Азаматтық қоғам құқықтық


ЖОСПАР
1. 1. Өкімет және алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі тәртіп нормалары1
1. 2. Тарихи-құқықтық ғылыми ойлардағы азаматтық қоғамнын түсінігі5
XX ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстандағы саяси-құқықтық көзқарастар XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларының саяси-құқықтық көзқарастары7
XX ғасырда қалыптасқан саяси ахуалдың ерекшеліктері. 26
1. 3. Қазақстан мемлекетінің дамуы27
2. 1. Азаматтық қоғамның түсінігі мен құрылымы29
2. 2. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің атқаратын ролі31
2. 2. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны32
3. 1. Құқықтық мемлекеттің пайда болуы және дамуы туралы идеялар33
3. 2. Орта ғасырлық Батыс Европадағы саяси-құқықтық ілім (VІ-ХV г. ғ. ) 42
4. 1. Орта ғасырлық батыс европалық қоғамдағы саяси-құқықтық ойдың негізгі белгілері мен бағыттары42
4. 2. Фома Аквинский мен Марсилий Падуанскийдің мемлекет және құқық туралы ілімі. 46
4. 3. Орта ғасырлық еретиктер қозғалысындағы саяси-құқықтық идеялар (X-XV ғ. ғ. ) 51
3. 2. Құқықтық мемлекет түсінігінің құрылуы55
3. 2 Қәзіргі отандық теориядағы құқықтық мемлекет түсінігінің мазмұны57
4. 1. Мемлекеттің пайда болу себептері63
4. 2. Мемлекеттің белгілері және оның түсінігі84
2. Азаматтық қоғам туралы түсішктің мазмұны86
4. ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ87
1. Құқықтық мемлекеттің түсінігі және қағидалары. 87
2. Биліктің тармақтарға бөлініуі, құқықтық мемлекеттің қағидасы ретінде88
Мемлекет пен өзара жауапкершілігі. 89
2. Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттамасы90
Мемлекет тетігінің түсінігі және құрамы98
1. 1. Өкімет және алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі тәртіп нормалары
Қоғам өмірі, мемлекеттен бұрын алдын-ала құрылады. Қоғамда мемлекеттің жоқ болған уақыттары да болған. Бұл жағдайды тарихтың, антропологияның, археологияның және социологияның зерттеулері объективті түрде дәлелдейді.
Қоғам өзінің ертедегі табиғи даму кезеңдерінде өзін-өзі басқару сатысында болған, ол жағдай адамның қоғам мүшесі ретіндегі даму деңгейіне сәйкес келеді. Мемлекет құрылғаннан кейін, қоғам өмірі өркенниетті және прогрестік ұйымдастырудың негізгі ортасы болды.
Адамзат қоғамы алғашқы тарихи қауымдық құрылыстың құрылуына байланысты болды. Онда өндіргіш күштер (қолағаш, балта) жетілмеген болды, ал еңбек өнімділігінің төмендігі алғашқы адамдардың өмір сүру деңгейіне де жетпейтін. Соған байланысты, адамдар өздері ұйымдасып, өндіріс құралдарымен еңбектерін біріктіріп табиғи өмір сүруіне, жағдай жасауға мәжбүр болған. Сондықтан, қоғам өмірінің негізінде, өндіріс құралдарына көпшілік меншіктік жатады, ал еңбек өнімдерін бөлу тең құқықтық негізде жүргізілген. Қоғам мүшелері бірдей еңбек етіп, қоғамдық табысты бірдей бөліп алған.
Алғашқы қауымдық құрлыстың құрылуына негіз жасаған Қауым-ру, тайпа, олардың біріккен түрлері. Ру (рулық қауым) - бір атадан туып бірге тұратын және жалпы шаруашылықты бірге жүргізетін, қандас, туысқан адамдардың жиынтығы. Ру - ұйымдасқан отбасының пайда болу кезінен басталады, яғни, тәртіпсіз жыныс қатынастарының орнына бірлікке негізделген отбасы пайда болады. Әрбір ру, жеке шаруашылық бөлігі, өндіріс құралдардың меншік иесі, еңбекті ұйымдастырушы ретінде көрінеді.
Ру - жер көлемінің бірлігі емес, дербестік. Адамдар жер көлемдеріне қарамай, экономикалық, адамгершілік, діни және туысқандық қатынастарға байланысты біріккен.
Рулардың бір жерден екінші жерге көшіп жүргендігіне қарамастан, олардың ұйымшылдығы тығыз сақталған.
Өкімет - қоғамдық сипатты ұстаған. Ол рудан шыққан (бөлек) және өзін-өзі басқаратын органдарды құрған. Билік қызметін рудың барлық үлкен адамдары іске асырған. Алғашқы қауымдық құрлыста, қоғамдық биліктің органдарына рудың жиналысы, ақсақалдар басқаруы жатады. Олар, ру мүшелершің ішіндегі беделді, халық сыйлайтын, сенетін адамдардан сайланған.
Жоғарыдағы көрсетілген ру басқаратын адамдар, ру жиналысының алдында қызметтері үшін жауапты болган. Тек рудың жалпы жиналысы ғана оларды орнынан ауыстырған, не жұмысынан босататын болған. Рулық қоғамда, қоғамдық жұмыстарды басқаратын, арнайы органдар (аппарат) болмаған. Рудың негізгі өмірі және қызметі туралы мәселелер халықтың жалпы жиналысында шешімін тапқан.
Рулар өзінен үлкен бірлестіктерге кірген. Ең жоғарғы Рулардың бірігу түрлеріне Тайпа, Тайпалар одағы жатады. Тайпаның көпшілік жұмыстарын ақсақалдар мен әскер басшыларынан тұратын Кеңес басқарған.
Алғашқы қауымдық құрлыс кезінде, белгілі тәртіп сақтау жолдары - әлеуметтік нормалар қызмет істеген. Оған жататын әдет-ғұрып нормалары, яғни көп жылдар бойы қолданылып, адамдардың үйреншікті әдетіне кіріп, табиғи қажеттілігіне айналған құбылыс.
Әдет-ғұрып, еңбекші, ру мүшелерінің тұрмысын, отбасылық қатынастарын, қоғамдық қатынастардың реттеушілік міндеттерін атқарды. Олардың көбісі, бір мезгілдегі, алғашқы моралдік және діни нормалар ретінде қалыптасып, қалған әдет-ғұрыптарды сақтауға ықпалы болған.
Алғашқы әдет-ғұрып белгілеріне тән сипаттамаларға мыналар жатады:
- Олар рудан шығып, олардың мүдделерімен еріктерін көрсетті;
- Олар әдеттерге сүйеніп қимыл жасап, өз еріктерімен орындады, ал ондай қажеттілікті барлық ру болып қамтамасыз етті.
- Әдет-ғұрыптың бүзылмауын қорғайтын арнайы органдар болмаған.
Керек жағдайда, әдет-ғұрыпты бұзушыларға, ондай іс-қимылдың қате екендігін түсіндіру жұмыстары жүргізілген, ал кей жағдайда, барлық рудың және тайпа атынан қыстау арқылы сол тәрбиенің іске асырылуын қамтамасыз еткен.
Ол кездегі рулық қоғамда, оның мүшелерінің арасында құқық пен міндеттіліктің арасында айырмашылық болмаған, құқық міндеттілік, ал міндеттілік құқық ретінде қабылданған.
1. Қоғам деген не?
Қоғамның қалай, қандай жағдайларда пайда болуы туралы бұрынғы және кәзіргі ғылыми болжамдарда бір ойды түйіндейтін шешімдер жоқ. Дегенмен де, барлық оқымыстылар, әдеттегідей, қоғамның қажетті белгісін - саналы және ерікті адамдардың жиынтығы ретінде бөліп көрсетеді. Тарихи және социологиялық ғылымдардың тұжырымдарына қарағанда, жеке түлғалардың адамзат қоғамына бірігуін, олардың ортақ мақсаттарының негізінде болатындығы анықгалады. Жалпы алғанда, мақсатсыз қоғам болмайды. Осындай тұжырымдарға мүлдем қарсы келмейтін жағдайлар, бір қоғамда бірнеше мақсаттар, біріне-бірі ұқсас не қарама-қайшы болулары мүмкін. Әр адамның, алдына қойған жеке мүддесі болады. Ол қоғамдық ортаға қанша бейімделгенімен, оның жеке мүддесі сақталады. Сондықтан, жалпы мүдде жеке адамның мүдделеріне объективті түрде қайшы келуі мүмкін. Ең маңыздысы, сол мүдделердің қайсысының басымдылығында. Қоғамның ұйымшылдығы, мүшелерінің жалпы мүдделері мен жеке мүдделерінің үйлесуіне байланысты. Олардың мүдделерінің сәйкес келмеуі қоғам өмірін түрақтандырмайды.
Қоғам мүдделердің өзара сәйкестігі негізінде құрылады, ал олардың орындалуы, жеке адамдардың өзара қарым-қатынастарына байланысты болады. Яғни, бірігіп жүмсаған күштің нәтижесінде, жеке адамның жете алмайтын мақсаттарына жетуге болады. Мысалы, К. Маркс қоғамды "адамдардың қарым-қатынасының жемісі" - деп қысқа анықтаған.
Бірақ, ондай мүдделері бір-біріне сай адамдардың жиынтығы, бірігіп қоғам болмайды. Театрда көрермендерді олардың жалпы мүдделері біріктіреді бірақ ол қоғам емес. Адамдар жиынтығы, тек өзінен жеке тұратын нәрсеге қызығудан басқа, сол мақсатқа жетудің жолын бірігіп іздеуді сезінуінде. Олай дегеніміз, адамдар жиынтығындағы бір-біріне деген қызығушышық, әрқайсысының мүдделерін іске асыруға берілетін мүмкіншілік.
Дегенмен, бәрі бірдей бір-бірімен қарым-қатынастағы адамдардың жиынтығы, жалпы мүдделерінің негізінде қоғам құрмайды (жұмысшылар бірлестігі құрылыс салудағы міндеттерін орындағаннан кейін тарап кетеді) . Қоғам - деп айтуға, тек адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы ғана емес, олардың мүдделеріне сай, тұрақты және объективтік сипаттағы адамдар жиынтығы болуы қажет. Мұндай қоғамдық қатынастар, қоғамдас адамдардың өз мәніндегі жұмыстарын қамтамасыз етеді, оның ұдайы өндірісімен өзін-өзі дамытады.
Қоғам, қалай болса солай не болмаса, күштеумен біріккен адамдардың жиынтығы емес. Адам қоғамсыз, әлеуметтік қатынастарсыз уақыт өткен сайын еркімен маңызды бағалылығынан айырылады. Бұл жөнінде К. Маркстің, адамның мәні, оның қоғамдық қатынастарының жиынтығында, деген ойына ешбір талас жоқ.
Адам - қоғамның алғашқы клеткасы. Бірақ, қоғам жеке адамдардың механикалық конгломераты емес. Бұл өте қиын, көптүрлі байланыстағы және қатынастағы әлеуметгік құрылым, яғни қоғам мүшелерінің және олардың әртүрлі қосылымдарының арасындағы қалыптасқан көптүрлі байланыстар және қатынастар.
Қоғам, өзара қарым-қатынастағы адамдардың жиынтығы ретінде, ұйымдастырушылық факторға ие, себебі ол адамдық тәртіптің шекарасын барлық қоғамның мүддесі үшін белгілейді. Бұл қызмет, қоғам белгілеген жалпыға бірдей міндет, жөнге сай арнаулы өкімет органдары арқылы орындалады.
Сонымен, қоғам түсінігіне мынадай негізгі бөліктер", белгілер кіреді:
- Саналы және ерікті адамдардың жиынтығы;
- Тұрақты және объективті сипатгағы жалпылама мүдделердің болуы;
- Жалпы мүдделердің негізіндегі әрекеттік және ынтымақтастық;
- Қоғамның ішкі тәртібін және сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қабылеті бар;
- ұйымдасқан күштің құрылуы.
1. 2. Тарихи-құқықтық ғылыми ойлардағы азаматтық қоғамнын түсінігі
"Азаматтық қоғам" деген атауды, түсінікті Аристотель айтқан - Аристотель мемлекетті азаматтық қоғаммен салыстырмады, бірақ бір-біріне оларды қарсы қоймады, себебі олардың әртүрлі жолдары ескі полистегі қоғамдық өмірде тығыз байланысты болады. Сонымен қатар, жоғарыдағы көрсетілгендей ол кісінің ойынша, азаматтық қоғам жетілген демократиялық организм ретінде, тек политикамен байланысты, яғни принціпиалды жағынан, бұрынғы көне полистер сияқты: мемлекеттік органдардың қызмет мерзімі, биліктің бөлінуі, сөз бостандығы, баспасөз, елінде еркін жүріп-тұру және сырт жақта да еркіндікге болу, мемлекетгің жекелеген қатынастарға қол сүқпауы, азаматтардың заң алдындағы құқықтарының тендігі.
Азаматтық қоғамның көне модельге қайтып оралуы, жаңа уақытта жүргізіліп, өте үлкен оқымыстылардың зерттейтін пөніне айналды: Гроцидың, Гобс, Дж. Локк, Пейн, Руссо, Гельвеций, Гольбах, Кант, Гегель және басқалардың. XVII ғасырда азаматтық қоғам түсінігі өлі саяси қоғам түсінігінен айырылмаған кез болатын, бірак олар сондағы мемлекеттік формалармен салыстырылмаған, оған куә болатын Дж. Локктың сөзі: " . . . Кейбіреулер айтып жүргендей абсолюттік монархия жалғыз ғана дүние жүзіндегі басқару нысаны емес, шын мәнісінде азаматтық қоғаммен қосылмайды, сондықтан жалпы алғанда азаматтық қоғамның басқару нысаны болуы мүмкін емес". Локк және басқаларда мемлекеттің пайда болуындағы келісім-шарт теориясын қолдаған, себебі ол қоғамдық келісім негізінде пайда болады, азаматтардың мүдделерін көрсетеді.
"Азаматтық қоғамның түсінігі тек индивидтердің жиынтығы және олардың арасындағы қатынастар емес, кеңістік соның ішінде қызмет істейтін қоғамдық институттар", - деп, Гегель дәлелдеген болатын.
"Құқық философиясы" еңбегінде ол, азаматтық қоғамның тарихы келісімділігін айта отырып былай деген: "атомдар құсап әртүрлі жекелеген адамдарға бөлініп кетпей және жекелеген уақытша жағдай үшін бір сәтке жиылып әрі қарай байланыспай, ертеде құрылған серіктестік, қауым, корпорациялар негізінде саяси қатынастықты алғандығын" талдап береді.
Гегель азаматтық қоғамның еркіндігін мемлекетке қарсы қойып "саяси дене" - деп дөлелдеді. Сонымен бірге, бұл екі жүйенің қарым-қатынаста және бір медальдың екі жағы екендігін де мойындады.
Гегель оның басқа да қызмет принціптерін атап айтады: жекс меншікті, еркін қалыптасатын қоғамдық пікірді, адал заңдарды және сол жолмен жүруді.
Азаматтық қоғам проблемаларын өзінің зерттеулерінде Маркста айналып өткен жоқ, белгілі болғандай Гегельден де аз алмағаны мәлім. Егер, ол бұрынғы ғылыми жұмыстарында, шын мәніндегі оның маңыздылығымен сол түсінікті пайдаланған болса, кейін ол ойынан бас тартқан болар еді. Болжамы бойынша "азаматтық қоғамның анатомиясын саяси экономиядан іздеу керек" - деді Маркс, іс жүзінде азаматтық қоғамды базиспен бірдей ілестірді. Себебі, Маркстың моделі бойынша қоғам, мемлекет, құқық, мораль, өнер және дін қондырмаға жатады, азаматтық қоғам түсінігі бөлшектеніп өзінің еркіндік маңызын жоғалтты (ол туралы Гегель сақгандырған болатын) . Кейіннен ортодоксалъды марксизм-ленинизмге азаматтық қоғам туралы белгісіз болуы кездейсоқ емес. Советтік гуманитарлық билік толығымен тоталитарлық режимнің міндетіне және мақсатына сай келді.
Азаматтық қоғамның мемлекетпен қатынасыңдағы еркіндігін мойындамау, оның әлеуметтік бағалылығында мойындамағаңдығы, ол жағдайдың қиындыққа тірелетіні сөзсіз. Советтік тоталитаризмнің агрессивтік анықтаушысы (қоғам мүдделерінін алдындағы таптық мүдделердің артықшылығы, таптық күрес, меншікті мемлекеттендіру, жеке адамдардың өзіндік бағалылы-ғын есепке алмау т. с. с. ) арқылы азаматтық қоғамды мемлекетке сіңіру болды. Соның нәтижесінде адам, жеке адам ретінде қабылданбады, табиғи бөлінбейтін құқық және еркіндіктің маңызы жойылды, себебі барлығы мемлекет арқылы жойылды. Адам то-талитралық жағдайда өз еркімен өмір сүріп, ойын айтуға, саяси көзқарастарын біддіруге құқығы болмады, соның салдарынан саясатсыз "бағынушыға" айналдырылды.
XX ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстандағы саяси-құқықтық көзқарастар XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларының саяси-құқықтық көзқарастары
"Алаш" партиясы бағдарламасындағы саяси-құқықтық және әлеуметтік идеялар
XX ғасырдың шіғашқы ширегілде әлемдік тарихта ірі оқиғалар болып өтті. Ірі империалистік дсржавалар арасындағы қайшылықтардың түбіне жете шиеленісуі бір-біріне қарсы екі әскери одақтың (Үштік Одақ және Антанта) құрылуына алып келді. Ғасыр басында империализм дәуіріндегі алғашқы ірі қақтығыс - орыс-жапон соғысы бүрқ ете қалды. Ірі елдердің отарлық бұғауындағы халықтардың ұлт-азаттық күресі жандана түсті. Тәуелсіздік үшін күрескен ұлттық буржуазия өкілдерімен қатар осы елдерде пайда болган ұлттық интеллигенция өкілдерін, жұмысшыларын және шаруалары мен қолөнершілсрін қамтыған алғашқы ұлттық ұйымдар пайда болды, жсргілікті баспасөз дамыды. Отаршылдарға наразылық корсету неғүрлым саналы, әрі ұйымшыл түрде өтіп, ұлт-азатгық сипатқа ие болды.
XX ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуында XIX ғасырдың екінші жартысымен салыстырғанда едәуір өзгерістер болды. Осы өзгерістермен қатар ел өміріндегі саяси оқиғалар да қазақ ұлттық интеллигенциясының қалыптасуына әсерін тигізді. XIX-XX ғасырлар тоғысында пайда болған ұлттық интеллигенция тобы өлкедегі азат-тық жолындағы күрестің өсуінде айтарлықтай роль атқарды. Олардың қазақ даласыіща оқу-ағарту, мәдени шараларды дамытудағы еңбектері де әлемдік оркениетке деген үмтылысы мен талпынысын білдіреді.
Жаңа ғасырдың бастауымен бірге Ресей өкіметінің отаршылдық саясатының бұрынғыдан да күшейе түсуі ұлт-азаттық қозғалысындағы жас қазақ интеллигенциясының ролін күшейте түсті. Бұл кездегі қазақ интеллигенциясы езінің құрамы, бағыты, мақсаты және қоғамдық-саяси қызметінің сипаты жағынан әртүрлі топтарды біріктірді және олардың негізгі бөлігін әдебиетшілер, мүғалімдер, адвокаттар, дәрігерлер және тағы басқалар құрады.
Қазақ интеллигенциясының осы кезендегі тарихи орны қазақ халқының өлкедегі аграрлық мәселенің әділ шешілуімен, оқу-ағарту ісінің дамуымен және отарлық езгіге қарсы күресімен тығыз байланыста айқындалды. Ұлтазаттық күресіндегі қазақ интеллигенциясыныц алғашқы және табанды өкілдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Бақытжан Қаратаев, Мүхамеджан Тынышбаев, Міржақып Дулатов, Мүстафа Шоқай, Әлімхан Ермеков және т. б. болды.
Олардың құрамы да өздерінің саяси көзқарастарымен, іс-әрскеттерімен айрықшаланды. Олардың кейбірі социалистік идеяларды ұстанды, социал-демократтармен, эсерлермен бірлесіп жұмыс істеді. Олардың ықпалы жағынан неғүрлым басым екінші бір бөлігі либералдық-демократиялық пөзицияларда болды. Бұл бағыттың жұрт таныған косемдері Ә. Бөкейханов, Б. Қаратаев және тағы басқалар либералдық-демократиялық бағытты қорғады.
1905-1907 жылдары Ресейдс болған алғашқы орыс революциясы да қазақ даласының саяси оянуына, өлкеде езгінің отар-шылдық, әлеуметтік және басқа да түрлеріне қарсы ұлт-азаттық, жұмысшы, аграрлық және басқа да қозғалыстардың әрістеуіне едәуір дәрежеде серпін берді. XX ғасырдың алгашқы ширегін қазақстандық тарихшылардың бір тобы "саяси күрестер мен рухани жаңғыру кезеңі" деп атауға әбден лайық екендігін атап көрсетті. Саяси күрестер мен рухани жаңғыру кезеңінің тарихы 1905-1907 жылдардағы орыс революциясынан басталатынын айту әбден орыиды болмақ. Өйткені, осы жылдардағы орыс революциясы қазақ даласындағы ұлттық қозғалыстың бастау алуына өз ықпалын тигізді. А. Байтұрсынов айтқандай осы кезеңде "бұл дала саясат ісіне тартылып, азаттық қозғалысының ағынына араласты".
1905 жылы 25 шілдедс Қарқаралы қаласына таяу Қоянды жәрмеңкесінде алаш қөзгалысы жетекшілерінің бастамасымен өткен қазақ съезінде әлеуметтік-экономикалық талаптармен бірге саяси талаптар да қойылған. Ресей Министрлер Кеңесінің торағасы атына жазылған петиция қабылданды. Ә. Бөкейханов пен Ж. Ақбаевтың басшылығымен жазылған бұл петицияда үкіметке мынадай талаптар қойылды. 1. Діни сенімге қысым жасауды тоқтату; 2. Қазақ мектептерінде қазақ тілінде оқыту; діни Құл-Мүхаммед М. Алаш қайраткерлері саяси-құқықтық көзқарастарының қалыптасуы - А., 1998, 7-бет. интернат, пансионат, жоғары оқу орындарының жайы; 3. Қазақ тілінде газет шығару; 4. Переселендердің көшіп келуін тоқтатып, жерді қазақтікі ден жариялау; 5. Қазақтарды атамекен қоныс-тарынан көшіруді тоқтату; 6. "Далалық билеу Ережесін" өзгерту; 7. Болыстық кеңселер мен халықтық соттарда істі қазақ тілінде жүргізу, өтініштерді қазақ тілінде қабылдау правосын қалпына келтіру; қызметке қазақ тілін білетін тілмаштарды алу; 8. Сот ісін қазақ тілінде жүргізу; 9. Бастықтар мен урядникгердің санын қысқарту; 10. Генерал-губернатордың бұйрығымен жер аударуды тыю; 11. Жоғары үкіметте қазақ депуттардың болуы. Революцияның алғашқы айларынан бастап-ақ жоғары билік сатысына талаптар қойған Қарқаралы петициясы қазақ елкесінің оянуына едәуір себепкер болған аса зор саяси оқиға ретінде тарихта қадды.
1906 жылы ақпанда өткен екінші жалпы қазақ съезінде Ресей кадет партиясының бағдарламасы мақұлданды және оған өлкеге орыс шаруаларының қоныс аударуын тоқтату, қазақ жерлерін тұрғылықты халықтың меншігі ретінде тану, мектептер мен жоғары оқу орындарын ашу және басқа да талаптар енгізілді. Бірақ кадет партиясының басшылығы бұл талаптарды қолдамады.
Ұлт зиялыларының саяси күресінде Ресей Мемлекеттік Думасына сайлау жүргізу және оған қатысу айтарлықтай роль атқарды. Олар өздерінің саяси күресінде Мемлекеттік думаның мінбесін де тиімді пайдалана білді.
Екінші Мемлекеттік Думаның 1907 жылғы 16 мамырда өткен мәжілісінде Орал облысынан сайланған депутат Б. Қаратаев қоныс аудару саясатының қазақтар шаруашылығына тигізген зардаптары туралы баяндама жасады. Ол өз баяндамасында "біздің мемлекетте ушыққан аграрлық мәселені далалық облыстарға, атап айтқанда, Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарының жеріне шаруаларды қоныс аудару арқылы шешкісі келеді. Үкіметтің осынау сұрқия саясатынан қазақтарға апітан қырылу қаупі тәніп тұр" деп атап көрсетті. Дума төрағасы депутаттың сөзін бөлгенде Б. Қаратаев Дума мінбесінен шаруалардың жерге деген зәрулігін қанағаттандыру үшін жеке меншік жерлерді тәркілеу- жөніндегі кез-келген ресейлік оппөзияциялық қозғалыстың әрекетін қазақтар дереу қолдайды. деп батыл мәлімдеме жасады. Мұның өзі сол жылдардағы ұлт-азаттық күрес жетекшілерінің саяси белсенділігі мен көзқарастарының қаншалықты өскендігін көрсете алады.
Екінші Мемлекеттік Думаға қазақ халқынан сайланған депутаттар кадеттерге қосылды және басқа ұлттық партиялар өкілдерімен бірге орыс шаруаларын шеткері аймақтарға қоныс аударуын тоқтату күштерін ұйымдастырды. Ресей Мемлекеттік Думасы белгілі дәрежеде ұлт зиялыларының саяси-құқықтық көзқарастарының қалыптасуына ықпал етті, қазақ даласының саяси-әлеуметтік және мәдени-рухани дамуына серпін берді.
1913 жылдан бастап жарық көрген "Қазақ" газеті либералдық-демократиялық бағыттағы идеяларды білдірді. Редакторы А. Байтұрсынов болған "Қазақ" газетінде ұлт зиялыларының сол кездегі жарық жұлдыздары болған Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, X. Досмұхамедов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов және басқалар жұмыс істеді. Осы газет төңірегінде болашақ "Алаш" партиясының белсенділері мен жақтаушылары топтасты. Оппөзициялық газеттің отаршылдық саясатқа қарсы сипаттағы мақалалары жергілікті әкімшілікті мазасыздандырды, сондықтан да отар-шылдық әкімшілік "Қазақ" газетін үнемі бақылауға алды, 1913-1916 жылдар аралығында газетті 26 рет жапты, редакторы А. Байтұрсыновты бірнеше рет қамауға да алды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz