Қылмыстарды алдын ала тергеу сатысы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И. СӘТБАЕВ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Әл-Машани атындағы Жаратылыстану –гуманитарлық институты
Қоғамдық пәндер кафедрасы

РЕФЕРАТ
Құқық ұғымы. Қылмыстық іс жүргізу.
Еңбек құқығы қатынастары.

Оқытушы Тойбаева Қ.Ә.
Студент Утетлеев С.Р.
Мамандығы: 050704
Тобы: ВПб-04-1қ

Алматы 2006
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Құқық туралы негізгі түсініктер
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Қылмыстық іс жүргізу ұғымы және оның сот төрелігі ұғымымен арақатынасы
Қылмыстық іс жүргізу сатылары
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасы
Қылмыстық іс жүргізудің субъектілері және олардың атқаратын процессуалдық
функциялары
ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕК САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР
Еңбек құқығының пәні және әдістері
Еңбек құқығының басшылыққа алатын қағидалары
Еңбек құқығының қайнар көздері
Еңбектік құқықтық қатынастар және еңбекпен байланысты өзге де құқықтық
қатынастар
Жеке еңбек шартының ұғымы оның мазмұны мен түрлері
Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері
Жұмыс уақытының ұғымы және оның түрлері
Демалыс уақытының ұғымы және оның түрлері
Жалақы ұғымы және оны реттеудің әдістері
Жалақы төлеу жүйесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Біздің күнделікті жүріс-тұрысмызда қалыптасып қалған әдеттер бар.
Мәселен, біз университететке, дүкенге, банктарға және осы сияқты қоғамдық
орындарда болған кезде өзімізді әр жердің талаптарына сай іс-әрекет етеміз.
Бұл жағдайларды біз арнайы ойластырмасақ та, мұның бәрі қандай да бір
арнаға негізделген. Дәлірек айтсақ, мұның барлығы қоғамдық нормаларға сай
жүргізіледі.
Еліміздегі орнаған тыныштық пен бейбітшілікті сақтап қалу мақсатында,
қоғамдық өмірдің, адамдар арасындағы қатынастардың барлық салаларында
арнайы заңдар мен ережелер қабылданған. Бұл заңдарды орындау біздің ең
алғашқы міндетіміз. Ал оларды орныдау үшін біз олармен жете танысу
керектігіміз даусыз, сондықтан жалпы білім беретін пәндер қатарында Құқық
негіздері пәні орын алды.
Өзімнің рефератымда мен құқық ұғымына қысқаша тоқталып өтемін де,
негізінен тапсырмам бойынша қылмыстық іс жүргізу ұғымы мен еңбек құқығына
көбірек көңіл бөлемін.

Құқық туралы негізгі түсініктер
Норма дегеніміз – бір қатынасты реттеп, басқаратын ереже. Нормалардың
қоғамда қалыптасқан екі түрі бар: әлеуметтік нормалар мен техникалық
нормалар.
Қоғамдағы көптеген қарым-қатынастарды реттеп, басқарып отыратын
негізгі құрал – әлуметтік нормалар. Әлеуметтік нормалар адамдардың іс-
әрекетінің, мінезінің, тәртібінің қоғамдық ережесі болғандықтан, қоғамды
басқарудың, қатынастардың құралына айналды.
Бұл нормалардың негізгі түрлері:
• Құқық нормасы.
• Моральдық нормалар.
• Саяси нормалар.
• Эстетикалық нормалар.
• Қоғамдық ұйым, ұжымдардың ереже қағидалары.
• Әдет-ғұрып нормалары.
• Салт-дәстүр нормалары.
• Діни, имандылық, инабаттылық нормалары.
Қоғамның тарихи объективтік даму процесінде құқықтың маңызы туралы екі
пікір бар: біріншісі, қоғамның дамуын басқаратын, реттеп отыратын
факторлардың бірі – құқық. Онсыз қоғам дағдарысқа ұшырайды. Бұл пікірді
заңды көзқарас дейді. Екіншісі, қоғамның дамуында құқытың ешқандай ролі,
маңызы жоқ деп түсіндіреді. Бұл пікірді заңды нигилизм дейді. Нигилизм
қоғамда қабылданған, бүкіл адамға пайдалы нормаларды, жағымды мұраларды
жоққа шығарып мойындамау деген түсінік.
Сонымен, құқық дегеніміз мемлекет орнатқан және оның күшімен
қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп
ережелерінің (нормаларының) жиынтығы.
Құқық мазмұнының негізгі элементтері:
- Қоғамның және жеке адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;
- Қарым-қатынастарды реттеп, басқару;
- Қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік,
мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту;
- Мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың құзыретін, ара-
қатынасын реттеп, басқару;
- Халықаралық қатынастарды реттеп, басқару.
Құқықтың негізгі функциялары: реттеу және қорғау.
Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық
қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру.
Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-
қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тиым салу.
Құқық – қолдану, жүзеге асыру үшін жасалады.
Құқықты жүзеге асырудың ерекше тәсілдері бар:
- Құқықты сақтау (мәні: тиым салынған әрекетті жасаудан бас
тарту);
- Құқықты орындау (мәні: жүктелген міндетті жүзеге асыру
үшін белсенді әрекеттер жасау);
- Құқықты пайдалану (мәні: тұлға өзіне берілген құқықтар
мен бостандықтарды пайдалана ма, жоқ па өз еркі);
- Құқықты қолдану (мәні: бұл билік қызметін жүргізу арқылы
жүзеге асырылады).

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Қылмыстық іс жүргізу ұғымы және оның сот төрелігі ұғымымен арақатынасы
Қоғам мен азаматтардың мүдделерін қылмыстық қиянаттардан қорғау және
құқықтық тәртіпті нығайту үшін мемлекет жүзеге асыратын шараларды орындауда
басты роль атқаратын құқық қорғау органдары (прокуратура, алдын ала тергеу
жәнеанықтау жүргізетін органдар) мен сот болып табылады. Бұл мемлекеттік
органдардың қыметтері бір-бірімен байланысты болса да, олардың
өкілеттіктері бірдей емес. Мысалы, алдын ала тергеу органы істелген
қылмысты ашып, оны істеген адамды әшкерелейтін дәлелдемелер жинағының
өзінде айыпталушының кінәлілігі жөнінде мәселені шешуге және оған жаза
тағайындауға өкілетті емес. Яғни, заңмен орнатылған тәртіп бойынша, алдын
ала тергеу жүргізу аяқталған соң қылмыстық іс заңдылықтың сақталуын
қадағалайтын прокурорға жіберіледі. Ал прокурор тергеу органының жасаған
тұжырымдарымен келіскен жағдайда бұл қылмыстық істі тиісті сотқа жіберуге
міндетті. Содан кейін сот алдын ала тергеу жүргізу барысында жиналған
дәлелдемелердің және айыптаушы мен қорғаушы жақтарының келтірген
дәлелдемелерінің негізінде сотталушының кінәлі немесе кінәсіздігі және оған
жаза қолдану немесе қолданбау жөнінде шешім шығарады. Сөйтіп, бұл қызмет
тек қана заңда көрсетілген тәртіп бойынша жүзеге асырылады және қылмыс
жөнінде заңды қолданумен байланысты болғандықтан қылмыстық процесс, яғни
қылмыстық іс жүргізу деп аталады.
Қылмыстық іс жүргізу түсінігі жөнінде айтқанда, бұл қызметті сот,
алдын ала тергеу, анықтау және прокуратура органдары атқарумен қатар жеке
тұлғалардың да (азаматтардың) мұндай іс жүргізуге қатысатындықтарын ескеру
қажет. Бұл жеке тұлғалардың іс жүргізуге қатысуларына байланысты олардың
құқықтары мен міндеттері заңда көрсетілген. Осының бәрі қылмыстық іс
жүргізу кезінде аталған мемлекеттік органдар мен бұл органдардың лауазымды
адамдарының арасында, сонымен қатар іс жүргізуге қатысатын басқа да
тұлғалардың арасында құқықтың қатынастардың болатындығын көрсетеді. Мұндай
құқықтың қатынастардың болатындығын қылмыстық іс жүргізу ұғымын толық түрде
тұжырымдағанда ескеруге тиіспіз.
Сонымен, қылмыстық процесс, яғни қылмыстық іс жүргізу дегеніміз – бұл
заңмен реттелген соттың, алдын ала тергеу, анықтау және прокуратура
органдарының қоғам мен азаматтардың мүдделерін қылмыстық қиянаттардан
қорғауға байланысты өз міндеттерін орындау мақсатында жеке тұлғаларды
қатыстыра отырыпатқаратын қызмет жүйесі, сондай-ақ осы қызмет саласында
туындап қалыптасатын құқықтық қатынастар жүйесі болып табылады.
Қылмыстық іс жүргізу басқа сөзбен қылмыстық сот ісін жүргізу деп те
аталады, яғни қылмыстық іс жүргізу заңында және ғылыми еңбектерде осы екі
термин аралас қолданылады (орысша: уголовный процесс және уголовное
судопроизводство). Бұл терминдер бір-біріне қайшы емес, олар бір ұғымды
білдіреді деп саналады. Қылмыстық іс жүргізу немесе қылмыстық сот ісін
жүргізу сот төрелігін жүзеге асырудың бір түрі болып табылады. Осыдан сот
төрелігі ұғымының қылмыстық іс жүргізу ұғымымен сәйкес жері көрінеді:
қылмыстық істі сотта қарап шешу сот төрелігіне жатады. Бірақ та қылмыстық
іс жүргізу ұғымы толық көлемде сот төрелігі ұғымымен бірдей емес.
Сот төрелігі дегеніміз – бұл соттың қылмыстық істермен қатар басқа да
(азаматтық, әкімшілік) істерді қарап шешу үшін мемлекет атынан атқарылатын
қызметтің арнайы түрі болып табылады. Сот төрелігі ұғымының тікелей
мағынасы – сот қызметі болып табылады да, ал қылмыстық іс жүргізу ұғымы
соттың қызметімен қатар алдын ала тергеу органдарының және прокурордың
қызметтерін қамтиды.

Қылмыстық іс жүргізу сатылары
Жалпы алғанда, қылмыстық іс жүргізудің сотқа дейін болатын және істің
сотта өтетін кезеңдері ажыратылады. Дегенмен, қылмыстық іс жүргізуді толық
түсіну үшін ол осындай кезеңдерден тұрады деп қарау жеткіліксіз. Дәлірек
айтқанда, қылмыстық іс жүргізу басқа да бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Олар
қылмыстық іс жүргізудің сатылары деп аталады. Ол сатылар былайша аталады:
1) қылмыстық іс қозғау; 2) қылмыстарды алдын ала тергеу (анықтау немесе
алдын ала тергеу жүргізу); 3) басты сот талқылауын тағайындау; 4) басты сот
талқылауы; 5) апелляциялық саты сотында іс жүргізу; 6) үкімді орындау. Бұл
аталғандар қылмыстық іс жүргізудің негізгі сатыларына жатады, яғни жалпы
ереже бойынша, әр қылмыстық іс осы сатылардан өтеді. Аталған сатыларды
қылмыстық іс жүргізудің жеке кезеңдері деп түсінуге болады және олардың
әрқайсысының өзіне тән міндеттері мен ерекшеліктері бар. Сондықтан ол
сатылардың әрқайсысына бөлек тоқталу қажет.
Қылмыстық іс қозғау сатысы. Әр қылмыс бойынша іс жүргізу осы сатыдан
басталады. Бұл сатының мәні – өкілетті органдар, олардың лауазымды адамдары
қылмыстың белгілері ашылған әр кезде іс жүргізуді бастау туралы тез арада
шешім (қаулы) шығарулары қажет. Қылмыстық іс қозғау туралы шешім болса ғана
одан әрі қылмыстық іс жүргізу қызметі толық көлемде атқарылады, яғни алдын
ала тергеу немесе анықтама жүргізу арқылы істелген қылмыстың мән-жайларын
ашу мүмкін болады. Қылмыстық іс қозғау өкілеттігі прокурорға және алдын ала
тергеу жүргізу органдарына (тергеуші, анықтау органдары) берілген.
Қылмыстық іс қозғау үшін себеп және негіз қажет етіледі. Заңға сәйкес
қылмыстық іс қозғаудың себептеріне мыналар жатады: 1) азаматтардың арызы;
2) мемлекеттік органдардың немесе басқа ұйымдардың лауазымды адамдарының
хабарламасы; 3) бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған хабар; 4)
кінәсін мойындап келу; 5) қылмыстық іс қозғауға өкілетті органдардың,
олардың лауазымды адамдарының тікелей өздерінің анықтауы. Осындай заңда
көрсетілген көздерден алынған қылмыс туралы дерекетер – қылмыстық іс
қозғаудың негізі болады.
Қылмыстарды алдын ала тергеу сатысы. Бұл – әр қылмысты тез және толық
ашып, айыпты адамды қылмыстық жауапқа тарту мақсатында қолданылатын және
заңмен реттелген тергеуші мен анықтау органдарының қызмет жүйесі болып
табылады. Қылмыстарды тергеу екі түрде жүзеге асырылады: 1) анықтау; 2)
алдын ала тергеу. Заңға сәйкес қылмыстардың басым көпшілігі бойынша алдын
ала тергеу жүргізіледі. Сондықтан алдын ала тергеу – қылмыстық істерді
тергеудің негізгі түрі болып саналады. Ал заңда арнайы көрсетілген ауыр
емес қылмыстар бойынша алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес және оның
орнына анықтау жүргізіледі. Алдын ала тергеуді Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің, ішкі істер және қаржы полициясы органдарының тергеушілері
жүргізеді.
Алдын ала тергеу және анықтау қызметі тергеу әрекеттерін (оқиға болған
жерді қарау, жауап алу, тінту, зат алу және т.б.) қолдану арқылы
жүргізіледі. Анықтау органдары тергеу әрекеттерімен қатар жедел іздестіру
шараларын да қолданып қылмыстарды ашады. Осындай амалдардың нәтижесінде
қылмыс істеген адам анықталса, ол адам айыпталушы ретінде жауапқа тартылуы
тиіс және алдын ала тергеу немесе анықтау жүргізудің барысында
айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету қажет.
Алдын ала тергеу жүргізу айыпталушы ретінде жауапқа тартумен
аяқталмайды. Бұдан әрі қарай істелген қылмыстың мән-жайын толық және жан-
жақты ашып зерттеу тергеу органдарының міндетіне жатады. Ал жалпы ережеге
сәйкес алдын ала тергеу жүргізуді аяқтаудың екі нысаны бар: 1) істі
қысқартумен аяқтау (бұл жөнінде тергеуші немесе анықтау органы дәлелді
қаулы шығарады); 2) айыптау қорытындысын жазумен аяқтау. Қылмыстық істің
мән-жайлары толық ашылып, қылмыс істеген адам әшкереленген болса, онда
алдын ала тергеу айыптау қорытындысын жазумен аяқталады. Одан соң
заңдылықтың сақталуын қадағалаушы тиісті прокурор алдын ала тергеудің
барлық материалдарымен танысып, айыптау қорытындысының тұжырымдарымен
келісетін болса, онда бұл прокурор айыпталушыны сотқа беру туралы қаулы
жазып, қылмыстық істі негізінен шешу үшін бірінші сатының тиесілі сотына
жібереді.
Басты сот талқылауын тағайындау сатысы. Қылмыстық іс айыптау
қорытындысымен 1-сатының сотына келіп түскен соң іс жүргізудің жаңа сатысы
басталады. Бұл кезде соттың төрағасы немесе оның тапсыруы бойынша басқа
судья істі осы сотта қарауға қабылдау мәселесін шешеді. Ол үшін судья
қылмысытық істің материалдарымен мұқият, толық көлемде оқып танысуы қажет.
Егер де алдын ала тергеу немесе анықтау жүргізу кезінде қылмыстық іс
бойынша жиналған дәлеледемелер істі сот отырысында қарап шешуге жеткілікті
болса, онда судья басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулы шығарады.
Бұдан кейін осы қаулыға сәйкес басты сот талқылауы жүргізіледі.
Басты сот талқылауы. Бұл сатыда алдын ала тергеу немесе анықтау
жүргізу кезінде жиналған және айыптаушы мен қорғану жақтары ұсынған
дәлелдемелер жан-жақты зерттеліп, соның негізінде қылмыстық іс бойынша сот
төрелігі жүзеге асырылады. Ал басты сот талқылауының өзі бес бөлімнен
тұрады: 1) дайындық бөлімі; 2) сот тергеуі; 3) соттағы жарыссөздер; 4)
сотталушының соңғы сөзі; 5) үкім шығару. Бұл аталған бөлімдердің өз маңызы
бар және олар заңмен реттелген түрде жүргізіледі.
Соттың үкімі сотталушының айыптылығы жөнінде мәселенің шешілуіне қарай
екі түрге бөлінеді: айыптау үкімі және ақтау үкімі. Айыптау үкімі басты сот
талқылауы нәтижесінде сотталушының қылмыс істеудегі айыптылығы толық
дәлелденген жағдайда шығарылады, оны жорамалдарға негіздеуге болмайды.
Ақтау үкімі мынадай жағдайлардың бірінде шығарылады: 1) қылмыстың оқиғасы
болмаса; 2) сотталушының әрекетінде қылмыстың құрамы болмаса; 3)
сотталушының қылмыс істеуге қатысуы дәлелденбесе. Сот үкімді мемлекет
атынан шығарады және ол заңды күшіне енген күннен бастап міндетті түрде
орындалуға тиіс.
Аппеляциялық тәртіппен істерді қарау. Бұл сатының негізгі мақсаты –
заңды күшіне енбеген бірінші сатының соттары шығарған үкімдер мен
қаулылардың дұрыстығын (заңдылығын, дәлелдігін) екінші саты сотының тез
арада тексеріп, онда қателіктер жіберілген болса, ол қателіктерді уақытында
жою болып табылады. Осындай мақсатпен іс жүргізуге қатысты мүдделі
адамдардың аппеляциялық шағым беру, ал прокурордың аппеляциялық наразылық
білдіру құқығы заңда көзделген. Аппеляциялық шағымды немесе наразылықты сот
үкімдеріне, ҚР Жоғарғы Сотының үкімдерін қоспағанда, үкім жарияланған
күннен бастап он тәулік ішінде беруге болады. Егер де үкімге (қаулыға)
аппеляциялық шағымды немесе наразылық берілген болса, онда бұл іс міндетті
түрде аппеляциялық сатының сотында қаралуға тиіс.
Үкімді орындау сатысы. Үкім заңды күшіне енген соң орындалуға тиіс. Ол
аппеляциялық тәртіппен шағымдалу немесе наразылық білдіру мерзімі өткен
соң, ал егер үкімге шағым немесе наразылық берілген болса, онда
аппеляциялық саты сотының қаулысы шыққан кезден бастап заңды күшіне енеді.
Сол сияқты заңды күшіне енген соттың қаулыларының да орындалуы міндетті.
Үкімді орындау міндетін қай кездерде үкім шығарған соттың өзі
атқарады. Яғни, ақтау үкімі немесе жазадан босататын үкім шығарылған болса,
онда сот өз үкімін дереу орындап, қамауда болған сотталушыны осы жерде
босатады.
Үкімнің және сот қаулыларының заңды түрде орындалуын қамтамасыз етудің
маңызды бір кепілдігі – прокурорлық қадағалау болып табылады және бұл
жөнінде прокурорға тиісті өкілеттік берілген.
Қылмыстық іс жүргізуде жоғарыда айтылған негізгі сатылармен қатар екі
ерекше сатылар да қолданылады. Олар: 1) қадағалау сатысындағы іс жүргізу;
2) жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс жүргізуді қайта бастау. Бұл
сатыларды қолданудың негізгі мақсаты – заңды күшіне енген соттың үкімдері
мен қаулыларында мүмкін болатын қателіктерді түзету деп түсіну қажет.
Қадағалау сатысындағы іс жүргізу. Бұл кезеңнің басты сипаттамасы –
барлық сатылар соттарының заңды күшіне енген шешімдерін қайта қарап,
тексеру мүмкіндігінен шығады. Осыдан қадағалау сатысындағы іс жүргізудің
аппеляциялық сатыда іс жүргізуден айырмашылығы көрінеді.
Қадағалау сатысында іс жүргізу басқа сөзбен қадағалау тәртібімен іс
жүргізу деп те аталады. Бұл сатыға жататын соттар: облыстық соттың және
оған теңестірілген соттардың қадағалау алқасы және ҚР Жоғарғы Сотының
қылмыстық істер жөніндегі алқасы мен қадағалау алқасы.
Қадағалау сатысында іс жүргізу процеске қатысушы адамдардың заңды
күшіне енген соттың үкіміне (қаулысына) берген шағымы немесе өкілетті
прокурордың наразылық білдіруіне байланысты болады.
Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс жүргізуді қайта бастау
сатысы. Бұл саты заңды күшіне енген соттың үкімдері мен қаулыларын қайта
қараудың бір түрі болып табылады және қадағалау сатысында іс жүргізумен
ұқсас деп қарауға жатады. Бірақта оларды бір-бірінен ажырата білу қажет.
Қадағалау тәртібімен іс жүргізу сатысында үкімінің (қаулының) заңсыздығы
немесе дәлелсіздігі осы қылмыстық істің материалдарының ішінен табылады, ал
жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі қайта бастау сатысында заңды күшіне
енген үкімнің немесе сот қаулысың дұрыс еместігі бұрын іс қаралған кезде
белгісіз болған мән-жайлардан шығады.
Жаңадан ашылған мән-жайлар жөнінде іс жүргізуді қозғау прокурордың
өкілеттігіне жатады, ол істі тиісті қадағалау сатысының сотына жібереді.
Жоғарыда қаралған іс жүргізудің кезеңдерінің барлығын қоса алғанда,
олар қылмыстық іс жүргізу тәртібін толық қамтып көрсетеді және осы іс
жүргізу саласының жүйесін құрайды.

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасы
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасы – заң шығару
қызметін жүзеге асыратын Қазақстан мемлекетінің ең жоғарғы өкілді органы
қабылдаған және қылмыстық іс жүргізу қызметінің тәртібі мен мазмұнын
айқындайтын нормативтік құқықтық актілер жүйесінен тұрады. Бұл құқықтық
актілер 1994 жылғы 12 ақпанда бекітілген құқықтық реформаның Мемлекеттік
бағдарламасын жүзеге асыру кезінде қалыптасты. Бұған дейін қолданылып
келген Қазақ ССР-ы заңдарының ережелері ескіріп, олар ҚР Конституциясында
жарияланған демократиялық идеялар мен құқықтық мемлекет принциптеріне,
сондай-ақ ҚР-ның жаңа құқықтық саясатына қайшы келетіні көрінді.
Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық іс жүргізу тәртібі ҚР
Конституциясының нормалдарынмен, конституциялық заңдармен, ҚР қылмыстық іс
жүргізу кодексімен (ҚІЖК) және іс жүргізу тәртібін реттейтін өзге де
заңдармен айқындалды.
1997 жылғы 13 желтоқсанында қабылданып, 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап
күшіне енген ҚР ҚІЖК-і қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін
құқықтық нормалар жүйеленген түрде баяндалып тұырымдалған арнайы заң болып
табылады. Бұл кодекс сот төрелігін жүзеге асыру принциптерін, азамттардың
құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін белгілеген конституциялық
нормаларға, сондай-ақ алықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері
мен нормаларына негізделген.
Құрамы мен мазмұнына қарай ҚІЖК-і жалпы және ерекше бөлімдерден
тұрады. Жалпы бөлімде қылмыстық іс жүргізудің негізгі ортақ ережелері
бекітілген: қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібін айқындайтын заңдардың
жүйесі; қылмыстық іс жүргізу міндеттері мен принциптері; қылмыстық іс
жүргізудің жалпы шарттары; қылмыстық іс жүргізуді атқаратын мемлекеттік
органдар мен олардың лауазымды адамдарының өкілеттіктері; іс жүргізуге
қатысатын жеке тұлғалардың құқықтары мен міндеттері; қылмыстық іс жүргізуде
қолданылатын дәлелдемелер және дәлелдеу тәртібі; қылмыстық іс жүргізудегі
мүліктік мәселер туралы.
ҚІЖК-нің ерекше бөлімінде іс жүргізу тәртібі біртіндеп өз кезеңімен
реттелген: қылмыстық істі қозғау, алдын ала тергеу және анықтау жүргізу,
бірінші саты сотында іс жүргізу, соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен
қаулыларын қайта қарау, сот үкімдері мен қаулыларын орындау, қадағалау
сатысындағы іс жүргізу, жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс
жүргізуді қайта бастау. Сонымен қатар, ерекше бөлімде қылмыстық істердің
жекеленген санаттары бойынша іс жүргізудің өзгешеліктері көрсетілген, соның
ішінде: кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы іс жүргізудің, қылмыстық
қудалаудан иммунитеті бар адамдардың істерін жүргізудің, ессіз күйде болған
адамдардың істерін жүргізудің, сондай-ақ, кодекстің соңғы бөлімінде
қылмыстық іс жүргізуші органдардың шет мемлекеттердің құзыретті
мекемелерімен өзара іс-қимылының негізгі ережелері баяндалған. ҚІЖК-мен
қатар (оған енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды ескеріп), қылмыстық іс
жүргізу кезінде нақты мәселелерді шешуге байланысты басқа да заңдар
қолданылады. Ондай заңдарға, жеке алғанда, мыналар жатады: 2000 жылғы 25
желтоқсанында шыққан Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың
мәртебесі жөнінде конституциялық заң, 2000 жылғы 5 шілдеде шыққан
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау жөнінде заң
және т.б.

Қылмыстық іс жүргізудің субъектілері және олардың атқаратын
процессуалдық функциялары
Қылмыстық іс жүргізудің субъектілері – бұлар заңда көрсетілген
құқықтары мен міндеттері болғандықтан іс жүргізу кезінде туындайтын
құқықтық қатынастар жүйесімен қамтылатын мемлекеттік органдар мен олардың
лауазымды адамдары және жеке тұлғалар болып табылады.
Бұл субъектілер басқаша сөзбен процеске қатысушылар деп те аталады.
Қылмыстық процестің субъектілері, олардың іске қатысулары бірдей
еместігіне байланысты, үш топқа бөлінеді:
Бірінші топқа мына мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары
жатқызылады: сот, судья және қылмыстық ізге түсу қызметін жүзеге асыратын
мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар (прокурор, тергеуші, тергеу
бөлімінің бастығы, анықтау органдары, анықтау органының бастығы,
анықтаушы). Бұл топтың субъектілеріне тән жағдай – олар қылмыстық істерді
жүргізуші мемлекеттік органдар рөлін атқарады.
Екінші топқа өз құқықтары мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жүйелері
Қылмысты алдын ала тергеу сатысы
Алдынала тергеудің жалпы шарттары
Қылмыстық іс қозғау пәнінен практиқалық (семинарлық) сабақтар
Оқиға болған жерді қарау
Сотта істі қараудың ауызшалығы
Адам өміріне қарсы қылмыстардың криминалистік шаттамасы
Трасологиялық заттай дәлелдемелер
Ішкі істер органдары
Алдын ала тергеу мен анықтаудың ара қатынасы
Пәндер