Құқықтық норманың негізгі сипаттары
ЖОСПАР
Кіріспе 2
1. Құқықтық нормалардың түсінігі, элементтері және белгілері 3
2. Құқық нормаларын қолдану актілері және құқықтық нормаларына түсіндірме
берудің түсінігі мен түрлері 11
3. Құқықтық нормалардың қоғамдық қатынастарды реттеудегі маңызы және құқық
нормалары мен мораль нормаларының арақатынасы 19
Қорытынды 25
Әдебиеттер 28
Кіріспе
Біздің қоғамымызда құқықтық нормалардың ролі қазіргі кезде айрықша деп
айтуға болады. Себебі, бұл күнде құқықтық нормалар қоғамдық қатыьастарды
реттеудің ең тиімді де әділ жолдарының бірі болып табылады. Жалпы құқықтық
нормалар адамзат қоғамы үшін айрықша орны мен мәні бap, ең бір жарқын
құбылыс деп айтуға болады.
Негізінен теориялық тұрғыдан алғанда, құқықтың ұғымы мен мәні туралы
және құқықтық нормалар туралы ғылыми зерттеулер аз болған жоқ соған
қарамастан бұл тақырып бүгінгі күнге дейін өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ
деп айтқан болар едім. Сол себептен де, меніңше құқықтық нормалардың ұғымы
мен мәні туралы тағы бір теориялық талдау жасап кетудің ешбір артықшылығы
бола қоймас деп білемін.
Жалпы құқықты нормалардың түсінігінде, мазмұнында әліде болса сан
түрлі сыр мен қыр бар деуге болады. Қазіргі кезде құқықты нормалар қоғаммен
бірге диалектикалық даму процесінде болғандықтан оның мазмұны сан қырлы
бағытта даму үстінде. Ғалымдар құқықтық нормаларды зерттегенде бір-екі
қырынан мазмұнын анықтап, әр түрлі қорытынды тұжырым жасауда. Жалпы
құқықтық нормалардың даму тарихы сонау Ежелгі Рим заманынан бастау алады.
Қазіргі кезде құқықтық нормаларсыз қоғамды немесе мемлекетті көз
алдымызға елестету мүлдем мүмкін емес, себебі осы күнгі өркениетті қоғам
үшін құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды реттеудің бірден бір басты
құралына айналған деп айтқан болар едім.
Мен өзімнің осы курстық жұмысымда құқықтық нормалардың ұғымына жете
тоқталып өтіп, оның мәнін теориялық тұрғыдан жан-жақты толығырақ қарастырып
өтуді өзіме басты мақсат етіп, белгілеп отырмын.
1. Құқықтық нормалардың түсінігі, элементтері және белгілері
Құқық - күрделі құбылыс. Құқықтың негізгі қызметі - қоғамдық
қатынастарды реттеу, тәртіпті сақтау, қорғау. Құқық -жалпыға бірдей
міндетті мемлекет қамтамасыз ететін нормалардың жиынтығы.
Ал құқықтық норма дегеніміз, құқықтың бір ғана ереже қағидасы. Мысалы,
құқықты үй деп алсақ, онда құқықтық норма жиынтығы.
Құқықтық норма - мемлекет таныған, қамтамасыз еткен, қоғамдық
қатынастарға араласып түсушілердің құқықтары мен міндеттерін туындататын,
олардың әрекеттерін үлгі, эталон, масштаб, өлшем есебінде реттей алатын
жалпыға бірдей міндетті ереже, норма.
Құқықтың норма - заңға сәйкес келетін мінез, жүріс-тұрыстың
айырмашылық белгісін білдіреді. Осыдан құқықтық норма жария айқындылық,
нақтылық мәнге ие болады. Оның өзі заңмен көзделген істің шешімін табуға
мүмкіндік береді[1].
Адамдардың бостандығын реттейтін екі тұрғыдан қарастырады: бірінші
адамдардың өздерінің, өз істерін, өз тәртібін жобалау - жоспарлауы (ішкі
бостандық); екінші өз мүдде-мақсаттарын өздері анықтап, оны өздерінің
жүзеге асыруы (сыртқы бостандық).
Қоғамдағы барлық процесс, барлық қарым-қатынастар құқықтық нормалар
арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Нормативтік актілер әлеуметтік жеке
мемлекеттік ықпал ету қасиеттерін біріктіріп қоғамның дұрыс, жағымды
дамуына, жалпы халықтық тәртіптің нығаюына мүмкіншілік жасап отырады.
Құқықтық норманың негізгі сипаттары:
1.Норма қоғамға, адамдарға ең қажетті, керекті қарым-қатынастарды
реттеп, басқарып отырады. Ол қатынастардың басым көпшілігі бостандықты,
әділеттікті, теңдікті, әлеуметтік, рухани, мәдени т.б. даму бағыттарын
қамтып, реттеп, басқарады. Бұл басқарудың негізгі бағыттары, қағидалары
Конституцияда және заңдарда көрсетіледі.
2. Норма көп қатынастардың мазмұнын орындалу бағыттарын, әдіс-
тәсілдерін алдын ала анықтап, көрсетіп отырады. Болашақ қатынастың, оны
реттеудің, орындалуының "үлгісін" жасайды. Міне осы "үлгілерді" зерттеу
арқылы ғалымдар мемлекеттердің өткен тарихымен танысып жатады.
3. Нормативтік актілердің көпшілігі өзгермей қатынастарды көп жылдар
дұрыс, жақсы реттеп, басқарып тұрақты нормаға айналды. Бұл екі жақты
әлеуметтік тұрақты процесті типизация деп атайды. Мұның маңызы өте зор.
Заңдылықты нығайтуға, құқықтық тәртіпті сақтауға зор үлес қосады.
4. Нормативтік актілер жалпы мемлекеттік норма, оның орындалуы жалпы
қоғамдық міндет, оны халық түсінеді, біледі. Сондықтан олар ол нормалардың
дұрыс орындалуына үлес қосады.
Сонымен құқықтық норманың жоғарыда көрсетілген сипаттары, оның
мазмұнын, маңызын, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруын толық
түсінуге болады.
Құқықтық нормалардың белгілері:
1. Норма мемлекеттік органның қабылданған бекіткен актісі, оның заңды
күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлгісіне айналады. Өйткені ол
нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды.
2. Нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары
толық көрсетіледі. Егер де көрсетілмесе субъектілердің өз еркінде, тек
заңға нышан келтірмеулері керек.
3. Норма ерікті түрде орындалмаса, еріксіз орындатылуы.
4. Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет
қамтамасыз етеді.
5. Құқықтық норма адамдардың, қоғамның тәртібінің кепілдігі болуы.
Құқықтық нормасыз қоғамда ешқандай дәрежелі заңдылық, тәртіп, жоспар,
мағыналы, сапалы қарым-қатынас болуға тиым емес. Құқықтық норманың мазмұны
толық болуы керек. Сонда ғана оны дұрыс орындауға болады. Өмірде мазмұны
толық емес нормалар кездеседі. Бір нормада қатынастың мазмұны көрсетіледі,
екіншісінде - оны қашан, қандай жағдайда қолдауды көрсетеді, үшіншіде —
қолдану нәтижесін көрсетеді. Үшеуін біріктірсе бір толық норма болып
шығады. Мұндай норманың құрылысы өте сирек кездеседі.
Нормалардың басым көпшілігі толық түрде болады. Егерде толық болмаса
жетіспейтін элементтерін сілтеме арқылы тауып алуға болады.
Сонымен құқықтық норма — қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтары
мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекет пен
қамтамасыз етілетін ереже-қағида.
Құқықтық нормалардың элементтері бірігіп оның құрылымын
қалыптастырады. Бірақ ол элементтердің болуы, тізілу қатары, бағыты,
мақсаты нормативтік актілердің түріне байланысты. Құрылымы жөнінде құқықтық
нормалар екі түрге бөлінеді: негізгі заңды нормалар және тәртіп
ережелерінің нормасы.
Негізгі заңды нормаларда элементтердің мазмұны норманың кіріспесінде
немесе бірінші бабында толық көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының
''Салық туралы" заңында норманың элементтері 1-бабында көрсетілген.
Тәртіп ережелерінің нормаларында элементтер нормативтік актілердің
баптарында, бөлімдерінде көрсетіледі. Құқықтық нормалардың элементтері:
диспозиция, гипотеза, санкция.
Диспозиция - қатынастың мазмұны мен субъектілерінің құқығы мен
міндеттерін көрсетеді. Диспозиция норманың негізгі, құқықтық тәртіптің
үлгісі-моделі. Мысалы, ҚР, АЗҚ,482б. Екі немесе көп жақты мәмілелер мен
шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі.
Диспозицияның үш түрі болады:
— жалпылама түрі-нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері анық-
айқын көрсетілмейді; мысалы жұмыссыздық туралы заңда республикалық,
облыстық, аудандық органдардың міндеттері жалпылама көрсетілген;
— толық-айқын түрі — диспозицияның мазмұны нормада анық көрсетіледі.
Мысалы, қылмыстық, кодекстің баптарында диспозицияның мазмұны толық,
көрсетіледі;
— сілтеу түрі - диспозицияның мазмұны туралы баска бір нормаға сілтеу
жасалады. Мысалы, азаматтық кодекстің бірнеше баптарында сілтеме қолданады.
Гипотеза — диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік акті
қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін
жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек (ҚР, ҚК - 7 б.).
Гипотезаның үш түрі болады:
— егерде норманың іс-әрекеті бір жағдайдың болуы немесе болмауымен
байланысты болса мұндай гипотезаны жалпылама деп атайды;
— егерде норманың жұмысы бірнеше жағдайдың болуы немесе болмауымен
байланысты болса ондай гипотезаны-күрделі гипотеза деп атайды:
— егерде норманың іс-әрекеті бірнеше жағдайдың біреуін таңдау арқылы
басталса — мұндай гипотезаны алтернативтік гипотеза деп атайды.
Санкция — диспозиция мен гипотеза дұрыс орындалмаса оның жағымсыз
салдары және жауапкершіліктің басталуы мен қолдануы. Санкцияның үш түрі
болады:
— абсолютті-айқын санкция: жұмыстан шығару, қызметін төмендету, айып
төлеу т.б.;
—салыстырмалы айқын санкция: минимум мен максимумның арасындағы
жауапкершілік (қылмыстық кодекстегі баптар);
— альтернативтік санкция. Санкцияның көрсетілген түрлерінің қайсысын
қолдану тиісті мекеменің еркін құзырында.
Осы үш элементтер толық болса ғана нормативтік акті өз міндетін, өз
ролін дұрыс, уақытында, жақсы орындай алады. Егерде нормада бір екі
элементтері жоқ болса, сілтеме арқылы оларды тауып алу керек.
Нормативтік актілердің жеке баптарында норманың элементтері толық
болмайды. Конституцияның баптарында тек гипотеза мен диспозиция ғана
болады. Қылмыстық кодексте тек диспозиция мен санкция ғана болады. Іс
жүзінде норманың элементтері нормативтік актінің әр баптарында болуы мүмкін
немесе бірнеше нормативтік актілердің баптарында болуы мүмкін. Оны тауып
алуға болады.
Құқықтық нормалардың элементтерінің құрылу тәсілдері.
1. Тікелей норманың үш элементін (гипотеза, диспозиция, санкция) толық
келтіру. Мұндай тәсіл нормативтік актілердің көбінде қолданылады. Бұл
құқықтық нормалардың іске асуын, орындалуын жеңілдетеді.
2. Сілтемелі тәсіл норманың жетіспейтін элементі туралы осы заңның
басқа бөліміне, тарауына, бабына сілтеме жасалады.
3. Бланкеттік тәсіл-норманың жетіспейтін элементі туралы басқа заңға-
қаулыға сілтеме жасау.
Сонымен құқықтық норма, заңның немесе нормативтік актілердің баптары
бір-біріне ұқсас емес баптарда орманың элементтері түгел болмайды, бірақ
оны іздестіріп табуға болады.
Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді:
1. Қоғамның нормаларына саласына қарай өндірістік, ауылшаруашылық,
құрылыс, мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым т.б. бағыттағы
нормалар.
2. Құқықтың саласына қарай мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек,
жанұя, азаматтық, қылмыстық, азаматтық-процессуалдық, қылмыстық-
процессуалдық, саладағы нормалар.
3. Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші
нормалар; қорғаушы нормалар.
4. Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші нормалар; тиым
салушы нормалар; ерік беруші нормалар.
Міндеттеу және тыйым салу нормалары әдеттегі қағида бойынша өктемдік
болып келеді. Яғни ережеден ешбір ауытқымайтын, сөзсіз орындалған сипатта
болады. Белгілеу (құқықты белгілеу) нормалары жиі түрде диспозитивтік
санаттағы нормаға жатады, былайша айтқанда норманың күші бағытталған
адамның мінезі, жүріс — тұрысы оның серіктесінің (әріптесінің) келісімімен
өзгертілуі мүмкін екенін білдіреді. Осы тәрізді негіздерге сүйеніп
факультетивтік нормалар да бөлектеп көрсетіледі. Ол белгілі бір жағдайларда
мінез, жүріс-тұрыс басты нұсқасынан ауытқуға мүмкіндік жасайды[2].
5. Норманың элементтерінің құрылымына қарай нормативтік актілер үшке
бөлінеді; нақты белгілі нормалар — мазмұны толық, анық жазылған элементтері
түгел; салыстырмалы нормалар — мазмұны, элементтері түгел емес, мәселені
бөлген істің жағдайына қарай шешу; балама (альтернативтік) нормалар —
істің орындалуының норманың жүзеге асуының бірнеше бағыты, әдісі
болуы.
6. Субъектілеріне қарай нормалар екіге бөлінеді: жалпылама нормалар,
арнаулы нормалар.
7. Мамандандырылған құқықтық нормалар — қоғамның мамандық саларының
қарым-қатынасын реттеп, басқаратын нормалар. Мысалы азаматтық, қылмыстық,
заңгерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер бағыттағы нормалар.
Міне осы көрсетілген бағыттар бойынша құқық өзінің күнделікті қоғам
өмірін реттеп, басқарып отырады. Мазмұны жағынан құқық нормалары заңдылық
пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы мен міндеттері, заңдарды өзгерту,
жетілдіру, толықтыру жөніндегі пікірлер мен көзқарастарды жинақтап,
құқықтың қоғамдағы міндеттерін орындаудағы жұмысын дамытып, жақсартып
отырады. Құқықтық нормалардың мүлтіксіз орындалуы азаматтарды тәрбиелеу,
бақылау әдістерімен қатар әкімшілік немесе соттық жауапқа тарту арқылы
қамтамасыз етіледі.
Сонымен құқықтық норма-қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын
әлеуметтік ережелердің ең күрделі түрі[3].
Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұқау. Ол - жалпыға
міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды
реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам,
тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді. Құқықтық нормада
қоғам, тұлға үшін пайдалы, қажетті қатынастармен қатар, зиянды қатынастар
да бейнеленеді. Заң бұзушылық қоғамға, тұлғаға шексіз зиян келтіру мүмкін.
Құқықтық норма осындай іс-әрекеттерін де қамтиды.
Құқықтық норманың екінші белгісі - ол реттелетін қоғамдық
қатынастардың үлгісі (моделі) болып саналады. Үлгі - оң және теріс мінез-
құлықтың бейнесі болуы мүмкін. Тұлға өзіне жүктелген міндетті қалтқысыз
орындалса, ол оң үлгіге жатады. Егер адам заң бұзса, ол теріс үлгіге
жатады. Құқықтық нормада нақтылы, жеке субъектілер көрсетілмейді. Ол
реттейтін қоғамдық қатынастарға қатысатындардың барлығы құқықтық норманың
талабына бағынуы қажет. Мемлекет, қоғамдық бірлестіктер, жеке адам заң
нормасының талабын мүлтіксіз сақтауға, орындауға міндетті. Заң нормасының
талабын өз еркімен орындамаса, оны бұзған тұлғаға мемлекет тарапынан
мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Демек, заң нормасын мемлекет қорғайды.
Заң нормалары қоғамдық қатынастарды реттеу, жолға салу және қорғау
үшін жасалады. Реттеудің өзі түрлі әдістермен жүзеге асырылады. Кейде
қоғамдық қатынастарды реттеу үшін оған қатысушыларға ерік берудің өзі-ақ
жеткілікті. Мысалы, кәсіпкерлікпен шұғылдану үшін сондай-ақ әрекетке
қабілеті бар адамдарға ерік, еркіндік, мүмкіндік берсе, олардың заңи
әрекеттерін қорғаса, соның өзі жеткілікті. Кейде қоғамдық қатынастарды
реттеу үшін, оларды зиянды іс-әрекеттерден қорғану керек. Мысалы, адамның
өмірін, меншігін қол сұғудан қорғамаса, жеке адамға да, қоғамға да зиян
келтіреді. Ал қайсыбір жағдайда қоғамдық қатынастарды реттеу үшін
тұлғаларға міндеттер жүктеуге тура келеді. Мысалы, ішкі істер органдарының
міндеті - қоғамдық тәртіпті сақтау, қорғау. Заң нормалары көтермелеу
мақсатын да көздейді. Мысалы, қоғам үшін адал қызмет еткендерге құрметті
атақтар беріледі.
Заң нормаларында анықтамалар берілуі мүмкін. Қазақстан
Конституциясында құқыққа мынадай анықтама берілген: Республикада
қолданылатын құқық Конституцияның, соған сай келетін заңдардың, өзге
нормативтік-құқықтық актілердің, Қазақстан Республикасының халықаралық
міндеттемелерінің нормалары болып табылады. Норма принциптері де болады.
Республика қызметінің түбегейлі принциптері - делінген Конститутцияда, ол -
қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін
экономикалық даму, Қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің аса маңызды
мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық
референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу[4].
Заң (басқа да нормативтік құқықтық актілер) - нормативтік акт болып
саналады. Оның құрылымы ерекше. Заң баптарында тұрады. Бір заңда бір,
бірнеше, ондаған баптар болуы мүмкін. Ал заңның бабы бір немесе бірнеше
құқықтық нормалардан тұруы мүмкін. Егер заңның бабына бір норма болса, бап
пен норма сәйкес келеді. Бапта екі норма да болуы мүмкін. Онда, әрине
баптың мазмұны норманың мазмұнынан кең болады. Мысалы, Қазақстан
Республикасының Конституциясының 34- бабы екі құқықтық нормадан тұрады:
1. Әркім Қазақстан Республикасы Конституциясын және заңдарын сақтауға,
басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын
құрметтеуге міндетті.
2. Әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті.
Кейде бір құқықтық норма бірнеше баптан тұруы мүмкін.
Заңның бабында кейде норманың тек бір бөлігі ғана болады, ал басқа
бөліктерін тағы екінші, үшінші баптардан немесе басқа нормативтік
актілерден іздеуге тура келеді. Бұдан құқық нормасын заңның бабынан
ажыратудың қажеттілігі туындайды. Мұның өз сірә нормативтік актінің бір
бабында кейде екі, үш және одан да көп нормалардың кездесуінен болады.
Кейбір актілер, мысалы, құқықтың басқа салаларында қызмет ететін актілер
санкцияларды білдіруге маманданған болып келеді.
Егер де құқық нормасының құрамында құрылымдық элементтердің
қайсыбіреуі болмаса, онда ол өзінің реттеуші рөлін орындай алмайды.
Сондықтан да нормаларды жасағанда заң шығарушы оның әрбір бөлігін арнайы
жазып алуы қажет немесе оған тиісті сілтеме жасау жөн. Ал ол норманы жүзеге
асырушы өзінің істерін заң жөнімен сауатты құру үшін норма элементтерінің
барлық байланыстарын ескеруі тиіс[5].

берудің түсінігі мен түрлері
Құқық нормаларын қолдану құқық нормаларын қолдану актілері арқылы
жүзеге асырылады - бұл ресми құқықтық құжат, онда құзыретті органның
жекелеген, мемлекеттік - биліктік ұйғарымы болады, ол нақты заңды істі шешу
нәтижесінде шығарылады.
Құқық нормаларын қолдану актілері қандай, мынадай негізгі белгілермен
сипатталады:
Біріншіден, құқық нормаларын қолдану актілері билік сипатта болады
және мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қорғалады. Оның ішіндегі нақты
ұйғарымдардың көпшілікке бірдей міндеттілік маңызы бар, кімге қатысы болса
соған және қажетті жағдайда мәжбүрлеу арқылы іске асырылуы мүмкін. Мысалы,
азаматтың уақытша пайдалануға алған заттары соттың шешімімен иесіне
қайтарылуы, орындауға жататын міндеттілік. Ол актіні, құқық нормасын азамат
бұзса, жауапқа тартылады, сотталады.
Екіншіден, қолдану актісі - жекелеген құқықтық акт. Ол қатаң түрде,
белгілі адамдарға жатады. Құқық қолдану актілі, тек сол оқиғаға ғана
арналады және оған ұқсаған оқиғаға қатынасы жоқ. Сонымен, ол құқық
нормалары бар жалпы сипаттағы нормативтік-құқықтық актілерден өзгешеленеді.
Құқық нормалары, көптеген бір түрдегі оқиғаларды реттейді жөне өз аясындағы
барлық адамдарға қатынасы бар. Олар бірнеше рет қолдануға есептелген.
Жекелеген құқықтық актілерде құқық нормалары жоқ. Олар тік, жалпы
ұйғарымдарды жеке адамдарға, ұйымдарға бейімдейді, бір реттік қана мәні
бар. Соған байланысты құқық нормаларын қолдану актілері, құқық деректеріне
жатпайды. Заңдар жинағына олар кіргізілмейді.
Үшіншіден, құқық қолдану актілері заңды болуы міндетті, қатаң түрде
заңға сай шығарылады, белгілі құқық нормаларына сүйенеді: Мысалы: соттың
үкімі, (адамды жазалау туралы; қылмыстық құқық негізінде шығарылады. Егep
қолдану актісі заңға қайшы болса, ол міндетті түрде жойылады.
Төртіншіден, құқық нормаларын қолдану актілері заңда көрсетілген
нысанда шығарылады және анықталған аты болады. Заң алдын ала, жекелеген
актілерді дайындаудың және шығарудың қатаң тәртібін белгілейді. Мысалға,
құқық қорғау органдарының (сот, прокуратура органдары) қабылдайтын
актілерінің міндетті түрде мынадай (элементтері) бөліктері болуы қажет:
1. Кіріспе бөлімі, онда актінің, оны шығарған органның аты, шыққан
уақыты, мекен-жайы;
2. Түсіндірме бөлімі, онда істің деректі мән-жайы көрсетіледі;
3. Дәлелдеу бөлімі, қабылданған шешімге негіздеме беру.
4. Қорытынды бөлім, онда шешімнің мазмұны баяндалады. Әрбір құқық
қолдану актілерінің қатаң түрде белгіленген аттары болады: үкім, бұйрық,
қаулы, өкім.
Құқық нормаларын қолдану актілерін бөлу, әр түрлі негіздерге
байланысты жүргізіледі. Құқық нормаларын қолданатын субъектілерге
байланысты болады. Жекелеген құқықтық актілер мынадай түрлерге бөлінеді:
• Мемлекеттік биліктің өкілеттік органдарының актілері;
• Мемлекеттік биліктің атқарушы - иелік етуші органдарының актілері;
• Мемлекеттік құқық қорғау органдарының актілері (сот, прокуратура,
арбитраж т.б.); ,
• Мемлекеттік бақылау органдарының актілері (салық инспекциясы,
кедендік органдар т.б.)
Қоғамдық қатынастардың мазмұнына, және оларға қолданылатын құқық
нормаларына байланысты, құқық қолдану актілері былай бөлінеді:
Реттеуші актілер, адамдардың құқықтық тәртіптеріне сай, нақты түрдегі
заңды құқықтарды, міндеттерді белгілейді (мысалы, жоғары оқу орнының
ректорының сол оқу орнына кіргізу туралы бұйрығы, әлеуметтік қамсыздандыру
органдарының мекемелерінің зейнетақы тағайындауы т.б.).
Қорғаушы актілер, жеке адамдардың құқық бұзуына байланысты шығарылады
(соттың үкімі, тергеушінің сезікті адамды кінәлі ретінде жауапқа тарт
туралы қаулысы, прокурордың наразылығы).
Сонымен, құқық нормаларын қолдау актілері, құқық нормаларының
ұйғарымдарын іске асырудағы маңызды құрал болып табылады[6].
Түсіндірме беру қажеттілігі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қыруар
заңдар және одан туындайтын өзге де нормативтік актілер қабылданып,
бекітілген соң дереу іске қосылады. Солардың ішінде іске аспай мардымсыз
болып жатқандығы да бәрімізге мәлім. Оның объективтік және субъективік
өзіндік сыры бар. Осындай келеңсіз, қолайсыз жағдайлардың объективтік сыры
мынада: тіпті басқасын қойғанда заң актілерінің өздері есепсіз
шығарылуында, олардың бір-бірімен қабыспай, бұрынғы актілердің тұжырымдарын
соңғыларының бұрмалауында, сөйтіп, олардың қарама-қайшылығы, кемістігі,
ақырында ағатыққа соқтыруы, әркелкілілігі, қазіргі өскелең өмір талабымен
сыйыспайтындығында. Әрине бұдан келіп, бірте-бірте нормативтік актілердің
түрлері көбейеді, оларды біліп үйренуге кері әсерін тигізеді, енжарлыққа,
керітартпалыққа әкеліп соқтыратыны сөзсіз. Заңның жоғарлығына сенімсіздік
тудырады, заңсыздыққа әкеліп тірелетін өмірден көріп отырмыз. Бұларға қоса,
нормативтік актілердің арқауына өзге де объективтік жағдайлар өз септігін
тигізуде: айталық, құқықтық норма жайлы мәндес болып табылатындықтан, оны
нақтылы өмір талабына бейімдеп қолдану дұрыс, дәлме-дәл, бұлжытпай
пайдалану әркез болса да селқостықтың, алшақтықтың кесірінен көңілден
шықпауы; заң нормаларында көптеген арнаулы құқықтық терминдердің,
ұғымдардың жөнді-жөнсіз қаптап кетуі; заң техникасының әлі де болса пісіп
жетіспеуі, оны дұрыс қолданбауы, нормативтік актілердің тілінің анық
түсінікті, дәлме-дәл болмауының нәтижесінде, олардың кейбір тұжырымдары
шашыраңқы, тұманды, екі ойлы болып келуі; сондай-ақ, құқық нормаларының
мәтіндеріндегі заңгердің қосқан "т.т.", "т.б.", "т.с.с.", "өзге де"
сөздердің көптілігі.
Заң шығарушы қызметкерлердің кәсіптік, қала берсе дайындық деңгейінің
төмендігі де нормативтік актілердің кемістігіне өз әсерін тигізеді.
Сөйтіп бұлардың барлығы жинақтала келе құқықтық нормаға түсіндірме
беруге итермелейді.
Құқықтық түсіндірме — дегеніміз құқықтық нормаларын оларда айтылған
сөздерді біркелкі түсінуге және оны іс бойынша мәніне сәйкес дұрыс, әрі
дәлме-дәл қолдануға байланысты түсінік беретін құқықтық субъектілерінің
қызметі.
Түсіндірменің объектісі заңдар және одан туындайтын (заңнан өзге)
нормативтік актілер болып табылады. Түсіндірменің пәні нормативтік
актілерге пайымдалған - заң шығарушының еркі. Түсіндірме өзінің құрылымдық
жағынан екі жақтық қызмет болып табылады. Оның бірінші жағы, ұғыну, яғни,
субъектінің өзінше түсінігіне бағытталған, оның өзіндік сана сезімінің
шегінен аспайтын, ішкі ой-өрісінің процессі. Ұғыну — бұл құқықты іске
асырудың барлық нысандарына (сақтау, орындау, пайдалану, қолдану) қажетті
жағдайы болып табылады. Ол түсіндірудің алдындағы алғы шарт. Ал, құқықтық
түсіндірудің бірыңғай (тұтас) процессінің екінші жағы – түсіндірме, яғни,
өзіне емес өзге қатынастарға қатысушыларға арналған қызмет.
Демек, құқықтық түсіндірме - құқықты іске асыру, әсіресе құқық қолдану
процесінің ең қажетті және басты элементі. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz