Жұмыста күнаралық үзіліс


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

ТЕКСЕРГЕН: ЕСПЕНБЕТОВ НҰРЛАН

ОРЫНДАҒАН: ҚОҢЫРАТБАЙ ҚАЛЖАН

АЛМАТЫ-2006

Еңбек ету құқығы азаматтардың негізгі құқықтарына жатады. Еңбек ету құқы деп еңбекке қабілеті бар адамның өз еңбегімен өмір сүруге қажетті табыс табу мүмкіндігін айтады.

«Республика азаматының еңбек етуге құқы бар,

ол әрбір адамның дербес өндіруші ретінде немесе

еңбек шарты бойынша өз қалауына, қабілетіне және

арнайы даярлығына сәйкес еркін еңбек етуге мүмкіндік

алу құқығын қамтиды . . . » (Конституция, 19-бап) .

Демек, азаматтар еңбек етуге құқын еңбек шартын жасау және кәсіпкерлік қызметпен шұғылдану арқылы жүзеге асыра алады. Азаматтардың басым көпшілігі еңбек шарты арқылы еңбек етеді. Еңбек шартының белгілері:

- еңбекші нақтылы еңбек ұжымының құрамына енеді;

- еңбек шартында көрсетілген қызметті орындайды;

- еңбек ұжымында белгіленген еңбек тәртібіне бағынады;

- еңбектің саны мен сапасына байланысты еңбек ақыны алады;

- ұжымның әкімшілігі еңбекшіге жұмыс істеуге лайықты жағдай жасайды.

Еңбек шартының бір тарабы - жеке адам. Ол өзінің атынан еңбек шартын жасайды, өзінің еңбегімен қабылдаған міндетін орындайды. Еңбек ету қабілеті 16 жастан, ерекше жағдайда 15 жастан қалыптасады. Мектеп, техникум оқушыларын 14 жастан жұмысқа алуға болады. Ол үшін ата-аналарының біреуі келісімін беру керек. Оқушылар денсаулығына зиян келтірмейтін, жеңіл жұмысты сабақтан тыс уақытта атқара алады.

Еңбек шартының екінші тарабы - әкімшілік (мемлекеттік, кооперативтік ұйым, жеке кәсіпкер) .

Еңбекке қабілеті бар азамат өз еркімен еңбек шартын жасауға құқылы. Мерзіміне қарай еңбек шартының бірнеше түрі бар: мерзімі көрсетілмеген еңбек шарты, белгілі мерзімге жасалған еңбек шарты, белгілі бір жұмысты орындауға жасалған еңбек шарты. Мерзімі көрсетілмеген еңбек шартын еңбекші өз еркімен кез-келген уақытта бұзуға құқылы. Бірақ, алдын ала өзін жұмысқа (қызметке) алған әкімшілікті ескертіп қою керек. Әдетте кем дегенде екі ай бұрын ескерту қажет. Өзара келісім бойынша осы уақыт өтпей-ақ еңбек шартын бұзуға болады. Уақытша жасалған еңбек шартын мерзімі өткенше бұзбаған жөн. Мұндай еңбек шарты бес жылға дейінгі мерзімге жасалуы мүмкін. Ал, белгілі бір жұмыс көлемін орындау үшін жасалған еңбек шарты ол жұмыс орындалғаннан кейін күшін жояды.

Соңғы жылдары мерзімді еңбек шартының ерекше түрі пайда болды. Оны контракт дейді. Еңбек шартының бұл түрі еңбеккердің жеке басының ерекшелігін еңбек дағдысын ескереді, еңбекті нәтижесіне қарай бағалап, түрлі көтермелеулер белгілейді, әрбір еңбек буынының жауаптылығын арттырады.

Жасы толмағандармен еңбек шартын жасаудың ерекшеліктері бар. Олардың жұмыс уақыты қысқартылған болады да, атқарған жұмысына еңбекақыны үлкендермен бірдей алады т. с. с.

Азаматтардың еңбек етуіне қауіпсіз жағдай жасауды щаң әкімшілікке жүктейді. Әкімшілік еңбекті қорғау ережелерінің сақталуын бақылауға, еңбеккерлерді техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыруға, өндірістегі болған сәтсіз оқиғаларды терген, себептерін анықтауға міндетті. Жасы толмағандардың денсаулығын қорғау үшін қосымша кепілдіктер белгіленген. Жасы толмағандарды ауыр жұмыста, еңбек ету жағдайы өте зиянды және қауіпті жұмыста, белгілі бір мөлшерден артық ауыр заттарды таситын жұмыста пайдалануға тыйым салынған.

Қызметкерлердің екбекті қорғау құқықтарының кепілдіктері мыналар: азаматтарды денсаулық жағдайына жақпайтын жұмысқа қабылдауға тыйым салынады. Еңбек шартында жұмыс орнының қауіпті және зиянды өндірістік жағдайларды көрсетіліп, сондай зиянды жағдайда жұмыс істегені үшін көзделген (заңда, еңбек шартында) жеңілдіктер мен өтемдер де көрсетілуі керек. Кәсіпорын әкімшілігі қызметкерге кәсіби аурудың пайда болу мүмкіндігін де жүріп медициналық тексеруден өтіп отыруы тиісті.

Қызметкердің денсаулығына немесе өміріне қауіп төнетін жағдай туса, ол жұмысты дереу тоқтатып, бұл туралы әкімшілікке хабарлайды, ал сол жағдай расталса, әкімшілік жұмысты тоқтатуға және сол қауіпті жою жөніндегі шараларды қолдануға міндетті. Егер қауіп төнген жағдайда қызметкер жұмысты орындаудан бас тартса, ол үшін оған ешқандай жаза қолданбайды.

Қызметкерден кәсіби аурудың алғашқы белгілері білінсе, әкімшілік оны қайта мамандандыру кезеңінде орташа айлық жалақысын сақтай отырып, он екі айдан асырмай басқа жұмысқа ауыстыруға міндетті.

« . . . еріксіз еңбекке тыйым салынады» (Конституция, 19-бап) .

Еңбек етуге мәжбүрлеу тек екі жағдацда қолданылуы мүмкін: сот үкімі бойынша жазаны орындау үшін және төтенше жағдай туралы заңды қолданғанда. Бұл екі жағдай да халықаралық жұртшылық таныған қағидаларға қайшы келмейді. Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық акт мынадай жағдайларда еңбек етуге мәжбүрлеуді орынды деп табады: егер ол сот үкімі арқылы тағайындалса және төтенше жағдайда немесе халықтың өміріне қауіп төнген жағдайда белгіленсе.

Еңбекке қабілеті бар азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін мемлекет органдары қажетті шаралар қолданады.

Жұмыстары мен табыстарын жоғалтқан және алғаш рет жұмыс іздеген, сондай-ақ, ұзақ уақыт үзілістен кейін еңбек етуге қайтадан кірісуге ниеті бар жұмыссыз деп танылған адамдар тіркелген кезінің 8-ші күнінен бастап жәрдемақы ала бастайды. Жәрдемақы алудың мөлшері мен мерзімі заңда белгіленген. Жұмыссыздарды мемлекет жұмыспен қамту қызметін жүргізеді. 1992 жылы жұмыспен қамту қызметі жұмыс іздеушілер есебіне 270 мың адамды тіркеді. Олардың ішінен әр төртінші адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыздық статусын , яғни, әлеуметтік қорғау хұқығын 70 мың мың адам иемденді. Жұмыссыздардың қатарының 28 проценті еркектер, 72 процентін әйелдер құраған. Жұмыссыз деп танылған адамға жәрдемақы беріледі. Жәрдемақы алудың мөлшері мен мерзімі мынадай:

- жұмыстарын жоғалтқан адамдар өзінің соңғы жұмыс орнында алған негізгі еңбекақысының 50 проценті мөлшерінде 26 күнтізбелі апта бойы жәрдемақы алады, бірақ, ол республикадағы орташа еңбекақыдан көп болмауы және ең аз жұмысақыдан кем болмауы керек;

- зейнет демалысына дейінгі жастағы адамдар 36 апта бойы жәрдемақы аладьг;

- алғаш рет жұмыс іздеуші адамдар 13 апта бойы ең аз еңбекақының 75 процентінен кем емес жәрдемақы алуға құқылы.

Азаматтардың ереуіл жасауга құқы бар. Кеңес дәуірінде «ереуіл жасау» деген түсінік мүлдем жоғалған болатын. Себебі, Кеңес мемлекеті халықтық мемлекет, халықтың мұң-мұқтажын ойлап, мүддесін қорғайды, сондықтан халық өз мемлекетіне қарсы ереуілге шығуы мүмкін емес делінетін. Бірақ, ол дәуірде де халықтың еңбегін қанаушылық орын алғаны белгілі. Еңбек құқына нұқсан келгені үшін азаматтардың көбісі сот арқылы өзінің занды мүддесін қорғай алмайтын. Мысалы, мұғалімдер әрбір бес жыл сайын аттестациядан әтетін. Егер аттестация кезінде мұғалімнің заңды мүддесі бұзылатын болса, оның арызын сот қарамайтын, тек әкімшілік жолымен әділеттікті іздеуге тура келетін. Көп жағдайда әкімшілік сөз-бұйдалыққа салып, әділетсіздікті қорғайтын. Осындай тәсіл басқа да қызмет адамдарына қолданылатын. Әділетсіздіктің құрбаны болған адамдар бірігіп, ереуілге шығу мүмкіндігінен біржола айырылған еді.

«Республика азаматтарының ереуіл жасауға құқы бар»

(Конституция, 20 бап) .

Азаматтардың тынығуға құқы бар. Тынығу уақытын еңбек заңдары жан-жақты реттейді. Тынығу уақыты деп жұмысшылар мен қызметшілердің еңбек міндеттерінен босатылып, өз ұйғаруымен пайдаланылатын уақытты айтады. неше түрі бар:

1. Жұмыс күніндегі үзіліс. Бұл үзіліс екі сағаттан артпау керек. Ол түскі ауқаттануға беріледі. Үзіліс жұмыс басталғаннан кейін төрт сағаттан соң беріледі. Емізулі баласы бар әйелге әрбір үш сағатта, кемінде жарты сағаттан үзіліс беріледі. Бұл үзіліс жұмыс уақытына есептеліп, төленеді.

2. Жұмыста күнаралық үзіліс. Бұл үзіліс жұмыстан соң басталып келесі жұмыс күні басталғанға дейін созылады.

3. Апта сайынғы үзіліссіз демалыс. Жалпыға бірдей демалыс күні - жексенбі. Бес күндік жұмыс аптасы бар жерде қосымша демалыс - сенбі.

Апталық жұмыс уақытының ұзақтығы 42 сағаттан аспау керек. Әрине, үздіксіз өндірістің (заводтар, фабрикалар, ауыл шаруашылығы) ерекшелігі бар.

Демалыс күндері еңбекшілерді жұмысқа тартуға болмайды. Тек заңда көрсетілген жағдайларда жекелеген еңбекшілерді демалыс күні жұмысқа шақыруға болады:

1) егер әлеуметтік немесе табиғи, өндірістік апаттың алдын алу немесе салдарын жою қажет болса; 2) егер сәтсіз жағдайлардың, мүліктің жойылуының немесе бүлінуінің алдын алу қажет болса; 3) кейінгі қалдыруға болмайтын жұмысты істеуге тура келсе.

Демалыс күні жұмыс істегені үшін еңбекшіге басқа күні демалыс берілуі керек.

5. Жыл сайынғы демалыстан ұзақтығығы кем дегенде 15 жұмыс күні болады. Әр салада жұмыс істейтін еңбекшілердің жыл сайынғы демалыс күндері әр түрлі. Мысалы, мұғалімдердің демалысы 48 жұмыс күні.

Азаматтардың білім алуға құқы бар. Жалпы орта білім алуға барлық азаматтар міндетті. Егер білім деңгейі мен басқа да жағдайлары (денсаулығы, сабақ жүргізілетін тілді білуі және т. б. ) қабылдау шарттарына сай келетін болса, өзі таңдаған білім беру орнына оқуға түсуге құқылы. Оқушылар мен студенттердің жеңілдікпен немесе тегін тамақтануға, медициналық көмек алуға, оқу орнының өзін-өзі бос уақытында жұмыс істеуге қосымша арнаулы білім алуға құқы бар. Қалада тұрмайтын студенттерге жатақханадан орын беріледі. Өндірістен қол үзбей оқитын студенттер жұмыс орнынан ақы төленетін қосымша демалыс алуға, қысқартылған жұмыс аптасын және заңда көрсетілген басқа да жеңілдіктер пайдалануға қақылы. Студенттер мемлекеттік, қоғамдық бірлестіктермен және жеке адаммен шарт жасай алады. Шарт бойынша студентке стипендия, даярлау құны төленеді.

Оқушылар мен студенттердің өз міндеттерін де білгені жөн. Олар белгіленген талаптарға сәйкес мұқият оқып, тиянақты білім алуға, тәжірибе жағынан дағдылануға, оқу орнындағы ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, басқа да талаптарды орындауға міндетті. Мәселе, оқу орнын бітірді деген куәлік алуда емес, жақсы білім алып, төселген маман болу. Осыған байланысты білім беру жүйесінің міндеттері белгіленеді. Оның негізгі міндеттері мыналар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбекақы төлемдері бойынша есептер жүргізу
Еңбек құқықтары туралы
Ватикан -қала мемлекеті
Күріш ауыспалы егістері
Ежелгі дүние тарихын оқытуда компьютерлі техниканы пайдалану
Microsoft Excel бағдарламасына енгізілген финанстық функциялар
Ұлттық Банктің құрылымы және басқару органдары
Еңбек құқығы. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты
Жұмысшылардың қосымша еңбекақылары
Демалыс уақыты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz