ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР КУРСОВАЯ

ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ 3

1. ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ 4
2. МЕНШІК ИЕСІ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРЫ 11
3. ҚАЗАҚТАРДЫҢ ӘДЕТ-ҒҰРЫП ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ 21

ҚОРЫТЫНДЫ 25
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 26

КІРІСПЕ

1. ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ

1. Заттык КҮКЫҚ деп белгілі бір түлғаның өз карамағындағы жеке
заттарға үстемдік (қожалык) етуін айтады. Әдетте адам-ның затқа катынасы
әртүрлі болады, біріншіден, ол сол заттын меншік иесі, екіншіден, оны
иеленуші, үшіншіден, езгенің за-тын меншіктену құкығын еншілей алады1.
Олардын ара жігі занда өзіне тән ерекшеліктерімен айкындалады.
Азаматтык кодекс жүйесінде қүқықтың өзі меншік қүкығы және басқалай
заттык қүқык болып бөлінеді. Онын соңғысы-на жерді пайдалану қүқығы,
шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару күкығы және басқа да заттык
күқықтар (мы-салы, сервитуттар) жатады.
3 жылы қабылданған Азаматтық кодексте заттық кұкық деген түсінік
болған жоқ. Әрине, оның мәнісін де түсіну қиын емес, өйткені кеңестік
Азаматтық кодекс түлға мен затты, меншік иесі мен меншік объектісін
байланыстыратын кұкыкты елемеді.
Азаматтықкодексте меншік құқығы заттык кұкыктың жал-пы жүйесіндегі
негізгі күқык институты бола түрса да, түптеп келгенде ол заттық күқыктың
бірі болып саналады. Заң шыға-рушы затқа ауыртпалық түсірумен қатар оған
өкілеттілікті жүктейді. Мысалы, езге затгык қүқықтың субъектілері сол зат-
тың меншіктен туатын ауыртпалығын кәтерді немесе белгілі бір адамға меншік
иесінін. қүдығын жүзеге асыру өкілеттігі беріледі. Барлық заттыққүкықтарға
— меншік құкығына, сон-дай-ақ басқа да заттық қүқықтардың табиғатына тән
нәрсе, олардың шексіз (абсолютті) қүқықтар қатарына жататынды-ғын айту
керек. Ал қүқықпен коғам мүшелерінің бәрі бірдей шексіз (абсолютті)
корғалады. Мысалы, азаматтың меншігіндегі машинаға ешкімнін тиісуге қүкығы
жоқ.
Цивилистика ғылымында зат адам еңбегімен жасалған, сон-дай-ақ табиғи
күйінде кездесетін физикалық дене және адам-ньщ пайдалануына болатын сыртқы
материалдык дүниенің нәрсесі деп түсіндіреді2.
Сонымен, заттық құқық дегеніміз — өкілетті жақтың неме-се өзге
жақтардың заң актілері арқылы танылатын және қор-ғалатын белгілі бір жақка
немесе (жақтардың жиынтығына) тиесілі әртүрлі заттарға өз қалауы бойынша
тікелей үстемдік (қожалық) ету қүқығы болып табылады3.
1 Затгық құқық барлық құқық жүйелеріне тән. Мысалы, Францияның
Азаматтық кодексінде мынадай заттық қүқыктар бар: меншік кұкііғы. узуф-
руктқұқығы, пайдалану және баспаналау, сервитутқұқығы, кепілдін ір
түрлері.
3 Әдебиетте затгық құқықтың басқа да анықтамалары бар. Мысалы, Ю.К.
Толстой затгық құқыкка мынадай анықтама береді: "Заттык құқық деп
шаруашылық жүргізу жүйесіндегі затқа тікелей ықпал ету жолымен өкілетті
түлғаныц \(үддесін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін қүкықты айтамыз."
Цражданское право. Учебник. Ч.І. Подред. А.П.Сергеева, Ю.К.Толстого, 326-
OCT.) '
2. Кеңес зандарында затгық қүқық ережелері әрқилы бол-ды. РСФСР-дің
1922 ж. қабылданып, Қазақстан Республикасы аумағьшда 1964-жылға дейін
қолданылып келген Азаматтық кодексінде заттық қүқықтың бөліщері болған еді.
Ол меншік құқығы, кұрылыс салу құқығы және кепіл кұкығы деп бөлінді. Мұндай
белудің өзі иелену құқығының, меншік кұкығы мен басқа біреудің заттарын
иелену құкығының классикалык турінен біршама ерекшеленді. Алайда, бұдан
былай заттық құқыкты дамыту шектеліп қалды. Оған РСФСР-дің 1922 ж.
қабылданған Азаматтық кодексінен затты нактылы иеленуді алып тастауы
(меншік құқығымен әркез сәйкес келмеуіне бай-ланысты) оның дамуына кері
әсерін тигізді. Екіншіден, бірқатар объектілердің айрықша мемлекет
меншігіне айналуы да (жер және басқа табиғи ресурстар) оған себепкер болды.
Заң зат-тарды қозғалатын және қозғалмайтын деп бөлуді қабылдамай тастады.
Демек, заттар өндіріс құрал-жабдығы және тұтыну заттары деп белінетін
жағдайға жетгі де, ал жердің тек мемле-кет меншігіне ауысуымен
түсіндірілді. Міне, совдыктан да 1964 жылғы Азаматтық кодексте заттық құкық
арнайы бекітілмей каяды, оған тек "Меншік кұкығы" деген бөлім енгізілді,
бүл, сайып келгенде, социалистік меншікке қолайлы жағдай туғы-зу үшін
жасалған болатын.
Жаңа Азаматтық кодексте заттык кұқық меншік құқығы нормалары ретінде
көрініс тапты, мұның өзі оның бұл құқықтармен заңдық табиғаты жағынан
біртұтас екендігін дәлелдейді Әрі бұл нормаларға тек аталған құқык еніп
қана қоймай, сондай-ақ өзге де меншік түрлері, мысалы, меншік иесі болып
табылмайтын адамдардың заттық құкықтары бекітілді (АК-тің 194және 195-
баптары).
Азаматгык кодекстің "Иелену мерзімі"1 деп аталып 240-бабы
негізіндеиелену мен пайдаланудың жаңа заттык құкығы пайда болды. Біздің
ойымызша, енді иелену қүкығының екі түрін бөліпқарауымыз керек: а) АК-тің
188 және 194-баптарына сәй-кес меншік иесінің езіне берілетін мүлікті
иелену күқығы және меншік иесі болып табылмайтын адамдардың заттьгк құқыкта-
ры (АК-тің 195-бабы); ә) мерзімдік иелену күкығы, яғни мү-
1 Мұвдай дербес иелену бұрынгы орыс цивилистикасындя "Өзіне иеле-ну"
деп аталды. Мұндай иелену айтарлықтяй дербес, бұл өзі меншік кұқығына жата
қоймайды, бірақ меншікке жакын басқаға берілуі де мүмкін, тіітгі иелему
мерзіміне орай нағыз меншікке айналып кете алады, яғни уақытына байланыс-ты
бастапқьі түрін ауыстырады (Анненков К. "Система русского грмждаиского
права", Т.2., 1900., 517-бет. "Әзіне иелену" Наполеон Кодексінің 2230-
бабында каралған).
ліктің меншік иесі болыптабылмайгын мүлікті АК-тің 240-ба-бының
шарттары сақталса, бірақ өзінің жеке қозғалмайтын мүлкіндей 15 жыл
бойы,неөзгемүліктікемдегенде5 жыладал, ашық және үдайы иеленген азамат
немесе завды тұлға мүлікке меншік құқығын (иелену мерзімін) алады.
3. Заттық құкықтар женіндегі тиісті нормаларды екшей оты-рып, оның
бірқатар белгілерін атап өтелік: занда бекітілген заттық құқықтың шектелген
шеңбері; заттық қүкықтардың шексіздігі (абсолюттік күқьіқ): затқа тікелей
үстемдік ету; зат-пен үздіксіз байланыс жасау; осыдан келіп "қүкык
жалғасуы" өкілеттігі шығады; затты алудың занды тәсілдерінің нақтылы және
қорғау нысанының ерекшелігі.
Заттық қщықтың тізбе шеңбері заңның езімен айқындал-ған (АК-тің 188,
194, 195-баптары), яғни тұлғалардьщ өз бет-терімен заттық құқықтың жаңа
түрлерін жасауға хақысы жоқ. Айта кететін жайт, заттық құқықтың аясы тек
Азаматтык ко-декспен шектеліп қалмай, бүл кодекске енгізілмеген кейбір
заттық қүқықтар басқа зандарда көрініс табуы мүмкін.
Заттыщ қщық шексіз (абсолюттік) қщық түрінде сипатта-лады. Демек, бұл
барлық басқа субъектілердің аталған құқык өкілетгілігін жүзеге асыруына
бөгет жасамау міндетін алға тар-тады. Шексіз (абсолюттік) құқыққа мазмүны
жағынан кара-ма-қарсы түрған міндеттемелік қүқық. Бүл құқық бойынша
міндетті болатын бір ғана жақ немесе бірнеше жақтар. Бүл қүқықтьщ сол
мівдетті болған субъектіге не міндетті субъек-тілерге ғана күші бар,
совдықтан бұл міндеттемелік қүқықты бұзатьш тек солар ғана. Мысалы,
мәмілегенегізделген қүқык-тардың бәрі де міндеттемелік қүқық болып
табылады. Бүл қүқықтарды орындауды мәміле бойьшша сол міндеттерді мой-нына
алушылардан ғана талап етуге болады. Мысалы, затты беру, белгілі бір
жүмысты орывдау, т.т. міндеттер. Заттық қүқык басқа құкьіқтардан өзінің
объектісімен ерекшеленеді. Заттық қүқықтың объектісіне жеке дара белгілі
бір мүліктер жатады. Бір-біріне тектес заттар, сондай-ақ материаддық емес
өзіндік игіліктер затгық қүқықтьщ объектісі бола алмайды. Өйткені, заттық
қүқыктың өзіне тән қасиеті басқа біреудің иелігінен затты қайтару болып
табылады әрі бұл затты сыйға беруге бол-майды1, заттай жүзеге асады.
Екінші жағынан алғавда, заттық құқықтың шексіз (абсо-лютті) сипаты
басқа адамдармен қатынасқа түскенде айқын көрінеді. Мәселен, олар меншік
иесінің кұқығына кол сүқпауға міндетті. Демек, заң меншік құкығын қорғай
отырып, азамат-тарға өз құқығын жүзеге асыруға бөгет жасамауына жағдай
жасайды. Мысалы, меншік иесінін затты иелену немесе пайда-лану құкығына
заңсыз түрде бөгет жасау әрекеттерінің бәрі де жоғарыда айтылған міндетті
бүзушылық болып табылады.
Заттык құқықтың маңызды белгісі оның затқа тікелей үстемдік етпуі
болып табылады. Мұның өзі кұкық объектісі араға үшінші бір адамды салып
үстемдік етпейді дегенді білдіреді1. Бұл арада затқа үстемдік толық күйінде
болуы мүмкін, ал кейде заттык қүқыктың шектелуіне орай шектел-ген түрінде
де кездеседі.
Заттық кұқықтың тағы бір ерекшелігі заттың иесі мүлкін басқа біреуге
берген кезде өзінің қщыгы иеленушіретінде сақ-талып қалатындыгы деуге
болады. Азаматтық кодекстің 188-бабына сәйкес меншік иесі өзіне тиесілі
мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекетгер жасауына, соның
ішінде мүлкін басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, бірақ
өзі меншік иесі больш кала беруіне құқылы. Басқаша айтқанда, мүлікке меншік
қүқығы сақталады. Егер зат заңсыз иеленген болса, онда ол виндикацияланады,
яғни меншік иесі өзінің зансыз иеленген өз мүлкін талап етуге кұкылы. Мыса-
лы, кепілге салынған мүлікке құқық басқа түлғаға кұкықты ми-
расқорлықтәртібіменкөшірілгевдекепі л сақталады (АК-тін 323-бабы). Затгык
құкьіқ мекемені меншіктену құкығы басқа адам-ға ауысқан кезде бұл мекеме
өзіне тиесілі мүлікке оралымды билік жүргізу кұқығының сақталып калуына
байланьгсты зят-тық құқық та сақталады (АК-тің 208-бабы).
Занда заттық құқықтың затты алудың занды тәсілдерінің нактылығы (АК-
тің 7-бабы 4-тармақшасы, 198-203-баптары) мен қорғау нысанының ерекшелігі
(АК-тің 260-261-баптары) көрсетілген.
4. Заттық қщықтың түрлері. Заттық қүкық екі үлкен топ-ка бөлінеді:
меншік қүқығы және меншік иесі болып табыл-майтын тұлғаның заттық күкығы2.
Азаматтық кодекстің ] 95-бабында заттық қүкыктың үлгі тізімі келтірілген,
бірак, онда бөрі бірдей қамтылмаған. Заттык күқыққа меншік күкығымен қоса
жерді пайдалану қүқығы, шаруашылык жургізу құкығы, оралыщы басқару кұкығы,
басқа да заттық қүкықтар жатады.[1]
Өзге заттық қүқыққа мекеме және қазыналық кәсіпорынның мүлікке билік
етуде қатысты болуы мүмкін (АК-тің 206-бабы). Сондай-ақотбасы
мүшелерініңтұрғын үңді паңдалану қүқығы ("Түрғын үй қатынастары туралы" ҚР
Заңының 22-бабы) және жер қойнауын пайдалану құқығы ("Жер туралы" Қазақстан
Республикасының Заңы, 2-бөлім), тағы басқалар заттык күқык-қа қатысты бола
алады.
Олардың субъектілеріне тән нәрсе, оны иеленіп, пайдала-нып, билік
еткенімен, мүліктің меншік иесі бола алмайды. Шаруашылық жүргізуге кұқығы
бар мемлекеттік кәсіпорын-дар, егер заң актілерінде өзгеше көрсетілмеген
болса, кәсіп-орынньщ меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген мемлекеттік
органның келісімінсіз кәсіпкерлік қызметтің мына түрлерін жасауға: 1) өзіне
тиесілі үйлерді, құрылыстарды, жабдықты және кәсіпорыннын, басқа да негізгі
қорларын өзге адамдарға сатуға және беруге, айырбастауға, ұзақ мерзімді (үш
жылдан астам) жалға беруге, уақытшатегін пайдалануға беруге; 2) фи-лиалдар
және еншілес кәсіпорындар құруға, жеке кәсіпкермен бірге кәсіпорындар мен
бірлескен өндірістер қүруға, оларға өндірістік және акхпа капиталын салуға;
3) жекекәсіпкерлерге қарыз беріп, олар бойынша Қазақстан Республикасының
¥лттық банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми став-касынан төмен
сыйақымен (мүддемен) төлетіп алуға; 4) үшінші тұлғалардың міндеттемелері
бойынша кепілдеме немесе кепілдік беруге кұқығы жоқ (АК-тін, 200-бабы 1-
тармағы).
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде заттық қүқықтың
жіктелуі (классификациясы) толық түрде берілме-ген.1 Әдебиетте
заттыққүқықтарды дәрежелеуге үмтылыс бар. Айталық, Ю.К.Толстойқұқықты
мынадайтүрге бөледі: белгілі бір мүлікке катысты кұқық (мысалы, жер
учаскесіне); белгілі бір адамға қатысты қүқық (мысалы, бөтен адамның үйінде
өмір бойы тұру қүқығы); жария мүддеге байланысты бекітілген қүқық (мысалы,
жария сервитуттар); жеке мүддені корғау үшін бекітілген қүкык (мысалы, жер
учаскесін өмір бойы мұра-герлікпен иелену); белгілі шектелген қатынаста
бөтеннің за-тын пайдалануға берілген кұқық (мысалы, сервитуттар);бөтеннің
затына билік жасауға берілген құқык (мысалы, ипо-тека).1
Л.В.Шенникова заттық қүқыкты өзінше жіктеп, оны мына-дай топтарға
бөледі: 1) меншік иесінің мүлкіне шаруашылык жүргізуге занды тұлғалардын,
заттық құкығы; 2) азаматтардың мүлкін белгілі бір іпектеу шегінде
пайдаланатын сервитуттык түрдегі құкык; 3) ұйымдар мен азаматтардың жер
учаскесін пайдаланудағы заттык қүқыктары; 4) мүліктің кепілі туралы
шарттағы кепіл ұстаушының өкілдігі2. Заттык құқыктардың бұдан баска да
түрлері өр жағдайда кездесуі мүмкін (сот шеші-мімен, шарт бойышпа және
т.б.).

2. МЕНШІК ИЕСІ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРЫ

1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан — 2030" деп
аталатын халыққа Жолдауында жеке меншік инсти-тутгары жерге меншік арқылы
беки түсетіндігі, сондай-ақ меншік құкығын қорғайтын зандық жүйелердің
құрылатын-дығы айтылған.
Меншік күкышның заңдық жүйесін құру меншік иесі бо-лып табылмайтын
адаэдцардың қүқылық тәртібін бекітіп, та-ғайывдамайьшша мүмкін болмайды.
Бүл орайда әңгімемізді жерді пайдалану мен сервитутқа қатысты заттық
құқықтан бастамақшымыз. Шаруашылық жүргізу құқығы мен оралымды басқару
күқығы "Мемлекеттік меншік құкығы" тарауында қаралады.
Жерді пайдалану құқығы — заттық құқық бүрынғы Кеңес азаматтық
завдарывда жерді пайдалану кұқығы заттық құкық больш есептелмеді. Қазақстан
Республикасының "Жер тура-лы" Заңымен жер пайдалану күқығына заттық күқық
берілді (Заңньщ 20-бабы). Бүл орайда меншік құқығынан баска жер учаскесін
және меншіктегі уақытша пайдалану құкығы, сер-витуттар және басқа да заттық
қүқықтар пайда болды. "Жер туралы" Заңның 5-бабы 4-тармағына сәйкес жерді
пайдалануға байланысты меншік күқықтар азаматтық зандардың нормала-рымен
реттеледі, әрине ол "Жер туралы" Заңға қайшы келмеуі тиіс. Заң сондай-ақ
"Жерге меншік құкығы, жер пайдалану құқығы және өзге де затгық күқықтар"
деп аталатын арнайы бөлімді енгізген (Заңның П-бөлімі).[2]
Жерді пайдалану құқығы дегеніміз — тұлғаның мемлекеттік меншігіндегі
жер учаскесін өтеулі және (немесе) өтеусіз негізде мерзімсіз (жерді тұрақты
пайдалану) немесе белгілі мерзім ішінде (жерді уақытша пайдалану) иелену
және пайдалану қүқығы.
Бұл анықтамада айтылғавдай, жерді пайдалану құқығынан жеке меншік
құқығы негізгі ерекшелікке ие. Өйткені, жеке меншік иесі жер учаскесін
иеленеді, пайдаланады және оған билік етеді, ал жерді пайдаланушы болса
берілген учаскеге ғана иелік жасап, пайдаланады. Ал жерге билік ету менщік
иесі ретінде мемлекетқұзырында болады. Оның үстіне заң жер пай-даланушыға
жерді белгілі бір шекте пайдалану құқығын береді.
Жер пайдалану субъектілері азаматтар мен занды тұлғалар болады. "Жер
туралы" Заңның 22-бабына сәйкес:
1) мемлекетгік және мемлекеттік емес;
2) ұлттық, шетелдік;
3) жеке және заңды тұлғалар;
4) тұрақты және уақытша;
5) бастапқы және кейінгі болып белінеді.
Мерзімі бойынша жер пайдалану түрақты (мерзімсіз) және уақытша болады.
Жерді түрақты пайдалану құқығындағы жер учаскелері мына мемлекеттік
жер пайдаланушыларға: 1) кондоминиум объектілеріндегі үйлерді
(құрылыстарды, ғимараттарды) үй-жайларды шаруашылық жүргізу құқығымен
немесе оралымды басқару кұқығымен иеленетін заңды түлғаларға; 2) ауыл ша-
руашылық және орман шаруашылығы ендірісін жүзеге асы-ратын занды
түлғаларға; 3) ерекше қорғалатын табиғи аумақ-тар жерінде жер пайдалануды
жүзеге асыратын занды түлға-ларға; 4) заң актілері көзделген өзге
жағдайларда беріледі. Түрақты жер пайдалану қүкығы шетелдік жер пайдаланушы-
ларға тиесілі бола алмайды (Занның 27-бабы).
Жерді уақытша пайдалану қүқығы қысқа мерзімді (5 жылға дейін) және
үзақ мерзімді (5 жыддан 49 жылға дейін) болуы мүмкін. Бастапқы үзак
мерзімді ақылы жер пайдалану кұкығы бар мемлекеттік емес жер пайдаланушылар
егер занда өзгеше белгіленбесе, өздеріне тиесілі жер учаскелерін (немесе
олар-дың бір бөлігін) жалға (кіші жалға) немесе өтеусіз уакытша жер
пайдалануға беруге, сондай-ақ өздеріне тиесілі уақьітша жер пайдалану
күқығын иелігінен шығаруға кұқылы. Жер пай-далану күқығы былайша: 1) жер
пайдалану қүхығын беру; 2) жер пайдалану күқығьш тапсыру; 3) жер пайдалану
кұкьі-ғьшыңәмбебапқүқыктықмирасқорл ықтәртібімен (мұраға қалдыру,
зандытұлғаны қайга ұйымдастыру) ауысуы арқылы пайда болады. Жер пайдалану
құқығын беру басқа біреуге тапсыру жөне оның ауысуы жер учаскесінің
нысаналы мақсатын еске-ре отырып жүзеге асырылуы тиіс.
Жер пайдалану құқығының объектісі дегеніміз — жекеле-ген жер
пайдаланушыға занды бекітілген тәртіп бойынша берілген жер учаскелері болып
табылады. Жер учаскесінің құқық объектісі ретінде белгілі бір аумағы, нақты
мекені және сыртқы шекарасы болады.
Жер учаскелері өзінін. құқыктықтәртібі бойынша жер пай-далану
объектісі ретінде шаруашылык бағыты, нысаналы мақ-сатты пайдаланылуы, жер
пайдалану субъектісі, жерді пайда-лану құқығының түрлеріне орай (тұрақты
немесе уақытша, иеліктен шығарылатын немесе шығарылмайтьш, өтеулі немесе
өтеусіз алынатындығына байланысты) бір-бірінен ерекше-ленеді. Жер
пайдаланудың өзінетән объектісі жалпы жер пай-даланудағы жер үлесі болып
табылады. Жер үлесі дегеніміз — учаскесіне қүқықтар мен міндеттерге басқа
түлғалармен бірге қатысудың Жер туралы Занда және өзге де заң актілерінде
белгіленген жағдайлар мен шартгарда бөлінуі мүмкін сан жа-ғынан анықталған
үлесі болып табылады.
Жер пайдаланудың маңызы Азаматгық кодекстің 195-бабы 2-тармақшасында
айқындалған. Жер пайдалану құкығына бай-ланысты болатын ерекшеліктер жер
пайдалану құқығының кімде болуына катысты келеді. Мемлекеттік жер пайдалану-
шылар шаруашылық жүргізуге жерді алғаннан сон жер учаскесін иеленіп,
пайдалануға күқык алады, оның өзі мақсат-ты пайдалану шеңберінде жүзеге
асады әрі ол жер бөлу акті-сінде керсетіледі. Ал негізгі билік мемлекеттің
қолында қала береді. Жерді алып, оралымды басқаруға қүқығы бар жер пай-
даланушылар, совдай-ак жер учаскесін иеленеді және оны пай-даланады, бірақ
билік тізгіні мемлекетте де, сонымен бірге меншік иесі болып табылатын
мемлекеттік емес занды тұлға-ларда да болады. Сонымен, мемлекеттік жер
пайдаланушының өзіне тиесілі жер пайдалану қүкығын окдіаулауға, сондай-ақ
кепілдікке беруге хақысы жоқ, бүған жер учаскесінде орна-ласқан жылжымайтын
мүлікті белгіленген тәртіппен оқшау-лауға не оның кепілдікке берілуіне
байланысты жағдайлар қосылмайды. Мемлекеттік жер пайдаланушы өзінің қарауын-
дағы жер учаскесін үзак мерзімді жалға беруіне болады, бірак бұл ораңда
алдымен екілетті орган ретінде мемлекеттен келісім алуытиіс, ал
өзінетиесілі жер учаскесін біреугетегін пайдалануға беруіне мүлдем рүқсат
етілмейді, бүл тек қызмет бабына орай жер учаскесін бөлгенде ғана мүмкін
болады.
Жер учаскесіне заттык күқықтар осы учаске шекарасын-дағы, яғни
аумағындағы топырактьщ үстіңгі қабатгарына, тұйық су тоғандарына, орман
ағаштарына қолданылады.
Егер "Жер туралы" Заң мен өзге заң актілерінде өзгеше белгіленбесе,
жер пайдаланушылардьщ: 1) жер учаскесін оның мақсатынан туындайтын мақсатқа
пайдалана отырып, жерде дербес шаруашылык жүргізуге; 2) ауыл шаруашылык
және өзге де дақылдар егістеріне және отырғызылған көшеттерге, өндірілген
ауыл шаруашылық өнімі мен жер учаскесін. пайда-лану нәтижесінде алынған
өзге де өнімді және оны өткізуден түскен табыска меншік, шаруашылық
жүргізу, оралымды бас-қару; 3) өз шаруашылығының қажеттері үшін жер
учаскесінде бар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заттық құқықтың белгілері
«Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы»
Заттардың ұғымы және оны саралау
Азаматтық құқықтар объектілерінің ұғымы мен түрлері
Азаматтық құқық пәнінен лекция тезистері
Меншік және меншік құқығы
Азаматтардың меншік құқығы
Интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне тән белгілердің теориялық аспектілері
ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУ
Меншік иесі болып табылмайтын тұлғалардың заттық құқықтары
Пәндер