Құқықтық тәртіп мақсат ретінде және қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу нәтижесі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының экономикалық қылмыстық және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес агенттігі
(Қаржы полиция академиясы)

Мемлекеттік – құқықтық пәндер кафедрасы

Бағамдық жұмыс

Пәні: Мемлекет және құқық теориясы

Тақырыбы: Заңдылық және құқықтық тәртіп.

Орындаған: оқу тобының
тыңдаушысы
Тексерген: Мемлекеттік – құқықтық пәндер
кафедрасы оқытушысы
қаржы полициясы лейтенанты
Жұманбай Б.Б.

2005ж

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .3

1.Заңдылық түсінігі және оның негізгі белгілері ... ... ... ... ... ... ... ..4

2. Құқықтық тәртіп ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

3.Заңдылық, құқықтық мемлекеттегі қоғамдық өмір жағдайы ... ... ... 11

4.Құқықтық тәртіп мақсат ретінде және қоғамдық қатынастарды құқықтық
реттеу нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 9

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Кіріспе

Заңдылық – қолданылып жүрген құқық нормаларын оның барлық субъектілерінің
(мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың, азаматтардың, барлық жеке
және заңды тұлғалардың) қатаң және бұлжытпай сақтауы. Жұмыс істеуі
тұрғысынан алғанда заңдылық қызмет принципі ретінде, билікті жүзеге асыру
әдісі ретінде, қоғамдық – саяси өмірдің режимі ретінде, түрлі құқық
қатынастарына қатысушыларға қойылатын талаптар жүйесі ретінде қарастырылуы
мүмкін.
Заңдылықтың негізі заңдар болып табылады, яғни заң шығарушы жоғарғы
органдар қабылдаған нормативтік –құқықтық актілер, ең бастысы
бүкілхалықтық референдумда қабылданған және ең жоғарғы күші бар Негізгі
заң (Конституция) болып табылады. Сондықтан, заңдылықтың ең басты
белгілерінің бірі – нормативтік – құқық жүйесіндегі заңдардың жоғарылығы,
бұл заңдар және мемлекеттің өзге де актілері Қазақстан Республикасы
Конституциясына қайшы келмеуі тиіс.
Заңдылықтың жалпы кепілдіктері қоғамның экономикалық бостандық және ондағы
әл – ауқат деңгейі ( әлеуметтік – экономикалық кепілдіктері), мемлекеттің
құрылыстың конституциялық негіздерінің мызғымастығы және саяси режим
демократизмінің деңгейі (қоғамдық- саяси кепілдіктер); сөз және баспасөз
бостандығын қоса алғанда, идеологиялық плюрализм, зайырлы мемлекет
шеңберіндегі діни бостандық (идеологиялық кепілдіктер).
Бағамдық жұмыстың мақсаты заңдылық және құқықтық тәртіп қоғамда
алатын орнын көрсету.

1.Заңдылық түсінігі және оның негізгі белгілері

Заңдылық – бұл мемлекеттік – құқықтық шындықтың барлық элементтеріне еніп
кететін құбылыс. Оның мәні – қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқық
нормаларын қатаң, дәлме – дәл және бұлтартпай орындалуын, әрі ауытқымай
қолдануы. Әрине, заңдылық құқық нормаларына негізделінген. Олай
дейтініміз құқық нормасы жоқ болса заңдылық та болмайды деген сөз.
Бірақта, осындай қиын, күрделі, әрі көпқырлылы заңдылықты тек құқық
нормаларымен ғана байланыстырып түсіну қиын. Өйткені, құқық нормаларын
заңдылықтың элементтері ретінде қарау біздің ғылыми көзқарастырымызға
сыйыспайды, ол тек заңдылықты тудыратын алдыңғы табалдырығы ғана. Оның
мазмұнын толық түсіну үшін әрқилы жақтарына (аспектілеріне) назар
аударуымыз қажет. Заң әдебиеттерінде айтылғандарды топтастырып, оның
мынадай жақтарына көз жіберелік:
- заңдарды сақтауды талап ету;
- қоғамдық өмір режимі;
- мемлекеттік органдар мен жеке тұлғаның қызмет принциптері.
Заңдарды сақтауды талап ету жағынан қарасақ, заңдылық - бұл ең басты
талаптардың жиынтығы болып табылады. Біріншіден, бұл заңдарды оған
бағытталған (қатысты) адамдардың дәлме –дәл және бұлтартпай орындау
талабы. Екіншіден, заңдардың және басқа да нормативтік актілердің
иерархиялығын сақтау талабы. Үшіншіден, заңдарды шығарған органдардан
басқа ешкімнің де оны жоя ала алмайтындығы талап ету. Төртіншіден, құқық
қолдану актліренің заңдарға және басқа нормативтік актілерге сәйкестігін
талап ету.[1]
Заңдылық қоғамдық өмірдің режимі ретінде мемлекет органдарының
азаматтарымен өзара қарым – қатынасын анықтауға бағытталғандығынан
байқалады, әрі оларың мінез – құлықтары (тәртібі) заңға негізделініп іске
асырылады. Сондықтан заңдарды орындау міндеті екі жаққа бірдей болады, ал
заң жауапкершілігі олардың әлеуметтік- таптық (топтық) жағдайына және
билік дәрежесіне қарамастан заң алдында бірдей қылып теңестірген.
Демек, заңдылықтың негізі заңдар болып табылады, яғни заң шығарушы
жоғарғы органдар қабылдаған нормативтік –құқықтық актілер, ең бастысы
бүкілхалықтық референдумда қабылданған және ең жоғарғы күші бар Негізгі
заң (Конституция) болып табылады. Сондықтан, заңдылықтың ең басты
белгілерінің бірі – нормативтік – құқықтық жүйесіндегі заңдардың
жоғарылығы, бұл заңдар және мемлекеттің өзге де актілері Қазақстан
Республикасы Конституциясына қайшы келмеуі тиіс. Сонымен бірге халықаралық
шарттарға сәйкес болуы тиіс, өйткені соңғысының алдыңғылардан басымдылығы
болады әрі тікелей қолданылады (оны қолдану үшін заң шығару талап
етілетін жағдайлардан басқа реттерден).
Заңдылық режимі демократиялық саяси режимнің ажыратылмас бөлігі
болып табылады, себебі мемлекет білігін іс жүзіне асыру әдістемелері заңға
негізделінген.
Заңның жоғарылылығынан басқа да заңдылықтың белгілері бар, олар:
-заңдылықтың біртұтастылығы – еліміздің бүткіл аумағында Конституция
және өзге заңдар қолданылады, ал жергілікті өкілді және басқару
органдарының актілері тек өз аумақтары шегінде қолданыс табады, сөйтіп
олар Конституцияға, әрі заңдарға келмеуі тиіс.
Заң алдында барлығының теңдігі - әрбір адам лауазымдық, мүліктік,
әлеуметтік жағдайларына, ұлттық және діни көзқарастарына қарамастан заңмен
бірдей қорғалады және барлығы да бірдей заңдарды сақтауға, орындауға,
қадірлеуге міндетті.
-Құқық бұзғандығы үшін әркім де заң жауапкершілігінсіз қалмайды дген сөз
кез келген құқықбұзушылық дер кезінде ашылуы, оған кінәлі адам міндетті
түрде жауапқа тартылуы тиіс.
-Заңдылықты қажеттілікке қарсы қоюға жол берілмейтндігі – заңдарды сақтау
қажеттілігіне арқа сүйеп, қандай да болмсын одан ауытқуға бомайтындығын
білдіреді. Демек, сәл ғана болса, да заңдылықты бұзуды ақтауға
болмайтындығы.
-Заңдылық пен мәдениеттің тығыз байланыстылығы. Заңдылық режимі қоғамдағы
жалпы, әсіресе, құқықтық мәдениеттің алыптастауға көмектеседі.
Заңдылықты түсінуде заңдылықтың субъектісі мен объектісі жөніндегі
ұғымдар басты роль атқарады.
Заңдылықтың субъектісі болып мемлекеттік органдар және олардың
лауазымды адамдары, азаматтар және олардың қоғамдық ұйымдары табылады. Заң
тұжырымдарын қатаң орындау талаптарын қоя алатындардың барлығы да
заңдылықтың субъектісі болып саналады. Сондықтан, осындай субъектілердің
қатарында мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарынан басқа да
азаматтардың өздері де бар, өйткені бұлар бір –бірне талаптар қоя алады.
Заңдылықтың объектісі болып субъктілердің қызметі (мінез-құлық) табылады.
[2]
Солай бола тұрса да заңдылықты қамтамасыз ететін кепілдіктер де
қажет. Заңдылық кепілдігі дегеніміз құқық тұжырымдарын сақтауды және оны
өмірге енгізуді қамтамасыз ететін құралдар мен жағдайлар. Оған:
1) әлеуметтік – экономикалық, яғни қоғамның экономикалық дамуының
дәрежесі, оның тұрмыстық әл – ауқатының деңгейі, меншіктің әр түрлілік
және т.б.;
2) саяси, яғни қоғамның демократиялық дәрежесі, қоғамның саяси жүйесінің
тұрақтылығы, саяси әр алуандығы және т.с.с.;
3) мәдениеттік (идологиялық), яғни қоғамдағы адамгершілік тәрбиенің
деңгейі, азаматтардың арсында заң білімінің тартылуы және т.б.:
4) арнаулы – заңдық, яғни құқықтық талаптарды бұзушылықты алдын алып
ескерту және болдыртпау мақсатында қолданылып жүрген заңдарда
көрсетілген құралдар. Бұған жататындар: заңдарды жетілдіру, бақылау,
қадағалау шарттары қорғау шаралары, жауаптылық шаралары, т.б.
Сондықтан, заңдылықтың бірнеше анықтамасын беруге тура келеді:
1. Заңдылық – бұл құқық қатынастарына қатысушылардың құқықтық норманы
дұрыс сақтауын, орындауын, пайдалануын және қолдануын айтамыз.
2. Заңдылық – бұл осыларды орындаудың принципі немесе талабы.
3. Заңдылық – бұл қоғамды басқарудағы мемлекеттік әдістемелік, әрине, бұл
құқық тұжырымдарын жаппай орындауға негзделген.
4. Заңдылық – осындай орындауға нгізделген қоғам өмірінің режимі.
5. Заңдылық деп мемлекет аумағында қолданылып жүрген барлық
нормативтік құқықтық актілерді бүкіл құқық субъектілердің дәлме –дәл,
қатаң және бұлжытпай сақтауларын және орындауларын айтамыз.
Заңдылықтың жай- күйіне әр түрлі фактілер ықпал етеді, солардың ішінен
мыналарды атауға болады:
1)тұлғаға қатысты факторлар, яғни құқыққа қатысты құқық білімінің
деңгейі, құқықтық мінез-құлықтың (тәртіптің) мотиві, тұлғаның
психологиялық қасиеті, және т.б.
2) ішкі ортаға қатысты факторлар, бұл дегеніміз елдің экономикалық
жағдайы, әлеуметтік – саяси жағдайы, мемлекеттік органдардың қызметінің
ұйымдастырылу жағдайы, заңдарды жетілдіру деңгейі, т.с.с.;
3) нақты өмірлік жағдайды анықтайтын факторлар, яғни мінез- құлық
варианттарын (құқыққа сай және құқыққа қарсы) қалаған уақыттағы тұлғаның
нақтылы жағдайларға түсуі.
Заңдылықты құқықтық тәртіптен ажыратуымыз керек. Егер заңдылық
құқықтық нормаларға негізделсе, ал құқықтық тәртіп, әрине, заңдылыққа
негізделген.

2. Құқықтық тәртіп

Құқықтық тәртіп – бұл заңдылыққа негізделіп, құқықпен реттелінген
қоғамдық қатынастардың нақтылы жағдайы. Осыдан келіп, құқықтық тәртіп,
дегеніміз- бұл заңдылықтың нәтижесі. Оның ерекшелігі мынада: ол,
біріншіден, құқық нормаларында көрсетілген; екіншіден, құқық нормаларын
іске асырғаннан кейін пайда болады; үшіншіден, мемлекеттің (күшімен)
құралдарымен қамтамасыз етіледі; төртіншіден, азаматтардың өмірлік
қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасалынады; бесіншіден, заңдылықтың
қорытындысы болып табылады.
Құқықтық тәртіп мемлекеттік қызметтің ең маңызды мақсаты, өйткені
тұлғаның бостандық дәрежесі, олардың құқықтары мен бостандықтарының
шындығы, сонымен бірге демократияның дамуы және жалпыадамдық құндылықтың
салтанатты оған байланысты.[3]
Құқықтық тәртіп қоғамдық тәртіптің негізін қалайды. Осы екеуінің
арасында айырмашылық құқықтық тәртіп құқық нормаларының талаптарын іске
асыру кезінде пайда болса, ал қоғамдық тәртіп бүкіл әлеуметтік нормалар
жүйелерінің құқық нормалары, адамгершілік нормалары, қоғамдық ұйымдардың
нормалары, адамгершілік нормалары, қоғамдық ұйымдардың нормалары, әдет-
ғұрыптар, дәстүрлер іс – қимылдарының нәтижесі. Сондықтан қоғамдық
тәртіптің ұғымы құқықтық тәртіп ұғымына қарағанда кең мағынада
түсіндіріледі. Бұдан келіп туындайтын қортынды: кез келген құқықтық
тәртіпті бұзушылық (құқықбұзушылық) сонымен бірге қоғамдық тәртіпті
бұзушылық болып табылады. Бірақта құқықтық тәртіп бұзылмаса да, кейбір
жағдайларда қоғамдық тәртіп бұзылуы мүмкін. Құқықтық тәртіп мемлекет
тарапынан қорғалады, ал басқа әлеуметтік нормалардың (құқықтық емес),
мысалы, дәстүр, мораль бұзылуы қоғамдық шараларды қолдауға (мемлекеттік
ықпал етуден өзгеше) әкеп соқтырады. Мысалы, адамның әдепсіз қылықтары
қоғамдық тәртіпті бұзуға әкелсе оған тек қоғамдық айыптау, сөгіс қолдануы
мүмкін.
Сөйтіп, құқықтық тәртіп дегеніміз құқық субъектілерінің мемлекет
аумағындағы қолданылып жүрген барлық құқық нормаларын сақтау мен
орындауға негізделген қоғамдық қатынастардың ықшамдалған жай –күйі.
Егер заңдылықтың нәтижесі құқықтық тәртіп болса, ал қоғамдық тәртіп- бұл
тәртіптің нәтижесі.
Тәртіп дегеніміз қоғамдағы қалыптасқан құқық нормалары мен моральға,
сонымен қатар қандай да болмасын ұйымдардың талабына сай келетін
адамдардың нақтылы мінез – құлық тәртібі.
Тәртіп өз ұғымында мынадай түрлерді қамтиды:
1) мемлекеттік – бұл мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талаптарды
орындауға байланысты тәртіптің ерекше бір түрі;
2) еңбектік – бұл ұжымдағы нақты ішкі тәртіп ережелеріне бағынуға
байланысты еңбек қатынастарына қатысушыларға қойылатын талаптар;
3) әскери – бұл әскери қызметшілердің жарғылардағы, бұйрықтардағы, т.б.
ережелерді орындау.
Мемлекеттік тәртіптің өзге де түрлері бар, айталық, қаржылық,
жоспар, шарттық, технологиялық, т.б.
Демек, тәртіп – бұл заңдылыққа қарағанда өте кең мағыналы ұғым, өйткені
ол тек құқық нормаларын ғана емес, одан туындайтын, қосымша әлеуметтік
мінез – құлық нормаларын сақтау, - деген сөз.

3.Заңдылық, құқықтық мемлекеттегі қоғамдық өмір жағдайы

Қоғамдық өмірдің тұрақты құбылысы ретінде, заңдылық өркениетті қоғамда
пайда болады құрылды, оның заң алында шын теңдікті қамтамасыз ететін
қабілетті болуы қажет. Ондай жағдайлар, көбірек базарлық экономикамен
құрылады, себебі жеке меншік бостандығы барлығына бірдей мүмкіндік
туғызады.
Материалдық игілік өндіру ортасында, өндірушілерді бірдей пайдалы
жағдайға жетуді қамтамасыз ету – құқықтық мемлекеттің басты міндеті.
Мүліктік теңсіздік заңдармен жасалмайды, тек әр адамның табиғи
мүмкіндіктеріне байланысты болады. Сондықтан, әзірше қоғамда адамдардың
теңсіздік жағдайы материалдық игілік өндіру аясында және рухани бағалықта
орын алып отырғанына байланысты, олардың заң алдындағы теңдігін және
заңдылық туралы айтуға болмайды.
Мемлекетпен шығарылған заңдарды сақтау талабы баяғыда, өте ерте
кезде белгіленген. Римнің заңгерлері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қоғамдағы заңдылық және құқықтық тәртіп
Құқық және заңдылық, құқықтық тәртіп
Құқықтық реттеу механизмінің түсінігі
Құқық және мемлекеттік - құқықтық. Құбылыстардың негізгі түсінігі
Құқықтық норманың жалпы түсінігі, құрылымы мен түрлері
Құқықтық реттеу механизмнің жалпы түсінігі, элементтері
Тұрғылықты халықтың мемлекеттің құқық шығармашылығына қатысуы қай кезеңнің болмасын негізгі мәселесі
Әкімшілік қызметтегі заңдылықты қамтамасыз етудегі өзекті мәселелер
Құқықтық нормалардың белгілері
ЗАҢДЫЛЫҚ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТӘЖІРИБЕ
Пәндер