Қазақтың әдет - ғұрып құқығының бастаулары
Жоспар
Кіріспе 2
Қазақтың әдет-ғұрып құқығының бастаулары 4
“Қасым ханның қасқа жолы” 10
“Есім ханның ескі жолы” 12
Тәуке ханның “Жеті жарғысы” 16
Меншік құқығы 22
Міндеткерлік құқықтар 23
Отбасы-неке құқығы 25
Мұрагерлік құқығы 28
Қылмыстық әдеп-ғұрып құқығы 29
Сот және сот процесі 33
Қорытынды 37
Қолданылған әдебиеттер 38
Кіріспе
Қазақтардың құқықтық жүйесін әдет-ғұрып құқығы құрайды. Бұл жүйені
"адат" деп атады. Адат заңдастырылған әдет-ғұрып нормалары. Бұл нормалар
қазақ қоғамының барлық жақтарын реттеп отырды. "Адат" араб тілінде әдет-
ғұрып деген ұғымды білдіреді. "Адат" өте ерте кезден басталып, көптеген
өзгерістермен және толықтырулармен қазақ қоғамындағы негізгі реттеуіш
нормалар ретінде 1917 жылға дейін созылды. Дегенмен "адаттың" құқықтық
институттары ғасырлар барысында үлкен өзгерістерге ұшырамады.
Қазақтардың әдет-ғұрып құқығы мынадай ерекше белгілермен
сипатталады:
1. Рулық, патриархалдық әдет-ғұрыптардың ұзақ сақталуынан көрінетін
консерватизмі. Мұндай ерекшеліктердің сақталуы заңды нәрсе. Ру қазақ
қоғамының негізі болды. Ал рудың негізі патриархалдық отбасы болды. Қазақ
отбасының басшысы немесе отағасы отбасындағы шешуші фигура болды. Бұл
ерекшеліктердің бәрі де көшпелі экономикалық қатынастардың бейнелері
болып табылады.
2. Қазақ әдет-ғұрпы құқығы барымта, қанға-қан, жанға-жан, әмеңгерлік, өз
бетімен сот ұйымдастыру сияқты өтпелі институттардың сақталуын қамтамасыз
етті. Бұл институттар қазақ қоғамында және оның құқықтық жүйесінде ерекше
орын алды.
Қоғамдық пікір бұл институттарды айыптамады.
3. Әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмыстық істер мен азаматтық істердің
арасындағы айырмашылықтарға ерекше мән бере берілмеді.
4. Жерге жеке меншік құқының болмауы; қоғам мүшелерінің құқықтық жағынан
тендігі қазақ аристократиясының (сұлтандар, билер, қожалар) артықшылығымен
ұштастырылды. Қазақ ақсүйектерінің, әсіресе сұлтандар мен қожалардың
артықшылығы ресми заңдастырылды. Ал ел билеу ісі тек сұлтандардың үлесі
ретінде рәсімделді. Мұндай тәртіпті қоғамдық пікір де мойындады.
5. Жазаның түрлері салыстырмалы түрде гуманистік сипатта болды.
6. Құқықтық жүйе мен оның нормалары демократиялық және компромистік
сипатта болды.
7. Әдет-ғұрып құқығының партикулярлық сипаты. Әдет-ғұрып нормаларындағы
басты нәрсе — ол нормалардың өздерінен гөрі олардың ішкі мәні еді, олардың
негізінде жатқан принциптері еді. Ең басты нәрсс сол принциптердің өз
мәнін, мазмұнын жоймай іске асуы болатын. Айталық, қылмыс пен жаза
саласында — қанды кек не құн төлеу қағидасы, неке саласында — жеті атаға
дейін қыз алыспау қағидасы, сот саласында әділдік, жариялылық, шешендік
қағидалары. Әдет-ғұрып құқығы құқықтық әдеттер жинағы ғана емес, ол қағида,
көзқарас, ой түсінік жүйесі де болып табылады.
Әрине, әдет-ғұрып нормаларының белгілі бір бөлігі мемлекет
тарапынан қолдау тапты. Мемлекет оларға баса көңіл бөліп, өз мақсат-мүддесі
тұрғысынан әсер етуге, өз қызметіне жаратуға әрекет жасады (жинастырды,
жүйеледі, өз атынан жариялады). Бірақ әдет-ғұрып нормалары оның ішінде
Ереже жарғылары да, одан мемлекет заңына айналған жоқ, өзіндік өмір сүру
мәнін жоғалтқан жоқ... Қоғамдық тәртіп, демек, әдет-ғұрып нормаларын сақтап
орындау да көшпелілердің "автономиялығына", дербестігіне, өздерін өздері
басқаруға негізделген еді.
Қазақтың әдет-ғұрып құқығының бастаулары
Қазақтың әдет-ғұрып құқығы мынадай бастаулар негізінде қалыптасты:
а) әдет-ғұрыптар — адат; б) билер сотының практикасы (сот-прецеденті); в)
билер сьездерінің ережелері; г) шариғат нормалары.
Ауызша әдет-ғұрыптар ең көне заманнан, рулық қауымның қалыптасуынан
бастау алады. Таптық қатынастардың күшейіп, әлеуметтік жіктелудің артуына
орай ауызша әдет-ғұрыптар құқықтық сипат алып билеуші топтардың мүддесіне
қызмет ете бастады.
Құқықтың бұл түрі қазақ қоғамының талаптары мен ерекшеліктеріне
сай келді. Көшпелі қоғам жағдайында ұзақ уақыт сақталып қалған рулық
қатынастар, патриархалдық отбасы, көшпелі мал шаруашылығы т.б. қатынастарды
реттеудің бірден-бір тиімді жолы әдет-ғұрып құқығы болып табылды.
Қазақ хандары әдет-ғұрып құқығының нормаларын жүйелеп жетілдіріп,
қоғамның талаптарына орай өзгерістерге ұшырап, оларға ресми сипат беріп
отырды. Әдет-ғұрып заңдарын алғашқы жүйелеуші Қасым хан болды. Оның
зандары бес бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім — мүліктік және жер қатынастарын
реттеуші нормалардан тұрды. Екінші бөлім — қылмыс пен жазаға қатысты құқық
нормаларын жинақтады. Үшінші бөлім әскери міндеттілік жәнс оны орындау,
сондай-ақ әскери тәртіпті бұзғандағы жазаларға байланысты құқықты
нормаларды қарастырды. Төртінші бөлім — елшілік жораларға қатысты,
елшілерді тағайындау және қабылдау тәртібі, шет ел өкілдерімен келіссөздер
жүргізу, дипломатиялық этикет мәселелері туралы нормалардан тұрды. Бесінші
бөлім — қайтыс болғандарды жерлеу, еске алу, мерекелер өткізу т.б.
рәсімдерге арналды. Қасым ханнан соң шамамен жүз жылдан кейін әдет-ғұрып
құқықтары Есім ханның тұсында қайта жүйеленді. Қалмақтармен соғыстардың
күшеюіне байланысты Есім хан әскери міндеткерлікті күшейтіп, әскери
тәртіпті бұзғаны үшін жазаларды қатайтты. Есім хан негізінен бұрынғы Қасым
хан тұсындағы құқықтық ережелерді қайталады. Сондықтан оны ескі жолды
жалғастырушы ретінде " Есім ханның ескі жолы" деп атап кетті. Тәуке хан
Есім ханнан соң шамамен 80-90 жылдан соң дала заңдарына өзгерістер мен
толықтырулар ендіріп оны "Жеті жарғы" деген атаумен қайта қабылдатты. Тәуке
хан әдет-ғұрып заңдарын қайта жүйелеуге көп еңбек сіңірді. Аты аңызға
айналған Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің басшылығымен қазақтың белгілі
би, шешен, білгірлері бірнеше рет жиналып "Жеті жарғының" нормаларын
талқылаған " Күлтөбенің басында күнде жиын" деген сөз сол кезден калган.
Ақырында жан-жақты сұрыпталған "Жеті жарғы" зандар жинағы дүниеге келген.
"Жеті жарғының" алғашында қағазға түскен нұсқасы да бар болуы мүмкін деген
жорамалдар бар."Жеті жарғының" бізге жеткен қазіргі нұсқаларының бір-
бірінен өзгешеліктері бар. Оның қазақша нұсқасы бізге жетпеген. Бізге
жеткені XІX ғасырдың алғашқы ширегінде орыс ғалымдары жазып алған
нұсқалары.
Кіші жүздің жаппас руының старшины Көбек Шүкірәлиевтен 11
фрагменттен тұратын "Жеті жарғының" нұсқасын алғаш рет жазып алып
"Сибирский вестник" журналында жариялады, Екінші нұсқа атақты тарихшы
А.Левшиннің 1832 жылы Санкт-Петербургхе жарық көрген "Описание киргиз-
казахских или киргиз-кайсакских, орд и степей" атты кітабында келтіріледі.
Бұл нұсқа 34 фрагменттен тұрады. Нұсқаларды мұндай фрагменттерге бөлу
кейінірек жасалған.
Қазақтың ежелгі ғасырлар бойы қалыптасқан құқық дәрежесіне ие болған
әдет ғұрып қағидалары, солармен бітіскен хан би ережелері талай дәуірді
басынан кешірді. Соған қарамастан өзіндік алғашқы ішкі қасиеттері мен
құрылымдарын сақтап қалды, жаңа дәуірге шейін жеткізді. Ертедегі тұғыры мен
қасиеттерін сақтап қалған ата-баба заңдары қазақ қоғамы тарихының ажырамас
бөлігі.
Белгілі бір жүйе есебінде қазақ әдет-ғұрып заңдарының сыртқы-ішкі
өзгерістерге төтеп беріп, өз келбетін сақтап қалуының сыры неде еді? Ең
әуелі, бұл өзгерістердің қоғамның әлеуметтік-экономикалық негіздеріне
тигізген әсерінің аздығында еді.
Қазақ халқының мемлекеттік тарихында, құқықтық танымы мен
санасында халықтың әдет заңының мәдени-әлеуметтік, саяси құқықтың маңызы
өте жоғары. Тәуке хан тұсында жүйеге түсіп қабылданған әдет заңы тұсында ел
өмірінде өлшеусіз маңызды қызмет атқарды. Жеті арна болып, ел өмірінің жеті
саласын тұтас қамтыған әдет заңының жүйесі халық мемлекет жеке адам
тіршілігінің барлық бағыты бойынша белгілі өлшемдерді қағидалар мен
ережелерді қалыптастырды. Әдет заңының мұндай өлшемдерді; баптары мен
тармақтары, салалары Тәуке ханға дейін де, халық арасында, мемлекет ішінді
қолданылып келгенінде сөз жоқ Шыңғыс ханның "Яссы", "Есім ханның ескі
жолы", "Қасым ханның қасқа жолы" - бұлардың да заң ретінде қызмет атқарғаны
анық. Тәуке хан қабылданған әдет заңының баптары мен тармақтарының
бірқатарының негізгі көне Түркі қанағаты кезінде де болған. Бұдан тереңірек
іздегенде, қазақтың әдет заңының қайсібір өлшемдерінің көне үлгісің Ғұн
мемлекеттерінің біздің заманымызға дейін де әдет, салт өлшемдері ретінде
үлкен әлеуметік қызмет атқарғанына көз жеткізуге болады. "Жылнама",
"Ханнама" секілді ертедегі Қытай жазба ескерткіштерінде бұл пікірді
растайтын толып жатқан мәліметтер сақталған. Ол мәліметтердің біразы нақты
тұжырым күйінде қалыптасқан деңгейде көзге түссе, енді біреуінің туу,
қалыптасу процесіндегі жай күйі аңғарылады.
Осы ретте Ғұн мемлекетіндегі жерге иелік туралы қағиданың туу,
қалыптастыру тарихында назар аударуға болар еді. Ғұн тәңір құты мемлекет
жерін көрші елдердің бірінің иелігіне беру туралы ұсынысқа қолдау көрсеткен
кеңесшілер мен уәзірлерін өлім жазасына қиып, жер-елдіктің негізі, оны
қалайша жат елге береміз? - деп ашу шақырған. Мемлекет, халық иелігіндегі
жер туралы осы көзқарас бірте-бірте қағида, өлшем, ереже ретінде
қалыптасып, Көне, Түркі мемлекеті, қазақ хандығы тұсында заң тармағы, одан
соң әдет заңының тұтастай бір саласы ретінде орнықты. Қазақ халқының әдет
заңының бастау алған қайнар көздері тереңде жатқанын білдіретін басқа толып
жатқан деректер бар. Әдет заңының негізінде халықтың тұрмыс тіршілігінде
көптеген әдет өлшемдері қалыптасты. Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті
жүйесіндегі әдеп өлшемдерінің көпшілігі әдеп заңына, негіз болса, сол заң
күшіне енген негіздер кейінгі тұстарда халықтың әдебін, мәдениетін
белгілейтін күнделікті, үйреншікті қағида да тәртіпке айналады. Мұндай әдеп
өлшемдері елдің тұрмыс-салтында күні бүгінге дейін сақталып келеді. Екінші
жағынан, қазақ халқының Абай тұсындағы және Абайдың қатысуымен жасалған.
Қазақстандағы заң жүйесінде халықтың әдет заңының тарихи маңызы
жоғары екендігін көрсетеді. Әдет заңының қайсыбір өлшемдері баптары күні
бүгінге дейін өз мәнін практикалық маңызын жойған жоқ десек, бұл артық
болмайды. Нарық заманында нарық билеп кетуге дайын тұрған шақта көне
дәуірлерден үзілмей жалғасып келіп, әдет заңының жеке бір саласын түзген
жер-су туралы заң баптары жөнінде бүгінде заң танушылар мен ел танушылар аз
шамымызды өзіміз жаға алмай өзгеге жақтырдық, өз отанымызды біреудің жат
елдік бір алпауыттың жығып отыруына көндік. Заң да мемлекет те ел
иелігіндегі жерді, ел иелігіндегі суды елдің көзіндей қорғады. Заңның
әділеттегі оның иелігіне қызмет істеуінде. Ел иелігіне түпкілікті қызмет
етпеген заң әділетті емес, ондай заң халықтық та бола алмайды. Мемлекет
тарихы, ел мен жер тарихы осылай деп тұжырым жасайды. Бұл ретте әсіресе
халықтың байлығы, дәстүрлі құқықтың таным беретін тәлімнің мәні зор. Көне
түркі әдеби ескерткіштері де осындай маңызды ойларға бай. Өткен өмірді
қайта оралту мүмкін емес, оған қажеттілікте жоқ, табиғат заңына ешкім билік
жүргізе алмайды. Бірақ одан ғибрат алмай және болмайды. Өткен тарих
ғибратын мансұқ еткен жағдайда, жаңадан опа табу қиын.
Халықтың байырғы заң жүйесі, дәстүрлі мәдениет өлшемдері тарихи
құқықтың ескерткіш болумен қатар бүгінгі заңгерлерді, қоғамдық ой өкілдерін
ойландыратын, тарихи да, ғылыми да, әлеуметтік те маңызы жоғары ақыл-ой
қазынасы болып табылады.
Көшпенділердің құқықтық мәдениетінің халық тұрмысына және
тіршілігіне барынша лайықтанған, оның күнделікті өмірінде қолдауына
бейімделген сүбелі бір бөлігі әдет-ғұрып құқығы нормалары мен институттары.
Дегенмен, әдет-ғұрып құқығының нормалары мен институттарын зерттеуде
кемшілік кеткен тұстар мен олқылықтар да жоқ емес.
Айталық, әдет-ғұрып құқығы нормалары әлі күнге дейін көп жағдайда
мемлекет заңдарын зерттеу әдістері тұрғысынан қаралып, осындай зерттеу
әдісін қолдану арқылы танып-біліп жүр. Әдебиетте әдет-ғұрып нормалары,
негізінен статистикалық тұрғыдан зерттеледі. Біз оларды қалған ережелер
күйінде алып, қарастырылып жүрміз. Мысалы: әдет-ғұрып құқығы нормалары тұп-
тура және дәлме-дәл іске асып қолданылуға, орындалуға арналмаған. Қоғам
мүшелері оларды бұлжытпай орындауға сырттан, жоғарыдан міндеттелмеген еді.
Қоғамдағы әдет-ғұрып құқығы нормаларындағы басты нәрсе олардың ішкі мәні
еді, олардың негізінде жатқан принциптері еді. Ең басты нысана - сол
принцинтердің өз мәнін, мазмұнын жоймай іске асуы болатын. Әдет-ғұрып
нормалары сол үшін қызмет ететін және осы жолда өздерінің формальды жағын
"құрбандыққа" шалып жіберетін, яғни, осы принциптері іске асу үшін олар
өздерінің қолданылу ортасының әр түрлі жағдайына бейімделіп, түрлі-түрлі
болып айтылып вариацияларға баратын, бір норма әр-түрлі болып айтылып,
ерекшеленетін нюанстарға ие болатын.
Бұл құбылмалылық осы нормалардың өміртеңдігінің қоғамдық
қатынастардағы титтей де өзгеріске елгезектігінің және өздерінің негізіне
беріктігінің көрінісі еді. Өйткені әдет-ғұрып құқығы нормаларының негізінде
жатқан принциптердің тұрақтылығын, біркелгілігін, мызғымас беріктігін
қамтамасыз етудің және соған жетудің бірден-бір жол әдісі осы еді; яғни,
әдет-ғұрып құқығы дегеніміз, ең бірінші ол құқықтың принцип, көзқарас, ой-
түсінік жүйесі және соларды іске асыруға бағытталған нормалар жүйесі еді.
Көзқарас, ой-ағым қоғамындағы іс-қимылдың, тәртіптің негізі болатаын.
Әдетте, әдет-ғұрып құқығы нормаларының көп түрлігі, яғни, әмбебаптағы,
елгезектікі, "адамгершілігі" дұрыс бағаланбай, керісінше кері түсініп оның
тұрақсыздығы, табансыздығы, үйлесімсіздігі деп жазылып жүр. Шын мәнінде бұл
әдет-ғұрып құқығы нормаларының нағыз беріктігін, бірлігін және
біркелкілігін көрмеу еді. Олар өстіп құбылмалы, елгезек өзгергіш болу
арқылы өздерінің мақсаттарына жетіп, өздері реттейтін қатынастардың
беріктігін, тұрақтылығын бір қалыпта сақталуын қамтамасыз етеді. Тағы бір
айта кетер жәйт қазақ әдет-ғұрып құқығы принциптерінің және нормаларының
басты мақсаты қоғамдағы талас-тартыстарды, дау-дамайларды шешу еді.
Көшпелі қоғамдағы құқықтың мәдениеттің қаймақты бөлігі әдет-ғұрып
нормалары ерекше бір құбылыс. Олар өзгеше бір әлеуметтік кеңістіктің,
қоғамдық өмірдің көріністері. Сондықтан олардың параметрлері, өлшемдері
мемлекет заңдарынан бөлек босатып әдет-ғұрып құқығы нормаларын дұрыс ұсынып
түсіну үшін оларды ішкі мәніне сай көзқарас, зерттеу әдістері керек. Әрине,
әдет-ғұрып нормаларының белгілі бір бөлігі мемлекет тарапынан қолдау тапты.
Мемлекет оларға аса көңіл бөліп, өз мақсат мүддесі тұрғысынан әсер етуге,
өз қызметіне жаратуға әрекет жасады. Бірақ, әдет-ғұрып құқығы нормалары
оның ішінде "Ереже" жарғылары да одан мемлекет заңына айналған жоқ.. Ал бұл
мәнер көш-қоғамның ішкі табиғатынан ондағы әлеуметтік қатынастардың
ерекшелігінен, қоғам мүшелерінің тәртібін реттеу, басқару ісінің
өзгешелігінен туындап жататын, солар арқылы түсіндірілетін.
Қазақ хандығында "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі
жолы", "Тәуке ханның жеті жарғысы" деп аталатын заңдар болды. Бұл заңдар
сол заманда ислам дінін тұтынатын. Күншығыс пен орта Азияның бір сыпыра
елдердегі феодалдық мемлекеттер мен хандықтарда жаппай қолданылып отырған
ислам дінінің "шариғат" заңынан мүлдем басқаша болатын. Бұл қазақ
хандығының ерекше тарихи әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайының
туындысы еді. Қазақ хандығының заңдары "Жарғың деп аталды. Негізгі орта
ғасырларда қыпшақ шағатай ұлыстарында қолданған ярғу заңынан алынған.
Қазақша "Жарғы" әділдік деген ұғымды білдіреді. Түпкі мәні жарудан нәрсенің
салмағын бір жағына аудармай, дәл, әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура
шешкен билербі халық бұқарасы ардақтап "қара қылды қақ жарған" деп
мадақтаған. Оның екі жағының біреуіне артық жібермейді, дәл айыру
әділдіктің мезгеуі болған Жарғы заңының негізі, міне, осында: Өзінің
мазмұны бойынша бұл заңның түбегейлі идеясы ежелгі әскери демократия
арнасына барып тіреледі.
Қазақ хандығы заңдарының түп-төркіні қазақ халқында ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасып келген әдет-ғұрыптық ережелерден шықты, Бұл ғұрып-әдеттік ережелер
ежелден ел салтына сіңген. Халық бұқарасына түсінікті заң болды.
Қазақ халқының ғасырлар қойнауына кетер тарихы, ұлы ұлағат пен
адамгершілік иманға және тек өзіне ғана тән ерекшеліктерге толы ұлттық
құқықтық мәдениеті бар. Бұл мәдениеттің бастаулары дүниесаулық ой-әуенге
толы өнеге мен өсиет.
Сондықтан осынау бір "өтпелі кезең" атты беймәлім өліара дәуірде
тұрған бүгінгі ұрпақтың басты міндеті елеусіз қалған осы асыл қазынасына
көңіл аударып, оны өзінің бүгінгі өмірінің айнымас тіректерінің біріне
айналдыру. Әрине, бұл оңай шаруа емес, дегенмен оның мемлекеттік және
құқықтық өміріміздің бүгінгісі мен болашағының мызғымас қателіктерінің бірі
екендігін мойындағанымыз абзал. Халқымыздың құқықтық болмысын және
мәдениетін толық игермей, оны өзіміздің төл мемлекетімізбен құқықтық
жүйеміздің алтын арқауы етпей Республикамызда құқылық мемлекет құрамыз
деудің өзі - "көзжұмбайлыққа" салыну, тарих тағлымына немқұрайлықпен қарау,
қазір жүргізіліп және болашақта көзделіп отырған реформаларға пәрменділік
қуат берері асыл арналарды тануда кешірілмес селқостық таныту.
Ұлттық құқықтың мәдениетіміздің ғылыми түр-тұлғасын сомдап, шынайы
табиғатын ашу әлі де болса келешектің ісі. Бұған дейін біз бұл мәселеге тек
танымдық ғана мәні бар деген көзқарас төңірегінен қаралық, сөйтіп оның
тарихи контексіне ден қойдық. Құқықтық мәдениетіміздің бүгінгісі мен
болашағы туралы сұрақты анық та ашық қоя алмадық.
“Қасым ханның қасқа жолы”
Қазақ хандығының іргесін қалаушы хандардың бірі Қасым хан (билік
құрған жылдары 1511 - 1523) жоғарыдағы саяси жағдайға және халық бұқарасы
мен билер тобының тілегіне негізделіп, қазақ халқының ежелгі әдет-ғұрыптық
ереже-тәртіптеріне мәнді өзгерістер енгізіп, дамытып билер кеңесінде
ақылдаса отырып, “жарғы” заңын жасады.
Бірнеше мың жыл бойы Еуразия көшпелілерінің жуан ортасында алаш туының
астында болған қазақ руларының өз бетімен мемлекет құрған үақыты XV
ғасырдың ортасы. Керей және Жәнібек хандардың кезінде мемлекеттік идеяның
өміршеңдігі үшін күрескен қазақ рулары Жәнібек баласы Қасым хан кезінде
мемлекетті нығайту, заң ережелерін бір қалыпқа келтіру, ішкі және сыртқы
саяси ахуалға заңдарды ыңғайлау мәселесіне кіріскенге ұқсайды.
Қазақ шежіресінде бұл кезең “Әз Жәнібектің тоғыз ұлы болыпты. Оның
бірі - Қасым хан. Бұл тақты Сарайшықтан көшіріп Ұлытауға орнатыпты. Қазақты
қатарға қосып кеткен осы Қасым хан. Қазақ ортасында “Қасым ханның қасқа
жолы” делінетін сөз үлгі, қасиет болып қалды”- деп суреттеледі.
“Қасым ханның қасқа жолы” туралы қазақтың ауыз екі әңгімелерінде
аздаған мәліметтер кездесіп қалады. Акдемик Ә. Марғұлан “Қасым ханның қасқа
жолы” заңдарын орта ғасырларда Қыпшақ, Шағатай ұлыстарында қолданылған
“Ярғу” заңынан алынған, қазақша “Жарғы” деген ұғымды береді деп есептеді.
Бұл ұғымның түпкі мәні жару, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл,
әділ айтудан шыққан: “Дауды әділ, тура шешкен билерді халық бұқарасы
ардақтап ”қара қылды қақ жарған” деп мадақтаған. Өзінің мазмұны бойынша бұл
заңның түбегегейлі идеясы ежелгі әскери-демократия арнасына барып тіреледі.
XV ғ. соңында - XVІ ғ. басында Бұқардың ишан-қазылары қазақ өлкесіне діни
үгіт таратып, “ежелгі Жарғы заңын қалдырыңдар. Ол көкке табынған
дінсіздіктің ісі, оның орнына шариғат қағидасына ауысыңдар. Ант бергенде
“көк соқсын” деп айтпаңдар, “құран соқсын” деп, құранды бастарыңа
көтеріңдер”- деп үгіттейді. Бірақ халық бұқарасы оған селқос қарап, көп
заман шариғат қағидасына ойыса қоймады. Уақыттың көбін мал бағумен өткізген
халық бұқарасы шариғат қағидаларын өте қиын деп ойлады”.
Ә. Марғұланның айтуы бойынша саяси жағдайдың шиеленіскен кезінде қалың
қазақтың, оның басшылары от ауызды, орақ тілді, елге сыйлы билердің
ықпалымен Қасым хан ерте заманнан бері көшпелілер мойындап келген “Жарғы”
заңын күшейтті. Осындай себепке байланысты “халық Қасымның шариғатты алмай,
ежелден қалыптасқан билер заңы - “Жарғыны” жаңадан көтергенін қатты ұнатып
оны “Қасым ханның қасқа жолы” деп атап кетті”.
Бұл заңға кірген ережелер мынадай:
1. Мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері).
2. Қылмыс заңы (кісі өлтірку, ел шабу, мал талау, ұрлық қылмыстарына
жаза).
3. Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, ердің құны,
тұлпар ат).
4. Елшілік жоралары (майталмандық, шешендік, халықаралық қатынастарда
сыпайылық, әдептілік).
5. Жұртшылық заңы (шүлен тарату, ас, той, мереке үстіндегі ережелер,
жасауыл, бөкеуіл, тұтқауылдардың міндеті).
Қасым хан заманында қазақ елі хан ордасын Еуразия көшпелілерінің
ежелгі саяси-этникалық орталығы Ұлытауға көшіріп, Алаша хан атын қайта
жаңғыртты. Қазақ елінің ұлттық идеясының мықты ірге тасы, қазақ қауымына
біріккен сан алуан тайпалардың басын құрап отырған ортақ тамыр Алаша ханға
арнап Ұлытауда Қасым хан биік күмбез орнатты. Олай болса “Қасым ханның
қасқа жолы” тек құқықтық көзқарастардың жинағы ғана емес, ол ең алдымен
қазақтың ел болу үшін, жұрт болу үшін күрес жолы.
Қазақтың басын құрап, өз бетімен ел қылып, найзамен шекарасын сызып
кеткен Қасым ханның қазасынан кейін хан билігі ұзақ уақытқа созылған
дағдарысқа түсті. Осындай қысылтаяң кезде мемлекет билігін түзеу міндеті
Шығай ханның ұлы, Тәуекел ханның інісі Есім хан иығына түсті.
“Есім ханның ескі жолы”
Таризхымызда “Қасым ханның қасқа жолы”, Тәуке ханның “Жеті жарғысы”
атты қазақтың әдет-ғұрып заңдарының жинағы болғаны әмбеге аян. Алайда, осы
күнге дейін бұл заңдардың түбі, мазмұны мен қамтитын мәселелері ғылымда
мүлдем белгісіз болып келген. Ешкім, ешуақытта бұл мәселені арнайы
зерттемеген. Сөз жоқ, осы аталған заңдарды тауып, оқушылардың қолына беру
кімде-кімнің болмасын қасиетті парызы. Өйткені бұл заңдар қазақ қоғамының
сол дәуірін оқып-үйренуде маңызды факторлар ғана болып табылмайды. Сонымен
бірге қазақ қоғамының құқықтық мәдениетінің деңгейін сипаттауда маңызы зор.
Көптен бері ізденіс, зерттеулер жүргізудің нәтижесінде қазақ халқының
әдет-ғұрып ереже-заң нормалары жайлы біркелкі тұжырымдарға жарарлық
мағлұматтар жиналған. Солардың бірі ХХ ғасырдың басында өмір сүрген, бүкіл
Орта жүзге аты әйгілі Саққұлақ бидің қолжазба жинағы. Тағы басқа да
жиналған деректерге сүйене отырып, оны баласы Ералы өз түсініктерімен
кезінде жазып қалдырған. “Есім ханның ескі жолы” заңдары жайлы көпшілік
алдына бірлі-жарымды пікірлер бар.
Есім хан қазақтарға 1598 – 1628 жылдары хан болған. Ол өзінен бұрынғы
Орыс хан, Қасым хан жасаған әдет-ғұрып заң нормаларын қайта қарап, өз
дәуіріне лайықты етіп түзеген. Өзінің мазмұнына қарай құн дауы, жер дауы,
жесір дауы, мал дауы секілді күрделі тараулардан құралады.
Ел аузында сақталған деректерге қарағанда, Есім хан тұсында “қасқа
жолға” қосылған жаңалық: “хан болсын, ханға лайық заң болсын; абыз болсын,
абыз сыйлау парыз болсын, би болсын, би түсетін үй болсын” деген ережелер
екен. Бұл қазақ хандығы құрылысының саяси-әкімшілік, әскери, рухани және
сот істері жөніндегі негізгі заң сипатындағы төрт тұғыр екені байқалады.
“Ескі заң” деп аталуына қарағанда, сірә, бұл ережелер бұрыннан келе жатқан
дәстүрлі бір жүлгемен жасалған болуы да ықтимал.
Ежелден-ақ қазақ қоғамындағы күрделі даулардың бірі – кісі өлімі. Кісі
өлімі үшін құн алынған. Есім хан шығарған арнайы заң бойынша өлген кісіге
өлтіруші жақ құн төлеуге міндетті. “Ер адамның құнына жүз жылқы, алты жақсы
(6 түйе)” кесілген. Ол барлық еркек үшін, бай, кедей, кәрі, жас демей
бәріне бірдей сол дәуірде бұл алынған негізгі құн өлшеуінен артық құнның
мынадай түрі болған:
1. Өнер құны. Оған жүлде алған атақты адамның құны жатады. Жүлде алған
деп, жұртқа белгілі ақындар мен топқа түсіп бәйге алған балуандар
есептеледі, олардың құны үшін екі кісінің құны (200 жылқы, 12 түйе)
кесілуі керек.
2. Сүйек құны. Оған өлген кісінің сүйегі үшін төленетін құн жатады.
Мысалы, өлген адамның сүйегі туған-туысқанының қолына түспей, жоқ
болып кетсе, ол үшін екі адамның құнын төлеулері керек.
Бұл екі түрлі құнды үстеме құн деп атаған. Кісі өліміне құн төлеу
жайлы жоғарыда айтылған ойға “Есім ханның көкаласы бір-ақ бесті” деген
қағида толық дәлел бола алады. Ұры ұрлап кеткен Есім ханның көкала дейтін
аты қанша жақсы, жүйрік жылқы болғанымен, ас пен тойға қосылып, бәйге алған
мал емес екен. Сондықтан да ұрыдан төлеу алғанда төлеуге бір-ақ бесті
кесіпті. Біз мұнан жұрт көзіне түсіп, белгілі болу, болмауына
байланыстылығын көреміз.
Болса да ол дәуірде құл мен күңге құн төленбегенін біз Есім ханның
замандасы әрі әскербасы батырларының бірі Жиембет жырау Бортоғашұлының
“Еңсегей бойлы ер Есім” атты толғауында:
“...Мен өлсем құнсыз кетер деме сен
Кешегі өзің ұрып өлтірген
Тілеуберді құлыңдай!...” –
дегенінен аңғара аламыз.
Ал, Тәуке хан тұсында “құн мөлшері қарапайым ерлер үшін 1000 қой,
ақсүйекті өлтіргендер қарапайым кісі құнынан жеті есе артық құн” төлеген,
яғни кісі өлімі үшін төленетін құн мөлшері көп болған.
Әйел адамның құны “Есім ханның ескі заңы” бойынша қалың малдың шамасы
бойынша өлшенген.
Өлген әйелдің тұқымының қызына алатын қалың малы қандай болса, сондай
мал төлеуге тиісті, болмаса қыз орнына өлтіруші жақ қалыңсыз қыз беруі
керек. Бұдан бізге белгілі болғаны, еркек адамның құнынан айырма әйел
адамның құнының әртүрлі екендігі. Бұл қыз әкесінің әл-ауқатына қарай, қалың
малдың мөлшеріне байланысты.
Даудың тексерілуі кісі өлтірушінің алдында өтеді. Қылмыс істеген
адамды - қанды қол, құн сұрауға келген адамдарды даугер деп атайды. Дауға
келген талапкерлерді ел болып күтіп алып, оларға шыққан шығынға руластары
түгел ортақ болуы керек. Дауда сөйлеуге екі жақтың да белгіленген кісілері
(шешендері) болады. Олар тәртіп бойынша кезекпен дауларын айтып, қағысады.
Ақырында екі жақтан бітімші (би) кісілер белгіленіп, олар келісімге келіп,
шешімдерін айтады.
Ал, Тәуке хан дәуіріндегі “Жеті жарғы” бойынша мұндай дауларды тек
билер ғана шешіп, шешімдері үшін билік ақы алған.
Қазақ қоғамындағы екінші бір үлкен дау – жесір дауы. Жесір деген сөз
әйел жынысының ерсіз бос отырған жігіне тән атау. Демек, қалың беріп
атастырып қойған, бірақ ұзатылмаған қыз атастырылған ері өлген әйел де
барған елінің жесірі болады. “Ерден кетсе де елден кетпейді” деген қағиданы
берік тұтынуы, әйел тек ерінің ғана емес, бүкіл руының қарамағында болғанын
айғақтайды. Дегенмен, Есім ханның заңы бойынша жесірге сол рудан адам
таңдауына рұқсат етіледі. “Егер таңдаған адамы бас тартса, онда әйелдің
басы босап, қалың малы қайтарылады”. Ал, Тәуке хан тұсында ертедегі “алтын
басты әйелден, бақыр басты еркек артық” деген қағиданың тозығы жете
бастаған сияқты.
Қазақ қоғамында мал-мүлік дауы да ерекше орын алған. Қазақ үшін байлық
- мал. Малдың еті, сүті – тамақ та, жүні, терісі – киім, мал қазаққа көшсе
– көлігі, мінсе жүйрігі, яғни малсыз тірлік жоқ. Сондықтан да ескі
патриархалдық-феодалдық қазақ қоғамында қай көшпендінің болмасын арманының
асқарларының бірі – мал. Әрі қазақтар осындай байлықтарын (мал-мүлік) қатаң
күзет қоймастан немесе құлып салмастан ашық қалдырулары себепті ұрлық
істеушілер сонау Шыңғыс ханның “Жаса” заңынан бастап-ақ қатаң жазаланып
отырған. Есім хан да ұрыларға аяушылықпен қарамағаны хақ.
Ұрланған аяқты мал үшін ұрыдан ол малдың көзі қайтарылады, көзі жоқ
болып кетсе, оның тұрарлық төлеуі алынады, оның үстіне: бір қара
ұрланғанның айыбына “ауыздықсыз ат, астарсыз шапан”, он қараға дейін
қосымша “аттон” кесілген. Он қарадан жоғары ұрлаған ұрыдан “мойнына қосақ,
артына тіркеу” дейтін екі қара айып алынады. Орта жүз Момын деген атаның
жүз жылқысын Найманның Ебей, Себей деген ұрылары алады. Мал иелері артынан
қуып барса, Найманның Көкшолақ деген биі ешкімді аяғына отырғызбайды, малын
қайырмайды. Сонда қуғыншыларға ілесіп барған 12 жасар Досбол:
“...Қысырында бермесең,
Буазында берерсің.
Арығында бермесең,
Семізінде берерсің.
Өз алдында бермесең,
Өнерімді көрерсің,”-
деп тепсініп тұрып кетеді. Сонда Көкшолақ: мына бала түбі құтқармас,
мойнына қосақ, құйрығына тіркеу қосып құтыла көріңдер,- депті. Осындағы
билік шешім Есім хан заңымен айтылғаны айдан анық. Дегенмен, Тәуке ханның
“Жеті жарғысында” ұрыдан үш тоғыз (27) есе артық айып алуына қарағанда бұл
айып әлдеқайда жеңіл.
Есім хан заманы – шетелдіктермен күресте көбіне жеңісті, сәтті болып
отырғанмен де аса тынымсыз, елдің тынышын кетірген ауыр заман еді. Осындай
қилы заманда сәйгүлік тұлпар, қаса жүйрік жылқы ер жігіттің жан серігі, ең
жақын досы іспетті болған. Бұны барлық батырлар жырларынан мысалға алуға
болады. “Есім ханның ескі жолында” жүлде мен бәйге алып жүрген, жұрт көзіне
түскен жүйріктің кесімді құны алып жүрген бәйгесінің және жорықта келтірген
пайдасының түріне қарай өлшеп, шешкен. Әрине жылқы малының жүйрігін мұнша
қастерлеу Шыңғыс ханның “Жаса” заңында бар.
Тәуке ханның “Жеті жарғысы”
“Қасқа жол” мен “Ескі жол” заңдары XVІІ ғасырдың аяқ кезі мен XVІІІ
ғасырдың басында қайта толықтырылып, елеулі өзгерістер енгізіліп дамытылды.
Тәуке хан (1680 – 1718) тұсында “Күлтөбенің басында күнде кеңес” өткізіліп,
“Қасқа жолдың” бұрынғы бес тарауына тағы да екі тарау қосылып, “жеті жарғы”
(“жеті заң”) деп аталды. Бұл жаңадан қосылған екі тарау: жер дауы туралы
заң мен құн дауы туралы заң еді. Тәуке хан тұсында Қазақ хандығының шығыс
жағындағы жайылымдарды ойрат-жоңғар феодалдарының басып алуына байланысты
жердің таралуы, мал жайылымдарына таласқан жанжалдардан адам өлімінің жиі
болуы себепті жер дауын мүлік заңынан, құн дауын жалпы қылмыс заңынан бөліп
алып, жеке-жеке тарау енгізуге тура келді. “Жеті жарғы” заңы Үш жүздің
ойшыл саңлақ билері – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің қатысуымен, хан
қасындағы билер кеңесінен өтті.
“Жеті жарғы” қазақ халқының мемлекет және құқықтық тарихында ерекше
орын алатын құбылыс. Оның қайнар бастауы қазақ халқының көнеден келе жатқан
салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары.
“Жеті жарғы” қазақ халқының дәстүрлі мемлекеттік және құқықтық
мәдениетінің алтын қорынан сақталған қымбат қазына. Бұл ұлы құжатқа
байланысты ауызша және жазба деректерді қарастыра отырып, “Жеті жарғының”
мемлекет пен қоғамның тіршілігін үйлестіретін негізгі заң қағидаларының
жинағы немесе мемлекеттік биліктің үлгісі ғана емес, сонымен бірге ұлттық
танымның айшықты айнасы, халық рухының қамқоры, ұлттық мүдденің жаршысы
екенін аңғарамыз. Жер жүзіндегі қандай да бір елдің арман-тілегі де, мақсат-
мүддесі де мемлекеттік және ұлттық тәуелсіздігі, осы ұлы түсінік “Жеті
жарғының” ел құрметіне бөленіп, ел ақсақалдарының жадына берік жазылуына
негізгі себепкер.
1977 жылы Оңтүстік Қазақстан жерінен кездейсоқ жағдайда көне архивтік
қолжазбалар табылды. Оларды талдап-зерттей келе бұл қолжазбалардың әлдебір
заңдық ережелерге сүйеніп, билік айтқан үкімдер екені анықталған. Бір айта
кететін нәрсе, бұл үкімдер шариғат ережелеріне сүйеніп шешілген сияқты.
“Жеті жарғының” ауызша жеткен қазіргі нұсқасында Шариғат үкімдерінің “лебі”
анық байқалады. Мүмкін жоғалтып жүрген “Жеті жарғымыз” осы болар. Солай
болмаған күннің өзінде, қазіргі кезде 32 баптан аспай отырған “Жеті
жарғының” баптарын 100-200 бапқа ұлғайтуға септігі тисе, мұның өзі де үлкен
жетістік емес пе?
“Жеті жарғының” жуық түрдегі жүйесі көнекөз қариялардың аузынан және
түрлі баспасөз, ақпарат құралдарынан ұзақ жылдар бойы жиналған. Жиналған
деректердің негізінде “Жеті жарғы” 7 бөлімге бөлінген.
Қазіргі уақытта Моғолстан мемлекеті тарих бетінен өшіп кеткенімен,
олардың “Жеті жарғының” жүйесіне ерекше әсер еткені анық байқалады. “Жеті”
сөзі – Моғолстан мемлекеті мағынасында қолданылған “чете моғол”
тіркесіндегі “чете-жете” сөзіне тікелей қатысты деп білеміз. “Чете” сөзі
уақыт өте келе тіліміздің ерекшелігіне байланысты мәні түсінікті сан есім –
жетімен алмасқан. Егер Жеті жарғыны қазақ тіліне аударар болсақ, оны
“мемлекет заңы немесе жарғысы” деп түсінуге болады.
“Жеті жарғы” баптарына шариғат үкімдерінің сәл өзгеріске ұшыраған
ережелерінің кездесуіне таңқалудың қажеті жоқ. Себебі Қазақ Ордасының
қамқоршысы, кейіннен көршісі болған Моғолстан мемлекеті 1360 жылдар
шамасында-ақ Ислам мемлекеті болғаны тарихтан белгілі. Табиғат заңдылығы
бойынша көрші мемлекеттер бір-біріне еліктеп, жақсы жақтарын бір-біріне
сіңіріп отырғаны белгілі.
“Жеті жарғының” әрбір бабы қазақ халқының әлеуметтік практикасының
жемісі, ұлтты қорғау үшін, көшпелі қоғамдық қатынастарды тиімді реттеуге
қабылданған және талқылау барысында идеялық пікір-талас, билердің
данагөйлігінің қорытындысы. “Билер кеңесі” бекіткеннен кейін ауызша түрде
ел арасына таралған. Тарихи, құқықтық әдебиеттерде “Жеті жарғы” қай жылы
қабылданғаны туралы мәліметтер жоқ. “Жеті жарғыны” тұңғыш болып зерттеген
шығыстанушы ғалым Н.Өсеров оны 1680 жылы қабылдады деген пікір айтады.
Негізі “Жеті жарғы” 1684 – 1685 жылдары қабылданған құқықтық құжат. Олай
деудің себебі, қазақ қоғамына аса маңызы бар бұл заңдарды жылдық аралық
ішінде қабылдау ешқандай ақиқатқа сай келмейді. “Есім ханның ескі жолы”,
“Қасым ханның қасқа жолы” сияқты қазақ халқының заңдарын бір жүйеге салу,
жаңа нормалар енгізу, ескі заман талаптарына сай келмейтін нормаларды жоққа
шығару жұмыстарын Тәуке хан 1680 жылы таққа отыра салып жасап үлгерді
деуіміз ғылыми шындыққа сай келмейді. Заң шығару үшін арнайы дайындықтар
қажет, пікірталас болуы шарт. Үш жүздің өздеріне тән болған, ерекше
мазмұндағы әдет-ғұрыптық құқық жүйесін бір арнаға тоғыстыру уақытты,
кеңесті, данагөйлікті талап ететін ұзақ мерзімнің шаруасы. “Күлтөбенің
басында күнде кеңес” деген сөз сол мағынаны берсе керек. Қазақ ұлтының аса
патриот ақыны, қоғам қайраткері Мағжан Жұмабаев “Түркістан” деп аталатын
әйгілі өлеңінде әдеттік құқық жүйесі ісінің күрделі, қиын және маңызының
тарихта зор болғанын былайша суреттейді:
Әділхан аз болды Назардайын,
Алашқа Есім ханның жолы дайын.
Тәукедей данышпан хан құрған екен,
Басында Күлтөбенің Құрылтайын.
“Жеті жарғы”, негізінде, жеті әдеттік құқықтық жүйеден тұратын
қоғамдық қатынастарды реттейтін салалардың жиынтығы. Бір сөзбен айтқанда,
Жеті жарлық: жер дауы, жесір дауы, құн дауы, бала тәрбиесі және неке,
қылмыстық жауапкершілік, рулар арасындағы дау, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз
ету. Бұл тұжырым Қазанғап Байболұлының “Төле бидің тарихы” деп аталатын
әйгілі дастанындағы идеяларға негізделген. Бұл дастанда “Жеті жарғының”
жеті институттары былайша баяндалады:
Жер дауы, баяндайтын, біріншісі,
Ру, қоныспен меншікті ісі.
Иеленген жеріне жанжал болса,
Біреуге басымдылық қып озбыр кісі.
Үй іші мен баланы тәрбиелеу –
Болған жосын заңының екіншісі.
Ұрлық, қарлық, барымта - үшінші заң,
Баян етер бәрін де білген кісі.
Төртінші боп саналған мынау заңы,
Бір халықпен басқа ру болса дауы.
Ұлтын жаудан қорғамақ - бесінші бұл,
Алтыншы, жетінші - құн дауы, жесір дау.
Тәуке ханның “Жеті жарғысында” қазақ қоғамының мемлекеттік құрылымы,
өкіметтің қалыптасуы, хандарды сайлау тәртібі сияқты мемлекеттік құқықтың
институттары бекітілмеген. Бұл саяси өкіметтің әлсіз екенін нақтылы
дәлелдегендей. Керісінше, қауымдық-патриархалдық қатынастардан кіндігін
үзбеген қазақ қоғамында жеке адамның беделінің негізінде басқару өте тиімді
болып, ру шиеленістерін тежеуге, ұлттық қауіпсіздік пен территориялық
тұтастықты қамтамасыз етуге қызмет етті.
“Орыс деректемелерінде” бұл заңдар “Тәуке ханның заңдары” деп аталды.
Мұның өзі бұрыннан болған заңдық нормаларды жинақтау ғана емес, сонымен
қатар оларға мәнді өзгеріс кіргізіп толықтыру болды. Кеңінен алғанда Тәуке
хан заңдарының құрамына:
1. байырғы әдет-ғұрып нормаларының Тәуке хан тұсында “жаңартылған”
феодалдық кодексі - “жеті жарғы”;
2. билер сотының тәжірибесі, түйінді биліктер, шежірелер;
3. ұсақ хандардың өзара бірлігін, ынтымақтастығын нығайтып, сыртқы
жауларға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz