Республикасының азаматтығын тоқтату негіздері
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының
азаматтығы жоқ адамдардың
конституциясыдағы негізі
Орындаған:____________
Қабылдаған: ___________
Астана 2006
Мазмұны
Кіріспе
1 МЕМЛЕКЕТТІҢ ЕҢ ҚЫМБАТ БАЙЛЫҒЫ -
ХАЛЫҚ! ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...3
1.1 Қазақстан Республикасының азаматығы
туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .5
1.2 ҚР –да шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2.1 Азаматтық туралы құжаттар мен талаптар ... ... ... ... ... ... 8-1 5
1)Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдаудан бас тарту
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2)Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату
негіздері ... ... ... ... ..11
3)Қазақстан Республикасы азаматтығынан айыру
негідері ... ... ... ... ... ... .12
2.2 Азаматтық мәселелер жөніндегі арыздар түрі
... ... ... ... ... ... ... 16
3. ҚР Конституциясындағы бірқатар мәселелері
3.1Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 және 12-баптарын ресми
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
3.2Қазақстан Республикасыныңы Азаматтығы туралы
нормалар ... ... ... ... ... 24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..31
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 32
Кіріспе.
МЕМЛЕКЕТТІҢ ЕҢ ҚЫМБАТ БАЙЛЫҒЫ - ХАЛЫҚ!
Биыл Қазақстан азаматтығын алған адамдардың саны былтырғыдан бір жарым
есеге көбейді дейді - Астанада мемлекеттік хатшы Оралбай Әбдікәрімовтың
төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы азаматтық
мәселелері жөніндегі комиссия.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы азаматтық мәселелері
жөніндегі комиссиясында еліміздің азаматтығын алуға өтішін берген
адамдардың құжаттары қаралады. Бұл құжаттарға мемлекет басшысы қол
қойғаннан кейін отандастарымыздың саны тағы 22 мың адаммен толықпақ.
Олардың қатарында оралмандармен бірге ТМД мен алыс шетелдерден келген өзге
ұлт өкілдері де бар. Жыл қорытындысы бойынша биыл 95 мың адам Қазақстанның
азаматтығына ие болмақ, яғни еліміздегі әлеуметтік-экономикалық ахуалдың
тұрақтылығы мен елбасының салиқалы ұлтаралық саясатының арқасында бұл
көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда бір жарым есеге артып отыр.
Соңғы 7 жылдың экономикалық көрсеткіштеріның даму қарқыны бойынша Қазақстан
әлемде алғашқы 5 елдің ішінде келеді. Соның нәтижесінде экономикалық
қуаттылығы (жан басына шаққандағы ұлттық табыс) жағынан Қазақстан 2004 жылы
Украина мен Белоруссияны басып озған болса, 2005 жылы Иран және Түркия
елдерін артқа тастады, Енді биылғы 2006 жылдың қорытындыраы бойынша біз
Тайланд пен Бразилияны басып оздық. Мен ұсақ мемлекеттерді атап отырған
жоқпыз.
Соған сәйкес халықтың әл-ауқаты жақсарып, шетелден Қазақстан
азаматтығын алуға талап білдірушілер ағыла бастады. Бұл мақтаныш емес пе?
Қазақстан үшін қазіргі басты мәселе халықтың санын таяу болашақта қалайда
20 млн-ға жеткізу. Қазірдің өзінде Қазақстанда жұмыс күші жетпегендіктен,
200-300 мыңдай адам шетелден келіп жұмыс жасайды. 2009 жылдан кейін олардың
саны жарты млн-ға жетеді. Жері мен байлығы мол Қазақстанда жұмыс жасайтын
адам саны аз болғандықтан, осындай қадам жасалып отыр. Жер жетеді, байлық
жетеді,- жұмыс күші жетпейді. Мамандар жетіспейді.
Қазақстан азаматтығын алуға ынта білдіріп отырғандар жыл сайын арта
береді. Биыл бір жарым есеге көбейсе, келесі жылы екі есеге артады. Ал 2009
жылдан кейін Қазақстанға көшіп келушілер қазіргіден 4 есеге артуы тиіс.
Қазақстан азаматтығын алуға ықылас білдіретіндер негізінен қазақстанда
туыстары бар өзге ұлт өкілдері, бір кезде Қазақстаннан көшіп кетіп, енді
қайтып келіп жатқандар және Қазақстанда көптен бері жұмыс істейтін
шетелдіктер.
Қазақстан халқының өз табиғи өсімі төмен болғандықтан, тілек
білдірушілердің бәрін Қазақстан азаматтыққа қабылдайды. Осы дұрыс.
Қазақстан да ТМД елдерінен жақын шетелдіктерді өз еліне шақыруын
белсендірек жүргізуі тиіс.
1.1 Қазақстан Республикасының азаматығы туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 1991 жылғы 20 желтоқсан
Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекет-пен тұрақты саяси-
құқылық байланысын айқындайды, бұл байланыс олардың өзара құқылары мен
міндеттерінің жиынтығынан көрінеді. Қазақстан Республикасында әрбiр
адамының азаматтық алуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының азаматтығы осы заңға сәйкес алынады және
тоқтатылады. Қазақстан Республикасының азаматын ешқандай жағдайда
азаматтығынан, өзiнiң азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны
Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды..
Қазақстан Республикасы өзінің мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдары
арқылы Республика азаматтары алдында жауапты, ал Қазақстан Республикасының
азаматы Қазақстан Республикасы алдында жауапты. Ол Қазақстан
Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, Қазақстан
Республикасының мүдделерін, оның территориялық тұтастығын қорғауға,
мемлекеттік тіл мен оның территориясында тұратын барлық ұлттардың
тілдеріне, әдет-ғұрпына, дәстүрлеріне құрметпен қарауға, Қазақстан
Республикасының күш-құдіретін, егемендігін және тәуелсіздігін нығайтуға
жәрдемдесуге міндетті.
. Қазақстан
Республикасының азаматтығы туралы заңдар Қазақстан Республикасының
азаматтығы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен және
Қазақстан Республикасының соған сәйкес шығарылатын басқа да заң актілерімен
реттеледі. Қазақстан Республикасының азаматы болу Мына адамдар: осы Заң
күшіне енгізілген күнге дейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын;
Қазақстан Республикасының аумағында туған және шет мемлекеттің
азаматтығында тұрмайтын; осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының
азаматтығын алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болып
табылады. Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында
болуы танылмайды.Қазақстан Республикасы жаппай құғын-сүргін, күштеп
ұжымдастыру кезеңдерінде, адамгершілікке жат өзге де саяси шаралар
салдарынан Республика территориясынан кетуге мәжбүр болған адамдар мен
олардың ұрпақтарының өз территориясына қайтып оралуы үшін, сондай-ақ басқа
мемлекеттер территориясында тұратын қазақтар үшін жағдай жасайды. Қазақстан
Республикасы азаматтарының құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының
азаматтығы, оның қандай негiзде алынғанына қарамастан, бiрыңғай және тең
болып табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары тегiне, әлеуметтiк және мүлiктiк
жағдайына, нәсiлi мен ұлтына, жынысына, бiлiмiне, тiлiне, дiнге
көзқарасына, саяси және өзге де сенiмдерiне, кәсiбiнiң түрi мен сипатына,
тұрғылықты жерiне және басқа мән-жайларға қарамастан заң алдына тең.
Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының
Конституциясы мен заңдарында жарияланған, кепiлдiк берiлетiн азаматтық,
саяси, экономикалық және әлеуметтiк құқықтар мен бостандықтарды борышына
толық иеленеді.
1.2 ҚР – да шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы
.
Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе,
шетелдіктер меназаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында азаматтар
үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ
міндеттерді мойнына алады.
.
Қазақстан Республикасы азаматтығының сақталуы Қазақстан Республикасы
азаматының республикадан тыс жерлерде тұруы Қазақстан Республикасының
азаматтығын тоқтатуға әкеп соқтырмайды.
Қазақстан Республикасы азаматының немесе азаматшасының республика азаматы
емес адаммен некеге тұруы, сондай-ақ мұндай некені бұзуы азаматтықтың
өзгеруіне әкеп соқтырмайды. .
Қазақстан Республикасының азаматын басқа мемлекетке беруге болмайтындығы
Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан
Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге болмайды.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегi азаматтарды қорғау Қазақстан
Республикасы өзiнiң одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және
оларға қамқорлық жасауға кепiлдiк бередi.
.
Мемлекетімізде тағдырдың жазумен кезінде шетелдерді паналап кетуге мәжбүр
болған қандастарымыз 1991 жылдан – 2005 жыл аралығында 481491 адам
атажұртына көшіп келіп, жаңа ортаға бейімделіп кетті. 255630
жұмысқа жарамды оралманның 153714-і жұмыспен қамтылған, зейнеткер
жасындағы 24430 оралманның 21243-іне зейнета ақы төленеді. 16636
оралмандарға жер төлемдері берілген. Оралмандардың еншісінде 40387 ірі қара
мал, 8823 жылқы, 104599 қой бар. Қазақстан Республикасының азаматығын 350
мыңнан аса адам қабылдады. 12652 адам ықтияр хат алған.
2.1Қазақстан Республикасының азаматтығын алу негіздері
Азаматтық туралы құжаттар
Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат Қазақстан
Республикасы азаматының жеке куәлiгi немесе Қазақстан Республикасы
азаматының паспорты болып табылады. 16 жасқа дейінгі баланың азаматтығы
оның туу туралы куәлігімен, ата-анасының қайсысының болса да паспортымен
расталады. .
Қазақстан Республикасының азаматтығын алу негіздері:
1) тұуу бойынша .
2) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау
нәтижесінде;
3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында
көзделген негiздер мен тәртiп бойынша;
4) осы Заңда көзделген өзге де негіздер бойынша алынады.
1)Ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланың
азаматтығы Бала туған кезде ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасының
азаматы болса, ол туған жеріне қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы
болып табылады .
2) Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың біреуі
Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда бала:
а)Қазақстан Республикасының территориясында туса;
ә)Қазақстан Республикасынан тыс жерде туса, бірақ, ата-анасының немесе
олардың біреуінің бұл кезде Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты
тұрғылықты жері болса, ол Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
.
3)Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың біреуі
Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда, егер осы кезде ата-
анасының екеуінің де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты
жері болса, Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған баланың азаматтығы
ата-анасының жазбаша түрде білдірген келісімі бойынша анықталады.
.
4)Бала туған кезде ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы азаматтығында
болып, ал екіншісі азаматтығы жоқ адам болса, не оның азаматтығы белгісіз
болса, бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы
болып табылады. .
5)Баланың анасы азаматтығы жоқ адам болып, ал әкесі Қазақстан
Республикасының азаматы деп танылып, әкелігі анықталған ретте 14 жасқа
толмаған бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан Республикасының
азаматы болады. Бұл бала Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты
тұрған ретте оның азаматтығы ата-анасының жазбаша арызы бойынша анықталады.
.
Ата-анасы белгісіз баланың азаматтығы. .
Ата-анасының екеуі де белгісіз Қазақстан Республикасы территориясындағы
бала Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Азаматтығы жоқ адамдардың баласының Қазақстан Республикасы азаматтығын
алуы Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты тұрғылықты жері бар,
азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы территориясында туған
баласы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау Шетелдіктер және азаматтығы
жоқ адамдар олардың өтініштері бойынша осы Заңға сәйкес Қазақстан
Республикасы азаматтығына қабылдануы мүмкін.
1)Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдаудан бас тарту негіздері
Егер Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш жасаушы
адам:
1) азаматқа қарсы халықаралық құқықта көзделген қылмыс жасаса, Қазақстан
Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне әдейі қарсы шықса;
2) Қазақстан Республикасы территориясының бірлігі мен тұтастығын бұзуға
шақырса;
3) мемлекет қауіпсіздігіне, халықтың денсаулығына нұқсан келтіретін құқыққа
қарсы іс-әрекет жасаса;
4) мемлекетаралық, ұлтаралық және діни араздықты қоздыратын болса,
Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілінің қолданылуына қарсы әрекет
жасаса;
5) терроршылдық әрекеті үшін сотталған болса;
6) сот ерекше қауіпті баукеспе деп таныса;
7) басқа мемлекеттің азаматы болса, оның өтініші қабылданбайды.
Бұрын Қазақстан Республикасының азаматы болған адамның өтініші бойынша осы
Заң талаптарына сәйкес оның Қазақстан Республикасы азаматтығы қалпына
келтірілуі мүмкін.
2)Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату негіздері:
1) Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу;
2) Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылу салдарынан тоқтатылады.
Азаматтықтан шығу:
Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға адамның осы Заңда белгіленген
тәртіппен жасаған өтініші негізінде рұқсат етіледі.
Егер шығу туралы өтініш жасаушы адамның Қазақстан Республикасы алдындағы
міндеттемелерінің немесе мүліктік міндеттемелерінің орындалмағандары болып,
олармен азаматтардың немесе Қазақстан Республикасы территориясында
орналасқан кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық
бірлестіктердің елеулі мүдделері байланысты болса, Қазақстан
Республикасыазаматтығынан шығарудан бас тартылуы мүмкін.
Егер шығу туралы өтініш жасаушы адам айыпкер ретінде қылмысты жауапқа
тартылған болса не заң жүзінде күшіне енген сот үкімі бойынша жазасын өтеп
жүрсе, немесе ол адамның Қазақстан Республикасыазаматтығынан шығуы
Қазақстан Республикасының мемлекет қауіпсіздігі мүдделеріне қайшы келсе,
Қазақстан Республикасыазаматтығынан шығуға жол берілмейді.
3) Қазақстан Республикасы азаматтығынан айыру негідері:
1) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген реттерді
қоспағанда, адамның басқа мемлекетте әскери қызметке қауіпсіздік қызметіне,
полицияға, юстиция органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет және
басқару органдарына орналасуы салдарынан;
2) егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер
немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынса;
3) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер
бойынша;
4) егер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адам
дәлелсiз себептермен үш жыл бойы консулдық есепке тiркелмесе айырылады.
Ата-анасыаз аматтығын өзгерткен және асырап алған жағдайдағы баланың
азаматтығы
Ата-анасының азаматтығы өзгерген жағдайда баланың азаматтығы өзгеруі
Ата-анасының азаматтығы өзгеріп, соның салдарынан екеуі де Қазақстан
Республикасының азаматы болған, не екеуі де Қазақстан Республикасы
азаматтығынан шыққан жағдайда тиісінше олардың 14 жасқа толмаған баласының
азаматтығы да өзгереді.
Егер баланың ата-анасының біреуі белгілі болса, осы ата-ананың азаматтығы
өзгерген жағдайда тиісінше 14 жасқа толмаған баланыңазаматтығы да өзгереді.
Ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы азаматтығын алған ретте баланың
Қазақстан Республикасы азаматтығын алуы
Егер ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы азаматтығын алып, ал
екіншісі басқа мемлекеттің азаматы не азаматтығы жоқ адам болып қала берсе,
Қазақстан Республикасы территориясында тұратын 14 жасқа дейінгі бала ата-
анасының осы туралы жазбаша өтініші бойынша Қазақстан
Республикасының азаматтығын алуы мүмкін.
Ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы азаматтығынан шыққан ретте
баланың Қазақстан Республикасы азаматтығының сақталуы:
Егер ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығып, ал
екіншісі Қазақстан Республикасының азаматы болып қала берсе, 14 жасқа
дейінгі бала Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтап қалады.
Ата-анасының осы туралы жазбаша өтініші бойынша, мұндай баланың Қазақстан
Республикасыазаматтығынан шығуына рұқсат етілуі мүмкін.
Асырап алған ретте баланың Қазақстан Республикасы азаматтығын алуы
Қазақстан Республикасының азаматы асырап алған, басқа мемлекеттің азаматы
немесеазаматтығы жоқ адам болып табылатын 14 жасқа дейінгі бала Қазақстан
Республикасының азаматы болады. .
Біреуі Қазақстан Республикасының азаматы, ал екіншісі оның азаматы емес
ерлі-зайыптылар асырап алған, басқа мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы
жоқ адам болып табылатын 14 жасқа дейінгі бала асырап алушылардың жазбаша
түрде білдірілген келісімімен Қазақстан Республикасының азаматы болады.
Егер Қазақстан Республикасы территориясында тұратын 14 жасқа дейінгі
баланың ата-анасының екеуі де немесе жалғыз ата-анасы Қазақстан
Республикасыазаматтығынан шығып, бұл орайда ата-ана болу құқынан айырылса,
бала қамқоршысының өтініші бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын
сақтап қалады.
Шетелдіктер асырап алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын
бала Қазақстан Республикасының азаматтығын өзі кәмелетке толғанға дейін
сақтайды. Қазақстан Республикасының азаматтары асырап алған бала, асырап
алушылардың екеуі де немесе асырап алушылардың біреуі Қазақстан
Республикасының азаматтығынан шыққан жағдайда Қазақстан Республикасының
азаматтығын өзі кәмелетке толғанға дейін сақтайды.Осы бапта аталған баланың
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуына ол кәмелетке толғаннан
кейін және оның тілегі бойынша ғана жол беріледі.
.
Қазақстан Республикасында азаматтық мәселелер жөнінде
шешім қабылдайтын лауазымды адам Қазақстан Республикасының Президенті болып
табылады. .
Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау туралы;
Қазақстан Республикасы азаматтығын қалпына келтіру туралы;
Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығару туралы;
осы Заңда көзделген реттерде Қазақстан Республикасы азаматтығын сақтау
туралы шешімдер қабылдайды; .
Қазақстан
Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініштер бойынша шешімді
Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау шарттары Қазақстан
Республикасының азаматтығына: .
1) Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде кемінде бес жыл
тұрақты тұратын не Қазақстан Республикасының азаматтарымен кемінде үш жыл
некеде тұратын адамдар қабылданатын болады.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаған кезде кәмелетке
толмағандардан, пайым қабiлетiн жоғалтқан адамдардан және Қазақстан
Республикасы алдында ерекше еңбек сiңiрген адамдардан, сондай-ақ Қазақстан
аумағынан кеткен адамдар мен олардың ұрпақтарынан, егер олар тарихи Отаны
ретiнде тұрақты тұру үшiн Қазақстан Республикасына қайтып оралған болса,
олардан осы тармақшаның бiрiншi абзатцында көзделген шарттардың болуы талап
етiлмейдi;
.
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының iшiнде жақын туыстарының бiрi -
баласы (оның iшiнде асырап алған баласы), жұбайы (зайыбы) және ата-анасының
бiреуi (асырап алушысы), апа-қарындасы, аға-iнiсi, атасы немесе әжесi бар,
Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен келген, бұрынғы одақтас
республикалардың азаматтары, Қазақстан Республикасында тұру мерзiмiне
қарамастан, қабылданатын болады.
Мiндеттi әскери қызмет атқарып жүрген және Қазақстан Республикасы аумағында
орналасқан әскери қызметшiлердiң азаматтығы мәселелерi Қазақстан
Республикасының мемлекетаралық шарттарымен белгiленедi.
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, облыстардың, қалалардың,
аудандардың және қаладағы аудандардың iшкi iстер басқармалары, бөлiмдерi:
.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан
Республикасының азаматтығы мәселелерi жөнiнде арыздар қабылдайды және
оларды қажеттi құжаттармен бiрге Қазақстан Республикасы Президентiнiң
қарауына жiбередi;
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделгендей Қазақстан
Республикасының азаматтығына алынғандығын және Қазақстан Республикасының
азаматтығынан шыққандығын тiркеудi жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан
Республикасыазаматтығынан айырылуын тiркейдi.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан
Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері,
Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттердегі өкілетті
өкілдіктері:Қазақстан Республика сынан тыс жерлерде тұрақты тұратын
адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөнінде арыздар
қабылдайды және оларды қажетті құжаттармен бірге Қазақстан Республикасы
Президентінің қарауына жібереді;
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан
Республикасыазаматтығынан айырылуына тіркейді;
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан
Республикасы азаматтарының есебін жүргізеді.Белгілі бір елде Қазақстан
Республикасының дипломатиялық өкілдіктері немесе консулдық мекемелері
болмаған ретте бұл органдардың міндеттерін тиісті шарттар негізінде басқа
мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері.
атқарады.
2.2Азаматтық мәселелер жөніндегі арыздар түрі
Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөніндегі арыздар мен
ұсыныстарды қарау бойынша іс жүргізу. Азаматтық мәселелер жөнінде арыз беру
тәртібі . Азаматтық мәселелер жөніндегі арыздар осы Заңның 30 және 31-
баптарында көрсетілген органдар арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің
атына беріледі. Арызды немесе ұсынысты қарау мерзімі алты айдан аспауға
тиіс. .
Азаматтық мәселелер жөніндегі арыздар түрі
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, азаматтықты қалпына
келтіру немесе одан шығу туралы өтініштер арыз берушінің жазбаша өтініші
бойынша қаралады. 18 жасқа толмаған, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен
қабілетсіз деп танылған адамдар жөніндегі өтініштер олардың заңды
өкілдерінің нотариат куәландырған, басқа мемлекеттерде – Қазақстан
Республикасының дипломатиялық өкілдігі, консулдық мекемесі немесе өкілетті
өкілдігі куәландырған өтініш бойынша қаралады.
14 жастан 18 жасқа дейінгі баланы Қазақстан Республикасының азаматтығына
қабылдау, оның Қазақстан Республикасыазаматтығын қалпына келтіру және одан
шығару туралы арыз берген кезде оның келісімі болуы міндетті, келісім
жазбаша түрде білдіріліп, оны нотариат куәландыруға, басқа мемлекеттерде -
Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігі, консулдық мекемесі немесе
өкілетті өкілдігі куәландыруға тиіс.
Ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болып қалатын 14
жасқа дейінгі баланың Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуы туралы
өтініш берген кезде сол ата-атасының арызы да табыс етілуге, онда баланың
Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуына көзқарасы көрсетілуге тиіс.
Мұндай арызды - нотариат, ал басқа мемлекеттерде Қазақстан Республикасының
дипломатиялық өкілдігі, консулдық мекемесі немесе өкілетті өкілдігі
куәландырады. Егер арыз беруші арызға сауатсыз болғандықтан немесе дене
кемістігі салдарынан қол қоя алмайтын болса, арызға оның өтініші бойынша
басқа адам қол қояды, бұл жөнінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік
нотариусы, дипломатиялық өкілдігі, консулдық мекемесі немесе өкілетті
өкілдігі арызға тиісті жазба жасайды.
Азаматтыққа қабылдау туралы арызға арыз берушінің жеке басын куәландыратын
құжаттар қоса тіркелуге тиіс.
Азаматтық мәселелер жөніндегі арыздар бойынша қорытындылар
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары, дипломатиялық өкілдіктері,
консулдық мекемелері не өкілетті өкілдіктері өздерінің арыздар бойынша
қорытындылары немесе азаматтық мәселелер жөніндегі ұсыныстарын азаматтыққа
қабылдау туралы өтініш жасаушы адамның осы Заңның 1-бабында көзделген
шарттарды сақтау туралы жазбаша міндеттемесімен бірге Қазақстан
Республикасының Ішкі істер министрлігі немесе Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің атына
жібереді.
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi және Қазақстан
Республикасының халықтың көшi-қон мәселелерiн жүргiзушi органы Қазақстан
Республикасы территориясынан тыс жерлерде тұрақты тұратын әрбір арыз
берушіні Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың немесе оны
қалпына келтірудің дұрыстығы туралы, соның ішінде оны Қазақстан
Республикасында еңбекке, тұрғын үйге және өзгелеріне орналастыру мүмкіндігі
туралы Қазақстан Республикасының Президентіне дәлелді қорытынды береді.
.
Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу туралы арыздар жөніндегі
қорытындыларда арыз берушінің мемлекет алдындағы міндеттемелерінің немесе
оның мүліктік міндеттемелерінің орындалмағандары, олармен азаматтардың
немесе кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің
елеулі мүдделерінің байланысты екені туралы, оның айыпкер ретінде қылмыстық
жауапқа тартылуы, не оның заң жүзінде күшіне енген сот үкімі бойынша
жазасын өтеуі туралы, не ол адамның азаматтықтан шығуы Қазақстан
Республикасының мемлекет қауіпсіздігі мүдделеріне қайшы келетіні туралы
нақты мәліметтер хабарланады.
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы азаматтық мәселелер
жөніндегі комиссия осы Заңның 29-бабында көрсетілген азаматтық мәселелерді
алдын ала қарау үшін Қазақстан Республикасының Президенті азаматтық
мәселелер жөнінде комиссия құрады. .
Азаматтық мәселелер жөніндегі арыздар мен ұсыныстарды қараған кезде
Комиссия арыз берушінің дәлелдеріне, ұсыныс мазмұнына, мемлекеттік органдар
қорытындыларына, өзге де құжаттарға және куәлардың тиісті түрде ресімделген
айғақтарына жан-жақты баға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz