Азаматтардың әрекет қабілеттілігі. Азаматтық құқық


Жоспары
Кіріспе2
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі3
14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың4
әрекет қабілеттілігі4
14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың6
әрекет қабілеттілігі6
Қорытынды9
Қолданған әдебиеттер тізімі10
Кіріспе
Өзіндік жұмыстың мақсаты тақырып мазмұнын ашу, яғни кәмелетке толмаған адамдардың әрекет қабілеттілігін анықтау.
Әрекет қабілеттік - адамның психикалық күйімен байланысы жоқ заңдық қасиет ретіндегі құқық қабілеттіктен өзгеше, әрекет қабілеттілік онда айтарлықтай дамыған ақыл-ой мен еріктің болуына, өзінің іс-әрекеттерін саналы түрде сезініп, оларды игере білу қабілетіне байланысты. Сондықтан заң адамның әрекет қабілеттігі толық көлемде кәмелетке толғанда, яғни ол 18 жасқа жеткенде басталады деп көрсетеді. Осылайша, кәмелетке толғандардың толық дәрежеде әрекетке қабілетті болуына мүмкіндік беретін психикалық толысу шүбәсыздығы белгіленеді. Кәмелетке толған азаматтар өздерінің іс-әректтері арқылы толық көлемде азаматтық құқықтарды иеленіп, жүзеге асыра алады, өздері үшін азаматтық міндеттерді белгілеп, оларды орындай алады.
Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттігі толық, толық емес және шектеулі деп бөлінеді. Оның өзі азаматтың әрекет қабілеттігіне байланысты жүзеге асады. Жаңа туған бала толығынан құқық қабілеттігі бола тұрса да, өзі әрекет жасап қайсібір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттер алуға қабілетсіз екендігі белгілі. Саналы әрекет жасау қабілеті кісінің жасына байланысты. Сондықтан әрекет жасау жасы толған адамдарда ғана болады. Ішінара әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке толмағандарға тән, ал берілетін әрекет ауқымы олрадың жасына байланысты. Заң мұндай тұлғаларды екі топқа бөледі: жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындағылар және жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар. Өзіндік жұмыстың алға қойған мақсаттары болып тақырыбын және мазмұнын толық ашу.
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі құқық субьектілігінің бір элементі болып табылғандықтан, оған төмендегідей анықтама беруге болады:
Азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болу және оларды жүзеге асыру, өзі үшін міндеттерді туғызу және оларды орындау қабілеттілігі. Азаматтық кодекстің 17 бабы.
Адамның психикалық күйімен байланысы жоқ заңдық қасиет ретіндегі құқық қабілеттіліктен өзгеше, әрекет қабілеттілік онда айтарлықтай дамыған ақыл-ой мен еріктің болуына өзінің іс-әрекеттерін саналы түрде сезініп, оларды игере білу қабілетіне байланысты. Сондықтан заң адамның әрекет қабілеттілігі толық көлемде кәмелетке толғанда, яғни ол 18 жасқа жеткенде басталады деп көрсетеді, осылайша кәмелетке толғандардың толық дәрежеде әрекетке қабілетті болуына мүмкіндік беретін психикалық толысу шүбәсіздігі белгіленеді.
Азаматтық әрекет қабілеттігінің маңыздылығы онда, ол өз әрекеттерінің нәтижесінде белгілі заңды салдардың пайда болатынын түсіну. Сонымен қатар, өз әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген зиянның орнын да өзі толтыру мүмкіншілігі, яғни айтқанда, әрекет қабілеттілігін тек келісімдер жасау және олаар үшін жауап беру ғана емесе, кең шеңберде түсінгеніміз жөн, өйткені, азаматта әрекет қабілеттілігімен бірге өзі келтірген зиянды өтеу қажеттілігі де бір мезгілде пайда болады. 1
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі азаматтың құқық қабілеттілігінен ерекшеленеді. Азаматтардың құқық қабілеттілігі оның дүниеге келген сәтінен бұл дүиеден озғанынша бірге болады. Ал азаматтың әрекет қабілеттілігі үшін оның өз еркімен мүлікті иеленіп, оған билік етк немесе өзіне міндеттеме алуға тілек білдіруі қажет. Сондықтан да азаматтың құқық қабілеттігі оның жасымен психикалық жағдайына қатысты келеді. Ол өзіне азаматтық құқық пен міндеттілікті алу үшін қалыпты әрі толысқан психикада болуы тиіс. Нәтижесінде құқық қабілеттілігі барлардың бәрі бірдей әрекет қабілеттігіне ие емес. Бір сөзбен айтқанда азаматта құқық қабілеттілік болғанымен, әрекет қабілеттілігі белгілі бір уақыт арасында болмауы мүмкін. 2
14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың
әрекет қабілеттілігі
Азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі (азаматтық әрекет қабілеттілігі) кәмелетке толғанда, яғни 18 жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады. (АК-ң 17-бабының 1-тармағы) .
Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттігі толық, толық емес және шектеулі деп бөлінеді. 3 Оның өзі азаматтың әрекет қабілеттігіне байланысты жүзеге асады. Жаңа туған бала толығынан құқық қабілеттігі бола тұрса да, өзі әрекет жасап қайсібір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттер алуға қабілетсіз екендігі белгілі. Саналы әрекет жасау қабілеті кісінің жасынабайланысты. Сондықтан әрекет жасау жасы толған адамдарда ғана болады.
Толық емес немес ішінара әрекет қабілеттілігі бойынша азамат өзінің әрекеті арқылы кез-келген құқықтық әрекетті жасай алмайды, бұлайша айтқанда, заңда тікелей көрсетілген бірқатарына ғана ие.
Ішінара (толық емес) әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке толмағандарға тән, ал берілетін әрекет ауқымы олрадың жасына байланысты. Заң мұндай тұлғаларды екі топқа бөледі:
- Жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындағылар;
- Жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар.
14 пен 18 жас аралығындағылардың әрекет қабілеттілігі мейлінше ауқымды олар заңда көрсетілген шекте әртүрлі мәмілелер жасай береді. Ондай мәмілелерді екі түрге бөлуге болады:
- Өздерінің заңды өкілдерінің, яғни ата-аналарымен асырап алушылардың қорғаншылары келісімсіз-ақ өз бетімен жасаған мәміле;
- Ата-анасының (қамқоршысының) рұқсат берген жазбаша хаты негізінде жасалатын мәміле.
14 пен 18 жас аралығындағы жасы кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінің келісімінсіз мыналарды істеуге:
- өзінің жалақысына, стипендиясы мен басқа кірстеріне билік етуге;
- интеллектуалдық меншік құқығы бар объектілеріне билік етуге;
- ұсақ тұрмыстық мәмілелер жасауға;
- банкке салым салуға және өзінің салымына, оның ішінде өзінің атына салынған салымдарға иелік етуге құқылы (АК-ң 22-бап) .
14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар басқалай мәмілелерді, яғни мәмілелерді ата-анасының, асырап алушыларының немесе келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс. (АК-ң 22-бабының 1-тармағы) .
Заң құжаттарында кәмелетке толмағандар жасайтын және олар үшін жасалатын мәмілелерге қорғаншылық және қамқоршылық жасау органының алдын-ала келісімі талап етілетін жағдайларда белгіленуі мүмкін. Әдетте, мүлікті иеліктен шығару (мысалы, пәтерді сату) жөніндегі аса маңызды мұндай жағдайлар отбасы заңдарында көзделеді. «Неке және отбасы туралы» 1998ж. 17 желтоқсандағы Заңның 13-бабына сәйкес белгіленген тәртіппен жасалған неке ғана жұбайлардың міндеттерін іс-жүзінде некеге тұруы ол толық көлемде әрекет қабілеттілікке ие болды дегенді білдірмейді.
Бұл арада ескеретін мына жағдай бар: Азаматтық кодекстің 17-бабының 2-тармағына сәйкес заң құжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Қазақстанда «Неке және отбасы туралы» Заң бойынша некеге тұруға 18 жастан бастап рұқсатетіледі. Егер дәлелді себептер болған жағдайда мемелекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу органдары неке жасын 2 жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін (Неке және отбасы туралы заңның 10-бабының 2-тармағы) . Заң құжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемде әрекет қабілеттігіне ие болады.
Қазіргі кезде Азаматтық кодексте Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекет қабілетті деп жариялау (эмансипация) ұғымы қолданылады.
16 жасқа жеткен кәмелетке толмаған адам егер ол еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін болса немесе ата-анасының, асырап алушысының, қамқоршысының келісімімен кәсіптік қызметпен айналысатын болса, толық әрекет қабілетті деп жариялануы мүмкін. Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекет қабілетті деп жариялау (эмансипация) ата-анасының, асырап алушысының, қамқоршысының келісімі болмаса, соттың шешімімен жүзеге асады.
14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздері жасаған мәмілелер бойынша дербес жауапты болады және өздерінің әректтерінен келтірілген зиян үшін жауап береді. (АК-ң 22-бабының 4-тармағы) .
14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған дар өздері келтірген зиян үшін жалпы негіздер бойынша дербес жауап береді. (АК-ң 926-бабының 1-тармағы) . Олардың зиянды өтеу үшін жеткілікті мүлкі немесе өзге кіріс көздері болмаған жағдайда, егер олар зиянның өз кінәсінен болмағанын дәлелдемесе, зиянды толық немесе оның жетпей тұржан бөлігін ата-аналары (асырап алушылары) немесе қамқоршылары өтеуге тиіс. 4
14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың
әрекет қабілеттілігі
14 жасқа дейінгі азаматтар әректке қабілетсіз болады. Сондықтан, егер заң құжаттарында өгеше көзделмесе, олардың атынан ата-ананлары, асырап алушылары немесе қорғаншылары мәмілелер жасайды. (АК-ң 23-бап. 1-тармағы) .
Заң 14 жасқа толмаған азаматтардың әрекетке қабілетсіздігі туралы жалпы ережеден кейбір еарекшеліктер жасайды. Бұл адамдар өздерінің жасына қарай жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы (АК-ң 23-бабының 2-тармағы) .
Кәмелетке толмаған азаматтың өзінің, оның отбасының және өзге де оған таныс адамдардың күнделікті тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыруға байланысты жасайтын құны болмашы мәмілелерін тұрмыстық ұсақ мәмілелер деп түсіні керек. Мысалы, тағам өнімдерін, газет, мектеп оқу керек-жарақтарын, қала көлігінде жүру билеттерін және т. с. с. сатып алу тұрмыстық ұсақ мәмілерге жатады. Бұл арада, 14 жасқа жетпеген адамдар жасайтын тұрмыстық мәмілелер бір мезгілде мынадай үш шартқа сай болуы тиіс:
- мұндай мәмілелер ұсақ, яғни құны жағынан болмшы болуға тиіс;
- олар кәмелетке толмағанның жасына, яғни оның психикасының деңгейіне сай болуы, ал мұндай мәмілелер ауқымы шектеулі болуы тиіс.
- 14 жасқа жетпеген адамдар жасалып болысымен орындалатын мәмілелерді ғана жасай алады, мысалы, азық-түлікті несиеге емес, тек қолма-қол ақшаға сатып ала алады.
Жас балалар келтірген зиян үшін, егер зиян өздерінің кінәсінен болмағанын дәлелдемесе, оның ата-анасы (асырап алушылары), қорғаншылары жауап береді. (АК-ң 925-бабының 1-тармағы) .
Заң бойынша әрекет қабілеттілігі пайда болатын жасқа жеткен кейбір азаматтар өздерінің психикалық күйіндегі кемістіктері салдарынан өз іс-әрекеттерінің зардаптарын толық дәрежеде түсіне алмайтындықтан және оларды орынды пайдалана білмейтіндіктен, соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылуы мүмкін. 5
Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрект қабілеттілігін сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіп бойынша шектеуі мүмкін. Оған қамқоршылық белгіленеді. Ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Басқа мәмілелерді жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын және өзге де кірістерін алуды және оларға билік етуді ол тек қамқоршысының келісімімен ғана жүзеге асыра алады. (АК-ң 27-бабы) .
АК-ң 26-бабына сәйкес, жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз іс-әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенің білмейтін азамат әрекетке қабілетсіз деп танылуы мүмкін.
Жүйке ауруы да, ақыл-естің кемдігі де жүйке бұзылуының түрлері болып табылады, оның үстіне, ақыл-естің кемдігі аурушаң күйге байланысты болса да, азаматтың туған сәтінен басталады. Өз іс-әрекетінің маңызын түсіну немесе оларды пайымдай білу қабілетінен айырылуғаәкеп соқтыратын жүйкенің бұзылуы ғана азасматты әрекетке қабілетсіз деп тану үшін шешуі рөл атқарады.
Соттың шешімімен жүйкенің бұзылуына байланысты әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат тұрмыстық ұсақ мәмілелерді қоса алғанда, дербес түрде мәмілелер жасай алмайды және өзінің әрекеттері үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік атқармайды. Мәмілелерді әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтың атынан оның қамқоршысы жасайды.
Мәмілелерді әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеттілігі шкетеулі адамдардың атынан олардың қамқоршылары мен қорғаншылары жасайды.
Әрекетке қабілетсіз азаматтардың мүдделерін қорғайтын қамқоршыларды, ал әрект қабілеттілігі шектеулі азаматтардың мүдделерін қорғайтын - қорғаншылық жасау органдары тағайындайды.
Кәмелетке толған әрекетке қабілетті қамқоршылыққа алынушыға тиесілі мүлікке билік етуді қамқоршылыққа алынушымен жасалған тапсыру шарты немесе мүлкін сенімді басқару негізінде қамқоршы жүзеге асырады.
Қамқоршылыққа алынушыны асырап алуға және оның тұрмыстық қажеттіктерін қанағаттандыруға бағытталған тұрмыстық және өзге мәмілелерді жасауды қамқорлыққа алынушының келісімімен қамқоршы жүзеге асырады.
Жергілікті атқарушы органдар қорғаншы және қамқоршы органдар болып табылады.
Аудандық және қалалық атқарушы органдар өздерінің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі міндеттерін халыққа білім беруге, оны әлеуметтік қорғауға және оның денсаулығын сақтауға уәкілеттік берілген
органдары арқылы жүзеге асырады; ал поселкелік, селолық, ауылдық атқарушы органдар бұл қызметті дербес жүзеге асырады. Әрекетке қабілетті және ата-ана құқықтарынан айырылмаған, бірақ, балаларының тәрбиесін жүзеге асыра алмайтын ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына қорғаншы және қамқорғаншы тағайындалған кезде, қорғаншылар және қамқоршылар ата-аналардың тілегі ескеріле отырып тағайындалады.
Қорғаншылар мен қамқоршылар бола алммайтындар мыналар:
- сот әрекетке қабілетсіз немесе әрект қабілеттілігі шекетеулі деп танылған адамдар;
- сот бойынша ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-ана құқықтарын сот шектеген адамдар;
- өзіне заңмен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншылық (қамқоршылық) міндеттерден шектетілген адамдар;
- егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшін жойған болса, бұрын бала асырапалушылар;
- денсаулығының жай-күйіне байланысты баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін жүзеге асыра алмайтын адамдар (Неке және отбасы туралы заң 108-бап, 1-тармақ) .
Қорғаншы (қамқоршы) қамқоршылығына алынғандарды өз есебінен асырап бағуға міндетті емес. Қамқоршылыққа алынушыны асырап бағу қамқоршылыққа алынушының алатын жалақысы, алименті, зейнетақысы және басқа да әлеуметтік төлемдері есебінен жүзеге асырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz