикалық өмірде инфляцияның бұл түрлері және
оларға ілеспелі салдар тығыз тоқайласады, өзін өзара толықтырады, бұл
инфляциялық шиыршық деп аталынатынды тудырады , бұл кезде өндірістің
тұтынылатын компоненттері баға мен еңбекке ақы төлеудің өсу
нәтижесінде шығындардың көбеюі шығарылатын өнім құнының артуына
соқтырады, мұнда өнімді тұтыну жалақының және экономиканың шектес
секторларында материалдық шығындардың қосымша өсуін талап етеді
және осылайша шексіздікке кете береді.
Импортталынған инфляция - ол шетелдік валютаның шамадан
тыс түсімінен және импорттық бағалардың жоғарлауынан туады.
Экспортталынған инфляция – тауарлар мен қызметтер көрсетуге
экспорттық бағаның көтерілуінен туады , бұл тұтынушы – елдерде , соның
ішінде дамып келе жатқан елдерде бағаның өсуіне соқтырады.

Инфляция елдің әлеуметтік – экономикалық жағдайына көп
зардабын тигізеді . Олар :

• ақшаның құнсыздануына сәйкес халықтың, шаруашылық жүргізуші
субъектілердің және мемлекеттің барлық қор жинақтары
құнсызданады.
• құнсызданған ақшадан ″ қашу ″ басталады. Ел қолда бар ақшасын
тауарға немесе еркін айырбасталатын валютаға ауыстыруға тырысады.
Ал, осындай жағдай, бұрынғы қалыптасқан тұтыну сұрамдылығының
құрылысын бұзады , тауардың жетіспеушілігі пайда болады.
• инвестициялық белсенділік төмендейді .Ешкім капиталын өндірісті
дамытуға салғысы келмейді. Өндірістің көлемі азаяды,соның
салдарынан жұмыссыздық көбйеді.
• табысын салық салудан жасыратын бұқпантайшы экономика дамиды
• халықтың арасында бұрын болып көрмеген байлар мен кедейлер
тобына жіктелу пайда болады, ал бұл, өз кезегінде әлеуметтік
қайшылықтар туғызуы мүмкін .
Сондықтан , кез – келген үкімет, инфляцияға қарсы тиісті шаралар
қолдануы керек. Оның ішінде, бірінші қатардағы міндет, өндірістің ,
оның ішінде жоғары және орташа табыскерліктің, дамуын қамтамасыз
ету, олардың өндірген тауарларының сапасын жоғарлатып , бәсекеге
жарамдылығын арттыру болып табылады.Әсіресе, қолда бар заттай ,не
ақшалай байлықтарды үнемдеу, оның тиімділігін арттыру қажет.
Инфляция кезінде өндіріс қарқыны төмендейді,
экономикалық өсудің пропорциясы бұзылады . Ақша, несие , қаржы
және валюта механизмі бүлінеді.
Елде әлеуметтік экономикалық тұрақсыздық
күшейеді.Инфляция халықаралық экономикалық қарым – қатынастарды
жұмыс күшін ұдайы өндіру шарттарын бұзады, капиталды экономиканың
ең пайдалы салаларына салуды ынталандырады, экономикалық
қылмыстар мен астыртын экономиканың дамуын жедел етеді.
Инфляция мен жұмыссыздықтың бірінен - екіншісінің
туындап отыратын, әдетте бір – бірімен тығыз байланысты процесті
- стагфляция деп атаймыз.
Толық жұмыспен қамтамасыз етілген қоғамда өндіріс
циклі болмай, сұранысқа уақытылы жауап бермей немесе сұраныстың
өсуі тұрақты және ұзақ уақытқа бағаның қымбаттауына әкеледі.
Мұнымен бірге толық жұмыспен қамтамасыз ету жағдайында
өндіріушілер жұмыс күші үшін өзара бәсекеге түсіп, ал бұл
номналды жалақыны өсіреді, ең соңында инфляция – қымбаттылықты
күшейтеді.
Өз кезеңінде инфляцияның күшеюі жалақыны өсіріп
еңбек нарығының тепе – теңдігін бұзып тез арада жоғары
жұмыссыздықты тудырады.
Жұмыспен қамтамасыз ету нарығында қиын жағдай
қажетті шаралардың қабылдануын талап етеді. Оның ішінде ең
бастысы қоғамдық еңбекті дұрыс ұйымдастыру, уақытша жұмыс
орындарын ашып, кадрларды қайта оқытып, жаңа мамандар әзірлеу,
жұмыспен қамтамасыз ету қорларының нормативін көбейту керек.
Көптеген елдер экономикасында кейде мынадай
жағдайлар қалыптасады : бағаның жалпы деңгейінің өсуі өндіріс
көлемінің қысқаруымен бір мезгілде болады. Экономиканың бұл
жағдайын стагфляция деп атайды.
Стагфляцияның барынша айқын себебі : жиынтық
ұсынымның азаюы, яғни өндіріс шығындар инфляциясы. Стагфляцияның
болу себебін инфляцияның күтумен байланыстырады. Дағдарыстан шығу
үшін ақша бірлігінің балансы мен тұрақтылығы, оған деген
сенімді нығайту керек. Баға деңгейі және инфляцияға келсек, баға
мен инфляцияның өсуін бірдей қараймыз, теңдестіреміз.Бірақ арасында
өзгешеліктер бар.Бағаны шектейтін мемлекеттік саясат инфляцияны
тежейді, бірақ шығындар азайса, осы кезде де инфляция өседі.
Өндіріс көлемінің өсуін тежеу арқылы мемлекет инфляцияны тоқтата
алмайды. Өйткені баға деңгейі бұрынғыдан жоғары болады.
Инфляцияны ауыздықтаудың дәстүрлі жолы ақша
ұсынысы мен мемлекттік шығындардың өсуін тоқтату.
Инфляция зардаптарын бейтараптандыру мақсатымен
мемлекет инфляцияға қарсы саясат жүргізеді. Мемлекеттің инфляцияға
қарсы саясатын экономиканы тұрақтандыру, баға мен жалақыны реттеу
қаржыны сауықтандыру, несие экономикасын тежеу, ақшаны
эмиссиялауды қатал бақылауға алу сияқты жалпы экономикалық
шараларды іске асыру арқылы жүргізеді. Ал аса төтенше жағдайда
ақша реформасы жасалады. Инфляция ″ экономикалық аурудың ″ ерекше
түрі болып саналады. Ол бір мезгілде материалдық қаржылық
сәйкессіздіктің әрі салдары, әрі себептері ретінде көрінеді. Оны
бүкіл шаруашылық механизмімен емдемей жеңуге болмайды, яғни егер
инфляциялық вирус инфляцияға қарсы саясаттың жүзеге асуын
қиындататын болса, экономиканы сауықтыру нәтижесіз болуы мүмкін.
Ақша реформасын жүргізудің екі формасы бар бірінші,
жаңа ақша жүйесін құру – ол алғашқыда металл ақша жүйесін
құрғанда, сонымен қатар мемлекеттік құрылым өзгергенде, яғни
отаршылық жүйе құлап, оның орнына отаршылықтан арылған саяси
тәуелсіз мемлекеттер пайда болғанда және 90 жылдардың басында
КСРО – ның орнына ТМД елдері құрылғанда бұл елдердің даму
ерекшеліктеріне байланысты өзіне тән жаңа ақша жүйесі пайда
болды.
Екінші, ақша жүйесінің кейбір элементтерін өзгерту, яғни жаңа
ақша өлшемін енгізу , баға масштабының , ақша түрлерін өзгерту.
Соғыс және революциядан кейінгі жылдары көптеген
мемлекеттер ақша айналысын тұрақтандыру мен экономиканы қалпына
келтірудің ең бір қажетті жолы ретінде мына әдістерді қолданады
: нуллификация , рестврация ( ревальвация ), девальвация және
деноминация.

• Нуллификация –ол құнсызданған ақшаны жойып, орнына жаңа
валютаны енгізу әдісі.
• Реставрация- ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляция туралы
Инфляцияға қарсы күрес
Инфляция экономикалық құбылыс ретінде
Инфляцияның экономикалық мәні және пайда болу себептері
Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясат
Сұраныс инфлияциясының өсуі
Нарықты реттеу әдістері
Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты
Қазақстандағы инфляциялық процесстер
Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестерді шешу жолдары
Пәндер