Қылмыстық құқықтың түсінігі мен белгілері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 3
Қылмыстық құқық негіздері 4
1. Қылмыстық құқықтың түсінігі мен белгілері 4
2. Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері 6
3. Қылмыстық жаза 9
4. Қылмыстың жекелеген түрлері 12
5. Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күрес 16
ҚОРЫТЫНДЫ 17
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 18

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Конститутциясы шынайы демократиялық,
бұрынғыдан гөрі шынайы адамгершілікті қоғам құру міндетін алға қойып әрбір
жеке адам мен азаматтың кең көлемді демократиялық құқықтары мен
бостандықтарын баянды етті.
Қазірдің өзінде Қазақстан мемлекеті бұрынғы саяси құрылысқа қарағанда
әлдеқайда демократиялық мемлекет деп санауының өзі негізсіз емес. Бірақ,
өкінішке орай, қылмыс азаймай отыр, тіпті көбейіп кету үрдісі де бар.
Кейбіреулер мұның себебі жазалау шараларының жұмсақтығынан десе,
кейбіреулері керісінше заң тым қатал деп есептейді. Адамзат баласы басынан
не кешпеді, не жеңіл жазалау да, кескілеп өлтіру де, отқа жағып жіберу де
– бәрі де болды. Бірақ, бұлардың барлығында қылмыс жасауды тоқтата алмады.
Мүмкін, әлде қылмыс дегеніміз мүлдем жойылмайтын, адамзат қоғамы өмір сүріп
тұрғанда бола беретін құбылыс па? Шынын айтқанда мұндай ғылыми теория да
жоқ емес.
Қазақстанда қылмыстың өсе түсуіне әсер ететін себептері ішінде
кедейшілікті, жоқшылықты, жұмыссыздықты, мәдениеттің төмендеп кетуін,
адамгершіліктен азғындау, отбасылық тәрбиенің төмендеп кетуін,
маскүнемдіктің етек алуын, нашақорлық, порнографияның кері ықпалын, құқық
қорғау органдарының жұмыстарының тиімді жүргізілуін, тағы басқа себептерін
атап өтуге болады. Қылмыстың едәуір бөлігі ашылмай қалады, сондықтан да
сазайын тартпаған қылмыскерлер одан сайын дандайсып, басқа да қылмыстар
жасайды.
Сонымен қылмыс дегеніміз не? Бұл ұғымның аясына не кіреді және қандай
белгілері бар? Қылмыстық құқықтың негіздеріне не жатады? Осындай сұрақтарға
жауап беріп қана қоймай оны ұғыну, түсіну міндеттері менің осы жұмысыма
арқау болды.

Қылмыстық құқық негіздері

1. Қылмыстық құқықтың түсінігі мен белгілері

Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен
бостандақтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға
бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен
жүзеге асырылады.
Біріншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды
реттеу функциясы болып табылады. Бұл қатынас қылмыстың істелуіне байланысты
қылмыс жасаған адам мен мемлекет арасында пайда болады.
Екіншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тыйым
салынған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі.
Үшіншіден, қылмыстық құқық қылмыстық құқықтың нормасы арқылы
азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтіргенде, олардың одан қорғануына
байланысты қатынастарын ретке келтіреді. Мысалы, қажетті қорғану, мәжбүрлі
қажеттілік немесе қылмыскерді ұстауда әрбір азамат заңда белгіленген
тәртіппен қорғануға құқылы. Бұл мәселе тек қылмыстық құқықтық норма арқылы
реттеледі.
Қылмыстық кұқық заң шығарушы органдар қабылдаған қылмыс пен жаза,
қылмыстық жауаптылық негізі, жаза жүйелерін, жазаны тағайындаудың тәртібі
мен шарттарын, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды
белгілейтін зандылық нормалардың жиынтығы болып табылады.
Қылмыстық құқық Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады.
Қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның түсінігі, міндеттері,
қылмыстық жауаптылықтың негізі және одан босату, қылмыс құрамының түсінігі,
қылмыстық заңның кеңістіктегі және мезгілдегі күші, іс-әрекеттің қоғамға
қауіптілігін жоятын мән-жайлар туралы түсініктер, сондай-ақ қылмыс істеу
сатылары туралы ұғыммен, қылмысқа бірге қатысу, жазаның мақсаты және
жүйелері, жаза тағайындаудың немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан
босатудың мәселелері осы Жалпы бөлімде зерттеледі.
Ерекше бөлімде нақты қылмыс құрамдары және оларды істегені үшін
белгіленген жаза түрлері көрсетіледі.
Басқа құқық салалары сияқты қылмыстық құқықтың да негізгі заңдылық
базасы - Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қылмыстық
құқықтың ережелері мен институттарының мазмұны қолданылып жүрген қылмыстық
құқықтың нормаларында, атап айтқанда Жоғарғы Соттың нормативті
қаулыларында, 1997 жылғы 16 шілдеде қабылданған Қылмыстық кодексте және т.
б. нормативтік кесімдерде анық көрсетілген.
Қылмыстық кодекстің 2-бабына сәйкес қылмыстық заңдардың міндеттері
болып:
1. Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін,
қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан
Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын,
қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол
сұғушылықтан қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып
табылады.
2. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін осы Кодексте қылмыстық жауаптылық
негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін
қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады,
оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де қылмыстық ықпал ету
шаралары белгіленеді делінген.
Қылмыстық құқық өзінің алға қойған қорғаушылық, сақтандырушылық және
тәрбиелік міндеттерін тек қана белгілі бір қылмыстық-құқықтық принциптерін
сақтау арқылы жүзеге асырады.
Бұл прициптерге: заңдылық қағидасы, азаматтардың заң алдында теңдігі,
жауаптылықтан құтылмайтындық принципі, жеке жауаптылық қағидасы,
әділеттілік, ізгілік принциптері, кінәсіздік презумпциясы және т. б.
жатады.
Қылмыстық заң - Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес
Республика Парламенті қабылдаған құқылық кесім болып табылады. Жеке адам
мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының қоғамға қауіптілік
дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық
құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу - қылмыстық заңның
негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Қылмыс әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттердің (әрекет немесе
әрекетсіздіктің) көрінісі, нәтижесі болып табылады. Әрекет дегеніміз
адамның қылмыстық заң тыйым салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік
дегеніміз адамның заң, нормативтік кесімдер, нұсқаулар немесе арнаулы
жарлықтар, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы.
Адамның қылмысқа қайшы немесе оған қайшы емес мінез-құлқы оның ойлау
жүйелері арқылы, содан соң белгілі бір іс-әрекеттер арқылы көрініс береді.
Ондай нақты іс-әрекеттер арқылы көрініс таппаған, жүзеге аспаған ойлар,
пікірлер соншалықты қатерлі болғанына қарамастан, қылмыс деп есептелмейді.
Сонымен, қылмыстық зандармен жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты
қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп аталады.
Осы анықтамадан қылмыстық құқыққа қайшылық, қоғамға қауіптілік, кінәлілік,
жазаланушылық қылмыстың белгілері екендігі көрініп тұр.
Қылмыстың санаттары. Қылмыс санаттары деп оларды нақты белгілері
бойынша топқа бөлуді айтамыз. Қылмыстар - сипатына және қоғамға қауіптілік
дәрежесіне және кінәнің түріне байланысты онша ауыр емес, ауырлығы орташа,
ауыр және аса ауыр санаттарға бөлінген.
Қылмыстық кодекстің 10-бабына сәйкес жасалғаны үшін осы Кодексте
көзделген ең ауыр жаза (бас бостандығынан айырудан):
– қасақана жасалған әрекет - екі, абайсызда жасалған әрекет
бес жылдан аспайтын болса - онша ауыр емес деп саналады;
– қасақана жасалған әрекет - бес, абайсызда жасалған әрекет
те бес жылдан аспайтын болса - орташа ауыр;
– қасақана жасалған әрекет он екі жылдан аспайтын болса -
ауыр;
– қасақана жасалған әрекет он екі жылдан аспайтын болса
немесе өлім жазасы көзделсе - аса ауыр қылмыс деп танылады.

2. Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері

Мемлекет өз азаматтарынан Конституцияда көрсетілген белгілі бір
әлеуметтік міндеттерді қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте
азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқықтық
жауапкершілік жүктеледі. Құқықтық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі
қылмыстық жауаптылық болып табылады да, ал оған дәйекті түрдегі негіздер
болуы керек.
Қылмыстық жауаптылықтың негізін дұрыс анықтау құқық қолдану органдары
қызметінің заңдылықты қатаң сақтауына кепіл бере отырып, азаматты жауапқа
тарту үшін қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері
болуын талап етеді.
Қылмыстың құрамдары - бұл қылмыстың объективтік және субъективтік
жақтарынан құралатын белгілерінің жиынтығы. Ондай белгілер төрт топқа
бөлінеді: 1) қылмыстың объектісі; 2) қылмыстың объективтік жағы; 3)
қылмыстың субъектісі; 4) қылмыстың субъективтік жағы.
1. Қылмыстың объектісі - қылмыскердің қиянат жасайтын және де
қылмыстық заңдармен қорғалатын коғамдық қатынастар. Олар мыналар болуы
мүмкін: саяси және экономикалық құрылымдар, меншік, адам және оның
құқықтары мен бостандықтары, құқықтық тәртіп, сот төрелігі, әскери қызмет.
2. Қылмыстың объективтік жағы - ол қылмыстың сыртқы көрінісіне жататын
белгісі:
– қылмыскердің қоғамға қауіпті әрекеті немесе әрекетсіздігі;
– әрекет пен әрекетсіздік арқылы туындаған қоғамға қауіпті нәтиже;
– әрекет пен әрекетсіздік және қоғамға қауіпті нәтиже арасындағы
себепті байланыс.
3. Қылмыстың субъектісі - ол қылмыс жасаған уақытта есі дұрыс және 16
жасқа толған адам. Кейбір ауыр қылмыстар үшін (кісі өлтіру, зорлау, адам
ұрлау, кісі тонау, қорқытып тартып алу т. б.) қылмыстық жауаптылыққа адам
14 жастан тартылады.
Қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген қауіпті әрекет жасаған кезде
есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының
уақытша бұзылуы, кемақылдылығы салдарынан өзінің іс-әрекетінің іс жүзіндегі
сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған
адам қылмыстық жауапқа тартылмайды. Бұларға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
шаралары қолданылуы мүмкін. Алкогольді ішімдікті, есірткі заттарды немесе
басқа да есеңгірететін заттарды пайдалану салдарынан мас күйінде жасалған
қылмыс үшін адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды.
4. Қылмыстың субъективтік жағы - бұл адамның қоғамға істеген қауіпті
іс-әрекет немесе әрекетсіздігіне және солардан туатын қауіпті нәтижеге
психикалық қатынасы. Қылмыстың сыртқы жағын бейнелейтін объективтік жаққа
қарағанда субъективтік жақ қылмыстың ішкі мәнін, мазмұнын білдіреді.
Қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын мынадай заңдылық белгілері:
кінә, қылмыстық ниет, мақсат құрайды. Осы белгілердің жиынтығы қылмыс
істеген, яғни қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның жан-дүниесінде орын
алған ішкі өзгерістерді, оның санасы мен еркінің өзара байланысын бейнелеп
береді.
Кінә - бұл адамның өзінің қасақаналықпен немесе абайсызда істейтін
қоғамға қауіпті іс-әрекетіне және оның қоғамға зиянды зардабына деген
көзқарастарының жиынтығының көрсеткіші.
Істелген әрбір қылмыс үшін кінәнің болуы - объективті ақиқат. Қылмыс
субъектісінің кінәлілігі туралы тұжырымды сот іс бойынша жинақтаған
дәлелдемелер арқылы анықтайды. Кiнә екі түрлі болады: қасақаналық және
абайсыздық. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет - қасақана,
менмендікпен немесе немқұрайлылықпен жасалған әрекет абайсыздықта жасалған
қылмыс деп танылады.
Қылмыстық ниет деп белгілі бір қажеттіліктер мен мүдделердің іштей
түрткі болуына байланысты адамның соларды басшылыққа ала отырып, саналы
түрде қылмыс істеуге бел бууын, ал қылмыстық мақсат деп адамның қылмыс
істеу арқылы болашақта белгілі бір нәтижеге жетуін айтамыз.
Әрбір азаматтың конституциялық борышы - қоғамдық қатынастарды
қылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау. Осы міндетті жүзеге асыруда
жеке адамға, қоғамға, мемлекетке қарсы бағытталған іс-әрекеттерді дер
кезінде тиюдың, тойтарудың маңызы ерекше. Қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді
тойтаруда, оның зияндылығын тиюда, сол қауіпті төндірген адамға
материалдық, моральдық және басқа да зиян келтірілуі мүмкін. Мұндай
әрекеттер формальдық жағынан алғанда қылмыс құрамына жатуы мүмкін.
Бірақ та бұл әрекеттер белгілі бір жағдайларда қылмыс болып
табылмайды. Өйткені мұндай әрекетте қылмыстың материалдық белгісі болып
табылатын басты белгі - қоғамға қауіптілік жоқ. Керісінше, мұндай
жағдайларда, қоғамдық қатынастарға зиян келтіруге бағытталған қауіпті жою,
тойтару қоғамға пайдалы іс-әрекет деп танылады. Қолданылып жүрген қылмыстық
заң бойынша бұларға қажетті қорғану; аса мәжбүрлі қажеттілік; қылмыскерді
ұстау; орынды кәсіби тәуекел; күштеу немесе психикалық мәжбүрлеу; бұйрықты
немесе өкімді орындау әрекеттері жатады.
Осы аталған жағдайларда істелген әрекет немесе әрекетсіздік сырттай
қылмыс белгілеріне ұқсағанымен, оларда қоғамға қауіптілік болмағандықтан,
қылмыс қатарына жатпайды.
Қылмыс істеу сатылары. Қылмысты істеу сатылары деп қасақана істелетін
қылмысқа дайындалу, оқталудан біткенге дейінгі жететін кезеңдерді айтамыз.
Қасақаналықпен істелетін қылмыста бірнеше саты болады. Олар: қылмыс істеуге
дайындалу, қылмыс істеуге оқталу және қылмысты аяқтау.
Қылмыс — бір адам арқылы немесе бірнеше адамның бірлесуі арқылы
істелуі мүмкін. Бірнеше адамның қылмыс істеуінің нәтижесінде істелген
қылмыстың мәні, одан туындайтын зиянның мөлшері де жеке адам істеген
қылмысқа қарағанда едәуір өзгереді және мұндайда қылмыс істегені үшін
жауапты болатын адамдардың санын анықтау қажеттілігі туындайды.
Сондай-ақ бұл адамдардың жауаптылығының негізі мен шегін, олардың
әрқайсысы бірлесіп істеудегі кінәсінің мәні мен дәрежесіне қарай салыстыру,
әрбір қылмыскердің жеке тұлғасының ерекшеліктерін анықтаудың маңызы зор.
Қылмыстық құқықта қылмысқа қатысушылар орындаушылар, ұйымдастырушылар,
айдап салушылар және көмектесушілер деп бөлінеді. Қылмыстық кодексте
бірлесіп қатысудың ұғымы, оған қатысушылардың жекелеген іс-әрекетін
сипаттайтын белгілер және оларға жаза тағайындаудың негізгі қағидалары,
сондай-ақ қылмысқа қатысу нысандарының анықтамасы берілген (27, 28, 29, 31
баптары).

3. Қылмыстық жаза

Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және
ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде
қолданылады.
Жаза - соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу
шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және
адамды құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып
табылады.
Жазаның белгілері:
- мемлекеттік күштеу шарасы ретінде қылмыстық заңмен ғана
белгіленеді;
- мемлекеттік күштеу шарасы ретіндегі қылмыстық жазаны мемлекет
атынан тек қана сот тағайындайды;
- заңда көрсетілген тәртіппен сотталған адамды жазадан босату,
сондай-ақ тағайындалған қылмыстық жазаны жеңілдету тағы да сот
арқылы жүзеге асырылады;
- қылмыстық жаза жария түрде ашықтан-ашық тағайындалады;
- мемлекеттік күштеу шаралары ретінде қылмыстық жаза қылмыстық
заңда көрсетілген нақты қылмыс жасаған кінәлі адамға
қолданылуы мүмкін.
Жазаның мақсаты әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру, сондай-ақ
сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан
сақтандыру болып табылады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір-
қасиетін қорлауды мақсат етпейді.
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті болып табылатын
жекелеген жазаларды қолданудың шарты, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның
өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау
қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Сотталған адамға келтірілетін бас бостандығынан айырудың мәніне қарай
жазаның түрлері мынандай топтарға бөлінеді:
1. Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған
жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе
құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен,
біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградадан айыру.
2. Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері:
белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану
құқығынан айыру, әскери қызмет бойынша шектелу.
3. Сотталған адамды материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар:
түзеу жұмыстары, айыппұл, мүлікті тәркілеу.
4. Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға
байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
Қылмыстың ұғымы
Қылмыстық құқық ғылымы
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Қылмыстық құқықтың қысқаша сипаттамасы
Қылмыстық құқық
Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің түсінігі, жүйесі, мәні
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Қылмыстың объевтивтік жағының түсінігі мен маңызы
Қылмыстық құқық түсінігі
Пәндер