Сана сезімнің түрі


ЖОСПАР
Кіріспе2
1 Қылмыстың субъективтік жағы ол тұлғаның психикалық күйінде жасап оның қылмыспен байланысы2
2. Қасақана және оның түрлері7
2. 1 Себеп және мақсат17
Қорытынды21
Қолданылған әдебиеттер22
Кіріспе
Менің бұл таңдаған тақырыбым «Қасақана және оның түрлері» болып табылады. Өзімнің курстық жұмысымда белгілі стандартты, өз көзқарасымда білдіремін. Ең бірінші менің қарастырып өтетін, ол субъективті жағының белгілері, және түрлері. Кінә, себеп, мақсат. Екінші қарастыратыным. Кінәнің элементтері: сана мен еркі; кінәнің түрлері: қасақана, абайсыз.
2) Қасақана түрлері тікелей, жанама элементтері: Ойлау қабілеті, ерікті.
3) Себеп (байланыс) және мақсат топтарды қарастырсаң келесі болып табылады. Өзгермейтін, өзгеру түрінен алып жасталынған болып.
Және басында кіріспе жазылса, соңында қорытынды жазылған.
1 Қылмыстың субъективтік жағы ол тұлғаның психикалық күйінде жасап оның қылмыспен байланысы
Қылмыстың объективтік жағы фактілік мазмұнын құрап оған жәбірленушілер куәлар, және басқа да тұлғалар жатса, онда субъективтік жағына айыптаушының психикасы және сана сезімі жатады. Келесі ұғымдарының көмегімен көруге болады.
Олар кінә, себептік байланыс, және мақсат болып табылады. Яғни былай қарайтын болсақ, олар үшеуі де бір - бірімен байланысты.
Ал енді үшеуін де қарастыратын болсақ ең бірінші, кінә дегеніміз ол психикалық күйдің қоғамға қауіпті әрекетіне деген байланысы. Кінә бұл өзі қылмыстың міндетті белгісі болып табылады. Бірақ кінә қылмыстың не себеппен немесе не мақсатпен жасады деген сұрақтарына на жауап бермейді.
Бұларға немесе бұл сұраққа себептік байланыс және мақсат жауап береді. Осы екеуі міндетті белгілері болмағанымен қосымша болып келеді. Қылмыс ішіндегі маңызды орынды эмоция алады. Өйткені тұлғаның жасаған қылмысы үшін оның уайымынан білінеді. Тағы да бір нәрсені есте сақтап қалу керек, ол эмоцияның жасалып қойған қылмысқа қатынасы, оның ішінде (рақаттану, өкіну, немесе жазадан қорқуы) осылар психикалық әрекеттердің элементтері болып табылмайды.
Қылмыстың субъективтік жағы ол заңдылықтың маңызы болып табылады. Қоғамға қауіп төніп ол жерде кінәнің белгісі анықталмаса ол қылымыс болып іс әрекетті жазаға тарту үшін оның себептік байланысын анықтау керек.
Қылмыстың құқық ғылымын алатын болсақ мұнда былай делінген
Егер тұлға өз жасаған іс әрекетіне жауап беріп, оның өз еркімен жасап, оны заңға қойшы екенін ұғынса онда тұлға өз істеген іс әрекетіне толық жауап береді.
Сонымен айтатын болсақ өз іс-әрекетіне толық жауап беретін тұлғаны айыпкер деп танимыз. Тұлғаны кінәлі деп табудың алдында, біз оның әрекетін қасақана, не абайсыздан екенін ескеруіміз керек. Яғни, бұл іс әрекет сот органының шешімі үшін фактінің бірі болып келеді. Біз егер қылмысты қоғамға қауіпті деп санайтын болсақ онда, осы қылмысты жасаған тұлғаны жәбірленуші және мемлекет алдында кінәлі екендігін ескеруміз керек.
Кінәнің өзі әлеуметтік жағдаймен тығыз байланысты. Өйткені осы іс-әрекеті жасаған тұлға әлеуметтік жағдайға байланысты жасайды деп ойлаймын. Егер мемлекеттің әлеуметтік жағдайы жоғарғы деңгейде тұратын болса, онда мұндай қылмыстар кездесе бермес еді. Ал енді кінәнің өзінің элементі бар. Ол мысалы үшін: сана сезімі мен еркі. Бұл элементтер тұлғаның психикалық күйінде болып осы кінә құрамын құрайды. Бір-бірімен тығыз байланыста болы тұрып ойлау қабілеті және еркінің түрлері бір-біріне кері күштерін білдірмейді. Әр ойлау қабілеті де өзінің бойында еркін сақтайды. Сонымен байланысты ойлау қабілетінің құрамында еріктің түрі болады. Сана сезімнің түрі. Ол өзінің белгілі бір объектіге іс әрекетін белгілі бір объектіге іс-әрекетін біле тұра жасайды. Қосымша объективтік белгілеріне (орны, уақыты, жағдайы) жатады. Сонымен қатар осы қабілетке алдын ала болжау кіреді
Яғни ол осы қоғамға қауіптілігін алдын ала болжайды. Еріктің өзін алатын болсақ ол да осы кінәнің құрылымына үлкен әсер етеді. Сонымен егер субъект еркін алатын болсақ, онда бұл жерде де белгілі бір жағдайға байланысты жасалатынын көруге болады. Яғни тұлға өз еркімен қасақаналық түрде біле тұра жасауы мүмкін. Немесе кейбір іс-әрекеттерді байқамай жасап қояды. Оған себеп тұлға өз сана сезімін істеткісі келмей, яғни қоғамға қауіпін тигізетінін білмей жасауы.
Оған мысал келтіретін болсақ: ұрлық, бұл жерде белгілі тұлға басқа біреудің мүмкін жасырынды түрде алып отыр. Яғни қоғамға қауіпті, екенін біліп, заңға қайшы екенін біліп ол сонда да өз еркімен осындай іс-әрекет жасап жатыр. Менің өзімнің көзқарасымды айтатын болсам, онда мен осы 19 ғ. ұлы атақты философтардың сөзіне немесе ұғымына қосыламын. Ол мынадай яғни сана сезімнің ерікпен бірге байланысын кінә құрылысын құрады дегендеріне. Алайда егер адамның сана сезімі өз ісін атқармай немесе еркі баяу болатын болса, онда кінәнің құрамын көруге болмайды. Кінә құрамы дегеніміз ол - қылмыстық заңмен бекітілген сана-сезіммен еріктің қосылуы арқылы тұлғаны қылмысқа итермелеуі болып табылады. Қылмыстық кодексте кінәнің екі формасы көрсетілген. Қасақана және абайсыздан деп.
Бұл екі ұғым да өз алдына бөлінеді. Қасақанаға тікелей және жанама жатса. Онда абайсыздан формасына немқұрайлық және менмендік жатады. Жалпы қасақана жайлы айтатын болсақ онда, бұл жерде бағана айтып өткеніміздей. Белгілі іс-әрекет заңға қайшы, қоғамға қауіпті екенін ұғына жасалады. Осы қасақана түрлеріне келесілер жатады: терроризм ұрлық, тонау, зарлау, парақорлық, жалған мәлімет беру. Осылардың әр қайсысын алып қарайтын болсақ барлығы бірдей бір бағытқа бағытталған.
Ал енді абайсыз іс-әрекеттерге тоқталсақ, онда бұл жерде немқұрайдылық, менмендік түрлерін дұрыс тапқан. Өйткені, мысал келтіретін болсақ, көлікте келе жатқан Б. азаматтың өз (профессионалдық) мамандық күшіне сеніп одан кейін шамадан тыс үлкен жылдамдық алып апатқа ұшырауы.
Бұл жерде белгіі азаматтың қоғамға қауіпті іс-әрекетін туғызып тұрғанын көзі жетіп тұрып өз мамандығына сенгенін көріп тұрамыз.
Кінәнің заңдық формаларында келесілер жазылған.
1-ші кінәнің формасы ол объективтік шегі туралы. Яғни қылмыстық мінез-құлық қылмыстық емес мінез құлқынан айыруға көмек береді.
2-ші осы кінә қылмыстық жауаптылықтың маңызы болып табылады. Сондықтан әрбір қайталанған іс-әрекет бойынша сол жаза немесе оның қасақаналық немесе абайсыздан түріне байланысты жауаптылыққа тартылады. Қылмыстың өзі белгілі бір қағидалар бойынша ең жоғарғы қауіп төндіреді. Әсіресе егер ол тікелей қасақаналық түрде болса бұл жерде анық көруге болады, оның қауіпті құқықтарына және байлықтарына әсер етеді. Кінәлінің қоғамға қауіп қатер төндіруіне байланысты қылмыстық кодексте білгіленген жазалар, оның ішінде ауыр және де ерекше ауыр түрлері тек қасақана болған жағдайда тағайындалады. Келтірген зиянды өтеу үшін айыпкерді бас бостандығынан айыру жазасын тағайындайды. Қасақана қылмыс жасаған тұлғалар қатаң немесе жалпы режимдік колонияларға жіберіледі.
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде белгіленген тұлғаның түріне назар аудары кетейік.
Бұл түрін рецидив деп атайды. Рецидив деп белгіленген қасақаналық жолмен жаалған қылмысты осыдан бұрын тұлғаның жасауын айтамыз. Осы қауіптілігі мынада. Егер оны бұрынғы жасаған қасақаналық қылмыс үшін тағы сотталса қасақаналық бабымен, немесе алдындағы ауыр қылмыс үшін сотталып тағы да ауыр қылмыс жасаса. Ескерту мерзімімен бұрын босатылғандар. Егер тұлға қылмысты абайсыз күйінде жасаса, онда ол ескерту мерзімінен бұрын босатылады. Сонымен қатар өз жазасының жартысын өтегендер де осылай жіберілуі мүмкін.
2. Қасақана және оның түрлері
Қасақана бұл - ғылымда және практикада таралған кінә формаларының бірі болып келеді. Әр он қылмыстың ішіндегі тоғызы осы қасақаналық жолымен істелгендер болып шығады.
Қылмыстың құқықта және (дәрісте, тәжірибеде) қасақана екі түрде бөлінеді тікелей және жанама. Заңгерлер үшін қасақана түрін дұрыс табу маңызды болып саналады. Сол себептен 22 желтоқсан 1992 ж. «Тәжіребедегі қасақаналық қылмыстар» туралы ҚР Жоғарғы Сот Пленумының қаулысында, мынадай нәрселерді анық айтып кеткен болатын. Сот тұлғаға жазасын белгілеу алдын қасақана түрлерін, себеп және мақсатын міндетті түрде анықтау керек делінді.
Тікелей қасақана ол белгілі бір тұлғаның қоғамдық қауіпті сезініп, немесе біліп және оны тілеп жасалатын іс-әрекет немесе әрекетсіздік.
Мысал ретінде алатын болсақ, онда тонау ҚР-ң Қылмыстық (құқығына кодексінде) сәйкес 178-бабын алатын болсақ, бұл жерде тұлғаның адам құқығына қарсы іс-әрекеті, оның қоғамға төндіріп түрған қауіпі. Яғни қасақаналық түрде тілеуі барлығы анық көрсетіледі. Сана - қоғамға қауіпті әрекеті, немесе осы әрекет салдарының түсуін болжауы, ойлау қабілетінің элементі болып табылады. Ал егер осы әрекеттердің болуын тілейтін болса, онда ол ерік элементіне жатады.
Бұл жерде осы екі элементтің байланыста тұрғанын көрсек болады. Өйткені әдеттегідей тұлға сана арқылы өз әрекетін бір жаққа бағыттаса, ал екінші этап ретінде ерік осы айтылған әрекетті жалғастырушы ретінде әрі қарай жүзеге асырады. Сананың қоғамға қауіпті әрекеті қоғамның мазмұнын білдіреді. Келесі айта кететін болсақ белгілі пайда түсіру немесе өз қамын ойлап тұлғаның объектіге деген қаупін төндіру бұл жерде оның әрекет немесе әрекетсіздігін көруге болады.
Және де қосымша белгілер мұндай жағдайда өзінің үлкен үлесін не пайдасын тигізеді. Олар: уақыты, орны, жері, қаруы болып табылады. Сананың қоғамға қауіпті әрекетін тигізетіні туралы, істің әрқайсысына әлеуметтік дәлелдеулер керек емес. Өйткені әрекетті жасаған тұлға өзінің ішкі сезінуі пайда болады.
Бірақ онымен әрекеттің жасалғанына байланысты жауаптылыққа тұлға тартылады. Сана қоғамға қауіпті іс-әрекетті қылмыстық құқықтағы тыйым салынған іс-әрекеттерге қарама-қарсы қоюға болмайды.
Көптеген тұлғалар қасақаналық қылмыс жасаған кезде өзінің іс-әрекетін құқыққа қайшы екенін түсінеді.
Қылмыстық құқық ғылымы заң шығарушы органдермен бірлесе отырып сананың қасақананың мазмұнына кірмейтіндегі туралы түсіндіреді.
Қасақаналық қылмыстар мына жағдайларда танылады, егер ол қылмыстық заңмен тыйым салынса және де осы әрекетті жасаған тұлға мұнан түсетін жазаның қатаңдығын түсінетін болса. Егер де тұлға өзінің іс-әрекет немесе әрекетсіздігіне қылмыстық заңда тыйым салынғандығын және де оның соңында қатаң жаза түрінің тұрғандығын түсінбесе, онда бұл іс-әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстың абайсыздан жасалған түрінің бірі болып есептеледі.
Ойлау қабілетінің элементі кінә түріне ол тек қана өзінің қоғамға қауіпті әрекетін ғана емес сонымен құқыққа қайшылығын көрсетеді.
Қасақана құрамы белгілерінің бірі ол болжау. Болжау ол адамның сана сезімінде, яғни болашақтағы болатын немесе болайын деп жатқан оқиғаны айтамыз. Сондықтан болжау арқылы тұлға қоғамға қауіпті зардап түсетінін ойлау қабілеті арқылы алдын ала біледі. Қасақананың тікелей түріне мынадай жағдайларды ескеруге болады
Біріншіден, жалпы мазмұнымен объектіге зиянын тигізеді. Екіншіден, әлеуметтік жағдайына байланысты, яғни қоғамға тиетін қауіпті немесе зияны болып табылады.
Үшіншіден іс-әрекет немесе әрекетсіздік арасындағы себептік байланыстың түсінігі
Мысалы: К деген азамат қылмыстың қасақана түрін жасады деп айтуға негіздер жеткіліксіз, себебі қарудың ол үшін күтпеген жағдайға К атты азамат қоғамға түсетін қауіпті салдарын алдын ала білуі тиіс еді. Бұған себептің ең бастысы болып қолындағы қаруға немқұрайлықпен қарауы болып табылады. ҚР Қылмыстық кодексі бойынша К азаматтың істеген әрекеті абайсыздан жасалған болып табылады. Көріп отырғанымыздай тікелей қасақаналық сипаты бойынша әр тұлға қоғамға салдарын келтірместен бұрын ол тұлға ойлау қабілеті арқылы сол іс-әрекеттен түсетін зардапты алдын ала біліп тұрып заңға қайшы әрекет жасайды. Мысалы: қылмыскер жүріп бара жатқан поездан жәбірленушіні итеріп жіберген кезде ол белгілі тұлғаның өлетінін, қоғамға ауыр зардаптың түсетіндігін, өзінің ойлау қабілеті арқылы сезініп, бірақ соған қарсы әрекет жасайды. «Екіншісі қасақаналық іс-әрекеттің негізі элементі болып сол субъекттің еркі болып табылады.
Еркі - ол белгілі бір тұлғаның алдына қойған мақсатына жету үшін және нәтиже шығаруға бағытталғандығы. Ол әр түрлі психологиялық тұрғыда кездесе береді.
Яғни бұл тұлғаның ішкі эмоционалды сезімі, еркі арқылы психологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоғамға зардап түсіреді. Сонымен көріп отырғанымыздай тікелей қасақаналықтың элементі (болып) оның еркі болып табылады.
Оның мақсаты алдына тұрған белгілі нәтижеге жету болып табылады. Заңдылықта қасақана қылмыстық тікелей түріне материалдық құрамы белгіленген. Сол себептен адам еркі қоғамға қауіпті салдармен байланысты.
Еліміздің заңды органдарына белгілі, яғни қылмыстың соңы үлкен қиындықтарды алып келетіні туралы. Мұндай қылмыстардың құрамында ерік ең маңызды элементтердің бірі болып табылады. Мысалы айтатын болсақ субъектінің өз еркі арқылы басқа тұлғаға жала жабу арқылы оны ұятты жағдайға алып келуі. Ал, бұзақылық жасаған субъектіні алатын болсақ, оның әрекеті бірінші деп, қоғамды сыйламаушылық болып келсе, екінші жағына қоғамға түсіріп тұрған қаупі. Осыдан біздің бір нәрсе түсінуімізге болады, яғни қылмыстың формальды құрамымен еркі болып оның іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі болып табылады. Бұл қылмыстың әрекеті міндетті түрде қоғамға қауіп алып келеді. Қасақананың тағы да бір элементтерінің бірі болып қасақананың жанама түрі болып табылады. Заңдарға байланысты қылмыс жасалған тұлғаның бұл қылмысты біле тұра оның қоғамға қауіпті екенін сонда да жасаған іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі немесе оның алдын ала болжауы қоғамға қаупін тигізетіндігі туралы, бірақ оны тілегі сонда да сана сезім арқылы бұл іс-әрекетті әрі қарай жалғастыруы. Жанама қасақананың қоғамға қауіп тигізген негізде оның қасақананың тікелей түрінен ешқандай айырмашылығы болмайды.
Бірақ олардың қылмыстың алдың ала болжауы әртүрлі болып келеді. Тұлғаның қылмыс жасауына байланысты оның бет бұруы бұдан оның еркі, зардап алып келмейді деп сенуге өте қиын, біз үшін.
Жоғарғы сот органдарының бір ісін алып қарасақ, мұнда бір қылмыскердің ісі бір тұлғаны өлтіргісі келіп және де соны тілейді. Сот осыдан шешім шығарып, оның өміріне немесе оның өмірін қиюға тікелей қасақананың бірнеше түрін тапты. Қасақананың жанама түріне қарама-қарсы болып болжау табылады.
Өйткені ол қоғамға қауіпті әрекеттің келетінін алдын ала көреді. Сондықтан субъект нақты қоғамға қауіпті зардаптың түсетіндігін алдын ала болжайды.
Жанама қасақана және де қасақананың өзі кейбір жағдайда үзіліп қалады. Оған себеп: егер субъект өзінің зардаптарын жан-жаққа таратпай белгілі заңды нақты ұғынса.
Жоғарғы сот органдарының тәжірбиесіне сенетін болсақ олардың айтуы қауіп төнудің көбісі осы қасақананың жанама түрі болып табылады.
Сонымен жанама қасақананың а) ойлау элементі ол қоғамға қауіпті зардапты алдын ала болжап біледі. Жанама қылмыстың б) ерікті элементі ол заңда белгіленгендей сана арқылы, қоғамға зардабын тигізетіндігін болжай отырып ол туралы қиналмайды.
Егер тікелей қасақана мен жанама қасақана түрлерін салыстыратын болсақ, онда жанама қасақанада қылмыскердің өнімді әрекеті немесе оның белгілі мақсатқа бағытталып, шектен шығып кететіндігін көруге болады. Кінәлі қоғамға қауіпті зардап тигіземін деп талпынбайды.
Алайда, оның қоғамға қауіпті зардабын тигізетін еркі болмаса онда анық осы қылмысты жасамайды деп үміт етуге болмайды, өйткені бұл жерде тұлға қоғамға зардап түсірмеуге тырысады. Егер біз қылмыстың жанама түрінде жасалғандығын көріп, ол тұлғаның қоғамға қауіпті зардапты түсіргісі келмейтіндігі немесе келмейді деп айтатын болсақ, біз әрине қателесеміз. Өйткені қасақана деген ұғым болғандықтан ол міндетті түрде қоғамға өз зардабын тигізеді. Ал егер тұлғаның әрекетінде оның еркі болмаса, онда ол жерде адамның сезімінде оның ұйымын көруге болады.
Еріктің мазмұны психикалық тұрғыда оны қылмысты жасауына әкеліп соғады. Яғни осы арқылы бір қылмысты жасағысы келіп тұрады, яғни өзін-өзі итермелейді.
Міне көріп отырғанымыздай адамның ішкі сезімі өз істеген әрекетін дұрыс деп танып, өз еркіне қандай да бір қуатын беріп одан адам еркі одан да гөрі көбейе береді. Жанама қасақана заңдылықта және өмірде тікелей түріне қарағанда жиі кездеседі.
Ойлау қабілетінің элементі осы екі қасақана түрінің өз санасы арқылы қоғамға қауіпті немесе зардап түсіретін болжайды. Осы екі екеуіне жалпы болып олардың бойындағы дұрыстығы болып табылады. Қасақана түрлері туралы сезімді жүргізгендіктен олардың әр қайсысының өзіне байланысты тәсілдері болады. Егер қасақананың (жанама) тікелей түрі - қоғамдық қауіпсіздікті болжап, бірақ одан басын тарта алмайтындығын көретін болсақ, онда қасақананың жалпы түрінде ол нақты қоғамға қауіпті зардаптың түсетіндігін көре алады. Бірақ арасындағы айырмашылықтың негізгісі болып ол субъектің еркі болып табылады. Яғни тікелей қасақаналықта тек еркін білдіретін болса, жанама қасақананың түрінде - санасы арқылы осы әрекетті қабылдауы болып келеді. М деген азамат басқа біреудің өмірін кескен үшін сотталған еді.
Жәбірлеуші І азаматта Ордабасы совхозынан қылмыскерге ұрлап бара қой деп талап еткен еді. Осындай айтқан азаматшаның сөзіне кек алғысы келген М деген азамат, фермаға келіп, І азаматшаның мойнына пышақ ұрды, екінші рет ұрғысы келіп, бірақ жәбірлеушінің қарсылық көрсеткенінің арқасында ол қатты тимеді. Келесі іс-әрекетін жасайын деп жатқан жерінен жұмысшылар келіп ажыратып алды.
М деген азаматтың іс-әрекетін Жоғарғы соттың пленумы жіктей келе оның іс-әрекетін қасақананың жанама түрімен таратады. Өйткені М деген жарақат салған негізінде ол саналы түрде қоғамдық зардаптарды тілей отырып, азаматшаның негізгі дене бөліктеріне пышақ ұрады. Бұл жерде М деген азамат зардаптан түскен салдарды болжап қана емес, сонымен қатар осы зардаптардың түсуін тіледі.
Тікелей қасақаналықпен жасалған қылмыстарда тұлғаның санасы мен еркі қоғамға қауіпті іс-әрекеті және қоғамға қауіпті зардапты түсіруге бағытталады. Сондықтан бұл қылмыстың қоғамға қауіптілігі жанама қасақаналықпен жасалған қылмыстардан жоғарғы болады
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz