Жазаның мақсаттары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҚР қылмыстық құқығы бойынша жаза

Жоспар
І. ҚР бойынша жазаның түсінігі және белгілері 1
ІІ. Жазаның мақсаттары. Арнайы және жалпы сақтандыру 7
III. Мемлекеттік – құқықтық және қоғамдық әсер етуден қылмыстық жазаның
ерекшелігі 19
Қолданылған әдебиеттер мен нормативті материалдық 21

І. ҚР бойынша жазаның түсінігі және белгілері

Қылмыстық жаза қылмыстық құқық ғылымың қиын да көп қырлы мәселесі
болып табылады.
Оның мағынасы былай анықталады: қылмыстық құқық ең алдымен жазаның
қолданнысы мен қауіпін жүзеге асырады.
Қылмыстық жаза қылмыс ұғымының міндетті белгісі болып табылады. Жаза –
болған қылмысқа мемлекеттің реакциясы.
Жаза – мемлекет қолындағы маңызды құрал, ол арқылы мемлекет адамды,
оның құқын, бостандығын, заңды мүддесін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен
заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған ортаны,
қонституциялық құрылысты, еліміздің аумақтық бүтіндігін, қоғам мен
мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін, адамзаттың бейбіт өмірі мен
қауіпсіздігін қылмыстық қастандықтан қорғайды. Яғни жаза жоғарыда
аталғандарды қылмыстық қол сұғұшылықтан қорғауға бағытталған. Егер қоғамдық
қауіптің әсері жазаға ұшыратпаса, ол қылмыс болып саналмайды.
Қылмыс пен жаза - өзара тығыз байланысты құқықтық түсінік. Мемлекеттік
мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс үшін қолданылады. Қылмыстық
құқықтық ғылымда қылмыс пен жазаның байланыстығы туралы түрлі тұжырымдар
бар.
Көптеген құқықтанушылар қылмысты жазаның алдында болады дейді.
Сондықтан жаза жүйесі қылмыспен күресудегі жүйелі шара болып табылады.
Жазасыз қылмыс ұғымы, керісінше, қылмыссыз жаза ұғымы болмайды. Бұл
қылмыстардың даму тарихын және отандық қылмыс заңдылығындағы жазаларды
нақтылап көрсетеді. Бұдан басқа да көзқарастар бар.
Оны қолдаушылар (А.Ф. Кистяковский) жазаға қылмыстық құқықтағы алғашқы
орын жатады, яғни онда қылмыстық құқық идеясы айтылады, деген тұжырым
түйіндейді.
Олардың ойынша, қылмыс ұғымына қарағанда жаза институты қоғамдық
өмірде және қоғам жаратылыста ерте пайда болған. Бұл позицияны ғалымдар
бірнешеге бөледі.
Неміс философының өкілі Эммануил Кант жазаның мақсаты теңдік жазасы
сияқты, кекке кек, өтеу сияқты деп көрсетеді. (Тальон қағидасы).
Пуффендорф пікірінше, жазаның ақиқатты мақсатты адамдар бір–бірін
қорқытатын зиян мен реніштен тұрады.
Гегельдің пікірінше, жаза – құн, бірақ залал арасындағы теңдіктің құны
емес, себепті қылмыс, залал, себепті қылмыскер жазасы.
Белгілі құқықтанушы Чезаре Беккария жазаның мақсаты адамды азаптан мен
қорғау емес, кінәліге тағы да қоғамға зиян келтіретіндігін білдіру, сонымен
қатар мұны қоғамның басқа мүшелерінен аулақ ұстау.
Бұл пікірсайыс отандық заң ғылымында туындап тұр. Ғалымдардың
көпшілігі қылмыстық жазаның мақсаты сотталғандарды түзету мен қайта
тәрбиелеу, сонымен қатар қылмыстың жалпы және арнайы ескертулер деп
есептейді.
Аталған ғалымдардың тобынан басқалары (Н.А. Беляев, И.И. Карпец, В.Г.
Смирнов, П.П. Осипов және т. б.) мақсатты жазаның мақсаты деп бөледі.
Қылмысына қарай жазалау өлімге өлім ақылсыз формуласымен байланысты емес,
бірақ қылмыскер жазасын алады.
Яғни, жаза - қылмыс істеген кінәліге соттың үкімі бойынша қаралған
қылмыстық заңмен құқығынан немесе бостандығынан айыратын мемлекеттік
мәжбүрлеу шарасы.
Қазақстан аумағында бұрын күшінде болған қылмыстық заңда жазаға
анақтама берілмеген. Сондықтан да жаза ҚК қабылданғанға дейінгі қылмыстық
заң әдебиеттерінде жазаға берілген әртүрлі анықтамаларды кездестіруге
болады. Олардың бір–бірінен онша айырмашылығы жоқ, оларда жаза дегеніміз –
қылмыстық заң негізінде қылмыс жасаған адамға қатысты сот қолданған
мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы деген мазмұн бар.
Республикамыздың қылмыстық кодексі жазаға төмендегідей анықтама
береді:
Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік
мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға
қолданылады және осы адамды Қылмыстық кодексте көзделгендей құқықтары мен
бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады (ҚК-тің 38 –
бабы). Бұл анықтамада жазаның негізгі белгілерінің жиынтығы берілген.
Жаза - қылмыстың жағымсыз бағасын және сол бағаның мемлекет пен
қоғамға әсерін көрсетеді.
Жаза мемлекеттік мәжбүрлеудің шарасы болып табылады да сотталған
адамды қылмыстық заңмен құқығы мен бостандығынан айырады немесе шектейді.
Жаза қылмыскерге заң тәртібімен қылмысын мойындау үшін қолданады.
Жаза мемлекет атынан және тек қана сот үкімімен белгіленеді. Жаза бір
жағынан қылмыскерді жазалайтын мемлекеттік мәжбүрлеудің түрі болса, екінші
жағынан, жаңа қылмыстың болуына ескерту сияқты.
Жаза қатаң жеке сипатта болады және қылмыскердің жекелігіне
бағытталады.
Жазаның маңызды игіліктерге (өмір, еркіндік, жекелік) әсер ететін
нысаналары бар.
Жаза өзінің қиындығымен әсері тигенге де пропорционалды ауыр болып
тиеді.
Жаза кінәлі адамды құқығы мен бостандығынан айырады немесе шектейді.
Жаза әділдік қағидалармен іске асады, яғни жаза – қылмыс ауырлығына
қарай, қылмыскердің ісі мен жекелігіне сәйкестендіріп қолданылады.
Жазаның қолдануы тәрбиелік сипатта болады.
Жаза қылмыскерді жазалау тәсілдерін үнемдеу негізінде белгіленеді.
Негізінен жаза – болған қылмысқа қолданылады.
Жаза сотқа әкеп соғады.
Жаза қылмыскерге жағымсыз баға береді.
Жаза сот үкімімен және мемлекет атынан белгіленеді.
Жаза қылмыскерге заң негізінде қылмысын мойындату үшін қолданылады.
Қылмыс кезінде жаза жеке адам қызығушылығын, қоғам мен мемлекетті
қастық қылмыстан қорғауда қылмыс құқықтық механизмнің соңғы түйіні болып
табылады (қылмыскер - қылмыс – қылмыстық жауапкершілік). Жаза заңның
салтанаттығын және қоғамдағы әділдігін орнатады, болмай қоймайтын
қағидаларды сақтауда жаза қылмыс профилактикасының байыпты құралы ретінде
пайдаланады.
Яғни мынадай қорытынды жасауға болады, Қазақстанның қылмыстық құқықты
жазасының астарынан мемлекеттік мәжбүрлеудің негізі шараларын түсінуге
болады. Ол шаралардың сотқа апарып соғатын кінәлінің ісіне сот белгілеген
жазалаушы элементтері қалай әсерін тигізсе, тәрбиелік мәні де солай. Жаза
қылмыс әсерінің және қылмыскердің моральдық бағасын, ұнамсыз құқықтық,
әлеуметтік қоғам мен мемлекет атынан көрінеді.
Жазаның өзіне тән міндетті қасиеті – жазалау. Жазаны – жазалаудың
күшпен қолданылатын, мәжбүрлейтін жағы, яғни сотталған тұлғаны заңды
көзделгендей құқықтары мен бостандықтарынан айыратын немесе оларды
шектейтін жағы деп түсіну керек. Жазалау дегеніміз жазаның мәжбүрлеу,
зорлау сипаты. Олар күш көрсету, моральдық, материалдық және басқадай ықпал
ету арқылы жүзеге асырылады.
Жаза қылмыскерге қашан да белгілі бір айрылу, қайғы–қасірет шектіреді.
Олар тән азабы, рухани сипатта, қаражатқа қатысты немесе басқадай сипатта
болуы мүмкін. Мысалы, бас бостандығынан айырғанда, қамауға алғанда
сотталған адамның көптеген құқықтарына шек қойылады, ол бостандығынан
айырылады, оның отбасымен, достарымен, туған–туыстарымен қарым-қатынасы
үзіледі. Мүлкін тәркілегенде, айыппұл салынғанда, ол материалдық шығын
көреді. Белгілі бір қызметке тұру немесе қызметпен айналысу құқынан айыру
сияқты жаза шарасы адамның қызмет, кәсіп таңдау құқына шектеу салады.
Жазаның жазалау сияқты элементінде қорқыту сипаты бар. Тағайындалатын
жазаның ауырлығы, өз кезегінде, жасалған қылмыстың ауырлық деңгейі мен
сипатына, қылмыскердің жеке басына және де, іс бойынша кездесетін басқа да
жағдайларға байланысты болып келеді.

ІІ. Жазаның мақсаттары. Арнайы және жалпы сақтандыру

Жазалау жазаға тән ерекшелік бола тұрса да Қылмыстық кодексте ол жаза
мақсаты ретінде қарастырылмайтынын (ҚК- тің 38 – бабының 2- ші бөлігі)
ескеру қажет. Бұрынғы ҚК–терде де жазалау жазаның мақсаты ретінде
қарастырылмаған. Дегенмен, бірқатар ғалымдар жазалауды жаза мақсаты ретінде
қарастырған. Атап айтқанда, И.И. Карпецтің жазуы бойынша: Жазаның мақсаты
болып табылатын жазалауды біз жасаған қылмысының құнын қайтару үшін құқық
бұзушыға айырылу мен қайғы-қасірет шектіру деп түсінеміз. Яғни бір сөзбен
айтқанда: Жазаның мақсаты жазалау, ол дегеніміз жасаған қылмысы үшін
айыпкерді күйзелту, бостандығынан айыру. Дәл осындай пікірлер Н.А.
Беляевтің, А.Н. Таргабаевтың еңбектерінде де кездеседі.
Қылмыс жасаған адамға мемлекеттік тұрғыдан мәжбүр етудің түрі болып
табылатын қылмыстық жазалаудың өлшемдері қолданылады.
Әрбір мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының өз міндетті, өзіне тән мақсаты
болады. Жазаның мақсаты дегеніміз тікелей жаза тағайындау, оны қолдану
және іске асыру арқылы мемлекет қол жеткізуге ұмтылатын әлеуметтік нәтиже.
Жазаның нақты мақсаты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарының
алдында тұрған жалпы міндеттерден туындайды.
Қылмыстық жазалаудың мақсаты сотталғандарды түзеу, олардың қылмыстық
әрекеттеріне тыйым салу, сондай–ақ сотталғандардың және басқа адамдардың
жаңадан қылмыс жасауына ескерту болып табылады. Жаңа адамның қадір–қасиетін
қорлау немесе күш қолдану мақсаты көздемейді.
Жазаның мақсатын анықтаудың, бәрінен бұрын, соттың заң қолдану
қызметінде маңызы зор. Нақты адамға қатысты жазаның түрін, мөлшерін анықтай
отырып сот жазаның заңда белгіленген мақсаттарын басшылыққа алуға тиіс. Бұл
талапты елемеу – заңсыз, дәлелсіз жаза тағайындауға, әділетті емес үкім
шығаруға әкеп соғуы мүмкін.
Сонымен жазаның мақсаты ҚК–тің 38–бабында былай көрсетілген: Жаза
әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру, сондай–ақ сотталған адамды түзеу
және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауыннан
сақтандыру мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектеуді немесе адамның
қадір–қасиетін қорлауды мақсат етпейді.
Жазаның мақсатына заң тұрғысынан анықтама беру – жаза қолданудың
тиімділігін ғылыми зерттеу үшін де қажет.
Мысалы, бірінші рет жасалған қылмыстардың жалпы санының көбеюі, не
азаюы жалпы қылмыстың алдын алудағы мақсаттық көрсеткіші бала алады. Ал
қайталанған қылмыстық деңгейі – арнайы алдын алу шаралары үшін және
сотталғанды түзеу үшін сондай көрсеткіш болады.
Яғни жазаның мақсаты:
а) Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру,
б) сотталғанды түзеу,
в) сотталған тарапынан жаңа қылмыстық жасалуын болдырмау (арнайы, жеке
сақтандырудың мақсаты );
г) басқа адамдар тарапынан жаңа қылмысты болдырмау (жалпы
сақтандырудың мақсаты).
Жаза қолданылған әрбір жағдайда осы мақсаттар бірге қарастырылуы тиіс.
а) Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру – жаза мақсаттарының бірі
болып табылады. Қандай қылмыс болмасын әлеуметтік әділеттілікті бұзады.
Яғни осы қылмыстан әрбір көруші тұлғаға қатысты әлеуметтік сақталмаған,
яғни бұзылған.
Айыпкерге жаза тағайындағанда сот тек жәбір көруші тұлғаға ғана емес,
жалпы қоғамға қатысты әлеуметтік әділеттілікті біршама болса да қалпына
келтіруге әрекет жасауға тиіс. Қылмыскерді бас бостандығынан айыру, оны
күйзелту, қайғы–қасірет шектіру, қылмыскерге белгілі бір айырылу әкелу –
жәбірленушінің, әрине оның жұбайының да бойына осы қылмыс арқылы бұзылған
өзінің заңды мүдделері мен құқықтарының белгілі бір дәрежеде қайта қалпына
келетіні туралы сенім ұялатуы тиіс.
Мүлкі ұрланған кезде жәбір көруші жоғалған затын қайтарып алуы немесе
осы қылмыс арқылы өзіне тиген заладың орнын ақшалай толтыруы мүмкін.
Әлеуметтік әділеттілік, жалпы қоғамға қытысты қалпына келтіру былайша
іске асады: сот әділ жазаны (ашық отырыстарда негізінен сот ісі қаралады)
көпшілік алдында тағайындайды, сол арқылы көпшілікке қылмыстық заңды бұзған
адамды мемлекеттің жазалайтындығын, жазалай отырып қоғамдық тәртіпті,
қоғамдық қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, жалпы халық денсаулығы, басқа да
игіліктерді қорғайтындығын білдіреді. Қылмыскердің жазаланғанын естіген
адамның көңілі орнына түседі.
Әлеуметтік әділеттілік заң арқылы жазаның мақсаты болып
жариялағандықтан, сот дәл, әділетті жаза тағайындау мәселесіне неғұрлым
терең мән беріп, байыппен қарауға міндетті. Әйтпесе жазаның әлеуметтік
әділеттілікті қалпына келтіру мақсатына қол жеткізу мүмкін болмайды.
Жаза адамдардың әділеттілік сезімін, ал кейбір кездерде, қылмыскердің
жасаған жауыздығына қарсы наразылық сезімін де қанағаттандыру үшін
қолданылады. Сондықтан көпшілік жұрт қаншалықты қатал болғанымен әділетті
тағайындаған жазаны көбінесе оң қабылдайды. Керісінше, әділетсіз, сәйкес
емес жаза тағайындау жазаның мұндай маңызды мақсатына жетуіне жол бермейді.
Яғни, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру. Бұл қылмыс істегендерге
әділетті тағайындау болып табылады. Әлеуметтік әділіттілікті қалпына
келтіру үшін заңдылық принципін басшылыққа алады.
б) Жазаның басқа бір маңызды мақсаты сотталушының түзелуі болып
табылады.
Мұндай мақсаттың болуы – Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасының
адамгершілік бағытты қолдайтындығының куәсі. Мемлекет, қылмыс жасаған
тұлғаға заңды қолдана отырып, бұл тұлғаны жазасын өтеп болған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаза қылмыстық құқықта қылмыс сияқты әлеуметтік - құқықтық құбылыс
Жазаның түсінігі және мақсаттары
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАНЫҢ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ. ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
Қылмыстық жазаның мақсаттары
Қылмыстық құқықтағы жаза мақсаттары
Қылмыс түсінігі, жаза
Түзеу жұмыстары
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіндегі жазаның мақсаты
Жауапкершілік құрамының түсінігі және маңызы
Жаза
Пәндер