Меншік құқығының түсінігі мен мәні



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ
АЛМАТЫ ЗАҢ АКАДЕМИЯСЫ

Тақырыбы: Меншік құқығының түсінігі мен мәні

Орындаған: КСПО 103 тобының студенті

Нұрхан Айбек
Тексерген: Ынтымақов
С.А

Алматы 2007

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Меншік құқығының түсінігі мен
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
Азаматтық кодекс бойынша меншік құқығының нысандары мен
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 9
Қазақстан Республикасындағы меншік құқығы туралы заңдардың
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...12
Меншік құқығының
тоқтатылуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Қолданған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 22

Кіріспе
Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезеңді алып қарайтын
болсақ та, негізгі мәселе меншіктің айналасына топталады. Сондықтан
да болу керек, меншіктің адамзат даму процесінде алатын орны ерекше.
Меншіктің экономикалық санатын ұғынудың негізі тіптен XIX
ғасырдағы ғылыми жұмыстарда кездеседі. Ондағы ой меншік қоғамда, тек
мемлекет ұйымдастырған қоғамда ғана болады дегенге тіреледі. Меншік, бұл —
зат та емес, мүлік те емес. "Бұл — белгілі бір экономикалық (нақты)
қатынас".
Меншік дегеніміз тарихи қалыптасқан, белгілі бір қоғамдық қатынас, ол
адамдар арасында затқа байланысты туындайды. Меншік ұғымы әрқашанда
ұйымдасқан адамдар қоғамына тән. Адамзаттың алғашқы даму кезеңінің соңына
қарай меншіктің туындауы мемлекеттің пайда болуына және қоғамның ары қарай
екпінді дамуына әкеп соқты. Меншік қатынасы қоғамдық құрылыстың әлеуметтік-
экономикалық мәнін білдіреді. Сондықтан да меншік мәселесі қоғам өміріндегі
негізгі мәселе болып табылады. Қоғамның қалай ұйымдасатындығы және адамдар
тұрмысы оның қалай тұрғызылғанына байланысты. Меншік пен өндірістік
қатынастардың негізгі формалары қоғамның құл иеленушілік, феодалдық,
капиталистік сияқты типтерін тарихи анықтап берді. Сонымен қатар, меншікке
дейінгі кезеңді — алғашқы қоғамдық және ғылыми жобаланған, бірақ толық іске
аспай қалған социалистік кезеңді бөліп алуға мүмкіндік берді.
Меншік қатынастарының өзгеруі — қоғамның негізгі қозғаушы күші және
барлық әлеуметтік сілкіністердің себебі. Ал, меншік қатынастарының өзгеруі
қоғамды прогреске де, регреске де әкелуі мүмкін. Өзгерістердің тиімділігін
анықтау қиын емес, ол үшін тиісті кезеңдердегі мемлекет пен азаматтың
экономикалық және әлеуметтік дамуының статистикалық мәліметтерін салыстырса
жеткілікті.
"Меншік" термині әртүрлі мағынада пайдаланылады. Күнделікті өмірде
меншік, көбіне, мүлікпен немесе құқықпен тендесгіріледі. Бірінші жағдайда
"мынау менің (оның) меншігім (меншігі)" деуге болады. Екінші жағдайда —
"меншік иемдендім (бердім)" дейді. Құқық тұрғысынан алғанда мұның екеуі де
дәл емес. Меншікті меншік құқығынан айыру қажет. Меншік — экономикалық, ал
меншік құқығы — зандық санат. Біз келтірген бұл ұғымдарда меншіктің зандық
мәнін азаматтар меншіктің экономикалық санаты арқылы дұрыс білдірмейді.
Сонымен қатар меншік нысанмен (мысалы, орындықпен, мәшинемен) теңестірілуге
тиіс емес. "Мына зат маған меншік құқығы бойынша тиесілі" немесе "Ол сатып
алу-сату шарты бойынша пәтерге меншік құқығын иемденді". Экономикалық және
құқықтық санаттарды шатастырмау керек. Сонымен бірге меншік құқығы
меншіктің экономикалық қатынастарының сипаты әрі көрінісі екенін білу
керек. Сондықтан да меншік құқығын зерттеу меншіктің экономикалық санатымен
танысудан басталады.
Өзіндік жұмыстың мақсаты тақырыпты толықтырып қарастыруға бағытталған.

Меншік құқығының түсінігі.

Азаматтық қодекстің 188-бабында меншік құқығына мынадай анықтама
берілген: "Меншік құқығы дегеніміз — субъектінің заң құжаттары арқылы
танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену,
пайдалану және оған билік ету құқығы".
Бұл анықтама мейлінше дәл, әрі ғылыми жағынан толық берілген.
Өйткені, субъектіге "тиесілі" деген сөзбен шектеліп қалмай, мүліктеріне өз
қалауынша иелену, пайдалану және билік ету құқығын береді. Меншік құқығына
анықтаманы субъектінің мүлікке заңға сәйкес билік етуі, оны өзінің
қалауынша пайдалануы деп түсіну керек. Яғни субъектінің затқа үстемдік етуі
заңдастырылған және оған толық құқылы. Осындай үстемдікке қол жеткізу
арқылы меншік иесі заттың табиғат берген қасиеттерінің бәрін пайдаланьш,
оны өзгертуге, өңдеуге, билік етуге, тіпті бөтен біреуге беруге, жойып
жіберуіне толық құқы бар. Затқа заң арқылы үстемдікті тану заң құжаттарында
көрсетілген шекте жүзеге асады, өйткені, затқа үстемдікті шектеу меншік
иесінің еркіндігіне белгілі бір дәрежеде ықпалын тигізеді, демек, затқа
меншік иесінің билігі шексіз болуы мүмкін емес. Сондықтан да Азаматтық
кодекстің 188-бабындағы меншік құқығын шектеу мұндай құқықтың шексіз
еместігін көрсетеді, сол себепті де тұлғаның өз иелігіндегі затты иелену,
пайдалану және билік ету құқығы заң арқылы айқыңдалады. Меншік иесінің
еркіндігін шектеу меншік иесінің өз өкілеттігін жүзеге асыруы басқа
тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін
бұзбауға тиіс міндеттен туындайды. Мұндай құқықты немесе заңды мүддені бұзу
басқа түрлерде де кездесуі мүмкін, айталық, меншік иесі өзінің монополиялық
немесе басым жағдайларын пайдаланып, нарықта көрер көзге қиянатқа жол беруі
мүмкін (АК-тің 11-бабының 3-тармағы). Міне, осындай теріс пиғылды
әрекеттерге жол бермеу үшін де осындай талап заңға енгізілді. Меншік иесі
өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы
ортаға келтірілуі мүмкін зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға
міндетті (АК-тің 188-бабының 4-тармағы).1
Меншік ұғымын 2 мағынада түсінуіміз қажет. Біріншіден,
экономикалық категория, екіншіден құқықтық категория ретінде. Меншік
экономикалық тұрғыдан алғанда, өндіріс құрал-жабдықтары мен оның
өнімдеріне иелік ету жөнінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Меншік
қоғам өмірінің негізі, яғни базистік сипаттағы экономикалық санат. Меншік
құқығы қондырманың элемент болып саналғанмен қоғамның белгілі бір даму
кезеңінде санатқа (базисқа) кері әсер етіп қана қоймай, алдыңғы қатарға да
шығуы мүмкін. Оған бірден-бір дәлел, еліміздің қазіргі даму сипаты.
Экономикалық қатынастардың дамуына, олардың қоғам өміріне араласуына
тікелей ықпал жасап отырған біздің
_____________________________
1 . Ғ. Төлеуғалиев ҚР Азаматтық құқығы Оқулық. Алматы Жеті жарғы 2001
жыл, 187-188 беттер.

экономикалық заңдарымыз.
Меншік құқығы обьективті және субьективті мағынада анықталуы
қажет. Обьективті мағына тұрғысынан алғанда, меншік құқығы осы иститутты
реттеуге бағытталған нормативті актілердің жиынтығы болып табылады. Меншік
құқығы субъективті мағынада белгілі тұлғаның нақты мүлікке байланысты
құқықтық қатынасын анықтайды. Меншік иесіне мүлікті пайдалану, иелену және
билік ету құқықтары тиесілі.
Меншік құқығының объективті нормалары негізінде нақтылы меншік
иесі өз қалауы бойынша өзіне тиесілі мүлікті пайдалануына және оған билік
етуге құқылы екендігін, яғни сату-сатып алу, жалға беру және тағы басқа
белгілі заңдық фактілерді жүзеге асыра алатындығын әңгіме еткенімізде
меншік құқығының субъективті жағына тап боламыз.2
Меншік иесінің өз мүлкін иелені, пайдалану және оған билік ету
құқығы болады. Иелену құқығы дегеніміз мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге
асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету. Пайдалану құқығы дегеніміз мүліктен
оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң
жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге де
нысандарда болуы мүмкін. Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзіндегі
тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.
_____________________________
2 . Е.Баянов ҚР мемлекеті мен құқығының негіздері Оқулық. Алматы 2003
жыл, 479-480 беттер.

Азаматтық кодекс бойынша меншік құқығының нысандары мен түрлері
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабында: "Қазақстан
Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей
қорғалады", — деп жазылған.3
Меншікке субъектілер: мемлекет, әкімшілік-аумақтық, бөліністер,
заңды тұлғалар мен азаматтар бола алады.
Азаматтық кодекс меншіктің екі нысанда-жеке және мемлекеттік
екендігін тәртіптейді.4
Жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес занды тұлғалар мен
олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде көрінеді. Жеке меншікте болатын
мүліктің саны мен құны шектелмейді.
Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік түрінде
көрінеді. Республикалық меншік мемлекеттік қазынадан және заң құжаттарына
сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген
мүліктен тұрады. Республикалық бюджеттің қаражаты, алтын валюта қоры және
алмас қоры, жер, оның қойнауы, су, өсімдік, жануарлар дүниесі және табиғи
ресурстар мемлекеттік қазынаны құрайды.
Коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң құжаттарына
____________________________
3. ҚР Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл, 6 бабының, 1 тармағы, 7 бет.
4. Ғ. Төлеуғалиев ҚР Азаматтық құқығы Оқулық. Алматы Жеті жарғы 2001
жыл, 192-193 беттер

сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады.
Жергілікті бюджет қаражаты және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп
берілмеген өзге де коммуналдық мүлік жергілікті қазынаны құрайды.
Шаруашылық жүргізу құқығы мүлікті мемлекеттен меншік иесі ретінде
алған және бұл мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарын
Азаматтық кодекспен немесе өзге де заң құжаттарымен белгіленген шекте
жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы болып табылады.
Оралымды басқару құқығы меншік иесінің қаражаты есебінен
қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің, меншік иесінен мүлік алушы және өз
қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмаларына және мүліктің мақсатына
сәйкес заң құжаттарымен белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану
және оған билік ету құқығын жүзеге асырушы қазыналық кәсіпорындардың заттық
құқығы болып табылады.
Екі немесе бірнеше адамның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік
құқығымен тиесілі болады.
Жеке меншіктің ерекше түріне кондоминиум меншігі де жатады. Кондоминиум
ұжымдық меншік түрінде көріне тұрса да "Тұрғын үй қатынастары туралы"
Заңының 31-бабының 1-тармағы біздің Азаматтық қодексте ұжымдық меншік ұғымы
жоқ екендігін ескерте кеткен жөн. Үй-жай меншік иелерінің әрқайсысы өзіне
бөлек (жеке-дара) меншік құқығы бойынша тиесілі үй-жайды өз қалауы бойынша
иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқылы.
Үйдің бөлек (өзіндік) меншікке жатпайтын бөліктері (кіре беріс,
баспалдақ, лифтілер, төбелер, шатырлар, подвалдар, пәтерден тыс не үйге
ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, жер учаскесі, оның ішінде
көріктендіру элементтері және ортақтасып пайдаланатын басқа да мүліктер) үй-
жай меншігі иелеріне ортақ меншік құқьіғы бойынша тиесілі болады.
Үй-жайдың әрбір меншік иесінің ортақ мүліктегі (ортақ меншіктегі) үлесі
оған тиесілі үй-жайға бөлек (өзіндік) меншікке бөлінбейді. Үлестің мөлшері,
егер меншік иелерінің келісіміңде өзгеше көзделмесе, бөлек (өзіндік)
меншіктегі тұрғын үй-жайлардың немесе тұрғын емес үй-жайлардың пайдалы
алаңы-ның бүкіл үйдің жалпы алаңына қатынасымен анықталады. Мұндай үлесті
заттай бөліп беруге болмайды.5

_____________________________
5. Ғ. Төлеуғалиев ҚР Азаматтық құқығы Оқулық. Алматы Жеті жарғы 2001
жыл, 194-195 беттер

Қазақстан Республикасындағы меншік құқығы туралы заңдардың дамуы
Қазақстан Республикасының ұлттық меншігі құқығының қалыптасуы
айтарлықтай қиын жағдайда өтті.
КСРО-ның азаматтық заңдары жеке меншікті мойындамай, мемлекеттік
меншікті халықтың меншігі деп жоғары деңгейде тәртіптеді. КСРО
Конституциясы социалистік меншіктің үш нысанын бөліп қарады: мемлекеттік,
колхоздық-кооперативтік және кәсіподақтары мен басқа да қоғамдық ұйымдардьщ
меншігі, сондай-ақ социалистік меншіктен туьщдайтын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының дәрістері
Меншік құқығы жайлы жалпы ережелер
Жер құқығының түсінігі
«Жер құқығы» пәні бойынша контактілі дәрістер материалдары
Меншік құқығының пайда болу негіздері және тоқтатылуы
Еңбек құқығының қайнар көздері (нысандары)
Рим құқығынан кешен
Жер құқығының түсінігі, пәні, әдістері, жүйесі
Азаматтық құқық пәнінен лекция тезистері
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Пәндер