Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ

I ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА СЕРІКТЕСТІК ҚҰРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Серіктестік туралы жалпы ұғым мен құрудың алғышарттары

1.2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік және қосымша жауапкершілігі бар
серіктестік құру

1.3. Толық серіктестік құру

1.4. Коммандитті серіктестік құру

II КСМК-З ЖШС ҚҰРУ

2.1. КСМК-З ЖШС-ның жарғысы

2.2. КСМК-3 ЖШС-ның құрылтай шарты

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Зерттелетін тақырыптың өзектілігі. еліміз тәуелсіздік алғаннан бері
17 жыл бойы азаматтық құқықтық саладағы заңнамалардың өзгеріп отыруына, әлі
де қалыптасу кезеңінде болуына байланысты осы күнде де заңдық тұлғалардың
кейбір заңдары қайта қаралып жатыр. Қазіргі заман талабына сәйкес заңды
тұлғалардың бірі Шаруашылық серіктестіктердің құқықтық мәртебесі турасында
сөз қозғалмақ.
Бұл курстық жұмыста шаруашылық серіктестіктердің түсінігін, түрлерін
қазақстандық ғалымдардың зерттеулері мен еңбектерін қолдана отырып ашып
көрсетуге тырыстық.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
Қазақстан Республикасында Серіктестіктер құрудың ұйымдық-құқықтық
нысандарын және осы нысандарына сәйкес Қазақстан Республикасы заңнамасына
сәйкес шаруашылық серіктестік құрудың құқықтық негіздерін анықтап көрсету.
Тағы бір қарастырылатын өзекті мәселе шаруашылық серіктестік құрудың
құқықтық базаның жағдайын айқындау .
Шаруашылық серіктестіктері маңызды белгілері ТМД елдерінің заңдарында
әркез ойдағыдай көрсетілмегенін байқауға болады. Бұл мәселеде екі тәсілді
шартты түрде бөліп қарауға болады: біріншіден, шаруашылық
серіктестіктерінің мәртебесі азды-көпті мұқият реттеледі, әрі ол арнайы
заңмен жүзеге асады (Мысалы, Украина заңдарында), екіншіден басты назар
акционерлік қоғамдарға бөлінген, ал серіктестіктің құқықтық мәртебесі тек
жалпы ережелермен ғана анықталады немесе ешқандай анықталмайды (Мәселен,
Ресей, Түркіменстан, Тәжікстан, Қырғызстан заңдарында). Осы орайда соңғы
әдіс кейбір мәселелерді шешпей отыр. Мысалы, кейде заңдарда заңды тұлға
ретінде сенім серіктестіктерін, немесе толық серіктестіктерді мойындамайды,
сондай-ақ жауапкершілігі шектелген серіктестіктер жабық түрдегі акционерлік
қоғамдармен теңестіреді.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері кәсіпкерлік нақты жолға
койылды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында меншік құқықтарына байланысты
жүргізілген реформалар бүгінгі таңда өзінің шағын және орта кәсіпкерлікті
қолдау түрінде жалғасын табуда.
Елімізде заңды тұлғалардың бірі Шаруашылық серіктестіктердің құқықтық
жағынан құрылу алғышарттары мен негіздері Қазақстан Республикасының
Азаматтық Кодексінде және Қазақстан Республикасының Жауапкершілігі
шектеулі және қосымша жауапкершлігі бар серіктестік құру туралы заңдарымен
реттеледі.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмыс 2 тараудан тұрады, әрбір тарау өз алдына бірнеше
бөлімнен құралады:
1- тарау. Серіктестік құрудың құқықтық негіздері.
Бұл тарауда Серіктестік ұғымына жалпылай сипаттама беріліп, оның ұйымдық-
құқықтық жағынан бөлінуіне, және әрбір нақты серіктестік түрінің құрылу
алғышарттары мен заңды негіздері жазылған.
2-тарау. КСМК-З ЖШС құру.
Осы тараудың зерттеу объектісі болып нақты кәсіпорын алынған. Тарау
екі бөлімге бөлінген, бірінші бөлімінде аталған ЖШС-ң Жарғысы
көрсетілсе, екінші бөлімінде ЖШС-ң Құрылтай Шарты көрсетілді.

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА СЕРІКТЕСТІК ҚҰРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Серіктестік туралы жалпы ұғым мен құрудың алғышарттары
Елімізде коммерциялық заңды тұлғалардың кең тараған түрлері бұл
шаруашылық серіктестік болып табылады. Серіктестік құрудың алғышарттарын
қарастырмас бұрын оның түсінігіне тоқталайық.
Серіктестік дегеніміз - бірнеше адамның немесе заңды тұлғалардың бірлесе
кәсіпшілік жасаудың ұйымдық құқықтық формасы. Серіктестіктің мынадай
түрлері бар:
а) толық серіктестік (серіктестіктің міндеттемелері бойынша, оның
мүшелері өздерінің барлық мүліктермен ортақ та толық жауапкершілікте
болады);
ә) коммандитті серіктестік немесе "сенім артқан серіктестік". Мұнда
серіктестік мүшелерінің бір бөлігі осы ұжымның міндеттемелері бойынша, өз
мүліктері есебінен толық жауапкершілікте болса, ал қалған бөлігі тек өздері
қосқан жарнасы көлемінде ғана жауапкершілікте болатындықтан, басқару ісіне
араласпайды;
б) жауапкершілігі шектеулі серіктестік - серіктестіктің міндеттемелері
бойынша, оның мүшелерінің бәрі тек өздерінің қосқан жарналары көлемінде
ғана жауапкершілікте болады;
в) қосымша жауапкершіліктегі серіктестік, яғни, бұл жерде серіктестіктің
міндеттемелері бойынша, оның мүшелері ең алдымен өз жарналары көлемінде, ал
жарналары жетпей қалған жағдайда өз мүліктерінің жарнаға тең көлемінде
қосымша жауапкершілікте болады;
Серіктестіктердің барлық түрлері шағын кәсіпкерліктің субъектілері бола
алады (ҚР 1997 ж. 19.06.. ҚР Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
туралы Заңының 3-б. 3-т).
Жоғарыда қарастырылған серіктестіктер кәсіпкерлік әрекетті шектейді.
Себебі олардың мүшелері өздері қосқан үлестерін әу баста келісілген сол
формада ғана қайтарып алуға мүмкіндіктері бар. Мәселен, серіктестіктің бір
мүшесі үлесі ретінде ғимаратты берсе, ол одан шыққан кезде сол ғимаратты
өзіне қайтаруға талаптанады. Бұл жағдайда өндірісті тоқтату қажет болады.
Серіктестіктердің арасындағы басты айырмашылықтар:
-серіктестіктің өзінің берешектері бойынша мүшелерінің жауапкершілігінің
сипатынан байқалады;
-сондай-ақ олардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері де әртүрлі.
Шаруашылық серіктестіктері мүліктерінің бәрі бірдей жекеше меншіктің
құқықтық режиміне бағынады.
Шаруашылық серіктестігінің мүлігі оның дербес балансында белгіленеді.
Баланста белгіленген заттар меншік құқығында шаруашылық серіктестігіне
тиесілі болады. Олардың құқықтық режимі ҚР АК 2-тарауымен реттеледі.
Серіктестіктің қатысушылары серіктестік мүлігіне тек міндеттемелік
құқықтары ғана бар.
Азаматтық кодекстің 188-бабының 2-тармағына сәйкес шаруашылық
серіктестігіне өз қалауынша өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету
құқығы беріледі. Демек серіктестіктің мүлкі оған қатысушылардың мүлкінен
бөлектенеді, сондықтан да бұл меншік біртұтас меншік деп аталады.
Серіктестіктердің өз қатысушыларынан осылайша тәуелсіз болуы оның шектеулі
жауапкершілікпен заңды түрде қызмет етуін қамтамасыз етеді. Қосымша
жауапкершілігі бар серіктестік бір немесе бірнеше құрылтайшымен құрылуы
мүмкін (АК-тің 40-бабының 1-тармағы). Шаруашылық серіктестіктер жекелеген
қызмет түрлерімен тек арнайы рұқсат лицензия арқылы айналыса алады.
Қатысушыларға шаруашылық серіктестіктерінің мүлкі емес, құқықтарын жүзеге
асыру арқылы мүлкінің бір бөлігі ғана тиесілі. Кез келген негіз бойынша
үлеске деген құқығын жоғалту қатысушының серіктестіктен шығуына әкеп
соғады. Осыған байланысты шаруашылық серіктестігінің оның мүлкіне тек
міндеттемелік құқығын сақтайды. Шаруашылық серіктестігінің мүлкіндегі
қатысушылардың үлесі пайыздық шамамен есептеледі ("Шаруашылық серіктестігі
туралы" Жарлықтың 7-бабының 2-тармағы). Шаруашылық серіктестіктің
мүлкіндегі барлық қатысушылардың үлестері ережеге сәйкес, жарғылық қорға
салған салымдарына орай жүзеге асады. Мысалы, жауапкершілігі шектелген
серіктестіктің құрылтайшылық құжаттарыңда серіктестіктің бір қатысушысына
тиесілі үлестің ең жоғары көлемі шектелуі мүмкін. Мұндай шектеу белгілі бір
қатысушының қатынасына байланысты тағайындалмауы мүмкін. Құрылтайшылық
құжаттар негізінде серіктестікке қатысушылардың үлес арасалмағы тең
дәрежеде өзгеруін жоққа шығаруға болмайды ("Жауапкершілігі шектеулі және
қосымша жауапкерішілігі бар серіктестіктер туралы" Заңның 28-бабы).
Жарғылық қордың көлемінің өзгеруі серіктестікке жаңадан қатысушы алудан
немесе одан бұрынғы қатысушының шығуынан болады, нәтижесінде әлгі
қатысушылардың әрекетіне байланысты қайта есеп жүргізіледі. Қатысушылар
өздерінің салымдарының көлеміне сәйкес мынадай құқықтарды жүзеге асырады:
а) серіктестіктің басқару ісіне қатысушылардың қатысу құқығы;
ә) қатысушылардың арасында серіктестік түсірген пайданы (кірісті) бөлуге
қатысу құқығы;
б) серіктестіктің мүлкіндегі үлесіне орай қатысушының құқығы.
Серіктестіктің қарызына сәйкес олардың қатысушыларының мүлкін біріктіру
және жауапкершілік дәрежесі мұндай шаруашылық серіктестігін екі категорияға
бөлуге мүмкіңдік береді. Бірінші категорияға толық және сенім серіктестігі
жатады (оларға акция шығаруға тыйым салынады, кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асыру, олардың мүшелері жеке қатысуымен негізделген, оның қатысушыларының
өздерінің барлық мүліктерін келісіп жауапкершілік етуі), ал екінші
категорияға — жауапкершілігі шектелген серіктестік, қосымша жауапкершілігі
бар серіктестік жатады (кепілдік сипаты бар жарғылық қордағы капиталды
жинақтау, бұл орайда жауапкершілік жарғылық қордың шеңберінде болады, ал
бұл ережеден тыс жағдайлар әдейі заңмен қарастырылуы мүмкін).
Шаруашылық серіктестігі азаматтық құқықтың дербес субъектілері болып
құрылады. Бірінші жағдайда заң шығарушы оларды құрылтайшылар, екінші
жағдайда – қатысушылар деп атайды. "Құрылтайшы" және "қатысушы" ұғымдары
бір-біріне жақын, бірақ тең емес; олар айтарлықтай дәрежеде бір-біріне
салынады. Барлық құрылтайшылар заңды тұлға тіркелген соң қатысушыларға
айналады. Алайда қатысушылардың бәрі бірдей құрылтайшылар болмайды, себебі
серіктестікте үлесті алу тіркеуден соң құрылтайшы болып есептелуге құқық
бермейді. Заң шығарушы осы қатысушы шаруашылық серіктестігін құрды деп атап
өткісі келгенде "құрылтайшы" терминін пайдаланады.
Үлеске құқығы бар тұлға қатысушы болып табылады. Жалпы ереже
бойынша, заңнамамен кейбір шектеулердің белгіленгеніне қарамастан жеке
тұлға, заңды тұлға және мемлекет шаруашылық серіктестігінің қатысушысы бола
алады. Мәселен, азаматтар ғана толық серiктестiктiң қатысушылары және сенiм
серiктестiгiндегi толық серiктер бола алады (ҚР АК 58-б. 3 -т.). Бұл
шаруашылық серіктестіктердің осындай түрлерінің ерекшелігі болып табылатын
олардың толық жауаптылығының қажеттілігіне байланысты. Шаруашылық
серіктестігі заңнамалық актілермен көзделген жағдайларды қоспағанда басқа
шаруашылық серіктестіктерінің құрылтайшысы бола алады. Мәселен,
мемлекеттік кәсіпорын шаруашылық серіктестігінің құрылтайшысы бола алады.
Бұдан басқа, ҚР “Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар
серіктестіктер туралы” заңының 10-б. 1-т. сәйкес жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің жалғыз қатысушы ретінде бір адамнан тұратын басқа
шаруашылық серіктестігінің бар болуы мүмкін емес.
Құрылтай шарты мен жарғы басқа барлық заңды тұлғалардай шаруашылық
серіктестіктің құрылтай құжаттары болып табылады. Егер серіктестікті бір
адам құрса (бұл тек ЖШС мен ҚЖС –ке қатысты), құрылтай шарты жасалмайды,
мұндай серіктестік жарғының негізінде әрекет етеді. Шаруашылық
серiктестiктiң құрылтай құжаттарын нотариат куәландыруға тиiс. (ҚР АК 58 б.
4 және 5 т.). Шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаттарында ҚР АК 41-
бабының 4 және 5-тармақтарында аталған мәлiметтерге қоса әрбiр қатысушының
үлес мөлшерi туралы; серiктестiктiң жарғылық капиталына олар салатын
салымның мөлшерi, құрамы, мерзiмi және тәртiбi туралы; серiктестiктiң
жарғылық капиталына салым салу жөнiндегi мiндеттердi бұзғаны үшiн
қатысушылардың жауапкершiлiгi туралы ережелер, сондай-ақ заң құжаттарында
көзделген өзге де мәлiметтер болуға тиiс (ҚР АК 58 б. 6 т.).
Серіктестіктің жарғысы заңды тұлғаның құқықтық мәртебесін анықтайтын
және атап айтқанда ол негізгі құрылтай шарты ретінде қарастырылатын заңды
құжат болып табылады. ЖШС және ҚЖС туралы Заңның 17–б. 2-т. сәйкес олардың
атаулары, орналасқан жерлері, мекенжайлары, банк деректемелері
(құрылтайшысы заңды тұлға болып табылса), сондай-ақ атауы, тұрғылықты жері
мен жеке басын куәландыратын құжаттың деректері көрсетіліп, құрылтайшысы
жеке тұлға болып табылса, ол серіктестіктің қатысушыларының (құрылтай
шарты қол тигеннен кейін осындай болып табылады) тізбесін міндетті түрде
қамтуы тиіс.
Жарғыны жалпы жиналыс (хаттама керек) бірауыздан бекітеді, нотариат
куәландырады және барлық құрылтайшылар немесе олардың уәкілетті өкілдері
қол қояды, тіркейтін органда сақталады және барлық мүдделес тұлғалар онымен
таныса алады. Жарғыдағы өзгертулерді де жалпы жиналыс анықтайды, ол
жайында әділет органдарына хабарланады.
Қатысушылардың құрамындағы өзгертулер Құрылтай шартына қосылу
шартымен ресімделеді, оған серіктестік органының уәкілетті басшысы және
кірген қатысушы қол қояды. Сондай-ақ мұндай шартты нотариат куәландырады
(ЖШС және ҚЖС туралы Заңның 22–б. 1-т.). ЖШС қатысушысының үлесін сатып
алуға болады және сатып алған құрылтай шартына құқықтың үлеске ауысқан
сәтінен бастап қосылған болып есептеледі.
Құрылтай шарты және жарғысы арасында қайшылықтар болған жағдайда:
- егер олар құрылтайшылардың iшкi қатынастарына қатысты болса,
құрылтай шартының;
- егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшiншi тұлғалармен
қатынастарында маңызы болса, жарғының ережелерi қолдануға тиiс (ҚР АК 41-б.
6 -т.).
Серіктестікті басқаруды жоғарғы және атқарушы органдар жүзеге
асырады. Әдетте, атқарушы органдарды, олардың түрлерін, құзыры мен
қызметінің тәртібін құрылтайшылар өз қарауымен анықтайды.
Шаруашылық серiктестiктiң жоғары органы оның қатысушыларының жалпы
жиналысы (өкiлдер жиналысы) болып табылады. Бiр тұлға құрған
серiктестiктерде жалпы жиналыстың өкiлеттiгi оның бiрден бiр қатысушысына
тиесiлi болады. (ҚР АК 60-б.1-т) Шаруашылық серiктестiгi қосылу, бөліну,
бөлініп шығу, бірігу нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастырылуы немесе
оның қатысушыларының шешімімен таратылуы мүмкін. Қайта ұйымдастыру немесе
таратудың тәртібі ҚР АК және өзге де заңнамалық актілермен анықталады.
Мысал үшін шаруашылық серiктестiктеріне несие берушiлерiне жарғылық
капиталды азайту туралы хабарламау осындай негiз болып табылады. (ҚР АК 59-
б. 4 -т.).
Шаруашылық серіктестігінің бір түрі басқа түрдегі шаруашылық
серіктестігі, не акционерлік қоғамдар, не өндірістік кооперативтер болып
қатысушылардың жалпы жиналысының шешімімен заңнамалық актілермен
белгіленген жағдайларда және тәртіппен қайта құрылуы мүмкін.
Енді шаруашылық серіктестігінің нақты нысандары туралы.

1.2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік және қосымша жауапкершілігі бар
серіктестік құру
Бiр немесе бiрнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай
құжаттарымен белгiленген мөлшерде үлеске бөлiнген серiктестiк
жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк деп танылады. Жауапкершiлiгi шектеулi
серiктестiкке қатысушылар оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және
серiктестiктiң қызметiне байланысты залалдарға өздерiнiң қосқан
салымдарының құны шегiнде тәуекел етедi. Бірақ мұны бекіту деп есептеуге
болмайды. ЖШС қатысушыларының басқа жағдайларда жауапкершiлiк көтеретін
реттер де бар, мәселен, ҚР АК 44-б. 3-т. сәйкес егер заңды тұлғаның
банкроттығы оның құрылтайшысының (қатысушысының) немесе оның мүлкiнiң
меншiк иесiнiң iс-әрекетiнен туындаған болса, заңды тұлғаның қаражаты
жеткiлiксiз болған жағдайда құрылтайшы (қатысушы) немесе оның мүлкiнiң
меншiк иесi несие берушiлер алдында субсидиарлық жауапкершiлiкте болады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті және қосымша жауапкершілігі бар
серіктестік құру оның құрылтайшыларының құрылтай шартын жасасуынан (ЖШС
және ҚЖС туралы Заңның 14 бабы ) басталып, серіктестікті заңды тұлға
ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізумен (ЖШС және ҚЖС туралы Заңның 19
бабы) аяқталады.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік – қатысушылары оның
міндеттемелері, өзінің жарғылық капиталға қосқан салымдары, ал олардың
кемшілігі бар жерде - өздеріне қосымша тиісті мүліктері көлемінде,
өздерінің салған еселі салымдары бойынша жауап береді. ҚЖС ерекшелігі –
мүлкі жетіспей қалған немесе банкротқа ұшыраған жағдайда қатысушылардың
бірінің жауапкершілігін өзге қатысушылардың арасында үлестіп беру болып
табылады. Осындай жағдайда қатысушының қосымша жауапкершілігі
қалғандардында олардың бара-бар үлестеріне тиесілі. ҚЖС-тің қалған құқықтық
ережелері ЖШС-тің құқықтық ережелеріне ұқсас болады.
Қатысушылар жауапкершілігінің шекті мөлшері жарғыда көзделеді.
ЖШС және ҚЖС құру рәсімі ол аяқталғанға дейін:
1) бір жыл ішінде, ал егер құрылтай шартында басқа мерзім белгіленсе, осы
мерзім ішінде, құрылтай шарты жасалған күннен бастап серіктестікті
мемлекеттік тіркеу туралы тиісті өтініш берілмеген жағдайда;
2) серіктестікті мемлекеттік тіркеуден бас тартуға сот тәртібімен
белгіленген мерзімде шағым жасалмаса не шағым жасалып, бірақ шағым
қабылданбаған жағдайда тоқтатылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рәсімі ол аяқталғанға дейін
тоқтатылуы мүмкін. Бұл жағдайда:
1) жарғылық капиталды қалыптастыру үшін ақша, бағалы қағаздар, заттар,
соның ішінде санаткерлік қызмет нәтижелеріне құқықты қоса мүліктік құқық
және өзге де мүлік қосқан серіктестіктің құрылтайшылары оларды дереу
қайтаруды талап етуге құқылы;
2) ҚР-ң ЖШС және ҚЖС туралы заңның негізінде жасалған сенімгерлік
басқару туралы шарт оның тараптары арасында өзгеше келісім болмаған
жағдайда тоқтатылып, осындай шарт бойынша берілген мүлік қайтарылуға тиіс.
3) Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рәсімі ол аяқталғанға дейін
тоқтатылған жағдайда (ЖШС және ҚЖС туралы заңның13 баптың 2-тармағы), егер
құрылтайшылар жаңа құрылтай шартын жасасса, серіктестікті құруға болады.
Бұл ретте мемлекеттік тіркеуден бас тартуға себеп болған мән-жайлар
ескерілуге тиіс.
ЖШС пен ҚЖС –тің құрылтай шарты
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен қосымша жауапкершілігі бар
серіктестік құрылтай шарты негізінде құрылады. Серіктестіктің құрылтай
шартында мыналар болуға тиіс:
1) серіктестікті құру туралы шешім, оның фирмалық атауы және орналасқан
жері;
2) серіктестік құрылтайшыларының атауы, орналасқан жері, банктік
реквизиттері (егер құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөні, тұратын
жері мен жеке басын куәландыратын құжат деректері (егер құрылтайшы жеке
тұлға болса) көрсетілген серіктестік құрылтайшыларының тізбесі;
3) серіктестікті құру тәртібі; оның құрылуына байланысты құрылтайшылардың
міндеттері, сондай-ақ құрылтайшылардың серіктестіктерді құру жөніндегі
қызметті жүзеге асыруының өзге де шарттары; аталған адамдардың, сондай-ақ
серіктестікті құру мен тіркеу барысында құрылатын серіктестіктің мүдделерін
білдіруге уәкілдік берілетін басқа да адамдардың өкілеттігін анықтау;
4) серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері;
5) серіктестіктің жарғылық капиталына әрбір құрылтайшының ақша салымының
құрамы, мөлшері мен мерзімі туралы немесе заттай нысанда не мүліктік
құқықтар түрінде салынған салымның ақшалай бағалануы туралы мәліметтер;
серіктестіктің жарғылық капиталына қосымша салымдар салу туралы шешім
қабылдаудың тәртібі, сондай-ақ серіктестіктің жарғылық капиталына
салымдарды уақтылы салмаудың салдарлары;
6) құрылтайшының серіктестік мүлкіндегі үлесін анықтау; серіктестікке
қатысушылар үлестерінің ауысу тәртібі;
7) серіктестік жарғысын бекіту;
8) серіктестіктің таза табысын бөлу тәртібі.
Құрылтайшылардың шешімі бойынша құрылтай шартына серіктестікті құруға
және оның қызметіне қатысты ЖШС және ҚЖС туралы заңы және басқа да заң
актілеріне қайшы келмейтін өзге де ережелер енгізілуі мүмкін.
Серіктестіктің құрылтай шартында оның қызметінің мәні мен мақсаты да
көзделуі мүмкін. Егер құрылтай шартында өзгеше көзделмесе, жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты коммерциялық құпия болып табылатын
құжаттар құрамына кіреді. Мемлекеттік және өзге де ресми органдарға, сондай-
ақ үшінші жаққа серіктестік органдарының шешімімен ғана не заң актілерінде
белгіленген жағдайларда ұсынылуға тиістеледі. Мемлекеттік тіркеу кезінде
тіркеуші органға құрылтай шартын табыс ету талап етілмейді. Сонымен қоса
құрылтай шартының талаптары осы шартқа қол қойған құрылтайшылар үшін,
сондай-ақ серіктестік құрылып, тіркелгеннен кейін оған кірген жаңа
қатысушылар үшін міндетті болып табылады.
Құрылтай шартын жасау тәртібі мен оның нысаны
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты әрбір
құрылтайшының немесе оның уәкілетті өкілінің шартқа қол қоюы арқылы жазбаша
нысанда жасалынып көрсетілген шартқа серіктестіктің барлық құрылтайшылары
қол қояды. Құрылтайшылар өкілдерінің серіктестікті құруға және құрылтай
шартына қол қоюға құқық беретін тиісті өкілеттігі болады және ол заңмен
көрсетілген. Құрылтайшылар қатарына кіретін заңды тұлғаларды олардың тиісті
заңды тұлға атынан сенімхатсыз әрекет етуге құқылы басшылары ұсынуы мүмкін.

Шартқа қол қоюдан бас тарту серіктестікке кіруден бас тартуды білдіреді
және шартқа қол қоймаған адамдарды оның құрылтайшыларының тізбесінде
көрсетуге болмайды және шартқа ескертпелер жасай отырып қол қоюға жол
берілмейді. Серіктестіктің жекелеген қатысушылары мәртебесінің
ерекшеліктері барлық құрылтайшылар қол қойған шарттың мәтінінде
көрсетіледі. Құрылтай шарты нотариат куәландырылады.
Серіктестіктің қатысушылары болып құрылтай шартына қол қойған
құрылтайшылар -серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен соң табылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысы
Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер
жарғысы серіктестіктің заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін
белгілейтін құжат болып табылады. Мемлекеттік тіркеу кезінде серіктестіктің
жарғысы құрылтай құжаты ретінде қаралады.
Жауапкершілігі шектеул және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер
жарғысында:
1)серіктестіктің фирмалық атауы, орналасқан жері мен мекен-жайы;
2)серiктестiкке қатысушылардың (серiктестiкке қатысушыларының тiзiлiмiн
жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын серiктестiктердi қоспағанда) олардың
атауы, орналасқан жерi, мекен-жайы, банк реквизиттерi (eгep құрылтайшы
заңды тұлға болса) немесе аты-жөнi, тұратын жерi және жеке басын
куәландыратын құжаттың деректерi (eгep құрылтайшы жеке тұлға болса)
көрсетiлген тiзбесi;
3)серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері туралы мәліметтер;
4)серіктестік органдарын құру тәртібі мен олардың құзыреті;
5)серіктестікті қайта ұйымдастыру және оның қызметін тоқтату ережелері;
6)серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмін жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын
жағдайда серiктестiктiң таза кiрiсiн бөлудiң тәртiбi ;
7)серіктестікке қатысушыларға және үлестерді сатып алушыларға
серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тәртібі және мерзімі;
8)серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері көрсетіледі
Егер серіктестікті бір адам құрса, оның жарғысында мүлікті құру мен
табыста бөлу тәртібі де белгіленеді.
Жарғыда Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа
ережелер де, серіктестік қызметінің мәні мен мақсаттары көзделуі мүмкін.
Жарғыны құрылтайшылардың жалпы жиналысы бірауыздан бекітеді және оған
барлық құрылтайшылар немесе олардың уәкілетті өкілдері қол қояды.
Серіктестіктің бұл жарғысын нотариатпен куәландырылуы тиіс.
Серіктестіктің нотариат куәландырған жарғысында даналары, сондай-ақ оның
кейінгі өзгерістері туралы барлық құжаттар серіктестікті мемлекеттік
тіркеуді жүзеге асырған органда сақталады.
Барлық мүдделі адамдар серіктестік жарғысымен танысып шығуға құқылы болып
келеді. Серіктестік өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің Үлгі жарғысының негізінде жүзеге
асыруға құқылы. Бұл жағдайда серіктестікті мемлекеттік тіркеу барысында
жарғыны табыс ету талап етілмейді.
ЖШС пен ҚЖС құру оның құрылтайшыларымен құрылтайшылық келісім -шарт
жасасу арқылы және серіктестіктің заңды тұлға ретіндегі мемлекеттік
тіркеуімен аяқталады .
Жарғылық капиталдың алғашқы мөлшері құрылтайшылардың салым сомасынан кем
емес және серіктестікті мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейінгі айлық
есептік көрсеткештің 100 еселік өлшеміне теңестіріледі. ЖШС-тің жарғылық
капиталының салымы ақшалай, құнды қағаз, заттай, мүліктік хұқық түрінде
болуы мүмкін, соның ішінде жерді пайдалану мен зияткерлік қызметтің
нәтижесіне құқық. Ақшамен төлеу кезінде серіктердің бірі (қандай екені
құрылтай шартында көрсетілуі мүмкін) ЖШС тіркелгенге дейін банкте жинақтау
шотын ашады, одан ақша бес күн ішінде ашылған серіктестіктің шотына
аударылады (24-бап, 7-т).
Тіркеу немесе қайта тіркеу кезінде жарғылық капитал және оның өз
капиталымен арақатынасы тексерілмейді (25-бап). Оны толық төлегеннен кейін
ғана ұлғайтуға болады , бұл жайында үш ай ішінде тіркейтін органға
хабарланады. Алайда жарғылық капитал ұлғайтылатын соманың жартысы бірден
төленуі тиіс.
ЖШС –ң (ҚЖС-ң) құрылтайшылық келісім –шарты:
-Жазбаша түрде бекітіледі
-әр құрылтайшымен немесе оның өкілетті өкілімен қол қойылады
-нотариуспен куәландырылады
Заңды тұлға құрылтайшысы құрамына енетіндер олардың жетекшілерінің
айтуымен заңды тұлға атынан сенім хатсыз жұмыс істей алады. Келісім-шарттан
бас Тарту серіктестікке кіруден бас тарту болып табылады. Келісім-шартты
түсінік негізінде жасауға жол берілмейді. Серіктестіктің жеке
қатысушыларының статусы туралы келісім-шартта көрсетілуі тиіс.
Құрылтайшылық келісім-шарт нотариуспен бекітіледі. Құрылтайшылық келісім-
шартқа қол қоюшылар мемлекеттік тіркеуден кейін серіктестік құрамына
кіреді. 
Жарғыны өзгерту тәртібі
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысын өзгерту жалпы жиналыстың
шешімі бойынша жүзеге асырылады. Серіктестік жарғысының өзгертілгені туралы
серіктестікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған органға бір айдың ішінде
хабарлауға міндеттеледі. Бұл мерзім өткен соң кез келген мүдделі адам заңды
тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне жарғының өзгерістеріне сәйкес өзгерістер
енгізуді сот тәртібімен талап етуге құқылы.
Серіктестік пен оған қатысушылар үшінші жақпен қатынастарында
серіктестікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған орган серіктестік
жарғысының өзгертілгені туралы хабарламаны алған кезден бастап не сот
шешімі негізінде заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне өзгерістер
енгізілген кезден бастап он бес күн өткеннен кейін серіктестік жарғысындағы
өзгерістерге сілтеме жасауға құқылы. Алайда үшінші жақ аталған мән-жайлар
мен мерзімдер басталмай тұрып та осы өзгерістерді ескере отырып іс-қимыл
жасауға құқылы болып келеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті (ҚЖС-ті) мемлекеттік тіркеу
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктік мемлекеттік (ҚЖС-ті) тіркеуден
өткен кезден бастап құрылған болып есептеледі. Мемлекеттік тіркеуді әділет
органдары заңды тұлғаларды тіркеу туралы заңдарда белгіленген тәртіппен
жүзеге асырады және ол мемлекеттік тіркеудің деректері, оның ішінде
серіктестіктің фирмалық атауы, жарғылық капиталының мөлшері,
құрылтайшыларының құрамы мен атқарушы органдары, оның орналасқан жері
туралы мәліметтер жалпыға бірдей танысу үшін ашық заңды тұлғалардың
бірыңғай мемлекеттік тізіліміне енгізіледі және серіктестіктің коммерциялық
құпиясы болмайды.
ЖШС пен ҚЖС серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшылар мынадай
іс-әрекеттер жасауы тиіс:
1) құрылтайшылар серіктестік құруға уәкілеттік берген адам қол қойған
серіктестік құру туралы өтінішті;
2) серіктестіктің жарғысын (ЖШС пен ҚЖС туралы Заңның 17-бабы);
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін алым төленгенін растайтын
құжатты табыс етуге тиіс.
Серiктестікке қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын
акционерлiк қоғамнан қайта құрылған жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктi
мемлекеттiк тіркеу үшiн:
1) қайта құру туралы шешiм қабылдаған акционерлердiң жалпы жиналысы
уәкiлдiк берген адам қол қойған серiктестiктi құру туралы өтiнiш;
2) серiктестiктiң жарғысы;
3) қайта құру туралы шешiм қабылдаған серіктестер жалпы жиналысы уәкiлдiк
берген адам қол қойған, акция ұстаушылар тiзiлiмiндегi деректер негiзiнде
жасалған серiктестiкке қатысушылар тiзiмi табыс етiлуге .
Серіктестік құрылтайшылары өз қызметін жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктің Үлгі жарғысы негізінде жүзеге асыруға шешім қабылдаған
жағдайда(ЖШС туралы заңның17-бабының 6-тармағы) серіктестікті мемлекеттік
тіркеу кезінде жарғыны табыс ету талап етілмейді. Алайда Үлгі жарғының
негізінде тіркеу туралы өтініште:
1) серіктестіктің атауы мен оның орналасқан жері;
2) серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері;
3) серіктестікке қатысушылардың атауы, орналасқан жері, банктік
реквизиттері (егер құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөні, тұратын
жері мен жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (егер құрылтайшы жеке
тұлға болса) көрсетілген тізбесі;
4) серіктестіктің өз қызметін Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратыны
туралы нұсқама көрсетілуге тиіс.
Өтінішке барлық құрылтайшылар қол қоюға тиіс және олардың қойған
қолдарының түпнұсқа екені нотариат арқылы куәландырылуы керек. Осы
серіктестікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органның серіктестік
құрылтайшыларынан өзге құжаттар табыс етуді талап етуге құқығы жоқ.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеуден бас тарту
ЖЩС немесе ҚЖС серіктестікті мемлекеттік тіркеуден бас тартуға мынадай
жағдайларда жол беріледі:
1) серіктестік жарғысының мазмұны заң актілерінің талаптарына сәйкес
келмегенде;
2) құрылтайшылар ЖШС және ҚЖС туралы Заңның 19-бабының 4 және 4-1-
тармақтарында көрсетілген құжаттардың бірін табыс етпегенде;
3) серіктестік құрылтайшылары серіктестікті құрудың тәртібін бұзғанда жол
беріледі.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру орынсыз деген себептермен оны
мемлекеттік тіркеуден бас тартуға,сондай-ақ мұндай тіркеуден жалтаруға оның
құрылтайшылары сот тәртібімен шағым жасай алады.
1.3 Толық серiктестiк құру
Толық серiктестiктiң мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда қатысу-шылары
(жеке тұлғалар) серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша (серіктестік үшін
құқықтық салдарды тудыратын әрекеттерді жасай отырып істерді жүргізеді)
өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен ортақ жауапкершiлiкте болатын серiктестiк
толық серiктестiк деп танылады. Сондықтан азамат бiр ғана толық
серiктестiктiң қатысушысы бола алады және ол үшін жарғылық капиталдың ең
төменгi мөлшері белгіленген болады. Елімізде 1990 жылдардан бастапқы
проблемаларын, оның ішінде тіркеу проблемаларын жеңілдету үшін әлдекім мұны
пайдаланып қалуға болады деп шешті және толық серіктестіктерді құра
бастады. Бірақ толық серіктестіктің өзгелерінен айырмашылығы сол, жеке сәт
аса маңызды, бұл серiктердің толық жеке жауапкершiлiгімен байланысты.
Сондықтан толық серiктестiкке қатысушының өз үлесiн (үлесiнiң бiр бөлiгiн)
оның басқа қатысушыларына немесе үшiншi жақтарға қалған барлық
қатысушылардың келiсiмiмен ғана беруiне болады. Үлес (үлестiң бiр бөлiгi)
үшiншi жаққа берiлген жағдайда сонымен бiрге толық серiктестiктен шыққан
қатысушыға тиесiлi құқықтар мен мiндеттердiң бүкiл жиынтығы соған ауысады.
Толық серiктестiктiң қатысушысы қайтыс болған ретте қалған барлық
қатысушылардың келiсуiмен құқықты мирасқор (мұрагер) серiктестiкке кiре
алады. Құқықты мирасқор (мұрагер) қатысушының толық серiктестiк алдындағы
борыштары бойынша, сондай-ақ серiктестiктiң үшiншi жақтар алдындағы бүкiл
серiктестiк қызметi кезiнде пайда болған борыштары бойынша жауапты болады.
Құқықты мирасқор (мұрагер) толық серiктестiкке кiруден бас тартқан немесе
құқықты мирасқорды (мұрагердi) қабылдаудан серiктестiк бас тартқан жағдайда
оған қатысушы қайтыс болған күнi белгiленген серiктестiк мүлкiндегi үлестiң
құқықты мирасқорлық негiзiнде өзiне тиесiлi құны төленедi.
Толық серіктестік (ТС) құру үшін:
- Бекітілген үлгідегі мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
- Қатысушылардың жалпы жиналысында бектілген жарғының қазақ және орыс
тілдегі 3 данасы;
- Қазақ және орыс тілдеріндегі құрылтайшылық келісім-шарттың барлық
қатысушылар қол қойған 3 данасы немесе барлық мүшелерінің аты-жөні, туған
жылы мен мекен-жайы көрсетілген кооператив мүшелерінің тізімі;
- Орналасқан жері туралы құжат;
- Тіркеуге байланысты төленетін төлем квитанциясы.
- Сенім-хат құжаттарды үшінші бір тұлға ұсынса.
 ҚР 11.07.97 ж. № 154 Заңымен 65-бап өзгертiлдiТолық серіктестік (ТС)
қайта құру үшін:
- Бекітілген үлгідегі мемлекеттік қайта тіркеу туралы өтініш;
- Құрылтайшылық құжаттарға өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы
серіктестік жиналысының шешімінен мөрмен расталған шешім;
- Серіктестіктің жалпы отырысында бекітілген толықтырулар мен өзгертулер
енгізілген жарғының қазақша және орыс тілдеріндегі 3 данасы; Мұнда
өзгертулер мен толықтырулар енгізу екі түрлі жолмен безендіріледі: жарғыны
құрудағы жаңа редакциялау және бұрынғы жарғыға қосымша ретінде толықтыру
енгізу;
- Серіктестіктің барлық құрылтайшылар қол қойған толықтырулар мен
өзгертулер енгізілген құрылтайшылық келісім-шарттың қазақша-орысша
тілдеріндегі 3 данасы; Мұнда өзгертулер мен толықтырулар енгізу екі түрлі
жолмен безендіріледі: жарғыны құрудағы жаңа редакциялау және бұрынғы
жарғыға қосымша ретінде толықтыру енгізу;
- Құрылтайшылар құжаттарының түпнұсқасы;
- Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы;
 - Статистикалық карточканың түпнұсқасы;
- салық төлеушіні тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы;
- қайта тіркеуге төлейтін төлем квитанциясы
- Сенім-хат  құжаттарды үшінші тұлға ұсынса. 
Толық серiктестiкке қатысушының өз үлесiн (үлесiнiң бiр бөлiгiн) оның
басқа қатысушыларына немесе үшiншi жақтарға қалған барлық қатысушылардың
келiсiмiмен ғана беруiне болады.
Үлес (үлестiң бiр бөлiгi) үшiншi жаққа берiлген жағдайда сонымен бiрге
толық серiктестiктен шыққан қатысушыға тиесiлi құқықтар мен мiндеттердiң
бүкiл жиынтығы соған ауысады.
Қатысушының толық серiктестiктен шығуы
Толық серiктестiктiң қатысушысы оның өзге де қатысушыларына заң
құжаттарында немесе құрылтай шартында көзделген мерзiмнен кешiктiрмей
ескерте отырып, серiктестiктен кез-келген уақытта шыға алады.
Егер қатысушы шығып кеткен уақытта толық серiктестiк сақталып қалса,
оның шығып кеткен күнiнде жасалған балансқа сәйкес шығып кететiн қатысушыға
серiктестiк мүлкiндегi үлесiнiң салған салымына тең құны төленедi.
Қатысушының талабы бойынша және серiктестiктiң келiсуiмен салымды толық
немесе iшiнара заттай түрде қайтарылуы мүмкiн. Шығып кеткен қатысушыға оның
осы жылы серiктестiкте болған кезеңiнде серiктестiктiң сол жылы алған таза
табысының оған тиесiлi бiр бөлiгi де төленедi.
Серiктестiкке қатысушының пайдалануға ғана берген мүлкi сыйақы төленбей
заттай түрде қайтарылады.
Қатысушыны толық серiктестiктен шығару
Толық серiктестiкке қатысушылар қалатын қатысушылардың бiрауыздан
қабылдаған шешiмi бойынша және оған дәлелдi себептер болған жағдайда, атап
айтқанда оның (олардың) өз мiндеттерiн дөрекi бұзуы немесе iс жүргiзу
қабiлетсiздiгi байқалған жағдайда қатысушылардың бiреуiн ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің сипаттамасы
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы негізгі ережелер
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар
Заңды тұлға
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
Коммерциялық заңды тұлғалардың жауапкершілігі
Серіктестіктер дегеніміз – адамдардың бірлестігі
Коммерциялық заңды тұлғалардың түсінігі
ЭНЕРГО ТЕХСТРОЙСЕРВИС ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫ ЖӘНЕ МҮЛКІ
Пәндер