Жеке адамға қарсы қылмыстардың ішіндегі адам өлтірудің қылмыстық құқықта алатын орны
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ
ҰЛТЫҚ ҚҰҚЫҚ факультеті
Қылмыстық құқық және криминалогия кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Сараланған қасақана кісі өлтіру
(96-бап 2-тармағы)
кафедра оқытушы: Абдрахманов Е.М.
орындаған: Кендырбаева Л.А
топ: КПО-211
АЛМАТЫ
2006жыл
Жоспар
І Кіріспе 3
Негізгі бөлім 5
1-тарау. Жеке адамға қарсы қылмыстардың ішіндегі адам өлтірудің қылмыстық
құқықта алатын орны 5
2-тарау. Қасақана адам өлтіру қылмысың жалпы сипаттамасы 6
3-тарау. Қасақана адам өлтіру қылмысының сараланған түрі 12
Қорытынды 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 30
І Кіріспе
Адам өлтіру (96, 97, 98, 99, 100-б.)
Объектісі басқа бір
адамның өмірі
Объективтік жағы басқа адамға
құқыққы
қарсы қаза келтіру
Субъективтік жағы қасақаналық
Субъектісі 14 жасқа
толған тұлға
(96-
б.)
16
жасқа толған тұлға
(97, 98, 99, 100-б.)
Адам өлтірудің түрлері
Жай кісі өлтіру Жаңа туған сәбиді
анасының
өлтіруі (97-б.)
Жеңілдететін мән- Жан күйзелісі жағдайында
жайларда кісі өлтіру болған кісі өлтіру
(98-б.)
Ауырлатылған мән- Қажетті қорғаныс шегінен
жайларда кісі өлтіру шығу кезінде жасалған кісі
өлтіру (99-б.)
Қылмыс
жасаған адамды
ұстау үшін
қажетті шаралар-
дың шегінен
шығу кезінде
жасалған кісі
өлтіру (100-б.)
Ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіру
96-бап 2-бөлім
а)екі немесе одан көп адамдарды;
б)осы адамның қызметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына не кәсіби немесе
қоғамдық борышын орындауына байланыста адамды немесе оның жақындарын;
в)дәрменсіз жағдайда екендігі айыпкерге белгілі адамды, сол сияқты
адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан;
г)жүкті екендігі айыпкерге белгілі әйелді;
д)аса қатыгездікпен жасалған;
е)көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған;
ж)адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе
ұйымдасқан топ жүзеге асырған;
з)пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып не қарақшылықпен,
қорқытып алушылықпен не бандитизммен ұштасқан;
и)бұзақылық ниетпен;
к)басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен
жасалған сол сияқты зорлауға немесе жыныстық қатынас сипатындағы күш
қолдану әрекеттерімен ұштасқан;
л)әлеуметтік,ұлттық,нәсілдік,діни өшпенділік немесе араздық не қанды
кек себебі бойынша;
м)жәбірленушінің мүшелерін немесе тінің пайдалану мақсатымен
жасалған;
н)осы Кодекстің 97-100-баптарында көзделген әрекеттерді қоспағанда,
бұрын адам өлтірген адам жасаған адам өлтіру
Негізгі бөлім

құқықта алатын орны
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің бірінші
тарауы жеке адамдарға қарсы қылмыстарға арналған. Жеке адамдарға қарсы
қылмыстар адамның негізгі жеке құқықтары мен бостандықтарына қарсы
бағытталған қоғамға қауіпті іс-әрекеттің жиынтығы. Ал адамның және
азаматтардаң құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының ІІ-бөлімі осы мәселеге тікелей
арналған. Конституцияның 1-бабында ең қымбат қазына – адам және адамның
өмәрі, құқықтары мен бостандықтары, - деп жарияланған. Осыған орай
Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық
құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан Республикасы
Қылмыстық кодексінің 2-бабында адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары
мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан.
Қазақстан Республикасының барлық заңдары жеке адамды қорғауға, адам
құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әруақытта артықшылықтар береді.
Жалпы адам өлтірудің тікелей объектілерінің ерекшеліктеріне қарай
жеке адамдарға қарсы қылмыстарда әр түрлерге бөліп қарастырған. Әрине
олар бөлек баптарда сараланған. Мысылы, адам өлтірудің ауырлататын мән-
жайлары Қылмыстық кодекстің 96-бабының 2- тармағында көзделелін болса,
жеңілдететін мән-жайлар Қылмыстық кодекстің 97, 98, 99, 100-
қарастырылған.
Сонымен қатар: денсаулыққа қарсы қылмыстар; жеке адамның
бостандығына қарсы қылмыстар; жеке адамның ар намысына және
адамгершілігіне қарсы қылмыстар; жыныстық қылмыстар.
2-тарау. Қасақана адам өлтіру қылмысың жалпы сипаттамасы
Қазақ ССР-нің 1959 жылғы Қылмыстық кодексінде адам өлтірудің заңдылық
анықтамасы берілмеген еді. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы
жаңа Қылмыстық кодексінде тұңғыш рет адам өлтірудің заңдық түсінігі
берілген. Кісі өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қаза келтіру
деп Қылмыстық кодекстің 96-бабында тура көрсетілген. Осыған орай
абайсызда кісі өлтіру заң бойынша адам өлтіру деп танылмайды. Бірақ топтық
және тікелей объект белгісіне сәйкес бұл қылмыс құрамы (абайсызда кісі
өлтіру) жеке адамға қарсы қылмыс үшін жауаптылық көзделген тарауда
орналасқан. Өмірге қарсы қылмыстың, соның ішіндегі адам өлтірудің де
тікелей объектісі адамның өмірі болып табылады. Заң жасына және денсаулық
жағдайына қарамастан кез келген адамның өмірін бірдей қорғайды. Адам өмірі
нәрестенің туған сәтінен, яғни анасының денесінен бөлініп шығып, алғаш
тыныс алуы арқылы оның өкпесінің жұмыс істеген уақытынан басталады. Бұл
құбылыс нәрестенің алғашқы айқынынан, дыбыс беруінен басталады. Өлім адам
өмірінің соңғы сәті болып табылады. Өлім клиникалық және биологиялық болып
екіге бөлінеді. Тыныс алуы мен қанның айналысы тоқтағаннан кейін 5-6
минут шамасында клиникалық өлім сатысы басталады. Адам денесінің
салқындауына байланысты бұл кезең 10 немесе одан да көбірек
минутқа созылады. Өлудің соңғы кезеңі – биологиялық өлім, орталық нерв
жүйесі қызметінің істен шығуына байланысты мидың өлуі басталады.
Адамның басқа органдары мен тіндерінің өміршендік белгілері біразға
жалғасқанымен, мидің өлуі адам өмірінің соңғы сәті – биологиялық
өлім.
Адам өлудің объективтік жағы басқа адамды өмірінен заңсыз
айырумен көрінеді. Қылмыстың аяқталуы үшін адамды өмірінен айыруға
бағытталған іс-әрекеттің және соның зардабынан адам өлуінің арасындағы
себептік байланыстың болуын айқындау қажет.
Адам өлтіру әрекетпен де, әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін.
Адам өлтірудің көпшілігі әрекет арқыла жасалады. Кінәлінің оқпен
атылатын және суық қарудың, өзге де заттарды пайдалынуы мен,
уландыру, жарылыс жасау, басқада әдістерді қолдануы арқылы адам
өмірінен айрылады. Адам өлтіру сонымен бірге жәбірленушіге
психикалық әсер ету нысанында да болуы мүмкін. Әдетте жүрек – қан
тамырлары жүйесі ауруларынан зардап шегетін адамдарды жүйкесіне зақым
келтіру жиі кездеседі. Соңғы уақыттарда адам жүйесіне әсер ету
нысандары мен әдістерінің көбейе түсуінің нәтижесінде психикалық әсер
ету жолымен адам өлтіру одан әрі кеңейе түсуде.
Адам өлтірудің әрекетсіздік нысаның қарастыратын болсақ, бұл
негізінен мынадай жағдайда болуы мүмкін. Кінәлі адам біреуді
өмірінен айыру мақсатымен өлімге араша тұра алатын мүмкіндігі бола
тұра және осыған тікелей міндетті бола тұрса да әрекетсіздік
жолымен оған өлім қаупін түғызады және өлімге жол береді.
Өлімнің жолын кесу жөніндегі әрекетті істеу міндеттілігі заң
талаптарынан туындауы мүмкін (мысалы, ата-аналары өздерінің жаңа туған
нәрестелерін немесе жас балаларын өлтіру мақсатымен тамақтандырмайды
немесе олардың өмірін сақтап қалу үшін өзге де шараларды
қолданбайды). Өздігінен жүріп – тұра алмайтын және өздерінің табиғи
қажеттерін қамтамасыз ете алмайтын жағдайларда қартайған ата-аналарын
олардың ересек балалары олардан құтылу мақсатында осындай әркеттер
жасауы мүмкін.
Адам өлтірудің объективтік жағының екінші белгісі қылмыстың
зардабы жәбірленушінің өлімі болып табылады. Өмірден айыруға тікелей
қасақаналық болғанымен қылмыстық зардаптың - өлімінің болмай қалуы
кінәлінің әрекетіне оқталғандығы, адам өлтіруге оқталғандық ретінде
саралауға негіз болады. Адам өлтіру кезінде, өлім әрекет жасалғаннан
кейін бірден немесе белгілі бір уақыт өткеннен кейін жүзеге асуы
мүмкін. Келтірілген зардапты кінә деп жүктеу үшін болған өлім мен
субъктінің әрекеті немесе әрекетсіздігі арасындағы себептік
байланыстың болуы негіз болып табылады. Әрекет пен зардаптың арасында
себептік байланыс болмаған кезде тұлға жасаған әрекеті үшін ғана
жауапты болады. Өлтіруге тікелей оқталу айқындалған кезде өлтіру
үшін оқталғандық жасалған болып табылады, ал өлтіруге жанама ниет
болған кезде кінәлі адам нақты келтірілген зиян үшін ғана жауап
береді.
1996 жылғы 20 желтоқсандағы № 11 қаулымен өзгертулер енгізілген
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының 1994 жылғы 23
желтоқсандағы Азаматтардаң өмірі мен денсаулығына жасалған қастандық
үшін жауаптылықты реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы № 7
қаулыда былай көрсетілген: Соттар бұзақылық ниетпен қасақана
өлтіруді өзара бас араздық себеп болып төбелес немесе жанжал
кезіндегі өлтіруден ажырата білу керек. Бұл мәселені шешкенде айыпты
мен жәбірленушінің ара қатынасын, жанжал төбелестің шығу себебін,
жанжалды кімнің бастағаның, екі жақтың да іс-әрекеттерінің сипатын
және белсенділігін, басқада мән-жайларды анықтау қажет .
Қоғамға қауіпті зардаптың адам өлімінің болуы – бұл қылмыстың
объективті жағының міндетті нышаны. Адам өлтірудің барлық түрлері
жәбірленушінің өмірін жоюға келіп тіреледі, яғни материалдық құрам
болып табылады. Адам қаза таппаса бұл қылмыс аяқталды деп саналмайды.
Адам өлтірудің субъективтік жағы – Қылмыстық кодекстің 96-бабына
сәйкес тек қана қасақаналықпен жүзеге асырылады. Адам өлтіру
кезінде тікелей және сол сияқты жанама болуы да мүмкін.
Тікелей қасақаналық кезінде кінәлі өзінің басқа адамның өміріне
қол сұғып отырғандығын сезеді, оның әрекеті іс жүзінде өлімге
соқтыруы мүмкін екендігіне немесе қалайда өлімге әкелетіндігін
біледі және өлімнің болуын тілеп іс-әрекет жасайды.
Жанама қасақаналықпен адам өлтіру кезінде кінәлі өзінің әрекеті
арқылы адам өміріне қатер төндіретіндігін мойындайды, осы әрекеттің
нәтижесінде оның өлуі мүмкін екендігін біледі, өлімнің болуын
тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді не өлімнің болу-
болмауына немқұрайдылық танытады.
Соңғы уақытта жарылыс жасау жолымен адам өлтіру оқиғалары кең
таралып отыр. Мұндай кезде белгілі бір құрбандардан басқа бөгде
адамдар да өледі. Бұл оқиғада кінәлі белгілі бір құрбанға қатысты
адам өлтіруде – тікелей ниетте, ал бөгде адамдарды өмірінен айыруға
қатысты – жанама ниетте әрекет етеді.
Тікелей және жанама қасақаналықтар арасындағы айырмашылықты
айқындаудың іс жүзінде үлкен маңызы бар. Адам өлтіруге оқталу, яғни
кінәлінің әрекеті ол өлімнің болатының сезетінін, оның болуының
сезгендігін, бірақ оның еркінен тыс себептер бойынша ол болмай
қалғандығы бойынша анықталады. Мұндай кезде оқталу тек қана тікелей
қасақаналықпен жүзеге асырылады.
Кінәлінің ниетінің түрі туралы мәселені шешкенде соттар
жасалған қылмыстың барлық жағдайларына сүйенуі және атап айтқанда:
қылмыстың тәсілі мен қаруын, денеге салынған жарақаттың санын, сипаты мен
оқшаулауын (мысалы, адамның өмірлік маңызды органың жарақаттау),
кінәлінің қылмыстық әрекетті тоқтату себебін, сондай-ақ кінәлінің
қылмысты істеу алдындағы және одан кейінгі мінез-құлқын (тәртібін), оның
жәбірленушімен арақатынасын ескеруі тиіс.
Жәбірленушінің өміріне әкеп соқтыруы кінәлі үшін белгілі болып
тпбылатын өмірлік маңызы бар органына пышақпен жарақат салу,
дұрысында, өмірден айыруға тікелей ниеттің бар екендігін айғақтайды.
Оқпен атылатын қаруды қолдану кінәлінің өлтіруге шынайы ниетте
болғандығын айғақтайды және басқа жағдайларме қатар кінәлінің адам
өлтіру ниетінде болғандығына маңызды дәлелдеме болып табылады. Жақын
ара қашықтықтан ату әдетте адам өлтіру мақсатында істеледі. Тікелей
қасақаналық болған кезде кінәлі өлімнің болуын тілейді, сонымен бірге
кінәлінің өлімнің міндетті түрде болуын қаламайтындығын да ескеру
керек мұндай жағдайда. Оның ниеті баламалы түрде болуы мүмкін, оның
шамалауы бойынша өлімнің болуы, сол сияқты денсаулыққа ауыр зиян келтіру
мүмкіндігі және осы зардаптардың кез келгенінің болуын міндетті түрде
тілейді. Ал егер оған байланысты емес жағдайлар бойынша қылмыстық
нәтиже болмаған жағдайда ол адам өлтіруге оқталғандық үшін жауапқа
тартлуы тиіс.
Адамды өлтірумен алдын ала қорқыту басқа мән-жайлармен қатар адам
өлтіру ниетінің бар екендігіне маңызды дәлелдеме болып табылады.
Дегенмен осындай қатер тудыруды айтқан адамның ой ниетінің
қаншалықты шын екендігін іс бойынша айқындау қажет. Тіпті, егер ол
сөздер кейде және төндірілген қатерді жүзеге асыру мүмкіндігіне
сырттай ұқсас кейбір әрекеттермен қоса айтылғанның өзінде, адам
өлтіру ниетін жүзеге асыру туралы сөздер кінәлінің шын мәніндегі
анық тілегін білдірмейді.
Адам өлтірумен қорқыту көбінесе оқпен атылатын немесе суық
қаруды немесе өзге қаруды, сондай-ақ қару ретінде пайдаланатын
заттарды қолданумен немесе қолдануға әрекет етумен жасалатын
бұзақылық әрекеттермен байланысты болатындығын тәжірибе көрсетіп
отыр. Адам өлтіруге жасалған оқталуды аталған әрекеттерден бөлу
керек.
Адам жанама қасақаналық кезінде кінәлі өз әрекетінің
нәтижесінде өлімнің нақты болу мүмкіндігін шамалайды. Кінәлі
зардаптың қалай да болмай қоймайтының шамалаған жағдайда сөз тек
қана тікелей қасақаналық туралы бола алады (Қылмыстық кодекстің 24-
бабының 3-тармағы ). Ниеттің осы түрлерінің арасындағы неғұрлым елеулі
айырмашылық, заңда көрсетілгендей еріктілік кезеңі бойынша анықталады.
Егер адам өлтіруге тікелей ниеттену кезінде кінәлі өлімнің болуын
тілесе, ал жанама ниеттену кезінде оны кінәлі тілемейді, бірақ
оған саналы түрде жол береді не өлімнің болуына немқұрайды қарайды.
Тілемейді деген терминді өлтіргісі келмейді даген мағына да емес,
тікелей тілемейді деген мағынада түсіну керек. Саналы түрде жол
бередідеген – кінәлі өлімді өз іс-әрекетінің нәтижесі ретінде
қабылдайды дегенді білдіреді.
Қасақана адам өлтірудің субъектісі (96-бабы) – жасы 14 толған, есі
дұрыс адам. Адам өміріне қарсы бағытталған басқа қылмыстар үшін
жауаптылық 16 жастан басталады.
3-тарау. Қасақана адам өлтіру қылмысының сараланған түрі
Қазақстан Республикасы Қылмыстық көдексіне адам өлтірудің
негізгі құрамы мен ауырлататын жағдайында адам өлтірудің құрамы бір
бапқа біріктірілген. Негізгі құрам – бұл осы қылмыстың ауырлататын
түріне (96-баптың 2-тармағы) жатпайтын құрам. Негізгі құрамға (96-баптың
1-тармағы) мынадай адам өлтіру түрлері жатады: қызғаныштан, төбелес
кезінде немесе ұрыс керіс үстінде (бұзақылық себеп болмағанда),
жәбірленушінің заңсыз әрекеттеріне байланысты, жеке қарым қатынас
нагізінде туындаған кек алумен байланысты болған адам өлтіру
оқиғалары.
Ауырлататын жағдайлардағы адам өлтіру – Қылмыстық кодекстің 96-
бабының 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық теориясында бұл
жағдайларды топтарға бөлу қалыптасқан. Мұндай жағдайда бөлу өлшемі
әртүрлі. Топқа бөлу үшін көбінесе қылмыс құрамының элементтері
пайдаланылады.
1997 жылғы Қылмыстық кодексте ауырлататын жағдайлар белгілі бір
тәртіппен орналастырылған, атап айтқанда: ең алдымен объектіге және
объективтік жаққа қатысты жағдайлар, сонан соң субъективтік жаққа
және субъектіге қатыстылары келтіріледі. Сондықтан адам өлтірудің
ауырлататын жағдайлары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96-
бабында қалай орналастырылған болса, сол бойынша қарастырылады.
а) екі немесе одан көп адамды өлтіру (Қылмыстық кодекстің 96-бабы,
2-тармағының а тармақшасы)
1996 жылғы 20 желтоқсандағы № 11 қаулымен өзгертулер енгізген
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы
Азаматтардың өмірі мен денсаулығына жасалған қастандық үшін
жауаптылықты реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы № 7 қаулыда
былай көрсетілген: Қылмыстық кодекстің 88-бабы 1-бөлігінің з
тармақшасы бойынша (екі немесе одан көп адамды қасақана өлтіру –
автордың ескертпесі) екі немесе одан көп адамды қасақана өлтірген
жағдай саралануға тиіс, егер қылмыс бір немесе бірнеше әрекет арқылы
қысқа уақыт аралығында орындалса және де айыптының бірнеше адам
өлтіруге тікелей немесе жанама ниетінің болғандығы анықталса.
Айыптының ниеті бірнеше адамды өлтіруге бағытталып, бірақ ол бір адамды
өлтіріп, екінші адамға қастандық жасаса, бұл аяқталған қылмыс ретінде –
екі немесе одан көп адамды өлтіргендік деп қарастырылмайды, себебі –
қылмыс субъектісінің еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша оның
бірнеше адамды өлтіру ойы жүзеге аспай қалады. Бұл жағдайда
айыптының әрекетін Қылмыстық кодекстің 24-бабы және 96-бабы 2-
бөлігінің а тармағы бойынша және басқа сараланатын нышандардың
болуына қарай Қылмыстық кодекстің 96-бабының 2-бөлігінің тиісті
тармақтары бойынша саралау керек. Ал қылмыскердің бір адамды өлтіру
және екінші адамға қастандық жасау әрекеттерінің қандай кезекпен
орындалғандығы қылмысты саралауға әсер етпейді.
Егер, қылмсты бірнеше адам орындайтынболып, олар бірнеше адам алдын
ала жобалап және өзара атқаратын міндетін бөлісіп, әрқайсысы басқа
адамды қатыстырмай бір адамнан ғана өлтірсе, олардың әрқайсысының
әрекеті Қылмыстық кодекстің 96-бабының 2- бөлігінің а тармақшасы бойынша
саралануға жатады.
Егер, екі немесе одан көп адамды өлтіру әр уақытта болып, бұл
әрекеттер айыпкердің бір жолғы ойымен жүзеге асырылмаса, онда бұл
қылмыстар Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігінің н тармағы бойынша
бірнеше рет адам өлтіру ретінде сараланады.
Бір уақытта бір адамды өлтірген және екінші адамды абайламай
өлтірген айыптының әрекетінде бұл қарастырылып отырған қылмыстың
құрамы жоқ, ол екі қылмыстың жиынтығы: адам өлтіру және абайсызда
кісі өлтіру қылмыстары ретінде сараланады.
Егер екі немесе одан көп адамды өлтіру көптеген адамдардың өміріне
қауіпті тәсілдермен жасалса, бұл іс-әрекетті Қылмыстық кодекстің 96-
бабы 2-бөлігінің а және е тармақшалары бойынша саралау керек.
Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігінің а тармағы қолданыла
алмайды, егер екі адам өлтірудің біреуі жеңілдететін мән-жайларда
жасалса (Қылмыстық кодекстің 97-100-баптары).
б) адамның қызметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына не кәсіби немесе
қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын
өлтіру (Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігінің б тармақшасы).
Қылмыстың бұл түрінің жәбірленушілері қызметтік міндетін атқарушы
(лауазымды немесе басқа адамдар), сондай-ақ кәсіби және қоғамдық
борышты орындаушы азаматтар, не олардың жақындары болуы мүмкін. Бұл
қылмысты жасағанда айыпты жәбірленушінің өзқызметтік міндетін немесе
қоғамдық не кәсіби борышын заңды түрде атқаруына қарсы тұрады немесе
сол үшін өш алады. Мысалы, браконьердің өзін ұстаған адамды өлтіруі,
тергеуде немесе сотта куәгер ретінде жауап берген адамды өлтіру.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 23
желтоқсандағы Азаматтардың өмірімен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін
жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы № 7
қаулысында кез келген адамның қызмет аясына жататын жұмысын қызметтік
борышты орындау, ал қоғамдық борышты орындау деп – арнайы жүктелетін
қоғамдық міндеттердің орындалуын айтады. Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-
бөлігінің осы тармағы бойынша жауаптылыққа тартқанда адм өліміне себеп
болғвн әрекеттің қашан жасалғандығына мән берілмейді. Жәбірленушінің өз
қызметтік міндетін немесе кәсіби не қоғамдық борышын атқару кезінде ғана
өлтіруі міндетті емес.
Айыптының әрекетін осы көрсетілген тармақ бойынша саралау үшін, адам
өлтіру сол жәбірленушінің қызметтік міндетті немесе қоғамдық, не кәсіби
борыштың өзінің (туыстарының немесе жақындарының емес) атқаруымен
байланысты жүзеге асырылуға тиіс.
Қылмыстық, азаматтық істердің, сондай-ақ материалдардың сотта
қаралуына, алдын ала тергеудің жүргізілуіне не үкімнің сот шешімінің
немесе өзгедей сот актісінің орындалуына байланысты судьяның, прокурордың,
тергеушінің анықтама жүргізуші адамның, қорғаушының, сарапшының,
приставының, сондай-ақ олардың жақындарының өміріне қатандық жасау (не
өлтіру) арнаулы норма – Қылмыстық кодекстің 340-бабы бойынша жауаптылыққа
апарады. Құқық қорғау органдарының адамы болып табылмайтын, бірақ
айыпталушыға сондаймын деп таныстырған және қоғамдық тәртіпті қорғауға
бағытталған әрекеттер жасаған адамның өміріне қастандық жасау Қылмыстық
кодекстің 96-бабы 2-бөлігінің б тармағы бойынша саралануы тиіс.
Жаңа қылмыстық заң бұл құрамға қоғамдық борышпен қатар жаңа нышан –
кәсіби борышты енгізген. Кәсіби борышқа адамның кәсіби мәртебесі жүктейтін
міндеттер жатады.
в) дәрменсіз жағдайда екендігі айыпкерге белгілі адамды, сол сияқты
адамды ұрлаумен не адамды кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру (Қылмыстық
кодекстің 96-бабы 2-бөлігінің в тармақшасы).
Адамды ұрлау не адамды кепілге алу оқиғаларының көбеюі, дәрменсіз
жағдайдағы адамға қастандық жасау фактісіне қоғамдық басқа көзбен қаруы,
бұл жайларды адам өлтірудің саралаушы нышандары ретінде санауға негіз
болады.
Адамның дәрменсіз жағдайы дегеніміз – адамның физиологиялық немесе
басқадай себептермен (әлі жас, қартайған, ауру, кеміс, соқыр, керең, ақсақ,
шолақ, т.б.) қылмыскерге жөнді қарсылық көрсете алмауы. Адам өлтірудің бұл
түріне ұйықтап жатқан немесе қатты мас адамды, сондай-ақ басқа бір
себептермен есінен танған адамдарды өлтіру де жатады. Бұл жағдайда
жәбірленушінің дәрменсіз екендігі айыптыға белгілі болуға тиіс.
Жәбірленушінің дәрменсіз жағдайы айыпкердің әрекетінің салдарынан да,
онсыз да болуы мүмкін. Ұрланған немесе кепілге алынған адамды өлтірудің
осы қарастырылған нышанмен ұқсастығы бар, сондықтан олар Қылмыстық
кодекстің 96-бабы 2-бөлігінің бір тармағына біріктірілген. Ұрланған немесе
кеплге алынған адам да дәрменсіз болады. Мұндай адамды өлтіру Қылмыстық
кодекстің 96-бабы 2-бөлігінің в тармағы бойынша және 125-бап немесе 234-
бап бойынша сараланады.
Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігінің осы қарастырылып отырған
тармағы қолданғанда жәбірленушінің ұрланған кезде немесе бірқатар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz