Адам өлтірудің объективті белгілері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі

Тұран Университеті

Қылмыстық құқық және арнайы құқықтық пәндер кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Адам өлтіру

Тексерген: Аға
оқытушы

Ахимбеков О.Қ.

Орындаған: Заң
факультетінің

II-курс студенті
Биткенбаев Д.

Алматы 2006 жыл.

ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
I тарау. Адам өлтірудің қылмыстық құқықтық сипаттамасы. 4
1. Адам өлтірудің ұғымы. 4
2. Адам өлтірудің объективті белгілері. 5
3. Адам өлтірудің объективтік жағы. 6
4. Адам өлтіру субъектісі. 7
5. Адам өлтірудің субъективтік жағы. 8
6. Ауырлататын жағдайда адам өлтіру (ҚК 96-бабы 2- бөлігі) 11
Қорытынды 24
Қолданылған әдебиеттер 25

КІРІСПЕ

Ата заңымызға сәйкес әркімнің өмір сүру құқығы бар. Ешкімнің де
адамды өмірінен айыруға құқығы жоқ. Адамға қарсы жасаланатын қылмыстардың
ең қауіптісі адам өлтіру. Кез-келген мемлекет адамның өмірін,
денсаулығын және олардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделерін
қорғауды өзінің басым міндеттері ретінде қояды. Осы функция әртүрлі
құқықтық нормалармен, соның ішінде қылмыстық нормалармен де жүзеге
асырылады. Жеке адамға қарсы қылмыстар Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімін ашып бастайды,осы бөлімнің бірінші
тарауы болып танылады, және де алғашқы баптар адам өлтіруден басталады.
Барлық елдердің заңдарында адам өлтіру аса ауыр қылмыс болып
табылады. Адам өлтіру құқықтық саралауды және жаза тағайындауды қарау
барысында, елеулі қиындықтар тудыратын қылмыстарға жатады. Бұл қиындықтар
осындай қылмыстарды жасау барысындағы әртүрлі жағдайлардың көп болуымен,
өзінің ізін жасырудан қылмысқа тыңғылықты дайындалумен, бұл қылмыстардың
нақты белгілерін теріс түсінуге алып келеді. Өмірге қарсы қылмыстарды
саралау мәселесімен және қылмыстық-құқықтық нормаларды қолданумен мынадай
көрнекті ғалымдар: Шаргородский М.Д. Жижиленко А.А.Загородников Н.И.
айналысты және айналысуда, олар қылмыстық құқық теориясының дамуына
елеулі еңбек сіңірді. Жұмыста адам өлтіру жауаптылығының әртүрлі
аспектілері, осы қылмыстарды саралау, адам өлтіру түрінің әртүрлі
құрамының белгілерін ескере отыра, қылмыстық заңдарды дұрыс қолдану
шарты қарастырылады және олардың сараланған белгілері, тәжірибеден
материалдар келтірледі.

I тарау. Адам өлтірудің қылмыстық құқықтық сипаттамасы

1. Адам өлтірудің ұғымы

Адам өлтіруді қарастыруды бастамас бұрын адам өмірінің бастапқы
және аяққы кезеңдерін анықтау қажет.
Адамның өмірі биологиялық көзқарас жағынан, заттар, тағам және
бөлінудің тікелей алмасуынан тұрады. Осы функциялардың тоқтауымен адамның
өмірінің тоқтауы да жүреді. Адам өмірі - осы сөздің биологиялық ұғымы,
адамның өмірінің шегін анықтау үшін маңызы зор. Өмірдің пайда болуы туу
процесінің бастауымен байланысты. Өмірдің аяқталуының табиғи және заңды
құбылысы болып ағзаның қартаюының салдарынан адамның физиологиялық өлуі
танылады.
Адам өлуі туындауының мәселесі медициналық әдебиеттерде даулы
мәселе болып саналады. Авторлардың бір бөлігі адамның өлуі демалу және
жүректің соғуының тоқтау сәтінен туындайды дейді. Басқалары жүректің
соғуын өмірдің абсолютті емес дәлелдемесі деп санайды.
Бірақ бас миында және орталық нерв жүйесіндегі органикалық
өзгерістердің әсерімен өлімнің туындауы толассыз екендігі мойындалған.
Осы өзгерістердің туындалған уақытына дейінгі адам өлу кезенін клиникалық
деп атайды. Мынадай жағдай кездесуі мүмкін, клиникалық өлім туындаған
кезден кейін тыныс алу және жүректің соғуын қалпына келтіре отыра адамның
өмірін қалпына келтіруге болады. Әсіресе соңғы жылдардағы медицина ғылымы
және реаниматология саласындағы тәжірибедегі жетістіктер. Бір сәтте
құбылыс ретіндегі қатынастардың өзгеруіне көмектесті.
Адам өлімінің туындауы жөнінде тек биологиялық өлім ғана
куәландырады, яғни ағзаның біртұтастық ретіндегі қалпына келмейтін өлу
жағдайы, жүрек қызметінің тоқтауы ірі артериялар соғуының жоғалуы тыныс
алудың тоқтауы, орталық нерв жүйесі функциясының жойылуын айтамыз.
Өмірден құқыққа сай айыруға, бақытсыздық жағдайға және өзін-өзі
өлтіруге қарағанда, адам өлтіру Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі
Ерекше бөлімінде көзделген құқыққа қайшы іс-әрекет ретінде қарастырылады.
Кінәнің болмауына байланысты құқыққа сай адам өмірін және бақытсыздық
жағдайында өлуді адам өлтіруге жеткізбес үшін С.В. Бородин былай деп
санайды: адам өлтіруді анықтау барысында өмірдің кінәлі айырыуына баса
көңіл аудару қажет деп санайды. Өзін-өзі өлтіруді ажырату үшін басқа
адамның өмірін айыру жөнінде сөз болуы керек.
Қылмыстық кодекстің 96-бабы 1-бөлігінде адам өлтіру ұғымының
анықтамасы берілген, онда осы бап бойынша адам өлтіру деп құқыққа қайшы
қасақана басқа адамға қаза келтіруді айтады және қылмыстың ұғымын нақты
береді. Осы ұғымнан мынаны анықтауға болады, адам өлтіру деп басқа
адамға қасақана қаза келтіруді айтамыз. Яғни адам өлтіру тек
қасақаналықпен жасаланады, ол абайсыздықта адамға өлім келтіру зерттеудің
басқа объектісін құрайды. М.Д. Шаргородский өзінің Денсаулыққа және
өмірге қарсы қылмыстар деген монографиясында адам өлтіруге сонымен бірге
басқа адамға қаза келтіруді жатқызады, абайсызда адам өлтіруді - ол осы
ұғымның шегінен тыс қалдырады.
Бұл жерде бірқатар авторлар адам өлтірудің ұғымын толық емес деп
санайды. Бородин С.В. былай деп жазады: Адам өлтірудің заң
анықтамасында, біздің көзқарасымызда іс-әрекеттің құқыққа қайшы және
кінәлігіне нұсқауы жетпейді деп атайды.

2. Адам өлтірудің объективті белгілері

Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың объектісі болып қылмыстық
заңмен қорғалынатын қоғамдық қатынастар делінеді.
Адам өлтірудің объектісі болып адамның өмірі танылады. Қылмыстық заң
өмірді туғаннан бастап қаза болғанша қорғайды. Өмірдің басталуы деп
физиологиялық туудың басталуы танылады.
Өмірдің аяқталуы деп орталық нерв жүйесі қызметінің толық
тоқтатылуын айтамыз, ағзада қайталанбайтын процестер жүреді және өмірдің
қызметін қалпына келтіру мүмкін болмайды.

3. Адам өлтірудің объективтік жағы

Қылмыстық объективтік жағы заңмен қорғалатын мүдделерге қоғамға
қауіпті және құқыққа қайшы қолсұғушылық процесін айтамыз және
құбылыстардың рет-ретімен даму көзқарасы бойынша, субъектінің қылмыстық
әрекетінен (әрекетсіздігінен) басталады және қылмыстық нәтиженің
зардабымен аяқталады.
Адам өлтірудің объективтік жағы басқа адамның өмірін айырудан
тұрады. Адам өлтіру әрекет немес әрекетсіздік арқылы да жасалады. Ең
алдымен адам өлтіру басқа адамның өмірлік маңызды органдарының функциясын
немесе анатомиялық біртұтастығын бұзуға бағытталған әрекет жолымен
жасалады. Адам өлтірудің объективтік жағының белгісі ретіндегі іс-
әрекетінің тәсілін анықтау оны саралау үшін елеулі маңызы бар. Бірқатар
адам өлтіруді жасау барысында адам өлтіру тәсілі сараланған мән-жай болып
танылады. Адам өлтірудің объективтік жағын талдау барысында әрекет немесе
әрекетсіздік қылмыстың тек сыртқы белгісі болып танылатындығын ескеру
қажет. Бұл ең алдымен оның қоғамға қауіптілігі, ең соңында жәбірленушінің
өлуіне байланысты келтірілген зияннан көрінеді. Оның туындауы қылмыстық
іс-әрекеттің зардабы ретінде адам өлтірудің объективті жағының міндетті
белгісі болып табылады. Кінәлінің әрекет (әрекетсіздігі) нәтижесінде
мұндай зардаптың туындалуы қылмысты аяқталған деп мойындауын және адам
өлтіруге дайындалу немесе оқталудың болуы Қазақстан Республикасы
кодексінің 24 бабын қолданып, саралауға әкеледі.
Адам өлтіру барысында объективтік жақтың тағы бір белгісі болып
кінәлінің әрекеті (әрекетсіздігінің) арасындағы себепті байланыс және
жәбірленушіге қаза келтірудің туындауы танылады.
Іс-әрекет және туындаған зардаптың арасындағы себепті байланыс
мәселесін шешу барысында оның объективті түрде өмір сүретіндігін ескеру
қажет. Іс-әрекет және жәбірленушіге туындаған өлімнің арасындағы себепті,
байланыстың болмауы немесе өмірінен айыруға байланысты, қылмыстық
жауаптылықты толық жоққа шығарады, немесе басқа да саралауға әкеледі.
Объективтік жақтың сипаттамасына адам өлтіруді жасаудың жағдайы да
жатады. Ол себепті байланыстың болуы немесе болмауы мәселесін шешу үшін
маңызға ғана ие емес, осы адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін немесе
осы қылмысты саралау үшін белгілі бір жағдайларда маңызды.

4. Адам өлтіру субъектісі

Қылмыстың субъектісі болып заңмен белгіленген 14 жасқа толған, есі-
дұрыс адам болып табылады. Қылмыстық кодексінің 96-бабындағы адам
өлтірудің субъектісі болып ақыл есі дұрыс, қылмыс жасау уақытында 14
жасқа толған адам, адам өлтірудің қалған барлық түрлері бойынша тиісінше
16 жас танылады. Бірақта жас және есі-дұрыстық қылмыс құрамының
белгілеріне жатпайды, тек қылмыстық жауаптылық туындататын шарты болып
танылады.
А.Н. Трайнин адамның жасы және есі-дұрыстығы қылмыстық жауаптылық
тудыратын субъективті шарттары болып табылады, қылмыстық заң
қызметкерлері белгілі бір жасқа толғаны үшін немесе есі-дұрыстығы үшін
емес, белгілі бір жасқа толған және есі дұрыстығы шартында қылмысты
жасағандығы үшін жазалайды деп дұрыс атап көрсетті.
Жасты және есі-дұрыстықты былай түсіндіруге болады, жасөспірім және
есі-дұрыс емес адаммен жасалған басқа адамның өмірін айырудағы келген іс-
әрекет, оның қоғамға қауіптілігін жоққа шығармайды, қылмыстық
жауаптылықты азайтады. Адам өлтірудің субъектісіне қатысты заң жоғарыда
келтірілгендерден басқа ешқандай шарттарды ұсынбайды. Заңда тек осы
қылмысты саралауға әсер ететін адам өлтіру субъектісінің жекелеген
белгілері ғана аталады. Бұрын адам өлтіруді жасаған адамның қайталап
өлтіруі Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігі қ тармағына сәйкес
саралауға әкеледі, өйткені субъектінің бұл белгісі заңда - ауырлататын
адам өлтіру ретінде тікелей көрсетілген.

5. Адам өлтірудің субъективтік жағы

Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың субъективтік жағын
субъектінің өзінің қоғамға қауіпті іс-әрекетіне және оның қасақаналық
және абайсыздық зардабына технологиялық қатынасы ретінде деп атап
көрсетеді.
Адам өлтіру субъективтік жағынан тек қасақаналықпен жүзеге
асырылады. Кінәлі басқа адамның өміріне қол сұғатындығын сезінеді
жәбірленушіге өлім келетіндігі нақты мүмкүндігін көре біледі және оның
туындауын тілейді (тікелей қасақаналық) немесе саналы түрде жол береді
(жанама қасақаналық). Адам өлтіруге оқталу тек тікелей қасақаналықпен
болуы мүмкін. Кінәлінің қасақаналығының ниетінің мазмұнын шешу барысында
қылмыстардың барлық мән-жайларының жиынтығынан шығуы керек, нақтырақ
айтқанда кінәлі және жәбірленушінің мінез-құлқына алғышарт болатын,
олардың өзара қатынасын, қылмыстық іс-әрекетін тоқтатылу себептері,
қылмысты істеудің әдіс-құралы, жарақаттың сипаты және көлемі, мысалы
өмірлік маңызды органдарға, сондай-ақ кінәлінің одан кейінгі мінез-құлқы.
Адам өліруге оқталудың дәлелденген жағдайында жәбірленуші үшін туындаған
зардаптарды қосымша саралау талап етілмейді. Адам өлтірудің субъективтік
жақты сипаттайтын мән-жайларға, сондай-ақ ниет, мақсат, эмоцияда кіреді.
Олар құрамының міндетті белгілері ретінде болуы мүмкін (мысалы,
басқа қылмысты жасыру мақсатымен адам өлтірудің міндетті, белгісі болып
танылады, Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігі қ тармақшасы бойынша
сараланады, жан күйзелісі жағдайында Қылмыстық кодексінің 98-бабының
міндетті белгісі) немесе жеңілдететін және ауырлататын мән-жай ретінде
жазаны даралауда ескеріледі.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі тек: қасақана адам
өлтіруді ғана қамтиды. Абайсызда адамға өлім келтіруді жұмыс істеп тұрған
Қылмыстық кодекс адам өлтіруге жатқызбайды.
Қасақана адам өлтіруді келесі үш түрге бөледі:
Ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларсыз адам өлтіру
(қылмыстық кодексің 96-бабы 1-бөлігі)
Ауырлататын мән-жайларда адам өлтіру (Қ.К. 96-бабы 2-бөлігі)
Жеңілдететін мән-жайларда адам өлтіру (Қ.К 97-бабы-100)
Қылмыстық кодексінің 96-бабы 1-бөлігінде көздеген адам өлтіру немесе
жай адам өлтіру осы қылмыс түрлерінің негізгі құрамы деп аталады.
Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігінде көздеген адам өлтіру осы
қылмыс түрінің сараланған құрамы деп танылады. Баптың осы бөлігі
ауырлататын он үш мән-жай тармақтан тұрады. Жеңілдететін мән-жайларда осы
қылмыс түрлерінің (басымдық) құрамына жатады. Қылмыстың осы түріне
Қылмыстық кодекстің 97, 98, 99, 100 баптарында көзделген адам өлтірулер
жатады. Әр адам өлтіруді қарау осы ретпен жүргізіледі. Төбелес немесе
ұрыс-керіс кезінде адам өлтірудің өзі мұндай өлтірудің кенеттен пайда
болған жан толғанысы жағдайында немесе қажетті қорғаныс шегінен шығу әлде
абайсыздықпен адамға өлім келтіру деп жатқызатын мән-жайдың болуын
жоққа шығармайды. Осы белгілердің болуы жағдайында төбелес немесе ұрыс-
керіс жағдайында адам өлтіру Қылмыстық кодексінің 98, (96), 99 баптарымен
саралануға тиіс.
Мынадай жағдайларда төбелес қасақана өмірінен айыру оның шекперінен
шықпай қажетті жағдайында жасалса оның қылмыс құрамының мазмұны болмайды.
Ұрыс немесе төбелес жағдайында адам өлтіруді саралау мәселесін шешу
барысында ең алдымен мыналарды ескеру керек, өлтірудің ниеттері қандай,
ұрыс немесе төбелес адам өлтіруді ауырлататын мән-жайда жасалған деп
танитын ниеттердің болуын шығармайды. Төбелес немесе ұрыс жәбірленушімен
ара қатынасы күрделендіруге, одан кейін адам өлтіруге себеп. Көбінесе
төбелес немесе ұрыс жағдайында адам өлтіру істерін қарау барысында оларды
бұзақылық ниетпен туындаған адам өлтіруден ажырату мәселесі қойылады.
Төбелес немесе ұрыс жағдайында адам өлтірудің ниеттерін талдау
көрсеткендей, олар әртүрлі болып келеді. Өйткені бұлар бұзақылық ниеттер
болуы, көре алмау, қызғаныш, кек алу, пайдакүнемдік, қорқақтық, маскүнем
куйеуінен құтылуды тілеу және т.б.
Төбелес және ұрыс кезінде адам өлтіруді саралау үшін айтылғандарды
қорытындылай келе, адам өлтіру ісі бойынша ең алдымен өзіне назар
аударатын төбелес немесе ұрыстың болуын ептеу маңызы, жасалған қылмыстың
және нақты жағдайларын анықтау қажет. Адам өлтіру барысында төбелес
немесе ұрыс нақты істің мән-жайлардың ескермейінше, қылмыстарды саралау
үшін негізгі белгілер болып танылмайды. Сондықтан заң төбелесті және
ұрысты адам өлтіруді саралау үшін ықпал ететін жағдайларға жатқызбайды.
Қарастырылып жатқан адам өлтірудің түріне билік өкімінің немесе
мемлекеттік, қоғамдық және басқа да мүлікті қорғайтын адамның қарудың
құқыққа сай емес қолданылуының нәтижесінде жәбірленушінің олардың заңды
талаптарын орындамауы жатады.
Сот тәжірибесінде ниеттен тыс адам өлтірулер деп аталатын жағдайлар
кездеседі. Мұндай адам өлтірулерді кейде бұзақылық ниетпен жасалған деп
адам өлтірудің ниеті анықталмаған негізсіз таниды. Барлық жағдайларда
адам өлтірудің ниеті анықталмай қалса және осы ақтаңдақты толтыруға
мүмкіндік болмаса, Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігін қолдану,
кінәлінің әрекетінде ауырлататын мән-жайлар болмаса Қылмыстық кодекстің
96-бабы 1-бөлігі диспозициясына сәйкес осы бап бойынша жатқызылады.

6. Ауырлататын жағдайда адам өлтіру (ҚК 96-бабы 2- бөлігі)

Жұмыс істеп тұрған Қылмыстық кодекстегі адам өлтіруді ауырлататын
жағдайларды анықтау қылмыстарды дұрыс саралау, кейін кінәліге әділетті
жаза тағайындау үшін маңызды. Қазіргі кезде қылмыстық заңда жазаны
ауырлататын екі мән-түрі белгілі.
Біріншісі - қылмысты жасайтын адамға жазаны анықтау үшін (ҚК –тің
54 бабы), екіншісі - нақты қылмыс құрамын саралауға әсер ететін белгі
ретінде ерекше маңызға ие. Қылмыстық кодекстің 54 бабында аталған жазаны
ауырлататын мән-жайлар, жекелеген қылмыстарды саралауға әсер мән-жайларды
салыстыру көрсеткеніндей, біріншілері екіншілерінің бағытын анықтайтын
құқықтық база болып танылады. Басқаша айқанда Қылмыстық кодекстің Жалпы
бөліміндегі айтылған ауырлататын мән-жайлар жекелеген қылмыстардың
құрамын нақтылайды. Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігінде көзделген
ауырлатын мән-жайлар барысында адам өлтіру басқа адам өлтірулермен
салыстырғанда аса қоғамға қауіптілікті көрсетеді. Адам өлтіруді
ауырлататын мән-жай барысында жасалған деп тану кінәлінің әрекеті
Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігінде көзделген бір немесе бірнеше
белгілерге сәйкес келеді.
Адам өлтірудің ауырлататын мән-жайларын адам өлтірудегі
жәберленушіні сипаттайтын келесідей белгілері бойынша және осы қылмыс
құрамының элементі бойынша топтастыруға болады:
1) жәбірленуші адамның ерекшелігіне байланысты екі немесе одан да көп
адамдарды өлтіру (А тармағы); осы адамның қызметтік іс-әрекетін
жүзеге асыруына не кәсіби немесе қоғамдық борышының орындауына
байланысты адамды немесе оның жақындарын (Б тармағы); дәрменсіз
жағдайда екендігі айыпкерге белгілі адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен
не адамды кепілге алумен ұштасқан (В тармағы); жүкті екендігі
айыпкерге белгілі (Г тармағы).
2) Қылмыстық объективтік жағына байланысты аса қатігездікпен жасалған
адам өлтіру (Д тармағы); көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен
жасалған (Е тармағы).
3) Қылмыстық субъективтік жағына байланысты пайда табу мақсатымен, сол
сияқты жалданып не қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен не бандитизммен
ұштасқан адам өлтіру (З тармағы); бұзықылық ниетпен (И тармағы);
басқа қылмысты жасыру немесе оны жеңілдету мақсатымен жасалған, сол
зорлауға немесе жыныстық қатынас сипатындағы күш әрекеттерімен ұштасқан
(К тармағы); әлеуметтік, ұлттық, өшпенділік немесе араздық не қанды
кек себебі бойынша (Л тармағы); жәбірленушінің мүшелерін немесе тәнін
пайдалану мақсатымен жасалған адам өлтіру (М тармағы)
4) Қылмыстық субъектісі бойынша адамдар тобы, алдын-ала сөз байласу
арқылы немесе ұйымдасқан топ болып адам өлтіру (Ж тармағы).
Егер Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігінің екі немесе одан да көп
тармақтарында көделген ауырлататын мән-жайлар барысында адам өлімі
жасалынса, онда істелінген іс-әрекеттер барлық тармақтар бойынша
саралануы тиіс, бірақ осы жерде жаза бойынша жекелеп тағайындалмайды. Екі
немесе одан да көп адамдарды өлтіру (ҚК 96-бабы 2-бөлігі а тармағы).
Азаматтардың өміріне және денсаулығына қолсұғушылыққа байланысты
жауаптылықты реттейтін заңдарды сот жөніндегі Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Пленумының Қаулысында 88 бабында 1 бөлігінде з тармағында
былай деп көрсетілген: екі немесе одан да көп адамдардың өмірін қасақана
қию осы баппен саралануы тиіс, іс-әрекет қысқа аралығында бір-бірнеше
әрекеттермен орындалады және кінәлінің бірнеше адамға өлім келтіруі
тікелей немесе жанама қасақаналықпен жасалынады.
Екі немесе одан да көп адамның өмірінен айыру – кінәлінің қылмыстық
ниетінің бірлігін білдіретін міндетті белгі. Қылмыстық бірлігімен
біріктірілген екі немесе одан да көп адамды бір мезетте адам өлтіру деп
танимыз, бұл жерде тек тікелей қасақаналық анықталуы тиіс, ол бір мезетте
адам өлтіруді тек тікелей қасақаналық емес, жанама қасақаналықта болуы
мүмкін. Бір мезетте екі немесе одан да көп адамды өлтіруге,
жәбірленушілер өмірінен уақыттық үзілмеуінен тыс адам өлтірулер жатады.
Бұл, мысалы екі адамды бір оқпен атып өлтіру немесе жәбірленушіге бірінен
кейін біріне өлім келтіру.
Кінәлінің қасақаналық бағыты барысындағы екі немесе одан да көп
адам өлтіру және басқасына оқталу аяқталған қылмыс ретінде
қарастырылмайды- екі немесе одан да көп адам өлтіру бұл қылмыстық
пиғылдық нәтижесі ретіндегі, нәтижесі қылмыстық субъектісінің еркіне
байланысты емес мән-жайлардан туындайды.
Аса қатыгездікпен адам өлтіру (ҚК 96 бабы 2б. д) жәбірленуші аса
қатігездікпен, садизммен немесе қорлаумен, сондай-ақ азаптау кез-келген
қылмысты ауырлататын мән-жай болып танылады. Осы бап бойынша адам
өлтіруді жасау барысында жалпы ереженің нақты көрінісі болып танылады,
адам өлтірудің осы түрі қоғам үшін аса қауіпті, ол әрекеттінің тәсілінде,
жәбірленушінің және басқа да адамдардың бей-жайсыз қараудан көрініс беруі
мүмкін. Адам өлтірудің осы түрінің субъектісі де неғұрлым жағымсыз болып
сипатталады.
Адам өлтіру көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілімен (ҚК 96
бабы 2 бөлігі е тармағы). Адам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам өліміне әкеп соғатын жеке тұлғаға қарсы қылмыстың сипаттамасы
Ауырлататын жағдайда жасалған адам өлтіру
Қылмыс жасау сатылары, Баланы қасақана өлтіру
Кісі өлтіру нәтижесінде қызғаныш
Адам өлтірудің ауырлатылған құрамдарын саралау
Өмірге қарсы қылмыстарды саралау
Кісі өлтіру қылмыстарының жалпы сипаттамасы
Шетелдердің қылмыстық заңнамасы бойынша қылмыс құрамының құқықтық сипаттамасы
Адам өлтірудің субъективтік белгілері
Аффект жағдайында жасалған адам өлтіру
Пәндер