Құқық бұзу - құқық нормаларының ұйғармына қарсы болатын адамның тәртібі


Қазақстан Республикасының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі
(Қаржы полиция академиясы)
Мемлекеттік - құқықтық пәндер кафедрасы
Бағамдық жұмыс
Пәні: «Мемлекет және құқық теориясы»
Тақырыбы: «Құқық бұзушылық: түсінігі және белгілері».
Орындаған:ПД - оқу тобының
тыңдаушысы
Тексерген: Мемлекеттік - құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы
қаржы полициясы лейтенанты
Жұманбай М. А.
Мазмұны
Кіріспе. ………3
1. Құқық бұзушылық: түсінігі, оның заңдық құрамы ……. 5
2. Құқық бұзушылықтың түрлері. 9
3. Заң жауапкершілігінің түсінігі және түрлері………. 12
Қортынды. …… . . . 23
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . . ……… . . . 24
Кіріспе
Адам баласы дамуының объективтік заңдары жалпы түрде қоғамдық қатынастардың, көбінесе лайықтылау құрылымын белгілейді. Олар белгілі объективтік жағдайларда адамдардың, оның индивидумдарының сол қоғамның даму деңгейіне сай қалай әрекет жасайтынын көрсетеді.
Құқық субъектілерінің мінез - құлқы (тәртібі) құқыққа сай және құқыққа қарсы болып келеді. Құқыққа сай дегеніміз мінез - құлықтың құқық нормаларының талабына сәйкестігі. Құқыққа сай мінез - құлық қоғамның мүддесін көздейтін қажеттілік болып табылады. Ол құқықтық нормалар арқылы ынталандырылады, әрі мемлекет тағайындаған ережесі адамның саналылық қатынастарының нәтижесі болып табылады. Кей уақытта адамның мінез - құлқы (тәртібі) құқықтық нормалар талабын бұзғандығы үшін жазадан қорқу негізінде жүзеге асырылады.
Демек, кез келген адамның мінез - құлқы (тәртібі) заңдық мәнді бола бермейлді, ол үшін оның белгілі бір құқықтық белгілеріне ие болуы керек екен.
Құқықбұзушылықтың 4 белгісі бар: құқыққа қарсылығы, кінәлылығы, қоғамдық қауіптілігі, жазланатындығы.
Құқық нормаларын бұзу мүмкіндігі адам баласы өмірінің өзіне берілген сондықтан, мемлекет өзінің мәжбүрлеу күшімен қорғауды және құқық нормаларын кедергісіз орындауды қамтамасыз етеді. Мемлекет қоймасында оның міндетті ұйғарымдарына, тәртіптері сай келмейтін адамдардың заңды жауапкершілігін белгілейтін нормалар бар.
Бағамдық жұмыстың мақсаты құқықбұзушылықтың ұғымын және жауапкершілігін көрсетіп беру.
1. Құқық бұзушылық: түсінігі, құрамы және белгілері
Адам баласы дамуының объективтік заңдары жалпы түрде қоғамдық қатынастардың, көбінесе лайықтылау құрылымын белгілейді. Олар белгілі объективтік жағдайларда адамдардың, оның индивидумдарының сол қоғамның даму деңгейіне сай қалай әрекет жасайтынын көрсетеді.
Заңдар - заң шығарушы билікпен шығарылатын нормалар, (яғни, құзіретті берілген адамдармен) танылған объективтік заңдарға сай адамдардың басқа әрекет жасауға мүмкіндігі болса да, қалай әрекет жасайтынын белгілейді. Объективті заңдар кешірім жасауды білмейді. Заңдар, субъективтік қызметтің жемісі ретінде олардың белгілегендерін бұзуға да мүмкіндік береді. Заң шығарушы, іс жүзіндегі тәжірибеге сүйеніп, ондай бұзу мүмкіндігін әдейі жібереді. Осыған байланысты объективтік құқық, егер ол өте жоғарғы түрде, қоғамдық өмірдің объективті заңдылығын көрсете алғанмен, барлық көпжақты жекелеген адамдардың қажеттігін есепке ала алмайды. Мемлекетпен жалпыға бірдей қабылданған және қорғалатын тәртіп жолын мойындамайтын адамдар туралы да объективті құқық есептеп, қажеттіліктерін есепке алады, олардың құқыққа қарсы әрекеттеріне міндетті түрде тиым салады.
Құқық нормаларын бұзу мүмкіндігі адам баласы өмірінің өзіне берілген сондықтан, мемлекет өзінің мәжбүрлеу күшімен қорғауды және құқық нормаларын кедергісіз орындауды қамтамасыз етеді. Мемлекет қоймасында оның міндетті ұйғарымдарына, тәртіптері сай келмейтін адамдардың заңды жауапкершілігін белгілейтін нормалар бар.
Құқық бұзу деген не? Құқық бұзу - құқықтық және әрекеттілігі бар құқық нормаларының ұйғарымына қарсы, басқа адамға келтіретін және заңды жауапкершілікке шақыратын адамның кінәлі тәртібі.
Құқықтық тәртіпті бұзу қатаң түрде белгіленген нышандарымен сипатталады, оны құқықтық емес тәртіп жолдарынан айырып көрсетеді (мораль, ғұрып, қоғамдық ұйымдардың шешімдері) .
1. Құқық бұзу - әрекетімен не әрекетсіздігімен көрінетін адамның тәртібі. Құқық бұзушылыққа, адамның қимыл тәртібі жатады оның ойы сезімі жатпайды себебі, олар құқықпен реттелмейді. Әрекетсіздік құқық бұзушылыққа тек сонда жатады, егер адам құқық нормаларында көрсетілген белгілі қимылды (әрекетт) орындамаса (мысалы, өмірі үшін қауіпті жағдайдағы адамға қажетті көмек көрсетпесе) .
2. Құқық бұзу - құқық нормаларының ұйғармына қарсы болатын адамның тәртібі. Сондықтан, құқық бұзуды, құқыққа қарсы тәртіп деп айтуға болады себебі, ол құқық нормаларының реттейтін және қорғайтын қоғамдық қатынастарға қарсы бағытталған. 1
Құқықпен келісіп, құқықпен рұқсат етілген әрекет құқық бұзушылық болып есептелмейді. Ең алдымен, құқық бұзушылық заңның қорғауындағы басқа адамның мүддесіне қол сұғады (меншіктік мүдде, сөз және адамгершілік бостандықтары) . Дегенмен, адамның барлық мүдделері заңмен қорғалмайды сондықтан, оларды бұзу әр уақытта құқыққа қарсылық, деп айтуға болмайды, яғни құқық бұзушылыққа жатпайды. Мысалы, бәсеке (конкуренция) біреудің жеке адамның экономикалық мүддесіне зиян келтіреді, бірақ мұнда құқық бұзушылық жоқ. Құқық бұзушылықтың негізі, құқық нормаларына қарсы келетін тәртіп, мемлекеттен шығатын тіпті оның тапсырмасы белгілі қоғамдық, не болмаса жеке мүдделерге әр қашанда сәйкес келмесе. Керісінше жағдайда, ұйымдастырылған өркениеттегі қоғамның болуы ойға кірмейді. Сондықтан, құқықтық мемлекет рұқсат береді және қажетті қорғану институтын, қорғанудың шегін және басқаларды қамтамасыз етеді.
3. Құқық бұзушылыққа құқықтың субъектілерінің кінәлі тәртіптері ғана жататындығы мойындалады. Құқыққа қарсы тәртіп, құқық бұзушылыққа, тек сол жағдайда айналады, егер құқық бұзушының әрекетінде не әрекетсіздігінде кінәсі болса, себебі, адам біле отырып құқық бұзуға барады, өзінің әрекетін сол сәтте ақылымен басқарады.
Кінә - құқық бұзушының өзінің құқыққа қарсы тәртібіне психологиялық көзқарасы. Кінәнің екі нысаны болады: қасақана және абайсыздық.
Қасақаналық сол уақытта орын алады, егер адам құқықты бұзғанда оның тәртібінің нәтижесінде қоғамға зиян келетінін алдын ала білсе, соны тілесе (мысалы, қарыздық міндеттілігін бұзса, өндірістің әкімшілігің жарлығына бағынбаса, жеке адамның мүлкін ұрласа) .
Абайсыздық - кінәнің нысаны ретінде екі түрге бөлінеді:
- өзіне - өзі сенушілік - адам өзінің тәртібінің соңында болуы мүмкін зиянды нәтижені алдын --ала біледі, бірақ жеңілтектікпен ондай нәтижені болдырмаймын - деген есепте болады.
- ұқыпсыздық - адам өз тәртібнің нәтижесінде болатын қоғамға зиянды нәтижені білмейді, бірақ оны білуге міндетті еді.
Мысалы, жүргізуші өзі біле тұра бұзылған машинамен жолға шығады жауапсыз түрде жолда тұрып қалмайтынына сенеді, бірақ жолда тұрып қалады - бұл кінәнің өзіне - өзі сенгендік нысанына жатады. Бірінші кезде, жүргізуші құқықтың бұзылу мүмкіндігін алдын - ала білді, себебі бұзылған машинамен келе жатқанын білді. Екінші кезде, жүргізуші зиянды нәтиже болатынын алдын ала білмейді, міндетті түрде оны білу қажетті еді. Машинаның жолда сынбасы үшін, жүргізуші алдын - ала өзінің міндетіне жауапкершілікпен қарап, машинаның техникалық жағдайын тексеріп бұзылғанын жолға шыққанша жөндеп алу керек еді.
Сонымен, құқыққа қарсы тәртіп құқық бұзушылық болады, тек сол кезде, егер өз ісіне өзі есеп бере алатын адаммен жасалса және жасаған қылықта оның еркі көрінсе.
4. Құқық бұзу - қоғамға, мемлекетке, азаматтарға зиян келтіретін тәртіп. Олар, үлкен зиянды саяси еңбек, мүліктік, жеке адамдардың құқығына және бостандығына, ұйымның экономикалық мүддесіне, әскери бөлімдердің әскери дайындығына келтіретіндігі мәлім. Себебі, құқық бұзу қоғамға зиянды, азаматтардың және ұымдардың мүдделерін бұзады, оларға мемлектпен тиым салынған.
5. Құқық бұзушылық, құқық бұзушыға мемлекеттік ықпалды, шараны пайдалануды талап етеді.
2. Құқық бұзушылықтың түрлері
Құқықбұзушылықты топқа бөлуді (классификациялау) әр түрлі негізде жүргізуге болады:
- қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай - қылмыс және теріс қылық (әкімшілік, азаматтық - құқықтық, тәртіптік, конституциялық) ;
2) қоғам өмірінің саласына қарай - экономикадағы, саясаттағы, әлеуметтік- тұрмыстағы, басқалардағы;
- заң қызмет түрлеріне қарай - құқықшығармашылық, құқық қолданудағы;
- кінә нысандарына қарай - қасақана жасалған;
- шаруашылық салаларына қарай - өнеркәсіптегі, ауыл шаруашылығындағы, көліктегі, т. б.
Теріс қылық - қылмыспен салыстырғанда, қоғамдық қауіптілігі аз сипатталатын құқық бұзушылық және қоғамдағы барлық тәртіптің жекелеген жақтарына қол сұғады. Оларға жататындар тәртіптілік, әкімшілік және азаматтық құқық бұзулар жатады.
Теріс қылықты бөлу, сол қоғамдық қатынастардың ортасына, яғни, құқыққа қарсы тәртіпті бұзудың нәтижесінде болған зиянға байланысты болады. 2
Тәртіптілік - теріс қылық - құқық бұзу, қызмет жасайтын ортада болады қызметтік қатынастағы бір -біріне қызмет бойынша бағыну тәртібі бұзылады. Тәртіптік теріс қылық, белгілі ұжым адамдарының қызметіндегі міндетті тәртіпке қол сұғу: жұмысшылардың, қызметкерлердің, әскери адамдардың тағы басқалардың еңбек, қызмет, әскери не болмаса оқу тәртіптерін азайту арқылы.
Әкімшілік - теріс қылық - құқық бұзушылық, заңмен белгіленген қоғамдық тәртіпке, мемлекеттік органдардың атқару және жарлық жасайтын қызметтеріне, қызмет істеу міндеттерімен байланысы жоқ жағдайларға қол сұғу. Әкімшілік теріс қылыққа, мысалы, өртке қарсы қауіпсіздік тәртібін, санитарлық гигиенаны бұзу, билетсіз көлікте жүру жатады.
Азаматтық теріс қылық - құқық бұзушылық, мүліктік және мүліктік емес қатынастар аясында болады, адам үшін рухани бағалылық. Азаматтық - құқық бұзушылық - ұйымдарға не болмаса жекелеген адамдарға мүліктік зиян келтірумен көрінеді, яғни келісім шарт бойынша міндетті орындамау, азаматтың ар ұятына нұқсан келтіретін өтірік өсек тарату жатады.
Ең қауіпті құқық бұзуға қылмыс жасау жатады. Ол теріс қылықтан, өзінің қоғамға қауіптілігімен бөлінеді және өте ауыр зиянды жеке адамға, мемлекетке, қоғамға тигізеді. Қылмыс - мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негізіне, меншікке, жеке адамға және азаматардың құқығына, қарулы күштердің әскери дайындығына қол сұғып, қылмыстық жазалар мөлшерін қодануды талап етеді.
Жалпы құқық теориясы бойынша, құқық бұзу құрамы мынадай: объект, субъект, объетивті және субъективті болып бөлінеді.
1. Құқық бұзудың объектісіне құқық нормаларымен реттелетін және қорғалатын қоғамдық қатынастар жатады.
2. Құқық бұзудың субъектісіне жоғарыдағы көрсетілгендей, жекелеген адамдар және құқықтық қабілеттілігі, әрекеттілігі бар ұйымдар жатады.
3. Құқық бұзудың объективтік жағына құқыққа қарсылық және субъект тәртібінің қоғамға қауіптілігі жатады.
4. Құқық бұзудың субъективтік жағына құқыққа қарсылығы үшін жауапкершілік, құқық бұзушының кінәсі болса. Кінә - құқық бұзушының қажетті субъективтік белгісі, барлық құқық бұзушылықта орын алуға міндетті, сондықтан кімнің жасағанына қармай жауапқа тартылуы қажет.
3. Заң жауапкершілігінің түсінігі және түрлері.
Құқықбұзушылық кінәлі адамның заң жауапкершілігін тудырады. Олар құқық нормаларының санкцияларында көзделген. Санкцияны қолданудың негізі адамның әрекет не әрекетсіздігіндегі құқықбұзушылықтың құрамын анықтау болып табылады. Заң жауапкершілігі құқықбұзушыларға заңдарда көрсетілген заңсыз іс -әрекет (әрекет не әрекетсіздік) үшін санкцияны қолдану, яғни бас бостандығынан айыру, айыппұл төлеу, мүлікті конфискациялау, т. б. 3
Әдетте, кез келген құқықбұзушыларға мемлекеттің күштеу шараларын қолданса да, бірақ санкцияны қолдануға болмайды. Мысалы, есі дұрыс емес деп танылған адамға, қоғамдық қауіпті әрекетті жасаса да сот Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодесінде көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануы мүмкін(16бап) . Шынында да, бұл мемлекеттік көндіру шарасы, бірақ заң жауапкершілігі емес, өйткені оны қолдануға негіз жоқ, себебі - құқық бұзушылықтың субъектісі иелігінің басты белгісі - деликто қабілеттіліктің болуы. Сөйтіп, құқық бұзушылықтың заңды құрамының толық болмауы заң жауапкершілігін қолдануға кері әсерін тигізетіні сөзсіз.
Заң жауапкершілігінің мынадай белгілерін айтуға болады:
1) құқықбұзушыларға мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдануға сүйену;
2) құқық нормларын оны бұзушыларға қолданатын санкцияны іс жүзіне асыруды білдіру;
3) мемлекет пен құқықбұзушылардың арасында туындайтын ерекше құқық қатынастарын белгілеу;
4) құқықбұзушылықты жасағаны үшін заң жауапкершілігініің қолданылуы;
5) заңдарда көзделген белгілі бір іс жүргізу нысандарын сақатп жауаптылықты жүктеу;
- құқықбұзушылықты жасауына байланысты кінәлінің орындамаған негізгі міндеттерінен басқа қосымша міндеттерді атқаруды жүктеуге байланысты;
- құқықбұзушылар үшін қолайсыз зардаптардың көрініс табуы. Олар жеке бастың сипаты болуы мүмкін ( бас бостандығынан айыру, еңбекпен түзеу жұмыстары, сөгіс, т. б. ) және мүліктік мәнді (айыппұл салу, тәркілеу, материалдық жауапкершілік және т. с. с. )
Сөйтіп, заң жауапкершілігі дегеніміз - құқықбұзушылықты жасаған адамға заңда көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілі іс жүргізу тәртібімен қолдану.
Заң жауапкершілігі, әрине, ең маңызды болып табылса да, бірақ мемлекеттік мәжбүрлеудің түрі дара емес. Мемлекет онымен қоса еріксіз қамтамасыздандыру шараларын және қорғау шараларын пайдаланады, мысалы, тауардың төменгі сапасын оның жақсырақ сапасына айырбастау, заңсыз жұмыстан (қызметтен) шығарылғандарды бұрынғы қызметіне қайтадан қабылдау. Тұтастай алғанда қорғау шаралары дегеніміз бұзылған құқықты қалпына келтіруге және заңды міндеттерді орнындауды қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің еріксіз көндіру қызметі. 4
Заң жауапкершіліктің мақсаты: құқықтық тәртіпті қорғау, азаматтарды құқықты құрметтеуге тәрбиелеу, әлеуметтік әділетсіздікті қалпына келтіру, жаңадан құқықбұзышылықты болдыртпаудың алдын алу болып табылады. Ол белгілі бір принцип негізінде іске асуы тиісті. Оған жататындар:
- заңдылық принципі (жауапкершілікті тағайындау процессі кезінде заңдарды сақтау және орындау, құқық субъектінің жауапкершілігі тек олардың кінәлі іс - әрекеті үшін ғана қолданылады) ;
- әділеттік принципі (жазаның іс -әрекеттің мөлшерімен тең болуы кінәлі деп танылған адамға заңдардың тиісті бабында белгіленген шекте және жауапкершілік жүктейтін ережелері ескеріліп отырып, әділ жазаның тағайындалуы. Ол үшін жаза тағайындау кезінде жағымсыз іс - әрекеттің сипаты мен қоғамдық қауіпті дәрежесі, кінәлінің жеке басы, сонымен бірге құқықбұзушылық жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез - құлыққа жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән - жайлар, сондай - ақ тағайындалған жазаның айыптының түзелуіне және оның отбасының немесе асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына тигізетін ықпалы ескерілуі тиіс) ;
- мақсатқа сәйкес (орындылық) принципі (құқықбұзушыға қолданылатын шаралардың ықпалының заң жаупкршілігіне сәйкестігі. Бұл принциптің мәнісі мынада: құқықбұзушылық жасаған әрі кінәлі деп танылған адамның жазадан толық не ішіара босатылуы немесе жауаптылығы мен жазасы жеңілдетілуі мүмкін, егерде ол келтірілген мүліктік залал мен моральдық зиянның орнын өз еркімен толтырса, не зиянды жоюға бағытталған өзге де іс - әрекеттерді жасаса, шын жүректен өкініп, айыбын мойындап келсе, сөйтіп, өзінің іс - әрекетімен түзелгендігін білдіртсе, онда оны жазалау орынды болмас еді) ;
- ізгілік принципі (құқықбұзушыға адамгершілікпен қарау, яғни кінәлінің жеке басының, отбасы мүшелерінің немесе өзге де ауыр мән - жайлар тоғысуына байланысты ( денсулықтарының ауыр хәлге душар болуы, отбасындағы бақытсыздық, т. б. ) жауапкершіліктің тағайындалуын тоқтату не одан мүлдем босату адамгершіліктің белгісі) :
- заң жауапкершіліктің болмай қоймайтындығы (әрбір құқықбұзушылық міндетті түрде жауапкершілікті тудыруы тиісті. Ол дегеніміз әрбір кінәлі адамның жауапсыз қалмайтындығы. Бұл принциптің іске асуы, әрине, құқыққорғау органының дәйекті қызметімен және жазаны қолдануға тиісті лауазымды адамның іскерілігіне, білімділігіне, өз қызметін жетік біліп, үнемі дайындықта болуына, ұқыптылығына байланысты.
- Жылдамдылық принципі (құқықбұзушылық үшін қолданылатын жауапкершілік дер кезінде, өз уақытында қолданылуы тиісті) .
Еліміздің жауапкершілігінің түрлеріне келетін болсақ, ол құқық салаларына қарай конституциялық, қылмыстық - құқықтық, азаматтық - құқықтық, әкімшілк - құқықтық, тәтіптік, жұмысшылар мен қызметшілердің материалдық жауапкершілігі; жіктелуінің тәртібіне қарай - соттылық тәртібі, әкімшілік тәртібі; жауаптылықты жүктейтін органдарға қарай - заң (өкілді) органдарының, басқару органдарының, атқарушы органдарының жауаптылықты жүктеуі болып бөлінеді.
Заң жауапкершілігінің түрлері құқықбұзушылықтың түрлерімен пара -пар.
Қылмыстық жауапкершілік тек қылмыс жасағаны үшін қолданылады, яғни, қылмыстық құық нормаларында тыйым салынған қоғамға өте қауіпті іс - әрекет (не әрекетсіздік), оның негізгі қайнар көзі - ҚР Қылмыстық кодексі. Сондықтан қылмыстық жауапкершілік заң жауапкершілігінің ішіндегі ең қатаң түрі болып танылады. Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай - ақ соталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір - қасиетін қорлауды мақсат етпейді. 5
Қылмыс жасады деп танылған адамдарға негізгі жаза мынадай:
а) айыппұл салу;
б) белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
в) қоғамдық жұмыстарға тарту;
г) түзеу жұмыстары;
д) әскери қызмет бойынша шектеу;
е) бас бостандығынан шектеу;
ж) қамау;
з) тәртіатік әскери бөлімде ұстау;
и) бас бостандығынан айыру;
к) өлім жазсы қолданылуы мүмкін.
Бұдан басқа сотталғандарға мынадай қосымша жазалар:
-арнаулы әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру;
-мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін.
Бірақ айыппұл салу және белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазалаудың негізгі де, қосымша да түрлері ретінде қоданылуы мүмкін.
Қылмыстық жазны тағайындауды жалғыз мемлекттік орган - сот атқарады, өйткні ол өзінің айыптау үкімінде қылмыстық жзаның мөлшерін анықтайды.
Әкімшілік жауапкершілік - әкімшілік теріс қылық жасағаны үшін қолданылатын шаралардан (мысалы, айыппұл салу, арнаулы құқықтан айыру - жүргізушілік құқығынан, аң аулау ерекшелігі - мұнда лауазымды адам ғана шараларды қолдана адалы, ал құқықбұзушы ондайадамдармен қызметтік бағыныста болмайды. Әкімшілік құқықтың ірден - бір қайнар көзі - Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық уралы кодексі болып табылады.
Азаматтық жауапкершілік - шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін және азаматтық заңдарда сәйкес мүліктік зиян келтіргені үшін қолданылатын шаралардың бірі. Бұл жауапкершіліктің түрі құқықты қалпына клтіру санкциясын жиі қолдану негізінде мүліктік нұсқаны өтеуді көздейді. Заңдарда мұнымен қоса кінәлі адамға міндеттемелік шарттарды орындамағаны үшін айып төлеу (айыппұл, өсім) шарасын қолдануы көзделуі мүмкін.
Айып төлеу дегеніміз - борышқор міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған ретте несие берушіге төлеуге міндетті, заңдармен немесе шартпен белгіленген ақша сомасы айып төлеу. Айып төлеу мөлшері нақты ақша сомасында немесе орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттеме сомасына шаққандағы процентпен белгіленеді.
Тәртіптік жауапкершілік - бұл еңбек шартын бұзғаны үшін, яғни қызметкерлердің кінәсінен оған жүктелген еңбек міндеттерінің орындалмағаны үшін жұмыс берушінің тәртіптік жазаларды қолдануы. Ондайларға жаттындар: ескерту, сөгіс, кейбір жағдайларда жеке еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу.
Материалды жауапкершілік - жұмысшылардың, қызметшілердің өздерінің еңбек міндеттерін орындаған кезде мекемеге келтірілген зиянды (залалды) өтеуі.
Заң жауапкершілігі ұғымының мазмұны толық болуы үшін одан босатылатын және жауапқа тартылуға тиіс емес мән - жайларды еске түсіруіміз қажет.
Жауапқа тартылуыды болдыртпайтын мән- жайлардың ішінде мыналар көрсетілген:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz